Сапасын дамыту жолдары



Pdf көрінісі
бет3/33
Дата29.12.2016
өлшемі9,25 Mb.
#697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

16 
 
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы 
«Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 
Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі:  
Омарбекова Айдана Жангазовна 
 
 
Ұлттық тәрбие тағылымы 
Авторлық   шығарма 
 
Ұлттық  тәрбие  тағылымының  жақсы  деңгейде  шарықтауы  алты  алаштың  еншісіне  берілген.  Қазақ 
халқының  ұлттық  тағылымы  тамыры  терең  үлкен  тарих  әрі  баға  жетпес  қазына.  Сол  қазынамыз  өге 
ұлттардың  қызығушылығын  тудырары  сөзсіз.  Тамыры  тереңнен  дамыған  ұлттық  тәрбие  тағылымын 
насихаттау,  дәріптеу,  қастерлеу  әрбір  адамзат  парызы.Ұлттық  тәрбие  тағылымы  халықпен  бірге  біте 
қайнасып  жатқан  дүние.Оны  өнеге  тәрбиесі  деп  ұғынған  абзал.Оның  ішінде  салт-дәстүр  байлығы-
мәдениетіміздің  байлығы.  Бұл  байлықты  нәзік  жүректің  дүрсілін  естігендей,  көзіміздің  қарашығындай 
сақтауымыз керек. 
Салт-дәстүр  тәуелсіз  еліміздің  елдігін,  кеңдігін  сезіндіретін  ерекше  сенімі.  Қандай  халық  болса  да,  салт-
дәстүр  сол  халықтың  даралығын  текеметтің  бетіндегі  оюдай  айқын  бейнелейді.  Мысалы:  жаны  дарқан 
қазағыма тән бауырластық, ақжарқындық, қонақжайлық.Әрине, бұл қасиеттер басқа да туыстас халықтарда 
да кездеседі.Алайда бұл асыл қасиеттер әр халықта сан түрлі қырынан көрінеді.Салт-дәстүріміздегі әр түрлі 
қасиеттер  үнемі  бірін-бірі  толықтырып  отырады.  Салт-дәстүрлер  халықтың  тәрбиесіне,  сеніміне, 
тұрмысына, ырымына қарай қалыптасып, дамып отырады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған батыл 
да қонақжай халқымның салт-дәстүрі – өзінің  еншісіне бұйырған, тағдырына таңбаланған тәңірдің берген 
үлкен  сыйы.Бұл  салт-дәстүрлер  өзгелер  өңешін  үзе,  тамсана  таңырқайтын,  жүректері  елең  етіп 
қызығарлықтай  деңгейде.Осынша  қара  қазақ  бабама  тәңірдің  берген  сыйы  ізеттілік,  адамгершілік, 
бауырмалдық, жомарттық өлшемдерімен астасып жатыр. 
Ұлтымыздың өз ұрпағын гауһардай мөлдір ізгілікке, имандылыққа, ілтипаттылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл 
атқарушы-елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев.  Бәрі  де  алдыңғы  дөңгелектің  ізін  басады.  Ашық  аспанымызға 
бірліктің көгілдір туын желбіреткен, салт-дәстүрін асқақтатып, елін азат еткен дара да дана тұлғаны айтпай 
кету мүмкін емес.Елбасы бейбітшіліктің есігін айқара ашып, тәуелсіздігін төрге отырғызған.Отанымыздың 
қара топырағын басушылар қатарындағы көкірегі елі, жері, отаны деп сайрайтын қазақтың қара қызымын. 
Қалай ғана санам, ұлттық тәрбие көзін дәріптеуші, бағыттаушысын сөз етпес?! 
Мына өлең жолдарын аса құрметпен елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арнаймын. 
                        Көкпеңбек түске жалауымыз боялған, 
                        Алтын түсті бүркіт кеп қиялаған. 
                        Ұлттық өрнек шетіне бейнеленіп, 
                        Елбасының қолында алаулаған. 
 
                        Шетіне екі пырақ орын еткен. 
                        Ортасында шаңырақ мекен еткен, 
                        Бейнеленіп жұлдыз,уық ,көк аспанды 
                        Келбеті желбіреген туымның ғажап неткен. 
 
                        Айбатты сөздерінің мәні қандай, 
                        Мағынасы,келбеті,жаны қандай. 
                        Нұр аға танымын ойластырып, 
                        Шәмші аға құрастырған әні қандай. 
 
                        Бақытты,қадірлі болсын жанұялар, 
                        Көбейсін, өркендесін ғұламалар. 
                        Нұрсұлтан Әбішұлы ағамызға 
                        Ақ батасын ұсынсын қариялар. 
 
                        О,халқым,жолдас болсын Қыдыр баба. 
                        Үйренген шыншылдыққа жолды таба, 
                        Мемлекеттің болашағын қолға алып, 
                        Алға шық,бірінші боп,бәйге шаба. 

17 
 
 
Ұлттық  тәрбие  көзін  халқына  дұрыс  түсіндіріп,  бағыттап  отырған  елбасына  мың  алғыс.  Сол 
бағытты жете меңгерген, жас қайыңдай тамырына сіңірген қазақ халқы. Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың ең 
негізгісі әрі дем берушісі. Біліміміз де, білігіміз де бабамыздан бізге жеткен, сан ғасырлардың талқысынан 
өтіп,  замана  сынында  шыңдалып,  еленіп-екшеленіп,  өзіміздің  қазақы  тәрбиемізбен  егіз  қозыдай  болары 
күмәнсіз.  Әлемде  екінші  Аристотель  атанған  Әл-Фараби  ғұламамыз:  «Тәрбиесіз  берілген  білім-қауіпті» 
деген екен. Бұның бәрі ұлттық тәрбие тағылымының сарқып құяр сағасы бір екендігін көрсетеді.Сондықтан 
өзге  ұлтқа  керексіз,  қоқысқа  айналған,  салт-дәстүрімізге,  ұлттық  тәрбие  тағылымына  кедергі  келтіруші 
оғаш  қылықтар  мен  білімсіздік,қасиетсіздік  нөсерін  жаудырмауымыз  керек.  Ал  егер  ондай  қылық  бола 
қалса-ұлттық  тәрбиенің  ұйып  тұрған  қаймағын,  әлемнің  өмір  сүрушілерін  көтеруші  жер  анамызға 
төккенмен бірдей.   Сондай-ақ бұл қадірін кетіретін қарекет. Есімізді жиып, бүгінде тереземізді елу елдің 
терезесімен  теңестірер  заманға  әрекеттенгенде  бұл  ұтымсыз  қадам.  Алайда  кешегі  өткізген  қиын  қыстау 
күннің ызғары, азап шеккен жүректердің түкпірінде қалады. Қазіргі дамыған, өркендеген заманда жарқ етпе 
дүниелерге  қызыға,  бойымызға  сіңіру,  жармасу  еліміздің  ұлттық  тағылымы  үшін  жақсылықтың  нышаны 
емес  екендігін  саналы  есіміз  дабыл  қаға  сезеріне  шүбәм  жоқ.  Тәлімді,  тәрбиелі  ұлттық  тағылымымызға 
құрт  түсіретін,  болмысымызды  кедейлететін,  тарихымыз  бен  мәдениетімізді  жетімсірететін  іс-әрекетке 
бармау  жолдарын  қолға  алу,  әрбір  көкірегі  ояу  адамзат  борышы.  Ұлтымыздың  салт-дәстүрі  шарықтап, 
тарихы мен мәдениеті асқақтасын десек, ұлттық намысымызды жасытатын, бетімізді бастыратын қарекетке 
бармау  жолдары  үнемі  шекарашы  сақшыдай  дайын  болуы  шарт.  Алайда  отанымызда  «  әттеген-ай»дейтін 
жағдайлар баршылық. Ол үлкен ауру дерттен айығудың өзі бірнеше емдеу жұмыстарын талап етеді. Әрі ол 
азапты болады. 
Ұлттық  тәрбие  тағылымы  үлгі  тұтар  үрдістер  мен  арнайы  ұстанымдар,  мақсат-мұрат,  тәрбие  сағаттары,  
халықтық  қасиеттерді  насихаттаудың  алтын  арқауы.  Осы  асыл  қазынамызды  бабаларымыз  бізге  аманат 
етті.  Аманатқа  қиянат  еткен  жарамас.  Ол  ең  алдымен  пенде  ретіндегі,  отан  алдындағы  үлкен 
жауапкершілігіміз. Оған үлес қосу, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай дәріптеп, өзімізбен жас 
балаша өркендеу жолына жетелеу үлкен алдымызға қойылған міндет. 
Мен Қазақстан Республикасының көкірегі ояу, саналы азаматшасы ретінде қазақ халқының кешегі тарихы 
мен  бүгінгі  мәдениеті  және  ұлттық  болмысын  дәріптеп,  насихаттау  жұмысына    аздаған  болса  да  үлесімді 
қоссам деп  бала күннен армандадым. Бала күнгі арман жетегі жетелеп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосар ұстаз 
болдым. Әрбір күнімді ұлт тәрбиесіне, мәдениетіне арнаймын. 
Мейлі, мен бір үлкен қауымға елімнің тарихын, болмысын, мәдениетін дәріптеп жатпасам да, ертеңгі алты 
алаштың  алтын  діңгегін  тәрбиелеудемін.  Бала  тәрбиесіне  етене  араласып,  ұлттық  тағылымның  ызғарлы 
емес,  шуақты,  нұрлы  күндерін  насихаттап,  ел  тағдырын  ойлайтын  нағыз  ұлтжанды  оқушылар 
тәрбиелеудемін. Кеудемде жаным болса, елімнің өркендеуіне үлес қосудан еш талмас қанатым... 
Ұлтымызда саналы тәрбиеге негізделген әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырымдар аз емес. Олардың қай-қайсысы 
болсын, елін жақсыдан үйренуге , жаманнан жиренуге, ардан аттамауға, абыройды еншілеуге,әдептілік пен 
ізгілік  атаулының  бәрін  бойға  сіңіріп,  бір-біріне  аса  құрметпен  қарауға  негізделген.  Сөз  маржандарымен 
артына  қазына  қалдырған  бабаларымыздың  ұлттық  тағылымы  әрдайым  алып  бәйтеректей  бой  түземек. 
Халық  ауыз  әдебиеті  үлгілері,  жыраулар  поэзиясы  осылардың  барлығы  ұлттың  өзекті  тағылымының 
ботадай көздері. Тарихы мен мәдениетінің бір тамыры. 
Ұлттық тағылымның өне бойынан үлкенді сыйлау, салт-дәстүр, оның ішінде ерекше атап өтері сәлем салу 
дәстүрінің  ұлттық  тәрбиедегі  алар  орны,  ғибраттық  мазмұны,  сыйластық  мәдениетінің  өзектілігі, 
тағылымдық қуатының ғажаптылығымен, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан әдеп мектебінің асылы. 
Бұл  қылықтардың  барлығы  қазақылықтың  үлгісі,  үлкен  сыйластық  тауының  шыңы,  ақ  пейіл  мен  адал 
көңілдің,  ілтипаттың  бұдан  өткен  мәдениеті  дүниеге  келді  дегенге  дауласатындар  табыла  қоймас.  Бұның 
бәрі  ұлттық  тағылымның  бізге  берген  сарқыты  іспеттес.  Ұлттық  тағылым  қағаз  бетіне  түскен 
әріптержиыны ғана ретінде қалып қоймай, күнделікті тұрмыста қарапайым халықты тәрбиелеудің көзі. Сол 
халықтың  шаңырағының  биік,  керегесінің  кең  болуы  осыған  байланысты.  Ұлттық  тағылымның  қағаз 
жч.үзінде емес, қарапайым халық арасында іске асуы мені қуантады. Ол салт-дәстүрлер арқылы жүйеленіп 
отыр. 
Ал адамды өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа, баянды бірлікке, құдайы қонағына дейін құрметтеуге, 
жылағанды  жұбатуға,  сүрінгенді  көтеруге,  жетімін  жебеуге,  қайғысын  жеңілдетуге  халқымыздың  ақыл-
ойының жемісінен шыққан, алтын көпірдей асыл да қымбат ғұрыптарды енгізуде халқымыздың санасы ояу, 
шоқтығы  биік.Ұлттық  тағылым  ұлтымызды  имандылыққа  тәрбиелеуде  жиған-тергені  мол,  артына  мирас 
болып  қалып  отыр.  Ибалық  пен  ұяңдық-сонау  ата-бабаларымыздан  қалған  баға  жетпес  асыл  қасиеттер. 
Қазақ халқының сыпайылығы өзге ұлт өкілдері сұқтанарлықтай. Ал әдептілігі-ұлттық тағылымның тарихы 
тереңнен  екенін  көрсететін  жәдігерлік  жауһары.  Аға  ұрпақ  өкілдерінің,  ата-ананың,  өскен  ортаның, 
қоғамның  жас  буынға  берер  еншісі-тәрбие.  Оны  көк  бөрідей  ұмтыла  бойға  сіңіру  мақсаты  тұр.  Бұл  жас 

18 
 
алаштың жарқын болашағына жолдама. Оны қасықтап жинаған ұлылығымызды қорғауымыз керек.Ұлттық 
тағылым негізінде мәдени игіліктерімізді бөлшектеп болсын жинастыруымыз қажет. 
Сондықтан ұлтымызды, салтымызды, дінімізді жоғалтудан қорқуымыз керек. Ұлттық тәрбиені отбасынан, 
ошақ  қасынан,  тіпті  бала  құрсақта  жатқан  кезде  бойына  дарыту  жөн  болар.  Ол  үшін  қазақы  салт-
дәстүрімізді  ұмытпай,  жадымызда  сақтауымыздың  мәні  зор.  Тәуелсіз  елімізде  ата-бабаларымыздың 
қалдырған асыл мұрасын қастерлеу, қайта жаңғырту ендігі болашақ ісі, бізге берген өрлеу заманының кілті. 
 
 
  
 
 
 
 
 
212 мектеп-гимназиясының 
 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 
Аяғанова Дана Әзижанқызы 
Қызылорда қаласы 
 
 
 
 
Ойын әрекеті – бастауыш мектеп оқушыларына шетел  тілін оқытудың негізі. 
 
        ХХI  ғасырдың  бет-бейнесі  біліммен  өлшенбек.  Ертеңгі  келер  күннің  бүгінгіден  гөрі  нұрлы  болуына 
ықпал  етіп,  адамзат  қоғамын  алға  апаратын  құдіретті  күш  тек  білімге  ғана  тән.  Қай  елдің  болсын  өсіп-
өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,  даму бағытына 
тікелей байланысты. 
     Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті  – ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға 
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы 
мен  инновациялық  әдіс  –  тәсілдерді  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейміз. Бұл 
міндеттерді  шешу  үшін  мектеп  ұжымдарының,  әрбір  мұғалімінің  күнделікті  ізденісі  арқылы,  барлық 
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,  жаңа қарым-қатынасқа өту 
қажеттігі туындайды. 
Егеменді  еліміздің  өсіп  келе  жатқан  ұрпағын  ойлы  да  іскер,  жігерлі  де  батыл,  өзіне-өзі  сенімді, 
интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын 
орны  айрықша.  Мектеп  қазіргі  қоғамның  дамуымен,  әлеуметтік  практикамен  тығыз  байланысты.  Мектеп 
өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. 
Қазіргі  өмір  талабы  –  оқу  және  тәрбие  процесін  түбегейлі  өзгерту  өзіміздің  қолымызда.  Еліміздің 
тарихында  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер,  білім  беру  саласындағы  жаңа  бағыттар 
ағылшын  тілін  оқытуды  үнемі  жетілдіруді,  оқытудың  ғылыми  және  әдістемелік  деңгейін  көтеру 
міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде.  
Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның қоғамдық 
өмірдің  әр  алуан  саласында  қолданылуы  болып  табылады.  Жер  шарын  мекендеген  мыңдаған  ұлттар  мен 
ұлыстардың  бір-бірін  түсінуіне  –  халықаралық  сипат  алған  ағылшын  тілінің  ролі  зор.  
Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы 
ұқсастықтар  мен  ерекшелiктердi  ажыратуға  дағдыланады.  Сөйтіп,  өз  пiкiрi  қалыптасады,  түрлi  елдер 
мәдениетiн 
үйренедi. 
       Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін 
дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш 
мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. 
Еліміздегі  экономикалық  жағдайдың  күрделілігіне  қарамастан  жас  ұрпаққа  білім  беруді  әлемдік  деңгейге 
көтеру,  оларды  жалпы  орта  білім  алуға  түгел  қамтуға  басты  назар  аудару  жолында  жасалынып  жатқан 
батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының алғы шарты. 

19 
 
Еліміздің  тәуелсіздігінің  арқасында  халыққа  білім  беру  саясатының  бүгінгісі  мен  ертеңгісі  жаңа  көзқарас 
тұрғысынан  талданды  және  оны  реформалаудың  құқықтық  негізі  қаланды.  Атап  айтқанда  ел 
Конститутциясынан  бастау  алған  “Білім  туралы  Заң,  Қазақстан  Республикасы  бастауыш  білімінің 
Мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар. 
Бұл  мемлекеттік  құжаттарда  ұлттық  мектептерде  шетел  тілін  оқыту  ісін  жаңа  талаптарға  сай  жетілдіру, 
оқушылардың  шетел  тілінде  сөйлеп,  өз  ойын  жеткізу  дағдыларын  жаңа  сатыға  көтеруге  баса  назар 
аударыла бастады. 
Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы адам деп 
танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен жаңа технологияларды жеке 
адам  тәрбиесіне  пайдалануға  зор  мән  берілген.  Сондай  технологиялардың  қатарына  ойын  технологиясын 
жатқызуға болады.  
Оқу  үрдісінде  ойын  оқытудың  әрі  формасы,  әрі  әдісі  де  болып  табылады,  сол  себепті    ойын  әрекеті 
оқытушы  мен  оқушының  іс-әрекетінің  бірлескен,  өзара  байланысты    технологиясының    дидактикалық 
категориясы ретінде  де  қарастырылады. Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту 
қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды 
оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу жайлы айтады.  
Бастауыш  мектеп  жас  кезеңі  (6-10  жас  аралығы)  ең  алдымен  жүйелі  оқу  әрекетін  дамытудың  барынша 
маңызды  кезеңі  болып  табылатындығын  атап  өту  қажет.  Бұл  жас  кезеңінде  балалардың  бойында  оқу 
біліктері  қалыптастырылады,  сол  себепті  де  оқу  іс-әрекеті  бастауыш  мектеп  жасындағы  балалар  үшін 
жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады. 
Үстіміздегі оқу жылынан бастап барлық мектептерде ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту қолға 
алынды. Қазіргі жаһандық заманда бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту бізге пайдалы. Ағылшын 
тілі  коммуникативті  бағытта  білім  беретін  пән  ретінде  бастауыш  мектепте  оқытылады.  Бұл  балаларды 
жаңаша ойлауға үйрету, дүниеге жаңаша көзқараспен қарауға тәрбиелеумен білім беру, өмір сүріп жатқан 
ортаға сәйкес тәрбие мен дағдыларын өз бойына қалыптастыру. 
Оқу  үрдісінде  ойын    оқытудың  әрі    формасы,  әрі  әдісі    де    болып    табылады,  сол  себепті    ойын  әрекеті  
оқытушы  мен  оқушының  іс-әрекетінің  бірлескен, өзара  байланысты  технологиясының  дидактикалық  
категориясы    ретінде    де    қарастырылады.  «Ойын»   сөзінің    этимологиясын    қарастырсақ,  ол   «ой»  деген  
сөзге    тікелей    қатысты    болып    шығады,  міне    сол    себепті  де    ойлану    арқылы    ойынның    мақсатына  
жетуге    болатындығын  байқауға    болады.  Сондықтан,  ағылшын    тілі    сабағында  ойын  элементтерін 
қолданудың  маңызы    зор  деп    есептейміз.  Ойын  әдісі  арқылы  оқыту  оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттырып  қана    қоймай,  өз  ойын,  пікірін,  көзқарасын  білдіруге,  екінші  бір  адамның 
жауабын  тыңдап,  оны  толықтыруға,  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  айта  білуге  жаттығады.  Егер  мұғалім 
ойын  технологиясын  жеткілікті    деңгейде  орындаса,  яғни  жақсы  құрастырылып,  тиімді  әдістермен 
ұйымдастырылса,  онда  ойын  практикалық  тәрбиелік  және  дамытушылық  жағынан  негізгі  оқыту  тәсілі  
болып табылады.  
        Ұлы    педагогтар,  ғалымдар,  әдіскерлердің    еңбектерінде    ойын    әдісі  мынадай    түрде  
классификацияланады:  дидактикалық,  грамматикалық,  лексикалық,  фонетикалық,  рөлдік,  іскерлік, 
коммуникативті  біліктілікті  дамыту  ойындары. 
Ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері: 
1. Ойын  –  саяхаттар.  Олар  ертегілерге  ұқсас.  Олар  фактілер  немесе  оқиғаларды  бейнелейді,  бірақ  олар 
ерекше түрде ашып көрсетіледі: қарпайым жұмбақ арқылы; қиындық  – оңай жолмен, қажеттілер  – қызық 
жолмен беріледі. 
2. Ойын  –  тапсырмалар.  Бұл  ойындардың  негізін  заттар  мен  әрекеттер,  сөздік  тапсырмалар  құрайды. 
Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді. 
3. Ойын  –  болжамдар.  Бұл  ойындар  «не  болар  еді?»,  «мен  не  істер  едім,  егер…»  деген  сұрақтарға 
негізделеді.  Ойынның  дидактикалық  мазмұны  балаладың  алдына  проблемалық  міндет  пен  ситуацияны 
қоюда  ерекшеленеді.  Мұндай  ойындар  білімді  нақты  жағдайда  ұштастыра  байланыс  есептерін 
тағайындауды талап етеді. 
4. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой 
әрекетін  белсендіреді.  Жұмбақтар  салыстыру,  теңеу  және  сипаттау  арқылы  ұғымның  қасиеттерін 
ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді. 
5. Ойын  -  әңгімелер.  Ол  мұғалімнің  балалармен,  балалардың  мұғаліммен  және  балалардың  балалармен 
қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның 
құндылығы – олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға 
мүмкіндік туғызады. 
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері: 

20 
 
1.      балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар; 
2.      қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар; 
3.      қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар; 
4.      оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар; 
5.      ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар. 
Ойындардың құрылымы бойынша жіктелуі: 
1.     сюжеттік – рөлдік ойындар; 
2.     жаттығу ойындар; 
3.     драмалық ойындар; 
4.     шығармашылық ойындар; 
5.     әдеби-музыкалық ойындар. 
Ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жіктемесі: 
1.     білім беретін ойындар; 
2.   тәрбиелейтін ойындар; 
3.     дамытатын ойындар; 
4.     жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар; 
5.     диагностикалық ойындар. 
Шет  тілін  үйрету  кезінде  ойын  элементтерін  пайдалану  оқушының  шет  тіліне  деген  қызығушылығын 
арттырып,  жаңа  тақырыпты  жақсы  түсінуіне  әсер  етеді.  Ойын  арқылы  балалар  шет  тілінде  жеңіл  қарым-
қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет 
тілін тез үйренеді 
Сонымен  ойын  –  ақпаратты  өңдеп,  меңгерудің  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  ең  тиімді  жолы. 
Қызықты  ойын  баланың  сабақ  оқу  белсенділігін  арттырады.  Ойнау  арқылы,  балалар  білімдері  мен 
біліктіліктерін  іс-жүзінде  дамытады.  Ойын  баланың  тұлға  болып  қалыптасуына  көмектеседі.  Ойын  білім 
беруде  өте  пайдалы  технологиялардың  бірі  болып  табылады.  Сонымен  ойын  оқу  үдерісінің  өзекті 
мәселесіне айналды.   
    Ойын барысындағы негізгі  тұжырымдар:  
- ойын бастауыш сынып оқушысының  жан-жақты  дамуының  негізгі  құралы  ретінде  және  оның негізгі  
белсендіру    түрі    деп    табылып,    оқу  үдерісі    кезінде    оқушылардың  күшін    жаттықтыратын,  бағытын  
анықтайтын, шет тілін үйрену үрдісін жеңілдететін дәйек болып табылды;  
-  ағылшын  тілі  сабағында  бастауыш  сынып  оқушыларының  коммуникативтік    біліктілігі  мен  сөйлеу  
дағдысын    дамыту  және  коммуникативті  ортаны  қалыптастыру  мен  білім  беру  жолында  жоғары 
нәтижелерге  жету  үшін,  білім  берудің  қазіргі  тұжырымдамасына  сәйкес  оқу  үдерісі  белгілі  бір  жүйемен 
үздіксіз  жүргізілуі,  сонымен  қатар,  тіл,  психология  және  педагогика  салалары  бір-бірімен  ұштастырылуы 
қажеттілігі айқындалды; 
        -  ойын    арқылы    оқыту    әдісін    теориялық    тұрғыда    негіздеу      жалпы    білім    беретін    орта  
мектептердегі    бастауыш  сынып  оқушыларына    ағылшын    тілін    меңгертудің    қажеттілігін    арттырып, 
коммуникативтік  біліктілігін  дамытуға  септігін  тигізеді; 
-  бастауыш  мектептерде    ағылшын    тілі    сабақтарында    коммуникативтік    біліктілікті    дамытатын    ойын  
түрлерін    қолданудың    негізгі    шарттары    оқушылардың    қызығушылығын    арттыруға,  шығармашылық  
және  логикалық  ойлауға, берілген  тапсырманы  белсенді   түрде  орындауға  мүмкіндік  туғызады; 
         -  бастауыш  мектепте    ағылшын    тілі    сабақтарында    ойын    арқылы    оқыту    әдісінің    маңыздылығын  
дәлелдейтін  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс  нәтижелері  мен  ұсыныстары  оқушылардың  ағылшын  
тілінде  сөйлеу  біліктілігін  дамытуға  жағдай  жасайды 
     В. А. Сухомлинскийдің  сөзімен айтқанда: «Ойынсыз  ақыл  - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы 
да  мүмкін  емес.  Ойын  дүниеге  қарай  ашылған  үлкен  жарық  терезе  іспетті,  ол  арқылы  баланың  рухани 
сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- 
деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі зор 
болмақ. Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда 
Оқы да біл, 
Ойын - еңбек. 
Ойна да күл, 
Ойын - оқу,- деген сөзімен аяқтағым келеді. 
 
 
 
 

21 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет