Көп сөйлеумен,
Көмейлеумен
Кетіпті өтіп көп
күнім;
Еркін жырды
Серпілдірді
Сенің, құрбым,
екпінің, —
деп жауап береді. Қасым осы өлеңінде еңбек адамын жыр-
лаудағы мимыртықты өз атынан да, өзгелер атынан да мой-
6
М. Г о р ь к и й . Әдебиет туралы. Алматы, 1953, 678 бет.
ындайды. Еңбекті, еңбек адамының шалқыған творчество-
лық шабытты қимылын керекті дәрежесінде жеткізе жыр-
лау ешкімнің де қолынан келген жоқ. Ол ешуақытта шегіне
жетіп болмайтын, уақытпен бірге ілгерілей, күрделілік таба
беретін мәңгілік жас тақырып. Қасым туралы да осы сөз
айтылады. Бірақ, Аманжолов еңбек адамын көтеріңкі жыр-
лаудың кілтін тапқан ақындардың бірі. Ол үшін ақын әуелі
поэзияның өзі еңбек, шабытты еңбек екенін дұрыс аңғарды.
Ол 1940 жылы Маяковский туралы жазған «Ақын» деген
өлеңінде:
Ескі дүние есігін теуіп ашып,
Кіріп келді ол жүзінен жалын шашып,
Босағада тұрмады, төрге ұмтылды
Бұзып-жарып, еңсеріп еркін басып, —
деді.
Бұл, әрине, құр өжеттікті жырлау емес, бұл жаңа адам-
ның, өмірге қожа адамның келбеті. Ол ескі дүниені талқан-
дай кіргенде, жаңа өмірді жақсылап, әсемдеп жасау үшін
кіреді. Оның ақындық еңбегі нағыз жұмысшы адамның ең-
бегінше суреттеледі:
Өлеңді ол жазушы ед бұрқыратып,
Қанжарды да тұтушы ед, мылтық атып,
Көрікті де басушы ед — күмпілдетіп,
Балғаны да соғушы ед, тасты уатып.
Мінеки, еңбек адамын жырлауға кілт табу деген осы.
Біз бұл өлеңде Қасымның іздене жүріп Маяковскийден
ақындық, шеберлік үйренгенін, оның құдіретті рухымен қа-
рулана бастағанын да көреміз. Біз бұл өлеңнен — совет
адамының еңбектегі образы батыр тұлғалы, өр мінезді, ар-
маншыл романтик, шебер новатор, бай интеллект болу ке-
рек екенін де көреміз.
Еңбек салтанатын серпіле, ерекше бір қарқынды күйі-
мен жырлаған өлеңдерге «Қазақстан», «Сауыншы жеңгей-
дің жыры» сияқты тағы бірсыпыра жырлар жатады. Со-
лардың ішіндегі ең биігі 1952 жылы жазылған ғажайып
өлеңі «Коммунист».
Ойыңда бүкіл дүние сәулелері,
Көз нұрын алдай алмас құбылыстар, —
деп сипатталатын коммунист жігіт те еңбек адамы. Бұл ат-
сыз жігіт кешегі тракторшы Темірбек болуы да мүмкін.
Қазіргі Нәзипа да осы дәрежеге көтерілген болуы керек.
Адам қандай іріленген, қандай нұрланған, қандай бақыт
тапқан!
Әкеңдей, бауырыңдай куанады
Көрсе егер жарқ еткен бір өнеріңді.
Ж а ғ ы н у — оның жанына жат, ешуақыт саспайды еш-
уақыт та таспайды, бойында мың киловатт қуаты бар, өзі
бір электр станциясындай:
Көреді өз үйіндей байтақ елді,
Демейді «анасы кім, мынасы кім?»
Бүкіл совет адамына тән даналық, қарапайымдық түгел
бір адамның бойына жиналғандай. Бұл жігіт қалай өскен,
қалай асылдық тапқан, қалай мінсіз жетіккен? Ақын бұл
сұрақтарға да жауап береді:
Алдында «Эмпериокритицизм,
Көргенмін нұр толқыған ойлы жүзін...
Өзі оқып, өзгені де оқытады,
Жігіттің ұнатпайды білімсізін.
Өзі де оқиды, өзгені де оқытады. Жақсылыққа бастай-
ды, жұрттың жанын сәулелендіруге жарық шырақ ұсынады.
Мінеки, не үшін, қандай биік мұраттар үшін өмір сүретінін
білетін адамның бейнесі осы. Ақынның дәуірмен бірге өске-
нін, ғасырдың озат адамдарына айналғанын, алдынан «эмпе-
риокритицизмдердің» кетпегенін көрсететін де осындай
өлеңдер.
Ұлы, тарихи оқиғаларға өлең арнау бүкіл совет поэзия-
сының салты. Демьян Бедный, Маяковскийлерден бастап,
барлық ұлт ақындары үнемі жазып отырған. Бізде Сәкен,
Сәбит, Бейімбет, Ілияс, Асқарлардың көптеген шығармала-
ры бар, олардың ішінде өте жақсылары да кездеседі. I май,
Октябрь революциясы, 8-марттарды жырлау, ілгергі тілмен
атағанда, пролетариат поэзиясының дәстүріне айналған. Сә-
бит Мұқановтың «Майға сәлем» деген жақсы өлеңі кезінде
«Известия» газетінде басылған, кәзір де өзінің көркемдік
құнын кеміткен жоқ. Бұл дәстүрді екінші буынның ақын-
дары да қабыл етті. Сол буынның ішіндегі Қасым да ал-
ғашқы ақындық шығармаларының бірсыпырасын осындай
тақырыптарға арнаған (1931 жылы «Өркендей бер, ота-
ным», «11 жылда», 1932 жылы «Октябрьдің тойына» «Жа-
са», одан кейінгі кезде «Ұлы Октябрь», «Испания ұрпағы-
на», «12 декабрь», «Толғау»).
Әлі өнер тауып үлгірмеген ақындар көбінесе халық шы-
ғармасының термемен жазылатын жыр үлгілерін алады.
Сондықтан оқиғаларды баяндау түрі де сол маңайдан ас-
пайды. Әуелі халықтың бұрынғы өмірі сөйленсе, содан соң
кейінгі бостандық заманындағы жаңа өмірі сөз болады, өт-
кен мен жаңаның контрастық мағынасы салыстырылады,
ең ақыр аяғында қолымызды жеткізген революция деген-
дей түйін айтылады. Бірінші буынның ақындары да көп
жырларын осы дәрежеде жазған. Олардың кезеңдерді шоли-
тын ұзақтары поэма деп те аталатын. Қасым да өзінің бас-
қа құрбылары сияқты осы мектептен өтуге тиісті болды. Ол
да «Ұлы Октябрь» атты толғауында бұрынғы заманды:
Суалғанда айдын көл,
Қуарғанда шалқар бел
Ол бір күн, ол бір заман, —
деп бастаса, одан кейін:
Күндерде күн болғанда,
Кеудеге зіл толғанда, —
деп, революңия күндерін қоса, одан бергілерді баяндап ке-
теді. Қазақстанның он бір жылдығын құттықтағанда:
Міне олжа,
Он бір жылда
Шыққан ұлы жарыстан,
Жасаса, жаса
Жылдан жылға
Социалды Қазыстан, —
деп, Сәкен ырғақтарына да басып кетеді. Поэзияға Сәкен
орналастырған «қазыстан» деген сөзді де құштарлана қол-
данады.
Комсомолдың X съезіне, Октябрьдің 15 жылдығына ар-
налған өлеңдер де дәл осы үлгіде. Талап, тілек түзу. Толғау-
лардың ішінде шалқып кететін тұстары да жоқ емес. Кейде
сөздер әдемі үндестік тауып, шебер қаланып, ыстық сезім-
дерге оранып та шығып отырады. Әйткенмен бұл өлеңдерде
әлі Қасым жоқтұғын. Ол дайын конон көлемінде, оқиғалар-
ды шартты өлеңдермен жырлайтын, сол кездегі жақсы ор-
ныққан, бірақ он ж ы л бойында дамымай, көнере бастаған
дәстүрден шықпайтын. Бұл да ақынның өсу жолында бас-
тан кешірген бір қиыншылығы еді. Әңгіме бұл жерде ақын-
ның қалыптасқан дәстүрде жазуында емес, сол дәстүрді
жаңғыртуда, оған жаңа қан, жаңа от қосуда ақынның ерек-
ше новаторлық көрсетуінде. Қасым бұл жағынан да ең ірі
ақындарымыздың бірі. Ол 1939—40 жылдардан бастап
яғни ақындық шабытқа ақындық мәдениет қосқан жылда-
рынан бастап тың өнер тапты. Тарихи оқиғалардың бір ке-
зеңі Ұлы Отан соғысы тұсы десек, сол тұстағы Қасым өлең-
дерінің күш-қуаты әмбемізге белгілі. Қасым осы сияқты,
ішкі драмасы мол тақырыптарды айтпағанның өзінде, мей-
рамдар тақырыбына да ерекше әсем жырлар жаза алатын
болды. «Май келеді» қалай басталып еді?
Май келеді! Май келеді, май сұлу
Көк алаңда қанаттарын жайды ту!
Қақпаларға қонды қызыл жалаулар
Май келеді! Ерте тұрып қараңдар..
Бұл өлкенің таңы неткен арайлы!
Адам түгіл тас күлімдеп қарайды.
Ж ы р осылай басталған, осылай аяқталған. Не деген
қуат, не деген сиқырлық! Үлкен қанатты майдың жалаула-
ры қандай көп! Соның бәрі біздің жүрегіміздің құстары,
біздің жанымыздың сәулелері емес пе? Мұндай майға тас
та күлімдеп қарауға міндетті. Суреткер ақын май айының
барлық бояулары мен жылуын түгел сөзіне жинап алған-
дай: жасыл жайсаң дүниеге қып-қызыл ту ғайыптан түсіп
жайылғанда, оның балапандарындай жалаулары қақпалар-
ға келіп қаптай қонады. Соған мөлдіреген көк аспан, жар-
қырап шы қ қ а н жаң а күн қосылғанда әлем әсем бояу, әсем
үндерге лық толғандай, сыңсып кеткендей. Соларға күлім-
деп қараған көп көздер, ақын көзі тағы бар. Сонда зор дәу-
ірдің, салтанатты отанның тамаша бір күні жалт етеді,
оқушы ішінен бақыт гимнін айтқандай сезінеді. Осы жерде
май туралы бұрынғы жазылғандарды (Қасымның өз өлең-
дерін қоса) еске алсақ, ол өлеңдердің I майдың тарихын
ұ за қ термелеп баяндап жат қ аны н оқысақ, а қ ынны ң қанша-
лық өскенін, қаншалық ірілегенін тағы бір рет айқын кө-
реміз.
Ұлы адамдар, ерлер туралы жаз у әдебиеттің ежелгі сал-
ты. Пушкиннің Петрді жырлағандары, ұлы замандастарына
арнаған өлеңдері, Маяковскийдің Ленин туралы өлеңдері
мен атақты поэмасы ұлылықты жырлаудың поэзиядағы
тамаша үлгілері.
Бірақ 20-жылдардан бастап, 30-жылдаң аяғына дейінгі
қазақ поэзиясының жастығын а тән бір өзгешелігі бар.
Ол — лирикамыздың жиырма ж ы л бойында (әсіресе, екін-
ші буын ақындарының) фольклорлық шеңберден шыға ал-
мауы, ПОЭЗИЯ шығармаларының көп планды, көп бояулы
күрделілік таппай, таңырыптарды бөлектеп, схема түрінде
жазылуы. Мұны Қасымның еңбекті, оқиғаларды жазған
өлеңдерінен қандай көрсек, ұлы адамдарды жырлаған өлең-
дерінен де сондай көреміз.
Бұдан халық ақындарының жырларын қадір тұтпай-
тындай мағына шықпауы керек. Олар өз дәстүріне өздері
берік. Олар өз табиғатына сай ж ы р құралдарының барлық
түрлерін шебер жұмсап кеткенде сөз селінің, сөз қуатының,
оның тапқыр теңеулерінің күшті әсерлерінен керемет нәр-
ленеміз.
Жамбыл, Нұрпейістердің қасиеттері де осы жақтарын-
да. Бойымызға ана сүтімен бірге сіңген бұл дәстүр, көп жыл-
дар бойында, бір жағынан, ж ы р ш ы л ы қ қ а баулыса, ақын-
дыққа үйретсе, екінші жағынан, өзінің қалыптасқан
шеңберінен босатпай келді. Соның рақаты мен бейнетін Қа-
сым да қоса тартты. Бұл да ақынның өзін табу жолындағы
көрген қиыншылықтарының бір саласы еді.
Қасым «Ленин» атты өлеңін толғау үлгісінде жазған .
Соның бір жерінде:
Халық барда — Ленин бар,
Деген бізде сенім бар.
Сенімі күшті елім бар,
Елім барда — Ленин бар, —
деп шешен де шебер тақпақтап кетсе, енді бір тұсында:
Дүние — дүние болғалы,
Жаралғалы жер мен көк.
Өмірден орын алғалы
Арғы атамыз адам боп, —
деп, әрсіз созбаққа салынады. Ол:
Қапыда қаза тапқан асыл ерім,
Қамалға қол бастаған кемеңгерім, —
деп Кировты жазған.
Отыр едім жазып шаттық өлеңді,
Ойда жоқта радио күңіренді, —
деген екі жолымен «Серго тірі» атты өлеңін бастаған.
Қ. Аманжолов Горький өлген ж ы л ы да ұлы жазушыны :
Горький — күн, заманына нұрын төккен,
Горький — гүл, гүлдендіре ұрық сепкен, —
дейтін дәрежеден артыла алмаған. Мысал келтіре берсек
мұндай өлеңдер толып жатыр. Чернышевский, Чкалов,
Стальский, Нұрпейіс, Жамбылдарға арнаған өлеңдері де
осындай.
Біз жоғарыда кемшілік деп саяси өлеңдеріміздің фольк-
лордың қалыптасқан түрінен шыға алмағанын айттық.
Бұл, әрине, поэзияның сыртқы түріне: өлең өлшемі, сөз кес-
тесіне де жатады. Бірақ мәселе жалғыз онда емес, одан те-
реңіректе. Ол тұстарда саяси тақырыптарға жазуды (еңбек
ұлы мейрам, ұлы адамдар туралының бәрінде де) саясатты
тікелей өлеңге айналдыру деп ұғындық. Өйткені әлеуметтік
құбылыстар мен құрылыстарды тану, қабылдау дәрежеміз-
дің өзі сол халық ақындарының дәрежесінде еді. Бұл жерде
халық ақынының талантына бас ие отырып, оның қара ша-
руаға тән психологиясын, оның жаратылыс және әлеумет-
тік құбылыстарға көзқарасында терең ғылымдық негіз
жоқтығын айта кетуіміз керек.
Сауатсыз адамға, дүние тануда көне ұғымдардан шық-
паған адамға ұлы сырлардың көбі жұмбақ. Кеңістік деген
көлем жағынан 40—50 километрден артпайды, жер — әлем
деген мағынада ұғылады. Космос құдіреттің ісі, тағдыр
маңдайға жазылған нәрсе, өмір де сол тағдырдың ұйғарға-
ны. Қысқасы, көзбен көріп, қолмен ұсталатын, тәжірибеде
күнделікті кездесетін нәрседен басқа ұлы құбылыстардың
бәрі де олар үшін түгел танылып, терең ұғынып болмайтын
құбылыстар.
Сондықтан да олар революция сияқты тың тақырып-
пен кездескенде өз тұрғыларынан жырлады. Революцияның
күрес процестерін, ондағы Лениннің көсемдігін Маяковский
поэма етсе, халық ақыны революцияның езілген халыққа
не бергенін тізіп айтады. Кеше езілгенін, жылағанын, бүгін
қуанышқа, күлкіге жеткенін, теңдік тигенін, жерге, малға
қолы жеткенін статикалық түрде айтады. Ал революцияны
бастаған Ленин оқ өтпейтін батырға, қанаты талмас қыран-
ға, кейде мифтік геройларға теңеліп кетеді. Осының өзі ше-
бер жырланған халық поэзиясы үшін ірі жаңалық, ілгері-
леу болатын да, бірақ жазба поэзия үшін, алғашқы дәуірде
осылай бастау заңды саналғанымен, ұзақ жылдар бойы бұл
сияқты тар шеңберде қалу «ұлттық өзгешелік» емес, өспеу,
мимырт қимылдау белгісі еді.
Бұл мезгілде культтің әдебиет пен көркем өнерге тигіз-
ген зардабы белгілі: барлық табыс пен барлық жеңісті бір
адамның ғана қасиетіне телу, ұлылық сипатын бір кісіден
ғана іздеу, сол сипатқа табыну — әсіресе, шығыс ұлт рес-
публикаларында, классикалық жазба әдебиеттің дәстүрі
берік орнап болмаған елдерде көбірек орын алды. Қазақ-
станда ақын еңбегіне баға беру ресми орындардан бастап,
әдебиет сыншыларын қоса — осы культ мезгілінің тұрғы-
сынан сөйленетін болды. Лирикалық поэзияға тән ақын се-
зімінің түйсіктері, ақынның өз мені арқылы оқушымен
тілдесуі, махаббат, қуаныш, қайғылар жайында сырласуы
жат идеологияға телінетін дәрежеге дейін жетті.
Қасым көп оқып, көп ізденген, ақын еркіндігін іштей
терең сезініп, тар шеңберден тезірек босануға батыл ұмтыл-
ған үлкен талант қатты бұлқынды. Ол поэзияның кононға
айналған, өте-мөте культ тұсында мызғымастай көрінген
түрін бұза бастады.
Ішім пысты жалықтым,
Жүре алман енді аяңдап,
Кенде қаппын, жаңа ұқтым
Не болса соған аялдап.
Өткен күннен белгім аз
Беттегі әжім болмаса,
Шимайлаппын көп қағаз
0-дағы бір далбаса, —
деп, 1940 жылы жазды Қасым. Бұл өлеңінде көп мән бар-
ды. «Осы жолдарда Абай рухы аңқып тұрған жоқ па?
Мұны жас ақын жазды деп сенудің өзі күш»
6
, — дейді
Тәкен Әлімқұлов.
Кәрінің жасқа, ұстаздың шәкіртке жасаған ықпалын
зерттеу де ғылымның міндеті. Бірақ әңгіме Қасымның Абай
рухын жап-жас күйінде қабылдауында емес, неге қабыл-
дауында. Неге? деген сұраққа жауап тапсақ, оған сену де
күшке түспеске керек. Онда ақынның ауыр толғақ, жан
күйзелістері үстінде жазған мәнді шығармасын салмақты
бағалаған боламыз. Қасым, бір жағынан, культті дәріптеу-
шілердің бірі өзі бола отырып, екінші жағынан, сол культ
зардабына наразылықтарын ащы, сатиралық өлеңдерімен
сынады. Ол 1938 жылдың өзінде-ақ белгілі өлеңі — «Сұл-
танмахмұт туралы балладасын» жазды. Объективтік шын-
дықты айтпай отыра алмады. Екі адам: бірі жас ақын,
екіншісі Сұлтанмахмұтты жау деп танитын әдебиетші оның
қабірімен айтыса барады. Екеуінің көзқарасы қарама-қай-
шы.
6
Бірінші том, 1955, 13-бет.
Бірі айтты: — Сұлтанмахмұт тірі, —
деді,
Мәңгілік өлмес жанның бірі, — деді.
Қазақтың кең даласын аралап жүр
Өзіндей өжет оның жыры, — деді.
Бірі айтты: — Қателеспе, өлген, — деді,
Жырын да, өзін де оның көмген, — деді.
Болған соң өзі дұшпан, өзі арам
Тарихқа жазып солай бергем, — деді.
Осы уақытта қабірден Сұлтанмахмұт шыға келеді. «Өлгем
жоқ!» — дейді ол дауыстап. Онымен де қоймай, жас ақын-
ды қолтықтап Жазушылар одағынан мүшелік билетін алу-
ға кетеді. Ол екінші жігітке:
Сен жігіт өсек айтып жүргенше құр,
Моламды мен қайтқанша күзете тұр! —
деп, масқаралап кетеді. Сол жылдары ондай өлең жазу Қа-
сым үшін емес, бүкіл поэзиямыз үшін ерлік еді. Қасым
осындай өлеңдердің бірсыпыраларын жазды. Олары: «Біз
кім?», «Күлемін де жылаймын», «Ақынның мінезі», тағы
басқа сондай тамаша шығармалар.
— Жылама, сен, күл дейді,
Күлсем және сенбейді.
Қара тер боп тергейді,
— Неге күлдің, сен? — дейді.
Ақын қырқыншы жылдардың «сыншыларын» осылай
сипаттады. Бұл өлеңде сыншы-тергеуші тұтас бір бейне.
Күдікшілдік, сенбеу, күйе жағу, пәле жабу оның бірден-бір
әдісі. Қасым культ зардабын сол жылдарда-ақ осылай сіл-
кілеген ақын. Аманжоловтың «Естіге ақын, бұзықпыз
ақылсызғасы» сол жылдары айтылған. Ақынның осы тақы-
рыпқа жазған өлеңдері соғыс жылдарында, одан кейінгі
жылдарда да үзілген жоқ, қайта күшейіп, салмақтана түс-
ті. Бұрын жеңіл юмор, кексіз кекесіннен әрі бармайтын сөз-
дер енді зілді, улы ойларды ақтарып тастайтын болды.
Мұндай кекті, ызғарлы лебіздерді біз оның Ғалиға, Ғабдол-
ға жазған өлең-хаттарынан да оқимыз.
Қасымның кононды дәстүрден шыға алмай жүрген күн-
деріндегі шығармалары мен одан кейінгі, өзін мықтап тап-
қан кезіндегі шығармаларын салыстырсақ, барлық тақы-
рыптарда осылай күрт өзгергенін танимыз.
Оның 1935 жылдардан 1940 жылдарға дейін жазған
махаббат лирикасы бөлек бір жинақ болуға жарарлық.
Марпуғаға», «С. ға», «Білесің бе, жан сәулем...», «Қайда-
сың махаббаттың періштесі» сияқты бірнеше жылы да
жарқын өлеңдері бар, бірақ тұтас алғанда олар да қырқын-
шы жылдан кейінгі шығармаларынан төмен.
Алғашқы, тым балауса шақтағы өлеңдерінің көбісі аль-
бомға арналған шәкірт сезімдерінің төңірегінен аспайды.
Әлде менің махаббатым харам ба,
Әлде көңлім сен дегенде сараң ба? —
деген сияқты, тез күдіктеніп, тез-ақ күйіп-пісетін бала жі-
гіт тақатсыздығы. Енді бір топ өлеңі әйелге ауыл бозбала-
сының көзімен қарайтын, сұлулықты да сыртқы сымбаттан
танып, оны белгілі ұғымдармен ғана белгілейтін, арманы
жоқ, құмары бар ғана өлеңдер.
Сүйдім сенің кірпігің, қабағыңды,
Сүйдім сенің ақ торғын тамағыңды.
Сүйдім сенің уыздай елжіреген,
Күн шалмаған мамықтай бұғағыңды, —
тәрізді боп келеді. «Уыз!», «мамық», «тамақ», «бұғақ». Мі-
неки, кілең осындай ғана. Кейбір тәуір көрінетін өлеңдер-
дің де көркемдік дәрежесі күншығыс әдебиетінің сөздіктері
араласқан «қалқам шырақтармен» шамалас болып шыға-
ды. Мұндай шығармалардың сипаттайтын, теңейтін сөздік-
тері: «гүл», «бұлбұл», «перизат», «ай», «жұлдыз», «күн»,
«ғашық», «құмарлық» деген мағыналардың көлемінде. Ал
ақынның серпіліп, ірі сөйлеймін дегендері қыранның түл-
кіге шүйілуі, лашынның аққуға түсулері сияқты. Мұндай
шығармалардың жазылу үлгісі:
Сайраған саясында Иран бақтың...
Құпия сыр-сипатын перизаттың, —
деген жолдармен шамалас. Кейде жаңа заманның жаңа
сөздерін айтқысы келгенде «болат», «магнит» деген сөздер-
ді де пайдаланады. Осылар сияқты бір сарыннан, бір көлем-
нен аспайтын, тұрақты бір қалыптан өзгермейтіндей көрі-
нетін өлеңдердің ішінде Қасымның «Сүйемін испанканы»
дейтін бір өлеңі оқушысын селт еткізді. 1938 жылы ақын-
ның классикалық поэзияға бойлай кіре бастаған — Пуш-
кин, Байрондардан аудара жүріп, оқи бастаған шағы еді.
Мұнда да:
Естіп пе едің бұлбұл үнін
Балбыратқан гүл бақшаны.
Елжіреткен ел жүрегін
Испанканың салған әні, —
дейтін шумақтар бар. Тағы да «бұлбұл», «бақша гүлдерге»
кездесеміз. Бірақ бұл ән салып жүрген ғана қыз емес. Бұл
Испаниядағы революциялық қозғалыс тұсында гитара ор-
нына мылтық ұстап, фашизмге қарсы оқ атуға талаптанып
жүрген қыз. Онда елін сүйген жүрек, өлімнен қорықпайтын
азамат мінез байқалады. Өлең:
Ол махаббат идеалы
Құмар қылған Байрондарды,
Сүйемін мен испанканы,
Сүйемін мен сондай жарды, —
дейтін шумақпен аяқталған. Бұл да шәкірттік жыр, бірақ
Байронға шәкірттік. Біз балауса, әлі аяғын тік басып бол-
маған шығарманың бойынан шалалық, орашолақтық мін-
дерді байқаумен қатар, тың әйел образын, оның бейнесі мен
мінезін де аңғарамыз. Өлең композициялық жағынан да
жаңа мәдениет табуға талпынғанын білдіріп тұр. Осы кезде:
Қайдасың махаббаттың періштесі,
Жаныма жақынырақ ұшып келші, —
деген — Пушкинмен, Лермонтовпен лебіздес жолдар да туа
бастайды. Қасымды романтикалық махаббат басымырақ
қызықтырады. Ал, қ аза қ совет поэзиясының әйелді жыр-
лаудағы жаңа, реалистік үлгілері еліктірмейді. Әйелді сүйе
отырып, оған адам, бауыр көзімен қарау алғашқы буын
ақындарында аз болмайтын-ды. Сәкеннің «Қашқынның
аулындағы» ержүрек әйелдер, рабфакта оқып жүрген, кү-
рекпен жұмыс істеп жүрген қыздары, Бейімбеттің алыстағы
жарына орамал жіберетін — ел қамын, жігіт қамын ойлай-
тын қызы, Сәбит, Асқарлардың теңдікке, оқуға бастап бара
жатқан әйелдері совет поэзиясының жаңа образдары бола-
тын. Қасым құрбыларымен қосыла осы дәстүрден үлгі алу-
ға ұмтыла алмады, бұл оның махаббат лирикасы саласын-
дағы ерекше міні болатын.
Сөйтіп жүргенде ол 1940 жылы «Орамал» атты өлеңін
жазды. Бұл жаңа аталған Бейімбет орамалымен мазмұн-
дас. Бейімбет алыстағы жарға жас арудың орамалын сә-
лемдеге жіберсе, Қасым майданға бара жатқан жігітке жар
орамалын қолынан бергізеді. Екеуінде де адам драмасы
басым.
Достарыңызбен бөлісу: |