Әдебиеттер:
1. Жұматаева Е.Ө., Қадысова Р.Ж. Қазақстан республикасындағы білім
жүйесін басқаруда білімдену инновациялық технологияларын жүзеге асыру.
Павлодар, 2008. – 306 б.
2. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. – М.
1982. – 192 с.
3. Лернер И.Я. Учебное умения и их функции в прогрессе обучения. – М.:
Просвещение, 1984.
4. Шамова Т.И. Актвизация умения школьников. – М: Просвещение, 1979.
5. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.:
Педагогика, 1989. – 192 с.
6. Махмутов М.И. Теория и практика проблемного обучения. – М.:
Педагогика, 1975. – 368 с.
7. Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся. – М., 1972.
– 184 с.
Хабаршы
№1- 2015ж.
114
8. Подготовка учителя математики:Инновационные подходы. / Под. ред.
проф. В.Д. Шадрикова. – М., 2002. – 383 с.
9. Груденов Я.И. Психолого-дидактические основы методики обучения
математике. – М.: Педагогика, 1987. – 160 с.
10. Абылкасымова А.Е. Формирование познавательной самостоятельности
студентов-математиков в системе методической подготовки в университете: дис.
… д-ра пед. наук. – Алматы, 1995. – 303 с.
11. Лернер И.Я., Скаткин М.Н. Задачи и содержание общего и
политехнического образования // В кн.: Дидактика ср. школы / под ред. М.Н.
Скаткина. – М.: Просвещение, 1992. – С. 90-127.
12 Бабанский Ю.К., Сластенин В.А., Сорокин Н.А. и др. Педагогика / под
ред. Ю.К. Бабанского. – 2-е изд. перераб. и доп. – М.: Просвещение, 1998. – 478 с.
13 Мордкович А.Г. Профессионально-педагогической направленности
специальной подготовки учителя математики в педагогическом институте: дис.
… д-ра пед. наук. – М., 1986. – 304 с.
14 Леднев В.С. Содержание образования: сущность, структура,
перспективы. – М.: Высш. шк., 1991. – 224 с.
Шавалиева З., Хырхынбай Ж.
Некоторые вопросы совершенствования содержания обучения по современным
требованиям в высших учебных заведениях
Усовершенствование содержания учебного процесса, составление и применение
соответствующих новых методик, отвечающих международным требованиям и стандартам
направлены на подготовку специалистов с высшим образованием, профессионалов своего
дела. В этой статье рассматриваются темы эффективного применения и улучшения
составляющего содержания основного компонента базового обучения.
Ключевые слова: Уровень знания, учебный процесс, методика обучения,
профессиональное образование, приемы обучения, квалификация, содержание обучения,
учебные положения.
Shavalieva Z., Khyrkhynbai Zh.
Certain Issues of Improving Education Content modern requirements in higher
education institutions
Improvement of the content of the educational process, preparation and application of new
techniques that meet international requirements and standards aimed at training specialists with higher
education, professionals in their field. This article explores the theme of effective application and
improvement in the content of the main component of basic training.
Keywords: The level of knowledge, the learning process, methods of teaching, vocational
education, training techniques, skills, training content, training provision.
Хабаршы
№1- 2015ж.
115
ӘОЖ: 378.2
Муханбетчина А.Г. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Нұрсұлтан С.А. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail:
ms.sauyk@mail.ru
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Аннотация. Бұл мақалада болашақ мамандардың кәсіби – шығармашылық
құзыреттілігін дамыту мәселелері қарастырылады. Құзыреттілік, шығармашылық, кәсіби-
шығармашылық ұғымдары зерделеніп ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалған.
Кілт сөздер: тұлға, маман, білім, білік, дағды, құзыреттілік , шығармашылық,
рефлексия, кәсіби-шығармашылық.
Жоғары педагогикалық оқу орнында маман даярлаудың басты мақсаты –
болашақ мұғалімнің бойына тек қана күрделі практикалық педагогикалық
міндеттерді шеше алатын кәсіби біліктілікті қалыптастыру емес, сондай-ақ
қазіргі кезде әлемдік бәсекеге қабілетті жан-жақты даярланған, шығармашыл
тұлға қалыптастыру болып табылады.
ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу
ғасыры да, өйткені ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы
орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде айрықша
маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіптік шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп,
мамандыққа қатысты оқыту мәселесіне ерекше мән беру қажеттілігі атап
көрсетілген болатын [1].
Кәсіби іс-әрекетке деген болашақ мұғалімдердің дайындық мәселесі А.А.
Бейсенбаева, Ф.Н. Гоноболин, Э.А. Гришин, К.К. Жампейсова, В.И.
Загвязинский, Н.В. Кузьмина, К.К. Левитан, А.К. Маркова, В.Д. Семенов, В.А.
Сластенин, Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан және т.б. ғалымдар еңбегінде қарастырылған.
Жаһандану заманындағы білім беруді модернизациялау, инновацияларды
іздестіру педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауға деген талаптарды күйшейту
қажеттілігін туындатып отыр. Осы талаптар болашақ мұғалімдердің кәсіби-
шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін туындатады.
Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен бастап
есейген кезіне дейін жүреді. Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның
дамуы – ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі,
ұзақ мерзімді, қарама – қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш
факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған
ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері
қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі,
кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде
тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс - әрекеттерге көзқарасы
қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін -
Хабаршы
№1- 2015ж.
116
өзі дамытып отырады. Педагогиканың негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны
біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға – сана иесі. Шығармашыл адам –
жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
В.И. Андреевтың пікірінше, «Шығармашыл тұлға - ол бір немесе бірнеше
шығармашылық қызметінде үздіксіз өзін-өзі дамытып және өзін-өзі жүзеге асыра
алуға қабілеттілігі».
“Шығармашылық” сөзінің төркіні “шығару”, “ойлап табу” дегенге саяды.
Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну
керек. Философиялық сөздікте “шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи
қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет” деп
түсіндіріледі.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан
келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша
белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы шығармашылыққа
бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Кез келген баланың қандай да бір нәрсеге
бейімі болады. Бейімдік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Шығармашылық қабілет бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей
бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері
шығармашылықтың нәтижесі. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың
жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте
ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық
дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын “шығармашылық теориясын”
жасауға деген көптеген ізденістерден байқауға болады. Сондықтан
шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан
туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сана қалыптастыру және
дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Ұлы ойшылдар Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абай Құнанбаев
еңбектерінде адамның жеке басын, оның дарындылығын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту мәселелері кеңінен қарастырылған.
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы.Алтынсарин қабілеттерді
дамытудың жолдарын қарастырса, Мағжан Жұмабаев оқушы шығармашылығына
бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген болатын.
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн,
А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий, Б.М.
Тепловтың, Қазақстандық ғалымдар Т. Тәжібаев, М.М. Мұханов, Ж.М. Әбділдин,
Қ.Б. Жарықбаев, Т.С. Сабыров және т.б. еңбектерінде де жеке тұлғаны дамыту
мәселесі маңызды орын алады. Жоғарыдағы шығармашылық қабілет жайындағы
жазылған ойлар мен тұжырымдамаларды және еңбектерді талдай келе, «адам
бойындағы табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік
жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан табиғи
психологиялық жағынан ерекшеленеді», деген қорытындыға келеміз. Осыған
орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттамасы келесідей тізбекте
көрінеді:
·
кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы;
·
жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік;
·
инновацияға бейімділік;
·
жалпы және кейбір арнайы зияткерліктің жоғарғы деңгейде болуы;
·
ассоциациялық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік,
·
елестете алушылық;
Хабаршы
№1- 2015ж.
117
·
мінез – құлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлік;
·
өзіндік дербестік;
·
өзінің
ахуалын
басқара
алушылық,
әсіресе
шығармашылық
белсенділігін ынталандыра білушілік.
Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына енетін
педагогикалық импровизацияны (суырып салу) А.К. Маркова «күтпеген
педагогикалық шешімдерді тауып, оны жүзеге асыра білу», - деп түсіндіріп, оның
төрт кезеңнен тұратынын атап көрсетеді: 1) педагогикалық ойдың жарқ етуі; 2)
педагогикалық мақсаттың мәнін бір сәтте ұғынып, оны жүзеге асырудың
жодарын жылдам таңдай алу; 3) педагогикалық идеяны жұртшылық алдында
нақтылы түрде көрсете алу; 4) ой қорытып көрсеткен педагогикалық идеяны тез
арада талдай білу.
Э.Ф. Зеердің пайымдауынша кәсіби құзыреттілік кәсіби қызметін тиімді
орындауды қамтамасыз ететін жалпыланған әрекеттер әдісі ретінде қарастырады,
яғни типті немесе ерекше кәсіби тапсырманы шешудегі белгілі бір іс-әрекеті. Ол
құзыреттіліктің құрамын талдай келе, тәжірибені құзыреттіліктің маңызды бөлігі
ретінде қарастыра отырып, білім, білік және дағдыдан басқа мотивациялық
ортаны қосады [2].
Бұл көзқарасты Г.К. Селевко қолдайды. «Құзыреттілік» түсінігі білім,
білік, дағды түсінгінен едәуір кең мағына береді, өйткені құзыреттілік түсінігі
тұлғаның бағдарлануы, стереотипті жеңу қабілеті, мәселені сезінуі, алғырлық,
зеректік, ойлау икемділігі, мақсатқа жетуге деген талпынысы мен мақсаттылық
және т.б. сапаларды қамтиды. Мәселен В.И. Андреев әрбір құзыреттілік
«білік» сөзінен басталады деген пікірде болған. Себебі құзыреттіліктің негізі
біліктілік болып табылады. Бірақ біліктіліктен басқа білім мен қабілет,
тұлғалық сапалар мен шығармашылық қызметтегі тәжірибе де маңызды деген
пікірде болған. Осылайша, «құзыреттілік» - бұл белгілі бір оқу кешенін,
кәсіби және т.б. тапсырмаларды шешуде қалыптасатын, жүзеге асатын,
көрінетін интегралдық көрсеткіш, яғни тұлғаның дайындық деңгейі. Басқаша
сөзбен айтқанда, кәсіби құзыреттіліктің астарында тұлғаның кәсіби
қызметіндегі
тапсырмаларды
нәтижелі
шешуге
қажетті
бірнеше
компоненттердің жиынтығы жатыр [3, 138-139 бб.].
Э.Ф. Зеер маманның білім деңгейі мен тәжірибесінен басқа, жиналған
білім мен біліктілік кәсіби функцияларды жүзеге асыру барысында қажетті
уақытта пайдалана білу мүмкіндігі деп пайымдаған [4].
А.В. Морозова мен И.В.Чернилевский «жаңа типтегі мұғалім – ол мұғалім
– зерттеуші, мұғалім – жаңашыл, шығармашыл және ол педагоикалық процес
барысында оқушылардың шығармашылық жағынан дамыта алатын, кәсіби
құзыретті тұлға» [5, 59 б.].
Оқу орнында, білім алу барысында педагогикалық функциялар маманның
тұлғалық дамуы, техникалық дайындық пен тұлғалық дайындыққа ғана
негізделмей, болашақ мұғалімнің шығармашылық дамуын да қамтуы қажет.
Сондықтан болашақ педагог тұлғасынның кәсіби құзыреттілігін
субъективті сипаттама ретінде оның тұлғалық-шығармашылық аспектісін
қарастырмай толығымен ашу мүмкін емес.
Бұл үшін әдіснамалық негіз ретінде келесідей аксиоматикалық
алғышарттар қызмет етеді:
-
Кәсіби-шығармашылық құзыреттілік мұғалім тұлғасының сапалық
мінездемесін сипаттай отырып, педагоикалық еңбегінің нәтижелілігі мен
жетістігін қамтамасыз етеді;
Хабаршы
№1- 2015ж.
118
-
Кәсіби-шығармашылық
құзыреттіліктің
талдау
бірлігі
ретінде
шығармашылық педагогикалық қызмет болып табылады.
Осылайша, кәсіби-шығармашылық құзыреттілікті меңгерген маман – ол
кәсіби-шығармашылық педагогикалық қызметін тиімді жүзеге асыруға қажетті
компоненттерді меңгерген субъект.
А.К.Маркова өз зерттеулерінде педагогикалық құзыретті маманның
субъективті құрамының құрылымын келесідей сипаттамалар бойынша жіктеп
көрсеткен. (кесте-1).
Кесте -1. Педагогикалық құзыретті маманның субъективті құрамының құрылымы
(А.К. Маркова бойынша)
Объективті-субъективті сипаттамасы
Субъективті сипаттамасы
-кәсіби білім, білік, дағды;
-кәсіби-педагогикалық
білім
және
дағды.
-кәсіби-педагогикалық, психологиялық
позиция;
-тұлғалық ерекшеліктер.
Маман тұлғасының қызметін жүзеге асыратын және оның нәтижелігін
көрсететін субъективті құрамының құрылымы келесідей:
1.
Тұлғалық бағдарлану;
2.
Қабілеттер мен тұлғалық сапалар;
3.
Кәсіби-педагогикалық білім және дағды.
Сонымен, болашақ мұғалімнің кәсіби-шығармашылық құзыреттілігі
дегеніміз педагогикалық процесті
көрсететін, кәсіби-шығармашылық қызметті
жүзеге асыруға деген дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік, мотив пен
кәсіби маңызды сапаларының жиытығының жүйесін қамтитын тұлғаның
интерактивті құрамы болып табылады.
Жалпылама түрде «дайындық» сөзі «бәрі жасалған, барлығы дайын» деген
мағынаны білдіреді [5, 45 б.].
М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, В.А. Сластенин маманның кәсіби
дайындығын кәсіби қызметті орындауда тұрақты мотив пен психологиялық
ерекшеліктермен келісілген тұлғаның субъективті жағдайы деп анықтаған.
Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді
талдау
негізінде
кәсіби
шығармашылық құзыреттіліктің құрамының маңызын анықтау мақсатында
болашақ маманның кәсіби шығармашылық құзыреттілігінің құрылымдық
компоненті, оның ішінде негізгі компонент жеке интегративті параметрлерінің
жиынтығы деп көрсетеді. Осыған дәлел, «жоғарғы педагогикалық дайындық
деңгейімен» (Н.В. Кухарев), «жоғары өзіндік ұйымдастыру деңгейі негізінде»
(Н.Н. Тарасевич), «педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы тұлғаның
теориялық және практикалық дайындығы» (В.А. Сластенин), инновациялық
педагогика негізіндегі білім, білік жиынтығы мен кәсіби маңызды сапаларының
кешені (Н.И. Зиновкина), кәсіби-комуникативті бағдарлану (Т.К. Градусова),
шығармашылық дайындық (А.В. Тутолмин) болып табылады.
Сол себепті, болашақ маманның кәсіби-шығармашылық құзыреттілігі
мәселені шығармашылық тұрғыда шешу үшін қажетті кәсіби қабілеттерді
меңгеруі және кәсіби-шығармшылық білім, білік пен кәсіби шығармашылық
тапсырмаларды шешудегі жалпылама әдістерді үйлесімді пайдалану қажет.
Шығармашылықтың
көрініс
табуы
интелектуалды-шығармашылық
бастама, өздігінен шешім қабылдау, рефлексияға бейім, жаңа білімді игеруге
Хабаршы
№1- 2015ж.
119
деген құштарлық, белсенділік, кәсіби өзін-өзі көрсетуі және өзін-өзі тұлға ретінде
жүзеге асыруымен сипатталады.
Кәсіби-шығармашылық құзыреттілік жүйесі үш негізгі компонентті
құрайды:
-
мотивациялық – кәсіби шығармашылық бағдарлану;
-
іс-әрекеттік – мұғалімнің кәсіби қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін
қамтамасыз ететін кәсіби шығармашылық технологияларды құрайды;
-
когнитивті – шығармашылық педагогикасы мен психологиясы аясындағы
білімдер жиынтығы.
Міне, осы аталған компоненттер кәсіби-шығармашылық құзыреттіліктің
мазмұнын айқындайды.
Мотивациялық компонент кәсіби қызметтегі үздіксіз кәсіби педагогикалық
өзін-өзі дамытудағы мотивтер, мақсаттар мен қажеттіліктер және тұлғаның
шығармашылық қырынан көрінуіне себепкер болады. Олбілім алушылардың
шығармашылық қызметін тиімді ұйымдастыру әдістерін меңгеру, тұлғаның
шығармашылық дамуы мен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру
әдістерімен сипатталады. Когнитивті компонент кәсіби шығармашылық
педагогикалық қызметтегі теориялық білімдер жиынтығын айтамыз. Когнитивті
компоненттің даму деңгейі кәсіби шығармашылық білім аясындағы жүйелілік,
тереңдігі және толықтығымен сипатталады.
Іс-әрекеттік компонент шығармашылық педагогикалық процесті жүзеге
асыруда біліктіліктің қалыптасуы мен кәсіби маңызды шығармашылық
сапаларды қамтиды. Ол кәсіби шығармашылық қызметте жетістікке жетуге
мүмкіндік береді.
Мотивациялық компонентті екі бағытта қарастырылады. Біріншіден,
мотивацияның жалпы құрылымындағы кәсіби шығармашылық мотивация,
екіншіден, кәсіби қызметтің шығармашылық бағдарлануының мазмұнды бөлігін
айқындайтын педагогикалық жағынан өздігінен өзгерістерді қажет етуі, өзін-өзі
дамытуға деген қажеттілік.
Психологтардың пікірінше, тұлғаның бағыттылығы «белгілі бір
мотивацияның өріс алуы нәтижесіндегі тұлғаның ойы, сезімі, тілектерінің
бағдарлылығы мен тұрақты мақсаттылық» [6, 323 б.]. Осыдан, тұлғаның кәсіби
бағдарлануы – бұл кәсіптегі өзін-өзі жүзеге асыру, нақты кәсіби мотивацияның
негізінде тұрақты мақсаттылық. Осыған байланысты, мотивация ғана кәсіби өсу
мен шығармашылық мақсатқа жетуге деген тұлғаның бағдарлылығын
айқындайды,- деп пайымдауға болады.
Кәсіби шығармашылық бағдарлану кәсіпке деген тұрақты қызығушылығы
мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан және өзінің шығармашылық әлеуетін
көрсетуге деген талпынысы. Осы жағдайды басшылыққа ала отырып,
мотивациялық
компонентті
болашақ
маманның
кәсіби
шығармалық
құзыреттілігінің
тұлғаны
бағдарлаудағы
орталық
компонент
ретінде
қарастырамыз.
Шығармашылық даму студенттердің белсенді іс-әрекетінсіз даму мүмкін
емес. Мұнда тұлғаның өзіндік даму процесіндегі жетістікке жету мотиві басты
роль атқарады [7].
В.И. Андреев, Е.А. Гнатышина, А.В. Тутолмин және т.б. еңбектеріне
талдау жасауй келе, мотивациялық компонент келесідей мотивтердің
жиынтығын көрсетеді: кәсіби шығармашылық мотиві, жетістікке жету мотиві,
өздігінен шығармашылық даму мотиві. Когнитивті компонент педагогикалық
шығармашылық
қызмет
және
педагогикалық
шығармашылық
пен
Хабаршы
№1- 2015ж.
120
шығармашылық даму туралы психологиялық, педагогикалық білімдердің
жиынтығын көрсетеді. А.Н. Лук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің
құрамына басқалай көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық
қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады:
1.
ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік);
2.
темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй);
3.
ақыл-ой қабілеттері.
А.Н.Луктың студенттердің мамандардың шығармашылық қабілеттерінің
компоненттері құрамына қатысты айтқан құнды пікірлерін төмендегі себептерге
сәйкес түсіндіруге болады:
1.
студент кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе
белгілі бір қабілет түрін дамыту үшін алдымен осы іс-әрекетке деген оның
қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесі де төмен болатыны сөзсіз;
2.
көңіл-күй бұл кез-келген істі орындауға негізгі, қажетті көрсеткіш
деуге болады;
3.
студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы
бағыттағы іс-әрекетке деген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ олардың
жұмысының нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі.
4.
кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске
асыра аламыз. Студенттердің шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де
алдымен оны ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны тәжірибе
жүзінде іске асыруларын талап етеді.
Болашақ маманның кәсіби шығармашылық құзыреттілігі мотивациялық,
теориялық, практикалық дайындықтан тұрады. Мотивациялық дайындық
шығармашылы мотив пен шығармашылық дамуға негізделеді; теориялық
дайындық – шығармашылық педагоикасы мен психологиясы аясындағы білімге
негізделеді; практикалық дайындық – педагогикалық біліктілік, қызметтің
жалпыланған әдістеріне, болашақ педагогтің жеке шығармашылық сапаларына
негізделеді.
Педагогикалық процесте кәсіби шығармашылық құзыреттілік көптеген
функцияларды атқарады. Негізгі педагогикалық функциялардан басқа кәсіби
шығармашылық құзыреттіліктің құрамына түзету, координация, бақылау-бағалау
функциялары кіреді.
Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған, әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,
өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді
шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.
Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық
қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің
дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі,
біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден,
пәнді жетік білуі, ойын білім алушыларға жеткізу үшін жан- жақты, терең
дайындықпен баруы, тәрбиеленушілер бойына әдеп, әдет, дағды сияқты жақсы
қасиеттерді сіңіруі. Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті
түрде жетік меңгеру болып саналады.
Ғылыми
әдебиеттерде
шығармашылықтың
төмендегідей
түрлері
анықталған: 1) материалдық – техникалық; 2) рухани – теориялық; 3) әлеуметтік
– ұйымдастырушылық; 4) педагогикалық; 5) көркем –шығармашылық; т.б.
Хабаршы
№1- 2015ж.
121
М.М. Поташник мұғалімнің шығармашылығы келесідей жағдайларда
көрінеді деп есептейді:
1.
мәселені шешудегі тапқырлықта;
2.
жаңа формалар, әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, оларды тиімді
қолдана алуда;
3.
белгілі тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;
4.
жаңа міндеттерге сәйкес белгіліні жетілдіре, өзгерте алуда;
5.
жоғары интиуциямен нақты есеп негізіндегі сәтті импровизацияда;
6.
бір мәселені шеше алудың бірнеше жолдарын көре алуда;
7.
нақты педагогикалық іске әдістемелік нұсқаулар мен теориялық
ережелерді түрлендіру,
жасай алуда.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің
негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс»
не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не
тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру. Орындалып өткен
әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек қана сонда ғана алдағы педагогикалық қызметте
дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау
мүмкін болады.
«Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану
барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі
немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді
мойындауы не жоққа шығаруы. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған
философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы»,
«өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды.
Психологиялық тұрғыдан мұғалімнің шығармашылығын дамытудың
қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы= даму» түрінде
ұсынады. Г.С. Сухобская мен Ю.В. Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика
оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн
бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылды: біріншіден –
мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс – қимылдарын түсіну бағытындағы
әрекеттесуінде; екіншіден
– оқушылардың
жас
ерекшеліктері,
даму
мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісінің мақсаттарын анықтау мен
жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін, сол әрекеттің субьектісі ретіндегі өзін
талдауда.
Тек
сонда
ғана
мұғалімнің
педагогикалық
әрекетінде
шығармашылыққа жол ашылады [8].
Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімнің негізін, оларды
меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық
үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды.
Қазіргі қоғамға қажетті мамандардың бойында тез бейімделетін, епті,
тапқыр, шапшаң, ерекше ойлы, қабілетті, қиындықтан шыға алушылық,
адамдармен тіл табысқыш қасиеттердің барлығы да шығармашылық жолдан
бастау алады. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуы үшін оның
әдіснамалық рефлексия жасай алуының мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті талдай
алудан басталады. Өзінің нақты жағдайы мен болашағының бағытын саралай,
аралық мақсаттарды анықтай алумен сипатталады. Сонымен еліміздің жаһандық
дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы
іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |