Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,67 Mb.
#9250
1   2   3   4

    Дəріс 2. Метрологияның бірінші аксиомасы. Априорлы ақпарат.Априорлы

ақпараттың негіздері. Өлшеу құралдарының дəлдік класы. Өлшеу шарты.

  Метрологияның бірінші аксиомасы анық емес жəне терең ойлануды

қажет етеді. Əдебиеттерде келтірілген сандық пікірлер дəлел бола алмайды,

себебі кездейсоқ модельдерді қолданудан құралған, бірақ ақпарат теориясына

негізделген ғылыми қадамның нақтылығы мен тереңдігін көрсетеді.

Априорлы ақпараттар негізі.

Өлшеу алды тəжірибесі – априорлы ақпараттың бірден-бір негізі. Ол

нақты аспап көмегімен немесе осы типті аспаптарды сынау кезінде алынған

өлшеулер нəтижелерінің сипаттамалары туралы жалпыланған мəліметтер

болуы мүмкін. Соңғы жағайда априорлы ақпарат негізі өлшеу құралдарының

дəлдік класы болып табылады.

Өлшеу құралдарының дəлдік класы.

Дəлдік класс деп есептегіш құрылғылардың көрсеткішіне қатысты

өлшеуші физикалық көлемнің мəні болатын шектерді бекітетін берілген типтегі

өлшеу құралдарының жалпылама сипаттамасы болып табылады.

Дəлдік класы – өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасы.

Метрологиялық деп өлшеу нəтижесі мен оның сапасына əсер ететін өлшеу

құралдарының техникалық сипаттамасын айтады. Əрине, мұндай сипаттамалар

белгілі (қалыпты) мəнге ие болуы тиіс, əйтпесе өлшеу нəтижелері дұрыс емес

болады. Нормалардың метрологиялық сипаттамаларға сəйкестігін тексеру

тексеріс деп аталады.

Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасы деп өлшеудің

нəтижесі мен дəлдігіне əсер ететін олардың техникалық сипаттамаларын

айтады.

Өлшеу сапасына əсер ететін факторлар.



Есепке алу (немесе шешім қабылдау) – негізгі өлшеу процедурасы.

Сонымен қатар күрделі есептерді есепке алатын көптеген факторларға назар

аудару қажет. Метрологиялық тəжірибеде жоғары дəлдіктегі өлшеулерді

дайындау мен жүргізу кезінде мынадай əсерлер ескеріледі:

- Өлшеу объектісі

- Субъект (сарапшы)

- Өлшеу тəсілі

- Өлшеу құралы

- Өлшеу шарты

Өлшеу объектісі жеткілікті түрде оқылған болуы тиіс. Өлшер алдында

міндетті түрде болашақта өлшеу ақпараттары түскен жағдайда өзгеріп

нақтылана алатын зерттеуші объектінің моделін елестету қажет. Модель

неғұрлым өлшеуші объектіге сəйкес келсе, соғұрлым өлшеуші эксперимент дəл

болып табылады.

Спорт саласындағы өлшеулер үшін өлшеу объектісі – ең күрделі

сəттердің бірі, себебі көптеген өзарабайланысты параметрлердің өлшеуші

шамалардың үлкен жеке «шашумен» қайта жүзеге асыруын (оған биологиялық,

«сыртқы» жəне «ішкі» географиялық, генетикалық, психологиялық, социалды

экономикалық жəне басқа факторлар əсер етеді) көрсетеді.

Эксперт немесе экспериментатор өлшеу процесіне мүмкін болған

жағдайда кішірейтілген субъективизм элементін енгізеді. Ол өлшеушінің

біліктілігіне, оның психофизиологиялық жағдайына,  өлшеу кезінде

эгономикалық талаптарды сақтау жəне т.б. Өлшеуді жүргізуге арнайы

дайындықтан өткен, сəйкес білімі практикалық тəжірибесі бар жақтар

қатысады. Жауапты жағдайда олардың əс-əрекеті қатаң регламенттелген болуы

тиіс.


Өлшеуші шамаларға өлшеу құралдарының əсерінен көптеген жағдайда

əсерлі факторлар пайда болады. Электроөлшеуіш аспаптардың қосылуы

электрлік шынжырларда ток пен кернеудің қайта бөлінуіне əкеп соғады, соған

байланысты өлшеуші шамаларға əсерін тигізеді.

Əсер етуші факторлар қатарына өлшеу шарты да жатады. Мұнда

қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылық, атмосфералық қысым,

электрлік жəне магниттік өріс, қоректенуші желідегі кернеу, діріл жəне т.б.

жатады.


Əсер етуші факторлардың жалпы сипаттамасы əртүрлі көзқарас бойынша

берілуі мүмкін: сыртқы жəне ішкі, кездейсоқ жəне кездейсоқ емес, соңғы;

уақыт бойынша тұрақты жəне өзгермелі. Əсер етуші факторлар

классификациясының нұсқаларының бірі төменде келтірілген.

Əсер етуші факторлар классификациясы:

1. Априорлы ақпарат сапасы мен саны

2. Объект моделінің адекватсіздігі

3. Өлшеу тəсілінің жетілмегендігі

4. Өлшеу құралдарының жетілмегендігі


- Өлшеу құралдарының дұрыс бекітілмегендігі

- Өлшеу құралының объектіге əсері

- Климаттық

- Электрлік жəне магниттік

- Механикалық жəне акустикалық

- Иондайтын сəулелену жəне т.б.

- Кездейсоқ сыртқы жаңғырықтар мен ішкі сулар

- Квалификация жəне тұлғаның психофизикалық  жағдайы

5. Деректерді өңдеу алгоритмінің сапасы

6. Деректерді өңдеу құралдарының жетілмегендігі

7. Квалификация жəне тұлғаның психофизикалық  жағдайы

Априорлы факторларға:

-  Өлшеуші объект туралы ақпараттың өлшеу нəтижесінің сапасы мен

санына əсері. Ол көп болған сайын, сапасы жоғары болған сайын – өлшеу

нəтижесі де дəлірек болады. Априорлы ақпараттың жинақталуы – өлшеу

нəтижесінің дəлдігін жоғарылататын жолдарының бірі;

- Белгілі фактілер əсері, модель объектіге дəлме дəл сəйкес келмейді;

- Өлшеу əдісінің негізінде жатқан теориялық қателердің əсері;

- Сапасыз дайындалған жетілмеген аспап немесе құралдарының əсері,

сонымен қатар ұзақ эксплуатация нəтижесі. Аспаптарды көрсететін

шкалалардың белгіленуі, мысалы өлшеуші мəнге дəлме дəл сəйкес келеді.

Эксплуатация процесі кезінде материалдардың ескіруі, механизм жəне

бұйымдардың тозуы, люфталар дамиды, саңылаулар, жабық метрологиялық бас

тартулар болады (метрологиялық сипаттамалардың оларға бекітілген нормалар

шегінен шығуы). Əрине, өлшеу нəтижесі осы факторларға тікелей байланысты.

Өлшеу процесінде:

- Өлшеу құралдарын қате бекіту жəне жұмысқа қате дайындау, осы жəне

басқа дəрежедегі іс əрекет принципі механикалық теңсіздікпен байланысты,

көрсеткіштердің ауытқуына əкеліп соғады. Мұндай өлшеу құралдарына,

құрылымына маятник кіретін, ілінген жылжымалы бөлшекті аспаптар жатады.

Олардың көбін дұрыс жағдайда бекіту үшін деңгеймен (отвес, ватерпас)

жабдықталады;

- Өлшеу құралдарының объектіге əсері нақты суретті танымастай етіп

өзгерте алады. Мысалы, электроөлшеуіш аспаптардың қосылуы электрлік

шынжырларда ток пен кернеудің қайта бөлінуіне əкеп соғады, соған

байланысты өлшеу нəтижесіне əсерін тигізеді.

- Климаттық (қоршаған орта температурасы, ауа ылғалдылығы,

атмосфералық қысым), элекрлік жəне магниттік (электрлік желіде электрлік ток

немесе кернеу күшінің тербелісі, ауыспалы электрлік ток жиілігі, тұрақты жəне

ауыспалы магниттік өріс жəне т.б.) механикалық жəне акустикалық (діріл,

соққы жүктері, сілкініс) факторлар əсері, сонымен қатар иондалған сəулелену,

атмосфераның газдық құрамын өлшеу шартына жатқызады. Мұндай шарттар,

яғни өлшеу нəтижесіне əсерін алдын алу қалыпты деп аталады.


- Өлшеу аспаптарының кездейсоқ сыртқы жаңғырығы мен ішкі шуы

өлшеу нəтижесіне əсерін тигізеді;

- Өлшеуді жүргізуші тұлғаның (немесе оператордың) квалификациясы

жəне психофизикалық жағдайының  (білімі, ұқыптылығы, жауапкершілігі, хал

жағдайы, біліктілігі мен тəжірибесі, көздің жақсы көруі жəне т.б.)маңызы зор.

Өлшеуден кейінгі – априорлы факторлар:

- Өлшеу нəтижесі көбіне экспериментальды деректерді дұрыс өңдеуіне

тəуелді;


- Экспериментальды деректерді өңдеуге арналған техникалық құралдар

жаңа өлшеуші ақпаратты бермейді. Олар тек оны экспериментальды

деректерден шығарады жəне өлшеу нəтижесіне əсерін тигізеді;

- Экспериментальды деректерді өңдеу кезінде тұлғаның сауатсыз жəне

жауапкершіліксіз əрекеті нəтижені алуға жұмсалған күштерді жоққа шығарады.

Келтірілген классификациялар өлшеу нəтижелеріне əсер ететін

факторлардың көптігін көрсетеді.

Негізгі əдебиеттер: 2[16,26-27], 1[59-63, 65-68, 148-153]

Бақылау сұрақтары:

1. Априорлы ақпарат. Метрологияның бірінші аксиомасы.

2. Априорлы ақпарат сипаттамасы.

3. Өлшеу құралдарының дəлдік класы.

4. Дəлдік класы – өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасы.

5. Дəлдік класының белгіленуі

.

Дəріс 3. Метрологияның екінші аксиомасы. Өлшеу ақпаратын алу əдістері.

Өлшеу шкалалары (реттік шкалсы, интервалдық шкаласы, қатынас шкаласы).

Метрологияның  екінші  шағымсыз  аксиомасы. Екiншi аксиома: өлшеу

салыстыру  сияқты  өте  маңызды  ұғым. Бұл  аксиомалар  өлшемнiң

процедурасына  жатады  жəне  қандай  болмасын  өлшемдер  туралы  мəлiметтiң

алуының  олардың  арасындағы  салыстыру  жолынан  басқа  экспериментальдi

əдiс  жоқ  екені  туралы  айтады. «Барлық  нəрсе  салыстыруда  бiлiнеді» деген

халық  даналығы  бұл  жерде 200 жыл  бұрын  айтылған  Л.Эйлердiң  өлшеу

тұжырымдамасымен үндеседi: «Осы түрдегі басқа шама ретінде қабылдап жəне

сол  онымен  қандай  сəйкестікте  екенін  көрсетіп  бір  ғана  шаманы  анықтау

немесе өлшеу мүмкін емес».

Ол нені жəне немен қалай салыстыруды айқындамайды. Ол тек объекттер

жəне  заттық, рухани  əлемнiң  құбылыстарының  сандық  мiнездемелерi туралы

өлшеулiк  ақпараттарды  алудың  салыстырудан  басқа  тəсілі  жоқ  екенін

айқындайды. Салыстырудың бар болғаны үш варианттары бар:

-олардың ақпараттылығы бірдей емес;

-əңгіменің  тəжiрибелi жолымен  салыстыру  туралы  болып  жатқандығын

айтып өту маңызды, яғни өлшеу тəжiрибесі арқылы;

-өлшеу шкалалары.


Сандық  қасиеттiң  өлшеу  шкаласы  физикалық  көлемнің  шкаласы  болып

табылады. Физикалық  көлемнің  шкаласы – бұл  нақты  өлшемнің  нəтижесінің

негізінде  қабылданған  физикалық  шама  мағынасының  реттелген  тiзбегi.

Терминдер  жəне  өлшеу  шкаласын  анықтаудың  тұжырымдамасы  МИ 2365-96

құжатында берілген.

Қасиеттерді  анықтауды  логикалық  құрылыммен  сəйкес  өлшеу

шкалаларын бес негiзгi түрге бөледі.

Атаулар  шкаласы (классификация  шкаласы). Мұндай  шкалалар  тек

эквиваленттік қатынаста айқындалатын қасиеті бар эмпирикалық объекттердiң

классификациясы үшiн қолданылады. Бұл қасиеттерді физикалық көлемдер деп

санауға  болмайды, сондықтан  мұндай  түрдегі  шкалалар  физикалық  көлем

шкалалары бола алмайды. Бұл сапалы қасиеті бар объект санына, маңызды рөл

атқаратын  атауларға  негізделген  шкаланың  өте  қарпайым  түрі. Атаулар

шкаласының  үлгісі  түс  идентификациясына  тағайындалған  кең  тараған

атыластар түстері болып табылады. Атаулар шкаласы дискреттi құбылыстарды

классификациялағанда 

қолданылады (мысалы 

əртүрлі 


объектілер).

Класстардың мағынасы үшін мыналар қолданылады:

- сөздер, мысалы, географиялық атаулар, адам есімдері;

- кез-келген  нышандар (белгiлер, сызық  жəне  байрақтар, əскерлердiң

белгiсi тағы сол сияқтылар);

- нөмірлер (автомовильдердің, құжаттардың  тіркелген  номерлері,

спортшылардың киімдеріндегі номерлері);

- жоғарыда  айтылған (пошталық  адрес, мөр  тағы  сол  сияқтылар)

құралдардың əр түрлi комбинациялары.

Классификацияның  қажеттiлiгi классификацияланатын  күйлер  үздіксіз

жиындарды  құрастырғанда  туындайды. Ол  сонда iшкi жиында  бөлiнедi жəне

жасанды  эквиваленттік  класстары  құрастырылады. Алайда  енгiзiлген

класстардың шарттылығы ерте ме, кеш пе іс жүзінде айқындалады.

Класстар  мағынасы  бұл  тек  белгілер  болып  табылады, тіпті  егер  олар

үшін номерлер қолданылсада. Нөмiрлер тек сыртқы сан сияқты көрiнедi, бiрақ

іс  жүзінде  сан  болып  табылмайды ( мысалы  спортшылардың  номерлері).

Экспериментальдi мəлiметтердi өңдеуде  жүргiзiле алатын номиналды шкалада

бұл олардың сəйкес келуi немесе сəйкес келмеуін тексеретін жалғыз операция.

Математикалық:

Бұл операцияның қортындысымен бұдан да қиын мəліметтерді орындауға

болады:

- сəйкестік санын санауға



(n - сəйкетіктіктің жалпы саны, nk – k класындағы сəйкестік саны);

- кластардың қатыстық жиіліктерін шығару

класының жиілігі жəне т.с.с.


Реттiң  шкаласы (ранг  шкаласы). “Аз – кем” (немесе  тең) принципі

бойынша  салыстыру  ретік  шкалаға  əкеледі. Бұл  ең  аз  ақпараттық  шкала.

Сонымен  ол iс  жүзiнде  қолдау  табады. Реттiк  шклалары  бойынша  өлшем

бiрлiктi қамтамасыз  ету  стандартизация  жəне  репер  нүктелерiнiң  мұқият

теңестiрілуi талап  етіледi. Бақыланып (өлшеніп) отырған  күй  белгісінің  күйді

тек  эквивалент  класының  бірімен  теңестіруге  мүмкіндік  беретін  ғана  емес,

жəне  де  қандайда  бір  дəрежеде  түрлі  класстарды  салыстыруға  мүмкіндік

беретін  табиғаты  болған  жағдайда  өлшем  үшін  номиналдыдан  да  күштірек

шкала  алуға  болады. Дегенмен бұл  өлшеу  шкалаларының  күшейтілуi класстар

арасындағы  шынайы  қатынасқа  тəуелді, сондықтан  əртүрлi күштегі  өлшеу

шкалалары да болады.

Ретік (немесе ранг ) шкаласы күші бойынша номиналдыдан кейінгі болып

табылады. Егер  де  тепе – теңдіктің  аксиомасынан  басқа

  эквивалент

класстары келесі реттелген  аксиомаларды қанағаттандырса, онда  реттік шкала

қолданылады:

егер,

егер,


Мұндай класстарды белгілермен белгілеп, жəне осы белгілердің арасына

сол  реттік  қатынасты  орнатып  біз  қарапайым  шкаланы  аламыз (кезектік

номерлер, байқаудағы  жүлделі  орындар, əскери  жəне  ғылыми  атақтар  жəне

т.с.с).


1. кейде  кейбір  жұптар  реттелмейді  жəне  тең  болып  саналса, онда

мынадай аксиомалар аламыз:

2. А Ə Б немесе А i В (егерде А i Вболса, онда В Ə А)

3. егер А i В жəне  В i С, онда А i С

  аксиомаларға  сəйкес  шкала ‘‘əлсіз  рет’’ шкаласы  деп  аталады.

Мысалы  туыстық  деңгей (ана=əке  > ұлы=қызы , көкесі=тəтесі  >ағасы=əпкесі

жəне т.б. )

Мысалы, зерделi қабiлеттiлiктердi сынауда  тестік  есептерді  шешуге

кеткен сынау уақыты өлшенедi.

Кейбір класс жұптары өзара салыстырылмайтын кездер болады, яғни А Ə

В  емес, В  Ə  А  емес. Осындай  жағдайларда  жартылай  реттеу  шкаласы

қолданылады (субъективті  бағалаулардың  социологиялық  зерттеулерiнде -

сатып  алушы  сұранысы, қалаулы  жұмыстар  тағы  сол  сияқтылар). Реттiк

шкалалардың  сипаттық  ережелері – бұл  салыстрылып  отырған  класстар

арасындағы  дистанция  туралы  айтылмайтын  реттер  қатынасы. Сондықтан

реттік  мəліметтерді  номиналды  сан  ретінде  қарастыруға  болмайды, тіпті  егер

олар  цифрлармен  белгіленсе  де. Сонымен  қатар  олардың  үстінен  ретті

бұзбайтын  шкаланы  өрнектеу  кезінде  түрлі  нəтижелер  алуға  əкелетін  істер

жасауға болмайды ( X : 1 2 3 4 5 ); (

).

Мысалға монотоды шкалаға өту сияқты таңдалған орташа реттік өлшеуді



шығаруға болмайды,

орташа кезінде береді:



Алайда  бақыланып  отырған  Xi жəне Xj екуінің  қолайлысын  орнатуға

мүмкіндік  беретін  жəне  ранг  объектісін  анықтайтын  операция  қолдануға

болады. Сол себепті реттік шкаланы рангты шкала деп те атауға болады.

 

болжамды 



сандар 

индикаторы 

болсын, мұндағы

Онда


           i – объектісінің рангі

Маңызды! Тіпті  тəжірибеде  шама  арқылы  өлшенетін  олармен  жанама

байланысқан, бірақ  сандық  шкалада  бекітілетін  күйі  тек  реттік  салыстыруға

рұқсат  етілген  жағдайларда  да  бұл  өлшемдер  бəрібір  реттік  шкаладағы

өлшемдер  болып  қалады. Уақыт  мұнда (парасат  өлшемі  сияқты) сандық

шкалада өлшенеді, бірақ оның өлшемі реттік шкалаға жатады.

Түрлендiрілген  реттiк  шкалалар  реттiк  шкалалардың  күшейтілуi үшiн

жасалады (мұндай  күшейтулер  тек  қана  болжам). Бұл  реттiк  шкалалар, бiрақ

бұл сөздiң қатал мағынасында емес.Түрлендірілген шкалаларды енгізудің басқа

себебі реттік шкалада өлшенген шамалардың көбі  үздіксіз сипат алатындығына

бекітіледі, осылай бұл жерде екі шкала мəндерінің арасына үшіншісін енгізуге

талпыныс  бар. Оның  сан  емес  реттік  мəлімет  екені  жиі  естен  шығып  кетеді

жəне бұл қателікке əкелуі мүмкін.

Мысалдар: Моос бойынша қаттылық шкаласы (екі минералдың бір-біріне

қайсысының сызат түсіретіні  қаттырақ). А қатынасынан В қаттырақ.

Эталондар:  1-тальк         4-флюорит          7-кварц      10-алмаз

 2-гипс           5-апатит              8-топаз

 3-кальций     6-ортоклаз          9-корунд

- жасанды əлсіз қатар.

Бофорт  шкаласы (1806ж.) 0 – штиль, 4 – желсіз, 6 – күшті  жел, 10 –

дауыл, 12 – күшті дауыл. Градациялардың шартты сипаты болады.

Рихтердің магнитуд шкаласы (1935ж)

  магнитуда бойынша

жазықтыққа  қарқындылықты  бағалау  əдісі, эпицентрға  жəне  ошақтың

тереңдігіне дейінгі арақашықтық.

Білім  бағасының  қарқынды  шкаласы: бұл  жерде  қателіктер  мен

есептеулер  қатты  көрінеді (орташа  арифметикалық  балдың  есебі – реттік

шкалада  мағынасы  жоқ  шамалар, ол  үшін  қандай  балл  қоятыны  туралы

жауапты қанағаттандыратын талаптардың нұсқаулық анықтамасы).

Черчменнің  жəне  Акоффтың  социологиялық  жəне  сол  сияқты

зерттеулерінде жиі қолданылатын реттік шкаласы.

Мысалы 4 зат болсын А,В,С,Д деп алайық.

1) сұралғандары оларды реттейді:

    A i B i С i D

2) 0 мен 1 ® арасындағы  санға  жазылу  «болжау  күшін» өрескел

көрсетеді, мысалы



3) А-ны В-мен салыстырғанда нақтылау, С жəне  бірге алынған.

Егер А > ВЗСЗ , онда

В мен СЗ -ны ары қарай анықтаймыз:

Егер  С


>  В  болса,  онда  В  <  С  +

болуы  үшін  В-ның  салмағын

азайтады:

(Ортақ  ұсыныс: таңдалған  шкаланы  нақтылауда  ең  қолайлы  баламасына

бірлік салмақ жазылады, ал қалғаны 3-тен топталады).

Негiзгi кемшiлiк – психологияда  салмақтардың  аддитивтiлігi туралы

жорамалдың қолайлылығы əрдайым орындалмайды.

Егер  эмпирикалық  объект  мəлiметiнiң  қасиетi өзін  баламалық  жəне

сандық  қасиеттерінің  өсу  жəне кему реті қатынасында  көрсетсе, онда  ол үшін

реттік шкала орнатылуы мүмкін. Ол бiр қалыпты өсетiн немесе кемитiн болып

табылады  жəне  көрcетiлген  қасиетті  сипаттайтын  шамалардың  арасына  аз/көп

қатынас  орнатуға  мүмкiндiк  бередi. Реттік  шкалаларда  нөл  болады  жəне

болмайды, бiрақ  олар  үшін  пропорционалдық  қатынас  орнатылмағандықтан

немесе сəйкесiнше қасиеттердi қаншаға көп немесе аз жорамалдауға мүмкiндiк

жоқ  болғандықтан  өлшем  бірліктерін  түбегейлі  енгізуге  болмайды.  Реперлік

нүктеге  қойылған  реттік шкалалар кең  тарады. Ондай  шкалаларға, мысалы, əр

түрлi шартты  сандары  қаттылығындағы 10 тiректен  тұратын  минералдардан

құралған, минералдардың  қаттылығын  анықтайтын  Моос  шкаласы  жатады:

тальк – 1; гипс - 2; кальций - 3; флюорит - 4; апатит - 5; ортоклаз - 6; кварц - 7;

топаз - 8; корунд - 9; алмаз – 10. Минералдық  сол  немесе  басқа  қаттылық

градациясына  қатысты  сыналған  материал  тіреумен  тырналатын  тəжірибе

негізінде жүзеге асады. Егер сыналып отырған минерал кварцпен (7) тырналса

онда  ізі  қалады, ал  ортоклаздан (6) кейін  қалмайды, онда  сыналып  отырған

материалдың қаттылығы (6) – дан көп, бірақ (7) - ден аз. Бұл жағдайда нақтырақ

жауап  беру  мүмкін  емес. Шамалар  мағынасын  анықтауды  реттік  шкала

көмегімен  өлшеу  деп  санауға  болмайды, сондай-ақ  сол  шкалаларда  өлшем

бірліктері  енгізіле  алмайды. Сандардың  жазылу  операциясын  талап  етілген

шамаға  бағалау  деп санаған жөн. Реттік шкаламен бағалау  біркелкі емес  жəне

шартты  болып  табылады, қаралған  мысалдар  не  жайында  екендігі

куəландырады.

Интервалдар шкаласы.

“Қанша  артық (кем)” принципі  бойынша  салыстыру  интервалдар

шкаласына əкеледі. Бұл кең қолданыс тапқан, шынайы, ақпаратты шкала.

Интервалдар  шкаласы  бойынша  өлшем  бірліктерін  қамтамасыз  ету

фиксацияны жəне есептеуді заңды бекітуді талап етеді.

Бұл  шкалалар  реттiк  шкалалардың  ары  қарай  дамуы  болып  табылады,

аддитивтілікті, ретті  жəне  баламалық  қатынасты  қамтамасыз  ететін  қасиеттегі

объектілер үшін қолданылады. Интервалдар шкаласы өлшем бiрлiгi жəне ерікті



таңдалған  нөлдiк  нүктесi бар  бiрдей  интервалдардан  құралады. Мұндай

шкалаларға əртүрлі  күнтізбе бойынша жыл санау, немесе əлемді жарату немесе

Христов  рождествосы  жəне  т.б. жатады. Сонымен  бірге  Цельсийдің,

Фарангейттің  жəне  Ремюрдің  температуралық  шкаласы  интервалдар  шкаласы

болып  табылады. Шкаланы  іс-жүзінде  екі  жолмен  қоюға  болады. Олардың

біріншісінде  физикалық  жүзеге  асқан екі мəн  алынады

. Бұл мəндер

тірек  нүктелері  немесе  негізгі  тіректер  деп  аталады, ал  интервал – негізгі

интервал деп

Қатынас  шкаласы. “Қанша  артық (кем)”  принципі  бойынша  салыстыру

қатынас шкаласына əкеледі. Бұл барлық жерде таралған ақпаратты шкала.

Қатынас  шкаласы  бойынша  өлшем  бiрлiктi қамтамасыз  ету

орталықтандырылған  немесе  орталықсыздандырылған  физикалық  шамалар

бiрлiгiн жəне олардың өлшеу заттарының өлшемі туралы ақпарат берудi талап

етедi.

Бұл  шкалалар  баламалар, рет  жəне  аддитивтiлік  қатынасын  қамтамасыз



ететін эмпирикалық объектілер қасиеттерін сипаттайды (екінші түрдің шкаласы

- аддитивті), ал  жағдайлар  мен  пропорционалдық  жағдайында (бірінші  түрдің

шкаласы - пропорционалды). Оларға  салмақ  шкаласы (екінші  түрде),

термодинамиялық  температура  шкаласы (бірінші  түрде) мысал  бола  алады.

Қатынас  шкаласында  нөлдік  сандық  қасиетін  көрсетудің  біртекті  шынайы

критерий  жəне  келісіммен  шартталған  өлшем  бiрлiгi бар  болады. Формалық

жағынан  қарағанда  қатынас  шкаласы  есептің  бастамасы  интервалдар

бастамасы болып табылады. Бұл шкала бойынша алынған мəндерге физикалық

шамаларды өлшеу кезінде маңызды барлық арифметикалық істер қолданылады.

Қатынас шкалалары өте маңызды шкала.

Абсолюттiк шкалалары. Кейбiр авторлар қатынас шкалаларының барлық

белгiлері  бар  абсалюттік  шкала  түсінігі  қолданылады, бiрақ  сонымен  қоса

біртекті  шынайы  өлшем  бірліктерін  анықтайды  жəне  қабылданған  өлшем

бірліктер жүйесіне тəуелсіз болып табылады. Мұндай шкалалар салыстырмалы

шамаларға  сəйкес  келедi: күшейту  коэффициент, əлсiретулер  тағы  басқалар.

Көптеген  туынды  бiрлiктерді  құру  үшiн  СИ  жүйесінде  өлшемсіз  жəне

абсолюттiк шкала бiрлiктерi қолданылады.

Атаулар жəне реттік шкалаларды метрикалық емес (концептуальды) деп,

ал  интервалдық  жəне  қатынас  шкалаларын  метрикалық (материалдық) деп

атап  өтемiз. Абсолюттiк  жəне  метрикалық  шкалар  сызықты  разрядқа  жатады.

Өлшеу  шкалаларын  практикалық  жүзеге  асыру  шкалалар  жəне  өлшем

бірліктері  сияқты  стандартизация  жолымен  қажет  жағдайдағыдай  тəсілі  жəне

бірмінді  көшіру  шартымен  жасалынады. Нақты  класстар  түсінігі  өлшеу

құрылғыларының шкаласында немесе техникалық құжаттарда келтіріледі.

Өлшеу шарттары.

Өлшемдер қандай шарттарда жүретіні туралы ақпараттың мəні зор. Егер

қалыпты  шарт  болса, онда  олардың  өлшем  нəтижелеріне  əсерін  ескермеуге

болады. Егер  жұмыстық  болса, онда  ақпарат  ретінде  енгізуге  тура  келетін

түзетулер мəлім болуы керек.


Өлшеу шкалалары əр түрлi бола  алады. Басында тек  қана  кез-келген екi

күйдi қарастырамыз, айырмашылығы  бар  не  жоқ  екенін  айтуға  болатын  жəне

əртүрлі  күйге  қоя  алатын  түрлі  мəнге  сəйкес  өлшеу  алгоритмдерін, ал

айырмашылықсыз  күйде – бірдей  мағынада  болады. Яғни  объектің  күйi жəне

оның мəні тепе-теңдiк аксиомасын қамтамасыз етеді.

1. А = В немесе А № В

2. Егер А № В болса , онда В = А

3. Егер А = В жəне В = С болса, онда А = С.(А жəне Б сандары символ

болған жағдайда эквиваленттің қатынасын анықтайды; )

Бақылау сұрақтары:

1.Өлшеу  дегеніміз  не? “Күшті  шкала” жəне “əлсіз  шкала” мағынасын

түсіндір.

2. Атаулар шкаласы дегеніміз не? (реттік, қатыстық жəнет.б. )

3. Бақылаудың “күшеюі” мен  “əлсіреуінің” мүмкін  болатын  нəтижелері

қандай?

4 Қатыстық  шкалада  өлшеу  үшін  өлшенген  шамалар  қандай  шартты



қанағаттандыруы керек?

5. Көрсетілген  тізімдердегі  қандай  шамаларды  қатыстық  шкаламен

өлшеуге  болады: масса, температура, энергия, ақша, ұзындық, уақыт? Қандай

шкала абсалютті деп аталады, неліктен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет