№19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата22.12.2016
өлшемі11,01 Mb.
#62
1   2   3   4   5   6

Рая ДӘУІТОВА, 

№3 Кеген орта мектебінің жалпы

ата-аналар комитетінің төрайымы, 

Райымбек ауданы. 

сабақты  дұрыс  өткізді  ме?  Не  деп  айтты? 

Сабақты  жақсы  түсіндіреді  ме?»  дегендей 

сұрақтар  қойылады  десек  қателеспеспіз. 

Үйдегі ата-ана ұстаз мәселесін, оның білімін 

дастарқан басында талқылап отырса одан 

тәрбие алған бала қандай болмақ? 

Кезінде  әке-шешеміз  мұғалім  тура-

лы  артық  сөз  айтқанымыз  үшін  бізді  жа-

залайтын.  Егер  мектептен  арыз  айтып 

келсек,  біз  кінәлі  болатынбыз.  Сонда 

үйдегілер  оқушының  емес,  ұстаздың  сөзін 

сөйлеп, беделін арттыратын. Ал қазір бәрі 

керісінше.  Соның  салдарынан  ұстазбен 

ұрысатын,  айтқанын  тыңдамайтын,  тіпті, 

мұғалімді  адам  санатына  қоспайтындар 

қатары  көбейіп  келеді.  Бұл  –  қоғам  дерті. 

Оның алдын алу үшін ата-ана, оқушы, ұстаз 

бірігіп жұмыстар атқаруы керек. 


Жетісу 

университеті



1 ҚАЗАН - ҚАРТТАР КҮНІ

бейсенбі,  1 қазан,

2015 жыл

5

Тойға тілек 



(Ерназар Сарбасовқа)

Қамшылаған бар заманда қазақты ой,

Жарық дүние, жан шуағы ғажап қой. 

Сол шуаққа жүректерді  толтырып, 

Ер Ерекең жатыр бүгін жасап той.

70 – белес, 70- биік асқар тау,

Сол биікке шықты Ерекең аман-сау.

Бойдан қуат, ойдан шуақ кетпесін,

80 деген арғымақ тұр алда асау.

Жас кезіңнен Ереке талапты едің,

Инженерлік  кәсіпті қалап едің.

Минскіде жоғары білім алған,

Қазақтан шыққан үздік маман едің.

Елге келіп еңбек жолын бастадың,

Ол кез өзі жалындаған жас шағың.

Үкілерін жел тербеген қырмызы,

Тотыларға көздің қырын тастадың.

Тоты деп отырғаным  қыздар еді,

Оларсыз жүрек суып сыздар еді.

Өзіңе болашақ жар боламын деп,

Қол бұлғап тұрған талай қыз бар еді.

Сұлу  сүю болды сенің арманың,

Махаббаттың аспанында самғадың.

Жүрегіңнің қалауымен ақыры,

Еркехандай Ару қызды таңдадың.

Әзілдесер кісі керек  маған да,

Той болғасын әзіл  айтпай қалам ба.

Ерке сұлу қызын алдың «мырзаның»,

Уа, Ереке, шүкір дегін оған да!

Еркеханың шуақ сыйлап көңілге,

Үш перзенті әкелді ол өмірге.

Шаңырақтың   ұйытқысын сақтаған,

Ризамыз біз де осы келінге.

Үш перзетің үш отауды көтерді,

Әке деген парызыңыз өтелді.

Жастайынан білімге баулып оларды,

Барлығына жоғары білім әпердің.

Абыройлы, арлы азамат Алмасың,

Көрсетіп жүр өнегеңнің жалғасын.

Немерелер атқа қонсын ер жетіп, 

Шөберелер тарта  берсін арбасын.

Инабатты Жанар атты нар қызың,

Зәуре сенің  еркелеткен «балдызың».

Еркеханмен жазылмастан жұптарың,

Жүзге  дейін таусылмасын дәм-тұзың.

Үлкен еңбек сіңіріп универге,

Тәлім-тәрбие үйретіп білімгерге,

Москва, Ленинград, Горький сынды,

Өндіріске апардың  талай жерге.

Ұлағатты ұстаздық еңбегіңмен,

Даңқың сенің таралды дүйім елге.

Сендей болсын қазақтың  ұлы мына,

Ілімнің  тереңде ғой сыры, сірә.

Академияда қорғап сен диссертация,

Үлес қостың техника ғылымына.

Мерей тойың құтты болсын, Ереке,

Босағаңнан арылмасын береке.

Өнегеңнен өсіп өнген осындай,

Үлгі алсын өмірдегі бар әке.

Уақыт деген бір орында тоқтасын ба,

Еркеханға  ерекелеп отбасында.

Ата боп ертек айтып отыра бер,

Бір ғасыр ұрпағыңның ортасында.

Жетпістің алды қызық, арты аңыз,

Той-думан халқымыздың салты  нағыз.

Кәсіптік білім кафедрасы атынан Сіз,

Осы бір құттықтауды қабылдаңыз.

                                  



Өтеген ОРАЗАЛИЕВ,

                          ЖМУ ардагерлер 

кеңесінің төрағасы.

Жүрегімнен жыр жолдаймын

М

ен өткен жылы Елбасымыз тағайындаған 



Президенттік стипендияны иелендім. Менің 

мұндай жетістікке жетуіме  үлкен үлес қосқан 

ұстаздарыма айтар алғысым шексіз. «Ұстаздар 

күнімен»  шын жүректен құттықтай отырып, 

оларға деген ыстық ықыласымды өлең жолдарымен 

өрнектегенді жөн көрдім.



Қарияларға қамқорлық

Құрметті талдықорғандық  ардагерлер, Сіздерді 1қазан-Халықаралық егде адамдар күнімен құттықтаймыз!

Үлкенді  сыйлау,оларға  құрмет  көрсету-ата-бабадан  келе  жатқан  салтымыз.  Сіздердің  өмірлік  тәжірибелеріңіз  бен 

ақыл-кеңестеріңіз,тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі,әрқайсыларыңыздың қаланың өсіп-өркендеуіне 

қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп,ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Еңбектеріңіздің зейнетін 

көріп  отырған  шақта  да  Сіздер  ұрпақтарыңызға  игілік  пен  ізгіліктің,  пайым-парасаттың  үлгісін  танытудан  жалыққан 

емессіздер.  Бүгінде  соғыс  және  еңбек  ардагерлеріне  мемлекет  тарапынан  мейлінше  көңіл  бөлініп,  қамқорлық  жасалуда. 

Қаламыздың зейнеткерлері де тыс қалып отырған жоқ. Игі істер әлі де жалғасын таба береді.

Талдықорған қалалық ардагерлер Кеңесі осы айтулы датаға байланысты айлық жариялап отыр. Айлық аясында егде 

адамдарға  арналып  ас  беріліп,қалалық  әлеуметтік  бөліммен  бірге  жағдайлары  төмен  егде  адамдардың  тізімі  жасалып, 

қысқа  дайындық  және  басқа  әлеуметтік  көмек  көрсетіледі.Кейбір  егде  адамдарға  материалдық  көмек  беру  жолы  да 

қарастырылуда. Шара барысында Ардагерлер үйінде түрлі кездесулер де өтетін болады.

Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ ғұмыр,отбастарыңызға амандық тілейміз. Ел іргесі берік, халқымыз аман болсын!

Қалалық ардагерлер Кеңесінің төралқасы.

100-ГЕ ЖУЫҚ ҰРПАҒЫ БАР ҚАРИЯ

отбасы жеңімпаз атанды 

М

емлекет басшысының Жарлығымен 



«Мерейлі отбасы» ұлттық 

байқауы жыл сайын өткізіліп келеді. Оған 

еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, 

зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары 

отбасылар қатыса алады. Дәстүрлі 

шара биыл да өз мәресіне жетті. 

Оның бас жүлдесіне маңғыстаулық 

Құлсариевтер отбасы қол жеткізді.

Астанадағы  «Қазақстан»  орталық  кон-

церт  залында  байқаудың  жеңімпаздарын 

марапаттауға  арналған  салтанатты  жиын 

өтті.  Еліміздің  он  төрт  облысы  мен  Аста-

на  және  Алматы  қалаларын  қамтыған 

бұл  ірі  мәдени-танымдық  байқаудың 

қорытынды  жиынына  Мемлекеттік  хат-

шы  –  Президент  жанындағы  Әйелдер 

істері  және  отбасылық-демографиялық 

саясат  жөніндегі  ұлттық  комиссияның 

төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып,               

жеңімпаздарды марапаттады. 

Өз  облыстарында  жеңімпаз  атанып, 

республикалық  байқауға  жолдама  алған 

отбасылар  сахна  төріне  шақырылды. 

Қатысушылар 

арасында 

педагогтар, 

ғалымдар, 

шахтерлер, 

мұнайшылар, 

теміржолшылар, 

мәдениет 

және 


агроөнеркәсіп  кешенінің  қызметкерлері, 

сонымен  қатар,  туған  ауылының  неме-

се  қаласының  дамуына  зор  үлес  қосқан 

кәсіпкерлер  әулеттері  болды.  Биыл 

қатысушылар  былтырғыға  қарағанда  2 

есеге  өсіп,  оның  80  пайызға  жуығын  ау-

ылда  тұратын  отбасылар  құрағанын  атап 

көрсеткеніміз  жөн.  Сондай-ақ,  байқаудың 

жеңімпазы дауыс беру арқылы анықталды. 

Нәтижесінде  25  мың  дауыс  жинаған 

маңғыстаулық  қарияның  отбасы  бірінші 

орын иеленді.

–  Құрметті  отандастар!  84  жасқа  келіп, 

осы  байқауға  қатысу  мен  үшін  үлкен 

мәртебе,  үлкен  бақыт.  Елбасымыздың 

сарабдал  саясатының  арқасында  еліміз 

көркейіп  келеді.  Басшымыз  Қазақстанды 

Мәңгілік  Елге  айналдыру  үшін  барлық 

жағдайды  жасап  отыр.  Бұл  байқау 

елді  ұйытып,  ұйыстырған,  көңілімізді 

ыстық  ықыласқа  бөлеген  байқау  болды. 

Отбасының  нығаюы  –  елдің  нығаюы.  Өз 

атымнан,  100-ге  жуықтаған  ұрпағымның, 

немере,  шөберлерімнің  атынан  зор 

ризашылығымды білдіремін, – деп  отағасы 

Орын Құлсариев қуанышымен бөлісті.   

Ұлттық  байқауда  жеңіске  жеткен  от-

басына  Қазақстанда  жасалған  шағын 

автобустың  кілті  табысталса,  қалған 

қатысушылардың бәріне теледидар сыйға 

ұсынылды.  

Марапаттау 

рәсімі 

біткен 


соң 

«Қазақстан»  орталық  концерт  залына 

жиналған  көпшілікке  және  жеңімпаздар 

құрметіне  еліміздің  эстрада  жұлдыздары 

өнерлерін  көрсетті.  Осылайша,  елдігімізді 

білдірер,  ұрпаққа  үлгі-өнеге  ретінде 

ұсынар тәрбиелік мәні зор дәстүрлі ұлттық 

байқау әділ қорытындыланды.



Өз тілшіміз.

Ілияс Есенғабыловқа 

Келмесеңіз де жасқа-дағы кемелді,

Еткен еңбек көпшілікке еленді.

Тек өзгелер қызығумен қарайды,

Бәйгеңізге шаң қаптырдың талайды.

Талаптыға тағылады дүйім сын,

Дос сүйсініп, дұшпаныңыз күйінсін.

Жая берсін қанат қағып өркенің,

Осы бақтың жығып алма желкенін!

Декан  Ерлан Андасбаевқа 

Ұстаздардың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан ұстазыма мың сан алғыс,

Өйткені, ол ұстазымның ақ арманы.

 

Шолпан Дауренбековаға 

Жүректе тұрар жалқы үнің,

Жанымнан жалын, жігер күт.

Ұстазым сенің әр күнің,

Әр сәтің тұрған бір ерлік!!!



Іңкәр РАХМАНОВА,

 жаратылыстану факультетінің 

4 курс  білімгері. 

Берікжан Өксікбаевқа

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,

Шәкіртсіз өмір  - сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің,

Бейнетін кешіп жүрсіздер.

Айжан Акмуллаеваға 

Сан жастың қамын шертесің,

Тағдырын ойлап толғанып.

Әр үйдің бір – бір еркесін,

Үйреттің өзің қолға алып.

Аида Маусымбаеваға 

Анамдай боп ақыл айттың жаныма кеп,

Бұл ақылың әрқашанда жаныма сеп.

Өнегеңді өзгеге үлгі етемін,

Ғұмырыңда ұстаздық мағына көп.


Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 1 қазан, 

2015 жыл

ПРОЗА

ЖАС ТІЛШІ СҰХБАТЫ

Ана махаббаты

(әңгіме)

Дабырлаған әйелдердің ащы дауысынан 

ұйқымнан шошып ояндым. Әдейі мені естісін 

дегендей    қатты-қатты  сөйлеп  жатыр.  Ал 

айтқан  сөздері  жүрегіме  инедей  қадалып, 

жанымды  қуырып  барады.  «Қызыңды  ау-

ыртып  алыпсың  ғой?!  Соның  жағдайына 

қарамай, не бітіріп жүрсің? Бала баға алмай-

ды екенсің, несіне дүниеге әкелесің? Құдай-

ау,  баяғыда  балаларымыз  ауырып  қалса 

жанымыз  бірге  шыға жаздайтын. Дәрігер 

болмаса,  молдаға    апарып  қарататынбыз. 

Мұның  жүрісі  мынау,  ой-қамсыз!».  Бұл 

әжемнің ашулы сөзі, дауысынан таныдым. 

Әйтсе  де,  анама  ренішті  болғанмен  менің 

бетімнен келіп сүйіп жатыр. Көзімді жұмып,  

ұйықтап жатқандай  сыңай таныттым. Анам  

үнсіз  қалды.  Жүзін  көрмесем  де  жанары 

мұңданып, енді сөйлесе жылап жіберердей 

халде  отырғанын  сезіп  жатырмын.  Біраз 

үнсіздіктен  кейін  есін  жиған  анам:  «Ертең 

демалыс,  бүрсігүні  қалалық  ауруханаға 

жатқызамын.  Дәрігердің  ұйғарымы  солай 

болды», - деді. Ауруханаға жатуға көңілімнің 

қошы  болмаса  да,  қалаға  баратыныма, 

анаммен бірге болатыныма іштей қуандым. 

Арада екі күн өтті. Қалаға келіп, дәрігердің 

қабылдауында  болдық.  Мені  екі  аптаға 

ауруханаға  жатқызатын  болып  шешті. 

Қандай ауру, неден, қайдан пайда болғаны 

маған түсініксіз. Әйтеуір күнде аспалы укол-

мен қолымның тамырынан дәрі егеді. Әлия, 

Мәншүк  апаларымдай  өзімді  батыр  қызға 

балап,  дәрінің  соңғы  тамшысы  қалғанша 

шыдап  бағамын.  Қанша  батыр  болсам  да, 

ем біткенше  анамды қасымнан жібермеймін. 

Ал анам қасымда болса «тауды қопаратын» 

сияқтанам.  Анам  құлағыма  «Жарайсың 

қызым,  ақылдым  менің»-деп  сыбырлап 

қояды. Аян есімді досым менімен бір палата-

да жатыр. Оның да анасы қасында. Екеуіміз 

де мәзбіз. Ем-дом алып болған соң анала-

рымыз қайтуға қамданды. Қанша өтінсек те 

қалмады.  Аян  сол  күні  қатты  жылады.  Күн 

артынан күн санап өтіп жатты. Анам күнде 

келеді. Ал Аян екеуміз терезеден жол күтіп,  

көшеге  қарап  тұрамыз.  Аянның  екі  бетін 

ойнап жүргенде қапыда  ит тістеп алыпты. 

Ұзақ уақыт емделіп жатқан соң мезі болса 

керек, анасы келген сайын үйге алып кетуін 

сұрап қиылатынды шығарды.

Кенет  Аян  «әне,  мамам    келді!»,-  деп 

қуана айқалап сыртқа қарай жүгіре жөнелді. 

Мен де далаға көз тастадым. Күлімхан апай 

жалғыз  келіпті,    менің    анам  көрінбейді. 

Әдетте осы уақытта келуші еді. Мен терезе-

ден ұзап кете алмай көп тұрдым. Қазір келіп 

қалар  деген  үмітпен,  ұзақ  күнді  өткіздім. 

Кеш  болды.  Анам  әлі  жоқ.  Сабырсызда-

нып, ақыры шыдамай,  медбике апайларға 

ескертусіз,  жасырынып  сыртқа  шығып 

кеттім.  Аурухана  алдындағы  орындыққа 

отырып тағы жол күттім. Менен сәл әріректе  

түрі  таныс  екі  әйел  мен  туралы  әңгіме  ай-

тып  отырғанын  байқадым.  Сездірмеген  

сыңаймен құлағымды түре қойдым.

– Байғұс қыз, мамасын күтіп жүр. Қанша 

өтінсе  де,  дәрігер  қызының  қасына  жатуға 

рұқсат етпепті. Күнде келеді.

– Қай жері ауырады екен?

– Құлағына жара шығыпты. 

– Жазған неме, суық тигізіп алған ғой.

«Әңгімешіл»  екі    апайдың  біреуі  біздің 

палатадан. Алғашқы түні маған қатты зекіп, 

ұрысқан  болатын.  Өзімнен  де  бар,  бөтен 

жерде  жалғызсырап  жылап,  оларға    ұйқы 

бермей  қойғанмын.  Содан  бері    іштей  жек  

көріп  жүретін-мін.  Бүгін  мені  аяп  сөйлегені  

үшін бір түрлі  ішім  жылып  қалды. Біраздан 

соң  апайларым    бір-бірімен  қоштасып,  па-

латаларына    қарай  бет  бұрды.  Мен  анам-

ды  күтіп  отыра  бердім.  Әйтеуір,  келмей 

қалмаса екен деп тіледім. 

Бір  кезде  анамның    төбесі    көрінді. 

Жүрегім  жарылардай  қуандым.  Оны  мың 

жыл  көрмегендеймін.  Бауырына  басымды 

тығып: «Неге кешіктіңіз?» деп  бұртиған кейіп 

таныттым.    Маңдайымнан  иіскеп,  бетімнен 

сүйіп,  анам да әрнәрсені бір айтып, әйтуір 

«ақталып» жатыр. Бір кезде  дәрігерім іздеп 

келді. Жаңа әлде мені  осында көрген  пала-

талас  апайым  жөн  сілтеген  шығар  деп  ой-

ладым. Дәрігерім медбикенің рұқсатынсыз 

менің    сыртқа  шығып  кеткеніме  реніш 

білдірді.

 – Кешіріңіз, дәрігер, бар кінә менде. Күйкі 

тірліктің күйбеңімен бүгін кеш келдім. Бала 

емес пе, жол тосып шаршаған ғой, сыртқа  

шығып кетіпті, - деп  мен үшін анам ұялып, 

кешірім  сұрады.  «Перзенті    үшін  қолымен 

от көсеген, қайран шешем!».

Ол  кезде  менің  мектепке  де  бармаған 

кезім  ғой.  Ес  жиып  етекжеңімді  таныған 

шағымда бір күні  әжем мен анамның өзара  

әңгімесін  құлағым  шалып  қалды.  Мен  ау-

руханада  жатқанымда  анам  қаражаттан 

әбден қысылыпты. Дәрі-дәрмегіме  жұмыс 

істеп әрең  ақша тауыпты. Тіпті, қала ішінде 

көлікке ақшасы болмай сол күні маған жа-

яулатып    жүріп,  кеш    жеткен  екен.  Кейін 

мен  қашан  айығып  емханадан  шыққанша  

қаладағы  туыстарының  үйін  паналапты. 

Олар  да  қайбір  құшағын  айқара  ашып  

күтіпті  дейсіз,  қайта  түрлі  ғибат  сөздерді 

«боратып»  жанын  ауыртыпты.  Мен  үшін 

анам соның бәріне де шыдап  бағыпты. Асы-

лым, менің! Қазір  бойжетіп, өзім таңдаған  

сүйікті  мамандықты  иелену  үшін  жоғары 

оқу орнында білім алып жүрмін. Болашақта 

қызметке тұрып, бақытқа, байлыққа  қолым 

жетсе хадисте айтқандай  бар жақсылықты 

алдымен анама жасаймын. 

Сөз басына қоямын 

                         «Ана» деген сөзді мен 

Ұмытпаймын ешқашан 

                          ол қиналған кезді мен.

Ғайбаттаса анамды 

                          «ауыр-жауыр сөзбенен»,

Адам түгіл, тағынан 

                           шайтанды да бездірем,-

деп ақындар жырлағандай Ана деген ұлы 

есімге әрқашан  тағзым ету  - әр перзенттің  

парызы һәм қарызы болуы тиіс  деп  ойлай-

мын. 


Аяужан НҰРМОЛДА, 

4 курс  білімгері.

Ғибраты мол ғазиз ата

А

йтмұхамбет Есімжанұлы 1929 жылы Сарқан ауданы, Көктерек  ауы-



лында туған. 1947 жылы қазіргі  К.Қазыбаев атындағы  орта мектепті 

бітірген. Семей қаласындағы педагогикалық институттың тіл-әдебиет 

факультетін тәмамдаған. 40 жылдық тәжірибеге ие  ұстаздың өнегелі 

өмірі  жастарға  ғибрат болсын деген оймен қолыма  қалам алдым.  85 

жастың сеңгіріне шықса да Айтмұханбет ата өзін сергек  ұстайды екен. 

Әлі де қолынан газет-журнал, кітап түспейтін көрінеді. Бірден әңгімесін 

бастап  кетті.  Құлағының  кемістігіне  қарамастан  сұрағымды  жауапсыз 

қалдырмады.



Тілші:  Сәлеметсіз  бе,  ата?  Хал- 

жағдайыңыз қалай?



Айтмұхамбет ата:  Аллаға шүкір, жақсы! 

Қырық  жылдық  ұстаздық  бейнетімнің  

зейнетін көріп жатырмын.

Тілші:  Қазіргі  таңда  үйде  болғандықтан, 

бос уақытыңыз көп шығар?



Айтмұхамбет ата:  Бос уақытым мүлдем 

жоқ. Газет-журнал, кітап оқуға құштарлығым 

басым. Өйткені мен шығармашылықпен ай-

налысып жүрген  қаламгер қариямын.



Тілші: Қай жанрда қалам тартасыз?

Айтмұхамбет  ата:  «Өлеңге  әркімнің-ақ 

бар  таласы»  деп    хакім  Абай    айтқандай 

мен жасымнан жырды сүйіп оқып, арасын-

да өзім де өлең жазуға талпынып жүретін-

мін.  Есейе    келе    ұстаздық  қызметімді 

шығармашылықпен 

толықтырып, 

кең 


құлаш жайдым. Проза жанрында жазылған 

еңбектерім де бар.



Тілші:    Шығармашылық  еңбектеріңізді 

бір  жинаққа  топтап,    баспадан  кітап  етіп 

жарыққа шығара алдыңыз ба?

Айтмұхамбет  ата:  Ия,    тәуелсіздіктің 

арқасында 

ондай 

мүмкіндікке 



қол 

жеткізгенім  рас.  Бірінші  кітабым  -  «Керу-

ен»  деп  аталады.  Мен  оны  реппрессия  

құрбаны  болған  әке-шешеме  арнап  жаз-

дым.  Екінші  кітабым  -  «Жүрек  сөзі».  Ол  

өмір  бойы  менің  ыстық-суығымды  көтеріп, 

қуаныш-қайғымды  бірге  көріп  келе  жатқан 

асыл  жарым    жайлы  жазылған  менің  ішкі 

толғаныстарымнан    туған  дүниелерден 

тұрады. Үшінші кітабым - «Ой көзі»,  оны жа-

стай  дүниеден озған әпкеме бағыштадым. 

Негізі даналық, көсем сөздерден құралған.  

Төртінші  кітабым  -    «Өмір  өзі»  деп  ата-

лады.  Аты  айтып  тұрғандай  өмірімнің 

өзегіне  айналған  ұстаздық  еңбегімнің  

ғибратты  тұстары    туралы    сыр  шертеді.  

Сол  сияқты    «Жаз  бен  наз»,  «Ғасыр  үні», 

«Уақыт  таңбасы»,  «Көзден  көңілде»  және  

«Күз мәредегі сөз» атты еңбектерім жарық 

көрген. Қазіргі таңда, Қазақстан  Журнали-

стер одағының мүшесімін.     

Тілші:    Ата-ау,    сіз  бір  емес  бірнеше 

кітаптың  авторы  екенсіз  ғой!  Өзіңізге  қай 

туындыңыз ерекше ыстық көрінеді?

Айтмұхамбет  ата:    Менің  туындым,  

ол  -  менің  балаларым  іспеттес  дүниелер 

ғой.  Бәрі  де  мен  үшін    ыстық,  мен  үшін 

бағалы.  Есімде  жоқ,  бір  ақын:  «Кітап  жаз-

дым  қалыңдығы  бір  пышақтың  қырындай-

ақ,  Өзгеге  қайдам  өзіме    бір  құдайдың 

құнындай-ақ!»  деген  екен.  Сол  айтқандай 

оларды мен ешқашан бөліп жарған емеспін. 

Әрқайсының өзіндік  орны ерекше.

Тілші:  Ақындар  әдетте Музаға, Шабытқа  

көп жүгінеді. Сіз шығармаларыңызды «ша-

быт  шақырып»  жазасыз  ба?    Жоқ  әлде,  

ізденіспен,    ұзақ  еңбектеніп  барып,    қалам 

тербейсіз бе? 

Айтмұхамбет  ата:    Орынды  сұрау.  Мен 

лезде  жаза  салатын  жан  емеспін.  Бірінші 

ойланамын,  сосын  бір-екі  апта  ой  елегінен 

өткізіп,  пісіріп  жетілдіремін.  Содан  соң 

толғатып, дүниеге әкелемін.

Тілші:    Ата,    мұғалімдік  кәсіпті  жүрек 

қалауыңызбен  таңдадыңыз  ба,  жоқ  әлде  

сол  заманның  талабына  орай    етегінен 

ұстай салдыңыз ба?



Айтмұхамбет ата: Әй, қу қыз-ай, не ай-

тайын  дегеніді  сезіп  отырмын.  Ол  рас  ол 

заманда  мұғалімнің қадірі өте  жоғары бо-

латын.


Тілші:  Жастар айта жүретін ғибрат бол-

сын, осының  сырын тереңдеу ашып өтсеңіз 

екен.

 

Айтмұхамбет 



ата:    Несін  жасы-

райын 


ежелден   

қазақтың  даласында  

сауатсыздық  басым 

болды.  Ислам  дінін  

қ а б ы л д а у ы м ы з ғ а 

байланысты 

жер-

жерлерде медреселер 



ашып,  онда  діни  ілім 

үйретілді.  Арғы  жағы 

Әл-Фараби,    бергі 

жағы  Абайдан  бастап 

зиялыларымыз    бен 

ғұламаларымыздың  

көпшілігі алғашқы сау-

атын сол медреселер-

де ашқан. Кейін өздері 

де мектеп ашып бала 

оқытқан.  Осыған  бай-

ланысты    халықтың  

ішінде 

мұғалімге 



деген  құрмет,  ізет 

жоғары    дәрежеде  қалыптасты.  Бала 

кезімізде  үйге  қонақ  келсе  болды,  ал-

дынан  құман  алып    жүгіріп  шығатынбыз. 

Мақсатымыз  -    қариялардың  қолына  су 

құйып  «Бәрекелде,    молда  бол!»  деген 

батасын алу. Қарттардың  молда дегені  -  

мұғалім дегені, ұстаз дегені деп ұғатынбыз.  

Мен  де бала кезімнен мұғалім болуды ар-

мандадым.  Семей  педагогоикалық  инсти-

тутын    үздік  тәмамдап,  ақыры  мақсатыма 

жеттім. Мен бұл кәсіпті  өте сүйемін.



Тілші:    Шыныңызды  айтыңызшы,  сүйікті 

деп  отырған  кәсібіңізден    «шаршап-

шалдығып,  жеріген»    сәтіңіз  болды  ма?  

«Әттең-ай,  ана  кәсіпті  неге    иелемедім 

екен?»  дегендей опық жеген кездеріңіз бар 

ма?


Айтмұхамбет  ата:    Ұстаздық  -  ауыр,  

машақаты  мол,  талабы    көп,  тынымы  жоқ 

еңбек.  «Шыдағанға  шығарған»  дегендей, 

мұғалім  ең  бірінші  терең  білімге  ие  бо-

луы  керек.  Сабырлылық,    ізденімпаздық,  

шәкірттің    жүрегіне  жол  таба  білетін  

қабілет, дарын оның бойында қалыптасқан 

болуы тиіс. Білімсіз мұғалім – бейшараның 

күйін  кешеді.Ондайлар  білім  ордасын-

да  ұзақ  жұмыс  істей  алмайды,  Жаңағы 

сен  айтқан  «шаршайтындар»  міне,  осы-

лар.  Ал,  мен  ешқашан    оқытушылықтан 

«жалыққан» емеспін. Қайта бұл мамандық 

менің  өмірімнің  күре  тамырына    айнал-

ды,  мазмұнын  байытты,  асқарға  жетеледі, 

биіктен көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет