Қасым аманжолов (1911-1954)


 А. М. Горйкий. О литературе, М„ 1953, стр. 736



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата01.01.2017
өлшемі360,62 Kb.
#925
1   2   3   4   5

7

 А. М. Горйкий. О литературе, М„ 1953, стр. 736. 

туды. Жалпы алғанда, ілгерілеу нышандарының барлығына 

қарамастан, бұл поэмалар да әдебиет өміріне халық күткен 

жаңалықтар әкеле алған жоқ. Сол ізденгендердің бірі  Қа-

сым Аманжолов еді. Қасым бұл салада да лирикалық жыр-

ларындағыдай көпке дейін дәстүрлі кононнан шыға алма-

ды, өзін-өзі таба алмады. Оның алғашқы талпынулары 

белгілі —  қазақ тіліндегі романтикалық поэмалардың үлгі-

лерінде сюжетті шығармалар жазу болды. Ақын мұндай 

шығармаларында өзінің білетін өмірінің оқиғаларын алып, 

реализм негізінде жоспарлаудың орнына екпінді, желді 

сөздерді ақтаруға мүмкіндік беретін, шартты түрде баянда-

лар оқиғаға көбірек  ұрынады. Мұндай талаптарда идеялық 

дұрыс нысана да жоқ емес. Белгілі бір шартты сюжетті 

алып отырып, соның негізінде екі дүниені салыстырып,  қа-

рама-қарсы  қойып сипаттарлық патриоттың сезімге де бай, 

бірі жарық дүние — өзінің советтік отаны, екіншісі капи-

тализм билеген жаншылған елдер суреті. Әлгі сюжет осы 

екі дүниені  қарсы  қоюдың дәнекері, себепшісі. 1930 жыл-

дардың орта кезінде туған Челюскиншілер туралы поэма-

лар, «Екі жиһан» тағы сондай шығармалар осы принципке 

құрылған болатын. Сол жылдары бірсыпыра ақындар жаз-

ған  құпия  қыздар дүниеге келді... 

Солардың бірі «Қытай  қызын», «Құпия  қызды» жазған 

Қасым еді. Бұл екі поэманың екеуі де сол кездегі, әлі бос-

тандық алмаған ел  қызына байланысты. «Құпия  қызда» 

кедей  қызы Ләззәт озбыр бай, кәрі Жүсіпке тоқалдыққа 

бармас үшін Совет Одағына  қашып өтеді. Мұндай оқиға  қа-

зақ өмірінен алынғандықтан  қытайлар тұрмысындағы то-

лып жатқан детальдар, адам портреттері, мінездер,  қақты-

ғыстар бар. Ол өмір біздің советтік  Қазақстанмен салыс-

тырғанда, біздің кейінде  қалған шындықтарымыздың 

сәулесі сияқты. Ақын екі өмірді әдейі салыстырады. Кеше 

қандай едік, бүгін  қандай болдық? деген үлкен тарихи сұ-

рауға жауап бермек болады. Біз кедей аулындағы рахым-

ды, момын жұрт пен бай аулындағы зұлымдарды,  қу мен 

сұмдарды, бірнеше суреттерді көреміз. Мұндай тұста жара-

тылысы асыл ақынның төгіп-төгіп алатын әсем шумақтары 

да кездеседі: 



Қарттардың қатып  қалған  қайғысы еріп, 

Қыз, келіншек жаспен жуды орамалды,— 

дейтін серпінді шумақтарға еріксіз сүйсінеміз.  Қыз портре-

ті, аттың шапқаны да, әсерлендіреді. Әсіресе, жаншылған 

халықтың Совет Одағына деген жүректері, үміттері жақсы. 



Әйткенмен поэма тұтас алғанда схемаға  құрылып, көбінесе 

ақ пен  қара бояуға  қарама-қарсы жұмсалынып отырады. 

Өлең көп тұстарда шешен оқылғанымен, шығармада идея-

лық философиядан көрі саясат тақпағы басым. 

Ал «Қытай  қызындағы» олқылық бұдан зор. Мұнда 

қытай деген сөз болмаса, географиялық, я елдік сипат та-

былмайды. Әуелі  қытай байлары езіп жатады, содан соң 

жапон империализмі апатқа  ұшыратады. Ондай тұстың 

суреттері: 

Әр жерде біреу  қуған, біреу  қашқан, 

Біреулер  қатты сасқан, жан таласқан. 

Алысқан, арпалысқан, найзаласқан, 

Айрылып біреу  қолдан, біреу бастан, — 

деген сияқты болып келеді. Жау талқандаған елдің  қы-

рылған өліктерінің ішінде ата-анасынан, ағасынан, сүйген 

жарынан айрылған  қытай  қызы отыр. Ақын оны көрген 

жерде: 

Кәдімгі  қиғаш  қасты  қытай  қызы 

Сықылды көк жұлдызы, жер  құндызы,— 

десе, ілестіре-ақ суық сорған бозаңқы алмадай, «бұрқырап 

тарқатылып кеткен шашы» дейді.  Қыздың бір суреті шын-

дыққа үйлесетін  қайғылы азған-тозған, шашы будыраған 

да, сол мезеттегі екінші суреті конондағыдай: жұлдыз 

бен  құндыз. Мұндай міндері толып жатыр. Ақын  қызды 

жұбатқанда өзінің Совет Одағының адамы екенін айтып 

қуантады: 



Әділ сот — бүкіл әлем еңбекшісі, 

Жауыздың берер әлі шын жазасын, — 

деп бастайды да,  ұзақ саяси лекция оқиды. Оған жұбанған 

қыз да ақын көңіліне  қонарлықтай саяси мәні түзу жауап 

қайырады. Жалпы, ақынның айтайын деген ойы түзу, тіле-

гі дұрыс. 

Бірақ одан поэма шықпаған.  Қасым іздену үстінде 

осындай  ұзақ, әрі көріксіз поэма да жазған ақын. Оның 

1938 жылы жазылған «Жамбыл тойында» делінетін поэма-

сы да осы іздену үстіндегі сәтсіз шығармаларының бірі. 

Қасым тойға жиналған классиктерді тізеді, олардың өнер-

лерін баяндайды. Бұл жиынды салтанатқа, мерекеге айнал-

дырады. Бұл да ойға  құрылмаған, тек  қызықтағыш, тек ті-

зіп айтқыш культ дәуіріне мінездес жыр. 


Поэма жазуда сәтсіздіктерге  ұшырай бергенін сезген 

Қасым өнер табу жолындағы күшін лирикаға салды. Оны 

ақынның лирикалы шығармаларын талдаудан байқаған 

болуымыз керек. 

Қайта бір түлегендей, көзінен томағасы сыпырылғандай 

ақын поэмаға  қайта оралғанда жаңа  Қасым келгенін көр-

сетті. Біздің алдымызда совет поэзиясының мақтанына ай-

налған «Абдолла» («Ақын өлімі туралы аңыз») тұрды. 

Поэма алғаш 1944 жылы «Социалистік  Қазақстанда» ба-

сылды. Алыстағы солдат жіберген жыр бүкіл майданды 

көтере келгендей, соғыс сахнасындағы  қанды бір кезеңнің 

пердесін ашып жібергендей сезілді. 

Бірінші алған күшті әсерді бірден жеткізе айту  қиын 

еді. Ойланып, толғанып айтуға тура келді. Бірінші болып 

аға жазушымыз, сөз зергерлігіне төселген Ғабит Мүсірепов 

сөйледі. Ол былай деді: «Қасым поэмасы майданнан соқ-

қан жаңа леп сияқты. Елдегі ақын, жазушыларға түгел ой 

салады. Көп нәрсені аңғартады. «Жасым кіші демеңдер, 

айта алсам айып емес шығар, осылай айтайық, жақсылап 

айтайық» деді... Поэма майданда ерлік көрсетіп, ел үшін 

қаза тапқан ақын жайында. Ақын  Қасым ақын жанының 

бар толғауын, кек күші, сезім тереңін түгел бере алған. Жа-

лынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімінен жас там-

шылатар ақын сөзі өзегін өртеп, жүрегін тербей шыққан»

 8



Оған орыстың үлкен жазушысы,  қазаң әдебиетінің досы 



Леонид Собелев үнін  қосты (поэманың сөз бе сөз аударма-

сы бойынша-ақ). Ол: «Бұл шынында да терең сезімге және 

жарқын образдарға лық толы салтанатты,  ұлы бейнелі 

аңыз»


 9

, — деді.  Қазақстанның Москвада өткен соңғы де-

кадасында  қазақ әдебиетінің жайы сөз болғанда, атақты 

ақын Николай Тихонов, тағы басқа орыс достарымыз «Аб-

долланы» ерекше атады. Поэма жарияланғаннан кейін  қа-

зақ ақындары Тайыр Жароков, Калижан Бекхожин тағы 

басқалар жылы лебіздерін білдірді. Сөйтіп, поэманың өзі 

аңыз бола бастады. 

Осы күнге дейін сыншылар мен әдебиет тарихшылары-

ның поэзиямыз туралы сөз болғанда  Қасымға, әсіресе оның 

«Абдолласына» тоқталмағаны жоқ. 1958 жылы шыққан 

«Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркісінде» де бұл поэ-

ма недәуір әңгімеленген. Поэманың ақындық күшін  қы-

зықтайтын сөздер айтылған. Поэманың шағын көлемді еке-



8

 «Социалистік  Қазақстан», 1944, 5 июнь. 

9

 «Солнечный день», 1944, 5-бет. 

ні, онда геройдың бар өмірі  қамтылмайтыны, тіпті соңғы 

екі-үш сағаттық уақыттың алынбайтыны да белгілі. Осы-

ған  қарап кейбіреулер бұл шығарманы «әрекетсіз» герой-

дың күресі,  қимылы көрінбейтін поэма деп те түсіндірген. 

Сырттай  қарағанға, әйтпесе поэманы белгілі шаблон бойын-

ша танитындарға мұндай «әсер»  қалуы әбден мүмкін. 

«Әдебиет» деген сөзді жүз  қайталаса да эстетикалық сезімі 

оянбағандарға ішкі пружинасы болаттай берік шығарма-

лардың тереңдігі жете бермейді. Өйткені ондайлар тізеден 

асар тереңдікті өздері кешіп көрген емес. Сондықтан олар 

аз мерзімде әбден сығылған,  қас  қаққанша тұтанып-жары-

лар атомдық  қуаты бар оқиғаны шала жансар түйсіктері-

мен  қабылдай алмай  қалады. 

«Абдолла» — бір сәттің ғана оқиғасы.  Қапылыста жау 

қамауында  қалған Абдолланың алдында екі-ақ шешім бар. 

Бірі — жауға берілу, екіншісі өлгенше соғысу. Герой екін-

ші шешімді  қабылдайды. Жаумен өзі жанып біткенше со-

ғысады.  Қасым осындай сағатқа жетпес мерзімнің ішіндегі 

трагедиялық ситуацияны алады да, соны жырлауға ақын-

дық күшін салады. Сонда ажалмен әрқайсымыз-ақ бетпе-

бет кездескендей сезінеміз. 

Адам кейде он жылдар бойында ашыла алмауы мүмкін. 

Өйткені ол өзгелер  қатарлы өмір сүрді. Күн бата жатты, 

күн шыға тұрды, білетін кәсібіндегі үйреншікті міндетін 

орындады. Кейде ол жаны  қанаттанғанда үстеме міндеттер-

ді орындаған болар. Оның жанға тиер, көңілді  қозғар 

шешен сөздерін де тыңдаған болармыз. 0 да жаман емес. 

Бірақ уақыт оны нағыз сын сағатына жеткізген жоқ. Өлім-

ді ме, жоқ тірлікті таңдау керек пе? деген сұрақпен беттес-

тірген жоқ. Сонда көрер ек біз оның кім екенін! Онда жа-

ңағы адам еріксіз ашылар еді. Мінеки, осындай сын минут-

тарындағы герой жанның нажағайдан шапшаң  қозғалысын 

Қасым жыр етті, өте бір  қиын оқиғаны жырлады. Егер ол 

Абдолланың сыртқы әрекетін ғана сипаттаса, тіпті оның 

ерлік шешімін жарамды өлеңмен әңгімелеп, өте  қызулы, 

қарқынды айтса да дәл кәзіргідей әсерленбес едік. Оқыған 

кезде  қызықтасақ та, «ой, бәрекелді-ай!» десек те, артынша 

ұмытар едік. Ал біз сүйетін «Абдолла» тіпті басқа. Ақын 

оқушысын геройының рухына, ойына, сана-сезіміне айнал-

дырады. Біз минуттар ішінде алыс жұлдыздарды аралап 

өтер шапшаңдық тапқандаймыз. Кім едім?  Қандай едім? 

Енді кіммін? — деген сұрақтарға  ұзақ айтылар жауаптар 

бір сезінудің үстінде беріледі. 


Абдолла адам боп туыпты, адам боп өсіпті, адам боп 

өлуге тиісті екен. Біз соған сенеміз. Осы сенім поэманың 

ұлы оқиғаларды жырлағандығына бірінші дәлел. Жау  қа-

маған жауынгер ақынның барлық сезімі емес, барлық 

жүйкесі түгел электрленген,  қып-қысқа мерзімнің ішінде 

алып прожекторға айналады да, төңіректі тұтас жарқыра-

тады. Оның жарығы бәрімізге бәрін көрсетеді. 

Қара толқын орман шашын 

Жұлды талдап снарядтар. 

Мәңгі мекен көл жағасын 

Тастап, суға сүңгіді жар. 

Ақын сол орманның бір ағашындай, сол  құлаған жар-

дың бір кесегіндей сезінеді өзін. Ол сол табиғаттың туысы, 

бірақ саналы туыс — совет адамы. Сондықтан ол шегінбес-

ке, берілмеске тиісті. Алда  қанша тірлігі бар, соның бәрін 

түгел Отан үшін жұмсауға тиісті. Өйткені ол жаңағы түгел 

электрленген жүйкелерімен тұтасқан, түтеген кекке айна-

лып үлгірген. Оның махаббаты мен намысы бірге  қайнаған 

да, одан сынбай майыспас болат тұлға  қорытылған. Енді 

оған  қорқыныш, елім дегеннің өзі де түкке татымайтын 

ұсақтың. Ол дәл осы минутта Отанның бірінші адамы,  ұлы. 

Ондай адам бойына,  құдіретіне лайық  қана әрекет жасауға 

міндетті, ол отқа жанып тұрғанда да салтанатты, көрікті 

көрінуге міндетті. Ақын соны жеткізген: 



Қайсар батыр от киінген 

Күш  қайратын тіске жиып. 

Жаңағы ақшыл ер жүзінен 

Жалын тілі тұрды сүйіп. 

Шұғыла шалған кешкі бұлттай 

Толқын шаштар, оттар ойнап, 

Өрт топанын кешіп таптай, 

Жалғыз өзі тұрды бойлап. 

Тұрды  ұқсап, тұрды кейде 

От  ұстаған Прометейге. 

• 

Өртенген, жалынға айналған жауынгер ту  құлағандай 

құлайды. Біз еріксіз күрсінеміз. Көзден аққан жасымыз 

омырауымызды жуады. Өйткені ең  қимасымыз, ең аяулы-

мыздан айрылдық, ең жақсымызды жоғалттық  қой. Бірақ 

біз артынша есімізді  қайта жинаймыз да, жаңағы ерлік 

өлімге  қайта көз тастаймыз. Енді біздің кеудемізге жарқы-

раған жалын адамнан нұр  құйылады. Кеудемізге сарқыл-

мас күш толады. Осындай алып адамға замандас,  қандас 


болғанымызға мақтанамыз. Оның ерлік өлімінің өзі тірі-

лерге ірілік бергенін, бәрімізді де  қайта туғандай жаңарт-

қанын, нағыз адам еткенін көреміз. Мінеки, поэмадан біз-

дің әзірше түсінгендеріміз осылар. 

«Поэма фрагменттері» мың жолдан астам шығарма. 

Қасымның «Біздің дастаны» оның 3-томында осылай 

«Фрагменттер» деп аталған. Үш томдықты бастырушылар 

поэмадағы жеке басқа табынуды мадақтайтын жерлерін 

алып тастағандықтан, шығарманың ішкі байланысы кей 

тұстарда үзіліп  қалып отырады да, бірнеше тақырыптардың 

құрамы болып шығады. Біз де дастанды осы түрінде аздап 

сөз етеміз. 

Белгілі әдебиетшіміз Есмағамбет Ысмайылов  Қасымның 

үшінші томына жазған естелігінде былай дейді: «Поэманы 

жазу үстінде ол (Қасымды айтады)  қатты  қиналып жүрді. 

Ең үлкен  қиындық тартысты, сюжетті  қалай беру керек? 

Негізгі үлгісі Маяковскийдің «Ленин» поэмасы болса да, 

бірақ  Қасым оған жадағай еліктегісі келмеді. Сонымен, 

1947 жылы жаза бастаған поэмасын аяқтай алмай кетті. 

Үзінді ретінде жарияланған үш тарауында  Қасым Октябрь 

революциясының жеңісін, Ленин  қайтыс болған кездегі ха-

лық  қайғысын,  Ұлы Отан соғысындағы совет халқының ер-

лік күресін сипаттайды, тарихи дәуірдің,  ұлы революциялық 

жеңістердің зор дауылды тұлғасын ақын кең эпикалық 

өрісте суреттей отырып, өзінің лирикалық сезім күйлерін, 

ақындық шабыт толқындарын да орынды береді. Әсіресе 

Лениннің  қайтыс болу кезіндегі ел  қайғысын суреттеуінде 

ол өзіндік өршіл, ақындық күшін танытып отырды»

 10



Поэманың  ұзын-ырғасы, мазмұны осы. Ақынның бұл 



шығармасын жазарда Маяковскийді есіне тұтқаны да рас. 

Көптеген  қысқа өлеңдерінде («Жолдас маршал», «Ақын», 

«Тоқта, жолдас!» т. б.) Маяковскиймен де үндес екенін та-

нытқан, соның арқасында өлеңнің жаңа лебін, тың теңеу-

лерін, жаңа сөздіктерін әкелген  Қасым бұл поэмада да 

«Ленинді»  қатты  ұстанды. Мұндағы басты герой — уақыт 

пен халық. Ленин және оның партиясы — сол уақыт пен 

халықтың  ұйымдастырғыш санасы. Ал ақын өзі араласқан 

жерлерде уақыттың куәсіндей, халықтың сенімін, сезімін 

айтар тіліндей араласады. Бұл жағынан, эпикалық  қамту 

жағынан  Қасым ақынның ізденуінде көп жаңалықтар бар. 

Дәуір сарыны мен ақын дауысының кейде кезектесіп, кей-

де бірлесе шығып отыруы Маяковский новаторлығын  қазақ 

10

 Үшінші том, 433-бет. 


поэзиясында меңгерудегі жақсы нышандардың бірі. Бірақ 

бұл мінсіз меңгеру емес. Маяковскийде ғасырдың  қат-қа-

бат оқиғалары  қаншалық  қалың көрінгенімен Ленинді бүр-

кей алмайды,  қайта ірілендіре береді, Ленин  ұлы оқиғалар-

дың бас геройы, дәуірді бастаушы, дәуір күшін  қозғаушы. 

Сондықтан ол барлық бөгеттермен кілең бетпе-бет келіп, 

айқасып отырады. Сонда біз поэманың драмалық  қуатын 

да еріксіз сезінеміз. Сондықтан ақынның өз үні де поэмаға 

бастаушы, я  құптаушы сөздер айтушы емес, сондағы күрес-

кердің бірі.  Қасым поэмасына осы бірлік, тұтастың, заман 

мен герой арасындағы бірін бірі күшейтерлік келісім жетіс-

пейді. Көбінесе біз дәуірді табиғи  қозғалысынан танымай, 

ақынның баяндауынан аңғарамыз.  Қасым сол баяндаудан 

туған әлсіздігін сезген кезде өз сезімімен көркемдемек бо-

лады. Бірақ дәуірді образға айналдырмаған, өзі оның жан-

ды бір бөлшегіне айналмаған ақын, ішкі  қайнаған моноло-

гын ақтармай, патетикалық сөздермен куәлік етеді. Есма-

ғамбеттің «ол  қатты  қиналып жүрді», — дегені осы болу 

керек. Пікіріміз дәлелді болу үшін кейбір мысалдар да кел-

тірейік: 



Партия! 

Компартия — Ленин  құрған! 

Елді де, ерді — осы шынықтырған. 

Төрт әріп БКП(б) көз алдымда 

Өмірлік өшпес оты жанып тұрған. 

Әйтпесе: 



Партия жүрді біздің алдымызда, 

Ол — Ленин боп көрінді  ұл мен  қызға, 

Қабірге  қиямыз ба Ленинді біз, 

Мавзолей тұрдың біздің бағымызға. 

Мұндай мысалдарды поэманың барлық бөлімдерінен 

келтіруге болады. Дәуір кезеңдерін  қалдырмай  қамтимын 

және әр кезеңді толық айтамын дегендіктен, жаңағыдай 

үстірт баяндаулар, тізіп айтулар созылып кетеді. Ал капи-

тализм — соғысқұмарлар саяси газет тілімен түсіндіріледі. 

Содан барып шығарманың бүтін тұлғасын ажарсыз көрсе-

тетін босаңдық, солбырлық, суықтық, шалағайлық, тағы 

сондай жарамсыздық белгілері көбейеді. Сөйте тұра  Қа-

сымның  қасымдығын жарқ еткізер сөздер, жолдар, шумақ-

тар да жоқ емес. 

Ленин өлімінің  қайғысын ол былай суреттеді: 



Қаралы тулар тұрды ой жеңгендей, 

Қарайды жалау шеті өртенгендей... 

Темірді тесетіндей тамған жасы, 

Сылқ етті түсіп  қолдан өр балғасы. 

Тоқтаған машинадай тұрды тұнып 

Жұмысшы... 

Күректің сабы енгендей жүрегіне 

Сүйеніп шаруа тұрды күрегіне... 

«Фрагменттер» талантты  Қасымның тындыра алмай 

тындыруға үлгіре алмай  қалдырған шығармасы. 

Қасымның композициялық жағынан жеттігіп болма-

ған,  ұзақ уақыттар бойында жөндей отыруды керек еткен 

қиын жазылған поэмасының бірі — «Бикеш».  Қиын жазы-

луына екі себеп болды: біреуі —  Қасымның сатиралық та-

ланты мол бола тұра әлі тәжірибесінің жоқтығы, екінші — 

1938 жылдардағы культ зардабына байланысты ауырлық. 

Поэманың сол жылдағы «Азғынбаев» деген атпен шыққан 

алғашқы редакциясы сыншыларды  қатты дүрліктірді. Әң-

гіме Азғынбаев туралы екеніне  қарамастан, ақын барлық 

дүниені  қара бояумен сыбап тастағандай көрінген. «Азғын-

баевтар» совет дәуірінде болуы мүмкін бе?» деген сұрақтар 

қойылған. Соның соңы  Қасымға әртүрлі таңбалар басуға 

дейін  ұласқан. Мұндай халде ақынның жалтақсыз жазуы 

мүмкін емес еді.  Қасым мұның бәріне  қарамастан поэма-

сын оқтын-оқтын  қайта ширата жүріп, ақыры «Бикеш» 

дейтін атпен шығарды. 

Поэманы сатира дедік, бірақ гротескасыз сатира. Асыра 

айтам, масқаралай көрсетем деп отырса да, автор ештеңе-

нің өлшемін асырмайды, сиқын бұзбайды. Бірде-бір кари-

катура жасамайды. 

Біз жағымсыз бейненің сыртына  қарап ішін, ішіне  қа-

рап сыртын танимыз. Біздің көптегеи комедияларымызда 

әшкереленуге тиісті персонаждардың түрі, тілі өздеріне 

лайық шығып, оған сын сөздері  қанша айтылып жатса да 

оны жіті танымай  қоямыз ғой. Теріс персонаж  ұрлық та жа-

сайды, өтірік те айтады, дүниеде бар күнәнің бәрін істейді, 

бірақ біз соны жек көре отырып, толық білмей кетеміз. 

Өйткені оның ішкі бейнесі жоқ, оның дүниеге көзқарасы, 

сенімі, мұрат  ұстаған нысанасы, өзіндік орын-тұрағы жоқ. 

Қылмыспен бүкіл заң орны күреседі. Ал, әдебиет пен көр-

кем өнер  қылмысты көрсетіп  қана  қоймай, оның туатын, 

оған нәр беріп көгертетін негіздермен күресуі керек,  қыл-

мыстың идеялық тұғырын бұзуы керек. Өйтпейінше жа-

ғымсыз бейненің мінезі,  құлығы мен  қылығы

  с у р е т т е л -

мейді, біз оның өзімен емес, көлеңкесімен күрескен бо-

ламыз. 


Азғынбаев портретін  Қасым былай сипаттайды: 

Шуылдатып ит біткенді, 

Түршіктіріп тыныш түнді, 

Сазға бояп етек-жеңді 

Ылғи біреу келетін-ді. 

Әйтпесе: 



Болып жүрді ресторанның 

Үйреншікті «сый  қонағы». 

Қашан көрсең графиннің 

Тасасында отырғаны. 

Қандай дәл мінез, дәл портрет. Осы екі шумаққа  қарап-

ақ Азғынбаевтың азғын екеніне сене бастаймыз. Бірақ бұл 

барлығы емес. Азғынбаевтың тереңі әлі әріде жатыр. Ақын 

оқушысын сол тереңге бастайды. Азғынның айлакерлігі, 

суайттығы, Донжуандығы — театрдан жеңілтек артист 

қызды оңай әкеткені де  қызықты. Театрдағы публика, же-

ңілтек  қыздың кескіні, жеңілтек ойы, шолақ мұраты, бар-

лығы да әсем суреттеледі. Ақырында  қыз барын жоғалтып, 

масқара болғаннан кейін есі кіреді. Азғынбаевқа  қайта 

оралғанда, оның бетіне түкіре тұрып шапалағын да жап-

сырады. Соншалық әшкереленген,  қылмысы мойнына мін-

ген, жапа шеккен жанмен бетпе-бет тұрған Азғынбаев оған 

қысылмайды. Ол өз тұрғысынан ірі геройдың жауабын 

береді: 

Бүлінесің мұнша неге? 

Кеткен жоқ  қой ештемең де. 

Соған да  қыз бүліне ме? 

Қызықтадық сен де, мен де. 

Алдадым рас, айттым жалған, 

Не күнә бар онда тұрған? 

Жалғыз ғана сен бе алданған? 

Қыздар үшін алдау бір заң. 

Мен атқардым міндетімді, 

Неге алдандың, өзіңнен көр... 

деп соғады. Мінеки, Азғынбаевтың шын бейнесі, типтік 

бейнесі осы. Азғынбаевтың зердесінде  ұят-аятқа, обал-

сауапқа жарық берер шырақ әбден сөнген, өйткені оның 

өзіндік моралі, өзіндік көзқарасы бар. Оған әлеуметтік заң-

нан хайуандық инстинкт анағұрлым  қымбат. Не нәрсе 

оның қарнын тойдырып,  құмарын басса, соның бәрі сый-

ымды, сол «сыйымдылықтарды» түгел пайдалану — оның 



міндеті. Алданған,  ұтылған кісі өзінен көрсін. «Кеткен жоқ 

қой ештемең де, соған да  қыз бүліне ме?» деу, әрине, оңба-

ғандық, әйелді  қорлаудың асқынған түрі. Бірақ ол шынын 

айтып тұр. Ол тек солай ойлайды! Сондықтан да біз Азғын-

баевтардан сақ болуға, оларды аямасқа бекінеміз. Поэма-

ның әлеуметтік және көркемдік күші осы жағында, бұл -

поэманы ең асыл шығармалардың  қатарына  қосатын күш. 

«Боран» 1950—51 жылдары жазылған поэма.  Қасым 

шығармаларының үш томдығын  құрастырған жолдастар 

мұны «аяқталмаған» деп көрсеткен. Расында да поэманың 

кәзіргі үзілген жері бітіп тоқтаған жері емес, сонымен бір-

ге, бітпеген жері көп те емес сияқты. Оған мынадай дәлел-

деріміз бар. Поэманың басты геройларының бірі — боран, 

кәдімгі дауылды боран. Ақын Арқаның жұт ала келетін 

кең дүниені керемет ауыртпалықтарға  ұшырататын боран-

ды  қайта бір соқтырады да, Сарыарқаның жаңадан, совет 

тұсында соғылған заводына кездестіреді. Боран ықпайтын, 

жығылмайтын, жүрісінен танбайтын заводқа барлық  қуа-

тымен жауыға тиеді. Сондағы бітіргені аз ғана уақыт 

электр жарығын бүлдіреді. Сол кезде ток соққан инженер 

Нұрлан жарақаттанып, өлімнен  қалады. Нұрланның токқа 

ұрынғанын естіген келіншегі Жәмила күйеуіне барамын 

деп шығып, адасып кетеді. Жаны аман  қалған Нұрлан тү-

німен жолдастарын ертіп жүріп келіншегін іздейді, таң ата 

үсіген,  қалжыраған Жәмиланы табады. Суықтан ауырған 

жас келіншектің халі өте ауыр. Поэманың негізгі боранмен 

байланысты оқиғасы — боранның жеңілуі, Жәмиланың та-

былуымен аяқталған тәрізді. Шығарманың өзі де оқушыға 

осындай, біткен дүниедей әсер  қалдырады. 

Поэмада Нұрланның әлдеқандай өзі жасаған аппараты-

на байланысты екі-үш жерде үстірттеу айтылатын шумақ-

тар бар: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет