155
Қ
АРАПАЙЫМ
ЖЕТІ
СҰРАҚ
біздің ой-санамызды түбегейлі жаңартуды, мысал үшін,
дүниежүзілік валюта жүйесін сауықтырудың мәнін бәрінен
нақты әрі түбегейлі айшықтайтын төмендегі жеті қарапайым
сұраққа шын жауаптан бастауға болады.
1. Де-факто бұрыннан бар дүниежүзілік валюта де-юре
заңды болып табыла ма? Әлем елдері көпшілігінің елбасы-
лары қолдарын қойған және әлем елдері парламенттерінің
көпшілігімен бекітілген дүниежүзілік валюта туралы дүние-
жүзілік заң жоқта ондай заңдылық деңгейі туралы айтудың
ыңғайы жоқ екені айқын.
бұрыннан бар дүниежүзілік валютаны «заңнан бұрын-
ғы» ретінде айқындау дәлірек болар, өйткені ол оның де-
юре заңдылығын оның тұрғысынан айқындауға болатын
дүниежүзілік заң пайда болғанға дейін де-факто пайда болды.
Сондықтан Жаңа дүниенің валютасы әлем елдері көп-
шілігінің елбасылары қолдарын қойған және әлем елдері
парламенттерінің көпшілігімен бекітілген дүниежүзілік ва-
люта туралы дүниежүзілік Заңның базасында орын алуы
тиіс. бұл орайда дүниежүзілік валюта ретінде әлемнің кез
келген мемлекетінің ұлттық валютасын пайдаланудың жөні
келмейтіні анық. бұл заң оның қағидасында ұлттан жоғары
мемлекетаралық мәртебесі мен оны арнайы құрылған
Эмиссиялық орталықтың эмиссиялау қағидаларын нақты әрі
біржақты айқындай алды. ондай жүйе адамзат тарихындағы
тұңғыш абсолютті заңды әрі жариялы дүниежүзілік валютаның
негізіне айналар еді.
2. Дүниежүзілік валюта эмитентінің қызмет рәсімі шын
мәнінде демократиялық болып табыла ма? Дүниежүзілік ва-
люта эмитентінің шешімдер қабылдауына да, қызметіне де
әлемнің бірде-бір халқының қатыспайтыны айдан анық.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
156
Сондықтан ескі дүниенің дүниежүзілік валюта эмитенті
қызметінің рәсімі ешбір жағынан да немесе тұрғысынан да
демократиялық болып табылмайды.
осыған байланысты дүниежүзілік валютаның барлық
негізгі субъектілері — пайдаланушылары – дүниежүзілік ва-
люта туралы заңға сәйкес оның эмиссиясын және эмитент-
терін басқару жөніндегі қатаң демократиялық рә сімдерге
сай әрекет ететін демократиялық басқару органдарын құра
алатын еді.
3. Дүниежүзілік валютаның сұраныс және ұсыныс ба-
лансының тетігі бәсекелесті әрі азат болып табыла ма?
Дүниежүзілік валюта нарығы бәсекелесті болып табыл-
майтыны және ол нарықтың барлық қатысушыларының
бәсекелестік қызметінің ережелерін белгілейтін және ба-
қылайтын дүниежүзілік институттар құрылмайынша, ондай
бола алмайтыны айқын.
Сонда осы міндетті бәсекелестік арнайы қадағалау орга-
нымен, мысал үшін, Дүниежүзілік монополияға қарсы валю-
та комитетімен қамтамасыз етуге және қатаң бақылауға бо-
лар еді.
Дүниежүзілік валютаның бұрыннан бар нарығы өзінің
ықтимал эмитенттерінің барлығына тең құқықтарды қам-
тамасыз етпейтіні анық. Азат нарықта сатушылардың әлдебір
топтары үшін қандай да бір артықшылықтар, сондай-ақ
дүниежүзілік валюта ретінде есептелетін валютаның сатып
алушылық қабілеті мен тауар айырбасталымдық функ-
циясына жариялы және көлегейлі шектемелер үзілді-кесілді
жоққа шығарылатыны белгілі. Ал бұл тұста ондайдың
байқалмайтыны және осы нарықтың азат емес болып тұрғаны
айқын. Дүниежүзілік валюта нарығы, заң бойынша, шартты
түрде атасақ, Дүниежүзілік нарықтық бостандық комитетінің
қарауында бола алар еді. Сол абсолютті азат нарықта
эмитенттердің немесе дүниежүзілік валюта сатушыларының
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
157
кез келген топтары үшін кез келген артықшылықтар үзілді-
кесілді жоққа шығарылатын еді.
4. Дүниежүзілік валюта нарығы өркениетті болып табыла
ма?
Өркениетті нарықта ойын ережелері оған барлық
қатысушылардың (сатушылар мен сатып алушылардың)
ешкімінің де жеке мүдделеріне қысым жасамайтын ортақ
келісімшарттың негізінде белгіленеді және сақталады.
Дүниежүзілік валюта нарығында ондай ешнәрсенің байқал-
майтыны айқын. Демек, бүгінгі таңда дүниежүзілік валюта
нарығы өркениетті болып табылмайды.
Жаңа дүниежүзілік валюта нарығында ойын ережелері
оның барлық қатысушыларының (сатушылар мен сатып алу-
шылардың) ортақ келісімшартының негізінде заң бойынша
белгіленуі және сақталуы тиіс.
5. Дүниежүзілік валютаның генерация және эмиссия
жүйесі оның негізгі пайдаланушы субъектілерімен (елдермен,
компаниялармен және азаматтармен) және, жалпы алғанда,
әлем қоғамдастығымен бақыланатын болып табыла ма?
Жоқ, ол өзінің негізгі пайдаланушы субъектілерінің әлде-
қандай бір топтарының да, жалпы әлем қоғамдасты ғының да
бақылауына ешбір жатпайды.
бұл тұрғыдан дүниежүзілік валюта эмиссиясының жүйесі
абсолютті бақылаусыз болып табылады. Жаңа дүниежүзілік
валютаның негізгі пайдаланушы субъектілерінің барлығының
(елдердің, компаниялар мен азаматтардың) аталған заңмен
арнайы көзделген оның генерациясын, эмиссиясын және
айналысын бақылайтын тұрақты жұмыс істейтін құралдар
құруға құқығы болуы тиіс. Эмитенттің қызметі де сол сияқты
биліктің үш тармағының бәрінің: заңнамалық, атқарушы және
сот тармақтарының бақылауы астында болуы тиіс.
6. Дүниежүзілік валютаның генерация және эмиссия
жүйесі оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің,
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
158
компаниялардың және азаматтардың) және бүкіл әлем
қоғамдастығының алдында жауапты болып табыла ма?
Дүниежүзілік валютаның эмитенттері оның негізгі пайда-
ланушы субъектілерінің ешқайсысының алдында да, не жалпы
алғанда, дүниежүзілік қоғамдастықтың алдында да ешқандай
жауапкершілік көтермейді.
бұл тұрғыдан дүниежүзілік валютаның эмитенттері
абсолютті жауапкершіліксіз, ғалами дағдарыстың тууы да,
міне, осыдан.
Дүниежүзілік валютаның барлық жариялы және заңды
эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің
(елдердің, компаниялар дың және азаматтардың) жә не бүкіл
әлем қоғамдастығының алдында өздерінің әре кеттері (немесе
әрекетсіздігі) үшін жауапкершіліктің бар ауыртпалығын көтеруі
тиіс, оны іс жүзінде заң бойынша, мысал үшін, Дүниежүзілік
валютаның төрелік соты қамтамасыз ете алады.
7. Дүниежүзілік валюта жүйесі тиімді әрі нәтижелі болып
табыла ма, яғни оның жұмысының нәтижелері адамзаттың
және, жалпы алғанда, дүниенің даму мақсаттарына сәйкес
келе ме?
Дүниежүзілік валюта жүйесі жұмысының тәжірибелік
нәтижелері өркендеген дүниежүзілік капиталдың және
тұрақты дүниежүзілік дамудың (тап солай бірыңғай дүние-
жүзілік валютаның да) бар болуының өзіне бүгін қатер төніп
тұруына әкеліп соқты. бұл оның толық тиімсіздігінің айқын
дәлелі.
Жаңа дүниежүзілік валюта эмитенттерінің әрекеттері
әлемнің және адамзат дамуының негізгі мақсаттарына және
құндылықтарына абсолютті баламалы сәйкес болуы тиіс.
Сондай-ақ жаңа дүниежүзілік валюта жүйесі жұмысының
тәжірибелік нәтижелері де орнықты даму мен өркендеудің
биік мақсаттарына және міндеттеріне толық дәрежеде
жа-уап беретін болуы тиіс. бұл қағидаларды заң бойынша
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
159
жаңа дүниежүзілік валютаның бүкіл жүйесінің негізіне де,
тап солай оның тиімділігін тұрақты реттеу және түзету жүйе-
сіне де қалау керек.
осы жеті сұрақтың шынайы жауаптары бұрыннан бар
дүниежүзілік валютаның жаңа ғасырдың талаптарына ба-
рабарлығы туралы мәселені таза риторикалық сұрақ етеді.
Өткен ғасырдың орта тұсынан бастап біздің әлем тү-
бегейлі өзгерді және ол өзгерістердің қарқыны күн санап
үдеп келеді.
тек дүниежүзілік ретінде пайдаланылатын валютаның
генерация және айналыс тетігінің мәні ғана өзгермейді, оның
жаңару қарқындары әлемнің өзгеру қарқындарынан мүлдем
артта қалып келеді. Яғни дүниежүзілік валюта жүйесінің
баяғыда, әрі енді қайта қалпына келмейтіндей ескіргені айқын,
оны ғалами дүниежүзілік дағдарыс та растап отыр.
Жаңа дүниежүзілік валюта жүйесінің бүкіл тетігі ғасырдың
келешек талаптарының, әлемнің және адамзаттың алды-
нан шығатын арнайы мониторинг жүйесінің негізінде және
жоғарыда белгіленген жеті қарапайым қағидада құрылуы
тиіс. тек сонда ғана жаңа дүниежүзілік валюта жүйесі әрдайым
заманына сай әрі ақаусыз болып, ғалами дүниежүзілік
дағдарыстардың емес, әлемнің орнықты дамуының және
бүкіл адамзат өркендеуінің өнімді көзіне айналуы мүмкін.
Б
ІЗ
ҚАЙДАН
ШЫҚТЫҚ
ЖӘНЕ
ҚАЙДА
БАРА
ЖАТЫРМЫЗ
?
Әуелі осы күнге дейін ескі дүниенің моторы, әрі жүрегі
болып келген, құрамында ғалами жеті еселік генетикалық
ақаулығы бар дүниежүзілік валютаға негізделген дүние-
жүзілік капитал екенін еске салайық.
ол дүниені біз әдет бойынша дүниежүзілік капитализм
деп атаймыз. бірақ, енді ақаулы валютамен жұмыс істейтін
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
160
капиталды оның шынайы атымен, мысал үшін, «ақаулы капитал»
деп атаған анағұрлым дұрыс әрі әділ болатынын түсінеміз.
Жақында бүкіл дүниежүзі бойынша жүздеген миллиар-
дерлер, айналдырған бірнеше айдың ішінде олардың бүкіл
«ақаулы капиталы» бірқатар құлдыраған уақытта, өздерінің
елестік капиталдарының бүкіл нақты ақаулығын өз бастары-
нан кешті.
келе жатқан Жаңа әлемнің моторы және жүрегі әлдебір
түбегейлі жаңа дүниежүзілік капитал болмақ.
Дәлірек айтсақ, жаңа ақаусыз дүниежүзілік валютаның
негізінде өздігінен өсетін дүниежүзілік байлық болмақ. Және
сол бір түбегейлі жаңа дүниежүзілік байлықты айқындау үшін
әлдебір басқа, анағұрлым барабар атау тапқан дұрыс болар
еді.
ежелгі гректер дамудың жоғарғы сатысын «акме» деген
әсем сөзбен атаған екен. біздің ұрпақтарымыз күндердің
күнінде осы жаңа ақаусыз әрі ең жоғары «енді капитал емеске»
дұрыс атау беретін болады.
бірақ, қазірдің өзінде-ақ оның атауы осы жоғарғы
қасиетті — «акмені» қамтуы мүмкін екені, мысал үшін, акме-
капитал болуы мүмкін екені түсінікті. осындай түбегейлі жаңа
дүниежүзілік «акмекапиталмен» қозғалатын түбегейлі Жаңа
әлемнің осы келер жөн-жосығын енді капитализм деп емес,
«акмекапитализм» деп атаған дұрыс болады.
келер әлемнің жаңа даму сатысы үшін жаңа белгілеме
енгізетін осындай біршама әдеттен тыс көзқарас бізге оның
келіп жетуіне жақсырақ дайындалуға, әлемнің алдағы
жаңарысының шын мәні не болып табылатынын тереңірек
ұғынуға және түсінуге тәжірибелік мүмкіндік береді. ең
бастысы, біздің қолымызға өзімізді жаңартудың және біз
оның көмегімен Жаңа әлемде сенімді қимылдау үшін оны
тәжірибеде айқындай және тани алатын навигацияның жаңа
құралын береді.
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
161
Б
ІЗ
БОЛАШАҚҚА
НЕ
АРҚЫЛЫ
ӨТЕМІЗ
?
Әлемінің біз жаңа ғана аяқ басқан өсу сатысының жаңа
сапасын айқындайтын негізгі сөз ретінде «транзит» сөзін
әбден алуға болады. Сонда ішінара ақаусыз дүниежүзілік
валютаның негізіндегі транзиттік дүниежүзілік байлықтың
осы жаңа түрін біз әзірше «акмекапитал» емес, «транзиттік
капитал» деп атай аламыз.
Және, тиісінше транзит уақытының жөн-жосығының
өзін әзірге «акмекапитализм» емес, бірақ енді жаңа типтегі
және сапалы дүниежүзілік қаржылық инфрақұрылымы
бар «транзикапитализм» деп айтсақ болады. ол транзиттің
басты міндеті мен мұраты — барша әлемнің жеті есе нұқсанды
ескі валютадан жаңа жеті есе ақаусыз дүниежүзілік акмева-
люта жүйесіне экологиялық көшу жағдайларын дайындау.
ең бастысы, дүниежүзілік валютаның ескі ақаулы жүйесін
дүниежүзілік жүктемеден босатып (немесе тым болмаса,
оны қайта бөліп), оны аймақтық ұлттан тыс мемлекетаралық
валюталық-есеп айырысу бірліктеріне арналған аймақтық
және континенталдық эмиссия орталықтарына ауыстыру.
Аймақтық және континенталдық деңгейлерде жал-
пы әлемдегімен бірдей заңдар әрекет етеді. Әлемде енді
ешбір ұлттық валюта дүниежүзілік валютаның функцияларын
тиімді атқара алмайтынындай, тап солай аймақтық деңгейде
де ешбір ұлттық валюта ұлттан тыс мемлекетаралық эмис-
сия орталығы эмиссиялайтын, ұлттан тыс мемлекетаралық
валюталық-есеп айырысу бірлігі бере алатындай тиімділікті
бере алмайды.
Қазақстан 2003 жылдың өзінде-ақ еурАзЭҚ шеңбе-
рінде ұлттан тыс мемлекетаралық валюталық-есеп айыры-
су бірлігін енгізу бастамасымен шыққан болатын, оны
сол кезде «алтын» деп атау ұсынылған еді.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
162
Аймақтық ұлттан тыс мемлекетаралық валюталық-есеп
айырысу бірліктерін әзірлеу және құру үрдісінің әлемде жүріп
жатқанына бір ғана онжылдық болған жоқ. мұндағы алғашқы
қарлығаш еуропалық валюталық-есеп айырысу бірлігі экю
(ecu — European Currency Unit) болған еді, ол уақыт өте келе
толыққанды еуропалық ұлттан тыс валюта евроға айналып
кетті.
біз тап сондай үрдістердің қазір барлық жерлерде —
Азияда (acu — Asian Currency Unit), Парсы шығанағы жақта
(динар, әлде, бәлкім, халиджи немесе джуман), латын Аме-
рикасында (sucre, испанша Sistema Unitario de Compensacion
Regional, есеп айырысу бірлігі бар ALBA ұйымы) жүріп
жатқанын байқап отырмыз.
осындай беталыстар африкалық континентте де дамуда,
онда афро енгізуге дайындық баяғыдан бері жүріп жатыр.
осы аймақтық валюталық интеграция үрдістерінің
барлығы өзінің мәні жағынан аймақтық «транзикапитал»
орталықтарының бүкіл дүние жүзі бойынша дамуының
маңызды кезеңдері болып табылады. Аймақтық ұлттан
тыс мемлекетаралық валюталық-есеп айырысу бірліктерін
енгізуге дайындық әлемнің түрлі аймақтарында ғалами
дүниежүзілік дағдарыс басталардан көп уақыт бұрын өрістей
бастағаны қызықты жайт. Және де, шын мәнінде, бұл енді ұлттан
тыс транзиттік валюталардың аймақтық эмиссия орталықтарын
қалыптастырудың негізінде ай мақтық-континенталдық
«транзикапиталды» дамыту ядроларын құрудың басы. Яғни
біздің әлем өзінен-өзі, ғалами дағдарысқа кірерден көп
уақыт бұрын, ұлттан тыс транзиттік валюталардың аймақтық
эмиссия орталықтарын қалыптастыру арқылы өзінің өздігінен
жаңаруының кезекті сатысына дайындалуда.
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
163
К
АПИТАЛДЫҢ
Н
ҰХ
КЕМЕСІ
ескі «ақаулы» капиталдың кез келген субъектісі және
иегері осы әлемдегі өзінің қалпы мен жағдайын төмендегі
ақырғы көзқарастың көмегімен жылдам түсіне алады: бүгін
біздің күллі әлеміміз ғалами дағдарыстың дүниежүзілік
топан суының тұңғиығына баяу, бірақ шын батып барады.
Ал «транзикапитал» — активтерді ғалами дағдарыстың
осы бір дүниежүзілік топан суынан құтқаруға арналған
капиталдардың өзіндік бір Нұх кемесі. Сондықтан бәрімізге
де өз активтеріміздің қалпын уақытында өзгертуге қамдан-
ған артық болмас еді.
оның үстіне тек сол, алдында айтылған капиталдардың
Нұх кемесі ғана активтерді құтқарып қалып, оларды Жаңа
әлемге аман-есен жеткізе алады. Қазақстан өзінің аймақтық
және континенталдық интеграция бойынша серіктестерімен
(тмД, еурАзЭҚ, оАыҰ және ШыҰ) бірге көптен бері XXI
ғасырдың алғашқы ширегінің ғалами тренді — аймақтық
интеграциялық бірлестіктерді қалыптастыру арнасымен жүріп
келеді.
олардың баршасы, бірақ әртүрлі әзірлік дәрежесінде,
мемлекетаралық ұлттан тыс есеп айырысу-валюталық бір-
ліктерінің эмиссия орталықтары бар аймақтық транзикапи-
тал аудандарына айналу мүмкіндігіне ие.
Қазақстан, әрине, еурАзЭҚ және ШыҰ бойынша
серіктестерімен бірге, біртіндеп қадам баса отырып, өзіне
еуразиялық ұлттан тыс есеп айырысу бірлігінің функция-
сын қабылдай алатын және осы сөз тіркесінің қысқармасы
бойынша еҰеб деп атауға болатын жаңа сапалы аймақтық
эмиссиялық валюта орталығын құру үшін қолайлы жағ-
дайлар жасауға әзір.
осындай бірлік өз эмитенттерінің ерекше әрі бірегей
құрамының (еурАзЭҚ және ШыҰ елдері мен оларға жақын
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
164
Үндістан және Пәкістан) арқасында бір мезгілде еуропалық
евро ауданымен де, тап солай ұлттан тыс валюталық-есеп
айырысу бірліктерінің басқа да аймақтық аудандарымен де
тығыз әрі үйлесімді біте қайнаса алар еді.
Аймақтың айрықша географиялық ұтымды орналасуы
аймақтық және континенталдық транзикапиталдардың
мүдделерін дұрыс ескергенде, болашақта, ол үшін еҰеб
негізінде бізді келе жатқан дүниежүзілік «акмекапиталға»
жақындататын жаңа континентаралық транзиттік валюта
құрудың объективті алғышарттары болатын уақытта, бірегей
мүмкіндік бере алар еді.
Алайда қазір, ғалами дағдарыс жағдайларында, біз үшін
мұның да жеткіліксіздігі айқын. Сондықтан (ескі дүниежүзілік
валютаның ақаулы жүйесінің жүктемелерін өздеріне ала-
тын) аймақтық-континенталдық транзит орталықтарының
дүниежүзілік желісін қалыптастырумен қатар, әлемнің
барлық көшбасшылары бір уақытта бүкіл әлемді келе жатқан
«акмекапитализмнің» өзегіне және жүрегіне айналатын,
алда күтіп тұрған жаңа дүниежүзілік акмевалютаға көшуге
дайындық жүргізуі тиіс.
Т
ҮБЕГЕЙЛІ
ЖАҢАРТУ
ЖОСПАРЫ
(ТЖЖ)
біздің транзит әлемімізде осы тарихи көшуге дайындық-
қа қалған уақыт және қорлар онша көп емес. капиталдар-
дың жаңа Нұх кемесін жобалауды және тұрғызуды кешегі
күннің өзінде бастау керек еді. Ал енді әлемнің барлық
көшбасшылары бүкіл әлемді келе жатқан «акмекапитализм»
әлеміне іс жүзінде көшіруге дайындықты бүгіннің өзінде
бастамаса, онда орнықты даму және өркендеу туралы мәселені
ондаған жылдарға мүлдем ысырып қоюға болады.
бұл мәселелер әлемнің ең ірі саяси және экономи-
калық органдарының, саммиттері мен форумдарының
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
165
барлығының — бҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің, бҰҰ Арнайы
сессиясының, «үлкен сегіздіктің» (G-8), «үлкен жиырма-
лықтың» (G-20), Давостағы бүкіл дүниежүзілік экономи-
калық форумның және тағы басқаларының күн тәртібіне
енгізілуі тиіс.
осы мәселені іс жүзінде шешуді бастау үшін, нақты
түбегейлі жаңарту жоспарын тұжырымдау керек, оның
негізіне жоғарыда келтірілген барлық дәлелдер де жатар еді.
ешбір органдардың, ұйымдардың немесе саммиттердің, егер
олар түбегейлі жаңарту жоспарларын әзірлемесе және іске
асырмаса, бүгінде енді өнімді әрі тиімді болып саналмай-
тынын түсіну керек. Және де сол жаңарту ескі дүниежүзілік
тәртіптен жаңасына көшу ретінде, XXI ғасырдың бірінші
ширегінің ғалами трендіне айналуы тиіс.
Сондай-ақ кез келген деңгейдегі субъект пен өңірді,
сондай-ақ бүкіл әлемді жаңарту жоспары, егер онда дү-
ниежүзілік (сондай-ақ аймақтық) валютаның ескі ақаулы
жүйесінен жаңа тұрақты әрі тиімді транзиттік валютаға
көшудің негізгі тармақтары болмаса, тиімді бола алмайды.
ол сондай-ақ ескі тұрақсыз әрі ақаулы валютаны жаңа
«транзикапитал» жүйесіне айырбастаудың негізгі техноло-
гияларын, ұлттан тыс аймақтық транзиттік валюталардың
аймақтық эмиссиялық орталықтарын құру және дамыту
сценарийлерін ұсынатын болуы тиіс. Жаңарту жоспары, егер
ұлттың, халықтар мен елдердің ақаулы капитализмнің ескі
жөн-жосығынан жаңа жөн-жосыққа көшу бойынша барлық
деңгейлердің негізгі саяси және әлеуметтік субъектілерінің
баршасына көмектің нақты шараларын көздемейтін болса,
тиімді бола алмайды.
Жоғарыда баяндалған талдауға, түсінуге және ғалами
дағдарыс дәуіріндегі әлемнің іс жүзіндегі өздігінен жаңа-
руына түбегейлі жаңа тәсілдемелер барлық деңгейлерде
және түрлі органдарда сондай мәселелерді бірыңғай жүйелік,
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
166
конструктивтік және позитивтік тұрғыдан қою, талқылау және
іс жүзінде шешу үшін бірыңғай негіз бола алады.
осындай концептуалдық үлесімен қатар, Қазақстан
аталған мәселелерді шешудің басқа да сан алуан ұйым-
дастырушылық нысандарын ұсына алады.
біз бүкіл әлемнің барлық аймақтық және континенталдық
«транзикапитал» орталықтары мен субъектілерінің күштерін
үйлестіру бойынша ең жоғарғы деңгейдегі халықаралық фо-
румдарды тәжірибелік өткізуге қатысуға әзірміз.
бірлесе отырып, біз өзіміз ең басында тұрған дүние-
жүзілік «транзикапитализм» сатысын сәтті, әрі уақытында
аяқтаудың ғалами және қолданбалы сценарийлерін зерт-
теу және жобалау мен келе жатқан «акмекапитализм»
әлеміне тәжірибелік көшу траекторияларын есептеп
шығару бойынша жұмыс жүргізе аламыз.
еурАзЭҚ және ШыҰ елдерінің, еуразиялық транзит
орталығын құрғанда, тек еуразияда, басқа континенттер-
де ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде де транзиттік
валюталарды үдете дамытудың бастамашыларына айна-
латын мүмкіндігі бар. тЖЖ ғалами бастамасын үйлестікте
халықаралық, дүниежүзілік және бүкіл дүниежүзілік
органдарға, ұйымдар мен форумдарға шығару және
ілгерілету, мысал үшін, еурАзЭҚ елдерінің, ал, мүмкін, ШыҰ
елдерінің де еншісіне тиер еді.
осы жылғы қаңтардың басында Парижде «Жаңа Әлем,
Жаңа капитализм» саммитінде еуроодақ көшбасшылары
осыған ұқсас, бірақ біршама басқа санаттардағы проблема-
ларды талқылағаны қызықты.
Неліктен бізге де еурАзЭҚ, ШыҰ және ео құраған
үштіктің күшімен тЖЖ бастамасын дүниежүзілік талқылау
және ілгерілету мүмкіндігін қарастырмасқа? Парижде өткен
пікір-сайыстың материалдарына, сондай-ақ басқа елдердегі
сол іспетті форумдардағы тақырыптың талқыламасына
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
167
қарағанда, біз баршамыз әртүрлі континенттерде бола тұра,
бірдей деуге болатын тілде және бір проблемалар туралы
айтамыз.
Б
ІРЕГЕЙ
ЖАҢАРУ
ТӘЖІРИБЕСІ
Үдеп келе жатқан ғалами дағдарыс ай санап және күн са-
нап біздің алдымыздан барған сайын бірегей әрі таң қаларлық
өздігінен жаңару орайларын ашуда және бізге сол өте сирек
орайларды тәжірибелік іске асыруға барған сайын аз уақыт
қалдыруда.
бұрын ешқашанда біздің әлемде өзінің болашағын
тәжірибелік іске асыру ретіндегі өздігінен жаңару үрдісінің
осыншалық ғажайып мүмкіндіктері болмаған.
Әлбетте, ғалами дағдарысты жеңудегі аймақтық интегра-
циялық бірлестіктердің мүмкіншіліктері туралы айтқанда, біз
өзіміздің ұлттық үкіметтерімізді осы майдандағы жұмыстан
және оның тиімділігі үшін жауапкершіліктен босатуға құқылы
емеспіз. тмД елдері соңғы жиырма жылдың ішінде әзірше
әлемнің басқа ешбір мемлекеттерінде жоқ бірегей транзит
және жаңару тәжірибесін жинақтады. олар өздерінің бұрынғы
«дағдарыстық» тәжірибесін, дәлірек айтқанда, дағдарысқа
қарсы басқару тәжірибесін түгел пайдалана білуі тиіс.
басқа жаңа тәуелсіз мемлекеттер секілді, Қазақстан да
қиын өте ауыр замандарды талай бастан кешті.
кеңес одағы құлағаннан кейін біз жаңару азаптарын іс
жүзінде көрдік, күрделі әрі ауыр соққан реформалардан өттік.
Сол кездері шешімі жоқ секілді көрінген міндеттер шешімін
тауып жатты. біз жеңіп шықтық. онда қайтадан жеңу үшін
неліктен осыны қазір жасамасқа?
оның үстіне, қазір ол үшін көбірек қорлар мен мүмкін-
шіліктер бар. он жылдан астам уақыт бұрын біз шикізат
экспортынан түскен табыстардың айтарлықтай бөлігін
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
168
жинақтай отырып, арнайы сақтық Ұлттық қор қалыптастыра
бастадық. ол адами өлшемді дамыту, болашақ ұрпаққа
қорлар жинау үшін, сондай-ақ дағдарыс жағдайларында
тұрақтандырушы функциялар атқару үшін құрылған еді. Ал
қазіргі уақытта ол негізгі экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларды іске асыруды жетерліктей орнықты сер-
пінде сақтауға мүмкіндік бере отырып, бар күшін салып
жұмыс істеуде.
бүгінгі заманның ғалами проблемаларын жалғыз жеңу
керемет қиын, бәлкім, тіпті мүмкін де болмасы анық.
Сондықтан да біз ғалами, сондай-ақ аймақтық интегра-
цияның жақтастары болып табыламыз. бұл біздің дағдарысқа
қарсы шараларымыздың басым бағыттарының бірі.
тап сол себептен де, біз қазір ғалами, аймақтық және
барлық басқа деңгейлерде түбегейлі жаңарту жоспарла-
рын әзірлеу бойынша бастаманы тәжірибелік қанықтыру
бойынша жұмыс істеудеміз.
бұл бүкіл әлемге транзит кезеңінен жылдамырақ әрі
тиімдірек өтуге және бұл орайда адамзат үшін лажсыз
келетін Жаңа «акмекапитализм» әлеміне кіруге баламалы
дайындықты бастауға мүмкіндік береді. тіпті оның ақыр
аяғында қалай деп аталатыны да маңызды емес.
Б
ҰЛ
КІМГЕ
КЕРЕК
ЖӘНЕ
КІМГЕ
ПАЙДАЛЫ
?
тЖЖ ғалами бастамасының негізінде, біріккен Ұлттар
Ұйымы бұрыннан бар Үшінші мыңжылдықтың күн тәртібін
қайта қарау және елеулі түзету бойынша жұмысты бастай
алар еді. бұл әлем мен адамзаттың ескі дүниежүзілік жөн-
жосықтан түбегейлі жаңа «акмекапитализм» жөн-жосығына
уақытында әрі сапалы көшуін қамтамасыз ету мүдделерінде
өте маңызды.
тЖЖ баршасына да дағдарыстан шығу жолындағы
тәжірибелік навигатор ретінде ауадай қажет. ондай жоспар-
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
169
лау дүниежүзілік дамудың барлық субъектілеріне — елдерге,
ұлтаралық корпорациялар мен халықаралық ұйымдарға
өздерінің тиімді өздігінен жаңаруын жоспарлау және іске
асыру үшін қажет.
оны нақты экономиканың да барлық субъектілері —
мемлекеттік және жеке кәсіпорындар, фирмалар мен
ұйымдар жаңа дүниежүзілік транзиттік валютаның негізіндегі
дүниежүзілік «транзикапитал» қағидаларын тәжірибелік игеру
үшін қажетсінеді.
транзит әлеміне тек ғылым мен өнеркәсіпте ғана емес,
сонымен қатар дүниежүзілік қаржы және валюта салаларында
да түбегейлі инновациялар қажет болады. тЖЖ дүниежүзілік
валюталық-қаржылық жүйенің барлық субъектілеріне жаңа
дүниежүзілік валюталық-қаржылық инфрақұрылымды
және сәулетті инновациялық дамыту бойынша күштерді
үйлестірудің тәжірибелік құралын береді.
тЖЖ елдер мен халықтарды жақындатып, ортақ өркендеу
мүдделерінің негізінде олардың басын қоса алады, қауіпсіз
әлемнің жаңа тетіктерін құруға жәрдемдесетін болады. оның
негізі ақаулығы аз жаңа дүниежүзілік валютаға құрылған
мықты қаржылық-экономикалық іргетас болмақ.
Ә
ЛЕМНІҢ
ЖАҢА
НЕГІЗГІ
НАРЫҒЫ
түрлі көлемдегі, деңгейдегі және сападағы барлық ірі
дүниежүзілік субъектілердің дағдарыстан шығудың түрлі
амалдарын іздеп табуға және тұжырымдауға талпынғанына,
міне, жарты жыл болып қалды. олардың күштерімен жаңа
ғалами, бірақ өте ерекше нарық қалыптастырылып болуға
жақындады. бұл дүниежүзілік дағдарыстан шығудың ғалами
амалдары мен жоспарларының нарығы, дағдарыстан
шығаратын «кілттердің» нарығы. ондағы сұраныс қазіргі
ұсыныстан өте жоғары. онда екі — жалпақ және тар сектор
– түзілгені айқын.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
170
Алғашқысы, жалпағы – дүниежүзілік валюталық-қаржы-
лық жүйені үстірт, сыртын әрлеп қана жөндеу шешімдері
мен амалдарының секторы. екіншісі, тары — біздің әлемі-
міздің тұңғиықтық генетикалық ақаулықтарын түбегейлі
емдеу және түзету бойынша ғалами амалдардың секторы.
біз ұсынып отырған түбегейлі жаңарту жоспары — ғалами
дүниежүзілік ақаулықты түбегейлі емдеудің ғалами амалы-
ның тап өзі. тЖЖ — әлемдік «кілттер» нарығының екінші, тар
секторының жаңа тауары.
Сондай-ақ түбегейлі жаңарту бағдарламасы, дүние-
жүзілік дағдарыс біздің алдымызға қойып отырған түбегейлі
жаңарту проблемасының шешіміне алғашқы ғалами кілт
болуы ықтимал.
егер қалыптасып келе жатқан дүниежүзілік «транзи-
капитал» шын мәнінде капиталдардың Нұх кемесі болса,
онда біз ұсынып отырған тЖЖ жаңа Нұх кемесінің құрылыс
жоспарының алғашқы сызба нұсқасы. Ал егер еуразиялық
«транзикапитал» орталығы құрылса, онда ол осы құтқарғыш
құрылыстың алғашқы орталығына айналуы әбден мүмкін.
мұндай тәсілдеме бүкіл әлем үшін барынша пайдалы.
біз ғалами дүниежүзілік дағдарысқа бүкіл әлем болып кірдік,
енді дағдарыстың осы бір ғалами кілтін де біз тек бүкіл әлем
болып қана бұрай аламыз.
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
171
4.3. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ
ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІН ЖАҢАРТУ
ЖӘНЕ ДАМЫТУ
Ғалами дағдарыстық құбылыстардың үдеуі жағда-
йында, олардың жағымсыз салдарын жеңу бойынша қысқа
мерзімді шараларды орташа мерзімді дағдарысқа қарсы
бағдарламамен және елдің келешекті ғылыми-техникалық
дамуының ғалами бағыттарын айқындайтын ұзақ мерзімді
ғалами стратегиямен толықтыру қажет. Дүниежүзілік эко-
номикалық құлдырау үрдістерінің қанат жаюы көптеген
мемлекеттерді ұзақ мерзімді даму стратегиясын таңдау туралы
ойлануға мәжбүр етеді.
Алайда дүниежүзілік, сондай-ақ ұлттық экономикалық
жүйелердің даму серпіні көпфакторлы әрі көпнұсқалы,
сондықтан ұзақ мерзімді келешекке жоғары ықтималдық
дәрежесімен іске асырылатын бірден-бір сценарийді
айқындау іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан ең артық
стратегияны іздеу сценарийлік тәсілдемені пайдалануды
және дүниежүзілік теория мен тәжірибеде белгілі барлық
экономикалық даму үлгілері мен олардың ұштастықтарын
қайта қарауды күтеді.
бұл орайда әр елдердің ғалымдары мен практиктері
көпшілігінің осы мәселе бойынша пікірлері бірыңғай емес.
Қазақстан мен Ресейді жатқызуға болатын еуразиялық
өркениет үшін сценарийлік болжамдар таңдау белгілі бір
жиынтықпен шектелген болуы мүмкін.
Атап айтқанда, ресейлік экономистердің кітабында
ұзақ мерзімді дамытудың төрт ықтимал сценарийі: «басым
индустриялық жетілдіру», «ғаламдануға секіріс», «экономикалық
изоляционизм», «энергетикалық эгоизм» сценарийлері
қарастырылған. тізімі берілген сценарийлердің барлығы-
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
172
ның ішінде тек бірінші сценарийге ғана («басым индустрия-
лық жетілдіру» стратегиясы) экономикалық саясаттың ілге-
рішіл бағыттарын пайдалану — ұлттық экономиканың са-
лыстырмалы артықшылықтарын капиталдандыру және өң-
деуші өнеркәсіптің жаппай өндірістерін жаңарту тән.
басқа сценарийлер аталған бағыттардың тек бірін ғана
іске асыруды көздейді, ал «энергетикалық эгоизм» оларды
дамытуға мүлдем бағдарланбаған. Сондықтан еуразиялық
өркениеттің елдері үшін бірінші сценарий ең артығы болып
табылады.
Ресейлік экономисттердің екінші бір тобы да страте гиялық
шешімдердің балама нұсқаларын айқындау үшін сценарийлік
тәсілдемені пайдаланады. олар «Рантье», «Жұмылдыру»,
«Инерция» және «модернизация» секілді ұзақ мерзімді
стратегияның ықтимал нұсқаларын ерекшелеген. олардың
қысқаша сипаттамаларын қарастырайық.
«Рантье» стратегиясын іске асыру барлық күштер мен
қаржылық қорлардың табиғи қорларды өндірумен және
экспорттаумен байланысты салаларды дамытуға шоғыр-
ландырылатынын, ал табиғи рентаның орталықтанды-
рылатынын және мемлекеттік бюджет арқылы негізінен тек
әлеуметтік мұқтаждықтарға және елдің қор ғанысына қайта
бөлінетінін білдіреді.
ондай даму стратегиясын жүзеге асыру тек қазбалаушы
және экспорттаушы (мұнай, газ, металдар) салаларға жа-
татын компаниялар үшін пайдалы. Алайда ондай даму
сценарийін ұстану қазбалаушы сектордың шектерінен тыс
инновациялық және іскерлік белсенділіктен іс жүзінде бас
тартуды, инфрақұрылымдық жобаларды тоқтатып қоюды,
өңдеуші өнеркәсіптің өндірістеріндегі тоқырауды, тауарлар
мен қызметтер импортының өсуін білдіреді.
Ал ондай сценарий жүзеге асырылатын жағдайда бола-
шақта әлеуметтік шығындардың өсіп жатқан ауыртпалығы-
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
173
ның салдарынан және, әлбетте, мұнай мен газ қорларының
таусылуына байланысты шикізат қазбалаушы салаларда да
тоқырауды күтуге болады.
«Жұмылдыру» сценарийі салалар мен аймақтардың
көзқарасы тұрғысынан «ошақтық» жаңартуды көздейді, яғни
мемлекет бизнеспен кеңесусіз және бұрыннан бар бастауларға
бағдарлана отырып, тек директивті түрде артықшылықты
болып тағайындалған салалар мен өн дірістерді дамытуды
қолдайды. Шикізаттық сектордан қорларды қайта бөлу не
бюджет арқылы, не болмаса мемлекеттің қаржы қаражаттары
шоғырланатын, «жоғарыдан» құрылған мемлекеттік корпо-
рациялар арқылы жүреді.
осындай сценарий өрістеген кезде азаматтардың мүд-
делері өте аз ескеріледі, ал басқа, артықшылықты емес сала-
лардың дамуы қалдықтық қағида бойынша сақ талады, бұл
олардың біртіндеп кері кетуіне әкеліп соғады. Дүниежүзілік
тәжірибе көрсетіп отырғандай, қорларды таңдап алынған
тар артықшылықтардың пайдасына қайта бөлуге көбіне мен-
шіктің қайта бөлінуі ілеседі және мемлекеттік қаражаттарды
жұмсау тиімділігінің күрт төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
«Инерция» сценарийі бойынша ұзақ мерзімді стратегияны
іске асыру тұрақтылықтың дамудан басымдығын көздейді.
бұл сценарий бойынша қалыптасқан беталыстар жалға-
сын табады, елдің технологиялық артта қалуы үдей береді,
түбегейлі экономикалық және институционалдық өзгерістер
жоққа шығарылады,инновациялар жоқ болады. бұл сце-
нарийдің әлсіздігі айқын.
Ақыр соңында, төртінші, «модернизация» деп аталатын
ұзақ мерзімді даму сценарийі экономиканы және қоғамды
инновациялық дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға
бағытталған институционалдық өзгерістер кешенін көздейді.
іс жүзінде бұл сценарийді іске асыру инновациялық да-
муға мемлекеттің қорларды қайта бөлуінің негізінде емес,
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
174
жаңа қорлар құру негізінде, инновациялар мен мемлекеттік-
жеке серіктестік тетіктерінің негізінде көшуді білдіреді.
Ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асырудың соңғы екі
нұсқасы еуразиялық өркениет елдерінің 2030 жылға дейін
ғылыми-технологиялық даму келешектерін зерттеу барысы-
нан көрінеді.
көптеген ықтимал сценарийлерден өркениеттердің
болашақ экономикалық серпінінің ықтимал траектория-
сын айқындау үшін, өзінің жүзеге асырылуы үшін нақты
алғышарттарға ие, әрі әлеуметтік-саяси күштер үшін таңдау
еркіндігін беретін екі нұсқа бар. олар осының алдындағы
тарауда суреттелген инерциялық және инновациялық-
серпілістік нұсқалар.
бұл жерде мен тек осы екі базалық сценарийді іске
асырудың бірқатар экономикалық алғышарттарын, фактор-
ларын және салдарын суреттегім келеді:
инерциялық сценарий, әлдебір не өзге модификация-
•
ларымен бірге, XX ғасырдың соңында — XXI ғасырдың
басында қалыптасқан өркениеттердің экономикалық
даму беталыстарының сақталуын көздейді;
инновациялық-серпілістік сценарий, оны іске асыру
•
тек технологиялық инновацияларды ғана емес, со-
нымен қатар постиндустриалдық өндіріс тәсілінің
қалыптасуына, тиімді көп жөн-жосықты экономика-
ны қалыптастыруға, қоғамның полярлығын біртіндеп
жеңуге және экономикадағы позитивті құрылымдық
қозғалыстарға байланысты экономикалық базистік ин-
новацияларды көздейді.
екі сценарийдің де ортақ сипаттарға және беталыстарға
ие екенін атап көрсету қажет:
экономикалық өсуге, еңбек өнімділігі мен өмір деңгейін
•
көтеруге ортақ, бірақ елдің аймақтары мен өркениеттер
бойынша бөлек қарқындарға, әрі әртүрлі дифферен-
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
175
циация дәрежесіне және жекелеген кезеңдерде, мыса-
лы, ғалами экономикалық дағдарыс беталыстарының
көріну уақытында, төмендеу жағына ықтимал өзгеру
мүмкіндігіне ие тренд сақталып қалады;
мезгілдік, бірақ экономикалық параметрлерінің ауыт-
•
қу амплитудасы, тереңдігі, ұзақтығы және салдары әр-
түрлі экономикалық дағдарыстардың ықпалы сақталып
қалады;
өндірістік күштер мен экономикалық институттарды
•
ғаламдандыру беталысы, бірақ әртүрлі үлгілер бойынша
және әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтар
деңгейі әртүрлі болып жалғасада;
қоғамның және экономиканың түрлі элементтерінің
•
өзара ықпалы жалғасады. Алайда, инновациялық-
серпілістік сценарий кезінде теңдестірілген серпілістік
технологиялық, институционалдық және әлеуметтік инно-
вациялар мен трансформациялар қамтамасыз етіледі.
Ал инерциялық сценарий кезінде қоғамдағы ауытқулар,
алшақтықтар, институттар мен тетіктердегі және соның сал-
дары ретінде, әртүрлі салалар мен әртүрлі аяларда жағымсыз
өзгерістер күшейе түседі, бұл олардың жиынтық әсерін елеулі
қысқартады.
тұрақсыз халықаралық саяси жағдайдың аясында өріс-
теген ғалами қаржылық-экономикалық дағдарыс дүние-
жүзілік реттеудің бүкіл жүйесінің кешенді дағдарысын
куәландырады. ең алдымен тек одан әрідегі тұрақтандыру
жоспарларын қабылдаудың ғана емес, сонымен қатар ғалами
экономикалық жүйені реттеуге концептуалдық тәсілдемелерді
өзгертудің қажеттілігі айқын болуда.
Қазіргі валюталық-қаржылық жүйе енді бүгінгі күннің
талаптарына сай келмейді және дүниежүзілік экономиканың
орнықтылық өлшемдерінің бірде-біреуіне сәйкес болмай
отыр.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
176
Дүниежүзілік валюта заңды де-юре болып табылмай-
ды. Дүниежүзілік валютаның сұраныс және ұсыныс тепе-
теңдігінің тетігі бәсекелестіктен тыс және азат емес сипатқа
ие. Дүниежүзілік валюта нарығы өркениетті нарықтарға жат-
пайды. Дүниежүзілік валютаның эмиссия жүйесі дүниежүзілік
қоғамдастықтың бақылауынан тыс және оның алдында
жауапкершіліксіз. Қазіргі уақытта көптеген елдер оны
реформалаудың түрлі үлгілерін ұсынуда. Алмания, Ресей,
Қытай, түркия, ислам елдерінің ұсыныстары бар.
мен өз тарапымнан ғалами проблемалардың шешіміне
жеке көзқарасымды ұсындым. менің ойымша, жоғарыда
айтылғандай, бҰҰ аясында бірыңғай дүниежүзілік валюта-
ны құру қажет. Жариялы, барлық елдермен қабылданған
дүниежүзілік есеп айырысу-төлемдік бірліктің негізіндегі
абсолютті жаңа ғалами валюта жүйесіне көшетін уақыт келді.
оны құруға, эмиссиялауға және реттеуге барлық елдер ат-
салысуы тиіс. Әлбетте, жаңа жүйеге көшу біртіндеп жүзеге
асырылуы тиіс.
бүгінгі дағдарыс қоғам өндірген нақты жалпы өнім-
нің және нақты активтермен қамтамасыз етілмеген алып-
сатарлық виртуалдық капиталдың арасындағы қарама-
қайшылықтардың себебі болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық-қаржылық жүйе бүгінгі заман-
ның әлемінен және оның қажеттіліктерінен мүлдем артта
қалғанын мойындауға батылдығымыз жетуі тиіс. ол бүкіл
әлемнің дамуын тежеп отырғаны айқын.
кез келген өндірісті дамытудың негізі
оның технология-
сын жаңарту болуы тиіс. кез келген технологияны түбегейлі
жаңарту
оның парадигмасын ауыстыруды көздейді. Ал
парадигманы түбегейлі жаңартудың негізі —
бұл түбегейлі
дәуірлік инновация. Яғни бұл дегеніміз — экономиканың
кез келген салаларын және қоғамды жаңарту жүйесінің үш
бөлек қабаты.
Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЭКОНОМИКАЛЫқ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ
177
Парадигмалардың жаңару қарқындары, томас кунға
сәйкес, ғылымның, техника мен өнеркәсіптің жаңару қар-
қындарына сәйкес болуы тиіс. Әйтпесе, тоқырау болмақ.
Қазіргі уақытта пайдаланыстағы, оған дүниежүзілік
валюталық-қаржылық жүйенің бүкіл қызметі құрылатын
экономикалық парадигма — Адам Смиттің «нарықтың
көзден таса қолы» жайындағы мифологемасы. оның XVIII
ғасырдың 70-ші жылдары құрылғаны және Джеймс Уайттың
бу машинасының құрдасы екені белгілі.
Дүниежүзілік валюталық-қаржылық жүйенің қолда-
ныстағы парадигмасы бүгінгі заманның геоқаржылық және
ақпараттық технологияларынан көп артта қалуда және
бүгінгі күннің дүние тәртібіне толыққанды қызмет көрсетілуін
қамтамасыз етпейді.
осыған байланысты бұл қарама-қайшылықтардың та-
мырына балта шаппай, дүниежүзілік валюталық-қаржылық
жүйені үстірт жөндеу бізді ешбір айқын жақсартуға алып
келмейтінін жорамалдау қиын емес.
Экономиканың барлық келеңсіздіктерін, бастамашы-
лықтың және жауапкершіліктің жоқтығын «нарықтың көзден
таса қолына» жапқан өте ыңғайлы секілді.
бірақ әлем біздің өз болашағымыз үшін жауапкершілікті
мойнымызға алуымыз тиіс болып тұрған шекке жетті. егер біз
жақын арада базалық экономикалық парадигманы түбегейлі
жаңартуды жүргізбесек, онда адамзаттың аман қалу үміті
мүлдем азаяды.
Ғалами экономикалық дағдарыс батыс либерализмі
мен азат нарықтың адамзат үшін бірден-бір дұрыс бағдар
екені туралы идеяны жоққа шығарады. бүгінде дүниежүзілік
аренада дүниежүзілік тәртіпке ықпал ететін жаңа күш орта-
лықтары қалыптасуда.
Френсис Фукуяма жар салған тарихтың ақыры бол-
май қалды. керісінше, жаңа тарихи кезең басталуда, онда
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
178
экономикалық және саяси дамудың түрлі үлгілері орын
алып, өзара бәсекелестікке түседі.
бүгінгі дүниежүзілік дағдарыстың салдары көптеген
сағымдарды сейілтуде. бүгінгі әлемнің келесі бір маңызды
беталысы әлем құрылысының бірполярлы жүйесінің көп-
полярлыға айналуында. көпполярлықтың дамуымен қатар,
аймақтандыру үрдістері де күшейе түседі. Аймақтық нарықтар
қалыптасып, олардың шеңберінде тауарлар мен қызметтердің
көпшілігі өндірілетін және тұтынылатын болады.
континенталдық интеграциялық топтастықтар қалып-
тасуда.
бір географиялық кеңістіктің ішінде ұлттық экономика-
ларды қорғау ғалами дамудың беталысына айналуда. оның
мысалдарын біз латын Америкасынан, Парсы шығанағы
аймағынан, Шығыс Азиядан көріп отырмыз. оның алдында
бұл үрдіс «еуроаумақта» басталған еді.
Қазір мен ұзақ мерзімді келешекте еуразиялық интегра-
цияның баламасының жоқтығына әлдеқайда сенімдімін.
«ырыс-береке өз балаларын еркелететін мейірімді, бірақ
ақымақ анаға ұқсайды», — деп ескерткен Сенека. бұрынғы
қолайлы конъюнктура жағдайларында интеграциялық үр-
дістерді тежейтін факторларға көбіне көз жұмыла қаралады.
бүгін біздің оған құқығымыз жоқ.
тек бірлесіп қана біз өз мемлекеттеріміздің орнықты
экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламыз және де тап
осы елдер мен өркениеттердің серіктестігі қағидасы түбегейлі
экономикалық жаңарту стратегиясының негізіне қалануы
тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
180
мемлекеттер мен оқшау өркениеттердің өзара әре-
кеттестігі, олардың қарсы тұру мен қақтығысқа келуден түпкі
мүдделердің, яғни бүкіл адамзаттың, бүкіл ғалами өркениеттің
орнықты дамуы негізіндегі серіктестікке көшу мәселелері
XXI ғасыр үшін ерекше маңызға ие. осы проблеманың
көпжақтылығы өркениетті сұхбаттың және серіктестіктің кең
мүмкіндіктерін сипаттайды. осы кітапта мен анағұрлым өзекті
проблемаларды шешудің ықтимал жолдарына талдау жасауға
талпындым:
XXI ғасырдың энергетикалық-экологиялық революциясы
•
жолында өрістеген ғалами энергетикалық-экологиялық
дағдарыстан шығудың ортақ жолын іздеу, оның мәні
ноосфералық энергетикалық-экологиялық өндіріс және
тұтыну тәсіліне және альтернативті, экологиялық таза
энергия көздеріне көшу болып табылады;
елдер мен өркениеттердің даму үстіндегі елдердегі
•
миллиардтаған адамдардың артта қалуын және кедей-
лігін туғызатын экономикалық және технологиялық по-
ляризациясын жеңу;
әлеуметтік-мәдени саладағы — ғылымдағы, білім бе-
•
рудегі, мәдениеттегі, діни қызметтегі серіктестік;
күрделі әрі сан алуан өркениеттер жүйесі дамуының
•
орнықтылығын сақтап қалудың, оның серпіндік тепе-
теңдігі сақталып қалуының басты шарты болып табылатын
көпполярлы дүние құрылысының қа лыптасуы.
Нәтижесінде мен ғалами қоғамдастық оларды тиімді
шешу үшін өркениеттер серіктестігінің негізінде түбегейлі
жаңарту стратегиясын әбден әзірлей алады деген берік
нанымға келдім.
Өркениеттердің серіктестігі біріккен Ұлттар Ұйымы,
«192 топ», «G-8» тобы, «G-20» тобы сияқты, еуропалық
одақ, тмД, еурАзЭҚ, ШыҰ, еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымы, АӨСШк және т.б. тәрізді өрке-
Қ
орытынды
181
ниетті және өркениетаралық бірлестіктер сияқты ғалами
институттардың желісіне сүйенуі тиіс.
Қазақстан жақында өзінің онжылдығын атап өткен Шан-
хай ынтымақтастық ұйымы секілді өркениеттер серіктестігінің
сондай стратегиялық маңызды аймақтық институтын
қалыптастыру мен дамытудың бастамашысы болып табы-
лады. ШыҰ-ға мүше елдер мен оны байқаушылар дүние
жүзі халқының және ЖіӨ басым бөлігін, ғаламшардың
минералдық және басқа да табиғи қорларының айтарлықтай
үлесін білдіреді, өркениеттік дамудың, сұхбаттың және
ынтымақтастықтың тарихи тәжірибесіне ие.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары
жөніндегі кеңес (АӨСШк) — біршама жас әрі стандарттан
тыс форум. бұл азиялық мемлекеттер саяси көшбасшылары-
ның сұхбаттасуына және өзара түсіністігіне арналған тағы
бір мінбе, оларға сауда-экономикалық ынтымақтастықтың,
кейбір аймақтардағы «кедейлік кеңістіктері» мен әлеуметтік
кері кетуді жеңудің, қақтығыстарды реттеудің көкейтесті
мәселелерінің шешімдеріне тәсілдемелер табуға көмектеседі,
бұл мәдениеттердің, діндер мен өркениеттердің сұхбатына
және өзара түсіністігіне ықпалдасады.
мұндай құрылымды мен атаған проблемаларды шешуге
арналған бҰҰ авангарды ретінде пайдалануға әбден бола-
ды. оны АҚыҰ — Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына айналдыру әбден мақсатқа сай, өйткені бүгінде Азия
аумағының 90% біріктіретін «үлкен азиялық жиырмалықты» –
«А-20» қалыптастыру үшін барлық алғышарттар жеткілікті.
Әлемдік қоғамдастықта ғалами проблемаларды шешу
үшін бастау бар және осы кітапта ғалымдарға, саясаткер-
лерге, мәдениет қайраткерлері мен дін қыз метшілеріне
өркениеттердің серіктестігі негізінде ғалами қоғамдастықты
түбегейлі жаңарту арқылы олардың шешімінің нұсқасы
ұсынылады.
ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
182
Аталған проблемаларды кешенді шешудің өзге бір тәсілін
мен көріп отырған жоқпын. Ғалами серіктестіктің сәтті мысал-
дары өткенде де, қазірде де жеткілікті, ал бүгін тек әлемдік
қоғамдастықтың, барша өркениеттердің түбегейлі жаңаруға
бел бууы тәуекел.
кітаптың мұраты ғалами қоғамдастықты түбегейлі жа-
ңарту стратегиясын дамытуға болатын межелерді айқындау
болып табылады. ондай межелердің болуы нақты стратегия-
ны әлеуметтік-саяси сағымдардан айырады.
мен белгілеген жаңарту стратегиясының межелері ғалами
қоғамдастыққа, оның елдер мен өркениеттердің барлығының
және әрбірінің орнықты даму жолдарын іздеуінде пайда
әкеледі деп үміттенемін.
ӘДеБиет
1. бҰҰ бас Ассамблеясының «Өркениеттер арасында-
ғы сұхбаттың ғалами күн тәртібі» 56/6 қарары (2001 жылғы
9 қараша).
2. ХХI ғасырдағы ақпараттық қоғамдастықтар үшін білім
беру. «Сегіздік топ» саммитінің құжаты. Санкт-Петербург,
2006.
3. ЮНеСко-ның 2001 жылғы 9 қарашадағы мәдени
әртүрлілік туралы жалпыға бірдей мағлұмдамасы.
4. Моисеев Н.Н. Судьба цивилизации. Путь разума.
м.: мНЭПУ, 1998.
5. Global Environment Outlook 4 (GEO-4): Environment for
Development. UNEP, 2007.
6. Өркениеттердің энергетикалық-экологиялық бола-
шағы. II Өркениеттер форумының материалдары. Астана,
л.Н. Гумилев атындағы еҰУ, 2008 жылғы 18–21 қыркүйек.
7. ДаниловДанильян В.И. орнықты даму (теориялық-
әдістемелік талдама. http://www.opec.ru/analize_doc.
asp?d_no = 30047
8. Bridging the Digital Divide: Internet Access in Central and
Eastern Europe: http//www.cdt.org/international/ceeaccess/
9. Википедия. http://ru.wiki pedia.org
10. 2007 World Development Indicators. Washington
2007. The World Bank, 2007.
11. Назарбаев Н. Дағдарыс кілттері //Российская газета.
2009. № 4839.
12. Назарбаев Н.Ә. Постиндустриалдық қоғамды орнату
стратегиясы және өркениеттер серіктестігі. м.: Экономика,
2008.
13. Вернадский В.И. труды ко всеобщей истории науки.
м.: Наука, 1988.
14. Кондратьев Н.Д. большие циклы конъюнктуры и
теория предвидения. м.: Экономика, 2002.
15. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. общество.
м.: Политиздат, 1992.
16. Тоффлер Э. третья волна. м.: ACT, 1999.
17. Шумпетер И.А. История экономического анализа.
В 3 т. Пер. с англ. СПб, 2001.
18. Яковец Ю.В. Эпохальные инновации ХХі века.
м.: Экономика, 2004.
маЗмҰНы
Кіріспе
Ғаламдық стратегиялық шешімдер кезеңі ...........................5
1тарау
түбегейлі жаңару мен өркениеттер серіктестігі
стратегиясының жалпы пішіндері ...........................................9
1.1. Сұхбаттан өркениеттер серіктестігіне өту ............................12
1.2. Негізгі өркениеттік қарама-қайшылықтар
және XXI ғасыр талаптары ...................................................14
1.3. Ғаламдық инновациялық серпіліс
стратегиясының ерекшеліктері ............................................19
1.4. Әлеуметтік-мәдени саладағы серіктестік ............................24
1.5. Өркениеттер серіктестігінің
институттары мен тетіктері ...................................................30
2тарау
өркениеттердің энергоэкологиялық
серіктестік стратегиясы ...........................................................33
2.1. Энергоэкологиялық серпін:
дағдарыс сабақтары мен стратегия негіздері ......................37
2.2. Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияны
жүзеге асырудың мақсаттары мен жолдары .......................51
2.3. Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияны
қалыптастыру кезеңдері ......................................................79
3тарау
инновациялық-технологиялық
серпіліс стратегиясы .................................................................93
3.1. Дәуірлік инновациялар және
технологиялық жөн-жосықтар ............................................96
3.2. Өркениеттердің технологиялық серпінінің
беталыстары және келешегі ...............................................102
3.3. Ғаламдық инновациялық-технологиялық
серпіліс стратегиясының ғылыми негізі ............................. 111
3.4. Ғаламдандыру тұрғысында жаңа технологиялар
енгізудің дүниежүзілік тәжірибесі ......................................121
3.5. Өркениеттерді технологиялық
дамыту стратегиясы ...........................................................135
4тарау
түбегейлі экономикалық
жаңарту стратегиясы .............................................................143
4.1. бүгінгі қаржылық-экономикалық
дағдарыстың сабақтары ....................................................146
4.2. Дағдарыстың кілттері.........................................................153
4.3. еуразиялық экономикалық қоғамдастықты
дағдарыстан кейін жаңарту және дамыту .........................171
Қорытынды ............................................................................ 179
Әдебиет ...................................................................................183
Нұрсұлтан Әбішұлы НаЗарБаев
ҒаламДыҚ ҚоҒамДастыҚты
түБегейлі жаңартУ стратегиясы
жӘНе өрКеНиеттер серіКтестігі
Жауапты шығарушы Б.Ғ. Мұхамеджанов
компьютерлік бет қаттаушы И. Селиванова
басуға 25.05.2012 қол қойылды.
Пішімі 60х90
1
/
16
. офсеттік басылым.
«DSFreeSet» қаріп түрі. 11,75 шартты баспа табақ.
таралымы 2000 дана.
«Жібек жолы» баспа үйі
050000, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 50
тел. 8 (727) 261 11 09, факс 8 (727) 272 65 01
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |