№1 Дәріс. Кіріспе. Жалпы жертанудың мақсаттары мен міндеттері. Негізгі сұрақтары



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата31.12.2016
өлшемі0,99 Mb.
#872
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 

1.

 



Атмосфера қабығының тіршілік үшін маңызы 

2.

 



Атмосфера құрамы мен қабаттары 

3.

 



Атмосфералық қысымның таралу ерекшеліктері 

4.

 



Күн радиациясының түрлері. Оның таралуы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Дәріс №6. Климаттық белдеулер мен оның типтері 

 

Негізгі сұрақтары: 

1.

 



Жер шарында климаттық белдеулердің орналасу ерекшеліктері 

2.

 



Негізгі климатық белдеулер 

3.

 



Өтпелі климаттық белдеулер 

 

     Климаттық  белдеулер -  Жер  шарының  ендік  немесе  субендік  бағытта 



тұтаса  немесе  бөлініп  созылып  жатқан,  климатқа  қатысы  жағынан 

айтарлықтай  біртекті  өңірлері. Климаттық  белдемділік -  планетаның  беткі 

жазықтығын климаттық өзгешеліктері тұрғысынан бірнеше белдемдерге болу 

принципі.  Жер  шарын  тұтасымен  орап  өтетін  осы  белдемдердің 

жиектеріендік сызықтармен (параллелдермен) орайлас бағышталған.  

     Әрбір  климаттық  белдем  құрамында  бірнеше  климаттық  облыстар 

оқшаулануы мүмкін. Климаттық белдем деген ұғым аймақтық түсінік ретінде 

де  қолданылады.  Мәселен,  таулы  өңірлерге  тән  түрлі  биіктік  деңгейлерінін, 

тек өздеріне ғана тән климаттық жағдайлармен сипатталуы осы деңгейлерді 

дербес климаттық белдемдер ретінде даралауға мүмкіндік береді. Климаттық 

белдеулер  климаттық  аудандаудың  ең  ірі  бірлігі  ретінде  қарастырылады. 

Климаттық белдеулер 

 

экваторлық, 



 

субэкваторлық, 



 

екеуден (Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларда) тропиктік, 



 

субтропиктік, 



 

қоңыржай белдеулер деп, 



 

биік ендіктерде — субарктикалық, 



 

арктикалық, 



 

субантарктикалық және антарктикалық деп бөлінеді. 



     Оларды  бөлу радиациялық  баланс пен  ауа температурасы мәндерінің 

полюстерден  экваторға  карай  өсуіне,  әр  ендіктердегі  ылғалдылық 

ерекшелікгеріне және атмосфераның жалпыциркуляциясының жүйесінде ауа 

массаларының ендік және субендік алмасуында басым болуына негізделген. 

     Климаттың  аудандастыру  негіздері.  Белгілі  бір  аумаққа  тән  ауа  райының 

ұзақ,  жылдар  бойы  қайталанып  отыратын  жиынтығын  климат  деп  атайды. 

Жер  шарының  кез  келген  аймағындағы  климаттың  қалыптасуына,  ең 

алдымен,  оның  географиялық  орны,  атмосфера  циркуляциясы,  жер  бедері 

мен  төсеніш  бетінің  сипаты,  сондай-ақ  теңіздер  мен  мұхиттардың  ықпалы 

себепші 


болады. 

Жер 


шарындағы 

климаттың 

қалыптасу 

зандылықтарын, климат пен  оның  жіктелуін  және  антропогендік  әрекеттін 

климатқа  әсерін  зерттейтін  географияның  аса  маңызды  саласын 

климатология 

деп 

атайды. 


Климатты 

жалпы географиялық 



заңдылықтар тұрғысында  зерттеу  XIX  ғасырдан  басталған.  Климатология 

ғылымының  қалыптасып  дамуына  орыс  географы  А.  И.  Воейков,  неміс 

жаратылыс  зерттеушісі,  географы  А.  Гумбольдт  және  орыс  климатологы  В. 

Кеппен зерттеулері негіз болды. 

     XX  ғасырда климатты  аудандастыруға  В.Kerneмен  орь  с  географы  әрі 

биологі  Л.С.Берг  алғашқы  қадам  жасады.  В.Кеппен  Жер  шары  климатын 

жіктеуде  температура  мен  ылғалдың  әркелкілігін  негізге  алған.  Осыған 

сәйкес,  ол  Жер  шарын  5  климаттық  белдеуге  бөлді.  Бұл  аудандастыру 

климаттың  тек  сыртқы  беттеріне  негізделгендіктен,  климат  қалыптасуының 

заңдылықтарына ене алмады. 

     Б.П.Алиссетын  чгимзтъч  аудандастыруы  атмосфера  циркуляциясының 

заңдылықтарына  негізделген.  Ғалым  Жер  шарын  7  негізгі,  6  өтпелі 

климаттық  белдеуге  жүктеген.  Негізгі  климаттық  белдеулердің  шекарасы 

жыл бойы басым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Мысалы, 

экваторлық белдеуде жыл бойы экваторға ауа массасы басым болады. Өтпелі 

климаттық белдеулер негізгі белдеулігінде орналасады және мұнда екі түрлі 

ауа  массасы  жыл  ішінде  алмастырады.  Субэкваторлық  белдем  қыста 

тропиктік,  ал  жазда  экваторлық,  ауа  массаларының  ықпалында  болады. 

Климаттық  белдеулердің  шекарасы  ретінде  атмосфералық  негізгі 

(климаттық)  фронттардың  қыс  пен  жаздағы  ең  шеткі  орнын  алады. 

Б.П.Аписовтың аудандастыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістері де 

тексерілген. 

    Субэкваторлық  белдеу экваторға жалғас  жатқан  екі  жарты  шардың, 

шамамен, 5° және 20° ендіктер аралығын алып жатыр. Географиялық орнына 

байланысты  температуралық  режімі  экваторлық  белдеуден  аса  үлкен 

айырмашылық  жасамайды.  Температура  жыл  ішінде  екі  рет  (көктем,  күз) 

жоғарылап, екі рет (қыс пен жаз) салыстырмалы түрде төмендейді. Қыс пен 

жаздың  температура  айырмашылығы  5°С-қа  дейін  жетеді.  Әсіресе,  бұл 

айырмашылық  құрлық  үстінде  айқынырақ  байқалады.  Ауа  массаларының 

жыл  ішінде  алмасуына  байланысты  субэкваторлың  белдеудің  жазы 

экваторлық  белдеуге,  ал  қысы  тропиктік  белдеуге  ұқсас.  Өйткені,  жазда 

экваторлық  муссондар  аса  мол  ылғал,  ал  қыста  құрлық  үстінен  соғатын 

тропиктік  муссон  құрғақ  ауа  өкеледі.  Сол  себепті  жазы  ылғалды,  қысы 

салыстырмалы  түрде  құрғақ  болады.  Осы  ерекшеліктеріне  байланысты 

субэкваторлық  белдеу  климатын  экваторлық  немесе  тропиктік  муссондық 

климат деп атайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері көбінесе 2000 мм-

ден  аспайды.  Бірақ  экваторлық  муссондардың  тау  беткейлеріне  тірелетін 

бөліктерінде  жауын-шашынның  мөлшері  күрт  көбейеді.  Мәселен, 

Гималайдың  оңтүстік-шығыс  беткейіндегі  Черапунджи  елді  мекеніне  Жер 

шарындағы  жылдық  жауын-шашынның  ең  жоғары  көрсеткіші  тән,  мұнда 



жылына  12  000  мм-ден  астам  жауын-шашын  түседі.  Мұнда  экваторлық 

муссондардың  енуіне  байланысты  жаздың  4  айында  жылдық  жауын-

шашынның 90%-дан астамы түсіп үлгереді. Мәселен, тек шілде айында ғана 

2 464 мм жауын-шашын түссе, желтоқсан айында оның мөлшері бар-жоғы 9 

мм ғана болады. 

     Тропиктік  белдеу жыл  бойы  тропиктік  ауа  массаларының  ықпалында 

болады  және  тропиктер  үстіндегі  орнына  сәйкес,  сондай-ақ  бұлттылықтың 

төмен  болуына  байланысты  күн  жылуын  аса  мол  алады. Жылдық 

радиациялық  баланс көрсеткіші  2  520  -102  —  2940  -102  Дж/см2-ге  дейін 

жетеді. Мұнда жазда ауа массаларының температурасы өте жоғары, ал қыста 

салқынырақ.  Әсіресе,  мұндай  климаттық  жағдай  ішкі  континенттік 

беліктерге  тән,  ондағы  орташа  айлық  температуралық  амплитуда  20° 

шамасында, ал тәуліктік ауытқу 40°-ка дейін жетеді. Ауаның салыстырмалы 

ылғалдылығы  жаз  кезінде  30%-дан  артпайды.  Себебі  тропиктік  ауа 

массалары,  әдетте,  өте  құрғақ  болып  келеді.  Өйткені  10—  12  км  биіктіктің 

өзінде  әкватор  аймағынан  тропиктерге  бағытталған  ауа  ылғалы  едәуір 

азайған күйде келеді. Ауа төмендеген сайын қызып, бұрынғысынан да құрғақ 

бола түседі. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғары қысым, төмендеген ауа 

қозғалысы  басым,  жаңбыр  құрлықтың  жазық  бөліктерінде  ғана  емес,  ашық 

мұхит үстінде  де өте  сирек  жауады.  Сондықтан  тропиктік белдеулерде  Жер 

шарындағы  аса  ірі  континенттік  шөлдер:  Сахара,  Арабия,  Калахари, 

Виктория  орналасқан.  Белдеудің  батыс  жағалық  бөліктерінде  климаттық 

жағдай  мүлде  өзгеше,  ауа  температурасы  төмен  (18—20°),  жылдық  жауын-

шашын мөлшері (100 мм), салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіші аса жоғары 

(80—90%)  болғанына  қарамастан  өте  төмен.  Оған  мұхиттар  үстіндегі 

субтропиктік  жоғары  қысым  орталықтарынан  соғатын  желдер  мен  суық 

ағыстардың  үстінен  келетін  салқын  өрі  ылғалды  ауа  массалары  әсер  етеді. 

Тұманды ауа райы өте жиі, бриз желдері тұрақты соғады.  

     Тропиктік  белдеудің шығыс  жағалауы  климаттық  жағдайдың  біршама 

қолайлылығымен ерекшеленеді. Жағалау бойымен жылы ағыстардың өтуіне 

байланысты  батыспен  салыстырғанда  температура  біршама  жоғары,  жауын-

шашын  мол.  Тау  беткейлерінде  жылына  1500—2000  мм  жауын-шашын 

түседі. 

    Субтропиктік 

белдеудің жазы 

тропиктік 

белдеуге 

өте 


ұқсас. Антипиклондық  режім басым  болады.  Тропиктік  белдеуге  қарағанда 

субтроттктер күн жылуын 20%-дай аз алады (2100 -102 — 2520 •102Дж/см2-

ге  дейін),  сондықтан  климаттың  маусымдық  сипаты  айқынырақ  байқалады. 

Қыс  кезінде  циклондың  әрекеттер  жиі  қайталанады.  Белдеу  бойынша 

батыстан  шығысқа  жүрген  сайын  климаттың  ішкі  айырмашылықтары 

күшейеді.  Батыс  жағалық  бөліктерге  жазы  құрғақ,  қысы  ылғалды  болатын 



субтропиктік жерортатеңіздік климат сипаты тән. Құрлық ішіне енген сайын 

климат континентті сипат алады (мұндай климат жағдайлары тән болатын ірі 

шөлдерді  картадан  табыңдар).  Материктердің  батыс  жағалауында  климат 

муссондың  сипатқа  ауысады.  Қыс  салыстырмалы  түрде  озық  әрі  құрғақ,  ал 

жаз ыстық, ылғалды. 

     Қоңыржай  белдеулерде  жыл  бойы  қоңыржай  ауа  массалары  мен  батыс 

желдері  басым  болады,  тропиктік  белдеулермен  салыстырғанда  едәуір 

салқын,  жыл  мезгілдері  айқын  байқалады  (ол  неліктен?).  Қоныржай 

климаттық  белдеу  әсіресе  солтүстік  жарты  шарда  өте  көлемді  болады, 

сондықтан  радиациялық  баланс  солтүстігінде  1260-102  Дж/см2-ден 

оңтүстігінде  2100102  Дж/см2-ге  дейін  жоғарылайды.  Температура  белдеу 

ішінде  солтүстіктен  оңтүстікке  және  батыстан  шығысқа  қарай  өзгереді. 

Әсіресе  қысқы  температура  құрлықтың  ішкі  аудандарында  антициклондық 

режім әсерінен күрт төмендейді. Мұның әсерінен Еуразияда солтүстік жарты 

шардың суықтық полюсі орналасқан. 

     Жауын-шашынның  жылдық  мөлшері,  жалпы  алғанда,  біршама  мол 

болғанымен,  белдеу  ішінде  әркелкі  таралады.  Материктердің  батысында 

ылғал  мол,  бұл  мұхиттардағы  ылғалды  ауа  массаларының  батыс  желдер 

арқылы  тасымалдануымен  байланысты.  Шығысқа  қарай  aуa  ылғалынан 

айырылып,  континенттік  сипат  алады,  жауын-шашын  күрт  азаяды.  Ал 

Материктің  шығыс  жағалауларында  мұхиттардың  ықпалының  күшеюіне 

байланысты  жауын-шашын  мөлшері  артады.  Белдеуде  батыстан  шығыска 

қарай  мынадай  климат  сипаттары  айқын  ажыратылады:  қоңыржай  теңіздік, 

қоңыржай континенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық. 

     Субарктикалық  және  субантарктикалық  белдеулер оңтүстік  жарты 

шардың  поляр  маңы  аудандарын  алып  жатыр.  Мұнда жылдық радиациялық 

баланс  630-102  Дж/см2-ден  924-102  Дж/см2-ге  дейін  өзгереді  Жазда 

қоныржай,  қыста  арктикалық  және  антарктикалық  ауа  массалары  басым 

болады.  Жазы  салыстырмалы  түрде  жылы,  бірақ  қысқа  болады,  қысы  өте 

қатал.  Жылдық,  температуралық  амплитуда  аса  үлкен  емес.  Жауын-

шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ден аз, көбінесе қатты күйде түседі. 

     Арктикалық және антарктикалық белдеулер жарты шардың полюс маңын 

алып  жатыр.  Альбедоның  жоғары  болуымен  байланысты  радиацияның  кері 

шағылуы  күшті,  сондықтан  поляр  жазының  өзінде  радиациялық  баланс 

төмен.  Антициклондық  режім  жағдайында  жауын-шашын  аз,  соған 

қарамастан  оның  мөлшері  жылудың  жетіспеуі  әсерінен  буланушылықтан 

жоғары  болады. Полярлық  белдеулердің ішінде,  әсіресе  оңтүстік  жарты 

шарда  мұз  құрсанған  үлкен  құрлық  —  Антарктиданың  орналасуы 

антициклондық  жағдайды  күшейтеді.  Сондықтан  да  Шығыс  Антарктидада 

Жер  шарының  суықтық  полюсі  орналасқан,  мұндағы  абсолюттік  минимум 



температура  -89,2°С.  Жыл  бойы  орташа  температура  көрсеткіштері  теріс 

мәнге ие. Жылдық жауын-шашын 100 мм-ден аз. Климаттың өзгеруі. Климат 

Жердің  геологиялық  тарихында  күшті  өзгерістерге  түскенін  білесіңдер. 

Климат  өзгерістерін  Жер  шарының  көптеген  аудандарынан  қазіргі  кезде  де 

байқауға  болады.  Оған  Күннің  қарқынды  сәуле  шашуы,  геомагниттік  өpic 

әсерінід  күшеюі,  атмосфераның  жалпы  циркуляциясындағы  ғасырлық 

өзгерістер,  соңғы  ғасырлардағы  адам  әрекетінің  ерекше  қарқын  алуы  және 

т.б. себепші болуда. Климат езгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа 

температураның жоғарылауынан (0,5°С—1°С), жылыжай эффектісінің белең 

алуынан,  кейбір  аудандарда  жауын-шашын  мелшерінің  күрт  артуынан 

немесе  керісінше  күрт  азаюынан,  кейбір  мұхит  ағыстарының  бағыты  мен 

касиетінің  өзгеруінен  айқын  көрінеді.  Мысалы,  Эль-Ниньо  құбылысы 

шамамен  4—6,12—15  жыл  аралатып,  Тынық  мұхиттық  Перу  суық  ағысы 

өтетін  Оңтүстік  Америка  жағалауында  қайталанады.  Атмосферадағы 

циркуляциялық  әрекеттің  өзгеруінен  пассат  желдерінің  бағыты  жағалаудан 

ашық мұхитқа қарай ауытқиды. Бұл жағдайда Перу суық ағысының  ықпалы 

әлсіреп,  оның  орнын  экватор  маңынан  келетін  жылы  ағыстар  басады.  бұл 

құбылыс  желтоқсан-қаңтар  айларындағы  Рождество  мерекесіне  тұспа-тұс 

келетіндіктен,  жергілікті  халық  оны  Эль-Ниньо,  яғни Рождество кезінде 

туған "нәресте" деп атаған. Бірақ "нәрестенің" қазіргі климатқа тигізетін әсері 

кейде тіпті жойқын, апатты құбылыстарға себепші болады. 

     Эль-Ниньо әрекет  еткенде  дауылдар  күшейіп,  жиілейді,  биік  толқындар 

пайда  болады.  Жер  шарының  көптеген  аудандарында  температура  мен 

жауын-шашын  көрсеткіштері  өзгереді.  XX  ғасырда  Эль-Ниньо  8  рет 

қайталанды.  Мысалы,  1982  және  1997  жылдары  болған  құбылыс  осы 

ғасырдағы  ең  апатты  сипат  алды.  Әсіресе,  соңғы  қайталануында  4  мыңнан 

астам  адам  опат  болып,  мыңдаған  адам  баспанасыз  қалды,  материалдық 

шығын  20  млрд  долларға  бағаланды.  Эль-Ниньо  әсерінен Жаңа 

Гвинея арқылы  өтетін  пассаттық  циркуляция  шығысқа  қарай  жылжып, 

экватор  маңындағы  аралдарда  наурыз  бен  қыркүйек  аралығында  жаңбыр 

мүлде жаумаған. Соның нәтижесінде бұл аудандарды бұрын-соңды болмаған 

құрғақшылық  жайлап,  ал  таулы  аудандар  бұлттардың  түзілмеуінен  түнгі 

үсіктерге  шалынған.  Бұл  ауыл  шаруашылығына  елеулі  нұқсан  келтірді,  сол 

себепті  мыңдаған  адамдар  қоныс  аударуға  мәжбүр  болды.  Эль-Ниньоның 

әсері,  әсіресе, Америка жағалауларында  күштірек  байқалды.  Беткі  судың 

температурасының  5°С-қа  дейін  жоғарылап,  ол  салқын  суда  тіршілік  ететін 

көптеген  теңіз  организмдерінің  жаппай  қырылуына  және  суық  сулы 

аудандарға  ығысып  кетуіне  себепші  болды. Атакама жағалауындағы  шөлдік 

климат уақытша ылғалды экваторлық сипатқа ауысады. 


      Климаттың  жалпы  жылынуы  мұздықтардың  жаппай  жоғарылауына  әсер 

етеді.  Бұл  өз  кезегінде  Дүниежүзілік  өрілуіне,  су  тасқындарының  жиі 

қайталануына  себепші  болатын  орташа  ауа  температурасы  1°С-ка 

жоғарыласа, Дүниежүзілік денгейі 16 см-ге көтеріледі. Соның әсерінен мұхит 

жағалық шеткі бөліктерін су басуы мүмкін. 

 

Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 

1.

 

Климат терминін енгізген 



2.

 

Климат белдеулерінің түрлері 



3.

 

Негізгі және өтпелі климаттық белдеулерді салыстыру 



4.

 

Климаттың ғаламдық жылыну мәселелері 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

Дәріс №7. Гидросфера географиялық қабықтың құрамдас бөлігі 

 

Негізгі сұрақтары: 

1.

 



Гидросфера  географиялық  қабықтың  заттық  құрамы,  құрылымдық 

көлемі.Табиғи судың құрылымы. 

2.

 

Жер шарындағы су айналымы 



3.

 

Гидросфераның басқа географиялық қабықпен байланысы 



 

     Гидросфера — 

Жер 

су 


қабығы, 

ол 


ғаламшардағы химиялық 

қосылысқа түспеген аймақтардың барлығын (сұйық, қатты және бу түріндегі) 

қамтиды.  Гидросфераны  a  құрамдас  бөліктерін  зерттейтін  ғылымды 

гидрология  деп  атайды.  Гидрология  зерттеу  объектісіне  қарай  екі  салаға: 

Дүниежүзілік  мұхит  пен  онын  бөліктерін  зерттейтін  мұхиттану  және 

құрлықтағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі. 

     Гидросфераның жалпы көлемі, шамамен, 1,5 млрд км3. Бұл орасан мол су 

массасының тек 2,5%-ы ғана тұщы су, қалған бөлігін Дүниежүзілік мұхит пен 

құрлықтағы  ащы  сулар  құрайды. Тұщы  сулардың басым  бөлігі  мұздықтарда 

шоғырланған. Гидросфераның құрамдас бөліктері мен олардағы су 3-кестеде 

көрсетілген. 

     Су —  Жер  шарындағы  ең  көп  таралған  айрықша  зат,  химиялық  құрамы 

жөнінен сутек оксиді (Н

2

О) болып табылалы. Оның өзіне тән қасиеттері бар, 



бұл қасиеттерінің географиялық қабықға жүретін процестерінің маңызы зор. 

Біріншіден,  су  қалыпты  жағдайдың  өзінде  үш  бірдей  күйде  бола  алады. 

Судың  бір  күйден  екінші  күйге  ауысуы  белгілі  бір  мелшерде  жылу 

жұмсалады  (булану,  қар  мен  мұздың  еруі)  немесе  бөлініп  шығады 

(конденсация, судың қатуы). Мысалы, 1 г суды буландыру үшін жұмсалатын 

жылу 1 г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей артық болады. 

Екіншіден,  басқа  заттармен  салыстырғанда  су  қатқан  кезде  көлемін 

ұлғайтады.  Таза  су  қалыпты  қысым  жағдайында  +100°С-та  қайнап,  0°С-та 

қататынын білесіңдер. 

    Гидросфераның құрамдас бөліктері және олардағы су көлемі 



Гидросфераның құрамдас бөліктері Су көлемі, км3 

Дүниежүзілік мұхит 

1 370 000 000 

Жерасты сулары 

60 000 000 

Топырақ ылғалы 

82 000 

Мүздықтар 



24 000 000 

Көлдер 


230 000 

Өзендер 


1 200 

Атмосферадағы су 

14 000 


Барлығы 

1 454 327 200 

     Қатқан  мезетте  судың  көлемі  күрт  артып,  бастапқы  сұйық  күйіндегі 

көлемінен  10%-ға  жуық  ұлғаяды.  Табиғатта  судың  мұндай  өзгерістерге 

түсуінің  өзіндік  маңызы  бар.  Су  айдындарының  бетін  жалған  мұз  судың 

төменгі  қабаттарының  одан  әрі  салқындауына  жол  бермейді.  Өйткені,  су 

қатқан  сайын  тығыз  бола  берсе,  су  айдындары  түбінен  бастап  қатар  еді. 

Мұндай  орасан  мол  мұз  жаз  кезінде  еріп  үлгермес  еді,  мүның  өзі  қоршаған 

ортаға, судағы тіршілікке кері әсерін тигізген болар еді. 

    Үшіншіден,  су  еріткіш  болғандықтан  табиғатта  таза  күйінде  болмайды, 

яғни  оның  құрамында  еріген  күйде  азды-кепті  бөгде  заттар  кездеседі.  Суда 

тұздардың  шоғырлану  мөлшері,  яғни  тұздылығы  әркелкі  болады.  Судың 

тұздылығын  бір  литрдегі  грамм  есебімен  (г/л),  пайыз  (%)  және  промилле 

(%о) есебімен өлшейді. 

     Судың  тұздылығы  артқан  сайын,  қату  температурасы  төмендей  береді. 

Сол  себепті  тұздылығы  жоғары  болатын  терең  көлдердің  небір  қатты 

аяздарда  да  қата  қоюы  қиын.  Ал  мұхит  жағдайында  беткі  түзды  су  қату 

барысында  біртіндеп  тығыздығы  артып,  теменге  батады.  Осының 

нәтижесінде мұхиттың неғұрлым төмен қабаттарына оттек жеткізіліп, ондағы 

тіршілікті қамтамасыз етеді. 

     Төртіншіден,  су  баяу  жылынып,  баяу  суиды.  Бұл  судың  жылу 

сыйымдылығының  өте  жоғары  болуымен  түсіндіріледі.  Судың  жылу 

сыйымдылығы  құмға  қарағанда  5  есе,  темірмен  салыстырғанда  10  есе 

жоғары. Ал судың ауамен салыстырғандағы жылу сыйымдылығы 3 мың есе 

жоғары. Яғни, 1 см3 суды 1°-қа салқындату барысында 3 000 см3 ауаны 1°-қа 

жылытуға 

жетерлік 

жылу 


бөлінеді. 

Дүниежүзілік 

мұхиттың 

ғаламшарымыздағы  алып  жылу  жинақтағыш  ретіндегі  рөлі  судың  осы 

маңызды  қасиетімен  түсіндіріледі.  Тіпті  кішігірім  су  айдынының  маңында 

айрықша жұмсақ климаттың орнайтындығы да осыған байланысты. 

     Судың  аталған  ғажайып  қасиеттері  Жер  шарында  тіршіліктің  пайда 

болып, дамуына және сақталуына жағдай жасады. Қасиеттеріне байланысты 

су географиялық қабықта жүріп жатқан проаегкряа маңызды рөл атқарады. 

Табиғаттағы су айналымы, оның манызы ауырлық күші әсерінен гидросфера, 

атмосфераны қамтитын үздіксіз айналымын Дуниежузілік ылғал деп атайды. 

Күн  жылуы  әсерінен  теңіздер  мен  мұхиттардың,  көлдермен  қатар,  топырақ 

пен  өсімдіктерде  буландырушы  сфераға  бөлініп  шығады.  Су  айналымында 

ауа алғалдығылығы: ауа массалары мұхит үстінен буланған ылғалдық апарып 

жеткізеді.  Жаңбыр  күйінде  жер  бетіне  қайта  су  айдындарын  толықтырып, 

біразы топыраққа сіңеді, өсімдіктер оның артық бөлігін қайтадан бу күйінде 



атмосфераның  Құрлық  өзендері  өз  суын  теңіздер  мен  мұхиттарға  жеткізіп, 

орнын  толтыруға  өз  үлесін  қосады.  Ал  теңіздер  мен  эсухнтадам  су 

атмосфераға түсіп, айналым тұйықталады. 

     Дегенмен  соңғы  жылдардағы  зерттеулер  су  айналымының  төмендігін 

дәлелдеп  отыр.  Өйткені,  атмосфераның  жоғары  қабатына  күн  сәулесінің 

әсерінен  оттек  пен  сутек  иондарына  ыдырап,  ғарышқа  өтіп  кетеді.  Ал 

жанартау атқылаулары барысында жердін ішкі келетін су (шамамен, жылына 

130  млн  т)  гидросфераны  толықтырып,  осы  сулар  есебінен  гидросфераның 

көлемі ұлғайып келеді деген болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 

млрд км3 (гидросфера көлемінен 151 артық) деп шамалануда. 

Судың  барлық  табиғат  құрамбөліктерін  қамтитын  айналымы  миллиондаған 

жылдар  бойы  тоқтаусыз  жүруде.  Жыл  ішінде  гидросфераның  мардымсыз 

бөлігі ғана айналымға түседі. 

   Гидросфераның құрамдас бөліктерінің жанару кезеңдері 



Гидросфераның  кұрамдас 

беліктері 

Жаңару 

кезеңі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет