Шет аудандық жаңа үлгідегі балалар кітапханасы



Pdf көрінісі
Дата29.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#687

Шет аудандық жаңа үлгідегі                                   

балалар  кітапханасы 

    

                   

                                   

                                16.11.2015 – 16.01.2016 жыл 

 

             17  қараша  күні  Абай  атындағы  Қарағанды  облыстық  балалар  кітапханасынынан 

келген  «Көк  сандықтың  саяхаты»  атты  бағдарлама  бойынша  Алақай,  бізге  «Көк  сандық» 



келді!  атты  қарсы  алу  рәсімі  ұйымдастырылды.  Бұл  «Көк  сандық»  Германия  елшілігінің 

бастамасымен  Мәскеу  облыстық  мемлекеттік  кітапханасынан  Қазақстанға  келді.  Ең  алғашқы 

Дорис  Шредер-Копф  ханымның  қолдауымен  ашылған  «Deutschlang  liestvor»  атты  немістердің  қоғамдық  қоры  Германияда  кіт ап 

оқудың  дамыту  бағдарламасын  өткізеді.  Қызық  бастамалары  үшін  үздік  неміс  кітапханалар  сыйлыққа  кітаптар  толған  Көк 

сандыққа  ие  болады.  Көк  сандықтың  өзін  Германияның  өте  жақсы  шебері  жасаған,  2006  жылы  ол  Ресейге  келді.  «Германия 

оқиды»  атты  неміс  қоғамдық  қоры  «Подмосковьенің  балалар  кітапханаларындағы  Еуропалық  апталар»  және  кітапты  жылжыту 

мақсатында  жасалған  бастамалар  үшін  Мәскеудің  облыстық  мемлекеттік  кітапханасын  марапаттады.  Мәскеудің  олыстық 

мемлекеттік  кітапханасы  Көк  сандыққа  ие  болды,  Қордың  реестрінде  №246  деп  жазылған.  Осындай  сыйлыққа  ие  болған  бұл 

алғашқы  шетелдік  кітапхана болды.

 

 



             Неміс  әдістемесін  негізге  алып  Мәскеу  облыстық  мемлекеттік  кітапханасы  «Көк  сандық  саяхаты»  атты  өзіндік 

бағдарламаны  жасады.  2007  жылдың  сәуірінен  бастап  Подмосковьенің  63  аудандары  мен  қалаларына    сапармен  шықты. 

Жобаның  авторы  МОГДБ  халықаралық  ынтымақтастық  жұмысының  басшысы  Лерман  Елена  Владимеровна.  Мәскеу  олыстық 

мемлекеттік кітапханасының  бірге ұйымдастырған  жобаларының  бірі ғана. 

            Бұл  жоба  Қазақстанға  жетіп,  Қарағанды  облысының  9  ауданын  аралап,  Шет  ауданына  17-сі  күні  әкелінді,  ішінде  37  кітап.  

Көк сандықты  адандық  балалар кітапханасының  қызметкерлері  оқырмандарымен  бірге салтанатты түрде  қарсы  алды.   



«Алақай,бізге «Көк сандық» келді!» акциясының ашылу рәсіміне,тұсау кесеріне аудан орталығындағы 

Ы. Алтынсарин және  Ж. Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясының оқушылары қатысы,  саны 125 бала. 

Жоспар  бойынша    «Көк  сандық»  аудан  елді  мекен  кітапханаларында  балаларға  2  ай  қызмет  көрсе теді,  17    

қарашадан - 2016 жылдың 16 қаңтар айына  дейін.  Арнайы саяхат  жоспар-кестесі жасалынды. 

 

                        

Алақай, бізге «Көк сандық келді!» 

Қарсы алу кеші

 

«Көк сандық» Шет аудандық балалар 

кітапханасында

 

 

  

 

                   



     

 

 Шет аудандық орталық балалар кітапханасында  

                  «Көк сандықтың саяхаты» атты халықаралық жобасын өткізу жоспары 

         (16.11.2015-16.01.2016.жж аралығында) 

 

 

 

№ 

Іс – шараның атауы 



Түрі 

Уақыты 


қатысушылар 

Жауапты 




Алақай,  бізге  «Көк  сандық»   келді  

Қарсы  алу 

16.11.2015 

1-9 сынып 

оқушылары 

Барлық  кітапхана  қызметкерлері 



«Көк  сандықтың  саяхаты»   жобасының 

тарихымен,  жүріп  өткен  жолдарымен, 

алда  өтетін  іс-шаралар  жоспарымен 

ішіндегі кітаптармен  оқырмандарды 

таныстыру 

Кездесу. 

Библиографиял

ық шолу 

17.11.2015 

1-9 сынып 

оқушылары 

А.Аубакирова 

А.Нұршаева 



«Бәріміз оқимыз!  Әрқашан  оқимыз! 

Кез келген  жерде оқимыз!»  атты 

ұранмен  Нұрдаулет,  Балдырған   

балабақшаларында  дауыстап  оқу 

арқылы  «Көк  сандықтың»  ішіндегі 

кітаптарды  жас ерекшеліктеріне  қарай 

оқу.   

Дауыстап  оқу 

18-21.11.2015  

Балабақша 

Оқырмандарға  қызмет  көрсету 

бөлімінің  кітапханашылары 

(жылжымалы  кітапхана) 



«Көк  сандықпен  сапарға  аттанамыз». 

Ақадыр  балалар  кітапханасының 

кішкентай  оқырмандарын  жобаның 

мақсатымен  таныстырып. 

Кітаптарымен  таныстыру.   

Іс-сапарға 

шығу 

23.11.2015  

1-9 сынып 

оқушылары 

Ақадыр  ауылдық  кітапханасы  мен 

аудандық  балалар  кітапханасының 

қызметкерлері 



Дауыстап  оқу  үрдісін  жалғастыру. 

Ақадыр  балалар  кітапханасының  1-4 

сынып  оқушыларына  қызықты 

кітаптарды  дауыстап  оқып  беру.   

Дауыстап  оқу 

24-25.11. 

2015 

1-4 сынып 

оқушылары 

Ақадыр  ауылдық  кітапханасы  мен 

аудандық  балалар  кітапханасының 

қызметкерлері 



«Көк  сандығым  ашыл,  ішінен  кітап 

шашыл»  атты  кітаптарға   

библиографиялық  шолу  жасау   

Библиографиял

ық шолу 

26.11.2015 

5-9 сынып 

оқушылары 

Библиограф 

А.Нуршаева 

 

Оқыған  кітаптардан  «Маған  қандай 

кітап  ұнады,  несімен  ұнады»  деген 

тақырыпта  оқырман  балаларға  эссе 

жазғызу. 

Эссе жазу 

27.11.2015 

1-9 сынып 

оқушылары 

Ақадыр  ауылдық  кітапханасы  мен 

аудандық  балалар  кітапханасының 

қызметкерлері 



«Көк  сандықтың»  әдеби залына  қош 

келдің  балақай!   Сандықтың  ішіндегі 

қызықты  кітаптарды  дауыстап  оқу. 

Дауыстап  оқу 

30.11.-

04.12.2015 

3-5 сынып 

оқушылары 

Оқырмандарға  қызмет  көрсету 

бөлімінің  кітапханашылары 

 



«Бәріміз оқимыз!  Әрқашан  оқимыз! 

Кез келген  жерде оқимыз!»  атты 

ұранмен  мектептердегі  мектеп  алды 

даярлық,  дайындық  топтарында 

жүрген  оқушылармен  кездесіп, 

қызықтырған  кітаптарын  дауыстап 

оқып  беру. 

Дауыстап  оқу 

07.12.-

11.12.2015 

МАД,  дайындық 

сыныбының 

оқушылары 

Оқырмандарға  қызмет  көрсету 

бөлімінің  кітапханашылары 

 



«Көк  сандықтың»  байлығы   атты 

викториналық  ойын  өткізу. 

Викторина 

18.12.2015 

4-5 сынып 

оқушылары 

Оқырмандарға  қызмет  көрсету 

бөлімінің  кітапханашылары 

10 

Дауыстап  оқу  үрдісін  жалғастыру.   

Аудандық  оқушылар  үйі 

Дауыстап  оқу 

21.12.-

04.01.2016 

1-7 сынып 

оқушылары 

Оқырмандарға  қызмет  көрсету 

бөлімінің  кітапханашылары 

11 

«Маған  қандай  кітап  ұнады»  «Мен 

қандай  кітаптың  кейіпкеріне  ұқсағым 

келеді?» «Көк  сандықтан  тағы  қандай 

кітаптарды  көргім  келеді» атты 

тақырыпта  балаларға  эссе, 

шығармалар  жазғызу. 

Эсс, шығарма 

жазу 

05.01.-

14.01.2016 

1-7 сынып 

оқушылары 

Оқырмандарға  қызмет  көрсету 

бөлімінің  кітапханашылары 

12 

«Жолың  болсын,  Көк  сандық»  атты 

атпен  халық  аралық  жобаны  аяқтап, 

келесі кітапханаға  тапсыру. 

Мерекелік  кеш 

15.01.2016 

Барлық 

оқырмандар 

Барлық  кітапхана  қызметкерлері 

 

 



 

 

 



Хабарландыру 

Құрметті:   Ұстаздар  және  оқушылар!!! 

 

Германия  елшілігі   мен  Мәскеу  облыстық  мемлекеттік 

кітапханасы бірігіп «Көк  сандықтың  саяхаты» атты  жоба 

ұйымдастырған  болатын . Бұл жобаға 7 жыл толды. 

Жобаның мақсаты мен миссиясы: кітапты насихаттау, жаңа 

авторлармен танысу, кітап оқудың мәніне, ерекшеліктеріне назар аудару

көбірек оқуға үйрету, кітапты дұрыс таңдау, пікір-талас ұйымдастыру. 

Осы жобаның  жалғасы Қазақстанға  жетіп, Қарағанды  облысының  9 ауданын  айналып  «Көк сандық»  қараша  

айының 17 жұлдызында   Шет аудандық  балалар  кітапханасына  саяхаттап  келді. 

Осы  бағытта  аудандық  балалар  кітапханасы  бір топ  іс-шаралар  ұйымдастырады.  Құрметті  оқырман, «Көк  

сандықтың» ішіндегі  кітаптар  мен  танысам  десеніздер,  аудандық  балалар  кітапханасына   шақырамыз,  

келіңіздер,  іс-шараларға  қатысыңыздар

                                                              

                                                         Шет аудандық балалар кітапханасы 

    


                               

 

 



«Көк сандық » ауданымыздың газет бетінде

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Көк сандықтың 

саяхаты»

 

Мақсаты: оқушылардың зеректік 

қабілетін дамыту, ой-өрісін 

кеңейтіу, білімге құштарлығын ояту, 

ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін 

арттыру, кітапты насихаттау, кітапты 

оқу мәнін және ерекшеліктеріне 

назар аудару, жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен танысу. 

Осы «Көк сандықтың саяхаты» атты кешімізде  аудандық балалар кітапханасының  меңгерушісі  Ахметова 

Гүлшара  Қамиқызы  сөз сойлеп келген  оқырмандарымызға  жылы лебізін білдірді. Библиограф  Айнұр 

Қазыбекқызы  «Көк сандықтың» ішіндегі  кітаптармен  таныстырып,  шолу өткізсе оқу залының 

кітапханашысы  Мукатова Бағдат Хасенқызы  көк сандықтың ішіндегі  оқырмандарға  ең ұнаған  Ермек 

Өтетілеуұлының  «Әдептілік әдемілік» атты кітапты дауыстап оқып берді.

 

 

 


                          

4 - 15желтоқсан  аралығында  «Көк сандық саяхаты»  өзінің жалғасын тауып 

кітапханамыздың кітапханашылары ауданымыздың Оқушылар үйіне кітаптарды 

насихаттап барды. Қатысқан оқушылар саны-25. Кітапханамыздың 

библиографы Нұршаева Айнұр оқушыларды кітаптармен таныстырып, шолу 

жасады. Әдіскер Ахметова Шахаризада орысша кітаптармен  таныстырды. Атап 

айтатын болсақ Кошкин дом, Остров везения, Охотники за диковинками. Оқу 

залының кітапханашысы Мукатова Бағдат қазақша ертегілермен таныстырып 

оқушыларға ұнаған Құс тұмсық патша, Уақыт кеңестігіне саяхат атты кітаптарын 

оқып берді. 1-сынып оқушысы Хамитов Нұртілеу Жемістер атты кітабын дауыстап оқып берді. Оқушылар үйінің 

жетекшісі Есимова Гүлсара «Әдептілік әдемілік» кітабымен танысып оқушыларға олардың мәдениетті, білімді, өнерлі 

болуын, өткен тарихымызды біліп, ой-өрістерін кеңейту туралы қысқаша мағұлмат берді. Оқушылар әр кітапқа назар 

аударып қызығушылықтары арта түсті. 

 

 

 


 

     

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітапханамызға  дауыстап оқу үрдісін жалғастыру 

мақсатында  ауданымыздың   Ж. Ақылбаев  атындағы 

мектеп  гимназиясының  4 сынып оқушылары сынып 

жетекшілерімен  саяхаттап келді.  Келген 

оқырмандарымыз  Көк сандықтың  ішіндегі  кітаптармен 

таныстырылды.  Кітапханамыздың  кітапханашысы 

келген  оқырмандарымызға  кездескендеріне  қуанышын 

білдіріп,  кітап жайында  ұлағатты сөздер айтты. 

Сынып жетекшісі  С. Жумашевна  көк сандықтың  ішіндегі 

кітаптар  туралы біраз түсінік  берді. Кітап білімдерін 

молайтып,  кітаптан  көп өнеге мен  тәрбие                                        

                                                                                       алатындарын  түсіндірді. 

 

   

   

                      

 

 «Көк сандықпен сапарға аттанамыз».  

 

Ақадыр  балалар  кітапханасының  кішкентай  оқырмандарын  ,  «  көк  сандық  »  ішіндегі  кітаптармен  таныстыру, 



дауыстап  бірге  оқу  сапарымыздың  басты  мақсаты  болды.  Осы  іс  –  сапар  барысында  Ақадыр  ауылының  тумасы, 

ауданымыздың  мақтанышы,  жазушы  Өмір  Кәріпұлы  да  іс-шарамызға  шақырылып,  қатыстырылды.  Өмір  Кәріпұлы 

аталмыш  іс  –  шараға  қатысып қана қоймай, оған өзінің де туындыларын ала келіпті. Өмір Кәріпұлының да кітаптарын 

дауыстап  оқып,  кітаптармен  таныстырылған  оқырман  балалар  алдағы  уақытта  да  осындай  іс  –  шаралар  көбірек  өтсе 

деген  ниеттерін  білдіріп  жатты.  Ақадыр  ауылының  Гагарин,  Ермеков,  Мәметов    атындағы  орта  мектептерінің 

оқушылары кештен жақсы әсер алып тарасты.     



Өмір Кәріпұлымен өткізілген кездесу кешінен көріністер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көк  сандығым  ашыл, ішінен  кітап  шашыл! 

«Әдеби   шолу» 

Библиографиялық  шолутің  мақсаты:  Кітаптың  адам   өміріндегі    орны   

туралы  түсінік беру;  кітапқа  деген  қызығушылығын  арттыру,  сөйлеу  

мәнерін  дамыту;  кітапты  сүюге  баулу, күтіп  ұстау  ережелерін  білу. 

Көрнекілігі:  Балалар  әдебиетінен   кітап көрмесі,  және  жаңа  түскен  кітаптарға  таныстыру мақсатында. 

          Адамның дос- кітап өмір кілті,

 

 

         Тең емес  оған  жиған  мүлкің. 



         Ақылшы,  жанға серік,  

         Ақыл-ой қазынасы, өмір көркі. 

  «Білім-өмір  шырағы» -  Қазіргі  заман -білім   мен  ғылым  заманы. Ақыл мен сананың, білім   мен   біліктің   бәсекеге  

түсер ғасыры.  Біз  осы заман  түлектеріміз.  Ертеңін ойлайтын,  болашаққа үмітпен  қарайтын   ел  болғандықтан   

Елбасымыз   шәкірт  біліміне   ерекше  көңіл  бөліп отыр.  Ертеңгі  күннің  бүгіннен   де  нұрлы   болуына   ықпал   етіп,  

адамзат  қоғамын  алға  апаратын  құдіретті  күш  тек   білімге  ғана  тән.  Еліміздің    келешегі   біздер болғандықтан   

алдымызда   үлкен   жауапкершілік   тұр.  Ұлтымыздың   тарихын  оқып, салт-дәстүрін,  мәдениетін  үйрену-міндетіміз.        

 Құрметті  ұстаздар,  оқушылар! 

Бүгін аудандық  балалар кітапханасы   «Көк  сандығым  ашыл, ішінен  кітап  шашыл»  

атты  әдеби шолуға  қош келдіңіздер. Оқушылар сіздер үшін  ұйымдастырылды.  Әдеби шолу  3-бөлімнен  тұрады.   

 Бірінші   бөлім  даярлық  және  1 сыныпқа  арналса,   екінші   бөлім 2-3сынып  оқушыларына,  үшініш   бөлім  4-сынып  

оқушыларына арналған. 

 Ал енді  осы бөлімдерге   жеке   тоқтала кетейін.   Бірінші   бөлім  0-1 сынып  оқушыларына   арналған. Сендер үшін  

мына  кітаптар  көрмеге  қойылды,  осы кітаптардың  аттары  сендерге  таныс. Ендеше танысайық. 

1.

 

Үш күшік 



2.

 

Құс тұмсық  патша                                             



3.

 

Үш аю 



4.

 

Бөбектерге  арналған  қызықты ертегілер 



                   5.   Топ-топ,  топ-топ   Басайық    

                   6.  Бауырсақ 

                   7.  Қоршаған  орта. 


Осы кітаптарға оқушылар  өздерінің   пікірін   айты. Кітаптарға  қызылға  қарады   балаларға  өте  ұнады.  

 Ал енді балалар  екінші   бөлімде   2-3  сыныпқа  арналған кітаптарды оқушылар сендер білетін    шығарсындар,  және  

кітапты   пайдалану  ережесімен  барлығына  таныстырып   өтейін. Енді осы  кітаптарға  тоқталайық.      

                          1. Балаларға  базарлық 

                          2. Жануарлар туралы ертегілер 

                          3. Айша 

                          4.  Балалар  базарлық 

                          5. Кім ойлап   тапқап?!

 

 

 Ал енді үшінші   бөлімге  4 сыныпқа   арналған  кітаптарға  тоқталайық.  



                          1. Балбұлақ 

                          2. Он бес жасар капитан 

                          3. Мен  және  қоршаған  әлем 

                          4.  Әдептілік    әдемілік 

Оқу залы кітапханашысы  Мукатова Бағдат  Хасенқызы  Көк сандықтың  ішіндегі   кітаптардың оқырмандарға ең 

ұнағанын   дауыстап оқып  берді. 

Оқушылар   кітап сендерге  қуаныш  сыйласын десеңіз  қандай  кітапты алу керек   екенін  білу керек.  Құрметті  

оқушылар,  Ұлағатты  ұстаздар,  баршаңызға  шаттық,  куаныш,  елімізге    тыныштық   тілейміз.   Алтын  

уақыттарыңызды   бөліп  тыңдағандарыңызға   көп-көп  рахмет.  

 

                                Ақпараттық  тізімдер 

  

1.Еділбаев  Т. 

      Айша:    Өлеңдер,    мысалдар,    жұмбақтар,  жаңылтпаштар,    санамақтар,    «Балалар    әдебиеті»  Алматы:,  2011. -96 б.  

ІSBN 978-601-252-047-7 

2. Ермек   Өтетілеұлы 

    Әдептілік-әдемілік   «Алматыкітап  баспасы   2011ж.-55б. .  ІSBN 978-601-01-0516-4 



3.Верн  Жюль. 

Он    бес  жасар  капитан.    Роман  /  Жюль    Верн.   Орыс  тілінен  аударған  С.  Ещанова.  Астана:  Аударма,  2011-408б.  

ІSBN 9965-18-360-0 


4.Иманалиев Б.  Адырбек  Б.   

Мен  және   қоршаған   әлем-Алматы:  Баур,  2006-112 бет,- 166  сурет.  

ІSBN 9965- 9936-8-8 

 5.Топ-топ, топ-топ  Басайық: орысша  және  ағылшынша  сөздермен. – Алматы: Аруна ltd,2013.-56 б.  

6.Үш  күшік (Ертегілер  елінде) Алматы:  Аруна ltd,2013.-32б. 

7.Құс  тұмсық  патша  (Ертегілер елінде) Алматы: Аруна ltd,2013.-32б. 

8.Төреқұлқызы, А. Қоршаған  орта.-Алматы: Аруна ltd,2012.-51 б. 

 9.Үш аю: халық  ертегілері.- Алматы: : Аруна ltd,2013.-18 б. 

10.Молдағалиев,Т.  Балалар  базарлық:  

Өлеңдер.-  Алматы:  Балалар әдебиеті, 2011-96  б. 



11. Жұмағалиев, Қ. Кім  ойлан  тапқан?! Өлең, тақпақ, ертегі, қиял-ғажайып  шығармалар.-Астана:Педагогика-Пресс 

Баспа үйі.-2010.-240  б. 



12.Жануарлар  туралы  ертегілер: халық ауыз әдебиеті.-Алматы: Алматы: : Аруна ltd,2012.-92б. 

13.Жексенбай, Т.  Бал  бұлақ- Алматы:Атамұра,2010.-95  б. 

14.Бөбектерге  арналған  қызықты  ертегілер.-Алматыкітап, 2010.-57  б. 

 

 

 

 

 

        «Көк сандықтың» әдеби залына қош келдің балақай! 

       

 

   

   

 

 

 

  

   

    

 

 

 

 

 

                    «Көк сандықтың» байлығы  атты викториналық ойынның сценарийі

 

     

Ж.Ақылбаев және  Ы.Алтынсарин  атындағы  мектеп  оқушылары  және де ұстаздардың қатысуымен  «Көк  

сандықтың»  байлығы  атты  викториналық  ойын жүргізілді.

 

   Қатысқан  оқушы саны – 40  оқушы. (екі команда «Тұлпарлар» мен «Серілер»)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   



Викториналық  ойынның      мақсаты:  Ойын    арқылы    оқу    үрдісіне қызығушылығын  ояту,  тіл байлығы молайту, тіл  

мәдениетін  тәрбиелеу, ойын  оқушыға  өзін-өзі  толық   тануына  мүмкіндік береді, 

Бүгінгі    таңдағы    кітапханашылар  алдындағы  міндет-жас  ұрпақты  егеменді    еліміздің  тұтқасы    болатын    жан-жақты  

дамыған азамат етіп тәрбиелеу.    



Көрнекілігі: даналық сөздер,  жұмбақтар,  викторина  ойындар,  кітаптармен  танысу. 

   Жүргізуші:  Әр    кітап-  Отан    байлығы,    аға-апаларымыз    бен    әже-аталарымыздың    маңдай  тері.    Кітап    жаман  

әдеттерден    аулақ    болуға    үндейді.  Ол  елді,  жерді  сүюге,  талапты,  кішіпейіл  болуға,    мейірімділікке,    төзімділікке  

баулиды.  Одан  ақыл-кеңес,    тәлім-тәрбие,  үлгі-өнеге    аламыз.    Кітап-біздің    рухани  жан  азығымыз.  Ал,   оқушылар 



ойынымызды бастайық.  Ойынымыздың 1-ші айналымы: 

                     Даналық сөздер: 

  

1.

 



Артық ғылым кітапта, 

Ерінбей оқып көруге.   (Абай  Құнанбаев) 

2.

 

Кітап  маған  тақтан да қымбат (У.Шекспир) 



3.

 

Кітап-әлемдегі құпиялы  ұлы   ғажайыптардың бірі.  (М.Горький) 



4.

 

Жақсы кітап оқу ақылды адаммен  сырласқанмен бірдей (Л. Толстой) 



5.

 

Кітапсыз үй- терезесіз бөлме  (Д. Вильсон) 



  6.  Кітап дегеніміз- біздің  заманымыздың өмірі. (В.Белинский) 

  

 Жүргізуші: Кітап- заманымыздың  өмірі. Ол  кәріге  де,  жасқа  да қажет. Біз  кітаппен  күн сайын кездесеміз.  



      Кітап  адамның  дүниетанымын  кеңейтіп,  рухани   дүниелерді  оятып, Отан, туған жер,  ел  ордамыз туралы  сыр 

шертіс еді. Кітап- біздің ең жақын  ақылымыз кітап  білімімізді  молайтады, кітаптан  көп үлгі-өнеге  мен тәрбие аламыз. 

«Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған. Ендеше,  қымбатты балалар,  бүгінгі  «Көк сандықтың» байлығы  

атты викториналық ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз. 

  Балалар, Бүгінгі әңгімеміздің өзі «Кітап» жайында болмақ, себебі біз үлкен кітапханада,  кітаптар арасында отырмыз. 

Кітап  туралы  мол  білгіміз келеді. Кім  біледі,  балалар,  «Кітап» деген  сөз  қайдан  шыққан, қандай мағына береді? 

Балалар, білесіңдерме? 

 Кітап-арабтың    «жазу»    деген  сөзі.  Кітап-рухани    қазына,    өмір  айнасы,  замана  сыры,    тарих   шежіресі,  оқу-тәрбие  

құралы.   

 

Ал, балалар ойынымыздың 2-ші айналымы. 



Жұмбақтың шешуін табайық. 

 

  Көп әңгімем, өлеңім, 

  Күнде ақыл беремін. 

  Жақсы көрсе мені кім, 

  Мен  оны жақсы көремін. (Кітап) 

 

  Қабат-қабат  қаттама, 



  Ақылың болса аттама. (Кітап) 

  

 Үндемес серік, ақылы берік.  (Кітап) 



 

Жүргізуші: балалар біз бірнеше күннен бері бізге саяхаттап келген   «Көк  сандықтың» ішіндегі кітаптармен 

танысудамыз. Дауыстап оқыдық, мазмұндап айттық . Ал енді осы кітаптар жайлы енді мен сендерден сұрасам қайтеді.  



Оқушылар: Сұраңыз. Біз жауап беруге әзірміз.  

Жүргізуші: Ал ендеше құрметті ойынға қатысушы ойыншылар, өте мұқият болыңдар. 

 Қай топтың балаларының есте сақтай білу  қабілетінің жақсы екенін тексеру сәті түсіп тұр.  



Олай болса ойынымыздың 3-ші айналымы. «Ойлы болсаң, озып көр!» 

  

   Қойылатын сұрақтары: 



1. «Қоршаған  орта »кітабінің  авторы  кім?  (А.Төреқұлқызы) 

2. «Бауырсақ » қай  елдің  ертегісі? (Орыс) 

3. «Кім ойлап тапқан»  кітап не  жайында? (Өлеңдер, тақпақ, ертегі,  қиял-ғажайыптар)   

4. « 


Бал бұлақ» 

кітабінің авторы кім?  (Т. Жексенбай) 

5. Қандай  халқы ертегілерін  білесіңдер ? (Үш күшік, Үш аю,Ұйқыдағы ару) 

6. Т. Молдағалиевтың  қайдай  кітаптары  бар? (Балаларға  базарлық) 

 

Жүргізуші:  Міне,  көрдіңіздер ме,  кітаппен  достассаң  осының  бәрін  білесің.  Кітап  сенің  бірде  білім  нәріне  бірге  

сапар   шектіреді, бірде ұялтса,  бірде  мадақтайды,  бірде  бүкіл әлем сырын  алдыңа  жайып  салады. 

 « Кітапсыз  білім жоқ, - білімсіз  күнің   жоқ» деген  -осы.  Ал, оқушылар,  ұстаздар,  осымен викториналық ойынымызды 

аяқтай отырып, жеңіске жеткен «Тұлпарлар» командасына алғысымызды білдіре отырып,  сіздерге  зор 

денсаулық,қажымас  қайрат,  шығармашылық   табыс тілейміз.Алдағы уақытта да кітапханамыздағы өтетін осындай 

шараларға ат салысып, осылай қатысып отыруларыңызға тілектеспіз. Сау болыңыздар!   



 

 

 

 

Аудандық   балалар   кітапханасында  «Көк  сандық»   жобасы 

бойынша   кітаптарды  дауыстап  оқу 

 

Жобаның мақсаты  мен  миссиясы: Оқушыларға жаңа  түскен  кітап   және  жаңа авторлармен  

танысу,  кітап   оқудың   мәніне,  ерекшеліктеріне назар аудару  көбірек  оқуға   үйрету,  кітапты 

дұрыс таңдау  оқушылардың  зеректік  қабілеттерін арттыру .  

 

  Жобаның   ұраны:  Бәріміз 

оқимыз!  Әрқашан     оқимыз!  

Кез келген  жерде  оқимыз!. 

    «Көк сандық» жобасы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы мектеппен  бірігіп  отырып   ұстаздар 

және оқушылар  арасында әдеби  шолу  өткізілді. Көк сандықтың ішіндегі кітаптарды ұсына отырып 

«Көк сандығым ашыл, ішінен кітап шашыл»  атты әдеби  шолу  ұйымдастырдық. Қатысқан  оқушы 

саны – 45оқушы. Көк сандық ішінде көркем безендірілген 37 дана кітап бар. Көк  сандықтық  

ішіндегі  0-4 сынып  оқушыларына  арналған 

кітаптарға  шолу  жасалды. Қандай кітаптар бар  

екенін   таныстыру мақсатында  жүргілді. 

Іс-шара барысында балалар  кітапханасының библиографы: Нұршаева  Айнұр  Қазбекқызы  Көк 

сандықтың пайда болу тарихын оқушыларға әңгімелеп берді.

 

 


 

Аудандық мәдениет үйінде  Ақсу-Аюлы ауылдық округының әкімі Б.М. Арыстанбековтың ұйымдастыруымен көп 

отбасылы, аз қамтылған жанұялардың 2-10 жастағы балаларға арналған Жаңа –жылдық шырша мерекесі өтті. Осы 

Жаңа-жыл шырша мерекесіне кітапханамыздың кітапханашылары «Көк сандық» жобасымен саяхаттап  барды. Жаңа 

жыл шырша мерекесіне келген жас бүлдіршіндер Көк сандықтың ішіндегі ертегі кітаптарға қатты қызықты. Өздерінің 

киген киімдерін ертегі кейіпкерлеріне теңеп, кітапханашылармен бірігіп «Бауырсақ» ертегісінен үзінді көрсетті. 

Саяхаттап барған кітаптарымыз балалардың жан дүниесіне әсер етіп, өрістері мен қиялдарын байытады. Балаларға 

сонымен бірге әр-түлі ойындар ойнатылды.  



           

           

 

«Маған қандай кітап ұнады» «Мен қандай кітаптың кейіпкеріне ұқсағым келеді?» «Көк сандықтан 

тағы қандай кітаптарды көргім келеді» атты тақырыпта оқырмандардың пікірлері

 

 



 

 

 

 

 

Рахмет «Көк сандық»

   


    

             

 

      


  

               



                        

                                                                                             

                

 

 



                          

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет