Серіктестігі


ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата28.12.2016
өлшемі5,95 Mb.
#637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
114
себептерге,  ішкі  және  сыртқы  факторларға  байланысты 
ондай  көшуді  қамтамасыз  етуге  дәрменсіз,  сондықтан  да 
әлемнің авангардты елдерінің компанияларында жасалған 
өнімдерді не болмаса олардың әзірленімдерін пайдалануға 
мәжбүр. бұл кезеңде әлемдегі адами дамудың біркелкісіздігін 
туғызатын ғылыми-технологиялық дамудағы диспропорция 
біліне бастайды. 
оның себебі, экономикалық дамытуға бағытталған озық 
қолданбалы  ғылыми-технологиялық  әзірленімдер  әлемнің 
жетекші елдерінде өз қызметінің тиімділігін арт тыруға мүд-
делі мемлекеттік корпорациялар мен жеке ком паниялардың 
тапсырысы бойынша жүзеге асырылады. 
Алайда іс жүзінде ондай іс-әрекет дамыған елдер мен 
дамушы  елдердің  аумағында  әртүрлі  сипатқа  ие  болады. 
Дамыған елдерде қазір ең алдымен жоғары технологиялық 
тауарлар  мен  қызметтер  өндірісі  және  тұтынуы,  сондай-
ақ  тікелей  жаңа  технологиялар  жасау  бойынша  жұмыстар 
шоғырланған. Дамушы елдерде тиісінше — инновациялығы 
экономиканың  оларды  пайдалану  және  төлеу  қабілетімен 
айқындалатын тауарлар мен қызметтердің тұтынуы, оған қоса 
— дамыған елдерде аяқталып жатқан жоғары технологиялық 
өндірістердің тазалығы ең төмен бөлігі шоғырланады. 
Дамыған  және  даму  үстіндегі  елдердің  экономикала-
рының инновациялық және жоғары технологиялы тауарлар-
ға  қатынасындағы  осындай  технологиялық  алшақтықтың 
нәтижесінде  әлемде  анағұрлым  келеңсіз  көрініс  тапқан 
дағдарыстар көріністерінің бой көтеруіне әкеліп соқтыратын 
адами және орнықты экологиялық-экономикалық дамудағы 
ғалами диспропорция қалыптасады. 
Дамыған  елдер  қаржылық  «бос  тартымдылықтың» 
(өзінше виртуалды капитал), тұтыну экологиясының, энер-
гетикалық  тәуелділіктің  зардабын  шегуде.  Даму  үстіндегі 
елдер болса — өндіріс экологиясының, шикізаттық тауарларға 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
115
сұраныстың төмендеуінің, денсаулық сақтаудың, мәдениет 
және білім берудің жеткіліксіз деңгейінің азабын тартады. 
Дамыған  елдердің  ұлтаралық  компаниялары  мен 
жеке бизнесі тапсырыс беретін инновациялар мен ғылыми 
зерттеулердің  нәтижелерін  дамушы  елдер  пайдалануға 
және  өз  экономикасына  бейімдеуге  шамасы  жетпейді.  VI 
технологиялық  жөн-жосыққа  көшу  әңгімесі  болып  жатқан 
уақытта,  әлемнің  көптеген  елдерінде  I  жөн-жосықтан  бас-
тап  V  жөн-жосықтың  жетістіктерін  қолдануға  талпыныстар 
сақталып қалғанын елестетіп көріңізші. 
Әлемнің бір жартысы «тұтыну қоғамынан» өмірдің сапа-
сына  және  мекендеген  ортаның  жайлылығына  қойылатын 
талаптар аса маңыздыға айналатын «инновациялық-интел-
лектуалдық қоғамға» көшуді аяқтап жатқанында, екінші бө-
лігі  азық-түлік  жетіспеушілігінен  және  жаппай  ауру лардан 
құтылу жолдарын іздеуге мәжбүр болуда. 
бұл ғалами қарама-қайшылықтың анағұрлым мәнді се-
бептерінің бірі – іргелі зерттеулердегі ілгерілеу үшін мемле-
кеттер, ал қолданбалы әзірленімдер мен технологиялар үшін 
жетекші мемлекеттердің жеке компаниялары жауап береді. 
Нәтижесінде әлемнің озық ғылымы даму үстіндегі елдердің 
технологиялық  (соның  ішінде  экологиялық,  өн дірістік, 
әлеуметтік) проблемаларымен айналыспайды, өйткені олар 
компанияларды коммерциялық тұрғыдан қызықтырмайды. 
Ғалами  технологиялық  дамытудың  тап  осы  аспектісі 
өркениеттер  серіктестігінің  және  мемлекетаралық  өзара 
әрекеттестіктің жаңа стратегиясының мәніне айналуға тиіс. 
оны  әлемнің  түрлі  аймақтарында  технологиялық,  демек, 
адами  дамудағы  қарама-қайшылықтардың  одан  әрі  өршу 
мүмкіндігін жоятын әлемдегі тұрақты дамудың міндетті фак-
торы ретінде қарастыру керек. 
технологиялық  мәселелерді  шешуде  дамушы  елдер  
өз  еркіне  жіберілгенін  айта  кету  керек.  оның  үстіне,  олар 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
116
шикізат жеткізілімдерімен қамтамасыз етуге және өндіріле-
тін тауарларды өткізуге, яғни отарлар мен метрополияның 
қарым-қатынастарын  сақтап  қалуға  мүдделі  ғалами  ұлт-
аралық компаниялармен қатынаста болуға мәжбүр. 
Дамыған елдердің үкіметтері, өз алдына, тап сол да мыған 
елдердің халқы үшін тұтынудың сапалы деңгейін арттыратын 
ғаламдық ҰАк тиімді қызметіне мүдделі. оң түстік корея, Син-
гапур мен Қытайдың артта қалудан жоғары инновациялық-
технологиялық  дамуға  секіру  тәжірибесін  барлық  дамушы 
елдердің қабылдағаны пайдалы. 
Қазіргі таңда ғалами технологиялық дамуды реттеу үшін 
өкілетті  әрі  жауапты  мемлекетаралық  орган  жоқ.  Әрине, 
бҰҰДб,  ЮНИДо  (United  Nations  Industrial  Development 
Organization) секілді ұйымдар, еуропаның, Африка, тынық 
мұхит  елдерінің  аймақтық  бірлестіктері  өз  өкілеттіктерінің 
шектерінде  өздерінің  қызметін  жүргізеді  және  белгілі  бір 
табыстарға  да  жетіп  жатыр.  Алайда  олардың  өкілеттіктері 
ықпалдастықтың, кеңес берудің, бағдарламалар әзірлеудің, 
конференциялар,  семинарлар  және  т.б.  ұйымдастырудың 
шеңберінен тыс шықпайды. 
осыған  байланысты,  бәлкім,  ең  алдымен  бҰҰ  ғалами 
технологиялық дамыту саласындағы өкілеттіктері мен қызмет 
тетіктерін түзетуді қарастыруы керек болар. 
Дамушы елдердің ғылыми және технологиялық пробле-
маларын  айқындау  жұмысының  нәтижелерін  дүниежүзілік 
қоғамдастық  алдына  қойылатын  міндеттер  түрінде  тұжы-
рымдау қажет. 
бұл  орайда  ондай  жобаларға  дамыған  елдердің  де, 
сондай-ақ  дамушы  елдердің  де  ғалымдары  қатысуға  тиіс. 
бұл деңгейлері әртүрлі болуына байланысты қиылыспайтын 
екі үрдісті – озық ғылыми ізденістердің мақсаттылығын және 
дамушы елдердің жеткіліксіз ғылым сапасын жа қындасты-
рушы еді.

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
117
бҰҰ атынан әлемнің дамушы елдері мен аймақтарының 
мүдделерінде жүргізіле алатын зерттеулердің нәтижелеріне 
авторлық құқықтар туралы мәселе ерекше назар аударуды  
талап етеді. тікелей ғалымдар мен әзірлеушілердің авторлы-
ғын  мойындай  және  сақтай  отырып,  дамушы  елдердің 
әлеуметтік-экономикалық  мәселелерін  шешуде  өмірлік 
ма ңызға ие болып табылатын технологияларға қол жеткізу 
мүмкіндігін ақысыз ету қажет. 
бҰҰ-ның осындай қызметі адам ақыл-ойының әлеуетін 
ғалами  технологиялық  даму  шарттарының  біркелкілігін 
қамтамасыз етуге бағыттауға мүмкіндік берер еді, ол болса, 
тек адами даму балансының жол берілген және жол берілетін 
бұзылушылықтарын  тек  түзетіп  қоюға  ғана  емес,  сонымен 
қатар  келешекте  оны  әрі  қарай  арттыру  үшін  жағдайлар 
қалыптастыруға мүм кіндік берер еді.
Т
ЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
 
СЕРПІЛІС
 
СТРАТЕГИЯСЫН
 
НЕГІЗДЕУ
Ұлттық  экономикалардың  бәсекелестікке  жарамдылы-
ғының  қаптаған  айқындамалары  мен  факторларын  қай-
таламай, әлем елдерінің басым бөлігінің өндіріс экономика-
ларында дамуы мен тиімділігі жағынан әртүрлі дәрежедегі 
барлық  бес  технологиялық  жөн-жосықтың  құрамдас  эле-
менттері бар екенін атап айту керек. 
елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  негізгі  сарын 
беретін тап технологиялық даму екенін ескере отырып, қазіргі 
таңда, келесі VI технологиялық жөн-жосық игерілу сатысында 
тұрған уақытта, әлемнің барлық елдеріне оның негізгі ағынына 
кіру үшін күш салу қажет. 
Әрине, әр елдің экономикасы әр бөлек және үкіметтер 
мен  қоғам  үшін  ең  маңызды  міндет  жаңа  технологиялық 
жөн-жосыққа кіру тұстарын және ол үрдісті адам дамуының 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
118
келешегі үшін анағұрлым тиімді етуге мүмкіндік беретін фак-
торларды айқындау болып табылады. 
Жақындап келе жатқан технологиялық жөн-жосық ерек-
ше сипатқа ие. оның негізгі құрамдасы, жоғарыда айтылып 
өткендей, экономиканың әрбір саласына бой лаған ғылымның 
салааралық бағыттары (нано-, био- және ақпараттық техно-
логиялар) болып табылады. Сон дықтан, елдердің әрқайсысы 
үшін өзінің технологиялық басымдықтарын ескере отырып, 
тек сырттай бақылаушы ғана болып қоймай, ең жаңа техно-
логиялық  жөн-жосық  өндіріс  құралдарының  көмегімен 
белсенді өнімді жасаушының рөліне ие болу маңызды. 
бүгінгі  күнде  Қазақстанның  ғылыми-индустриалдық 
қоғамдастығы осы бағытты бетке алып жіті қозғалып келеді. 
Өз билігінде айқын шикізаттық бағыттағы экономикасы бола 
тұра, бүгінгі таңда ел ғылым мен өнеркәсіптің бес саласын 
басымдықпен  дамытуды  қамтамасыз  етуге  бағытталған 
бағдарламалардың  бірқатарын  жүзеге  асыруда. олардың 
қатарына нанотехнологиялар және жаңа материалдар, био-
технологиялар, ақпараттық және ғарыштық технологиялар, 
көмірсутек  және  кен-металлургия  секторы  мен  олармен 
байланысты қызметтік салалардың технологиялары, ядролық 
және қайта жаңғыртылатын энергетика кіреді. 
Өнеркәсіптің  басқа  салаларының  маңыздылығын  ке-
мітпей,  біз  өз  назарымызды  Қазақстан  экономикасының 
мықты жағы болып табылатын және VI технологиялық жөн-
жосықтың  негізгі  факторларымен  сәйкес  келетін  ғылыми-
технологиялық дамыту бағыттарына шоғырландырдық.
Ғылымда  үміт  артқан  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін 
еліміз  Қазақстанның  жаңа  технологиялық  жөн-жосыққа 
кіруін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  факторлардың 
әрқайсысының  тиімділігін  арттыратын  реформалардың 
бірқатарын іске асыруда: 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
119
ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ инновациялық жо балар-
 •
ды қаржыландыру көлемдері бірнеше есе ұлғайтылуда
ғылыми-технологиялық жобаларға жеке қаржы құюды 
 •
ынталандыру жолдары әзірленуде;
жетекші ғылыми институттар негізінде ашық түрдегі 5 ірі 
 •
ұлттық  ғылыми  зертхана  мен  университеттер  негізінде  
5 ғылыми басым бағыт бойынша 15 инженерлік зертхана 
құрылуда; 
ғылыми зерттеу бағыттарының басымдықтарын ай қындау 
 •
кезінде дүниежүзіне еңбегі сіңген ғалымдар шақырылады; 
ғылымды басқару жүйесі өзгертілуде, ғылыми ұйымдар 
 •
акционерлік қоғамдардың мәртебесіне ие болды, яғни 
коммерциялық секторға барынша жа қындатылды
ғылым саласында басқарушы холдингтер құрылды, бұл 
 •
ең алдымен жеке компаниялармен бірлестіктегі ғылыми 
жобаларды ұйымдастырудың есебінен ғылыми ұйымдар 
ықпалының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді; 
өндіріс  тиімділігін  арттыруға  және  жаңа  сипаттарға  ие 
 •
жаңа  тауарлар  жасауға  бағытталған  ғылыми  әзірле-
німдерді  арнайы  қоса  қаржыландыру  үшін  акционер- 
лік қоғам нысанында Ғылым қоры ұйым дастырылды; 
ғалымдардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға 
 •
жағдайлар жасалып, тетіктері енгізілуде, олар ғылыми 
идеялардың плагиатын және арамдықпен алып пайдала-
ну жағдайларын жоққа шығаруға мүмкіндік береді; 
жалпы  алғанда  қолданбалы  ғылыми  міндеттер  жүйесі 
 •
өзгертілуде,  енді  ол  Қазақстанның  нақты  экономи-
ка  кәсіпорындарының  ағымдағы  және  келешектегі 
технологиялық мәселелерін шешуге бағытталған. 
Қазақстандағы  ғылыми  қызметтің  осындай  шарттары 
ғылыми білім ағынының бағытын өзгертудің алғышарттарын 
құрайды.  егер  бұрын  қазақстандық  ғалымдар  негізінен 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
120
шетелдік және халықаралық ғылыми жобаларға қатысатын 
болса,  енді  қазір  Қазақстанның  ғылыми  әзірленімдеріне 
өз үлесін қосатын шетелдік ғалымдардың саны жыл сайын 
ұлғайып келеді. 
бекітілген  ғылыми  басым  бағыттар  салалардың,  өн-
дірістер  мен  жобалардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
пысықтауды  қажет  етеді.  осыған  байланысты,  әлемде 
таралған  Foresight  әдістемесі  бойынша  біз  тек  ғылым  үшін 
ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп үшін де, экономиканың 
негізгі салалары үшін де, мемлекет, инвесторлар, білім беру 
үшін де даму мақсаттарын тұжырымдауға мүмкіндік беретін 
көлемді жұмыс жүргізудеміз.

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
121
3.4. ҒАЛАМДАнДЫРУ ТҰРҒЫСЫнДА ЖАҢА 
ТЕХнОЛОГИЯЛАР ЕнГІЗУДІҢ ДҮнИЕЖҮЗІЛІК 
ТӘЖІРИБЕСІ
 
И
ННОВАЦИЯЛЫҚ
 
СЕРПІЛІСТІ
 
ҒЫЛЫМИ
-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
 
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
 
Ұлттық ғылым жүйелерінің даму деңгейі әлем елдерінің 
әлеуметтік және экономикалық дамуына зор ықпал ететін, 
олардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі орнын ай-
қындайтын негізгі факторлардың біріне айналды. ол және 
онымен  байланысты  техникалық  инновациялар  халықтың  
бүгінгі әл-ауқаты мен жоғары өмір деңгейінің негізі болып 
отырғанын зерттеушілердің есептеулері көр сетіп отыр. Сон-
дықтан  әлем  елдерінің  ұлттық  ғылыми-техникалық  жүйе- 
лерін,  олардың  даму  деңгейін  зерделеу  ғылыми  зерттеу- 
лердің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. 
Ғылым мен техниканың даму деңгейі жекелеген елдер-
дің де, бүкіл әлем қоғамдастығының да экономикалық және 
әлеуметтік-саяси дамуында үлкен рөл атқарады деп саналады. 
Адам өмірінің деңгейі мен сапасы мемлекеттегі экономи-
каның  даму  деңгейімен  және  оның  әлеуметтік  құрылысы- 
мен дәстүрлі түрде байланысты. 
Статистикалық деректерге сүйенсек, мемлекеттің әлеу-
меттік-экономикалық  даму  деңгейі  және  тиісінше  адам-
ды  тірлік  ортасының  қатерлерінен  туындайтын  қолайсыз 
құбылыстардан  қорғауды  қамтамасыз  ететін  әлеуметтік-
экономикалық қауіпсіздік жүйесі анағұрлым жоғары болған 
сайын,  ол  мемлекеттегі  адам  өмірінің  орташа  ұзақтығы  да 
соғұрлым жоғары болады. 
Ғылыми  еңбекті  көп  қажет  ететін  технологияларды 
пайдалануға  байланысты  өнеркәсіптің  жоғары  техно-
логиялы  салаларын  дамыту  бүгінгі  күннің  шарттарында 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
122
дүниежүзілік  технологиялар  нарығындағы  жалпы  жағ- 
даятты және елдердің ондағы орнын айқындайды.
Ғылыми  еңбекті  көп  қажет  ететін  салалар  өнімдерінің 
дүниежүзілік нарығының жалпы көлемі шамамен 2,5-3 трлн  
АҚШ долларын құрайды әрі шикізаттық және энергетикалық 
нарықтардан асып түседі. Әлем экономикасының бүгінгі да-
муында ғылыми еңбекті көп қажет ететін өнімдер өндіретін 
өңдеуші салалардың оза өсуге тұрақты беталысы қалыптасты. 
АҚШ және Жапония секілді елдерде ұлттық табыс өсімінің 
65-80%-ына  ғылыми-техникалық  саланың  есебінен  қол 
жеткізіледі.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде жасалатын 
технологиялардың жиынтық құны бүгінгі таңда бүкіл жалпы 
қоғамдық өнімнің шамамен 60%-ын құрайды, ал олардың 
саудасының  өсу  қарқыны  басқа  тауарлар  саудасының  өсу 
қарқындарынан озады. мәселен, 90-шы жылдарда әлемдегі 
технологиялар  саудасының  жиынтық  көлемі  20-50  млрд  
АҚШ доллары аралығында бағаланса, ал 2000 жылы — 500 
млрд  АҚШ  доллары  деңгейінде  бағалануда.  технология-
лар  саудасына  жоғары  пайдалылық  тән,  шығындар  өткізу 
көлемінің тек 10-25% ғана құрайды. 
Сонымен қатар технологияны сатып алу арқылы фирма 
салыстырмалы қысқа мерзімде өндірілетін өнім сапасының 
әлемдік  деңгейіне  және  жоғары  бәсекелестікке  жарам-
дылығына қол жеткізеді, жаңа өткізу нарықтарына шығады 
және  экспорттың  көлемін  ұлғайтады.  мәселен,  берілген 
бағалар  бойынша,  шетелдік  технологияның  импортына 
жұмсалатын  әрбір  АҚШ  доллары,  әсері  бойынша  АҚШ-та  
шамамен  ҒЗткЖ  инвестицияланатын  6,2  долларға,  Ұлы-
британияда — 3,1, Францияда — 5,4, Жапонияда — 16 дол-
ларға барабар.
Сонымен қатар, сатып алушының сатып алынатын ғылы-
ми  және  технологиялық  жетістіктердің  деңгейіне  сүйеніп, 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
123
өз зерттеулерін жүргізуге және өзінің ҒтП жекелеген бағыт-
тарындағы  артта  қалушылығын  жоюға  мүмкіндігі  пайда 
болады. 
Әдетте, ҒЗткЖ жүйелі инвестициялардың нәтижесі бо-
лып табылатын жаңа технологиялар мен тауарлар әзірлеу іс 
жүзінде табыстары жоғары ЭыДҰ елдерінде және Азия мен 
латын Америкасының саны шектеулі елдерінде жүргізілуде. 
Дүниежүзіндегі  халықтың  14%  өмір  сүретін  ЭыДҰ 
елдерінде  бүкіл  әлем  бойынша  берілген  патенттік  өтініш-
тердің 86%-ы тіркелген. ол елдер ҒЗткЖ қаржыландыруға 
абсолюттік  және  салыстырмалы  тұрғыдан  көбірек  қаражат 
жұмсайды: Қазақстандағы 0,26%-бен салыстырғанда орта 
есеппен  өз  ЖіӨ  көлемінің  2,4%.  мәселен,  АҚШ-та  бұл 
көрсеткіш  2,84%,  Швецияда  —  3,8%,  кореяда  –  2,8%, 
Финляндияда – 3,5%, Жапонияда – 3,04%, Германияда – 
2,44%-ды құрайды. 
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және конструкторлық 
қызметтегі айтарлықтай күш жеке секторға түсірілуі керектігін 
атап айту қажет. 
мысал  үшін:  Қазақстанда  кеңес  дәуірінде  ғылыми-
техникалық қызметті жоспарлы басқару жүйесі жағдайында, 
«мемлекет — мемлекеттік ғылым — мемлекеттік өнеркәсіп» 
жүйесі өте тиімді жұмыс істеді. 
елдегі қазіргі жағдай қандай? 
елдің  өнеркәсібін  жеке  меншікке  аударғаннан  кейін 
(90%)  ғылымның  өндіріспен  байланысы  жоғалып,  өнер-
кәсіп ғылыми әзірленімдерге мүдделі болудан қалған жағдай 
қалыптасты. 
осындай жағдайларда мемлекет ғылыми- технология - 
лық  дамудың  қажеттілігін  түсіне  отырып,  ғылыми  әзірле-
німдерге  қаржы  қаражаттарын  жұмсайды,  бірақ  ғылыми 
жұмыстардан алынатын нәтижелері негізінен сөреге жөнел-
тіледі және өздері нашар болғандықтан емес, өнеркәсіптің 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
124
жеке  секторы  оларға  мүдделі  болмағандықтан  өндірістің 
сұранысына ие болмай отыр. 
Өнеркәсіп, өз алдына, оған ғылыми инновациялар қажет 
болмағандықтан емес, зерттеулердің нәтижелері енгізу саты-
сына жеткізілмегендіктен оларға қызығушылық танытпайды. 
Жеке экономика өз бетімен жұмыс істейтін және енгізуге 
әзір  технологияларды  шетелдерден  сатып  алып,  сөйтіп 
шетелдік  технологияларға  тәуелді  болатын  жағдай  орын 
алып отыр. 
Сондай-ақ, инновацияларды қаржыландыруда мем ле- 
кеттің есебінен қаржыландыру — 90%, ал жеке инвестиция-
лардың есебінен — 10% құрайтын көрінеу ауытқу байқалады. 
Ғылым мен өндірістің арасында орын алған алшақтықты 
жою мақсатында, Қазақстандағы ғалымдар, ғылыми ұйым-
дар  мен  Қазақстандағы  өнеркәсіптік  кәсіпорындардың 
мем  лекеттік-жеке серіктестігінің негізінде, елдің ғылыми-тех-
нологиялық әлеуетін іске асыру тетігін әзірледі. осы тетікке 
сәйкес,  мемлекет  өнеркәсіптің  жеке  секторымен  бірлесе 
отырып,  елді  ғылыми-технологиялық  дамытудың  басым 
ба ғыттарын  айқындайды  және  өкілетті  органдар  арқылы 
рес публикалық  ғылыми-техникалық  бағдарламалардың 
көмегімен  мемлекеттік  тапсырмаларды  қалыптастырады. 
бағдарламалардың орындалу нәтижелері бойынша ендіру 
үшін анағұрлым болашағы бар жобалар іріктеліп алынады, 
кейіннен оларды Ғылым қоры жеке сектормен бірлесіп қоса 
қаржыландырады.  Яғни  жеке  сектор  мемлекетпен  серік-
тестік негізінде ғылымға тапсырыстарды қалыптастыруға қа-
тысады, оны қоса қаржыландырады және оның нәтижелерін  
тұтынады. 
Әлемдегі тәжірибені зерттеу арқылы іске асыру тетіктері 
мен  мақсаттық  белгіленімдеріне  қарай  тиісті  елдердің 
білім  жасайтын,  ендіретін  және  тарататын  инновациялық 
тәсілдемесін айыруға болады деген тұжырымға келуге бола-
ды. ол елдерді инноватор-елдер деп атайды. 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
125
Ал  одан  басқа  имитациялық  деген  атауға  ие  немесе 
«қуып  жету  дамуы»  бар,  оны  алдымен  Жапония,  ал  одан 
кейін «имитатор-елдер» деп аталып кеткен «азиялық айда-
һарлардың»  тұтас  бірқатары  барынша  жарқын  көрсетті. 
«Имитациялық» саясат олардың негізінде енгізу, пысықтау 
және  өндіру  үшін  қажетті  озық  технологияларды  іріктеу 
жүргізілетін экономикалық міндеттерді барынша нақты қоюға 
негізделеді. 
Және  де  оны  тиімді  жүзеге  асырудың  бастапқы  ал-
ғышарттарының бірі арзан, саны көп әрі жалпы алғанда білікті 
жұмыс күшінің жеткіліктігі болып табылады. 
бұл тәсілдеменің өз шектері бар, оны Жапонияның өткен 
ғасырдың  90-шы  жылдарына  қарай,  экономикалық  өсу 
қарқыны күрт төмендеген уақытта, назарын жаңа білімдер 
құруды  көтермелеуге  аударып,  таза  инновациялық  даму 
жолына көшуді жүзеге асыра бастағаны дәлелдейді. 
Сонымен қатар, іріктеу кезінде технологиялық тұрғыдан 
озық мемлекеттердің әдетте болашақ технологиялық дамуды 
айқындайтын стратегиялық мақсаттағы «жарып өту» техноло-
гияларын сатпайтынын ескеру керек. Сондықтан шын мәнінде 
инновациялық траекторияға шығу үшін кез келген мемлекет-
ке қалай болса да, көлемдері бойынша айтарлықтай болуы 
міндетті емес біршама тиімді білімдер өндірісінің секторын 
құру қажет болады. 
Ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын іріктеу ке зіндегі 
негізгі өлшемдердің бірі экологиялық қауіпсіздік болып та-
былады. басым бағытты осы тұрғыдан қарастырған кезде, 
төмендегі факторларды ескеру қажет: 
қоршаған ортаның жағдайына, адамның денсаулығына 
 •
әсер ету дәрежесі, сондай әсердің ұзақ мерзімдік салда-
рын бағалау; 
шаруашылық  қызметтің  тұйықталған  циклін,  табиғи 
 •
қорларды  үнемдеуді  және  қоршаған  ортаны  сақтап 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
126
қалуды  қамтамасыз  ететін  бүгінгі  заманның  қор  үнем-
деуші технологияларын пайдаланудың тиімділігі. 
Жаңа технологияларды аталған өлшемнің негізінде дамы-
ту қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақ сартады, ал 
бұл біздің халықтың денсаулығына оң ықпал етеді; сонымен 
қатар  биотехнологиялардың  арқасында  әртүрлі  ауруларға 
қарсы жаңа дәрі-дәрмектік препараттарды ашуға болады. 
бүгінгі  экономикалық  өмірді  ғаламдандыру  шартта-
рында,  дамыған  елдер  өздерінің  дамуын  бұрыннан  бар 
технологияларды, техниканы жетілдіру және негізінен жаңа 
ғылыми жетістіктерді пайдалану арқылы қамтамасыз етіп, өз 
азаматтары үшін абыройлы өмір сүру шарттарын жасайды. 
Экономикалық даму, жағдаятты тұрақтандыру және халық 
табыстарының  өсу  барысына  қарай,  елдегі  технологиялық 
үдерістің игіліктеріне қол жеткізуі де ұйымдастырылады. 
бұл мәселенің сәтті шешімі кейіннен ғылыми әзірле нім-
дерден,  жаңа  технологиялардан  қайтарымды  көте ру  жағ-
дайына әкеледі. Атап айтқанда, олардан тек эконо микалық 
пайда  алуға  мүмкіндік  беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
елде  қатардағы  тұтынушының  қажеттіліктеріне  сай  келетін 
бүгінгі заманғы, тиімділігі жоғары, бәсекелестікке жарамды 
технологиялардың пайда болуына жәрдемдесетін болады. 
олардың  дамуы  бәрінен  бұрын  халықтың  қажеттілік-
теріне  сай  болуға,  экологиялық  проблемаларды  шешуге 
жәрдемдесуге  және  медицинаны,  фармацевтиканы,  ма-
шина жасау мен аспап жасауды (соның ішінде экологиялық 
және ғылыми), тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын, 
ақпараттануды, құрылысты және тағы басқаларды дамытуға 
ықпал ететін болуы тиіс. 
Жаңа  технологияларды  дамытудың  нәтижесі  тұрақты 
экономикалық  дамуды  қамтамасыз  ету,  VI  технологиялық 
жөн-жосықтың  жаңашылдықтары  мен  өнертабыстарының 
негізінде технологиялық серпіліс пен жоғары технологиялар 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет