ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҮШ ТІЛДЕГІ ЖАЗБАЛАРДЫ,
ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ДИАЛОГ, ТЕЛЕ-БЕЙНЕ БҰРЫШТАРДАҒЫ
ЖАТТЫҒУЛАРДЫ, АУДИОЖАЗБАЛАРДЫ ТЫҢДАУ КАБИНЕТТЕРІН
АШУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
___________________________________________________________
Әдістемелік құрал
Астана
2013
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген
Пікір жазғандар:
А.Ж.Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
А.И.Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Г. Ысқақова, Астана қ. № 32 «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі
Мектепке дейінгі ұйымдарда үш тілдегі жазбаларды, телефон арқылы
диалог, теле-видео бұрыштардағы жаттығуларды, аудиожазбаларды тыңдау
кабинеттерін ашуға қойылатын талаптар:әдістемелік құрал. – Астана, 2013. –
23 б.
Бұл әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдарда үш тілдегі жазбаларды, телефон
арқылы диалог, теле-бейне бұрыштардағы жаттығуларды, аудиожазбаларды тыңдау
кабинеттерін ашу бойынша мектепке дейінгі ұйымдарды әдістемелік материалдармен
қамтамасыз етуге бағытталған.
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне,
тәрбиешілері мен педагогтарына арналған.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2013
3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан» - «Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл
дамыту саясаты» Қазақстан халқына жолдауында мемлекетіміздің Елбасы
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүргізуді кезең-кезеңімен
бастауды ұсынады. Үш тілді жаппай оқытуды енгізу тікелей – балабақшадан
бастап ЖОО дейін – қазақстандық жас ұрпаққа ғылым мен техникадағы озық
жетістіктермен және беталыстармен танысуға, жылдам қоғам меншігіне
айналуға мүмкіндік береді.
Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел
ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық
қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Бірнеше тілді білу өзінің ойын айтуда және қарым-қатынаста адамды еркін
етеді. Қазіргі жағдайда шетел тілдерін білу білімділіктің жоғары деңгейінің
белгісі болып табылады. Бұның негізінде оқыту үдерісінің үздіксіз және
бірізділік идеялары жатыр. Оқытудың үздіксіздік және бірізділік қағидалары
жалпы және кәсіптік білім негізінде ҚР «Білім туралы» заңына салынған.
Біздің бүгінгі балалар – бұл еліміздің болашақ иелері. Сондықтан да
бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарын
тәрбиелеуге қамқорлық қажет. Еліміздің Президенті тілдерді үйрету мәселесін
былай белгіледі: «Егер біз қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік
меңгеретін болсақ, біз үшін бұл ұлы артықшылық болады». Бұрын шетел
тілдерін үйрету тілдің құндылығын игерген, ана тіліндегі және басқа тілдегі
әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, қоршаған ауызша немесе ауызша
емес құралдармен қатынасуға икемді, жеке тұлғаның көптілділігін
тәрбиелеуге бағытталған.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың» ЖМББС-на сәйкес баланың
ана тілін еркін меңгеруі тілдік құзіреттілігтің алтыншы жылына қарай
лексика-грамматикалық және фонетикалық даму деңгейі аясында өзінің жас
ерекшелік топтары мен басқа тілдер негізінде жасалады. Бала тілді үйренуді
барынша ерте бастаса, оған тілді меңгеру сондай жеңіл болады.
Күрделенген жағдай, балаларды шетел тілдеріне үйретуде іздеу мен
шешудің жаңа әдістемелік жолдарын іздеуді көрсетеді. Бұл мәселелерді
шешудің жолы үш тілдегі аудиожазбаларды, телефон бойынша диалогқа
жаттығуларды, үш тілдегі жазбалармен теле-бейнебұрыштарды тыңдату
кабинетін ашу болып табылады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, шетел
тілдерін үйрету үшін топтың ішінде тілдік орта құру болып табылады.
Кабинет – бұл жайлы балалар үш тілде ешқандай қиындықсыз қарым-қатынас
жасайтын, шет тілдер сабақтарына арналған кеңістік. Түрлі ұлттың балаларын
екінші және үшінші тілдерге үйрету тілдік сана-сезімнің жаңа жүйесін
қалыптастыратын, өзіне тән жағдайда ағатын күрделі және көп аспектілі
үдеріс. Бұл шарттар балалардың көптілдігін дамыту үшін қолайлы болуы
керек. Үш тілдегі жазбаларды, телефон арқылы диалог, теле-видео
4
бұрыштардағы жаттығуларды, аудиожазбаларды тыңдау кабинеті – бұл
заттық-дамытушылық орта. Мұндай кабинетке бай дидактикалық материал,
оқу-көрнекілік құралдар, оқытудың қазіргі техникалық құралдары,
интерактивтік технологиялар яғни тілдерді үйрету үдерісін жетілдіруге
мүмкіндік беретін міндетті заттық толықтырулар (кітаптар, тұрмыстық заттар,
қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері шығармалары, плакаттар,
картинкалар, ойыншықтар, жазбалар, фотосуреттер, көкөністер мен
жемістердің муляждары және т.б.) жиналады.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарды үш тілдегі жазбаларды, телефон
арқылы диалог, теле-видео бұрыштардағы жаттығуларды, аудиожазбаларды
тыңдау кабинетін ашу үшін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына әртүрлі ұйымдастырылған
оқу әрекеттерін дайындауға және өткізуге практикалық көмек көрсету;
- жүйеленген әдістемелік аудио және бейне құралдарды, құжаттар
үлгілерін ұсыну;
- педагогтарға оқу-тәрбие барысында ОТҚ қолдануда технологиялық
көмек көрсету .
Күтілетін нәтиже:
- мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие барысының тиімділігін арттыру;
- тәрбиеленушілердің өздігінен және шығармашылық әрекеттерін
ұйымдастыру.
5
ҮШ ТІЛДЕГІ ЖАЗБАЛАРДЫ, ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ДИАЛОГ, ТЕЛЕ-ВИДЕО
БҰРЫШТАРДАҒЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ, АУДИОЖАЗБАЛАРДЫ ТЫҢДАУ
КАБИНЕТІ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ШЕБЕРЛІГІНІҢ ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛУ ОРТАЛЫҒЫ
Шет тілдер кабинеті – оқу үдерісінің ақпараттық-білімдік ортасының
бірінші түйіні. Шет тілдер кабинеті кез келген оқу кабинеті сияқты
қызметтік міндетіне сәйкес оқу құралдары жүйесімен, жиһазбен, құралдармен,
оргтехника құралдарымен, кітап қорымен жабдықталуы керек. Шетел тілі
кабинетінің негізгі міндеті –шығармашылық әрекеттер үшін, сыныптан тыс
сабақтарға, педагогтың жетекшілігімен немесе өзбетінше, дербес немесе
топтағы сабақтарда барлық қажетті жағдайларды жасау. Жағдайларды айта
отырып, біз оқу үдерісінің ақпараттық және әдістемелік мәселелерін, қазіргі
уақытта өзекті болып тұрған балаларға барынша көп әртүрлі ақпарат көздеріне
мүмкіндігінің болуын айтып тұрмыз. Шетел тілі кабинеті алғашқы базалық
ақпараттық-білімдік ортасы ( оқу материалдық базамен, техникалық
жабдықтармен сәйкестендірілген) ретінде бір жағынан, ал екінші жағынан
мұғалімнің жеке басымен түйіндес, оның мәдени деңгейін, көзқарасын,
қызығушылығын,
дүниетанымын
бейнелейтін
ерекше
жағдайды
қалыптастыратын жабдықтармен безендіріліп, құрылады. Кабинеттің ішкі
көрінісі сәбилерге әсер етпейтіндей, белгілі бір дәрежеде мұғалімге, затқа
қатынасын қалыптастыратындай әсем безендірілуі керек. Кабинеттің орынды
жоспарлануына сабақта мұғалім мен балалардың тиімді әрекеттерін
ұйымдастыру үшін жететін және қажетті оқу құралдары қорының қойылуы
және жүйелігі, сонымен бірге оқу кабинеті ұғымы кіреді. Мұндай кабинетте
сабақ немесе сабақтан тыс уақытта барлық қажетті әрекеттер түрлерін
орындауда мұғалімге және балаларға ыңғайлы, қолайлы болуы керек.
Қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеуіне байланысты шетел тілдерін үйренуге
қызығушылық күшейді. Мемлекеттің нарық экономикасына көшуімен
шетелдік мемлекеттермен экономикалық қатынас ұлғайды және шетел
тілдерін білетін мамандарға сұраныс өте артты, осыдан келіп мектеп жасына
дейінгілерден бастап, шетел тілдерін оқыту қажеттігі шықты.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан техникалық құралдарды оқыту:
алдымен –электройнатқыштар, кинопректорлар, кейіннен – магнитофондар,
компьютерлік техникалар және с.с. ендіріле бастады. Дыбысбейнелік
құралдарды қолдану оқу үдерісін тұтастай ұйымдастыруға, және соның ішінде
шетел тілдерімен оқытуға әсер етті.
Мектепке дейінгі ұйымдарда үш тілдегі жазбаларды, телефон арқылы
диалог, теле-видео бұрыштардағы жаттығуларды, аудиожазбаларды тыңдау
кабинеттерін ашуға, мұндай кабинетте үш тілдегі жазбалармен теле-видео
бұрыштар
құруда,
компьютерлермен,
интерактивті
панельмен,
лингафондармен, оқу бейнероликтермен жабдықтау қажеттігін ескеру керек.
Бұлар түрлі жастағы балаларды көптілділікке оқытуда үш тілді меңгеру
дағдыларын ойын формасында, оқу, логика, аудио (тыңдау арқылы тілді
6
қабылдау), арифметика және әрбір баланың шығармашылық қабілеттілігін
дамытуға мүмкіндік береді.
Шетел тілі кабинеті
Шетел тілін ойдағыдай оқыту үшін мұғалімге кабинет қажет. Ол барлық
қажетті сабақ беру үшін оқу құралдарымен талаптарға сәйкес кітаптармен,
жиһазбен, лигафондық жабдықпен, дыбыс жазаушы және дыбысшығарушы
аппаратурамен,
компьютермен,
ИКТ,
мультимедиялық
проектормен
жабдықталуы керек. Шет тілі кабинеті оқытуды ұйымдастырудың және осы
пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың оқу орталығы болып табылады. Онда
сабақтар өткізіледі, сыныптан тыс жұмыстар аясындағы түрлі іс-шаралар
ұйымдастырылады. Шет тілі кабинетін немесе тілдік зертхананы безендіруде
эстетикалық,
гигеналық,
экономикалық
талаптар,
сонымен
бірге
тәрбиеленушілер мен мұғалімдердің еңбектерін ғылыми ұйымдастыру
талаптары ескеріледі. Заманауи шет тілі кабинетін құру оңай емес. Мұғалім
кабинеттік жүйе бойынша әдебиеттермен, озық тәжірибелі мұғалімдердің
жұмыстарымен оқу кабинетін құру бойынша бастамалар тудыру үшін көп күш
жұмсап, жете танысуы керек. Басқа мұғалімдердің тәжірибесі мен кеңестері
өзінің оқу кабинеттерін ұйымдастыруда көмектеседі. Сынып тақтасы,
сыныптың ажыратылмайтын бөлігі ретінде алдыңғы қабырғасында орналасуы
керек. Ал қабырғаның ашық тұрған бөлігіне анықтамалық таблицаларды, ал
тақтаның үстіне алфавитті орналастыруға болады. Бір жақ бүйірдегі қабырға
тақырыптық және мерекелік стендтерді орналастыруға қызмет етеді. Қойылым
алаңы бірнеше сабақтар өткізу үшін кең болуы керек. Мұнда құралдар, бөлек
бағдарламалық тақырыптарды, тілін оқып жатқан елдің картасы және
материалдары, сонымен бірге тәрбиеленушілерге жұмыстарды өзбетінше
орындауға ұсынымдар орналастырыладыАртқы қабырғаға кітап қорын,
тақырыптық дидактикалық үлестірмелі материалдарды сақтайтын секциялық
шкафтар, түрлі дыбысбейнелік құралдар қойған дұрыс. Ақпараттарды
тақтаның жанына ілу керек, бірақ ұзақ уақытқа емес балаларды жалықтырмас
үшін үнемі ауыстырып отыру керек.
Тақырыптық безендіру де өте маңызды рөл атқарады. Оған Қазақстан
туралы, оқытатын тілдің елі (рәміздер, карта. Мысалы «Оқытатын тілдің елі»
стенді)туралы стендтер. Қысқа мерзімде барлық сабаққа қажеттіліктерді,
тақырып бойынша сабақтар топтамасына көрнекі және дидактикалық
материалдар енгізілген каталог құрастыру.
Сонымен бірге тәрбиеленушілердің отыратын орнына ерекше назар
аудару керек. Ол мынадай болуы керек, педагогпен берілген тапсырмаларды
сәйкес құралдарды қолданып, өзінің қазақ және шетел тілдерінде айтуына
дайындық жасауға, монологтық және диалогтық сөзді рәсімдеуді орындауға
ыңғайлы болуы керек. Сондай-ақ жұмыс орнының дұрыс безендірілуі балаға
оқылатын әрекетті қарқындатуға, тілмен белсенді жұмыста уақытты ұтуға
көмектеседі.
Жұмыс орнын безендіруді жобалайтын төмендегі элементтер:
1. алфавиттің;
7
2. сөйлеу формуласының;
3. тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер тізімінің болуы.
Жұмыс орнының үнемі безендіру элементтері ватманнан немесе
картоннан жасалып, мөлдір полиэтиленді пленкадан салынады. Кейде балалар
өздері ата-аналарының көмегімен үлгілер, таблицалар ережелерімен және
оларды мұғалімнің айтуымен қолданады. Егер кабинет лингафондық құралмен
жабдықталған болса, бұл сабақтарда диалогпен қарым-қатынас ахуалын
құруға көмектеседі.
Шетел тілі кабинетін ұйымдастыруға қойылатын негізгі ғылыми-
педагогикалық талаптар:
1) кабинет оқу-әдістемелік кешенмен және басқа оқу құралдарымен
жабдықталады.
2) аппараттар кешенімен, кампьютермен, интерактивті панельмен, DVD-
плеермен жабдықталады;
3) мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралдар кешенімен
жабдықталады;
4) кіші кітапхананың, дыбысбейне жазбалар, тыңдауға арналған
жазбаларымен компакт-дискілер болуы қажет;
5) картотекалармен жабдықталған;
6) кабинетте аспаптармен жұмыста техника қауіпсіздігі бойынша
нұсқаулық болуы қажет.
Кабинетті құруда төмендегілер құрамында болатын активтің мәні зор:
- мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі (директоры);
- пән мұғалімдері, тәрбиешілер;
- ата-аналар активі.
ҮШ ТІЛДЕГІ ЖАЗБАЛАРДЫ, ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ДИАЛОГ, ТЕЛЕ-ВИДЕО
БҰРЫШТАРДАҒЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ, АУДИОЖАЗБАЛАРДЫ ТЫҢДАУ
КАБИНЕТІН ЖАБДЫҚТАУ
Тілдерді оқыту үдерісінде оқу құралдары маңызды рөл атқарады. Оқу
құралдары – тілді ойдағыдай оқытудың қажетті жағдайы. Олардың көмегімен
оқыту, тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан-жақты дамытуды ұйымдастыру
жүзеге асырылады. Үш тілді оқытуға арналған тираждалған оқу құралдары
мыналар жатады:
-
экрандық құралдар;
-
дыбыстық қүралдар;
-
экранды-дыбыстық құралдар.
Оқу құралдары оқытудың барлық кезеңдерінде (кіші, ортаңғы, ересек
топтарда) қолданылады. Оқу құралдарын таңдауда назарда ұстайтындар: үш
тілде оқытудың мақсаты және міндеттері; материалды меңгеру деңгейлері; оқу
үдерісін ағызатын жағдайлар. Қазіргі уақытта тілдерді оқытуда заманауи
8
ақпараттық технологиялар: компьютерлер, Интернет арқылы байланысу
мүмкіндігтері, интерактивті тақталар енгізіле бастады.
Үш тілді оқытуда түрлі көрнекі құралдарды: оқу үдерісіне әртүрлілік
қосатын, оларды барынша қызықты ететін суреттер, картиналар, сызбалар,
таблицалар, фотосуреттер қолдану зор рөл атқарады.
Тақтаның оң жағынан жыл мезгілдері, айлары, және аптаның күндері
бейнеленген күнтізбелік стенд табылады. Мұндай күнтізбе балаларда
қызығушылық оятып, айларды, күндерді, аптаны және т.б. есте сақтауға
мүмкіндік береді. Осы стендіде сұрақтардың негізгі формалары және
жауаптардың негіздері орналасқан. Сонымен, кезекші бұл қалыптарды
мұғалімнің сұрағына жауап беру үшін қолданады. Сонымен бірге мақсатты
түрде ой-өрісін кеңейтетін, Қазақстан мен Ұлыбритания туралы елді
танытушы материалдар орналастырылады (астаналары, ірі өнеркәсіп
орталықтары және т.б көрсетілген карталар Картаның жанына елдің
елтаңбасы мен байрағын және ел туралы қысқаша ақпаратты орналастыруға
болады. Сондай-ақ сол елдерге қатысты мерекелер мен салттар фотосуреттері
мен ашық хаттарын қоюға болады. Елдің аса көрнекті қайраткерлері,
суретшілері, ақындары, жазушылары туралы арнайы орын стенді жасау үшін
бөліп берген дұрыс. Стенділерді үнемі ауыстырып отыру керек. Мұндай
стенділер оқытудың түрлі деңгейлерінің көптеген тақырыптарын оқытуда
мұғалім мен балаларға көмектеседі. Сонымен бірге көрнекі құралдарды
қолдануда магнитті тақтаның да көмегі ас зор. Ол көрнекіліктерді қолдануда
шапшаң қимылдауға әсер етеді.
Сонымен, мұғалім сабақты жоспарлай отырып, дидактикалық
қызметтерінде
ұқсастық
бар,
оқытатын
балалардың
жас
ерекшеліктерін,кабинеттің жабдықталуын, заманауи техникалық құралдардың
бар болуы ескере отырып, сол немесе басқа да оқу құралдарын таңдай алады.
Мысалы, оқытудың бастапқы деңгейінде оқу материалын схемалау үшін
картинкаларды қолдануға болады.
Кабинеттегі балалардың өз бетінше жұмысы және мұғалімнің
басшылығымен жұмыс
Оқу үдерісінің бастапқы деңгейінде балаларды кабинет жұмысына
қатыстыру керек. Әсірес, кіші топтардың балаларын сабақтан тыс жұмысқа
қызықтыру оңай болады. Балалардың ата-аналарымен бірлескен өздігінен
жұмысқа қызығушылығын түрлі құралдармен қалыптастыруға және
сүйемелдеуге болады.
Ақпараттық-қатынас технологияларын қолдану ерекше назарда болады.
Сабақтан тыс уақытта өздігінен жұмыс жасауда, компьютерді және
интерактивті тақтаны қолданғанда өзінің айтуын, дауыстап дыбысталған сөзді
жақсы түсінуді жүзеге асырады. Компьютер Интернет желісін қолдануға
мүмкіндік береді. Интернеттің көмегімен мұғалім балалармен бірге келесі
қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:
-
біліміндегі олқылықты жою бойынша дербес жұмыстар;
9
-
граматикалық, лексикалық дағдыларды қалыптастыру және жүзеге
асыру.
Осы уақытта желіде қазақ және ағылшын тілдерін меңгеруде балалардың
дербес өзбетінше бірлескен және ата-аналардың бақылауымен әрекетті сол
немесе басқа білім, білік, дағдыларды жүзеге асырып ұйымдастыру
мүмкіндіктері бар. Қазіргі уақытта балаларға шығарылған компак-дискілер,
электронды оқұлықтар үлкен көмек көрсете алады.
Балалардың жобалау әрекеттері Интернетті қолданған жайылған жұмыс
түрлері болып табылады. Бұл сабақтан тыс уақыттағы барынша тиімді әрекет.
Дегенмен, оның тиімділігі басқа шеттен мұғалімнің ата-аналармен
бірлескен ұйымдастыруы және келісімділікке тәуелді болады. Үш шетел
тілдерін оқытуда оқу үдерісі үшін жобалау қызметінің қызықтырғыштығы
неде? Жауабы бірден белгілі. Тек қана Интернеттің көмегімен тілді
иеленушілермен қарқынды қатынас негізінде, түрлі жанрдағы әдебиеттермен
жұмыс, түпнұсқалық текстілерді тыңдау тілді иеленушілердің көмегімен
шынайы тілдік ортаны және үш тілді үйретуде сұранысты қалыптастыратын
міндетті қоюға болады. Бұл мәдениет диалогы негізінде әлеуметтік-мәдениетті
құзіреттілікті қалыптастыруға барынша тиімді мүмкіндік.
Интернеттен балалардың ата-аналары және мұғалімдер кез-келген
жобаның ақпаратын таба алады. Барлық әлем бойынша мұражайлар мен
олардағы экспонаттарды, әртүрлі сұрақтар бойынша статистикалық
мәліметтер, әлемнің түрлі түкпіріндегі күнделікті уақиғалар туралы
ақпараттарды және сол уақиғаларға адамдардың реакциясын, әлемнің түрлі
аймақтарындағы экологиялық жағдайлар, ұлттық мерекелер және т.б. табады.
Әлемнің түрлі елдеріндегі құрбыларымен немесе мамандыққа қызығатын
мамандармен IRS (Internet Relay Chat) қызметін қолдана отырып on-line
режимінде әңгімелесуге болады. Сондықтан да тілді иемденушілермен
бірлескен халықаралық жобалар көптілді оқыту мен тәрбиелеу үшін
қызықтыратын болып табылады. Кез келген жағдайда жобалық әрекетте тілді
иемденушілермен шетел тілі өзінің негізгі қызметінде болады – қатынас
құралы, ойларын қалыптастыру және тұжырымдау құралы. Және де баларға
оқытылатын тілдің, басқа мәдениетті иемденушілермен қатынас болады.
Демек, тілді меңгеру табиғи түрде әлеуметтік-мәдени аясында шығады.
Балалар тек қана бірлесіп мәселені шешпейді, олар серіктес-елдердің ұлттық
және мәдени ерекшеліктерімен танысады, бір бірі туралы қызықты заттарды
біледі. Соның ішіндегі бағалысы және маңыздысы, олар бірін бірі түсінуді
үйренеді және біз барлығымыз бір планетада тұрамыз, бізге бөлетін нәрсе жоқ,
міне сол фактіні түсіну. Демек бір-бірін сыйлауды үйренуі керек. Бір
компьютерде көбінесе бірнеше оқытылатындар жұмыс жасайды, және бірлесіп
жұмыс жасайды. Ең бастысы, кейбір қажетті ақпаратты іздеу жолдарын және
мәселенің өзін бірлесіп талқылайды. Бұл талқылауды шетел тілінде өтеді деп
күту – аңғалдықтың биіктігі, әрине ана тілінде өтеді. Бірақ ақпараттың өзі,
оларға сол немесе басқа қажетті жобаның мақсаттары шетел тілінде болуы
10
керек немесе қазақ және ағылшын тілдеріндегі тапсырмаларда қолдануға
болады.
Балалардың өздігінен жұмысқа қызығушылығын арттырудағы маңызды
құрал тапсырмалардың проблемалық сипаты болып табылады.
Біз үш тілді оқытудың ойдағыдай маңызды шарты дұрыс безендірілген
кабинет болып табылады деген қорытындыға келдік. Ал мұғалім өз кезегінде
кабинетте техникалық құралдарды, көрнекі құралдарды және қосымша
материалдарды қолданып, жұмысты дұпыс ұйымдастыруы керек. Техникалық
жабдықталған кабинет жағдайында оқытудың уәжін күшейтетін, үш тілдегі
аудиожазбаларды тыңдауда берік дағды мен білікті қалыптастыру, телефон
бойынша диалогқа жаттығулар орындау және үш тілдегі жазбалармен теле-
бейне бұрыштармен жұмыстарға мүмкіндіктер ашылады.
Үш тілде оқытатын кабинеттің ішкі тәртіп ережесі
1. Балаларды сабақ басталардан бірнеше минут бұрын тәрбиеші алып
келуі керек.
2.
Кабинетке
педагогтың
немесе
тәрбиешінің
рұқсатымен
ұйымшылдықпен кіру керек.
3. Кезекшілер алдын-ала кіріп, кабинетті сабаққа дайындауы керек.
4. Балалар бекітілген орындарда отыруы керек.
5. Балалар жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтаулары керек.
6. Балалар техника қауіпсіздігі ережесін және санитарлық-гигиеналық
талаптарды сақтаулары керек.
7. Кабинеттің жабдықтары мен материалды құндылықтарына ұқыппен
қарау.
8. Әрбір сабақтан соң кабинетті желдету керек.
9. Сабақтан соң оқитындар жұмыс орнын тазалауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |