Президент елдегі 3400 судьяның алдындағы басты мін- дет ті атады. Ол-халықтың сотқа деген сенімі. Астанада



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.12.2016
өлшемі3,82 Mb.
#869
1   2   3   4

М. ӘЛІШЕВ,

Жіңішкеқұм ауылдық

округінің әкімі.

Біздің алғашқы білім ордамыз 1931 жылы Баршақұм 

бастауыш мектебі  болып, бұрынғы мешіт үйінде аш-

ыл ған. Алғашқы мұғалімі А. Сапаев 14  оқушыға дә-

ріс берген. Ал, 1983-2012 жылдар аралығында Ү. Қуа-

тов аталған мектепке басшылық еткен. Мектеп ту-

ралы сөз қозғағанда, біз ең бірінші Қазақстан білім 

бе ру  ісінің  үздігі,  тарихшы,  өлкетанушы,  «Ғибрат-

ғұмыр» кітабының авторы Үргенішбай ағай туралы 

ауыз толтырып, мақтана айта аламыз. №248 орта 

мектебін парасаттылықпен 29 жыл басқарып, өскелең 

ұрпақтың жүрегіне білім мен тәрбиені тереңінен 

сіңіре білді. Еңбек қашан да жетістік арқылы баға лан-

ған. Ү. Қуатов басшылық жасаған жылдары бірнеше 

оқушылар «Алтын белгі» иеленген. Аудан бойынша 

білім көрсеткіші де көңіл қуантарлықтай дәрежеде 

болды. Қазіргі директоры Б. Сәтжанов сол абыройлы 

іс ті лайықты жалғастырып келеді. 

Мектеп тарихында өзіндік із қалдырған Н. Ер жа-

но ва,  М.  Киікбаева,  К.  Ашықбаева  сынды  ардагер 

ұс  таз дарына шәкірттері де, әріптестері де әрқашан 

құр 


метпен қарайды. География пәнінің мұғалімі 

Б.Ния зованың шәкірттері ҰБТ-тен 5 жыл қатарынан 

25 балл жинап, ұстаз еңбегінің өлшемін көрсетті. 

Хи мия-биология  пәнінің  мұғалімі  М.  Әлішеваның 

бір оқушысы облыстық ғылыми жобада лауреат 

атанды. Сондай-ақ, бір айта кетерлігі, аудандағы 

жалғыз фран цуз тілі пәнінің мұғалімі М.Жакебаева. 

Ол бү гінде аталмыш пән бойынша шәкірттерге дәріс 

беруде. Үлгілі жанұяның отанасына айналған жанның 

4 пер зенті бар. Олар да-мектеп мақтаныштары. Айтар 

бол сақ, екеуі «Алтын белгі», екеуі «Үздік аттестат» 

иелері. ҰБТ-тен оқушылары жоғарғы көрсеткіш көр-

сетіп, осы пән бойынша жоғарғы оқу орындарында 

грант негізінде білім алып жатыр. 

Ұстаз-ұлы есім. Ардақты мамандықты алып жүру-

жемісті еңбек етуді, табандылықты, шынайы ізденісті, 

көпшіл болуды талап етеді. Заман талабына сай, ке-

лешек ұрпақтың қоғамда өз орнын тауып, белсенді 

әрекет иесі атануға деген бағыт-бағдар мектеп қа-

быр ғасынан қалыптасатыны көпке аян. Бұл жерде 

мектептің жүрегі-мұғалімнің атқарар рөлі ерекше. Бір 

ұлттың, тіпті, тұтастай мемлекеттің келешегі сол елдің 

ұстаздарына тікелей байланысты. «Келешекке кемел 

біліммен» деп айтқан Елбасымыз Н. Назарбаев сөзі де 

осыны меңзеп тұрғаны белгілі. Бұл ретте, жас ұрпаққа 

сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан ұс-

таздар қауымының еңбегі ерекше екенін айта кету 

ке рек.  Олар  өз  еңбектерінің  лайықты  жемісін  көріп 

те келеді.

2015-2016 жаңа оқу жылы Тоқабай ауылы үшін 

ерекше жыл болды. Бұл жылы көптен күткен жаңа 

да зәулім білім ордасын сол жылғы Білім және ғылым  

министрі А. Сәрінжіпов пен облыс әкімі Қ. Көшербаев 

ізгі тілекпен ашты. Типтік жобада салынған мектепте 

қазіргі таңда 165 оқушы білім алуда. Биылғы ҰБТ-тен 

мектебіміз ауданда алғашқы бестіктер қатарынан 

көрінді. Екі оқушы «Үздік аттестатпен» бітірді. 6 

оқу шы грант иегері атанып, еліміздің әр қаласында 

жоғарғы оқу орындарында оқиды. Мемлекеттік «Сер-

пін» бағдарламасы бойынша 4 оқушы солтүстікте 

білім алуда. Мектебімізде деңгейлік бағдарлама бой-

ын ша сертификатталған 5 мұғалім бар. Осы мұға-

лім дердің  ұйымдастыруымен  «Шамшырақ»  желілік 

қауымдастығы жұмыс жасайды. Жаңа форматтағы 

сабақ үлгілерін, сабақ жоспарларын жасап, әріп-

тес 


те 

ріне әдістемелік көмек көрсетуде. Бұл ретте, 

А.Байтұрсынов «Мұғалім-әдістерді көп білуге ты-

рысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс ету-

әрбір  ма ман ның  жадында  болуға  тиіс»,-деген  да-

налығын біз дің ұжым еш ұмытқан емес.

Тараз қаласында өткен «Ақберен» олимпиада  сы-

ның республикалық кезеңінде «Ақындар айтысы» 

бағамы бойынша 9-сынып оқушысы А. Қал қама нов 

ерекше жетістігі үшін дипломмен ма 

ра 

пат 


талып, 

мектебіміздің  мақтанышына  айналды.  Түр кіс тан 

қа ласында  ұйымдастырылған  «Ақберен»  олим пиа-

дасының республикалық кезеңінде «Ше 

шендік 

өнер» бағамы бойынша 10-сынып оқушысы Р. Жол-



босынов жүлделі ІІІ орын алып, Көкшетау қала сын-

дағы «Балдәурен» тынығу лагеріне жолдама алды. 

Осындай өнерлі өрендерді өрге сүйреген ізденімпаз, 

білімі мен білігі бір-біріне жымдасқан ұстазымыз, 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Қалқаманова 

еді. Бұл еңбектері ескеріліп, 2015 жылы ұстаздардың 

кәсіби мерекесінде «Дарын» республикалық ғылыми-

практикалық орталығының директоры Ш. Қирабаева 

өз қолымен Алғыс хат тапсырып, ұстаз мерейін 

көтерді.


Иә, осылайша, ұстаздар қауымы білім үдерісіне ен-

гі зіліп жатқан жаңашылдықты еркін меңгеріп, еліміз-

дің келер күнгі келбеті-қазіргі жас буынды оқыту мен 

тәрбиелеуге зор үлестерін қосуда.



А. САРМАНОВА,

№248 орта мектептің әлеуметтік педагогі.

Еліміз егемендік алып, халықтың әл-ауқаты енді түзеліп келе 

жатқан шақта, жұрт қатарлы біз де өз тіршілігімізді бастағанбыз. 

Тоқабайлықтар үшін әсте мал шаруашылығынан өзге, қолға алар 

қисынды тірліктің шеті жоқ-тын. Атадан қалған адал кәсіпті 

отбасылық  береке  етпек ниетпен, ХХ ғасырдың аяғында «Бере-

кет-1» шаруа қожалығын құрғанбыз. Ауылға жақын «Қарабиік» 

өңірінде мал жайып, өріс кеңейіттік. Ол кездерде қазіргідей 

мемлекеттен көрсетілетін қолдаудың бірде-бірі жоқ еді. Енді 

ғана ес жиып, еңсе тіктеп келе жатқан елімізде шаруаға қолдау 

көрсетуден өзге де жұмыстар жетіп артылатын еді. Әрине, бірден 

аяққа тұрып кету біздер үшін оңай болған жоқ. Мал бағу, оның 

төлдерін қыстан аман алып шығу сынды шаруалар біздерді қысы-

жазы тындырмайды. Барлығына да шыдадық. Соның арқасында, 

бүгінгі күнге мал-жанымыз аман-есен жетіп отырмыз. Заманның 

сол кезі мен қа 

зіргі уақытты салыстыруға мүлдем келмейді. 

Қазіргі уақытта отбасылық шағын кәсіп пен орта деңгейлі кәсіп 

ел экономикасына айтарлықтай серпін беретінін біздің еліміз 

ұғынған. Дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінде 

мүлдем басқа бағытты ұстанған. Яғни, халықтың тұрмысын 

түзеуге мүмкіндік жасау арқылы, масылдық көзқарастан 

арылу. Шындығында, солай болып келе жатыр. Кәсіпте немесе 

шаруашылықта береке барын ұғынған еліміз мемлекеттен 

берілетін мүмкіндіктерді барынша пайдалану үстінде. Мен де 

сол көштен қалмауға бекініп, 2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы 

бойынша мемлекеттен қаржылай несие алып, асыл тұқымды екі 

бас бұқа алдым. Суыққа төзімді, ерекше күтімді аса қажет ете 

бермейтін бұл малдардың қоң жинауда біздің сиырлардан бөлек 

екеніне көзім жетті. Соның арқасында сиыр малының тұқымы 

өзгеріп, төлдері ірілене бастады. Ауру-сырқауы да көп емес. Бұл 

ретте, ауылдағы ветеринариялық бөлімнің қыз 

мет 


керлері де 

малдарымызды түрлі жұқпалы ауруларға қарсы уақытылы егіп 

отыратынын айта кетуіміз керек. Соның арқасында, төрт түлігіміз 

малға тән түрлі жұқпалы дерттерден аман.  

Иә, «Мал баққанға бітеді»,-демей ме дана халқымыз. Шү кір, 

бүгінде талай жылғы бейнетіміздің зейнетін көрудеміз. Мем ле-

кеттен берілер мүмкіндіктердің аясында қол-аяғымызды кеңге 

жайып, шаруашылығымызды шалқытып жатқан жайымыз бар. 

Қазіргі уақытта қолданыстағы «Құлан» және «Сыбаға» бағ дар-

ламасы арқылы қомақты несие алуға бел байлаудамын. Қажетті 

құжаттары дайындалып, бүгінде 20 млн. теңге қаржы алмақпыз. 

Қолға алған бұл бастамалардың сәті түссе, шаруашылығымызды 

ұл ғайтып, жылқы малының да берекетін сезінсек дейміз. Жалпы, 

тіршілік қыламын деуші жанға дәл қазіргі уақытта мүмкіндік көп 

деп білемін. Тек тәуекелшілдік кім-кімге де сенімді серік болуы 

ке рек. Сондықтан, әрбір жанға барынша жағдай жасап, «жердегі 

алтынды қазып ал да, қажеттілігіңе жарат»,-деп, қолына күрек ұс-

та тып тұрған мемлекетімізге алғыс айтуымыз керек деп білемін. 



Ж. ТӨЛЕГЕНОВ,

«Берекет-1» шаруа қожалығының төрағасы.

Адам жанына араша тү-

сіп, шықпас жанға себепші 

бо лу-ақ халаттылардың Алла 

ал дын дағы да, адам алдындағы 

да міндетті борышы. Бұл са-

ла ға бетбұрыс жасаған біз дер 

дә рігерлік қызметтің, со ның 

ішінде ауылдық жерде дә рі гер 

болудың ауырлығы мен қы-

зы ғын бастан өткізіп ке ле міз. 

То қы рау жылдарында не бір 

қиыншылықтарды еңсердік. 

Ауру ха на мыз  жа бы лып,  бар-

лық қыз мет кер ле ріміз қыс қар-

ту лар ға ұшы рап, амбулатория 

бол дық.  Амбулаторияда 

1 дә рі гер, 1 мед бике ғана 

қалып, өзіміз таза лықшы, 

өзіміз қарауыл, өзіміз от 

жағушы да болдық. Сондай 

қиыншылықтарға қарамастан, 

халықтан қолдан келген 

көмегімізді аямадық. Күн-түн 

демей медициналық көмек 

көрсеттік. Президентіміз 

Н. Ә. Назарбаевтың 

көрегендігінің арқасында 

денсаулық саласына көп көңіл 

бөлініп, барлық ауылдық 

жерлердегі ауруханалар 

мен амбулаториялар қайта 

құрылып, жаңа бағытта 

жұмыс жасай бастады. Қазіргі 

кезде Тоқабай дәрігерлік 

амбулаториясында 1 дәрігер, 

1 фельдшер, 1 акушерка, 

5 медбике, 2 тазалықшы, 1 

санитарлық көлік жүргізушісі, 

1 от жағушы жұмыс істесе, 

осы амбулаторияға қарасты 

Жіңішкеқұм МАП-ында 1 

фельдшер, 1 тазалықшы, 1 

санитарлық көлік жүргізушісі, 

1 от жағушы, Атанши 

медпунктінде 1 фельдшер, 

Мойнақ медпунктінде 1 

фельдшер қызмет атқарады. 

Бұл ретте, ауыл халқына 

медициналық көмек көрсету 

жақсаруда дегіміз келеді. 

Амбулаториямызда 9 

керуеттік күндізгі стационар 

жұмыс істейді. «Д» есепте 

тұрған ауруларымыз қажетті 

тегін дәрілермен қамтамасыз 

етілген. Екіқабат  әйелдер  

мен 5 жасқа дейінгі балаларға 

күнделікті  патронаж 

жұмыстарын жүргізу, аурудың 

алдын алу профилактикалық 

іс-шаралары, халықтың 

нысаналы топтарын 

скринингтік тексерілуден 

өткізу бүгінгі медицина 

қызметкерлерінің басты 

міндеттері болып саналады.

Көп жағдайда ауылдық 

жердегі қызмет етіп жатырған 

мамандардың жұмыстары еле-

не бермейді. Енді қазір біздің 

медицина саласында істеген 

жұмыстарымыз саралана 

бастады. Сол бойынша 

қосымша ақы төленуде. 

Мақтанғаным емес, соңғы 

10 жыл көлемінде Тоқабай 

дәрігерлік емханасында 

ешқандай бала өлімі болған 

емес. Бұл-жалғыз менің 

ғана емес, амбулатория  

қызметкерлерінің  де 

үлкен жетістігі. Орта буын 

медицина қызметкерлері 

үнемі өздерінің білімдерін 

арттырып, біліктіліктерін 

жетілдірумен қатар, алдарына 

келген науқастарға жылы 

сөздерімен, шипалы емдерімен 

тез сауығып кетулеріне 

қалтқысыз қызмет етуде.

Халыққа көрсеткен 

қызметім еленбей қалып 

жатырған жоқ, бірнеше 

рет аудан әкімінің Алғыс 

хаттарын, облыстық, аудандық 

денсаулық сақтау бөлімінің 

кәсіподақ ұйымының 

мақтау қағаздарын, 2003 

жылы Денсаулық сақтау 

министрлігінің Алғыс 

хатын алдым. Мұның бәрі 

де халыққа көрсеткен адал 

қызметтерімнің лайықты 

нәтижесі деп білемін.

Тәуелсіздік алғалы 25 

жыл да талай қиындықтардан 

сүрінбей, халыққа адал қызмет 

ете білген Тоқабай дәрігерлік 

амбула то риясының  ұжымы 

алдағы 2016-2019 жылдарға 

арналған «Денсаулық» 

бағдар ламасында да жақсы 

жетістік терге жетеді деп сенім 

білдіремін.



М. СЕРМАҒАНБЕТОВА,

Тоқабай дәрігерлік 

амбулаториясының

аға дәрігері.

Талап пен қамқорлық бар жерде қашан да жетістік бар. Тоқабай 

ауылында бокс үйірмесінің ашылғанына бір жылдан астам уақыт 

болды. Жаңадан мектеп ғимаратының салынып, пайдалануға 

берілуіне байланысты, ескі спорт бөлмелері ауыл тұрғындарының 

сұрауы бойынша аудандық балалар мен жасөспірімдер және 

спорт мектебінің филиалына беріліп, іске қосылған болатын. 

Жат тықтырушы  маман  белгіленіп,  қажетті  жабдықтарды  табуға 

ата-аналардың өздері-ақ көмектескен еді. Сөйтіп, бокс өнерінің 

қыр-сырларын игеруге тілек білдірген балғындардың тынымсыз 

жаттығулары басталып кетті. 

-«Балалардың бокс өнеріне деген құлшыныстары үлкен. Жас-

тайынан еңбекпен біте қайнасып өскен ауыл балаларының күш-

қуаты мен төзімділік қасиеттерін күнделікті жүйелі жаттығулар 

арқылы түрлі әдіс-тәсіл машықтарымен жетілдіре түсуге баса күш 

салудамын»,-дейді бізбен әңгімесінде тәжірибелі маман, жат тық-

ты рушы Н. Сариев:

 -Үйірмеге қатысып жүрген 43 бала. Олардың арасында қыз 

балалар да бар. Алғаш ауданішілік жарыстарға қа 

ты 

сып, топ 



жарып жүрді. Әрі қарай 2003-2008 жылдары туылған жасөс-

пірімдер арасындағы екі рет облыстық, үш рет республикалық дә-

ре жедегі халықаралық додаларға қатысып бақтарын сынап, тәуір 

көрсеткіштерге қол жеткізе бастады. 8-сынып оқушысы Б. Рахатов 

өз салмағы бойынша аудан, облыс чемпионы атанып, Атырау 

қаласында Ресей, Әзербайжан командалары қатысқан халықаралық 

турнирде ІІІ орын, Байқоңыр қаласында космонавтар күніне ар нал-

ған турнирде І орынды иеленді. Жақында Тараз қаласында өткен 

оңтүстік облыстардың аймақтық іріктеу біріншілігінде де топ жа-

рып, алда болатын жасөспірімдер арасындағы республикалық 

жарыс қа қатысу жолдамасына қол жеткізіп отыр. Бокс мамандары 

«Тоқа 


бай 

дың Тайсоны» атанған Бекарыстың шаршы алаңдағы 

жұды рық тасу мәнеріне қызығушылық танытып, үлкен үміт күте-

тінін жасырмайды.

Осындай биіктерді бағындырған А. Әкиевтің де жетістіктері 

айтуға тұрарлық. Ол Қармақшы ауданында Қырғызстан, Өзбекстан 

елдерінен келген жасөспірім боксшылар қатысқан халықаралық 

турнирде І орын, Серік Өмірбековтың жүлдесіне арналған жа-

рыс та ІІІ орын алып, аудан чемпионы атанды. Қ. Әкиев, Ж. Әділ, 

Ә. Арғынов, Б. Жиенбаев және М. Қуаныш  сынды балғын бокс-

шылар да өздері қатысқан спорт бәсекелерінен жүлдесіз қайтқан 

емес. Олар Қуаныш Қаражановты еске алу турнирінде, Ресей 

кос монавтар күніне арналған турнирлерге, Қызылорда облысы 

да рынды балалар спорт мектеп-интернаттары арасындағы бірін-

ші ліктерге, Арал қаласындағы Т. Жұмашевты еске алуға арналған 

боксшылар бәсекелеріне қатысып, ІІ-ІІІ орындарды иеленуде. 

Тоқабайлық жас боксшылардың осындай жетістіктеріне қолдау 

білдірген аудан әкімшілігі спорт ғимаратын күрделі жөндеуге 3,2 

млн. теңге қаржы бөліп, жанашырлық танытуда. Жақын арада ол 

жұмыстар аяқталғалы тұр.

Аудан абыройын асқақтатқан тоқабайлық балғын бокс шы лар-

дың алар асуы әлі алда. «Болар баланың бетін қақпа, белін бу»,-де-

мей ме дана халқымыз. Олай болса, жас боксшылардың биік белес-

тер ді бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз.



А. БИСЕНОВ.

·

·



Денсаулық - зор байлық!

ЕСКЕ  АЛУ

3

Президент өзінің «Әлеуметтік-эко 



но 

ми-


калық жаңғырту-Қазақстан дамуының бас-

ты бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Ха-



лыққа көрсетілетін мемлекеттік қыз мет-

тердің сапасын арттыру–жемқорлыққа 

қарсы әрекеттік және мемлекеттік ор ган-

дардың қызметіне азаматтардың сенім-

ді лігін  арттырудың  басты  аспектісі» деп 

атап өткен болатын.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет–көр-

се тiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бой-

ын ша  жеке  тәртiппен  жүзеге  асырылатын 

жә не  олардың  құқықтарын,  бостандықтары 

мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға 

тиiстi материалдық немесе материалдық емес 

игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мем-

лекеттiк функцияларды iске асыру нысан да-

ры ның  бiрi.

2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік 

көр сетілетін  қызметтер  туралы»  ҚР  Заңына 

сәйкес 2013 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің №983 қаулысымен 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізі лі-

мі бекітілді. 

Азаматтардың мемлекеттік қызмет алу ба-

ры сындағы құқықтарын кепілдендіру мақ са-

тында, Үкімет мемлекеттік көрсе ті ле тін қыз-

меттердің стандарттары мен рег 

ла 


мент 

тері 


талаптарын қабылдады. Сондықтан, әрбір 

қыз мет  көрсетуші  орган  стандарт  талаптарын 

бас шы лыққа  алады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стан-

дар ты–мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойы-

ла 


тын талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ, 

мем 


ле 

кеттiк қызмет көрсету процесiнiң, 

ныса ны ның  сипаттамаларын,  мазмұнын  жә-

не нәтижесiн қамтитын нормативтiк құ қық-

тық акт.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет рег-

ламентi–мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет 

стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды 

бел гiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi беру-

шiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде, 

мем лекеттiк қызметтер көрсету процесiнде 

өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, 

халық 

қа қызмет көрсету орталықтарымен 



өзара iс-қимыл, сондай-ақ, ақпараттық жүйе-

лердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нор-

ма тивтiк құқықтық акт.

Арал ауданы әкімінің аппараты мем 

ле-

кеттік мекемелерде көрсетілетін мемлекеттік 



қызметтердің сапасына ай сайын мониторинг 

жүргізіп келеді. 

2016 жылдың бүгінгі күніне дейін тал-

данған деректерге сүйенсек, қызметтің 93 түрі 

бойынша ауданда 100 977 қызмет көрсетілген. 

2015 жылмен салыстырғанда көрсетілген қыз-

меттердің жалпы саны артқан. (2015 жылы 72 

799 қызмет көрсетілген). 



86 738  (85,9%)  мемлекеттік қызмет  мем-

лекеттік органның өзінде көрсетілген. 11 162 



(11,1%) мемлекеттік қызмет «Азаматтарға ар-

налған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 

АҚ арқылы көрсетілген.

«Электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) ар-

қылы 3077 адам жүгініп, электрондық қызмет 

алды (2015 ж.-2226

Алшақ елді мекендердегі тұрғындарға 

қызмет көрсету мақсатында жыл сайын мо-

бильді халыққа қызмет көрсету жылжымалы 

орталығы  жұмыс істеп келеді.

Арал ауданында 2016 жылдың басынан бү-

гінгі күнге талданған ақпараттық мәліметтер 

бойынша әлеуметтік, білім, ветеринария са-

ла ларында көрсетілген қызметтер көрсеткіші 

артқан. 

Ең көп сұранысқа ие болған қызметтер:



«Бала тууды тіркеу»

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәр дем-

десудің белсенді нысандарына қатысуға 

жолдамалар беру»

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу»

«Жануарларға ветеринариялық паспорт 

бере отырып, бірдейлендіруді жүргізу»

«Ветеринариялық анықтама беру»

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар 

екендігі туралы анықтама беру»

«Балабақшаға кезекке қою»

Бұл қызметтердің барлығын мемлекеттік 

мекеменің тікелей өзінен қағаз түрінде де 

жә не egov.kz үкіметтік порталына кіріп, элек-

трон ды түрде алуға болады. Стандарттар мен 

регламенттер әрбір мемлекеттік көрсетілетін 

қызметпен айналысатын мекемелердің ақпа-

рат тақталарында ілінеді. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 

стандарттары мен регламенттері Арал ау-

да ны  әкімдігінің  aral.gov.kz  ресми  интернет 

ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» 

ай 

дарында арнайы кестеде қызмет атау 



ла-

рымен көрсетілген. Әрбір азамат сол айдарға 

кіріп, керек қызметінің стандарттары мен 

рег ламентін жүктеп алуларына болады. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің рег-

ла 


ментінде қызмет алушы қызмет алудың 

толық мағлұматымен таныса алады. Яғни, 

тап сыру  құжаттары,  өтініштің  үлгілері,  қыз-

мет көрсету мерзімдері барлығы регламентте 

көр сетілген. 

«Тегін тамақтандыруды ұсыну», «Жаз-

дық лагерьге жолдама беру» білім беру 

ұйым дарында  көрсетілетін  бұл  қызметтерге 

тұр ғы лықты  жері  туралы,  жұмыссыздығы 

туралы, әлеуметтік көмек алатындығы неме-

се алмайтындығы туралы т.б. табысы туралы 

анықтамалар қажет.  Осыған сәйкес, өтініш 

берушінің ең төменгі күнкөріс деңгейі анық-

талады. 


Кент, ауылдық жерлерде мектептегі ба-

ланы ыстық тамақпен қамтуға немесе ла-

герьге жолдама беруге отбасы туралы 

анық 


тамалар қажет болады. Осы жерде 

ата-аналарға кейбір ауыл әкімшіліктері стан-

дартта жоқ үлгіде отбасы құрамын жазып 

бере салады. Ол жарамсыз, стандартқа сәйкес 

берілмегендіктен, тексеру органдары оны 

көр се тілген қызметті бұзылғанға жатқызады. 

Кенттерде, ауыл әкімшілігінің барлығында 

статистикалық есеп мәліметтері бар. Отба сы-

лардың қожалықтары ауыл әкімінің қосалқы 

шаруашылық кітаптарына түсірілген. Онда 

үйі, отбасы саны, жер учаскесі, бау-бақшасы, 

жануарлар саны жазылған. Осы шаруашылық 

кітабы ауыл әкімі аппаратының электрондық 

цифрлық қолтаңбасы арқылы egov.kz үкі-

меттік порталында өзектендірілген. Бұл де ге-

німіз–өтініш беруші өздерінің жеке цифр-

лық қолтаңбасымен кіріп, жеке қосалқы ша-

руа 


шылық туралы анықтаманы алуларына 

болады деген сөз. Яғни, адам үйінен шықпай-

ақ қажетті анықтаманы шығарып ала алады. 

Ал, үйлерінде компьютерлік жабдықтары мен 

интернет желісі болмағандар ауыл әкім 

ші-


лігінен электронды түрде алса болады.

Электронды анықтаманы алу үшін әрбір 

адам аудандағы «Азаматтарға арналған үкі-

мет» мемлекеттік корпорациясынан (бұрынғы 

халыққа қызмет көрсету орталығы)  жеке 

электронды цифрлық қолтаңбаны алады. 

Қолтаңбаны электронды мәлімет тасығышқа 

(флэшка) және жеке куәлікке  жүктейді.

Бұл жөнінде толығырақ түсіндіре кетсек:

Сізге Қазақстан Республикасы Ұлттық 

куәландыру орталығының–www.pki.gov.kz 

сайтына кіру керек. Аталған орталық Қазақ-

стан ның жеке және заңды тұлғаларына ЭЦҚ 

берумен айналысады. ЭЦҚ алу үшін мынадай 

қадамдар жасау керек: 

1 қадам. Цифрлық қолтаңба жүйесі жұмыс 

жасау үшін тиісті бағдарламаны орнату.



2 қадам. ЭЦҚ алуға өтінім беру. Өз 

деректеріңізді, ЖСН (жеке куәлік штрих-

коды астындағы нөмір) және т.б. барлығын 

толтырған соң, сіздің тапсырысыңызды жі-

бе ретін тетікті басамыз. Одан кейін сіздің 

тапсырысыңызға нөмір белгіленеді, оны 

«Аза маттарға арналған  үкімет» мемлекеттік 

корпорациясына тіркету керек. Немесе сол 

сайттағы сіздің деректемелеріңіз бен нөмі-

ріңіз бар дайын сауалнаманы көшіріп алса-

ңыз да болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет