Бас редактор


«Ұлттық  тәрбие»  журналына  айтар



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата28.12.2016
өлшемі3,07 Mb.
#656
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

«Ұлттық  тәрбие»  журналына  айтар 
тілегіңіз?
Мың  шақырым  жол  бір  қадамнан  бастала-
ды дейді. Сол секілді, осы басылымның қадамы 
сәтті  болып,  халықтың  игілігіне  жұмсалсын. 
Қазақстан халқына қарлығаштың қанатымен су 
сепкендей  игілікке  жұмыс  істейтін,  оқырманы 
көп үлгілі басылымға айналсын!... 
Уақытыңызды  бөліп,  ой  бөліскеніңізге 
көп рахмет! 
Сұхбаттасқан Жанат Мұратқызы
Ә.Оразымбетқызы – 
ардақты әже
ҚЫЗ БАЛАНЫң ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ
І. Ертеректегі тәрбие жайлы.
«Қыз  өссе  елдің  көркі,  гүл  өссе  жердің 
көркі» деп, ел көркін келтіретін қызын, қазағым 
ұлдан  ерекше  тәрбиелеген.  «Қыз»  деген  сөздің 
өзі теңдесі жоқ асыл сөз. «Қыз» дегенде бірден 
«инабаттылық» деген киелі қасиетті елестетеміз. 
«Қыз»  аты  жүрекке  от  жағып,  көңіліңді  қияға 
ұшыратын  арман.  Ол  көрінгеннің  қолы  жете 
бермейтін шынар. 
Соны  түсінген  халқым  қызды  қатты 
қадірлеген.  Кейбір  мұсылман  елдерінен  біздің 
халықтың тәрбиесінің артықшылығы бетін жау-

123
ып, төмен ұстамаған. Керісінше «қыздың орны 
төр» деп, тұрмысқа шыққанша қастерлеп төрге, 
әкесінің оң жағына, ең әдемі, таза көрпенің үстіне 
отырғызған. Басына орамал жаппақ тұрмақ, екі 
өрімін  бұлғақтатып,  шолпысын  сыңғырлатып, 
еркелетіп  өсірген.  Көшкенде  күйменің  сұлуы, 
аттың  жүрісі  жайлы,  жорғасы,  күмістелген  ер-
тұрман  мен  сұлу  қамшы  қызда  болған.  Көштің 
сәнін  қыздармен  әзілдесіп,  ән  айтысып,  сол 
ауылдың,  не  көрші  ауылдың  жігіттері  де  жан-
дандыратын. Бұл жерде, кейбір қыз бен жігітті 
жолықтырмай,  қызды  жауып  ұстады  деген 
пікірді  жоққа  шығаруға  болады  деген  пікірді 
жоққа шығаруға болады. Қайта қыздарды еркін 
ұстап, қанға біткен тектілігіне сенген. 
Бөлтірік  шешен  айтқандай,  «қызылым 
қызымдікі,  ұзыным  ұлымдікі»  деп,  бай  де-
мей,  кедей  демей  әлі  келгенше  қызды  сәндеп, 
мәпелеп,  еркелете  отыра  ата-бабаларымыз 
қыздың  қасиетті  намысы  –  арын  биік  ұстауын 
өнегелі тәрбие арқылы бойына сіңіре білген. Сол 
ұлағатты тәрбие анадан қызына, әпкеден сіңліге 
ауысып, қалыптасып отырған....
Қызы  он  екі,  он  үшке  келгенде  ата-анасы 
қазақ  үйдің  оң  жағына  төсек-орнын  ауда-
рып,  шымылдық  ұстаған.  Онысы  бой  жетіп 
келе  жатқан  қыз  бала  еркімен  шешініп-киініп, 
ұйықтағанда  ашық  жатса  да  еркін  жатсын 
дегендері.  Әрине,  қазіргідей  көп  бөлмелі  үйі 
болмаған соң не етсін? 
Қыздардың  есер  мінез  көрсетпей,  қанға 
біткен тектілігімен үлкенге құрмет, кішіге сияпат 
жасауын қадағалаудан танбаған. Қыздың тәртібін 
бір отбасы ғана емес, бүкіл ауыл болып ойлаған. 
Қыз бала кейін келін болып түскенде төркініне 
кір келтіріп, ата-ана, әулетіне тіл тигізбесі үшін 
«қызға қырық үйден тию, қала берсе қара күңнен 
тию» деген мақал өмірге келген. 
Қазақ «шешесін көріп қызын ал» деп бекер 
айтпаған.  Жақсы  шеше  қызын  әдепті,  қолынан 
бәрі келетін етіп тәрбиелеген. Қазақ қыздарында 
кесте  тігіп,  құрақ  құрап,  өз  киімін  өзі  тігіп 
кимейтін қыз кемде-кем болған. 
Тіпті,  ұзатылуына  алты  ай  қалғанда  қызға 
жеке  үй  тігіп,  қасына  жеңгелерін  қойып, 
тәрбиенің осалдау жерін жетілдірген. 
Бойжеткен  қыз  осы  тігілген  отауда  тұрып, 
жақсы біле қоймаймын-ау деген істерін жөндеп 
істеп,  ерте  тұрып  кеш  жатып,  жаңа  отбасылық 
өмірге  дайындала  бастаған.  Әкесінің  оң 
жағында отырып, қазан-ошаққа араласпай, онша 
біліңкіремей қалғандарын үйренген: қонақ күту, 
етті мүшелеп алуды игеру т.б.
Қыз  баланың  тәрбиесі  анаға  байланысты 
екеніне  де  сөз  жоқ.  Кешегі  астың  дәмдісін, 
киімнің сәндісін кигізіп, еркелетіп өсірген қызы 
ананың аялы құшағынан жат жұртқа кетіп бара 
жатқанда  анасы:  –  Қарағым,  қызым,  есің  бар 
болса да тағы да ескертерім, барған жеріңде ана 
атына кір келтіре көрме, әйел баласына табиғат 
сыйлаған  нәзіктік  қасиетіңді  қастерле,  албырт 
жастыққа  алданып  қалма,  ата-енеңді  күт,  сый-
ла,  қарт  адамдардың  көңіліне  қаяу  сала  көрме, 
үлкеннің  алдын  кесіп  өтпе,  тіпті,  үлкендер 
отырғанда қатты күлме де, ыдыс-аяқты салдыр-
латпа,  ағайынды  қадірле,  күйеуіңді  піріңдей 
күт,  кішіліктен  келер  зиян  жоқ.  Қарағым,  «әке 
аруағына  сөз  келтірме»  деп,  қызын  әбден 
пысықтап  жібереді.  Анасы  жақсы  тәрбиелеген 
қыздан    әбиірлі  келін,  адал  жар,  тәрбиелі  ана, 
тәлімді әйел шыққан. («Әке аруағына ит қоспа» 
деп те айтылады). 
ІІ. Қазіргі таңдағы тәрбие
Әр заманның өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі 
жаһандану заманымызда жастар, әсіресе, қыздар 
әр түрлі ұғым, әр түрлі түсінікпен өзінің ұлттық 
ата  салтын  ұстаудың  орнына  біздің  рухани 
мәдениетімізге  үйлеспейтін,  неше  түрлі  елдің 
жағымсыз қылықтарын қабылдап жатыр. 
Әрине, бәрі сондай деп көпке топырақ шашуға 
болмайды. Ақылды, мәдениетті, еңбекқор, елдің 
келешегі  қандай  болар  екен  деп,  халқымыздың 
қамын жеп, тіршіліктің қай саласында болса да 
игі істер істеп, ерге бергісіз ерлікке барып жүрген 
қыз-келіншектер тіпті көп. Жиырма жылдан жаңа 
ғана асқан егеменді еліміздің болашағы үшін ол 
қыз-келіндеріміз түн ұйқысын төрт бөліп, Отан 
үшін  бар  күшін  сарп  етіп  еңбек  сіңіріп  жүр. 
Оларға халқының алғыстан басқа айтары жоқ. 
Ал,  тәртібімен  бізді  алаңдатып  отырған 
қыздар осы соңғы 20 жыл тұсында өмірге кел-
гендер. Солардың ұнамсыз тәртіптерін көргенде 
қарнымыз  ашып-ақ  қалады.  Туған  ұлтының 
(халқының)  тектілігіне  үйлеспейтін,  өзіміздің 
тәрбиеге  қарама-қарсы  біздің  қыздар  еліктеп 
жүрген кей елдің өрескелдігі мол тәрбиесі көзге 
ұрып-ақ тұр. Жүрек шаншытарлық көрініс. 
Бәрін тізіп жату мүмкін емес. Тек, көпшілік 
ортасында  болып  жатқан  кейбір  дөрекілеу, 
сорақылау  қылықтарын  айтсақ,  әсіресе,  15  пен 
20  жастың  арасындағы  мектепте  не  жоғарғы 
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

124
оқу  орнында  оқитын  қыздардың  аузында  шы-
лымы,  аха-ха  да  ухе-хе,  қай  жерде  тұрмын-ау, 
айнала  толған  ел-ау  демей,  қалта  телефонын 
ала сала қатты дауыспен сөйлесу, кешегі істерін 
айтып  қатты  күлу,  арасында  басқа  ұлттың  бей-
ауыз  сөздерін  қосу,  әңгімелері  өрескел,  айтып 
тұрғандарын қасындағылар естіп, күліп отыр-ау 
деу түйсігіне де кірмейді. Имену жоқ. Орындыққа 
шалқая отырып, қатарыңдағы ересектерге көз де 
салмайды,  «қызықты»  әңгіме  жалғаса  береді, 
жалғаса береді. 
Әне бір қыз тұр, жап-жас, менің қызым бол-
сашы  дейтін-ақ  бала,  түрі.  Киіміне  қарасаң, 
көзіңді  басқа  жаққа  бұрып  кетесің.  Шалбары 
мықынынан төмен, кеудешегі төсін ғана жауып, 
кіндігі қарнымен түгел ашық. Автобус тоқтаған 
кезде, қыз қозғалған сайын отырған ақсақалдың 
мұрнына тие жаздайды. Ата басын бұрып әкетті. 
Екі көзі терезеде. 
«Сексен көрейін деген жасым ба еді, 
  Быламық ішейін деген асым ба еді» деген-
дей,  Ұлы  Отан  соғысында  қан  кешіп,  жетпіс 
жыл  Кеңестің  жаншуында  болған  адамның,  өз 
тәуелсіздігімізді  алып,  егеменді  ел  болдық  па, 
қазақ  қалпымызға  қайта  келдік  пе  дегендегі 
жастардың  мынандай  тәртібін  көру  жеңіл  ме, 
ойына не келгені белгілі, бірақ, шыдамды қарт, 
ол  қызды  өзгерте  алмайтынын  біліп,  дымы 
құриды. Ал, аздап сын айтса, немересіндей ба-
ладан  дөрекі  жауап  естуі  мүмкін.  Амал  жоқ, 
көрсең де көрмегендей күйге енесің. Іш қазандай 
қайнайды, күресуге дәрмен жоқ...
Ал,  мына  бір  көріністен  қараған  адам  жер-
ге кіріп кете жаздайды. Тоқсан  отбасы тұратын 
үлкен  үйдің  күндіз-түні  ауласы  толған  адам, 
ойнаған  балалар,  дем  алушы  қарттар.  Күндізгі 
екі-үш  шамасында  қасымыздағы  мектептің 
оқушылары  сабақтан  шығады.  Үйлеріне  жет-
кенше  біздің  аулада  біраз  «демалады».  Ұлы 
бар,  қызы  бар  топ,  орындықтарға  жақындай 
бере  сөмкелерін  бір  жерге  жия  салады  да,  екі-
екіден  бірінің  алдына  бірі  отыра  қалады  да, 
құшақтасады,  сүйіседі,  басқасын  айтуға  ауыз 
бармайды,  тура  шетелдің  фильмін  көргендей 
боласың.  Кейде  нем  кетті  қарамаған  үлкендер 
ақыл да айтқан болады, оны есітіп жатқан құлақ 
жоқ. Сол кезде осыдан бірнеше ғасыр бұрын өмір 
сүрген  Мөңке  бидің  сөзі  келеді  ойыңа.  Менің 
сөзім емес, атадан қалған сөз: 
Табалдырығыңнан биік тау болмас,
Туысқаннан асқан жау болмас.
Керзаманның кезінде су тартылар,
Тана менен торпаққа жүк артылар,
Ар-ұяттың бәрінен жұрдай болып,
Қарап тұрған жігітке қыз артылар, – дейді. 
Тура осыларға арналып айтылғандай. Қандай 
көреген даналар! Сондай даналардың ұрпағының 
бұзылып бара жатқандығы діңкеңді құртады. 
«Қызым  үйде,  қылығы  түзде»  деген  осы 
екен-ау. Ананың, ұстаздың көзін ала беріп, істеп 
жүргендері  мынау.  «Ернінен  емшек  сүті  кеп-
пей»  жатып  осындай  қылық  көрсетіп  жүрген 
қыздардан келешекте қандай адал жар шығады?
Бұлар неге осылай өсіп келеді? 
Кім  кінәлі?  Ата-ана,  ұстаз  ба,  әлде  қоғам 
ба? Әлде «Шіркін-ай, бір барып көрсек!» деген 
шетелдің ықпалы емес пе екен?
Қыздар,  қарақтарым!  Уақтылы,  өткінші 
қызыққа  берілмей,  аналарыңның  тектілігінен 
айырылып қалып жүрмеңдер! Қазақтың, өзгенің 
емес,  қазақтың  қызы  деген  ардақты  атты 
қастерлеңдер!
Түсініңдер, қазақ қызы кім?
Қазақ қызы – ананың алақынының аясы.
Қазақ қызы – ұлтының ар-ожданы.
Қазақ қызы – халқының кешегісі мен бүгіні 
және ертеңі.
Қазақ қызы – өшкеннің оты, өлгеннің өмірі.
Қазақ қызы – сұлулықтың символы.
Қазақ  қызы  –  адалдықтың,  адамдықтың 
өлшемі.
Қазақ қызы –  ұлтымыздың айнасы.
Сондай-ақ, жастар арасында, әсіресе, қыздар 
арасында  сәнді  де  қымбат  киімге,  жақсы  баға 
алуға, осы сияқты басқа да мақтануға тұрмайтын, 
бірақ, қыздар арасында аса жоғары бағаланатын 
«құндылықтарға»  тартылу,  оларға  «бас  ию» 
кезеңі  өтіп  жатыр.  Орыс  халқындағы  «киіміне 
қарап қабылдап, ақылына қарап шығарып сала-
ды» мақалы қазір «киіміне қарап қарсы да алып, 
шығарып  та  салып»  жатқандай.  Оқу  бітіруге 
тақаған  студенттер  болса  да  жөн-ау,  1–2-ші 
курстың студенттерінің кімнің мәшинесі қымбат 
деп жарысуы көңілге сыймайтын  әңгіме. 
Шіркін-ау,  сол  мәшинені  өз  маңдай  терін 
сығып  алып,  өз  еңбегімен  тапқан  дәулет  болса 
екен-ау! 
Әкенің  дәулетіне  мастанып,  жастайынан 
мақтаншақтыққа,  қанағатсыздыққа  салынудың 
түбі неге апарып соғарын білмейді-ау, байғұс ба-
лалар. 
«Биіктеп кетсең құлау бар,
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

125
Қуанып кетсең жылау бар» дегенді қыздарын 
осындай жолға салып отырған ата-ана түсінбесе, 
15-18-дегі әлі қарны ашып көрмеген қыз қайдан 
түсінсін оның мәнін?
Осыған сәйкес мынандай ой да келеді миыңа. 
Кейде, осы заманның қыздары жеңілтек, қутиған 
ши бұт шалбар, мини көйлек киеді, басқа тілде 
сөйлейді  деп  баланың  әр  қылығына  кінә  қоя 
бергеніміз де артықтау сияқты. 
Әр  заманның  өзіндік  сәні  бар,  қай  кездегі 
жастар  болса  да  қатарынан  қалғысы  келмейді, 
бірақ,  сол  сән-салтанаттан  артта  қалмай-
ақ,  өз  заманының  ағымымен  өмір  сүріп,  тек 
асырасілтеушілікке бармай, өз ұлтына тән жақсы 
қасиеттерді бойында ұстай білсе нұр үстіне нүр 
құйылар  еді  ғой.  Бірақ,  қазақтың  салт-дәстүрі 
айтып отырған жас қыздарымызға жат.  Қазірден 
бастап  іздегендері  бай,  бөлек  үйі  бар  жігіт.  Ол 
жігіттердің  ата-анасының  баласынан  күтіп 
отырған жақсылығында бұл қыздардың ісі жоқ. 
Ойлағандары  тек  өз  мақсаттарына  жету,  тек 
қалталыларды  кездестіру,  тіпті  қытай  болса  да 
кет әрі емес. Қайран қадірі түскен МАХАББАТ-
ай! Сенен көк қағаз артық болды-ау!
Сонда тектілігіміз қайда?
«Малым жанымның садағасы, 
Жаным  арымның  садағасы»,  –  деп,  арым 
ақшаның  садағасы  болды  ма?  Әлде,  «Қой 
көрмегенмен  ешкілі  байдың  қызы  едім»  деген-
дей, бұрын ештеңе көрмей, жаңа байығандардың 
қызы ма екен?
Әйтеуір,  онша  үлгілі,  тәрбиелі  қыз  еместігі 
көзге ұрып-ақ тұрады. 
Міне, менің әлде жаңа байығандардың қызы 
ма, – деп кейбіреудің намысына тие айтқан сөзім, 
ата-бабаларымыздың  «Қызым,  әке  аруағына 
ит қоспа» деген өсиетін ұмытып, сөз тигіздіріп 
отырған қыздар екенін дәлелдейді. 
Ал,  ертеңі  не  болар  екен  деп,  жүрегіміз  ау-
ырып  жүрген  тіл  туралы  ойласақ,  жата  қалып 
жылағың келеді. 
Өзі, өз ана тілін білмегеніне ұялмақ тұрмақ, 
басқа  тілдерді  білгенін  мәртебе  тұтып,  ауыл-
дан  келген  орысша  нашар,  ағылшынша  жалпы 
білмейтін  қазақ  қыздарын  менсінбей  «мамбет-
ка» деп қорлайды. Оларды менсінбейді, олармен 
бір стол басында отыруға намыстанады. 
Ауыл қыздары олардың клубына дискотекаға 
бара қалса, оларды ұрып тастайды. Міне, керек 
болса! Соның  бәрінің себебі ауыл қыздарының 
ағылшынша, қытайша білмеуі.
Біз білгіштерге ағылшын, қытай тілін білме 
демейміз. Бірақ, «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді 
ұмытпа»  қайда?    Өздерін  кем  көру,  не  деген 
таяздық!  Осындай  қыздан  не  жақсылық  күтуге 
болады:  тілін  білмеу,  оны  сүймеу  деген  ұлтын 
сүймеу емес пе?
Әрі қарай бұл мәселені тереңдетпесек те, көзі 
ашық адамның бәрі түсініп отырған жоқ па? 
Дегенмен,  шет  елге    барып  білімін  көтеріп 
келгенімен,  ұлттық  тәрбиеден  жұрдай  болып 
жатқанын  ата-ана  да,  бала  да  түсіңкіремей 
жатқандай...
Біраз көңілге қонымсыз қыз қылықтарын сөз 
ете  отырып,  осы  қателіктерді  қалай  жоюға  бо-
лады деген сұрақ туады. Оған жауапты ата-ана, 
ұстаз, көпшілік қауым, қоғам болып кіріспесе бір 
адамның сынынан жазылатын жара емес бұл. 
Құрметті халайық! Ұрпақ тәрбиесі бәрімізге 
ортақ. Бәріміз де қыз өсіріп отырмыз. Солардың 
ертеңі туралы көбірек ойланайық!
Өнегелі, үлгілі, инабатты, жаны нәзік, рухани 
дүниесі мөлдір қазақ қызын ғана өсірейік! Қыз 
ұлттың болашағы. Солардың тектілігін көргенде 
көңіліміз  сүйсініп,  төбеміз  көкке  жететіндей 
болайық! Жастар, жастығымен түсінбей жатқан 
шығар.  Олай  болғанда  қазақ  қызының  қандай 
болғанын, қандай екенін, қандай болу керектігін, 
әліміз  келгенше  шаршамай  үйретіп,  тәртібін 
түзеуге түгелдей ат салысып, шаңырағымыздың 
түтінін түзу шығаратын қыз өсірейік! 
Қыздар!  Қыз  деген  құрметті  атқа  дақ 
түсірмей,  ар-ождандарың  судай  таза,  сүттей  ақ 
болып, адал жар, ақылды ана, кемеңгер әжелікке 
жетіңдер! Мәртебелерің биік болсын!
 ІІІ. «Бір өкініш, бір үміт...»
«Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ бол-
мас»  дегендей,  кейбір  жігіттердің  жастықтың 
албырттығымен  қателесіп,  он-он  бес  жылдай 
басқа  ұлттың  өкілімен  өмір  сүріп,  «жазмыш-
тан  озмыш  жоқ»  дегендей,  кейде  тағдырдың 
құдіретімен  бір  күндері  қазақтың  бір  инабат-
ты  қызымен  жолығып  өмір  сүре  бастағандағы 
қуанышты сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін 
емес. «Мен, – дейді, соның бірі, алғашқы сәтте 
шөліркеп-шөлдеп,  аптап  ыстығынан  келіп,  бас 
салып қымыз ішіп, қызуым көтеріліп, құмартқан 
қымызды ғана ішкендегі бас айналған сезімдей 
күй  кештім,  –  дейді  қазақ  қызын  қазақтың 
мейіріңді қандырар ешқандай теңдесі жоқ сусы-
нына балап.
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

126
Бұл сезім  қанша жақсы болса да, ағзасында 
қазақтың  бір  түйір  қаны  жоқ,  салт-санасында 
қазаққа  тән  қасиет  жоқ,  тек  қазақ  жігітін 
сүйгендіктен, соның көлеңкесіндей болып өмір 
сүрген адамнан ажырап (кейде құдай ажыратып), 
өмір-бақи  өзі  түсінбей,  жолықпай,  ұғыспай, 
сыйласпай, сүйсінбей, сүймей өтіп бара жатқан 
өз  ұлтының  қадірлісін  жолықтырған  күнгі  көп 
жылдар ұйқыда жатқан жүрегін оята қойған ару-
ды құшқандағы көңіл сыры еді. 
Он-он бес жыл бойы кездескен жанға қанағат 
етіп өмір сүрген азаматтың жүрегін селт еткізген 
ұлттық  сезім  –  ұйқыдан  оянғандағы  түсіне  тең 
еді. 
Бөтен  ұлттың  өкілінен  кейін  ол  жігіт 
қасындағы  қандас  қызды  емес,  қазақтың 
қымызын, 
қазы-қартасын, 
домбырасын, 
әнін,  күйін,  биін,  кең  даласын,  сай-саласын, 
сылдыраған бұлағын, самал желін, исі аңқыған 
гүлін,  жайнаған  күнін,  өзінің  кимешекті 
анасының келбетін, әпке-қарындасының сымба-
тын,  жеңгелерінің  назын,  туған  жерінің  жазын 
көргендей. Бұл көп жылдар бойы жігіттің өзі де 
түсінбеген, шөліркеген көңілінің сусыны қанып, 
мазасызданған  жаны  жай  тауып,  жүрек  соғуы 
қалпына түсіп, аспан астындай кең көңілдің, су-
дай  таза  мейірімнің  жетіспеушілігінің  толысуы 
еді. Осындай қыздары бар қазақ ғажайып халық 
қой, ә? Бірақ, шынайы қазақ тек қаны таза дана-
лардан, даралардан келеді ғой өмірге! 
Таза  қазақтың  қызының  мықты  қылығын 
көргенде  еліктің  лағын,  аққудың  сыңарын, 
жұлдыздың  жымиюын,  күннің  қызуын  сезесің. 
Бұл  қыз-жүректің  әні,  дастарханның  сәні, 
сәбидің күлкісі, ата-ананың құрметі, ердің ерлігі, 
туыстың бірлігі, елдің елдігі емес пе? 
Резюме
В данной статье автор затрагивает тему воспитания девушек.  Прослеживая воспитание девушек с древ-
них времен до современности, она ищет ответ на вопросы: «Кто такая казахская девушка, и какой она должна 
быть?» и т.п.  
Summаry
In the given article the author touches the theme of ladies’ upbringing. Retracing ladies’ upbringing from the 
anciently till nowadays. She is looking for the answers to the questions: “Who is Kazakh lady, and what kind of lady 
she must be?” etc.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

127
САЛТ-ДӘСТҮР
Қазақ  халқы  –  өзіндік  рухани  және 
материалдық  мәдениеті  қалыптасқан,  дәстүрге 
бай ел, ырымшыл халық. Оны дүниетанымынан, 
өмірінен,  мақал-мәтелдерінен,  біз  сөз  еткелі 
отырған  ырым-тыйымдарынан  көруге  бо-
лады.  Жалпы  адам  табиғаты  естіген,  көрген 
нәрселерінен  бір  мағына  шығарып,  оны 
жорамалдауға  құлшынып  тұрады.  Жақсы 
нәрсе  естіп  немесе  көңіліне  жақпаған  нәрсені 
көрген  сәтте  оны  жақсылыққа  жорамалдаса, 
ұнамсыз сөз естіп, жағымсыз нәрсе көрген кез-
де  оларды  жамандыққа  ырымдай  бастайды. 
Өмірден  көргені  мен  түйгені  мол  дана  халық 
балаларының әр басқан қадамын жіті қадағалап, 
ұрпақ  жалғастығына,  ұл-қыздарының  аман-сау 
жүруіне  баса  назар  аударған.  «Баламның  таба-
нына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын» 
деуі де, балаға аса мән бергендігін айқындайды. 
Біз  ұрпағымызға  ұлттық  тәрбиені  салт-дәстүр, 
әдет-ғұрыпты,  дін  мен  тілі,  діл  мен  тарих-
ты  дәріптеп  оқыту  арқылы  білім  алушының 
бойына 
күнделікті 
өмір 
тұрғысындағы 
тәрбие  нақыштарының  сан  белесінен  хабар-
дар  етеміз.  Сол  дәстүр  нақыштарымен,  әдет-
ғұрыптардың  бүгінгі  таңдағы  рөлін  айқындай 
отырып,  жастардың  халық  үрдістеріне  деген 
сүйіспеншілігін оятуды мақсат етуді негіздейміз. 
Жалпы, қазақ халқының ұлттық тәрбие көздері 
адам  психологиясымен  етене  байланысып,  за-
мана жаңаруына сай өзгеріп отыратын құбылыс. 
Адам  өмірі  салт-дәстүр,  той-томалақ,  рәсімге, 
ырымдар мен наным, ән мен күйге толы. Салт-
С.Ж.Пралиев – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры, 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
ҚР ҰҒА құрметті мүшесі 
М.А.Нуриев –
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,
 профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  Жаңартпа технологиялар 
және білім беру мазмұнын ҒЗИ директоры
Ж.А.Сейсенбаева –
филология ғылымдарының кандидаты, 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаңартпа технологиялар және
білім беру мазмұнын ҒЗИ оқу үдерісін жетілдіру
бөлімінің басшысы 
Ж.М.Сеитова –
жауапты хатшы
ЫРЫМ-ТЫЙЫМНЫң ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ РӨЛІ
дәстүр  халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
бір  саласы.  Ол  адамдармен  бірге  туып,  дамып 
қалыптасқан.  Адам  дүниеге  келген  күнінен 
бастап  өмірінің  соңғы  демі  шыққанға  дейін 
салт-дәстүрдің  ықпалында  болады.  Ол  бір 
адамның  шығарған  ой-түйсігі  емес,  халықтық 
сана-сезімнің  қалыптасқан  үрдісі  іспеттес. 
Халықтың  сан  ғасырлар  ұлттық  тағылымына 
қатысты  өзіндік  ерекшеліктерінен  туындаған 
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары, ырым-тыйымдары 
мол.  Салт-дәстүрлер  қоғамның  дамуына  орай 
толысып  немесе  қолданыстан  шығып  қалып 
отыратын  құбылыс  болғандықтан,  біз  ұлттық 
тәрбиені оқыту барысында олардың шығу тари-
хын, қолдану заңдылықтарын ескере келіп, адам 
тәрбиесінің  өзектілігіне  көңіл  бөлуіміз  қажет. 
Оқыту барысында қамтылатын материалдардың 
ұлттық  тәрбие  жүйесін  жетілдіруде  оның  та-
рихи мәнін ғана ашып беру емес, қазіргі заман 
жетістіктеріне  сүйене  отырып,  өмір  тынысы-
на  сай  келетінін  жаңғыртып  пайдалана  білуге 
үйретуді мақсат еткен орынды. 
Адам  баласы  жаратылғалы  бері  үнемі 
үздіксіз дамып, кемелденіп келе жатқан рухани 
дүние – тәрбие екені әмбеге аян. Өркениеттер та-
рихына ой жіберсеңіз, қай халықтың да ұлттық 
тағылымы  бар  екеніне  көз  жеткізесіз.  Белгілі 
бір  халық  тағылымы  –  сол  халықтың  ұлттық 
негізі.  Ұлттық  негіз  ұлттың  салт-дәстүр,  әдет-
ғұрпымен, тілімен, дінімен, ділімен тікелей бай-
ланысты. 
Зерделеп  қарап  отырсаңыз,  қазақи  тәлім-

128
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәрбиеде  ырым-тыйымдардың  орны  ерекше. 
Өмірден  алған  тәжірибелерін  ырым-тыйымдар 
арқылы балаларын қауіп-қатерден, бәле-жаладан 
сақтауға  қолданып  отырған.  Қазақтың  ырым-
дары  мен  тыйым  сөздері  өте  көп,  оларға  тал-
дау жасасаңыз, белгілі бір мақсатты көздей іске 
асырылатынын  байқайсыз.  Мәселен,  нәресте 
дүниеге  келгенде  үлкен  ақсақалдардың  біріне 
ырымдап ат қойғызу (бұл заман өркендеуіне бай-
ланысты қалып, жаңаша көрініс табуда, бірақ ау-
ылды жерлерде әлі де кездеседі), ат қойған кез-
де белгілі бір мақсат көздеу (бай, сұлу, ақылды, 
еңбексүйіш,  батыл,  үлкен  азамат  т.б.  болсын 
деген ниет), атақты, белгілі адамдардың жолын 
берсін, жұғысты болсын деп шапанының етегіне 
орау,  отырған  жеріне  аунатып  алу.  Баланың 
кіндігін,  тұсауын  дана,  еңбексүйгіш  аналардың 
біріне  кестіру,  бесікке  салғанда  да  үрім-бұтағы 
өсіп-өнген  аналардың  біріне  салдыру,    жас 
келінге оттай берекелі бол деп отқа май құйғызу, 
бесікке  үкінің  мамығын  қадау,  бүркіттің, 
қасқырдың тұяғын байлау, жастығының астына 
пышақ, айна, тарақты тығып қою ырымдарының 
астарында  өзіндік  тәлім-тәрбиелік  мағына 
жатыр.  Ырымдар  мен  тыйымдар  халықтық 
салт-дәстүрлер,  ауыз  әдебиеті  үлгілерімен, 
өнермен,  әде-ғұрыптармен  астасып  келіп,  сол 
арқылы  жастарды  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы» 
жетілген  толық  адам  тәрбиелеуді  көздейді. 
Үйге қарай айқайлап жүгіруге болмайды. Он-
дай жағдайда «Тәйт, жаман ырым бастағаның не? 
Үйге қарай айқайлап жүгірмейді» деп тыйып та-
стайтын. Сондай ырым, тыйымдар қазақ өмірінде 
қандай  орын  алады?  Оның  мәні,  күнделікті 
өмірде қандай маңызы бар? Кейде «қазақ халқы 
өзі  ырымшыл  халық-ау  деймін»  деген  өзге  ұлт 
өкілдерінен  естіп  жатамыз.  Шындығына  келер 
болсақ,  дұрыс  сияқты.  Біз  көп  нәрсеге  өзімізге 
тыйым қоямыз, сол ырымдарға қарай аяғымызды 
алып  жүреміз.  Оның  мәні  неде,  осы  тыйым 
сөздер неден пайда болды деген орынды сұрақ 
туындайды.    Қазақтың  тыйым  сөздері  ежелден 
қалыптасып  күні  бүгінге  дейін  отбасындағы 
бала  тәрбиесінде  талай  ғасырлардан  бері  тама-
ша  тәрбие  құралы  болып  келе  жатыр.  Жалпы, 
қазақтың  тыйым  сөздері  мақал-мәтелдермен 
өте тығыз байланысты. Мақал-мәтелдер сияқты 
оларда да әр түрлі бағыттар (еңбек, әдет-ғұрып, 
отбасы,  тұрмыс-салт,  өнерге,  табиғатқа  бай-
ланысты  және  т.с.с.)  бойынша  өзіндік  жүйе 
қалыптастырған.      Тыйымның  да,  ырымның  да 
есері де бар, естісі де бар. Ең маңыздысы, соны 
өз  қажеттігіне,  лайықты  орнында  жарата  білу. 
«Ырым – жын-шайтанның «азғын іс-әрекетінен» 
сақтайтын амал» деген түсінік бар қоғамда. Жаны 
бар  сөз  сияқты.  Себебі,  қай  ырымды  болсын 
алып  қарасаңыз  да,  тек  тазалыққа,  әдептілікке, 
үнемшілдікке,  толып  жатқан  ізгіліктерге  на-
сихаттайды,  соған  баулиды.  Мәселен,  біразына 
тоқталып  өтсек,  «Іңірде  жылама»  дейді,  оның 
мағынасы  кешке  жын-шайтандар  көшіп  жүреді 
екен. Оның дінге де қатысы бар. Ырым, тыйым 
арқылы  жастарды  діни  жағынан  тәрбиелеуді 
көздеу  керек.  Қазір  қазақ  жастарының, 
азаматтарының  басқа  дінге  өтуі  көбейіп  кетті. 
Бұны  біз  білместікке  жатқызамыз  ба,  жоқ  әлде 
жоқшылыққа, әлде өз діндерін қабылдату үшін 
беретін алдамшы дүниені алсам дейтін ашкөздік, 
құнығушылық  па?!  Жастарды  аталарымыз 
жүріп отырған жолдан  жаңылыстырмай, өз ар-
насына бұрып әкелу де діндегі басты мәселердің 
бірі.  Бүгінгі  таңда  дінді  ұлттық  дәстүрімізге 
қайшы  келетін  тұстарымен  шатастыру  сын-
ды  кереғарлықтар  кездесіп  қалады.  Мысалы, 
кейбір  үйлену  тойларындағы  «келіннің  сәлем 
жасауы»  сынды  дәстүрді  сынға  алу  кездесіп 
жатады.  «Адам  алладан  басқаға  бас  имеуі  ке-
рек» деп келіннің сәлем жасауына тоқтау салып 
жататын  тұстары  да  кездеседі.  Бұндай  кереғар 
түсініктер  ұлттық  тәрбиені  дұрыс  білмеудің 
әсерінен  көрініс  табады.  Қазақтың  салтында 
келіннің  сәлем    салуы  –  жаңа  түскен  келіннің 
ант қабылдауы іспеттес. Себебі, сәлем салғанда, 
әулеттегі  адамдардың  аты  рет-ретімен  атала-
ды. Ол кімнің жасы, жолы, қадірі үлкен екенін 
айқындайды. Қысқасы, жас келінге елді, руды, от-
басы мүшелерін таныстыру және жөн-жосықты 
түсіндіру әбестік емес. Сонымен бірге беташар-
да  келінге  тілек,  тәлім-тәрбие  айтылады.  Сол 
сияқты,  өлген  адамға  жоқтау  айттырмау  керек 
деген сөз шығып жүр. Жоқтау – бағзыдан келе 
жатқан  ұлттық  дәстүріміздің  бір  түрі.  Жоқтау 
арқылы  өлген  адамның  жақсылығы  айтылады. 
Мұндай дәстүрлерімізді жоққа шығарудың аста-
рында  ұлттық  тәрбиені  дұрыс  білмеудің  әсері 
тұрғаны  анық.  Міне,  осындай  кереғар  түсінік 
болмауы  үшін  жалпы  діннен  жастарға  қажет 
мағлұматтарды түсіндіріп отыру бүгінгі таңдағы 
әр түрлі секталардан қорғап қалуымыздың жолы 
десек те қателеспейміз. 
«Отты  сумен  өшірме,  отты  шашпа,  от-
пен  ойнама»  дейді,  қазақ  адам  өмірін  отпен 

129
байланыстырған,  «шырағын  сөнбесін»  деп  жа-
туы  оған  дәлел.  От  туралы  ғылыми  тұжырым 
жасау  да  қиын  дүние.  Отпен  аластау,  «от  ана», 
«отың  өшпесін»,  «ошақтан  от  кетпесін»  де-
ген  тілектер  мен  ырымдардың  сабақтастығы 
да  ертеден  келе  жатқан  символдық  мәні  бар. 
Отқа  табыну  дәстүрі  ата-бабамыздың  тари-
хында  болғандығы  белгілі,  сондықтан  оның 
философиялық ұғымының мәні тереңде.  Жаңа 
туған  нәрестені  бесікке  бөлер  алдында  отпен 
аластау рәсімі осы ата-бабамыздан қалған діни-
магиялық көрініс болып табылады. Келін алғаш 
үйге  табалдырық  аттап  кіргенде  қолданылатын 
«Отқа  май  тамызу»  ырымы  бар.  Оны  жоққа 
шығарып, ол құдайға табынушылықтан шыққан, 
ескі  шаманизмнің,  тәңіршілдіктің  қалдығы  деп 
қарайтындар кездеседі. Ол дұрыс емес. Себебі, 
оның мағынасын кейінгі жастар түсінбейді. Оның 
негізгі  мағынасы:  «Сен  үйге  келмей  тұрғанда, 
ошағымыз  жанып,  қазанымыз  қайнап  тұрған. 
Енді  сен  осы  жанып  тұрған  ошақтың  отын 
өшірмей одан бетер майша лаулат» деу болатын. 
Ал, қазір керісінше отты лаулатып жағудың орны-
на бөтен халықтан енген туған күнде торт өшіру, 
яғни  отты  сөндіру  салтына  талпынғандарды 
көріп  налисың.  Ол  біздің  ырымдарға  кереғар 
дүниелер.  Қазақта  «Отқа  су  құйып  өшірсең, 
өз  бақытыңды  өшіргенің»  деген  де  наным  бар. 
Мінекей,  осы  от  –  жылу  көзі,  барлық  тіршілік 
атаулының негізі. От арқылы жылу электр стан-
циялары,  орман-тоғайлардың  өртке  орануы, 
мұнай,  газ  құбырларының  қоршаған  ортаға, 
адамзатқа қауіп төндіретініне байланысты «отпен 
ойнама» деп тыйым қоя отырып, кішкентайынан 
жастарға экологиялық тәрбие беруде де маңызы 
зор деп ойлаймыз. Осы тәріздес тыйым сөздерді 
қолдана отырып, балаға кішкене кезінен, мектеп 
табалдырығын  алғаш  аттаған  сәттен  ырымдар 
мен тыйымдар жайлы мол мағлұмат беретіндей 
тәрбие, ашық сабақ сағаттарын ұйымдастырып, 
үлкен  кісілердің  қатыстыруымен  өткізіп  отыру 
қажет. Бұл баланың тек санасын, ойын жетілдіріп 
қана қоймай, айнала қоршаған ортаға түсінігінің 
кең  қалыптасуынан,  эстетикалық,  экологиялық 
тәрбие  алуына  септігін  көп  тигізеді.  Аңдап 
қарасаңыз, шынайы ырым-тыйымдар тек балаға 
ғана  емес,  үлкендердің  де  денсаулығына,  жеке 
басының тазалығына айтарлықтай пайдасы бар.
«Бүйіріңе  қолыңды  таянба!»  дейді.  «Жаман 
болады!»  дейді.  Неге?  Қазақта  жақын  бір  ада-
мынан  айырылғанда  ғана  екі  бүйірін  таянады. 
Себебі,  қатты  өксіп,  солқылдап  жылаған  кезде 
адамның ішкі органдары қозғалысқа түсіп, ағзаға 
қатты зиян келеді екен. Сонда екі бүйірін таяну – 
үлкен таяныш, тіреуіш болады. Ырымшыл халық 
мұны  бір  жағынан  қайғыны  шақырма  дегенге 
әкеліп тірейді. Бәрі сол кішкене кездегі қылықтар 
ғой. Адам есiнегенде ауызын қолымен жабу ке-
рек,  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  өзі  есiнеген  кезде 
аузын оң қолының iшкi жағымен не сол қолының 
сырт жағымен жапқан екен дегенді үлкендерден 
жиі  естиміз.  Сөйтсек,  оның  мағынасы  есiнеген 
кезде  шайтан  адам  аузына  балаларын  тастап 
жiбередi.  Демек, бұл тыйым – сүннет. Бір жағы 
көргенсіздік, әдепсіздік. 
Қазақтың дәстүрлі тый-
ымдарын  әркез  ата-аналары,  ата-әжелері  сөз 
арасында айтып, құлағымызға сіңіріп өсірсе өте 
орынды. Қол жумай ас ішпейді. Асты төкпейді 
–  ысыраптың  белгісі  деп,  осындай  ерсі  істерге 
тыйым салып отырған дұрыс. Дастарқан үстінде 
әдепсіз  сөз  сөйлемейді,  жаман  сөз  айтпайды. 
Арам өлген малдың, арам аңдар мен құстардың 
етін  жемейді.  Түнде  тамақтың  бетін  жауып 
қояды.  Әкесі  бар  адам  бас  ұстамайды.  Белді, 
жақты  таянбайды.  Жер  таянып  отырмайды. 
Тізені құшақтамайды. Себебі, халық ұғымында 
тізені құшақтау – жалғыз қалудың белгісі. Жуған 
қолды сілкісе ырыс, несібе кетеді дейді. Адамға 
қаратып қолды шошайтпайды. Саусақты, қолды 
орынсыз ауызға салуға болмайды, адамға қарап 
керілмейді, әдепсіздік болып саналады. Жатқан 
кісінің үстінен аттамайды. Кемтар адамға күлме, 
күлсең  өз  басыңа  келеді.  Біреуге  қарап  ерін 
шығаруға,  үлкен  адам  алдында  аяқты  созып 
отыруға, адамға қарай түшкіруге, есінеуге, үлкен 
кісінің алдынан кесе-көлденең өтуге болмайды, 
бұл  қылықтардың  барлығы  әдепсіздік  белгісі. 
Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға 
беру – жаманшылық шақыру белгісі. Екі қолды 
төбеге қойып отыруға болмайды, ол ел-жұрттан 
безінудің белгісі. Басына қайғы түскен адам ғана 
қолын  төбесіне  қойып  отырады  деген  сияқты 
тағылымды  дүниелерді  сөз  арасында  істеген 
қылықтарына  қарай  мысалдармен  қатыстырып 
айтып  отыру  тәрбиені  жеңілдетеріне  кәміл 
сенеміз.  Бұл  ырымдар  мен  тыйымдардың  аста-
рында  даналықтың  терең  сыры  жатыр.  Осы 
тәріздес  күнделікті  іс-қимылдан  көрінетін 
әрекеттерге  қазақ  халқы  үлкен  мән  беріп,  оны 
бала  тәрбиесіне  орынды  пайдалана  білуін 
кемеңгерлігінің бір қыры деп түсінсек әбден бо-
лады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет