13 наурыз, 2015 жыл Газет 2007 жылдың 14 желтоқсанынан шыға бастады Газет әр аптаның жұма күні шығады МҰнайлы аудандық ҚОҒамдық-саяси газет



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата01.01.2017
өлшемі4,85 Mb.
#949
  1   2   3

№18 (469)

13 наурыз, 2015 

жыл

Газет 2007 жылдың 

14 желтоқсанынан шыға бастады

Газет әр аптаның жұма күні шығады

МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

E-mail: munaily@mail.ru

Бәрекелді!

Партияның кезекті съезінің жұмысына 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында өңірлік конфе-

ренцияларда сайланған 1200-ден астам делегат, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару органдарының, 

ұлттық  холдингтер  мен  компаниялардың  басшылары,  ғылыми  және  шығармашылық  зиялы  қауымның, 

дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Съезд  делегаттары  «Нұр  Отан»  партиясынан  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  кандидатурасын  Қазақстан 

Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы қаулы қабылдады.

Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің және Орталық тексеру-бақылау комиссиясының есепті кезеңдегі 

жұмыстарының қорытындылары қаралды, сондай-ақ олардың мүшелері сайланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қалыптасқан жағдайларға байланысты ел алдында тұрған жаңа міндеттерді 

атап көрсетті.

- Біріншіден, мемлекеттік құрылысқа сыртқы ықпалдардың теріс әсер етуіне жол бермеу керек. Екіншіден, 

даму қарқынын сақтау қажет. Үшіншіден, әрі қарай өсуге қажетті жағдай жасау керек. Төртіншіден, әлемнің 

дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай ілгерілеуді жалғастыру қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Осыған  байланысты  Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекеттігімізге  төнген  жаһандық  сын-қатерлерге  өзгеше 

және қуатты тойтарыс беру керектігін атай отырып, бес институционалдық реформа ұсынды.

Олар - заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру; заң үстемдігін қам тамасыз 

ету; индустриаландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім; біртұтас болашақтың ұлты; 

сондай-ақ транспарентті және есеп беретін мемлекет.

Қазақстан Президенті аталған реформалардың жиынтығы мемлекетті нығайту және оны әлемдегі дамыған 

30 елдің қатарына қосу үшін жағдай туғызатынына назар аударды.

-  Бұл  -  «Қазақстан-2050»  стратегиясын  жүзеге  асырудың  жолы.  Бес  институционалдық  реформа ның 

әрқайсысы - зор міндет және ел үшін орасан жұмыс. Мұндай реформаның табыстылығы билік пен халықтың 

табанды  ерік-жігері  арқылы  ғана  қамтамасыз  етілуі  мүмкін.  Ұсынылған  шаралар  қоғамдық  қатынастар 

жүйесін түбегейлі өзгертеді. Оларды жүргізу үшін мен Президент жанынан Жаңғырту жөніндегі Ұлттық ко-

миссия құруды ұсынамын. Ол бүкіл реформалар кешенінің жүзеге асуын үйлестіретін болады. Осылайша, 

біздің алдағы жылдарға арналған негізгі міндетіміз - осы бес институционалдық реформаны іске қосу және 

біртіндеп жүзеге асыру, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ бірнеше күннің ішінде ел азаматтарынан, еңбек ұжымдарынан, білім меке-

мелерінен, қоғамдық бірлестіктерден кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірген және одан өзінің 

кандидатурасының ұсынылуын өтінген көптеген хаттар мен хабарламалар алғанын айтты.

- Қазақстанның және қазақстандықтардың игілігі жолындағы менің еңбегіме берілген жоғары баға үшін 

барлығына көп рахмет айтам. Өз халқыңның мұндай сеніміне ие болудан артық марапат жоқ. Бүгін съезд 

мінберінен менің атыма жылы лебіздер айтқан баршаға шын жүрегімнен ризамын. Мен алдағы сайлауға 

«Нұр  Отан»  партиясынан  президенттікке  кандидат  ретінде  түсуге  келісім  беретінімді  мәлімдеймін.  Мен 

Сіздерді, серіктестерімді - нұротандықтарды, барша қазақстандықтарды тағы да жұмылып, жеңіске жетуге 

шақырамын. Біздің ортақ рухани күш-қуатымыз бен биік мұратымыз - Мәңгілік Ел. Ол біздің XXI ғасырдағы 

дамуымызға прогресс қуатын дарытатын болады, - деді Қазақстан Президенті.

Съезде мемлекет және қоғам қайраткері К.Сағадиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынба-

сары, партияның Саяси кеңесінің мүшесі А.Башмаков, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстандағы 

бөлімшесінің төрайымы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.Бақтыгереева, «Нұр Отан» 

партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, «Ата-

мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Р.Ошақбаев, «Тайынша Астық» 

ЖШС бас директоры А.Рафальский, Алматы облысы Іле ауданының М.Мақатаев атындағы орта мектебінің 

директоры Г.Нәдірбекова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, 

Қазақстанның  Еңбек  Ері  Ю.Пя,  «Сәтбаев  Оперейтинг»  ЖШС-ның  бас  геологы  А.Дәулетов,  Павлодар 

облысының ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Э.Паули, айтыскер ақын Б.Шойбеков 

сөз сөйледі.

Сөйлеушілер  Қазақстанның  Тәуелсіздік  алуындағы,  қалыптасуындағы  және  нығаюындағы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  тарихи  рөлін  атап  өтті.  Олар  сондай-ақ  еліміздің  басты  құндылықтарын  -  егемендікті, 

тұрақтылықты, бақ-берекені, дамуды және болашаққа ұмтылуды да Мемлекет басшысымен байланыстырды.

akorda.kz

Мемлекет басшысының 

төрағалығымен «Нұр Отан» 

партиясының XVI съезі өтті

Астана.  11  наурыз.  Baq.kz  -  Қазақстан  Пре-

зиденті  Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекеттік 

тіл  бойынша  міндетті  емтиханнан  өту  үшін 

Орталық сайлау комиссиясына келді, -деп ха-

барлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  "Осы  уақытқа  дейінгі  президенттікке  канди-

даттар  секілді  Нұрсұлтан  Назарбаев  үш  сұраққа 

жауап берді. Біріншісі - "Біздің күшіміз бірлікте", 

екіншісі  -  биыл  100  жылдығы  тойланып  жатқан 

Ілияс  Есенберлиннің  шығармашылығы  туралы, 

оның  үстіне  Қазақ  хандығының  550  жылды-

ғы  да  бар.  Үшінші  сұрақ  -  еркін  сөйлеу  "Баба-

лар сөзі - даналық көзі", - деп түсіндірді ҚР ОСК 

лингвистикалық комиссиясының төрағасы Мырза-

тай Жолдасбеков.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы бұл сын-

нан сүрінбей өтті.

"Артық-кем  айтып  неғылайын,  Нұрсұлтан 

Әбішұлының  қазақ  халқының  алдында  бүгінге 

дейін  өтпеген  сыны  жоқ.  Осы  сыннан  да  ол  кісі 

ойдағыдай  өтті.  Біз  тіл  мамандары  ретінде  ерек-

ше  бағалап  отырмыз.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  На-

зарбаев  мемлекеттік  тілді  еркін  меңгерген  де-

ген  қорытынды  жасап  отырмыз",  -  деп  түйді 

М.Жолдасбеков.

Н.Назарбаев мемлекеттік тіл 

емтиханынан сүрінбей өтті

Пәтер кілттерін нәзік жандыларға арналған мереке-

лік кеште салтанатты түрде табыстаған аудан басшысы   

Елубай  Әбілов  қыз-келіншектерге  жүрек  жардысын 

былай  арнады:  «Сіздер  сүйкімді  де  сұлу,  қуатты  да 

қажырлы, сенімді де берік жансыздар. Кәсіби шеберлікті 

тамаша ұялата отырып, қызметтің барлық салаларында 

салмақты міндеттерді атқара да аласыздар. Сүйікті де ая-

улы ана, шаңырақтың сенімді де сергек қамқоршысы да 

сіздер». Баспаналы болғандардың басымы көп балалы, 

мемлекеттік  қызметкерден  құралған  қыз-келіншектер, 

8-і  жетім  балалар.  Бұл  күні  әйел-қыздардың  бір  тобы 

пәтер кілтерін алып мәре-сәре болса, тағы бір тобына 

Күміс  алқа  тағылды.  Аудан  өнерпаздары  ән-билерін 

тарту  етсе,  «Нұр  Отан»  партиясы  аудандық  филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Есенбай Құли өзінің 

«Сен маған ұнайсың» атты жаңа туындысын ұсынды. 

Осындай бейбіт күнді жақындатуға себепші қазақтың 

қайсар  қыздарынан  Несібелі  Якупова,  Ақажан  Ын-

дыбаева  да  кештің  қадірлі  қонағы  болды.  Азаматта-

рын  майданға  аттандырып,  жеңіс  күнін  тылда  жүріп 

қарсы  алған  осынау  жандарға  сый-сыяпат  табыстаған 

аудан  әкімі  мереке  күні  соғыс  ардагері  Фахрузиян 

Серебрякованың  үйіне  де  бас  сұқты.  Мейрамның 

символына  айналған  гүл  шоқтары  мен  облыс  әкімі 

Алик  Айдарбаевтың  сәлемдемесін  жеткізген  ол,  қарт 

майдангердің хал-ахуалымен танысты. 

Шахида ЖҰМАН 

«Мұнайлы»  

БАСТЫ  ТАРТУ - БАСПАНА

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына сай, Президент Жолдауындағы тап-

сырмаларды  іске  асыру,  тұрғын  үйге  қолжетімділікті  арттыру,  тұрғын  үй  құрылы-

сын дамытудың аудандағы жоспары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. 

Өткен жылы 12 пәтерлі 8, 24 пәтерлі 1 үй халық игілігіне берілді. Биыл тағы 25 адам 

көктемнің жайма шуақ алғашқы мерекесі қарсаңында баспаналы болды.

-  Ал,    жасың  құтты  болсын,  Жыл  құтты  болсын! 

Бұл барша маңғыстаулықтардың амал күнгі тілегі.  Ата 

дәстүр ардақталатын бұл күннің мәні  маңғыстаулықтар 

үшін ерекше.  Күллі адамзат баласы бір жасқа есейеді. 

Өйткені табиғат ана бусанып, жаңа күнді туады. Жаңа 

күнмен  адамның  жаңа  арман-мұраттары  басталып,  

өткен жылдан қалған өкпе-ренішті таратып,  бір бірі-

мен құшақтаса көріседі. Жаңа айдың тууы жаңа күннің 

келуі  алдындағы  толғақ  іспетті.  «Ай  көрдім,  аман 

көрдім» деп  туған айға тағзым ететін қазақ нанымы 

жылдың басталуын,  жаңа күннің басталуын  «Амал» 

деп атайды.   Бұл–тіршілік біткен бусанып, қара жер 

қыстай  жинаған  құнарын  төсіне  шығарып,  бойына 

жан біткен тамыр бүршігін атып, мәуелі жемісін бе-

руге дайындалып, мал төлдеп көбеюге кірісер, табиғат 

пен  адам  тынымсыз  қозғалысқа  түсер,  қам  қарекет 

пен  тіршілік  іс-әрекеттің  басталуы.    Аймақ  жұрты 

көрісу күні деп атайтын наурыздың 14-інде жасы кіші 

жасы үлкенге барып, қол беріп, төске төс түйістіріп, 

құшақтасып көріседі.  Далалық тіршілік дағдысымен 

таң рауандап атқан соң алдымен жанұя мүшелері өзара 

жасы үлкенінен бастап көрісіп, онан кейін туыстары-

на,  құда-құдағайларына,  көршілеріне  арнайы  барып 

ақжарма тілекпен, шын көңілмен көрісу әдебін жасай-

ды.  Бұл күні ыстық бауырсақ,  қазанда буы бұрқыраған 

ас, тәттілер толы дастархан барлық үйден табылады. 

Батыс жұрт  бұл күнді асыға күтеді.  Тіпті алдын ала 

даярлық жасап, үйлерін безендіріп, ас-суларын қамдап 

қояды.  


Отпан тау кешенінде жыл сайын осы Амал мейрамы 

салтанатты түрде аталып өтіп, көңілді дүрмектің, көл-

көсір тілектердің тиегі ағытылады. Арнайы спорттық 

шаралар ұйымдастырылып, ән айтылып, күй ойна лып, 

жасы  үлкендер  бата  беріп,  маңғыстау  жұртшылығы 

мәре-сәре қуанышқа   кенеледі. Биыл да бұл үрдіс жал-

ғасын  тауып,  Мұңал  ата  ұрпағының  ұйымдастырып 

жатқан түрлі шаралары аясында аталып өтпек. 

Молшылық  пен  қуанышқа  бөленген  ағайынның 

риясыз көңілін сыйластықпен жалғастырып,  кішкен-

тай балаларды мәз-мейрам ететін, құрмет пен ізеттің 

жарқын үлгісі, тәрбиенің қайнар көзі–Амал мерекесі, 

қош келдің! 

Анаргүл  ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ.

«Мұнайлы»

Амал келді, жыл келді!



Ай көрдім, аман көрдім

ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

2

munaily@mail.ru



Мұрағат

Солай бола тұрса да, Маңғыстау мен Үстірттің 

тарихи  ескерткіштерін  ғылыми  зерттеу,  мемлек­

еттік  қорғауға  алу,  насихаттау,  қорғау­сақтау 

мақсатын  көздеген    қорық­мұражай  1980  жылы 

ғана  құрылды.  Дегенмен,  ҚКСР  Мәдениет  ми­

нистрлігінің  аталмыш  мекемені  ашу  туралы 

бұйрығындағы  «...қайта  құрылған  мұражай­қо­

рығына» деген жолдарды оқысақ, ескерткіштерді 

қорғау жөніндегі мекеме бұрын да болған сияқты 

көрінеді.

Мекеменің  құрылуына  1977–80  жылдары  об­

лыстық мәдениет басқармасының бастығы бо лып 

қызметтенген  Дәметкен  Бошамбаева  мұ рындық 

болды. Негізін қалап, аяғынан тұрып кетуіне оның 

алғашқы басшысы Қабиболла Сарбалаев көп тер 

төкті. Мәдениет министрлігі де аянып қалмады, 

Мұражайлар  бөліміне  арнайы  тапсырма  беріп, 

білікті мамандармен қамтып, қорларды жасақтау, 

ғылыми  зерттеулерді  ұйымдастыру,  мұражай­

қорық  жұмысын  жүргізу  бойынша  практикалық 

және әдістемелік көмек көрсетуді міндеттеді.

Қорық  –  1957  жылы  салынған,  Ақтау  қала­

сының  алғашқы  мәдениет  ошақтарының  бірі  – 

бұрынғы  қысқы  клуб  ғимаратында  орналасты. 

Қазыналы  түбектің  қазынасын  қазық  жүгіртіп 

іздеген  Кольцов  геологиялық  экспедициясының  

45­ші  партиясының  бастығы  А.Кориневскийдің 

бастамашылығындағы клуб құрылысына бас ин­

женер Н.Сухоручко, автобаза бастығы И. Перепе­

лица қатынасты. Ал, құрылысын – Насыр Қаниев 

бастаған  жергілікті  шеберлер,  сол  кездегі  Ақтау  

селосының  тұрғындары:  Төлебай  Рахов,  Әлқуат 

Бесбаев,  Ақберген  Қожабергенов,  Жөнекеш 

Қартбаев  т.б.  жүргізді.  Бұл  ғимарат  тарихи­мә­

ени  ескерткіш  ретінде  1993  жылы  мемлекеттік 

қорғауға  алынған.  Сол  жылы  мекеме  де  қазіргі 

атауымен атала бастады.

Кеңес  өкіметінің  атеистік  ілімді  уағыздағаны 

белгілі.  Қазақстанда,  соның  ішінде  Маңғыстау 

өлкесінде  де  тарихи  мәдени  және  сәулет  ескер­

ткіштерін–тек  мәдени  мұра  ретінде  түсіндіру 

және оларды өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолын­

да,  әсіресе,  «әулиелік  орындарды»  әшкерелеу 

бағытында  кеңінен  пайдалану  көзделді.  Өткен 

ғасырдың 80­жылдары «бақсылық пен діндарлық­

сенушілікпен  байланысты  «қасиетті  орындарға» 

–  Бекет ата, Шопан ата, Саназар ата, Құлбарақ 

ата  т.б.  қойымдықтары  жатқызылды.  Өкінішке 

орай,  Тәуелсіз  еліміздің  тұсында  «Бақсылық 

пен  діндарлық­сенушілікпен  байланысты»  фак­

тілер  өзгеше  реңкпен  қайта  жаңғырды.  Қорық 

қызметкерлері  күнбе­күн  «ЮНЕСКО  шеңбе­

рінде  қорғалған  діни­қабірлеу  орындарындағы 

антисәулеттік  тұрпайылық,  ғылыми  негізі  бар 

жекелеген  қабірлерді  иемдену  және  оның  басы­

на құрылыс жүргізу, шырақшылық және жаба йы 

туризм»  т.с.с.  заң  бұзушылықтармен  күресуге 

мәжбүр.

Бастапқыда  ислам  археологиялық  архитек­



ту расына  жатқызылып  келген  тарихи­мәдени 

ес керт кіштер  қорығы  саналып  келген    мекеме­

де  қазіргі  таңда  облыс  аймағында  шашырай  ор­

наласқан  тарихи­мәдени  ескерткіштерді  есеп­

ке  алу  және  өлкедегі  құдық­шыңырауларды,  

қа   рауыл­мұнараларды,  қорғаныс  бекiнiстерiн, 

керуен­сарайлары  мен  ескi  керуен  жолдарын 

ғылыми  зерттеу,  есепке  алу,  төлқұжаттау  жұ­

мыстары жүргізіледі. Маңғыстау облысы бойын­

ша  449  тарих  және  мәдениет  ескерткiші  мемле­

кеттiк  қорғауға  қабылданған,  оның  iшiнде  21­i 

рес публикалық  мәртебеде.  Бұған  қоса  800­ден 

астам тарихи­мәдени мұра нысандары алдын ала 

есепке алу тізіміне енгізілген. Қорық құрылымын 

«Ескерткіштерді  есепке  алу  және  қорғау»,  «Ғы­

лыми­зерттеу  архитектурасы»,«Ғылыми­зерттеу 

археологиясы»,    «Экскурсия  және  насихаттау», 

сондай­ақ  ескерткіштердің  құжаттары,  тари­

хи  деректер,  бағалы  кітаптар,  т.б.  жәдігерлер 

сақталатын  «Қор»  бөлімі  құрайды.  Қорық  қыз­

меткерлері  негізгі  жұмыс  бағыттары  бойынша 

Маңғыстау  түбегі  мен  Үстірт  жотасы,  Каспий 

маңының  оңтүстік  бөлігіндегі  Бозашы  түбегі 

аймақтарына  археологиялық  барлау  жүргізу 

және  тарихи  ескерткіштерді  зерттеу,  есепке  алу, 

техникалық  жағдайын  тексеру  мақсаттарында 

жылма­жыл  экспедициялар  ұйымдастырып  тұ­

рады. Іссапар барысында негізгі қызмет түрінен 

бөлек,  қызметкерлер  елді  мекендерге  соғып, 

маңайдағы ескерткіштер туралы аңыз­әңгімелер, 

тарихи  деректер  жинауға  да  тырысады.  Жинал­

ған деректер негізіндегі шығарылған ғылыми жи­

нақтар да жеткілікті.

Мұражай­қорық  35  жыл  тарихында,  бар  бол­

ғаны бесінші басшы басқарып отырған ұйыт  қы­

лы,  ынтымақты  ұжым.  Қабиболла  Сарбалаевтан 

соң, оны Ерболат Беркалиев,  Мақсұт Нұрқабаев,  

Фран гиза Таимова басқарды. 2013 жылдан бастап 

мекеме тізгіні жас та болса, республика көлеміне 

тегіс танылып үлгерген генеалогия және эпигра­

фика маманы Нұрлан Құлбаевтың қолында.  

Отыз бес жыл мұғдарында қорықта Алманова, 

Амангалиев,  Айтыманов,  Хизгилова,  Тасимов, 

Богословский,  Нұрбаев,  Бектұрғанов,  Абланов, 

Астафьев,  Қалменов,  Құлымбаев,  Қожабеков 

және өзге де қызметкерлер еңбек етіп, тәжірибелі 

маман иелері болып қалыптасты. Солардың бірі 

–  археолог  Мұрат  Қалменов  –  былтырғы  жылы 

Қазан  қаласында  «Археологические  памятники 

Устюрта и Мангистау на средневековых караван­

ных путях (X–XIV вв.)» деген тақырыпта еңбе гін 

қорғап, ғылыми дәрежеге қол жеткізді. 

Сәулетшілік,  ісмерлік  –  атадан–балаға  мұра 

боп  қалынған  ел  өнері.  Ал,  ел  өнері  ешқашан 

кө нермейді.  Бұған  «Ашық  аспан  астындағы 

мұражай» қорықшыларының еселі еңбегі дәлел.



Сұлтанбек ҚҰДАЙБЕРГЕН,

Маңғыстау облыстық мемлекеттік 

мұрағатының мұрағатшысы

Департамент  өзінің  қызметін  1998  жылғы  9  шілдеде 

қабылданған «Табиғи монополиялар және  реттелетін на­

рықтар  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына 

(бұдан әрі ­ Заң) сәйкес жүзеге асырады. Заң табиғи моно­

полиялар  салаларындағы  және  реттелетін  нарықтардағы 

қызметті реттейді, тұтынушылардың, табиғи монополиялар 

субъектілерінің  және реттелетін нарықтар субъектілерінің  

мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. 

Табиғи  монополия  субъектісі  (бұдан  әрі  ­  Субъект)  де­

геніміз  ­  табиғи  монополия  жағдайында  тауарлар  өнді­

румен,  жұмыстарды  орындаумен  және  тұтынушыларға 

қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе 

заңды тұлға. 

Аталған  Заңның  5  бабына  сәйкес,  Субъектіге  табиғи 

мо нополия  саласына  жатпайтын  өзге  қызметтерді  жүзеге 

асыруға тыйым салынған. 

Сондай­ақ,  Субъектiнiң  реттелiп  көрсетiлетiн  қыз­

меттерiн  (тауарларын,  жұмыстарын)  тұтынушылардың 

құқықтары  мен  заңды  мүдделерiне  нұқсан  келтiрудi  не 

тиiстi  тауар  нарығының  табиғи  монополия  жағдайынан 

бәсекелестiк  рынок  жағдайына  экономикалық  жағынан 

ақтауға  болатын  ауысуын  тежеудi  болдырмау  мақсатында 

субъектіге:  

1)  реттелiп  көрсетiлетiн  қызметтермен  (тауарлармен, 

жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты; 

2) табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көр­

сетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен 

кiрiстер нарық субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк 

бiр жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бiр процентiнен аспаған 

жағдайдағы; 

3)  күнтiзбелiк  бiр  жыл  iшiнде  өзге  қызметтiң  кiрiстерi 

Субъектiнiң  барлық  қызметiнiң  бес  процентiнен  аспаған 

жағдайдағы; 

4)  табиғи  монополия  аясында  қызметтер  көрсететiн 

(тауарлар,  жұмыстар)  құрылымдық  бөлiмшенiң  ұйым­

дас тырушылық  және  аумақтық  оқшаулануы  мүмкiн  бол­

маған  жағдайдағы  қызметтерді  жүзеге  асыру  үшін  Де­

партаменттің  келісімі талап етіледі.

Ал мұндай келісім алу үшін Субъекті Қазақстан Респуб­

ликасы  Табиғи  монополияларды  реттеу  агенттігі  төраға­

сы ның 2013  жылғы 19 шілдедегі № 216­НҚ бұйрығымен 

бекітілген  «Табиғи  монополиялар  субъектілерінің  өзге 

қызметті  жүзеге  асыруына  келісім  беру  туралы  қол­

даухаттарды ұсыну және оларды қарау қағидаларын бекіту 

туралы» ережесіне сәйкес Департаментке өтінішпен бірге 

мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

  1) анықтама ­ қызметтің осы түрін жүзеге асыру себеп­

тері көрсетілуге тиісті қолдаухатқа берілген негіздеме;

    2)  бухгалтерлік  есеп  туралы  заңнамаға  сәйкес  өткен 

жыл ішіндегі қаржылық есептілік, ағымдағы жыл ішінде­

гі Субъектінің қаржылық ахуалы туралы мәліметтер, оның 

ішінде  Субъектінің  қызмет  түрлері  бөлінісіндегі  кірістер 

мен  шығыстар  туралы  мәліметтер,  жоспарланып  отырған 

өзге қызметтен болжанып отырған кірістер мен шығыстар 

және  субъектінің  қаржы­шаруашылық  қызметінің    нәти­

желері  (егер  өзге  қызмет  алғаш  рет  жүзеге  асырылған 

жағдайда) туралы мәліметтер;

  3)  Субъект  көрсетілетін  қызметтерден  (өндірілетін  та­

уарлардан,  жұмыстардан),  оның  ішінде  өзге  қызметтен 

алатын кірістердің көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін 

тауарлардың,  жұмыстардың)  түрлері  бойынша  алдыңғы 

және ағымдағы күнтізбелік жылдардағы есебі;

 4) қолдаухатта көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға 

арналған негізгі құралдардың болуы туралы;

5)  өзінің  қызметін  бір  жылдан  кем  жүзеге  асыратын, 

сондай­ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық­

тар  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  15­бабы­

ның  3­тармағында  көрсетілген  Субъектілерді  қоспағанда,  

соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның 

көшірмесі;

Сонымен қатар, Департамент қолданыстағы заңнама та­

лаптарын  бұзған  жағдайда,  Қазақстан  Республикасының 

Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексіне  сәйкес 

Субъектіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға 

және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.



Э. ШАКЕНОВА, 

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті 

қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша 

департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау және 

талап қою жұмысы бөлімінің бас маманы

«Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,  оралмандарға  және 

Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты бар тұлғаларға олар­

дың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 

заңы қабылданды.

Мүлікті  жария  ету  мақсаты  көлеңкелі  экономиканы  қысқартуға,  ұлттық  эко­

номикаға қосымша қаражат тартуға және инвестицияларды ұлғайтуға ықпал етеді.

Заңға сәйкес жария ету нысандырына ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның 

жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, құрылыс нормалары мен қағидала рына 

сәйкес  келетін  құрылыстар  мен  ғимараттар,  басқа  адамға  рәсімделген,  сонымен 

қатар, Қазақстаннан тысқары аумақтардағы жылжымайтын мүліктер жатады.

Бұл ретте жекеленген қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған мүліктер жа­

рия етуге (заңдастыруға) жатпайды. Мәселен, жеке адамға қарсы және адамның 

конституциялық  және  басқа  да  құқұқтары  мен  бостандықтарын  бұза  отырып 

алынған мүліктер, конституциялық құрылым мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы 

қылмыстық жолмен алынған кірістер, сондай­ақ сыбайлас жемқорлық және басқа 

да құқұқ бұзушылық пен мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы қылмыстар жасау 

бойынша алынған мүліктер рақымшылыққа жатпайды.

Жалпы  алғанды,  жария  ету  негізінен  елдің  экономикалық  айналымына  қо­

сымша  қаржы  қаражаты  мен  мүліктерді  тарту  мақсатын  көздейді.  Бұл  ретте 

заңдастырылған қаражат пен мүліктер салық салу мақсаттары үшін табыс ретін­

де  қарастырылмайды,  соған  сәйкес  оларға  табыс  салығы  да  салынбайтын  бо­

лады. Алайды, мүлікті жария етуді өткізу үшін жария етілген мүліктің құнынан 

10%  мөлшерінде  алым  алынады.  Бұдан  бөлек,  жария  етілген  мүлік  субектілері 

қылмыстық  және  әкімшілік  жауапкершіліктен  босатылады.  Мүлікті  жария  ету. 

2015 жылғы 31 желтоқсанда, мүлікті жария етуге ұсыну үшін қаражаттарды қа­

былдау 31 қарашада аяқталады.

Бүгінгі таңда Мұнайлы аудандық салық басқармасында Қазақстан Республика­

сы аумағының шегінен тыс жерлердегі мүлікті (ақшадан басқа) жария ету, өткізу 

жөнінде комиссия құрылды.

Жария ету субъектілері тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге мы­

надай құжаттарды табыс етеді.

1. Белгіленген нысанға сәйкес екі дана мүлікті жария етуді өткізуге арналған 

өтініш.


2.  Өтінішті  береген  кезде  түпнұсқасын  көрсете  отырып,  жеке  басын  куә лан­

дыратын құжаттың көшірмесі.

3.    Қазақстан  Республикасы  аумағының  шегінен  тыс  жерлердегі  жылжымай­

тын  мүлік  және  шетел  мемлекетінде  тіркелген  заңды  тұлғалардың  жарғылық 

капиталындағы қатысу үлесі бойынша құжаттар, осындай мүлікке құқұқ белгілей­

тін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

4.  Эмитенттері  шетел  мемлекетінде  тіркелген  бағалы  қағаздар  бойынша  құ­

жаттар. Бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиісті жүйесіндегі 

дербес шоттан үзінді көшірме не резиденті, бағалы қағаздардың эмитенті болып 

табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншік 

құқұғын растайтын өзге де құжат.

5. Мүліктің сатып  алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат.  Шетел 

валютасында көрсетілген мүлік құны Қазақстан Республикасының ұлттық валю­

тасы − теңгеде өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

белгілеген ресми бағам бойынша есептеледі.

6. Мүлікті жария ету үшін төленген құжатты нотариалды куәландырылған қазақ 

немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет