Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата30.12.2016
өлшемі388,4 Kb.
#801
1   2   3

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

Республикада 

мектепке 

дейінгі 


білім 

беруде 


инноваци-

ялық  технологияларды  енгізу  бойынша  озық  отандық  және  шетел-

дік  тәжірибелер  зерделенуде.    Тәжірибе  көрсеткендей,  инноваци-

ялық  технологияларды  енгізу  үшін  тиісті  жағдайларды  құру  қажет: 

Біріншіден,  бұл  мектепке  дейінгі  ұйым  ғимаратының  талапқа  сай  болуы.

Екіншіден, 

баланың 

денсаулығы 

және 

тәрбиелеу-оқы-



ту  үдерісінде  инновациялық  технологияларды  игеруге  даярлығы.          

Үшіншіден, 

педагогтардың 

педагогикалық-техникалық 

даярлығы.    

Инновациялық  процесті  кезеңді  дамыту  әрбір  кезеңнің  міндеттерін  та-

бысты  іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  құралдарды  анықтауды  талап  етеді. 

Мектепке  дейінгі  ұйымда  инновациялық  технологияларды  ұйымда-

стыру  құрылымы  келесі  кезеңдерді  енгізеді:  диагностикалық-бол-

жамдық, 


даярлық, 

ұйымдастырушы, 

әрекеттік, 

бағалау-түзетуші.

Диагностикалық-болжамдық кезеңде ситуацияны бағалау, мәселені ойлау және 

жаңа интеграциялық тәсілдерді меңгерту, мектепке дейінгі ұйымның ғылыми-те-

ориялық  әлеуетін  дамыту  бойынша  бағыттарды  ұжымдық  болжау  жүргізіледі. 

Даярлық  кезең  инновациялық  әрекетті  жүзеге  асыруға,  мәселені 

шешу  үшін  білімді  толықтыру  және  жаңғыртуға  даярлықты  қалыптасты-

руға,  педагогтарда  кәсіптік-педагогикалық  құзіреттілігінің  старттық  дең-

гейін  дамытудың  мақсатты  үйлестірілуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған.

Ұйымдастырушы кезең инновациялық педагогикалық әрекеттің ұйымдасты-

ру нысандарын рәсімдеуді қамтамасыз етуге бейімделген, мұнда инновациялық 

әрекеттің  негізгі  бағыттары  іске  асырылады,  педагогикалық  процесті  дамыту 

болжанады, бұл кезеңде жүзеге асырудың мейлінше тиімді тәсілдері анықталады. 

Әрекеттік  кезең  жаңалықтың  практикалық  меңгерілуін  қамтамасыз  етеді.  

Бұл кезеңде түрлі бағыттағы инновациялық әрекеттер жобасы құрылады және 

апробацияланады,    инновациялық  әрекеттер  кіріктіріледі  және  үйлестіріледі. 

Бағалау-түзетуші  кезең  практикалық  қызметте  жүзеге  асырылатын  жо-

балар  мен  болжамдарды  бағалау  және  үйлестіруді  қамтамасыз  етуге,  инно-

вациялық  процесте  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтарының  кәсіптік-педаго-

гикалық  құзіреттілігін  дамыту  деңгейін  объективті  бағалауға  бейімделген.



ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІН ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ЖАЛПЫЛАУ

Жаңа  инновациялық  оқыту  технологиясы  кәсіптік  қызметтің  ерекше  түрі 

болып  табылады.  Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педа-

гогикалық  аса  зор  тәжірибені  жұмылдыру  қажет.  Бұл  өз  қызметіне  шығар-

машылықпен  қарайтын,  жеке  басының  белгілі  іскерлік  қасиеті  бар  адамды 

қажет  ететін  жұмыс.  Шындығында  да  әрбір  педагог  жаңа  инновациялық  тех-

нологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады  және  өзін-өзі  қалыпта-

стырады.  XXI  ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау,  олардың  кәсіби  бейім-



13

делуін  қалыптастыру  мәселелері  –  кезек  күттірмейтін  өзекті  қоғам  талабы.

Әрбір  педагогтың  инновациялық  іс-әрекетін  қалыптастырудың  педа-

гогикалық  шарттары:    инновация  туралы  білімі;  инновацияны  жан-жақты 

меңгеру;  инновациялық  іс-әрекет  диагностикасын  меңгеру;  инновацияны 

тәжірибеге  ендіру  жұмыстары;  инновацияны  практикада  дұрыс  қолдану.



Тәжірибені жинақтау:

-  деректер  талдауы  негізінде  алынған  жүйелендіру  мен  синтезі; 

- тәжірибенің  басты идеясы мен мәнінің тұжырымдамасы; 

- тәжірибе дамыған және педагог орын алған қиыншылықтар жағдайларды 

ашу; 

- тәжірибе қолдану аясы мен оның өзге педагогтар үшін практикалық 



маңыздылығын анықтау; 

- белгілі бір талаптарға сәйкес тәжірибе сипаттамасы.



Жетекші педагогикалық тәжірибені ұсыну нысандары:

- презентациялар (мысалы, әріптестерді шақырумен); 

- авторлық арнайы курстарды (мастер-класс), машықтанушы алаңдарын 

дайындау; 

- мастер-класс; 

- конференция; 

- ғылыми-практикалық семинар; 

- авторлық сайт, блог; 

 - әдістемелік бағыттағы брошюралар, плакаттар; 

- бейнематериалдар (әдістемелік бағыттағы фильм); 

- дөңгелек үстел; 

- құжаттар пакеті (әдістемелік ұсынымдар); 

- консультациялық пункттер ашу;

- диск; 


- көрме (виртуалды немесе шынайы).

Балабақшада  әдістемелік  жұмыстың  тапсырмалар  кешенін  мо-

дельдей  отыра,  негізіне  педагогтың  кәсіби  маңызды  функционал-

ды  қасиеттерін  алу  қажет.  Осыған  орай,  әдістемелік  жұмыстың  өза-

ра  байланысты  функциялардың  келесідей  үш  тобын  атап  көрсетеміз: 

1) жалпы мемлекеттік білім беру жүйесіне, педагогикалық ғылымға және 

жетекші педагогикалық тәжірибеге қатысты функциялары; 

2) бала бақшаның педагогикалық ұжымға қатысты функциялары; 

3) нақты бір педагогке және тәрбиешіге қатысты функциялары. 

Осы барлық функциялардың өзінің соңғы нәтижелері болады, алдыңғы екі 

топ үшінші топқа «жұмыс істейді», себебі үшінші топтың іске асуы балабақша-

дағы инновациялық өзгерістермен байланысты міндеттерді шешуге мектепке 

дейінгі мекемелерді жақындатады. 

Кәсіби шеберлікпен қатар, әрбір педагогтың тұлғалық дамуының артуына, 

оның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына көмектесетін модельге бала 

бақшада келесідей инновациялық топтарды қосады: 

1) педагогтардың шығармашылық тобы; 

2) ғылыми-әдістемелік кеңес; 

3) педагог-тәлімгерлер тобы; 


14

4) ақпараттық қолдау тобы; 

5) «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту» қалалық әдісте-

мелік бірлестігі. 



Мұндай модельді қолдану келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік 

береді: 

- мектепке дейінгі білім беру сапасының мазмұнын жаңарту және апасын 

арттыру; 

- әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың нысандарын жетілдіру; 

- білім беру сапасын басқаруды жаңғырту; 

- педагогтардың кәсіби және әдістемелік құзыреттіліктерінің өсуі, олардың 

инновациялық іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру; 

- инновациялық әдістемелік өнімдерді дайындау (инновациялық бағыттар 

бойынша келешекті жоспарлау, әдістемелік әзірлемелер, жобалар мен авторлық 

бағдарламаларды жасау). 



Заманауи педагог жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технология-

ларды қолдану тиімділігі: 

1. Сабақтарға және стенд, топтар, кабинеттерді безендіруге көрнекі матери-

алдарды іріктеп таңдау (сканерлеу, Интернет; принтер, тұсаукесер).

2. Сабақтарға қосымша танымдық материалдарды іріктеп таңдау, мерекелер 

мен басқа да іс-шаралар сценарияларымен танысу.

3. Ресей және шетел педагогтарының озық тәжірибелерімен  алмасу.

4. Топтық құжаттарды, есептерді рәсімдеу. Компьютер есептер мен талда-

уларды  күнде жазуға  мүмкіндік бермейді, бір рет қана сызба дайындап алып, 

келесі жолы қажетті өзгертулер енгізіп отырады.  

5. Балалармен білім беру сабақтарының тиімділігін және ата-аналар жина-

лысын өткізу процесінде олардың педагогикалық құзіреттілігін арттыру үшін 

Рower Рoint бағдарламасында тұсаукесер құру.



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қазіргі таңда 

келесілер жүзеге асырылады:

- бастапқы материалдарды мәтіндік және графикалық редакторлар көме-

гімен дайындау (іс-шаралар сценарийлері, рефераттар, шығармалар және т.б. 

жазылады);

- графикалық суреттер салу (диаграмма);

- сканерлеу; 

- графикалық редакторлар көмегімен сандық фотосуретті өңдеу; 

-  дыбыспен сүйемелдеуді және бейнесуретті жасау; 

- әртүрлі шығармашылық жұмыстарды орындау; 

- компьютерлік суреттер байқауына қатысу; 

- компьютерде жұмыс нәтижелерін ресімдеу; 

- электронды түрде тезистер мен шығармашылық жұмыстарды дайындау; 

- Интернет-кеңістікте іздеу, зерттеу, байқау жұмыстары;

- Интернет және электронды пошта құралдарымен жұмыстарды жіберу; 

- Интернет-сайтты ашу; 

- көрмелерді ұйымдастыру (тақырыптық, авторлық (фотокөрмелер); 

- сынып сағаттарын, әңгімелерін, викториналар жүргізу; 

- балалардың портфолиосын жасау; 



15

- бейнефильмдерді көру; 

- аудиожазбалар мен мультимедиялық өнімдерді қолдану;

- эстетикалық бағыттағы кештерді ұйымдастыру; 

- ақпараттық стендтер; 

- түрлі тұсаукесерлерді, бейнероликтерді қолданумен ата-аналар 

жиналыстарын, Отбасы күнін, Отбасылық махаббат сабақтарын өткізу;

- психолог жұмысында жеке және топтық жұмыстар үшін дамытушы ойын

дарды тесттік компьютерлік диагностиканы, бланктерді қолдану; 

- компьютерлік ойындар және т.б.



Педагог портфолиосын құру: 

Тәжірибенің нәтижелілігі (жетекші педагогикалық тәжірибе критерийлерін-

де ашылған).

Жұмыс тәжірибесіне қосымша:

- сабаққа дайындалу алгоритмі; 

- сабақты және іс-әрекеттің өзге түрлерін жүргізу алгоритмі; 

- сабақтар конспектісі; 

- балалармен оқу-тәрбиелік жұмыс жоспарлары; 

- бала іс-әрекетінің өнімдері және т.б.



ЖИНАҚТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ 

Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне педагогикалық білімі 

бар тәрбиешілер қатысады, ал педагогтарға бағыт беріп, жаңашыл әдістерді таны-

стырып, білім сапасын арттыруда әдіскердің рөлі зор. Әрбір ұжым, тіпті әр педагог 

педагогикалық үдерісте инновациялық, яғни жаңашылдық идея беруге құқылы. 

Ал әдіскер жаңа идеяларды іздестіріп, жүзеге асыратын бірден-бір құзіретті тұлға. 

Инновациялық  технологияларды  енгізуде  әдіскердің  әдістемелік  жұмысы-

ның мақсаты -  ұтымды әдіс-тәсілдерді игеру, балаларды тәрбиелеу, оқыту мен 

дамыту, білім беру ұйымдастыруда педагогтардың әдістемелік дайындығын кө-

теру, тәжірибе алмасу, педагогикалық озық тәжірибені насихаттау. Бұл бағытта 

әдіскердің  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтарымен  коучинг-кеңестер,  шебер-

лік-сыныптар  ұйымдастырып  өткізуі  –  бүгінгі  жаңашыл  жұмыстардың  бірі. 

- Коучинг-кеңестің негізгі процедурасы – диалог, тиімді сұрақтар қою және 

жауаптарын  мұқият  тыңдау  арқылы  педагогтың  әлеуетін  ашады,  оның  жұ-

мыс  тәжірибесінің  инновациялық  жаңашылдығының  тиімділігін  анықтайды.

- Шеберлік сынып -  педагог жұмысының әдісін және тәсілін, жүйелі іс-әрекет-

тің көрсеткішін және тікелей педагогикалық іс-тәжірибені ашық көрсететін амал. 

Біліктілікті  арттыру  орталығында,  не  ғылыми-әдістемелік  орталықта-

рында  жұмыс  тәжірибесін  жинақтау  және  көрсете  алу  педагогты  шешім  жа-

сауға    дайындамайтын  міндет  болып  табылады.  Педагогтың  жұмыс  тәжіри-

бесін  жинақтау,  жүйелеу  және  жалпылау,  инновациялық  педагогикалық 

өнімдер  жасау,  зерттеу  жұмыстарын  жүзеге  асыру  қабілетіне  деген  талап-

тар  жыл  сайын  артуда.  Алайда  әрбір  педагог  қойылатын  талаптар  шегін-

де  өз  жұмысын  сауатты  жинақтап,  көрсете  алуға  дайын  емес.  Сондықтан 



16

негізгі  шешу  жолдарының  бірі  өз  бетімен  білім  алу  болып  қала  бермек. 

Материалды дайындау мен құрылымдау кезінде келесідей негізгі сәттерді 

атап көрсетуге болады:

1.  Педагогикалық  тәжірибенің  өзектілігі,  осы  тәжірибенің  қоғам  да-

муының  заманауи  үрдістеріне,  педагогикалық  ғылымның  заманауи  идеяла-

рына  сәйкестілігі.  Бұл  тарау  педагогикалық  құралдармен  ұсынылған  қан-

дай  да  бір  мәселені  шешу  маңыздылығы  деңгейін  аша  алады.  Білім  беру 

мекемесі  алдына  қойылған  міндеттерді  шешуіне  тәжірибе  қаншалықты 

көмектесе  алады,  көпшілік  практикада  кездесетін  қандай  қайшылықтар 

мен  қиыншылықтар  бқл  тәжірибеде  табысты  шешіледі.  Тәжірибенің  жаңа-

лығы,  педагогикалық  үдерісі  жеке  тараптарының  ұтымдылығы  сипатталады. 

2.  Тәжірибенің  жетекші  идеясы  мен  теориялық  негіздемесі.  Жұмы-

стың  идеясы  немесе  негізгі  ойы  айқын  нақтылануы  және  «Жұмыс  неге  ар-

налған?  Не  туралы?»  деген  сұрақтарға  жауап  беруі  тиіс.  Ғылыми  тұжы-

рымдаумен  емес,  қарапайым  тұжырымдауды  қолдана  отырып,  тәжірибенің 

қысқа  теориялық  негіздемесін  берген  жөн.  Мұндай  тәсіл  қолданатын  тео-

риялар  мен  тұжырымдамаларды  түсіндіруін  көрсетуге  мүмкіндік  береді. 

3. Мақсаттар мен педагогтың өз жұмысы барысында шешілетін міндеттер. 

Міндеттер мақсатты нақтылауы, ал мақсат жетудің кезеңдерін айқындауы тиіс. 

4. 

Тәжірибені 



жинақтау 

және 


жүйелендіру 

кезеңдері. 

1)  Бірінші  кезең  –  дайындық  кезеңі.  Педагогикалық  тәжіри-

бені  іске  асыру  үшін  жағдайдар  жасау  жұмыстары  сипатталады. 

2)  Екінші  кезең  –  ендіру  кезеңі.  Тәжірибені  іске  асыру  кезең-

дері,  білім  беру  үдерісіне  педагогикалық  инновацияларды  ендіру  үшін 

іс-әрекеттер  кезектілігі;  әдістемесі  мен  технологиялары,  балалар-

мен  жұмыс  жасау  тәсілдері  мен  әдістерінің  жиынтығы  сипатталады. 

5.  Тәжірибенің  нәтижелігі,  мақсаттар  мен  критерийлерге  сәйкестілігі. 

Мақсат  –  өз  жұмысыңыздың  тәжірибесін  қолдана  отырып,  қол  жеткізілетін 

нәтиже.  Сондықтан  тәжірибе  нәтижесін  қорытындылай  келе,  мақсатты 

алынған  нәтижемен  салыстыра  отырып,  мақсатқа  қайта  назар  аударған  жөн. 



17

ҚОРЫТЫНДЫ

Инновациялық әдіс-тәсілдерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 

арқылы қолдану сабақтарды қызықты, эмоционалды байытылған, ашық, көрнекі 

өткізуге болады, ескірген жұмыстан кетуге мүмкіндік береді, білім берудің же-

келік мүмкіндігін береді; оқытуға ынтасын арттырады,  түсінуге күрделі проце-

стер динамикасын көрсетуге, зерттеулер мен жобаларды орындауға ықпал етеді.

 Сол себептен шынайы білім беру практикасына инновациялық бағдарлама-

лар мен технологияларды кезеңді енгізу, танымдық процесті жетілдіру келесі 

жағдайларды қамтиды:  

    • білім сапасын арттырады;

    • баланың жалпы дамуын алға жетелейді;

    • қиындықтарды жеңуге көмектеседі;

    • баланың өміріне қуаныш әкеледі;

    •педагог пен тәрбиеленуші арасында өзара қарым-қатынасты жақсартуға, 

олардың оқу процесінде ынтымақтастығына қолайлы жағдайлар құрады; 

    • интернет-ресурстар арқылы бірыңғай ақпараттық орта құру процесіне 

ата-аналарды тартуға ықпал етеді; 

    • тәрбие жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолда-

ну арқылы әдістемелік материалдар жинағын құрады.

Баланың білімге ізденісі, құштарлығы артады, оның бойында  шығар-

машылдық, еңбекқорлық, ізденімпаздық қасиеттер қалыптаса бастайды. 

Мектепке  дейінгі  білім  сапасын  арттырудағы  жаңа  инновациялық 

технологияларды  сараптай  келе,  мынадай  тұжырым  жасауға  болады:

– мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бағы-

тында  жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және 

одан  шығатын  нәтиже  педагогтың  кәсіби  біліктілігіне  тікелей  байланысты;

–  жаңа      инновациялык      технологияларды      енгізу      жүй-

елі    әрі      мақсатты    түрде  жүргізілгенде  ғана  жетістікке  жетуге  болады;

–  жаңа  инновациялық  оқыту  технологияларын  енгізу  барысын-

да  әрбір  оқу  орнының  материалдық-техникалық  базасының  бүгінгі  та-

лапқа  сай  болуы,  кадрлық  әлеуметтің  біліктілігі  маңызды  рөл  атқарады.

Қорыта  келгенде,  аталған  педагогикалық  технологиялар  мен  инноваци-

ялық  құралдарды  балабақшада    балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  әр 

сатыға  балалардың  қабылдау  мүмкіндіктеріне  сай  пайдалануға  болады.  Мек-

тепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақ-

сыз  келеді.  Сондықтан  олар  затты  қолмен  ұстап,  көзімен  көргенді  ұнатады. 

Қазіргі  жас  ұрпақтың  сапалы  тәрбие  мен  білім  алуының  бірден-бір 

шарты  –  тәрбие  мен  оқыту  процесіне    жаңа  инновациялық  технология-

ларды    енгізу  болып  табылады.  Сондықтан    ғылыми-техникалық    прогре-

стен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабыл-

дап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу – әрбір  педагогтың  негізгі міндеті.


18

    

ҚОСЫМША

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығар-

машылық», «Денсаулық»



Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тобы: Ересектер

Тақырыбы:  «Балықтар»

Мақсат-міндеттері:

Балалардың балықтар туралы түсініктерін  жұмбақ шешкізу, видео көрсе-

ту,  дидактикалық  ойындар, тапсырмалар орындату арқылы кеңейту. Балық 

түрлерінің үш тілдегі атауын үйрету. 

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру барысында үш тілде ойындар қолдану арқылы 

балалардың сөздік қорларын молайту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Үл-

кейткіш құрал, прожектордың көмегі арқылы балалардың оқу іс-әрекетіне деген 

қызығушылықтарын арттыру. 

Қоршаған ортаны танып білу арқылы балықтартарды күтіп баптауға, оған 

қамқор болуға тәрбиелеу. Ойын, тапсырмалар бере отырып, балалардың зейінін, 

ойлау қаблетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: АКТ, ойын, көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балықтар туралы әңгіме жүргізу.

Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, компьютерлер. 

Билингвалдық компонент: 

Балық – рыба, балық – fish                                    

Жайын – сом, жайын – cat-fish

Шортан – щука, шортан – pike

Табан – лещ, табан – bream

Мөңке – карась, мөңке – crucian

Сары -желтый, сары - yellow

Қызыл - красный, қызыл - red

Көк - синий, көк - blue 

Жасыл - зеленый, жасыл - green

Қызғылтсары - оранжевый, қызғылт - сары – orange

 

 



19

Іс-әрекет                 

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс–әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды жартылай шеңберге 

тұрғызады. 

Балалар, 



сендерге 

жұм-


бақ 

шешкен 


ұнайды 

ма?


-  Ендеше  мына  жұмбақты 

тыңдап, шешуін табып көріңдерші?

Суда 

өсіп, 


өнеді.

Сыртқа шықса өледі. 

Ол  не?

-  Қане,  балалар,  жауаптарың-



ның  дұрыс  не  қате  екенін  тексеру 

үшін  үлкейткіш  құралды  пайда-

ланып  шелектің  ішін  қарайық. 

Жұмбақтың  дұрыс  жауабы  осы 

шелектің 

ішінде 


жасырылған.

- Шелектің ішінде не бар екен?

Сендердің 

жауаптарын 

дұрыс 

болды, 


жарайсыңдар.

-Балалар, балықты үш тілде қалай 

атайтын едік?

Дұрыс, балалар.



Жартылай шеңбер-

ге тұрады.

- Иә, ұнайды.



Жұмбақты 

тыңдайды.

- Ол – балық.



-Үлкейткіш құрал 

арқылы қарайды.

- Шелекте балық 

бар.

- Балық, рыба, fish.



The aim: To develop thinking, 

answer the questions

Presentation: Match the fishes in 

the picture

How  much  fishes  have  you  got?

And you?


-Жарайсыңдар,  балалар.  Ағыл-

шын  тілінде  де  ойын  тапсырма-

ларын    дұрыс  орындай  білдіңдер.

-Балалар,  мен  сендерге  тағы  да 

тапсырма  бергім  келіп  тұр.  Сендер 

сурет  салғанды  ұнатасыңдар  ма?

-  Ендеше,  мен  сендерге  түр-

лі  боямақтар  дайындап  қойдым.

Сол  боямақтың  ішінен  өздеріңе 

ұнаған  бір  балықты  таңдап  алып, 

оны  әдемі  етіп  бояу  керексіңдер.

Боямақ: «Балықтар»

Мақсаты: Түстерді дұрыс таңда-

уға, 


шығармашылыққа 

баулу.


Шарты:  Боямақтағы  өздеріңе 

ұнаған  балық  түрін  таңдап  алу, 

балықтың  суретін  әдемілеп  бояу.

3 (three)

4 (four)

- Иә, ұнайды.



Өздеріне ұнаған 

балықтың түрін 

таңдап алады.

Боямақтағы 

балықтың суретін 

бояйды.

20

Ұйымдастыру- 

ізденушілік

-  Балалар,  бәріміз  экранға  на-

зар 

аударып, 



балықтар 

тура-


лы  бейнетаспа  қарап  алайық.

- Қандай балық түрлерін білесіңдер?

Ендеше 

прожектор 



арқылы 

балықтарды 

жеке-жеке 

қарап, 


атауларын    үш  тілде  атайық.

-     Балалар, орнымызға отырайық.

Ребята,    вы  хотите  поиграть?

Давайте  тогда  поиграем  в  дидак-

тическую  игру  «Ловим  рыбок».

Задачи: 

Научить 


де-

тей  различать  рыб  от  других

водных 

обитателей: 



мор-

ских 


звёзд, 

медуз, 


спондж.

Условия: Наловить среди морских 

жителей только рыб и опустить в ведро.

Чудесно, 



ребята! 

Сколь-


ко 

рыбок 


наловили?

-  Жарайсыңдар,  балалар.  Мен 

сендердің 

тапқырлықтарын-

ды  сынағым  келіп  тұр.  Балықтар 

туралы 


тапсырмаларым 

бар. 


- Тапсырманы орындайсыңдар ма?

Дидактикалық ойын: «Тез 

ойла»

Мақсаты: 

Балықтар 

тура-

лы  тапсырманы  беру  арқылы 



балалардың 

тапқырлықта-

рын,  ойлау  қабілеттерін  дамыту.

Шарты:Тапсырма сұрақтарын 

мұқият тыңдап, дұрыс жауабын табу.

1)  Суретте  неше  балық  бар?

Екі,  бес,  жеті.  Қай  жауап  дұрыс?

2)    Бірдей  балықтар  саны  нешеу?

  Он,  бес,  жеті.  Қай  жауап  дұрыс?

3)  Үлкен  балықтар  саны  нешеу?

Он,  үш,  жеті.  Қай  жауап  дұрыс?

- Қандай тапқыр, балалар. Барлық 

тапсырманы дұрыс әрі тез орындай 

алдыңдар. 

- Балалар, орнымыздан  тұрып 

сергіту сәтін орындап, сергіп алайық.

- Сергіп алсақ, орнымызға оты-

райық.

Балықтар туралы 

бейнетаспа көреді.

- Жайын, табан, көк-

серке, шортан, мөңке. 

- Жайын, сом, cat-fish

Шортан, щука, pike

Табан, лещ, bream

Мөңке, карась, crucian

Орындарына оты-

рады.

-Да


- Понимая условия 

игры, выполняют 

задания.

4 рыб поймали.

- Иә, орындаймыз.

- Суретте екі балық 

бар.

- Бес бірдей балық 



бар.

- Жеті үлкен балық 

бар.

Сергіту сәтін орын-

дайды.

Экранға қарап қи-

мылдайды.

Орындарына оты-

рады.


21

 

Do you want to play?



Well, children let’s playing  together

Computer games: «Match the fishes»

Балықты бояған кезде қолданған 

түстеріңді үш тілде атап беріңдер.

Сен ше?

- Жарайсыңдар, балалар. 



Бәріміз орнымыздан тұрып ортаға 

жартылай шеңбер құрып тұрайық. 

- Сары, желтый, 

yellow


- Қызыл, красный, red

- Көк, синий, blue

- Жасыл, зеленый, 

green


- Қызғылтсары, оран-

жевый, orange



Жартылай шеңбер 

құрып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет