Студиялық сабақтың мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген
сызбаны дайындау, бұрандаларды, бұрама беттерді орындауда кездесетін
шарттылықтарды білуге дағдыландыру.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұранда, беттер, бұранданың сыртқы
диаметрі, бекіту бұрандасы, трапеция, тікбұрышты.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Бұранданың жəне бұрандалы тетікбөлшектердің кескіндері.
Бұрама қозғалыстар мен сызықтар. Бұрама беттер жəне бұрандалар.
Бұранданың
түрлері
жəне
оларды
сызбада
белгілеу.
Метрикалық
бұранда.Трапециялық бұранда. Тіректік бұранда. Құбырлық бұранда.
Түзу сызықты жəне айналмалы қозғалыстарға ажырайтын күрделі
қозғалысты винттік қозғалыс деп атайды. Винттік қозғалыспен орнын
ауыстырып отыратын нүктенің траекториясын винттік сызық деп атайды.
Жазық фигураны винттік қозғағанда шығатын денені бұранда деп атайды.
Техникада жиі қолданылатын, өлшемдері есептелген жəне тағайындалған
бұрандалар: метрикалық, трапециялық, тіректік, құбырлық бұранда.
Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру сызбалары туралы жалпы мəліметтер
мен орындау ережелерін конспектілеу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс
жасау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Бекіту бұрандалары қайда қолданылады?
Жүрістік бұрандалар қандай механизмдерде кездеседі?
Метрикалық бұранданың профилі қандай?
Трапециялық, тіректік жəне құбырлық бұрандалар профильдері қандай?
Бұрандалардың сызбасын орындау.
Бұрандаларды тұрғызу жəне белгілеуге арналған графикалық тапсырмаларды
аяқтау.
Əдебиет: [21] Селиверстов М.М. Черчение.М., В.Ш.,.1985; 128-132 бет.
[20] Вяткин Г.П. Машиностроительное черчение, 1985: 183-193 бет.
[14]Брилинг Н.С. Задания по черчению. М., Стройиздат, 1984; 105-108 бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш.,1984. 214-223 бет.
[1]Борисов Д.М. Черчение.М.,Просвещение.,1988;
№ 8 студиялық сабақ
Тақырып: Бекіту бұйымдарының көмегімен ажырайтын қосылыстар кескіні.
Студиялық сабақтың мазмұны:
1) Бұрандамалы қосылыс (болт)
2) Бұрамалық қосылыс (шпилька)
3) Сыналы қосылыс (шпонка)
Студиялық сабақтың мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген
сызбаны дайындау, бұрандаларды, бекіту бұйымдарын орындауда кездесетін
шарттылықтарды білуге дағдыландыру.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұрандама, сомын, бұрама сұқпа,
бұрама, бұранда адымы, шайба.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Тетікбөлшектердің қозғалмайтын, бірақ оңай ажыратылатын қосылыстары
бөлшектердің ажырайтын қосылыстары деп аталады. Бекіту бөлшектері
біріктірілуде үш əдістің бірімен кескінделеді: конструктивтік, ықшамдалған
жəне шартты.
1) Бұрандама кескіні. Ол сырық тəрізді, басы деп аталатын жағына қарама –
қарсы ұшында бұрандасы бар тетікбөлшек. Бұрандалы ұшының ұзындығы
оның цилиндр пішінді бөлігінің диаметріне, ал бұрандаманың жалпы
ұзындығы біріктірілетін тетікбөлшектердің қалыңдықтарына байланысты
анықталады.
2) Сомын кескіні. Ортасында бұрандалы тесігі бар, бұрандама мен
ұстастырманың ұштарына бұрау үшін жасалған тетікбөлшекті сомын (гайка)
деп атайды. Сомындарды да болаттан жасайды жəне олардың бұрандалары
метрикалық болады. Сомынның сыртқы пішіні алты жақты призма, төрт
жақты призма жəне цилиндр тəрізді болып келеді.
3) Бұрамасұқпа қосылысы. Бұрамасұқпа қосылыстар бөлшектенетін
қосындыға жатады. Олар стандарт бойынша орындалады. Бұрамасұқпаның
бұрамалары жуан негізгі сызықпен көрсетіледі.
4) Бұрама қосылысы. Бұрама қосылыс екі немесе одан көп бөлшектерді
қосады. Бұраманың өлшемі, бұрманың диаметрімен жəне берілген
стандартпен белгіленеді.
Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру сызбалары туралы жалпы мəліметтер
мен орындау ережелерін конспектілеу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс
жасау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тетікбөлшектерді болтпен біріктіру үшін қандай типтік тетікбөлшек керек?
Болттарды бастарының пішіндері бойынша қалай ажыратады?
Бұрамасұқпа деп қандай тетікбөлшекті айтады?
Графикалық жұмыстарды талдау.
Тақырыппен жұмыс.
Əдебиет: [1] Борисов Д.М. Черчение. М., Просвещение, 1988; 175-182 бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу Черчения. М., В. Ш. 1984.; 195 бет.
[22] Федоренко В.А., Шошин А.Н. Справочник по машиностроительному
черчению. Л., Машиностроение, 1981.; 356-372 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика; М.,Академия,2001; 175-193 бет.
[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985; 127-133 бет.
[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение М., В.Ш., 1982;
№ 9 студиялық сабақ
Тақырып: Тетікбөлшектің эскизі.
Студиялық сабақтың мазмұны:
1) Эскиздеу туралы жалпы түсінік.
2) Эскиздеу этаптары.
3) Тетікбөлшекті өлшеу тəсілдері
Студиялық сабақтың мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген
сызбаны дайындау ережелерін, эскиздеу туралы жалпы түсінік, эскиздеуді
орындаудың этаптарын үйрету.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: түпнұсқа, типтік, стандарт, бет
бұдырлығы, дөптілік, штангенциркуль, микрометр, шаблон.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Эскиздер туралы жалпы мағлұматтар. Эскиздердің қолданылуы. Эскизді
орындауға қажетті материалдар мен аспаптар. Эскизді орындау əдістері.
Сызбаларды эскиздері бойынша орындау. Тетікбөлшекті өлшеу тəсілдері.
Эскиз деп өндірісте тек бір рет қана пайдалануға арналған конструкторлық
құжатты айтады. Эскиз нəрсенің кескіндерінен жəне басқа да мəліметтерден
тұрады. Эскизде нəрсе өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап
проекциялау
əдісімен,
сызу
аспаптарының
көмегінсіз
кескінделеді.
Сондықтан эскизде масштаб болмайды. Эскиз миллиметрлік қағазға
орындалады.
Эскиздеу этаптары (кезеңдері).
1. Тетікбөлшектің пішінімен танысу.
2. Тетікбөлшек кескіндерінің жеткілікті санын анықтау.
3. Эскиз орындалатын пішімді таңдау.
4. Таңдап алынған пішімді эскиз салуға дайындау.
5. Кескіндерді қағаз бетіне алдын-ала орналастыру.
6. Тетікбөлшектің көріністерін жіңішке сызықтармен салу.
7. Тетікбөлшек кескіндерін салуды аяқтау.
8. Шығару жəне өлшем сызықтарын жүргізу.
9. Сызбаға түсірілетін тетікбөлшектің барлық өлшемдерін өлшеу аспаптары
мен құралдарын пайдаланып анықтайды.
10. Тетікбөлшек эскизін салуды аяқтау.
Тетікбөлшекті өлшеу тəсілдері.
Эскизге тетікбөлшектің өлшемдерін түсіру үшін, оны өлшеу керек.
Өлшенетін бөлшектің көлемі мен формасына жəне өлшемді анықтауға
қойылатын дəлдікке байланысты арнайы өлшеу аспаптары қолданылады.
Бөлшектің жəй өлшемі темір сызғышпен, кронциркульмен, нутромермен, ал
дəл өлшемдер – штангенциркульмен, микрометрмен жəне басқа аспаптармен
орындалады.
Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру сызбалары туралы жалпы мəліметтер
мен орындау ережелерін конспектілеу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс
жасау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қарапайым өлшеуіш құралдарын ата жəне оларды пайдаланып, өлшеу
тəсілдерін көрсетіңіз.
Кронциркуль деп қандай құралды айтады?
Нутромердің құрылысы қандай?
Бұранданың адымын қалай анықтайды?
Эскиз деп қандай конструкторлық құжатты айтады?
Эскизде кескіндер қалай салынады?
Техникалық бөлшектерді эскиздеу.
Эскиздеу тақырыбын қайталау.
Əдебиет: [1].Борисов Д.М. и др. Черчение. Просвещение, 1958; 161-168 бет.
[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В.Черчение М., Машиностроение,1982; 196-
202 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., В.Ш.,1988, 217-227 бет.
[21] Селиверстов М.М.Черчение. М., В.Ш.,1985; 164-166 бет.
[20] Вятков Т.П. и др. Машиностроительное черчение. М., Машиностроение,
1985; 281-285 бет.
№ 10 студиялық сабақ
Тақырып: Бұйымдардың құрастыру сызбалары.
Студиялық сабақтың мазмұны:
1) Құрастыру сызбаларында қолданылатын шарттылықтар мен ықшамдаулар.
2) Бұйымның құрам бөліктерінің реттік номерлерін сызбаға енгізу.
Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру бірлігінің құрам бөліктерін реттік
номері бойынша сипаттізімге енгізу. Анықтама əдебиеттерімен жұмыс
жасау.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұранда, беттер, бұранданың сыртқы
диаметрі, бекіту бұрандасы, трапеция, тікбұрышты, оң жəне теріс бұранда.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Бұрандаларды
сызбада
ықшамдап
кескіндеу.
Бұрандалы
сырықтың
кескіндері. Бұрандалы тескіш. Бұрандалы бұйымды тұрғызу, графикалық
жұмысты орындау.
Бұрандаларды пайдалану қажеттілігіне қарай бекіту бұрандалары жəне
жүрістік бұрандалар деп екі топқа бөледі. Бекіту бұрандалары бұйымдарды
біріктіру үшін қолданылатын тетікбөлшектерде, ал жүрістік бұрандалар
домкраттарда, престерде кездеседі.
Бұрандалы стерженьнің кескінінде бұранданың сыртқы диаметрі жуан негізгі
тұтас сызықпен, ал оның ішкі диаметрі тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
Бұрандалы тесіктің кескінінде, керісінше, бұранданың сыртқы диаметрі
жіңішке, ал ішкі диаметрі жуан тұтас сызықтармен жүргізіледі.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тесіктегі бұранданы қалай ықшамдап көрсетеді?
Көріністе көрінбейтін бұранданы қалай кескіндеуге болады?
Метрикалық, трапециялық, тіректік бұрандалардың өдшемдерін сызбаға
қалай түсіреді?
Графикалық жұмыстарды талдау.
Бұрандалардың шартты кескінделуі. Бұрандалардың конструктивтік жəне
технологиялық элементтері.
Əдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение М., Просвещение, 1988.г. 128-138
бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В. Ш., 1984, 214-223 бет.
[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985; 128-132 бет.
[20] Вяткин Г.П. и др. Машиностроительное черчение,1985; 183-193 бет.
[14] Брилинг Н.С. и др. Задания по черчению. М., Стройиздат, 1984; 105-108
бет.
№ 11 студиялық сабақ
Тақырып: Құрастыру сызбаларын бөлшектеу.
Студиялық сабақтың мазмұны:
1) Құрастыру сызбаларын бөлшектеу реті.
2) Басты көріністі таңдау.
3) Қималар мен тіліктерді орналастыру.
Əдістемелік нұсқаулар: Құрастыру бірлігін оқып, құрам бөліктерге бөліп
ажырату. Варианттар бойынша тетікбөлшектерді формат бетіне орналастыру.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: бұрандама, сомын, бұрама сұқпа,
бұрама, бұранда адымы, шайба.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Тетікбөлшектердің қозғалмайтын, бірақ оңай ажыратылатын қосылыстары
бөлшектердің ажырайтын қосылыстары деп аталады. Бекіту бөлшектері
біріктірілуде үш əдістің бірімен кескінделеді: конструктивтік, ықшамдалған
жəне шартты.
1) Бұрандама кескіні. Ол сырық тəрізді, басы деп аталатын жағына қарама –
қарсы ұшында бұрандасы бар тетікбөлшек. Бұрандалы ұшының ұзындығы
оның цилиндр пішінді бөлігінің диаметріне, ал бұрандаманың жалпы
ұзындығы біріктірілетін тетікбөлшектердің қалыңдықтарына байланысты
анықталады.
2) Сомын кескіні. Ортасында бұрандалы тесігі бар, бұрандама мен
ұстастырманың ұштарына бұрау үшін жасалған тетікбөлшекті сомын (гайка)
деп атайды. Сомындарды да болаттан жасайды жəне олардың бұрандалары
метрикалық болады. Сомынның сыртқы пішіні алты жақты призма, төрт
жақты призма жəне цилиндр тəрізді болып келеді.
3) Бұрамасұқпа қосылысы. Бұрамасұқпа қосылыстар бөлшектенетін
қосындыға жатады. Олар стандарт бойынша орындалады. Бұрамасұқпаның
бұрамалары жуан негізгі сызықпен көрсетіледі.
4) Бұрама қосылысы. Бұрама қосылыс екі немесе одан көп бөлшектерді
қосады. Бұраманың өлшемі, бұрманың диаметрімен жəне берілген
стандартпен белгіленеді.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Тетікбөлшектерді болтпен біріктіру үшін қандай типтік тетікбөлшек керек?
Болттарды бастарының пішіндері бойынша қалай ажыратады?
Бұрамасұқпа деп қандай тетікбөлшекті айтады?
Графикалық жұмыстарды талдау.
Тақырыппен жұмыс.
Əдебиет: [1] Борисов Д.М. Черчение. М., Просвещение, 1988; 175-182 бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу Черчения. М., В. Ш. 1984.; 195 бет.
[22] Федоренко В.А., Шошин А.Н. Справочник по машиностроительному
черчению. Л., Машиностроение, 1981.; 356-372 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика; М.,Академия,2001; 175-193 бет.
[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985; 127-133 бет.
[2] Боголюбов С.К., Воинов А.В. Черчение М., В.Ш., 1982;
№ 12 студиялық сабақ
Тақырып: Электрлік сұлба.
Студиялық сабақтың мазмұны:
1) Сұлбаларды орындауда қолданылатын сызба сызықтары.
2) Пневматикалық сұлба.
3) Гидравликалық сұлба.
Əдістемелік нұсқаулар: Электрлік сұлба элементтерін анықтама
əдебиеттерін тауып, электрлік тізбекті орындау. Кинематикалық сұлба
элементтерін анықтама əдебиеттерін тауып, графикалық тапсырманы
орындау.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Ажырайтын қосылыстар.
Ажырайтын біріктірулерге оны құрастырып тұрған тетікбөлшектерді
бүлдірмей
ажыратуға
болатын
біріктірулер
жатады.
Ажырайтын
біріктірулердің өзі қозғалмайтын жəне қозғалатын болып екіге бөлінеді.
Ажырайтын, бірақ қозғалмайтын біріктірулерге бұрандамалық жəне
ұстастырмалық біріктірулер жатады. Ажырайтын қозғалмалы біріктірулерге
кілтектік жəне шлицтік біріктірулер жатады.
Бұрандалы құбырлық қосылыстар олардың жұмыс жасау жағдайларымен
анықталады. Біріктіру бөліктері- фитинглер бірден бірнеше құбырды
біріктіруге, құбырларды бірнеше тармаққа бөлуге, бір диаметрдегі құбырдан
екінші диаметрдегі құбырға жалғауға ыңғайлы бөлшек.
Сыналы қосылыстар біліктен, сына жəне білікпен байланысатын бөлшектен
тұрады.
Пішіндеріне қарай шпонкаларды призма, сына жəне сегмент тəріздес деп
бөледі.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Ажырайтын қосылыстар түрлерін атаңыз.
Бір бөлшекті екіншісіне бұранда арқылы қосу біріктірудің қай түріне
жатады?
Бекіту бұйымдарының көмегімен біріктірулерді кескіндеуде қандай
ерекшеліктер бар?
Шпонкалар көмегімен қандай тетікбөлшекті біріктіруге болады?
Шпондық біріктіруді ажыратуға болады ма?
Ажырайтын қосылыстарға сəйкес стандарттар.
Əдебиет: [1] Борисов Д.М. Черчение. М., Машиностроение, 1982; 190-195
бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В. Ш. 1984; 196-197 бет.
[20] Вяткин Г.П. Машиностроительное черчение. М., Машиностроение, 1985.
289-298 бет.
[21] Селиверстов М.М. Черчение. М., В.Ш., 1985. 168-173 бет.
Есмұқанов Ж. Сызу Алматы , Рауан, 1997. 194-196 бет.
№ 13 студиялық сабақ
Тақырып: Құрылыс сызбалары.
Студиялық сабақтың мазмұны:
1) Қабаттар жоспары.
2) Құрылыс сызбаларындағы кескіндер: үйдің тілігін орындау.
Əдістемелік нұсқаулар: Құрылыс сызбаларындағы кескіндер тақырыбын
қайталау. Ғиматарттың бөліктерімен танысу. Графикалық тапсырманы А2
форматына орындау. Ғимарат тілігі мен фасадын орындау ретін үйрену.
Өлшемдер түсіріп, масштабтарын көрсету.
Тақырыпта қолданылатын сөздер: дəлдік шектері, профиль,
арифметикалық орташа ауытқуы.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Өндірісте қолданылатын сызбаларда дəлдік шектері мен қондырулар
көрсетілуге тиіс. Оқу сызбасында өлшемдердің ауытқу шектерін шамалап
көрсетуге болады. Ал дəлдік шегін талаптарға сай есептеу көп нəрсені білуді,
тəжірибені керек етеді.
Бөлшектің кедір-бұдырлығын сипатайтын параметрлер.
Микроскоппен қарап тетікбөлшектің қай беті тегістеу, қай бетінің кедір-
бұдырының көптеу екенін айта аламыз. Беттің тегістігін сипаттайтын
параметрлер: профильдің арифметикалық орташа ауытқуы жəне профиль
бұдырының орташа биіктігі. Олардың біріншісін Ra, ал екіншісін Rz
əріптерімен белгілейді.
Бөлшектің бетіне кедір-бұдырлығын белгілеу.
Тетікбөлшек беттерінің кедір-бұдырлығы сызбада көрсетілуге тиіс. Кедір-
бұдарлықты көрсету үшін белгіленулер тетікбөлшектің бетін тиісті
дəрежедегі тегістікке жеткізу үшін ол бетті жону керек болса, бетті
жонбайтын жағдайда жəне тетікбөлшек бетінің кедір-бұдырлығын алу жолын
конструктор тағайындамаған жағдайда қолданылады. Сызбадағы кедір-
бұдырлық белгісінің биіктігі Һ өлшем сандарының биіктігіне тең, ал оң жақ
бұрышқа қойылатын белгі бұдан 1,5 есе үлкен болады.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Сызбада кедір-бұдырлықты қалай көрсетеді?
Кедір-бұдырлықтың белгілерін көрсетіңіз.
Бөлшек бетінің кедір-бұдырлығы белгілерін түсіруге арналған графикалық
жұмыстар.
Əдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение М., Просвещение ,1988; 152-157
бет.
[2] Боголюбов С.К. Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроение, 1982: 181-
185 бет.
[22] Федоренко В.А., Шошин А.И. Справочник по машиностроительному
черчению. Л., Машиностроение, 1981; 104-115 бет.
[3] Боголюбов С.К. Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984; 239-240 бет.
[6] Миронова Р.С. Инженерная графика. М., В.Ш.;1988; 250-254 бет.
[21]Селиверстов М.М. Черчения. М., В.Ш., 1985
№ 14-15 студиялық сабақ
Тақырып: Құрылыс сызбалары.
Студиялық сабақтың мазмұны:
Ғимараттын тілігін жəне фасадын тұрғызу.
Əдістемелік нұсқаулар: Құрылыс сызбаларындағы кескіндер тақырыбын
қайталау. Ғиматарттың бөліктерімен танысу. Графикалық тапсырманы А2
форматына орындау. Ғимарат тілігі мен фасадын орындау ретін үйрену.
Өлшемдер түсіріп, масштабтарын көрсету.
Қарастырылатын негізгі сұрақтардың қысқаша мазмұны:
1) Тісті дөңгелектер туралы жалпы түсінік.
Егер айналмалы қозғалысты жетекші біліктен оған параллель жетектегі
білікке беру керек болса, цилиндрлік тісті беріліс қолданылады.
Егер жетектеуші жəне жетектелуші біліктердің остері қиылысса, айналмалы
қозғалысты олардың біріншісінен екіншісіне жеткізу үшін конустық тісті
беріліс қолданылады.
Біліктердің остері өзара параллель де болмауы жəне қиылыспауы мүмкін,
яғни айқасқан біліктер айналмалы қозғалысы червякті беріліс деп аталады.
Айналмалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа түрлендіру үшін рейкалы
тісті беріліс қолданылады.
Негізгі схемалар, иллюстрациялар. (қосымшада).
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Машина жасауда берілістердің қандай түрлері қолданылады?
Тісті беріліс модулі дегеніміз не?
Тісті дөңгелектер бағыты сызбада қалай кескінделеді?
Цилиндрлік тісті дөңгелектің сызбасын орындауға арналған графикалық
жұмыс.
Тақырыпты қайталау. Графикалық жұмысты аяқтау.
Əдебиет: [1] Борисов Д.М. и др. Черчение.М., Просвещение, 1988; 217-226
бет.
[2] Боголюбов С.К. Воинов А.В. Черчение. М., Машиностроения,1982, 215-
225
[8] Чекмарёв А.А. Инженерная графика. М., В.Ш., 2003; 201-203 бет.
[3] Боголюбов С.К.Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984, 240 бет.
[20] Вяткин Г.П. Машиностроительное черчение. М., Машиностроение,
198885. 235-240 бет.
[3] Боголюбов С.К.Задания по курсу черчения. М., В.Ш., 1984
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ.
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық
қабілетті арттыруға жəне белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін
толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды
қамтамасыз
ететін
практикалық
тапсырмаларды
жүзеге
асырумен
байланысты болып табылады.
СӨЖ - оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс жəне
оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
ОЖСӨЖ екі жақты қызмет атқарады – кеңесу жəне бақылау, бұл студент
пен оқытушы арасындағы байланыс, яғни сабақ осы екуінің арасындағы
тілдесу түрінде өткізіледі.
1 апта
1 кредит сағат
Тақырып: Ажырамайтын қосылыстар.
ОЖСӨЖ мазмұны: Тойтармалы шегелердің геометриялық параметрлерінің
есебі. Тойтармалы шегелеу қосылыстарын тұрғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |