Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата29.12.2016
өлшемі0,6 Mb.
#710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бес   жақсы  -  тоғыз беру салтына қатысты айтылатын тұрақты сөз
тіркесі. Үш тоғыздың ішінде бес жақсы болуы шарт. Сол  бес жақсыға
жанды тоғыздан  қара нар, емшегі тұтам бие  (не  қазанат),  жансызда
қалы кілем, алмас қылыш  (не түзу мылтық),  тәуір киім  (қымбат ішік,
жібек шапан т.б.) жатады.
12
Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. СПб.,1-том, 1869, 360-6.
24

Төрт   тұрман.  Тілімізде  төрт   тұрманы  түгел,  тұрманы   түгел
тәрізді   тұрақты   сөз   орамдары   бар.   Бұл   фразеологизм   қазіргі   кезде
«ешнәрсеге мұқтаж емес  деген» мағынаны білдіреді.  Төрт тұрманның
ертеректегі мағынасы басқашалау. Байырғы кезде ел қорғаған батырдың
алдымен төрт тұрманы түгел болуы керек. Атақты Шернияз ақын:
Сағынам ауызға алсам Исатайды,
Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы, - дейді.
Әдетте   төрт   тұрманға   сарбаздың   1.   ер-тұрманы   (ер,   құйысқан,
өмілдірік,   қамшы,   үзеңгі   т.б.);   2.   мүкәммалы   (кісе,   дәндәку,   кемер,
белдік, күдері белбеу т.б.); 3. жау жарағы, қару қаттауы (сауыт, дулыға,
қалқан т.б.); 4. бес қаруы жатады. Байырғы өлең-жырларда ер-тұрманға
байланысты «Құйысқаны құйма алтын, үзеңгісі үзбе алтын, қоңыраулы
құйысқан»  тәрізді тұрақты сөз орамдары жиі кездеседі. Жағасы алтын,
жеңі кез, шығыршығы торғай көз (Ақтамберді Сарыұлы), береңгілі бек
сауыт,  шығыршықты көк сауыт (Шынтасұлы Төрехан); ақсырмалды
сауыт   (Ер   Төстік)  дегендері-сауыт,   көбенің   түр-түріне   байланысты
айтылатын   тұрақты   теңеулер.  «Жау-жарақ   атадан   балаға   қалатын
мұра» деп отырады қариялар. «Бектен белгі – белге медет» деген мақал
жау-жараққа қатысты айтылады.
Сондай-ақ, қалқанның түрлеріне де қатысты айтылатын тұрақты сөз
орамдары, әсіресе, эпос тілінде аса мол: құрама болат дулыға, айдарлы
алтын дулыға, кіреуке көзді сауыт, шарасы алтын ақ қалқан т.б.
13
Бес қару.«Ер қаруы    бес қару»  дейді халық  мақалында.  Бес  қару
тіркесі ертегі жырларда жиі кездеседі. 
Берік сауыт кигізді, 
Садағын сала байланып.
Ер қаруы  бес қару,
Бесеуін тамам ілгізді («Құбығұл»).
Әрине, ертеде бес қаруға қару біткеннің бәрін жатқызбаған. Бес қару
деп   тартыспақ   (садақ),   атыспақ   (мылтық),   шанышпақ   (сүңгі,   найза),
шабыспақ   (қылыш,   алдаспан,   селебе),   салыспақ   (шоқпар,   айбалта)
сайыстарында, жекпе-жекте жұмсалатын қаруларды атаған.
13
  Қайдаров   Ә.Т.  Қазақ   эпосындағы   батырдың   жау   жарағы   және   олардың   этнолингвистикалық
түсініктемесі // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1973, N-
6, 24-25-б.
25

Эпос, ертегі сюжеттерінде:  Алыспақ керек пе, шабыспақ, керек пе?
-Атыспақ атамның арғы төрінде қалған, шабыспақ керек, – деп келетін
тұрақты   сөз   орамдары   жекпе-жек   сайысына   байланысты   айтылатын
стеоротиптер.  Бес қарудың  ел арасында айтылатын әр түрлі нұсқалары
бар. 1899 жылы Орынбордан шыққан «Сборник киргизских пословиц»
деп аталатын жинақта  «ер жолдасы    бес қару»  деген мақалды келтіре
отырып, оған жинақ авторы  1. пышақ, 2. найза, 3. қылыш, 4. садақ, 5.
мылтық  тәрізділерді   жатқызады   (106-бет).   Осы   аталған   кітапта  бес
карудың тағы бір нұсқасының берілуі өте қызық. Бұл нұсқа бойынша бес
қаруға.1. пышақ, 2. таяқ, 3. біз, 4. шақпақ, 5. жіп  тәрізді тұрмыстық
заттарды (бес аспапты) жатқызады (94-бет). Тегінде, бұл нұсқаның көне
дәуірдегі аңшылық кәсібіне байланысты айтылуы ғажап емес.
Бес қарудың ішінде мылтық пен қылышқа, әсіресе, қылышқа сыбаға
қылу  салтының   болғандығын   аңыз-әңгіме,   байырғы   жырлардан
кездестіріп   отырамыз.   Қылышын   мадақтап,   оның   суарылуы   мен
тойтарылуын   айтып,   «бір   сыбаға   қылғаны»   туралы   аса   көркем   жыр
жолдары бар: 
Тойтаруына шыдамай,
Тоқсан шәкірт мойыған.
Суаруына шыдамай,
Айдын көлдер құрыған (Ш.Уәлиханов).
Батыр қылышын:  «Айдынына шыдамай, ай бұлтқа сынған, көруіне
шыдамай,   күн   бұлтқа   сынған»  деген   бейнелі   сөзбен   дәріптейді.   Кей
жырларда   батыр   қылышын   дұшпанына   айбарлы   көрсету  үшін   селебе,
қылышын таптауы мен егеуіне дейін мадақ (ода) айтады:
Егеуіне келгенде,
Елу ұста жиналған
Таптауына келгенде,
Тамам ұста жиналған («Әлібек» ертегісі).
Қылыш, алдаспан, сапы селебенің  жетім құрыш қылыш  (Сүйінбай
Аронұлы), бүктемелі семсер (Нұрхан Ахметбекұлы), сағасы алтын нар
болат  («Орақ»   жыры),  алмас   тая  (Қамбар),   қынабын   алтын   қырқар
(Қыз Жібек)  тәрізді тұрақты баламалары мен атаулары халық әдебиеті
мұраларында, ақын жырларында аса көп ұшырайды.
Жеті қат жерден өткен зұлпықардай, 
26

Қашауым қара тасты кетті іріп,  – дейді Шашубай ақын. Қазіргі
оқырман зұлпықар сөзінің мағынасын бірден аңғара бермейді. Зұлпықар
-   омыртқа   кесер
14
.   Әуелде   бұл   атаудан   пайда   болуы   діни   әпсанаға
байланысты. Мысалы, қазақ тілінде аспаннан түскен төрт кітап деген
фразеологиялық сөз тіркесі бар. «Діни ұғым бойынша, төрт пайғамбар
ие  төрт   кітап  болыпты.  Тәурат  (Пятикнижие   Мойсея)   –   Мұсаның,
Зәбур  (Псальтырь)   –   Дәуіттің,  Інжіл  (Евангелие)   –   Исаның,  Құран  
Мұхамбеттің   кітабы»
15
.   Сөз   арасында   бұл   аталған  төрт   кітаптың
байырғы кезде  шар кітап  деп те аталатынын еске ала кетуге болады.
Осы тәрізді бұрынғы қазақ тілінде көктен түскен төрт қылыш (хәмкам,
сәмсем, зұлқажа, зұлпықар)  деген фразеологизм   бар. Төрт қылыштың
бірі  – зұлпықар. От ауызды, орақ тілді Қашаған ақын «домбыраны қу
ағаш» деп тіл тигізген молданы уәжді сөзбен тұқыртады:
Бұрынғы өткен заманда
Болған екен көп ұрыс. 
Көп ұрыстың кезінде
Жәбірейіл жәннеттен
Алып келген төрт қылыш.
Төрт қылыштың атын атайын:
Біреуінің аты - Хәмхам
Біреуінің аты -Сәмсам
Біреуінің аты - Зұлқажа
Біреуінің аты -Зұлпықар
Қынабына солардың
Қап та болған бұл ағаш! (Қашаған Қүржіманұлы). 
Байырғы өлең-жырларда кездесетін көмескі сөздердің мағынасын әр
түрлі   ескілікті   аңыз,   әпсаналарда   айтылатын   деректермен   салыстыра
отырып анықтауға болады. Кейбір сөздіктердің көрсетуінше «Зұлпықар
–Мұхаметтің   Бадра   шайқасында   жаудан   тартып   алған   қылышы,   ол
кейіннен Әліге мирас болған»
16
. Бұл сілтемеге қарағанда қазақ тіліндегі
«аса   таңдаулы   қылыш»   мағынасында   айтылатын  берікәлі  атауы   осы
дерекпен сабақтас болуы ықтимал: 
14
Оңдасынов Н. Арабша-казақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1994, 185-
б.
15
Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, 53-б.
16
Арабско-русский словарь. М., 1985, 604-б.
27

Дүниенің білдім жалғанын, 
Көтердім басқа салғанын. 
Сол болды жалғыз арманым.
Берікәліні шалмадым (Досжан Сексенбайұлы). 
Мұндағы  берікәлі  сөзінің  берік  және  Әлі  сөздерінен   бірігуінен
жасалғандығын   байқауға   болады.   Сонымен,  берікелі    «Әлгіге   мирас
болған   зұлпықардың»   (бұл   сөздің   дыбыстық   өзгеріске   ұшыраған   –
зұлперін)  баламасы.   Осындай   фольклорлық   тәсілдерді   I.Жансүгіровтің
образды сөз өрнегінен ұшыратамыз:
Шалғыны шыңғырлатып жанып-жанып,
Жоңқабай жоңышқаға қалды салып
Әлінің кеуір қырған зүлперіндей,
Үйіріп қырып-жойып кетті жарып.
Аспақаны қылыш  тіркесі – қылыштың жасалған жеріне байланысты
қойылған атау. 1889 жылы шыққан қазақ мақалдары жинағында «Қатын
алсаң   қызылбастан   ал,   Қылыш   алсаң   Аспақаннан   ал,   ат   алсаң
Арабстаннан ал» деген мақал бар. Жинақты құрастырушы қызылбасты
– парсы, Аспақанды – «Дағыстан» деп көрсеткен (144-бет). «Елдің атын
ер   шығарады»  дегендей   ұста,   мініскерлерімен   даңқы   шыққан
шаһарларды, ел-жұртты білдіретін байырғы сөз орамдарының аңғартар
сыры аз емес.
Эпостық жырларда садақтың бұқаржа (бұқар жақ//жай) мен саржа
(сар   жақ//жай)  деп   аталатын   түрі   аса   жиі   кездеседі.   Кезінде   Бұқара
қолөнер   шеберлерімен   даңқы   шыққан   шаһарлардың   бірі   болған.
Садақтың  бұқаржа  аталуы  осы  шаһармен  байланысты  екендігі   күмән
тудырмайды.   Ал   башқұрт  садағын   қазақтар   көбіне  саржа  деп
атағандығын Л.Будаговтың сөздігінен (427-бет) кездестіреміз.
Байырғы қару-құралдарға (бес қаруға) қатысты кейбір көне атаулар
қазіргі   оқырманға   мүлде   түсініксіз.   Мұндай   «күңгірт»   тұстар   тексті
оқырманның жете ұғынуына біршама қиындық келтіреді.
Көлторғай адыра қалғыр, көрген жерім
Бұлағай ойран, әлек салған жерім. 
Көк найза, қара санай атылса да,
Қайтармай қайтқаным жоқ аттың терін (Шәңгерей Бөкей-ұлы).
Осындағы  санай   (қара   санай)   –   садақтың   қазақ   тіліндегі   тағы   бір
атауы. Бұлай дейтініміз Л. Будагов тобыл татарларында кездесетін санай
28

сөзін   «садақ»   деп   көрсеткен   (169-бет).  Садақтың,   саржаның,
бұқаржаның,  санайдың  жебесіне  қатысты  қозы жауырын көктеме  оқ
(Шынтасұлы Төрехан), қармаулы қабыл жебе (Қыз Жібек), Қарға жүнді
қасалақ   оқ  (Қозы   Көрпеш),   Қарға   жүнді   қамыс   оқ,   Күшіген   жүнді
қамыс оқ, Тазқараның тайлақ жүнімен жүндеген оқ тәрізді тұрақты сөз
тіркестері ауызша мұралар тілінде өте мол. Осылардың қатарында тоқал
оқ тәрізді атаулар да кездеседі. Тоқал оқ – қорамсақтағы жебені сындыру
үшін   қолданылатын   оқ.   Бұл   сөзді   «Ер   Тарғын»   жырының   Радлов
нұсқасынан кездестіреміз. Ауыз әдебиеті мұраларының айтар сыры көп.
Садақ жебелерін «қатарлап кетпен қойып сынап көру» дәстүрлі әр түрлі
әпсаналарда,   жырларда   жиі   кездеседі.   Мұндай   этнографиялық
деректердің   кейбір   үлгілері   мына   тәрізді.  «Төстік   садақ   тартып
үйренді. Тартқан садағын тоғыз қабат кетпеннен өткізеді» (Ер Төстік).
Қатарлап он кетпенді оқ салалық,
Қатарлап он кетпенді алып кепті,
Өңшең батыр сауықшыл бәрі епті.
Біссіміллә деп Ер Қозы тартып еді,
Он кетпеннен қол оғын безеулетті (Қозы Көрпеш).
Тап осылайша жебе сынау тәсілі қазақтар арасынан К.Чермак жазып
алған  «Қызыл  Кеніш» атты  аңызда  да бар.  «Бақташы бала  садағына
салып   атқан   жебесі   қатар   кетпеншотты   тесіп   өтеді»  
17
.
Жалпыхалықтық тілде мылтықтың түр-түріне байланысты айтылатын әр
түрлі көне атаулар бар. Ондай көне сөздердің аса құнарлы мал тобын
байырғы ақын-жырауларымыздың жыр кестесінен жиі кездестіреміз:
Он екі құрсау жезайыр, 
Қара мылтық жұмсағаң (Ер Шобан). 
Жырдағы  жезайыр –  ұзындығы бір сажын, түйемен алып жүретін
пушка
18
.  Ал қара мылтық деген тіркес білтелі мылтықтың бір түрі болса
керек. Қырғыз тілінде қара мылтық «пистонсыз атылатын мылтық»
19
.
М.Әуезовтей   көркем   сөз   зергерінің   тіл   өрнегінен   ел   ішінде
айтылатын   сөз   қазынасының   не   бір   сирек   үлгілерін   ұшыратамыз.
Солардың бірі  үрімді мылтық.  Жазушы  үрімді мылтық  сөзін мынадай
контексте қолданады.  «Керейден Бегеш деген кісі Абайға елші боп кеп:
17
Г.Н.Потаниннің 70 жасқа толу құрметіне арналған жинак СПб., 909, 212-218 б.
18
Будагов Л., 436-б.
19
Юдахин К К. Киргизско-русский словарь. М., 1965, 346-б.
29

Ерге   жара   түйін   деген.   Үрімді   мылтық   өзі   атып,   өзі   түзеледі.   Біз
Керей, Найман елміз, қасындамыз. Ағайыныңа не қыл дейсің?» – дейді
(М.Әуезов).  Осындағы  «үрімді мылтық өзі атып, өзі түзеледі»  деген
фразеологизмге   назар   аударсақ,  үрімді   мылтық   –   «үрімі»,  яғни  Рум
(Византия) мылтығы дегенді аңғартатын тәрізді.
Әдеби   мұралар   тілінде   кездесетін  үш   тосарлы   қанды   ауыз
(І.Жансүгіров),  кер   мылтық  дегендер   мылтықтың   сирағына   (аяғына)
байланысты айтылса, құндағының көлеміне қарай әукелі құндақ ақ перен
(Нұрхан Ахметбекұлы) деп те қолданылған. Ал мылтықтың қысқалауы -
ақшолақ  (Н.Ахметбекұлы), ұзындауы  - ақ сырық мылтық  (Қыз Жібек),
шаңғыл (винтовка), самқал 
20
. Оғы алысқа ұшатындары қозыкөш (Шоқан
Уәлиханов)  деп  аталған.   Алысқа  ататын  мылтықтың  тағы  бір атауы   -
қорама мылтық
21
.
Желп-желп еткен ала ту
Жиырып алар күн қайда?
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?
Осындағы  орама   мылтық  жоғарыда   аталған  қорама   мылтықтың
нұсқасы   болуы   ықтимал.  Бес   қаруға  жататын  айбалта,   найза,   сүңгі,
шоқпардың (келтек, сота) түр-түріне қатысты айтылатын алмас құрыш
айбалта,   тарақ   балта  (Қамбар),  толғамалы   ала   балта,   жалманы
қарыс балта, алты құлаш ақ найза, қималы найза (Махамбет), Қобылан
соққан   ақ   найза  (Сүгір   Мырзалыұлы)  тәрізді   тұрақты   тіркестер   мен
атаулар эпос, жырлардың сөз байлығы. Бұлар ақын, жазушыларымыздың
сөз байлығының сарқылмас қайнар көзіне айналған. Мысалы, төсжара
қайың   шоқпар,   сегіз   қырлап   жонған   қайың   шоқпар  дегендерді
М.Әуезовтың тіл кестесінен кездестіріп отырамыз.
Алты құлаш ақ найзамен қатар айтылатын қарудың бірі  ақ сүңгі:
Алты қырлы ақ сүңгі
Оң қолына алғанда
Қындағы алтын айбалта,
Аш беліне шалғанда (В.В.Радлов).
20
Будагов Л., 661, 692-б.
21
Байжанов   Т.   Қазақ   тіліндегі   әскери   лексика.   Кандидаттық   диссертацияның
авторефераты. Алматы, 1973,5-б.
30

Ақ сүңгі  – найзадан бөлек, сабына шыжым байлаған, бастан асыра
шыр   айналдыра   лақтыратын   қару.   Осы   қарудың   сипаты   Нұрхан
Ахметбекұлының   дастандарында   тайға   таңба   басқандай   айқын
баяндалады: 
Ағаш сапты ақ сүңгі
Өзек құлаш шыжыммен
Шырлатып жауға лақтырған.
Байырғы ақын, жыраулардың сөз өрнегінде әлі де танылмай жатқан,
ашылмай жатқан құпиялар бар. Доспанбет жырауда:
Сақетер тиді саныма, 
Сақсырым толды қаныма 
Жара бір қатты, жан тәтті, 
Жара аузына қан қатты, - деген жолдар бар.
Сақетердің  қандай   қару   атауы   екені   қазіргі   оқырманға   күңгірт.
Профессор С.Аманжоловтың көрсетуінше сақетер – қылыштың бір түрі.
Бұл   сөзді   қырғыз   тіліндегі  шалк   етме  «шынжыр,   тәрізді   ескілікті
қарудың   түрі»
  22
  дегенмен   де   салыстыруға   болатын   тәрізді.   Ал
сақсырдың  қандай   мағынадағы   сөз   екенін   ноғай   тілінің   дерегімен
салыстыра   отырып   анықтауға   болады.   Ноғай   тілінде  сақсыр  қой
терісінен (жүнін ішіне қарата)  жасалған шалбар
23
.
Он екі сәт. Он сегіз мың ғалам, он екі сәт, мың бір ғалам он екі сәт.
Он  сегіз  мың  ғалам;  мың  бір  ғалам  деген   фразеологизмдер  «әлемдегі
барша тіршілік» дегенді аңғартады.
Бұл   сөздер   «он   екі   сәт»   тіркесімен   бір   қолданыла   келіп,   «ұзақ
мерзім» дегенді білдіреді.
- О, бұл (қой) әлі ет болғанша мың бір әлем он екі сәт.
Мұнан қашан әкетеді? Ет комбинатына апарған күні қабылдай қоя
ма, жоқ па? ( Қазыбеков Нұрқасым. Хат // «Жұлдыз», 1986, 127- б.).
Қазақтың   халық   календарын   зерттеуші   белгілі   ғалым   М.Ысқақов
кейбір   түркі  халықтары,  оның  ішінде  ұйғырлар   тәулікті  он  екі  шаққа
(сағатқа)   бөлген   деген   Ұлықбектің   мағлұматына   назар   аударады
24
.
Тәулікті   он   екі   шаққа   бөліп,   оны   екі   жыл   есебімен   атау   моңғол
22
Молдобаев   И.Б.  Эпос   "Жаныш   и   Байыш"   как   историко-этнографический
источник. Фрунзе, 1983, 146-б.
23
Ногайско-русский словарь. М., 1963, 284-б.
24
Ысқақов М. Халық календары. Алматы, 1980, 220-б.
31

халықтарында да бар; 1.  хулгана цаг -  тышқан шақ, 2.  ухер цаг -  сиыр
шақ, 3.  бар цаг -  барыс шақ, 4.  туулай цаг -  қоян шақ, 5.  луу цаг -  ұлу
шақ, 6. моғай цаг - қоян шақ, 7. морин цаг - жылқы шақ, 8. хонин цаг -
қой шақ, 9. бичин цаг - мешін шақ, 10. тахиа цаг - тауық шақ, 11. нохой
цаг - ит шақ, 12. гахай цаг - доңыз шақ
25
.
Көнелік белгі сөзде, әсіресе фразеологиялық тіркестерде шегенделіп
қалды. Қазақ тілінде  он екі сәт  тәрізді тұрақты сөз тіркесінің немесе
сиыр сәске, сиыр түс тәрізді шақ атауларының болуы тегін емес. Бұлар
тәулікті он екі шаққа (сәтке) бөліп, әрқайсысын мүшел жыл есебіндегі
сөздермен   атау   дәстүрінен   қалған   «жұрнақ»   болуы   ықтимал.   Тәулік
ішіндегі шақтарға қатысты айтылатын, бірақ қазіргі кезде ұмыт болып
бара жатқан тағы бір тұрақты сөз тіркесін кездестірдік. Ол – қозы түс.
Бәрін де қойшы... қозы түс өтті аяулы.
Тал түс те кетті, бесін де міні таянды
Мына жалғанда не калар дейсің баянды?
Кезекпе-кезек бәрі де жылжып таяр-ды (М.Мақатаев).
Осы жолдарды оқи отырып, ұмыт болып бара жатқан, этнографиялық
мазмұнға   ие   мұндай   сөзді   қағаз   бетіне   түсіріп   кеткен   ақын   қаламын
ризалықпен еске аласыз.
Мүшел   жыл   есебі,   айды   аптаға,   аптаны   күнге   бөлу   тәрізді   түркі
халықтарының   халық   календары   мен   астрономиясындағы   ерекшелік
ертеректе Ә.Диваев, А.Н.Самойлович, В.Гордлевский, Б.А.Куфтиннің т.б.
еңбектерінде   зерттеліп,   арнаулы   монографиялар   жарияланды
26
.   Халық
календары   мен   астрономиясы   терминдерінің   бірсыпырасы
лингвистикалық   материал   есебінде   сөздіктерде
27
  беріліп,   зерттеу
мақалалар
28
  жазылды. Ал бұлармен салыстырғанда, тәулік ішінде шақ,
мезгілдің халықтық атаулары, жеке сөздер мен фразеологиялық тіркестер
жол-жөнекей   айтылғаны   болмаса,   арнайы   қарастырылмаған   деуге
болады.
25
Базылхан Б. Моңғолша-қазақша сөздік.  Уланбаатар-Өлгии, 1984, 880-б.
26
Әбішев X. Аспан сыры. Алматы, 1966.
27
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.
28
Құрышжанов Ә. Көне қыпшақ тіліндегі ай мен күн атаулары//Исследования по тюркологии. Алма-
Ата, 1969, Мұсаев К. М.. Лексика тюркских языков в сравнительком освещении. М., 1975. 
32

Сағат.  Қазіргі кезде тәуліктің шақтары сағат тілімен өлшенетіндігі
белгілі.   Күнделікті   тұрмыста   мезгілді   көбіне   сағат   бойынша   айту
дағдыға айналды. Алайда құрал ретінде сағаттың тұрмыста қолданыла
бастағанына айтарлықтай көп уақыт бола қойған жоқ. Олай болса сағат
сыртылына дейін, тіпті одан көп бұрын, тәулік қандай шақтарға бөлініп,
олар халық тілінде қалай аталады?
Алдымен, бір назар аударатын нәрсе, тілімізде сағат деген сөздің өзі
қалта сағат, қол сағат, қабырға сағаттарының  тұрмысымызға бауыр
басуынан көп бұрын қолданылған деуге болады. Халқымыздың байырғы
жыр   мұрасының   бірі  «Қыз   Жібекте»:   «Пұл   жібердім   қалаға   бисағат
күні, құдая» дейді. Сөзбе-сөз айтсақ: мұндағы би-бей-сағат – сағатсыз
(сәтсіз)  деген  сөз.  Бұған   қарағанда   сағат әуелде «уақытты   көрсететін
құралдың»   атауы   емес,   «сәт»   деген   мағынаны   білдіретін   сөз   екенін
байқаймыз. «Шақ» сөзімен мағыналас сәт атауы бастапқыдағы сағаттың
дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі (тілімізде араб тілінен енген кейбір
сөздердегі   [ғ],   [қ],   [х]   дыбыстары   сөз   басында,   дауыстылардың
аралығында   көмескіленіп,   айтылмауынан   сөздің   жуан   тұрқы   өзгеріп,
жіңішке   сапаға   көшеді:  хакім   -   әкім,   ғылым   -   ілім,   һауа   -   әуе  т.б.).
Қолданыла   келе  сағат,   сәт  варианттары   қызмет   бөлісті:   сағат   –
«мезгілді   көрсететін   құралдың»   атына   айналды   да,  сәт  сөзі   шақ
атауымен синонимдік қатар түзді.
Сөтке. Тәулік.  Қазақ тіліндегі  сөтке, тәулік  сөздерінің өзге тілден
енгендігі белгілі. Кейде күн сөзі «тәулік» мағынасында жұмсалады. Ал
бұл ұғымды білдіретін арнаулы сөз халық тілінде бұрын болды ма? Бұл
сұраудың жауабын салыстырмалы деректен табамыз: шор тілінде чатті
қонақ чурдулар (олар) «жеті тәулік жүрді»
29
. Сары ұйғыр тілінде қонақ,
қонуқ «сутки»
30
, якут тілінде хонук «сутки, суточный»
31
. Моңғол тілінде
хоног  «сутки»
32
. Тәулік мағынасын білдіретін бұл сөз қазақ тілінде де
сақталған.   Халық   календарында   байырғы   қазақ   есепшілері   (халық
астрономдары)   қолданатын  бес   қонақ  деген   арнаулы   термин   бар.
29
Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии. Т.2,ч.1 СПб.
30
Малов С.Е. Язык желтых уйгуров. Алма-Ата, 1957, 58-б.
31
Якутско-русский словарь. М., 497-б.
32
Монгольско-русский словарь. М.,1957, 536-б.
33

Осындағы  қонақ  сөзі   «мейман»   деген   мағынаны   білдіреді   деуге
болмайды. Бұл жерде, жоғарыда айтылған салыстырма дерекке сүйене
отырып,  бес   қонақ  сөзінің   «бес   тәулік»   деген   ұғымды   аңғартатынын
байқаймыз.   Ал  бес   қонақтың  қандай     «бес   тәулік»   екендігі   байырғы
сөздіктердің  бірінде былай түсіндірілген: «бес  қонақ  – бірінші апрель
мен бесінші апрельдің аралығындағы суық.  Бес қонақ  өтпей қыстаудан
жайлауға   көшпейді,   қысқы   киімді   тастамайды»
33
.   Ал   қазақтың   халық
календарын арнайы зерттеген ғалым М.Ысқақовтың көрсетуінше,  «бес
қонақ -  жай жылдары 4 марттан 8 мартқа дейін де, кібісе жылдары 3
марттан 8 мартқа дейінгі 5 күн» (тәулік – Н.У.) 
34
.
Қазіргі   кезде   тәулік   сөзін   «жиырма   төрт   сағат   мағынасында»
түсінеміз. Ал журналист  С.Шүкіров  бұл сөз халық  тілінде  ай тәулік,
жыл   тәулік  түрінде   де   айтылады   деуі   де   зерттеушілер   үшін   назар
аударарлық дерек
35
.
Сонымен, біз сағат (шақ), қонақ (тәулік) сөзі мағынасының бірер
қырын ғана сөз еттік. Ал байырғы кездің өзінде тәуліктің бірнеше шаққа
бөлінетіндігі,   олардың   өзіне   тиісті   атаулары   болғандығы   белгілі.  Ай
айдың оты басқа дегендей, тәулік ішіндегі мерзім атаулары да әр басқа. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет