А. Райымбергенов



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата22.12.2016
өлшемі1,91 Mb.
#85
1   2   3   4   5   6

 

Музыка тыңдайық! 

«Соқыр Есжан» күйіне қойылған «Біржан Сара» операсынан би көрінісі.  



 

Біліп ал!  

 

 



Шара Жиенқұлова - қазақтың алғашқы әйгілі кәсіби бишісі. 1912 жылы 

Алматы  қаласында  дүниеге  келген.  Ол  1929  жылдан  бастап  Қазақтың 

драмалық  театрының  әртісі  болады.  Ол  «Еңлік  -  Кебек»,  «Қаракөз», 

«Майдан» атты спектакльдерде ойнады. 1934 жылы Шара Жиенқұлова 

Қазақ  опера  және  балет  театрында  жұмыс  істеді.  Ол  өзінің  асқан 

бишілік  дарынымен  алғаш  рет  «Былқылдақ»,  «Қара  жорға»,  «Айжан 

қыз»  сынды  билерді  дүниеге  келтіреді.  Шара  «Айман  Шолпан»,  «Қыз 

Жібек»,  «Ер  Тарғын»  операларындағы  барлық  би  көрінісін  өзі  билеген. 

Шара  Жиенқұлова  тек  биші  ғана  емес,  ол  алғашқы  қазақ  киноларының 

бірі «Амангелді» фильмінде де басты рөльде ойнады.   

   

 

Сұрақтар:  

- Не себепті қазақ биі дүниеге келді? 

- Қазақ биін қоюда қандай күйлерді пайдаланған? 

- Қазақ биі қандай дәстүрге сүйеніп жасалды? 

- Қазақ балеті қалай пайда болды?   

 

Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 



Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

 «Біле-білсең»  сөзіне  ұйқас  сөздерді  атап  жіберейік.  Олар:  іле  білсең,  сене  білсең, 

көне білсең, ере білсең, келе білсең. 

Ал енді, бір шумақ өлеңнің  соңғы жолын шығарып көр: 

 

                           Бауыржан менің атым біле-білсең. 

                           Айтамын асыл сөзді іле білсең 

                           Кейбіреу бірін-бірі алдап кетер 

                            …………………………… сене білсең 

 

2.  Домбырадан Халық күйі «Кеңес». Үйренген буындарын қайтала. 



 

56 

 

Әлемді шарлаған музыка.  



 

Музыка  –  адамдардың  өмір-тағдырын,  көңіл-күйін,  куанышы  мен  ренішін  әбден 

көрсете  алатын  ерекше  құбылыс.  Әлем  халықтары  сан  алуан  аспапты  ойлап  тапты. 

Мысалы, әуезді скрипка, қоңыр үнді виолончель, сиқырлы да сазды арфа мен фортепиано, 

өткір дыбысты  труба, т.б. көптеген аспаптарды атай аламыз. Ал бұл аспаптардың басын 

қосып,  музыкалық  алып  күшке  ие  болған  оркестр  болып  табылады.  Дүниенің  әр 

бұрышында дүниеге келген сан алуан музыканы тыңдай отыра, сол халықтардың тыныс-

тіршілігін, әдет-ғұрпы мен мәдениетін танып біле аламыз.   

   Музыканы  барлық  жерден  тыңдай  аламыз.  Атап  айтсақ,  концерт  залдарында,  театрда, 

кинода, тіпті  теледидар мен радио арқылы естуге болады.  Классикалық  музыканың отау 

ордасына айналған опералық театрларға саяхат жасап, қыр-сырына қанық болғандаймыз. 

Әлемдегі  ең  озық  опера  театрлары  мен  опера  әншілерімен  етене  танысуға  да  мүмкіндік 

алдық.  Әсіресе,  қазақ  опера  театры  жайлы  және  оның  жетістіктеріне  көз  жеткіздік. 

Әлемдік өркениет пен музыкалық мәдениетте өз орнымызды айқындай білдік.  

   

 

 



 

 

 



 

 

Музыканы  тыңдаудан  жалықпа!  Классикалық  музыка  әлемдік  мәдениетті  танып 



білуге  жол  ашады.  Ең  бастысы  ұлттық  музыка  ой-санаң  мен  рухыңды  көтеруге  көп 

септігін  тигізерін  жадыңда  жақсы  сақта.  Көне  заманнан  жеткен  айтыс  өнері  ақыл-

ойыңның  өрісін  кеңейтіп,  қиялыңды  алысқа  жетелейтіні  сөзсіз.  Ақындар  дәстүрімен  өз 

өлең-сөзіңді құрай білуге жол аштың. Ойыңды өткір, сөзіңді шыншыл, қиялыңды ұшқыр 

етуге талпыныс жасадың. Өнер мен білім егіз ұғым екенін естен шығарма.   

 


57 

 

Сұрақтар: 



 

1.

 



Саған қандай композиторлардың әндері ұнайды? 

2.

 



Қандай күйлерді есіңде сақтадың? 

3.

 



Қандай музыканы тыңдағанды ұнатасың? 

4.

 



Сенің сахнада ән салғың келе ме? 

5.

 



Сен қандай музыкаға билегенді ұнатасың? 

 

Тапсырма: 

1. Шығармашылық тапсырма: 

Қане, балалар,  өлең құрап көрейік! 

Біле-білсең сөзіне ұйқас сөздер атайық. Олар: көре білсең, өре білсең, өне білсең, көне 

білсең, сене білсең.  

                             Ақыл мен біліміңе сене білсең. 

                            ……………………………………. 

                            Боламын болашақта мен………... 

                            Бауыржан менің атым біле-білсең. 

 

   Ал енді, Бауыржан есімінің орнына әр бала өз есімдерін қойып, алғашқы үш тармағына 



болашақта кім болатындарын ұйқасқа сай етіп жазайық.  

 

 



 

2.  Домбырадан Халық күйі «Кеңес». Жатқа орында.  



 

Қайталау сұрақтары: 

 

1.

 



Опера қандай жанр түріне жатады? 

2.

 



Операның либреттосы дегенді қалай түсінесің? 

3.

 



Опералық қойылымды және оркестр мен әншілерді кім басқарады? 

4.

 



Операдағы драмалық қойылым неше актыдан құрылады? 

6.

 



Опера тұңғыш рет қай жерде, қай ғасырда пайда болды? 

7.

 



Операның дүниеге келуіне кімдер себепкер болды? 

58 

 

8.



 

Қазақ операсы кай жылдары пайда болды? 

9.

 

Қандай қазақ операларын білесің? 



10.

 

Операға қазақтың сөз өнерінің қандай түрлері қолданылды? 



11.

 

Операда толғау, жар-жар және айтыс түрін қалай қолданған? 



12.

 

Не себепті қазақ биі дүниеге келді? 



13.

 

Қазақ биін қоюда қандай күйлерді пайдаланған? 



14.

 

Қазақ балеті қалай пайда болды?   



 

 

 



 

 

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР 



 

ӨЗ БІЛІМІҢДІ  ТЕКСЕР! 

 

1.



 

Айтыс пен тартыстың айырмашылығы не? 

2.

 

Айтыс түрлерін ата? 



3.

 

Он бір буынды өлең түрін не деп атайды? 



4.

 

Қазақ жырлары неше буынға құралады? 



5.

 

Жар-жар өлеңі қандай айтыс түріне жатады? 



6.

 

Түре мен сүре айтысының айырмашылығы не? 



7.

 

Ертеде музыкалық аспаптарды неден жасаған? 



8.

 

Үрмелі аспаптар қандай топтарға бөлінеді? 



9.

 

Ұрмалы аспаптарды ата? 



10.

 

Скрипка қандай аспаптардан тараған? 



11.

 

Скрипка аспабын не себепті патшайым дейді? 



12.

 

Қандай аспап дүниеге бірінші келген: виолончель, арфа, рояль? 



13.

 

Ұрмалы аспаптар алғашқыда қалай пайдаланылған? 



14.

 

  Симфониялық оркестрін көрдің бе? 



15.

 

 Опералық қойылым даярлауда ұжым құрамында кімдер болды? 



16.

 

 Қазақ операсы сөз өнерінің қандай түрлерімен толықты? 



17.

 

 Абай атындағы опера және балет театры қай жылы және қай қалада ашылды? 



18.

 

 Қазіргі қазақстандық композиторлардың есімдерін ата?  



19.

 

 Не себепті қазақ биі дүниеге келеді? 



20.

 

 Жақсы музыка көңіл күйінді көтере ме? 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

59 

 

Айтыс түрлерін тап. 

 

Қыз бен жігіттің айтысы әзіл-қалжыңға құрылса, …………… болады.  



Ақындар бір-бір шумақпен қысқаша жауаптасса, …………… болады. 

Суырып салма нағыз ақындар айтысы болса, ………………болады. 

Ақындар  бір-бірімен  астарлы түрде өлеңмен сөз жасырса, ………… болады. 

Ақындар хат арқылы айтысса, ……………. болады. 

 

                                               Айтыс 



 

 

 



 

 

    Түре                  Жұмбақ   Жазба         Сүре                  Қайым 



 

 

Мына ақындардың қағыспаларын рет-ретімен бағыт арқылы нұсқа. 

   

Біржан сал                                          Құлыншақ 

  

Бекетбай                                            Жолаушы  

 

Майлықожа                                       Базарбай    

 

Жорықбай                                         Қыз  

 

 

Ұйқас сөздерді жаз. 

 

                                            Қайымдады 

 

 

 

 

    

                                  



 

 

Ұйқас сөз арқылы  мына ретпен өлең құра. 

 

               



 

                           Ұйқас сөз 

 

Бес буындық өлең               Жеті буындық өлең               Он бір буындық өлең 



 

Аспаптарды ата 

 

60 

 

 



                   

                                         

 

 

 



 

  

              



    

 

 



                                               

 

 



 

 

 

 

 

 

 

61 

 

Қысқаша түсіндірме сөздік 



 

Кәмшат бөрік – кәмшат терісінен жасалған бөрік. Кәмшат-бағалы аң,           

                            құндыздың бір түрі.   

Ұжмақ – бейіш 

Хор қызы – бейіштің сұлу қызы. 

Қара насыр – қымбат бағалы мата. 

Мақпал – Жылтыр, түкті, жұмсақ қалың мата. 

Сәукеле – Қазақ қыздарының ұзату тойында киетін оқалаған сәнді, әшекейлі               

                  бас киім. 



Ұзату – Қызды күйеуге беру немесе аттандыру тойы. 

Сыбыс – мұнда: дыбыс, үн. 

Жеңге – жасы үлкен ағаның, туыстардың әйелі, жұбайы.  

Көлік – Жұмыс пен жол қатынасына пайдаланылатын мал. 

Баптау – жақсы күту, бабына келтіру  

Тәмам  –  аяқталу. 

Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сидаң сырық,   

            киіз үй сүйектерінің бірі.   



Шаңырақ – Киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып  

                    ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.  



Бойжеткен – Кәмелетке толған,  ер жеткен қыз. 

Тұрмысқа шыққан – күйеуге шыққан. 

Тиемін – мұнда: күйеуге шығамын. 

Қапыда – Абайсызда, аңдаусызда, бауқаузызда. 

Тың-тыңдап – біреудің сөзін жасырын тыңдау. 

Қыңқылдап – қайта-қайта айта беру, мазалау. 

Лашық – уақытша тұруға арналған күрке, сиықсыз, кедейқолды баспана. 

Хошым – Көңілдің жан сүйсінерліктей жай-күйі; ықылас зауқы. 

Қатықсыз – еті, майы жоқ. 

Басып-басып – мұнда: құйып-құйып.  

Жая-жал – жая-жылқының екі жамбас сүйегінің түйіскен тұсындағы дәмді,  

                    майлы еті; жал-жылқының, құланның жал майы.   



Сал – Сәнді киініп, ерекшеленіп жүретін сері әнші, мырза.   

Кекіреймей – Әлдеқандай болып бәлдену, бұлдану, тәкаппарлану. 

Жабағы – 6 ай мен 1 жас аралығындағы жылқы төлі. 

Құлын – Жылқының алты айға дейінгі төлі. 

Тай – Екі жасқа әлі толмаған жылқы. 

Шайыр – ақын. 

Қисса – ауыз әдебиетіне тән сюжетті жыр, дастан. 

Хикая – алуан түрлі ғажайып оқиғалар жайлы жазылған әдеби шығарма. 

Қазалы – қайғылы  

Шақша – мүйізден жасалған, насыбай салатын құты. 

Насыбай  –  тіл  астына,  ерінге  салып  ату  үшін  үгітілген  темекіге  қылша,      арша  т.б. 

өсімдіктің күлін қосып жасаған зат.  



Бақ – әр түрлі ағаш өсірілген жер. 

Жәрмеңке – Базар  

Жүрексініп – қорқып. 

62 

 

Ақсұңқар – бүркіт тұқымдас қыран құс. 



Жылы жауып – елеп ескермеу, атаусыз қалдыру. 

Серт – уағдалы сөз, ант. 

Дөп – дәл, нақ. 

Еп – лайық, тең.  

Есіріп – құтырып. 

Шабан – жайбасар, жалқау, жүрмейтін ат. 

Бір бүйірден – бір жақ тұсынан. 

Қарасай – батырдың есімі. 

Бас аманға – мұнда: басын қорғауға. 

Бұлтарып – жалт етіп, шұғыл бұрылу. 

Мәлім – белгілі, анық.  

Медресе – Ислам дінін оқытатын оқу орны. 

Аңдадық – мұнда: байқадық. 

Қошемет – құрмет. 

Пайымдап – мұнда: байқап, анықтап. 

Тінтуші – мұнда: тексеруші. 

Зындан – тұтқындарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең қараңғы   

                ор, апан.  



Құйын – үйіріле ұйытқи соғатын екпіні қатты жел. 

Темір өзек – мұнда: бойында жаны бар тірі адам.  

Ерек – мұнда: ерекше. 

Қыдыр-ырыс – мұнда: берекелі, несібелі. 

Жарты сүйем – мұнда: бір қарыс. 

Тұтып – санап.  

Арпа – дәнді дақыл. 

Қырма кедей – жоқ-жұқа адам. 

Нақ расым – мұнда: шындық, растық. 

Көмейіңнен – мұнда: тамағыңнан, дауысыңнан. 

Жайық – өзен аты. 



Көрегенім – мұнда: ақылы, білімі мол адам.  

Керегенің – киіз үйдің ағаштан жасаған жиналмалы тор көзді сүйегі,  

                     қаңқасы. 



Төлеген – Қыз Жібек жырындағы кейіпкер. 

Тия алатын – мұнда: тоқтата білетін. 

Кесуге де – мұнда: жүруге де. 

Жанығанмын – мұнда: қайрағанмын. 

Уыз – төлдеген малдың алғашқы күндердегі қоймалжың қою сүті. 

Сөзге-мәйек – мұнда: сөзге шебер.   

Сусыған сары алтын – мұнда: жұқа алтын. 

Қас-қағымда – мұнда: лезде. 

Тембр - дыбыстың бояуы. 

Диапазон – дыбыстың көлемі  

Симфония – симфониялық оркестрге арналған аспаптық шығарма. Симфония  бір 

мазмұнды құрайтын  төрт бөлімнен тұрады  



«Фортепиано» аспабы. Итальянша форте - «қатты», пиано - «ақырын» деген мағынаны 

білдіреді.  



63 

 

 



МАЗМҰНЫ 

I тоқсан. Өнер алды қызыл тіл 

 

Айтыс дәстүрі........................................................................................................   4 

Қайым  айтыс.........................................................................................................   5 

Түре және сүре айтыстар ....................................................................................   7 

Өтірік өлең.............................................................................................................    9 

Жұмбақ айтыс.......................................................................................................    11 

Ұйқас сөздер табу.................................................................................................   13 

Бес буындық өлең.................................................................................................   15 

 

II тоқсан. Қысқа қағыспа айтыс 

 

Біржан сал мен қыздың қағыспа айтысы……………………………....   18 

Жеті буынды өлең……………………………………………………….   20 

Құлыншақ ақын мен Майлықожаның айтысы………………………...   22 

Он бір буынды өлең……………………………………………………..   24 

Жас ақын Базарбайдың Бекетбай ақыннан бата алуы………………...   26  

Өлең құраудың әдіс – тәсілдері ………………………………………..   28 

Жорықбай мен жолаушы………………………………………………..   30  

 

III тоқсан. Европа аспаптары   

 

Европа музыкасының шыңы - симфониялық оркестр..........................   32 

Скрипка аспабы қалай пайда болды? ....................................................   34 

Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар…………………   37 

Оркестрдегі  үрмелі ағаш  аспаптар……………………………….......   39 

Жез аспаптар қашан пайда болды?.........................................................  42 

Ұрмалы аспаптар тобы............................................................................   45  

Арфа аспабы қайдан келді?.....................................................................   47 

Оркестрге үн берген аспап......................................................................   49 

 

IV  тоқсан.  Опералық театр   



 

Әлем мәдениетінің озық үлгісі...............................................................   53 

Операдағы  негізгі жанрлар……………………………………………   56 

Опералық театр тарихы………………………………………………..    59 

Қазақ опера театры…………………………………………………….    63 

Қазақ опера жанрлары…………………………………………………    66 

Қазақ билері қалай пайда болады?........................................................    69 

Әлемді шарлаған музыка........................................................................    71 

Қорытынды сұрақтар..............................................................................    74 

Түсіндірме сөздік....................................................................................     77



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет