ЭДУАРД ШЕВАРДНАДЗЕ: СІЗДЕР СЫН
САҒАТТА СЫР БЕРМЕДІҢІЗДЕР
Сауытбек Абдрахманов
“Егемен Қазақстан” республикалық газеті”
ашық акционерлік қоғамын қоғамның президенті
Егемен Қазақстан, 19 мамыр 2010 ж., http://www.egemen.kz
“Жиырмасыншы
ғасырдың
тарихи
жылнамасында
Эдуард
Шеварднадзенің есімі айшықты ҽріптермен ҽдіптелген. Михаил
Горбачевпен бірге Эдуард Шеварднадзе жаңаша ойлауды жақтайтын аса
кҿрнекті тҧлғалардың қатарына қосылады, ондайлар Кеңес Одағында онша
кҿп болмайтын. Ҽсіресе, саясаткерлердің арасында тіпті сирек еді. Алайда,
олар ҿзінің елін ғана емес, бҥкіл ҽлемді ҿзгерте алды – бҥкіл ҽлемді
жақсарта алды” – Ганс-Дитрих Геншер осылай жазған болатын. Ҽрбір кҿзі
қарақты адам Эдуард Шеварднадзенің дҥние тарихындағы орны жҿнінде
дҽл осылай немесе осыған қарайлас ойлайды деп шамалауға толық негіз
бар. “Эдуард Шеварднадзенің ҿмірі – саясатта ҧзақ ҿмір сҥре білудің
ерекше ҥлгісі. Оның мансап жолының жылнамасы аспандай асқақтау мен
қирай қҧлдырауға, бір лагерден бір лагерге, бір саяси сахнадан екінші
саяси сахнаға кҥтпеген жерден, ҽйтсе де заңды тҥрде ауысуға толы.
Одақтық Грузияның қатаң коммунистік лидері Шеварднадзе 1980-ші
жылдардың соңында горбачевтік саяси бюродағы басты демократтардың
біріне, “жаңаша ойлау” саясатының белсенді жҥргізушісіне, АҚШ-пен
одақтасуды қҧлшына қолдаушыға, Германияны біріктіру идеясының
жақтаушысына айналды. 1990-шы жылдардың басында, тҽуелсіз
Грузияның бірінші президенті, бҧрынғы диссидент Звиад Гамсахурдиа
елден қуылып шыққаннан кейін ол Грузия президенті болды, арада 11 жыл
ҿткенде
АҚШ
президенті
ойластырған
“жаһандық
демократия
революциясының” алғашқы оқ атысында ҿзі тақтан тайдырылды. Біздің
заманымыздың ең табанды ҽрі ең тҽжірибелі саясаткерлерінің бірі болып
табылатын Эдуард Шеварднадзе кім?” – жақында Тбилисиге жолымыз
тҥскенде алынған сҧхбаттан кейін маған қолтаңба қойылып, сыйға
тартылған кітапта – Эдуард Шеварднадзенің “Когда рухнул железный
занавес” деп аталатын мемуарлық еңбегінің (М., “Европа”, 2009)
аннотациясында осылай жазылған.
Елдің бҧрынғы президентіне оның 2003 жылғы 23 қарашадағы
отставкасынан кейін қалдырылған, жҧрт “Шеварднадзенің Крцаниси
резиденциясы” деп атайтын тау биігіндегі жекежайда Қазақстан
Республикасының
Грузиядағы
Тҿтенше
жҽне
ҿкілетті
елшісі
И.И.Мурсалимовтің кҿмегімен ҧйымдастырылған мына сҧхбат барысында
сол сҧраққа біз де жауап іздеп кҿрдік.
115
– Қҧрметті Эдуард Амвросиевич! Отыз бес жылдық журналистік
жолым мені кҿптеген атақты адамдармен, биік лауазым иелерімен
кездестірді. Олардың арасында бірнеше елдердің президенттері де бар.
Ҽйтсе де дҽл бҥгінгі ҽңгіменің – экс-президентпен сҧхбаттың мҽнін
солардың ешқайсысынан кем қоймас едім. Бҥгін мен шын мҽнінде ҽлемге
ҽйгілі тҧлғамен, дҥние тарихын ҿзгертуге нақты ықпал еткен адаммен
ҽңгімелескелі отырғанымды толық тҥсінемін. Мені қабылдауға уақыт
тапқаныңыз ҥшін алғысымды айтамын.
Студенттік жылдарымызда, болашақ журналист болсақ та, шыны
керек, партияның қаулы-қарарларына онша мҽн бере бермейтінбіз. Соның
ҿзінде де бір қаулының елді елең еткізгені, жаңағы қҧжат жарияланған
газет нҿмірінің қолдан қолға кҿшіп жҥргені есімізде. Ол қҧжат – СОКП
Орталық Комитетінің Тбилиси қалалық партия комитетінің жҧмысы
туралы қаулысы. Жас болсақ та жаңағы қаулының кезекті партиялық қҧжат
еместігін, елде расында да алаңдайтындай жағдайлар бар екендігін
пайымдағанбыз. Сіздің саяси мансап жолыңыз сол қаулыдан кейін
шындап басталғаны белгілі. Ондай қаулының қабылдануына не себеп
болды?
– Сол жылдар ҥшін ол, расында да, тҿтенше қаулы еді. Тбилиси
қаласы бойынша ғана қабылданғанымен, сол қҧжатта аталған тамыр-
таныстық, жемқорлық, парақорлық, протекция, ҧрлық-қарлық, заңсыздық
кҿріністері Кеңес Одағындағы кез келген жерден табылатын. Ҽйтсе де,
ҽлгіндей ҽрекеттердің дҽл Тбилисиде шектен шығып кеткендігі
мойындамауға болмайтын шындық еді. Мен Тбилиси қалалық партия
комитетінің бірінші хатшылығына Ішкі істер министрі қызметін он жылдан
артық уақыт атқарып келгендіктен де мҧның барлығын ҿзгелерден
жақсырақ білетінмін. Сол жылдың аяғында-ақ менің Грузия Компартиясы
Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануым қаладағы тҽртіпті
тез арада қалпына келтіре алуымның, ең бастысы – жҧртшылықтың
ҽділеттілікке сенімін оралта алуымның арқасы деп айтуымның артықтығы
болмас.
– Солай екендігін біз де алыста жҥріп-ақ шамалайтынбыз. Сіздің
республикадағы коррупциямен қалай кҥресіп жатқаныңыз Қазақстанға да
116
жететін. Бір жолы сіз ҥкімет мҥшелерінің қарауына нақты мҽселе ҧсынып,
дауыс беруін сҧрапсыз. Олар қолдарын кҿтерген кезде сіз сол кҥйінде,
қолдарын тҥсірмей тҧра тҧруларын ҿтініпсіз. Сонда қолында таза алтын
сағаты жоқ бірде-бір министр табылмапты… Бҧл болған жағдай ма,
анекдот па?
– Кез келген анекдоттың астарында шындық жатады…
– Кеше біз, бір топ қазақстандық журналистер, Боржом шатқалына,
атақты арасан суы шығып жатқан жерге бардық. Кешкісін кҽдімгі грузин
қонақжайлылығымен айқара жайылған дастарқан басын-да ҽріптестерімнің
бірі, “Казахстанская правда” газеті бас редакторының орынбасары Гҥлнҽр
Рахметова: “Грузия бҧрын 15 баласы бар ҥйдің ең ерке баласы сияқты еді”,
деп қалды. Сол сҽтте-ақ дастарқанның ана басынан бір егде кісі: “Кейін
еркеліктің азабын тарттық қой…”, деп ҽзіл айтып ҥлгерді. Расында да,
бҥкіл елді ҧлты грузин Сталин басқарған жылдардан бері Грузия
Кремльдің ерекше назарында тҧрған, бҿлекше қамқорлығында болған
дейтін тҥсінік бар. Бҧл жҿнінде не айтар едіңіз?
– Сталин заманындағы репрессиялардан ең кҿп зардап шеккен
халықтардың бірі – грузиндердің ҿзі. “Тҽубеге тҥсу” (“Покаяние”) фильмін
кҿрген кез келген адамның кҿзі жетеді бҧған. Айтқандай, Тенгиз
Абуладзенің сол фильмін мен ҽу бастан қолдап, тҥсірілген соң Мҽскеу
алдында қорғап шыққанмын. Сталин мен Берия ҿзгелер грузин ретінде
қанына тартады демеуі ҥшін ҿз ҧлтына тіпті артық қиянат жасаған.
– Кеше Гориде болдық. Бізге Сталин туған ҥйдің есігін ашып беретін
адамның да табылмағаны таңдандырды. Сондағы мэрияның алдына
қойылған Сталин ескерткішін жҧлып тастау жҿнінде дау-дамай ҿршіп тҧр
екен. Менің ҿз ойымша, Жер бетінде Сталинге жалғыз ескерткіш сақталуы
жҿн болса, ол ескерткіш оның отанында – Гориде тҧруға тиісті сияқты.
– Грузияның кеңес ҿкіметі жылдарында кҿп ҿскені, кҿркейгені анық.
Бірақ ол ешкімнің де бҿлекше қамқорлығының арқасы емес, мҧның бҽрі
грузин халқының, республикадағы кҿп ҧлтты жҧртшылықтың бірлесе
атқарған жемісті жҧмысының арқасы. Белгілі бір дҽрежеде Грузия
эксперименттер жасалатын республикаға да айналды. Ҽсіресе, ауыл
шаруашылығында реформа жақсы жҥрді. Аудандық агроҿнеркҽсіптік
кешендердің (РАПО) қҧрылуы алдымен бізде басталған. Абаш ауданында.
– Сонда да бірқатар артықшылықтар болды ғой?
– Мысалы, қандай?
– Мысалы, грузин тілінің Грузияның мемлекеттік тілі болғандығы.
Біз тҽуелсіздікке дейін, тіпті республикамыздың бірінші басшысы Саяси
бюроның мҥшесі болып тҧрса да, ондайды армандап қана қоятынбыз.
Тіпті кейін де қазақ тілінің мемлекеттік тіл мҽртебесіне бір-екі жыл
айтысып-тартысып жҥріп қол жеткіздік.
– Оның жайы былай. Лениннің тҧсында-ақ грузин тілі бізде
мемлекеттік тіл еді. Сталиндік конституция сол статусты бекітіп қана
берді. Ал Грузияның 1978 жылғы конституциясында грузин тілінің
мемлекеттік мҽртебесін сақтап қалуы оңайға тҥскен жоқ. Бҧл арада студент
117
жастардың да, ел интеллигенциясының да, республика басшылығының да
сҿзі бір жерден шығуының мҽні ҥлкен болды. Брежневтің де кҿмегі тиді.
– Қазір қоғамда Брежнев туралы толықтай теріс тҥсінік қалыптасып
бітті. Сіз ол кісінің басшылығымен кҿп жыл жҧмыс істедіңіз, оны жақсы
білдіңіз. Соншалықты дҽрменсіз болса, ондай адам КСРО-дай алып
державаны 18 жыл бойы қалай басқарған?
– Брежневтің тҧсында Грузияны 10 жыл басқарғаныммен, ол кісіні
сонша жақын білдім дей алмаймын. Мҽскеудегі жиналыстарда, съездерде,
бірнеше рет Грузияға келгенінде араласқаным болмаса. Брежневтің маған
сенгенін айтуым керек. Менің бастамашыл жҧмыс стилімді қолдап
отыратын. Осы жақтан жазылып жататын арыздарға байланысты
“Республиканың кҿрсеткіштері жақсы, Шеварднадзе жҧмысын біледі,
кедергі келтірмеңдер” деп айтты дегенді талай рет естігенмін. Жалпы,
жҥрегі жҧмсақ адам еді.
– Грузин тілінің мемлекеттік мҽртебесін сақтап қалуына Брежнев
қалай кҿмектесіп жҥр?
– 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданды ғой.
Содан кейін барлық республикалар жаңа Конституцияға негізделген ҿз
конституцияларын жасауға, қабылдауға кірісті. Мҽскеу барлық ҧлт
ҿкілдері бірдей тҥсінетін орыс тілін Грузияда да мемлекеттік тіл етуді
ҧсынды. Оған дейін республиканың негізін қҧраған ҧлттың тілі тек
Грузияда ғана мемлекеттік тіл мҽртебесіне ие еді. Енді бізге де қауіп тҿнді.
Біз ҽу бастан бҧл ҧсынысқа қарсы болдық. “Қарсы шықтық” демей, “қарсы
болдық” деп ҽдейі айтып тҧрмын. Конституция жобасын жасау барысында
ашық қарсы шықсақ, Мҽскеу бірден-ақ тиісті шешім қабылдайтынын, оның
тіпті республика басшылығына байланысты ҧйымдық шешім болуы да
мҥмкін екенін біз жақсы білдік. Сондықтан Грузия Конституциясы жҿнінде
мен жасайтын баяндамада грузин тілі мемлекеттік тіл статусын сақтап
қалатындығы жҿнінде айтылатынын барынша қҧпия ҧстадық. Дегенмен,
Мҽскеуге барып қайтуға тура келді. Ҽуелде “елдің бас идеологы”
Сусловпен кездестім, бірақ оған грузин ҥшін ана тілінің қандайлық орны
бар екенін айтып тҥсіндіремін дегенімнен ештеңе шықпады. Болмаған соң
Брежневтің қабылдауына кірдім. “Эдуард, сен білесің ғой, мен
идеологиямен айналыспаймын. Сусловпен ҿзің сҿйлес”, деуден аспады ол
кісі. Сусловпен қайта сҿйлесудің мҽні жоқ екенін білгеннен кейін мен
Орталық Комитеттің Жалпы бҿлімінің меңгерушісі Черненкоға кірдім.
Білімді адам еді, ол ақыры біздің позициямыздың дҧрыстығына Брежневтің
кҿзін жеткізіпті, сҿйтіп оның ауызша келісімін алып шығыпты.
Конституция қабылданатын кезге қарай республикамызда осы мҽселе
бойынша қатты толқу болды. Тиісті органдар тіпті жастар Ҥкімет ҥйіне
шабуыл жасауы мҥмкін деген ақпарат та беріп жатты. Тіл мҽртебесі
жҿніндегі мҽселені мен Жоғарғы Кеңесте жасайтын баяндамамның ең
соңына ҽдейі қалдырдым.
118
Сол жиынның ҽрбір сҽті ҽлі кҥнге кҿз алдымда. Баяндамамның орта
беліне жақындаған тҧста екінші хатшы мінберде тҧрған маған тілдей қағаз
жазып жіберді.
– Екінші хатшы – Колбин ғой?
– Иҽ, Колбин. Ол мемлекеттік университет студенттері жиналып,
алаңға келе жатқанын жазыпты. Мен баяндамамды жалғастыра бердім.
Арада бес минҿттей ҿтпей, Колбин тағы бір қағаз жіберді. Онда енді
политехникалық институттың студенттері колоннаға қосылғанын жазыпты.
Опера театрының маңына келіп қалған екен. Парламентке жақын жер. Мен
мҽтінді ҽрі қарай оқи бердім. Сҽлден кейін тағы бір қағаз келді. Енді
политехника институты мен университет студенттеріне қаладағы ҿзге
жоғары оқу орындарының студенттері, бҥкіл жастар қосылғаны
жазылыпты. Баяндаманың аяқ шенінде жаңа Конституцияда да грузин тілі
Грузин КСР-інің мемлекеттік тілі болып табылатынын хабарладым. Зал
дҥркіреп ала жҿнелді. Сол екпінмен парламент алдындағы алаңға барып,
жастармен тікелей кездестім. Жастардың ортасына мынандай жағдайда
кҥзетсіз қойып кету қауіпті екенін де тҥсіндім, бірақ ол тҧста енді не
нҽрседен де тайынбауға бекінген едім. Мен есіктен шыққаннан-ақ бҥкіл
алаңды “Дэда Эна!”, “Дэда Эна!” деген ҧрансҿз кернеп кетті. “Дэда Эна” –
грузинше “туған тіл”. Студенттерге дҥрлігудің жҿні жоқ екенін, осындай
шешім қабылданатынын айтсам, жастар сенбейді. “Сенбесеңіздер кешке
дейін кҥтіңіздер. Кешке менің баяндамамды теледидардан береді. Егер
оған да сенбесеңіздер, таңертеңге дейін кҥтіңіздер. Таңертең менің
баяндамам газеттерде жарияланады”, дедім. Ақыры жастар алаңнан
тарады. Бізден кейін, ертеңінде Армения ҿзінің Конституциясын қайтадан
қабылдады, сҿйтіп армян тілін мемлекеттік тіл етіп олар да бекітіп алды.
– Мҽскеу осыған келісті ме?
– Қайдан келіссін? Артынша республика басшылығын тҥгел дерлік
Сусловқа шақырды. Мен, Совмин тҿрағасы, екінші хатшы, тағы бірер кісі –
бҽріміз бардық. Суслов біздің мҽселемізді Саяси Бюроға шығаратынын
айтты.
Бҽріміз
сонда
да
қарсылық
білдірдік,
ойымыздан
қайтпайтынымызды мҽлімдедік. Колбин де қатты қарсы болды. Бізге
“ҧлтшылдық”, тағы басқа айыптар тақты.
Сҿйтіп тҧрғанда телефон шырылдап қалды. Брежнев екен. Қалай
екенін қайдам, сҿзінің бҽрі маған да естіліп тҧрды. Басқа бір мҽселелер
бойынша тапсырмалар берді де, “Саған Шеварднадзе кірді ме?” деп
сҧрады. Суслов: “Ол қазір менде отыр, бҧлардың мҽселесін принципті
тҥрде қарау керек” дей беріп еді, Бас хатшы: “Шеварднадземен сҿйлестік
қой, сол да жетеді” деді де ҽңгімені бітіре салды. Мҽселеміз солай
шешілген.
– Колбин грузин тілінің мемлекеттік мҽртебе алуын қатты жақтады
дейсіз. Жалпы, ол кісі туралы пікіріңіз қандай?
– Бізде екінші хатшы болды. Оның алдында Свердловскіде жҧмыс
істеген. Грузияға қызметке жіберілерде Суслов қабылдапты. “Маған ҧлт
республикасында жҧмыс істеу қиын болады. Грузиндердің тарихын,
119
дҽстҥрін, мҽдениетін білмеймін”, депті. Сонда Суслов: “Ең бастысы –
экономика. Ал ҽйел патша Тамараның жағдайын грузиндер ҿздері
шешсін”, деген екен. Колбин бізде жаман жҧмыс істеген жоқ. Тек оны
Қазақстанға жібергені қателік болды. Қонаевтан кейін Колбиннің деңгейі
бірден кҿзге бадырайып тҧрды. Қонаев академик еді ғой. Бҽріне кеңінен
қарайтын, терең ой жіберетін. Ҿте икемді кісі болатын. Ҿз халқымен тіл
табыса білетін. Қонаев Гаграда, Пицундада бірнеше рет демалғанда ҿзім
ҽуежайдан қарсы алатынмын, кҿп ҽңгімелесетінбіз.
– Саяси Бюроның осы мҽселені қараған отырысына сіз қатысқан ба
едіңіз?
– Қатысқанмын.
– Талқылау қалай ҿткені есіңізде ме?
– Ол кезде мҧндай мҽселеде талқылау деген болмайды.
– Қазақстан басшылығына Назарбаевтың кандидатурасы қаралған
жоқ па?
– Ол кезде балама кандидатура деген болмайды.
– Жақында Бакуге барып едім. Сонда Гейдар Алиев туралы бір кітап
алдым. Ҽлгі кітапта Гейдар Алиевтің Колбиннің кандидатурасына қарсы
шыққаны, Горбачевке кіріп, “Колбин жақсы шаруагер, басқа қай жаққа
жіберсеңіз де жҧмысты алып кетеді. Тек Қазақстанға жіберу қателік
болады”, деп айтқаны жазылған.
– Бҿлек кіріп, ҿзіне айтқан болар. Саяси Бюроның отырысында бҧл
ҧсынысқа ешкім қарсы шықпағаны есімде. Колбин Қазақстанда дҧрыстап
жҧмыс істей алмады. Кейін оның мҽселесін Саяси Бюрода қарағанымызда
бірнеше адам қатты сын айтты. Жіберген кемшіліктерін жҿндеу
тапсырылды. Бірақ ол тиісті қорытынды жасай алған жоқ. Содан соң оны
Мҽскеуге қайтару керек деп шешілді.
– Қазақстанда жҥрген кезінде Колбиннің жҧмысы Саяси Бюрода
қаралған екен ғой? Алғаш рет естіп отырмын. Айтқандай, ол бізге келген
бетте (мен Орталық Комитетте жҧмыс істейтінмін): “Мен Грузияда
грузинше ҥйренгенмін. Бір жылда қазақ тілін де ҥйренемін”, деп сҿйлеген.
Шынында грузинше біліп алған ба еді?
– Олай деуге болмайды. Ауызекі сҿзді аздап тҥсінетін бірақ. Ал
қазақшаны қаншалықты ҥйренгенін мен білмеймін.
– Оны біз білеміз.
– Басқа халықтың тілін, ҽсіресе ҿзге тілдік топтағы халықтың тілін
ҥйренуге жылдар керек. Ал мінез-қҧлықты меңгеру, халықтың жанын
тҥсіну одан да қиын. Бҧл дегеніңіз тҧтас тҧрған ҿзінше ғылым. Жалпы,
Колбинмен жасалған сол эксперимент ҿте сҽтсіз болды. Қазақстан
басшылығын олай ауыстыру студенттердің жаппай наразылығын
туғызғанын, кҿтеріліс милицияның, ҽскердің кҥшімен басылғанын, қан
тҿгілгенін бҥкіл ҽлем біледі. Алайда, тҽртіпсіздіктердің бҽріне ҧлтшылдар
мен экстремистер кінҽлі деген қорытынды ғана жасалды. Кім біледі,
Алматыдағы оқиғадан тиісті тағылым алғанымызда Сумгаиттағы,
Тбилисидегі, кейінірек Балтық бойындағы сҧмдықтар орын алмауы да
120
мҥмкін бе еді. Балтық бойындағы оқиғадан кейін мен АҚШ елшісіне:
“Басқарудың диктаторлық тҽсілдері қайта оралса, мен отставкаға кетемін.
Қолы қанға батқан ҥкіметтің мҥшесі болып қала алмаймын”, дегенмін. Ол
кезде КСРО Сыртқы істер министрі қызметінде екенімді ҿзіңіз білетін
шығарсыз.
– Білгенде қандай. Біз сіздің сол қызметтегі ҽр қадамыңызға қызыға
қарап отыратынбыз. Одақ министрі лауазымының қай-қайсысы да ерекше
қҧрметті. Сыртқы істер министрінің жҿні бҿлек. Оның ҥстіне тарихтың
сондай бетбҧрысты кезеңінде тіпті бҿлек. “Қырғи-қабақ соғыстың”
бҽсеңдеуі, стратегиялық қару-жарақтың қысқартылуы, екі Германияның
бірігуі, Ауғанстаннан совет ҽскерлерінің ҽкетілуі сияқты аса ірі
қадамдардың бҽрі сіз министр болған тҧста атқарылды. Сізді бҧл қызметке
Горбачев шақырды. Таңдау неге сізге тҥсті деп ойлайсыз?
– Михаил Горбачевті мен аса кҿрнекті тҧлға, жаңа тҧрпаттағы
саясаткер деп санаймын. Ол уақыттың ҥнін дҽл ести білді. Кеңес
Одағының ҿмір сҥрген жылдарында коммунистік идеологияны ревизиялау
тҧңғыш рет Горбачевтің тҧсында басталды. Андропов қайтыс боларының
алдында Бас хатшы қызметінде ҿзін Михаил Горбачев алмастырғанын
қалайтынын айтқан. Алайда, Саяси Бюродағы жасы келген партиялық
элита Черненконы жақтап шықты. Горбачев билік басына келгеннен кейін
ішкі жҽне сыртқы саясатта тҥбірлі ҿзгерістерді қолға алуға тырысты. Ал
оның мені таңдағанына байланысты не дей аламын? Біз кҿптеген жылдар
бойы араласып тҧрдық. Грузияға жыл сайын келетін. Республикадағы
жаңалықтарды, эксперименттерді, ҽсіресе ауыл шаруашылығына нарықтық
экономиканың кейбір тетіктерін енгізу талабымызды қолдайтын. Ол кезде
бізде халық дҽулетті тҧратын.
Михаил Сергеевичтің ҿзі де, Раиса Максимовна да грузин ҿнерін,
ҽсіресе грузин киносын ҿте жақсы білетін. “Тҽубеге тҥсу” фильмін экранға
шығаруға бізге Горбачев кҿмектескен. Сыртқы істер министрі қызметіне
адам таңдағанда Горбачев ол жерге маман дипломаттан гҿрі ҿзінің ойымен
ортақтасатын, дҥниедегі қҧбылыстарға жаңаша қарай алатын, ҿзімен
ҽріптес болатын адам іздеді деп санаймын. Менің Сыртқы істер министрі
қызметіндегі белсене араласқан мҽселелерімнің ең негізгілерін ҿзіңіз де
айтып отырсыз.
121
– Дегенмен, сол мҽселелердің қалай шешім тапқанын ҿз аузыңыздан
да естігіміз келеді.
– Екі мҽселені айтайын. Біреуі – Ауғанстан, екіншісі – Германия
мҽселесі болсын. Мҧның екеуі де мені саясаткер ретінде зор қанағат
сезіміне бҿлейді. Кеңес ҽскерлерін Ауғанстаннан алып шығу жҿніндегі
кесімді сҿзді мен айттым дей аламын. Ҽрине, мемлекет басшысымен
келіспейінше министрдің бірде-бір мҽселені ҿз бетінше шешпейтіні белгілі,
бҧл арада мен осы мҽселелер бойынша менің ҧстанымым басшылыққа
алынғанын айтып отырмын. СОКП-нің ХХVІІ съезі қарсаңында мен
Горбачевке есепті баяндамада Ауғанстаннан ҽскерді алып шығу жҿнінде
міндетті тҥрде айтылуы керек деп ҧсыныс жасадым. Михаил Сергеевич
келісті. Есепті баяндаманың соңғы нҧсқасы съезге бір кҥн қалғанда Саяси
Бюро мҥшелеріне таратылып берілетін. Баяндаманы бізге кештетіп, тҥнге
қарай берді. Қарасам – Ауғанстан мҽселесі жоқ. Содан тҥн ортасында
Горбачевтің ҥйіне телефон соқтым. “Бҽлкім, біраз уақыт тоса тҧрармыз?”,
деді Бас хатшы. Мен онда бҧл мҽселені съезде ҿзімнің сҿйлейтін сҿзімде
кҿтеретінімді, халықтың мені қолдап кететінін, ал Михаил Сергеевичтің
ыңғайсыз жағдайда қалатынын айттым. “Жарайды. Ертең бҧл пунктті
қосамын”, деді ол. Таңертең съезге жиналып жатқанымда ҿзі телефон
соқты. “Сенің тапсырмаңды орындадым”, деді. Дауысында маған сену де,
келісімге келу де бар, аздап кекесін де жоқ емес.
Министр кезімде Ауғанстанға кемінде он рет барған шығармын.
Офицерлер жасағының алдында біздің ҽскерлерді елден алып шығу
жҿнінде алдын ала келісім жасалғанын хабарлағанымды ешқашан ҧмыта
алмаймын. Шынымды айтсам, жҧрт қол соғып жібереді деп ойлағанмын.
Жоқ, зал тым-тырыс. Генералдар тіпті тҥнеріп алыпты. Бҧл не сонда?
Жеңілген армия кҥйінде елге қалай қайтамыз деп уайымдағандары ма?
Елге барған соң қайда тҧрамыз, кім бізге пҽтер береді деген сияқты
мҽселелерді ойлап қиналғандары ма? Ол жағы да бар. Негізгісі осы жағы да
шығар. Сонымен бірге, кейін білсем, басқа жағы да бар екен.
Генералитеттің бір бҿлігі Ауғандағы соғыстың аяқталғанын қаламайды
екен! Ауғандағы соғыс олар ҥшін байлыққа белшесінен батудың кҿзіне
айналған екен! Мҽскеуге қайтып келе салысымен мҽселені Саяси Бюро
отырысының кҥн тҽртібіне енгізіп, Ауғанстаннан ҽскерді алып шықпасақ
мыңдаған аналардың кҿз жасына қалып, бҥкіл ҽлем алдында онсыз да
азайған абыройдан біржола айырылатынымызды айттым. 1989 жылдың 15
ақпанында, Женевада жасалған келісімге сҽйкес, Ауғанстаннан кеңес
ҽскерлерін алып кету толық аяқталды.
Енді Германияның бірігуіне келейін. Қазір екі Германияның
біріккенін
бҥкіл Еуропа қалағандай айтылады, мҧның ҿзін Батыстың анық жеңісіндей
етіп кҿрсетеді. Шынтуайтында, тым олай емес еді. Мысалы, Англия екі
Германияның қосылуынан кҽдімгідей қауіптенді. Франция да оны қолдай
қойған жоқ. Тэтчерге де, Миттеранға да Еуропаның дҽл ортасында
іріленген, кҥшейген неміс мемлекетінің пайда болуының қажеті жоқ ты. Біз
122
оларға Еуропадағы тыныштық пен тҧрақтылық ҥшін екіге бҿлінген
Германия емес, біріккен Германия кҿбірек керек екендігін тҥсіндіруге
тырыстық. Шығыс Германияда орналастырылған жарты миллиондық
ҽскерімізді ҧстап тҧру біздің бюджетке де ҿте ауыр соқты. Біз “ҥлкен
тҿрттіктің” (АҚШ, КСРО, Ҧлыбритания, Франция), екі Германияның
қатысуымен, яғни “4+2” формуласымен келіссҿздер бастауды ҧсындық.
Немістер “2+4” формуласын ҧсынды. Яғни, алдыңғы қатарға екі
Германияның делегациялары шығарылуы керек деген талап қойды. Ақыры
біз бҧл ҧсыныспен келістік. Мҽселенің ҿзі сҽтімен шешілгенімен,
Германиядағы кеңес ҽскерлерін елімізде орналастыру ісінде кҿп қиындық
туды. Біз ҽскерді алып шығу, оларды орналастыру шығындарына 20
миллиард батыс германиялық марка ҿтем талап еткен едік. Немістер оның
15 миллиардын ҿтем орнына, қалған 5 миллиардты несие тҥрінде берді.
Ҿкінішке орай, осы іс кейін ҽбден бытысты. Сол ақшаның қайда, қалай
жҧмсалғаны ақыры анықталмай-ақ қойды. Біз ҽскерді ҽкеткеніміз ҥшін
тҿлем алмағанбыз деуден жҥзі жанбайтындар да табылады бҥгінде. Бҧл –
ҿтірік сҿз. Ол ақшаның бҽрінің тиісті қҧжаттары бар. Германиядан кетіп,
ондағы пҽтерінен айырылған, мҧнда келіп баспанасыз кҥйде жылдар бойы
жҥрген мыңдаған офицерлердің маған жылдар бойы ызалы болғанын
ҽбден-ақ тҥсінемін. Ҽйтеуір, ең бастысы – тҥптің тҥбінде Германияның
бірігуі деген мҽселе шешілді.
– “Германияны бір грузин бҿліп берді, екінші грузин біріктіріп
берді” деген сҿз бар ғой.
– Бҧл ҿзі екі журналистің бірі айтатын сҿз болып барады. Қазір
мақтау тҧрғысында айтылатынына да шҥкір. Ал кезінде Ресей
ҽскерилерінің талайының мен дегенде атарға оғы болмайтын. Олар Сыртқы
істер министрі отанымыздың мҥддесін сатып жатыр деуден де тайынбады.
Бҧлай айтқанда мына грузин орыстарды жеңіліске ҧшыратуда деген
сыңайда астарлап сҿйлейтіндері аңғарылып тҧратын. Жаңағылар отан
мҥддесі сатылды дегенде біздің Германия Федеративті Республикасынан
ҽуелде бес миллиард батысгерманиялық марка несие алғанымызды да
айтады. Ол тҧста Кеңес Одағында аз ғана жалақының ҿзін беретін ақша
қалмаған еді. Горбачев пен Шеварднадзе келісім білдірмесе екі Германия
қосылмай қала беретіндей сҿйлеу де аңғырттықтың дҽл ҿзі. Олар онсыз да
қосылар еді. Тек кейінірек қосылар еді. Бҽлкім, бҧл ҥдеріс қиын
жағдайларға, тіпті қантҿгіске ҧрындырып барып бітер еді. Біздің сыртқы
саясаттағы табысымыз – ҥдерістің алдын алғанымыз, тҥйінді проблеманы
шешудің негізгі қозғаушы кҥшіне айналғанымыз.
Осы екі ерекше маңызды мҽселені дер кезінде қозғағаным, жеріне
жеткізудің жолдарын кҿрсеткенім ҥшін ҿзімді саясаткер ретінде де, адам
ретінде де бақытты сезінемін.
– Сондай жағдайда жҥргеніңізде, жаңаша ойлау саясатының нақты
нҽтижелеріне қол жеткізген адамның биігінде тҧрғаныңызда сіз аяқ
астынан отставкаға кеттіңіз. “Диктатура қаупі тҿніп келе жатыр” деп
123
ескертіп кеттіңіз. Горбачевпен араларыңыздың ашылуын қалай тҥсіндірер
едіңіз?
– Бҧл жайында талай айтқанмын. Қайта қҧру, жариялылық, ашықтық
саясатының ең ҥлкен нҽтижесі 1989 жылдың 2-3 желтоқсан кҥндерінде
Мальтада Буш пен Горбачевтің кездесуі болды. Сол кездесуде екі мемлекет
басшысы АҚШ пен Кеңес Одағы ендігі жерде бір-бірін антагонистік
мемлекеттер санамайды, екі елдің бір-бірін дҧшпан тҧту дҽуірі аяқталды
деп бҥкіл ҽлемге мҽлімдеме жасады. Бҧл екі жақтың да жеңісі, ең бастысы
– кҿкейге қонымды саясаттың жеңісі болатын. Ҿкінішке орай, тамаша
аяқталған сол кездесу барысында Горбачевпен арамыздағы алғашқы
салқындық та бой кҿрсетті. Ол былай болды. Буш пен Горбачев келіссҿз
кезінде бір мҽселе бойынша ортақ пікірге тоқтай алмай қойды. Бір кезде
Буш: “Бҧл ақпарат Шеварднадзеден шыққан”, деп қалды. Горбачев маған
жалт қарады. Ол аз болғандай Буш: “Біз Шеварднадзеге сенеміз”, деп
қосып қойды. Горбачевтің тҥрі ҿзгеріп кетті. Сол сҽтте оның маған
кҿзқарасы да ҿзгергенін сезіндім. Бара-бара арамыз суыса бастады. Тегі,
ҽлемде менің беделімнің биіктей бастағаны оның тынышын алса керек. Кей
мҽселелерді ҿзім шеше алатын болғаным, ҽлемнің ірі саяси тҧлғаларымен
ҿзара сенімге қҧрылған қарым-қатынас қалыптастырғаным да Бас хатшыға
ҧнаған жоқ. Бірте-бірте менімен араласуды да азайтты. Уақыт ҿте келе
Горбачев ҿзі бастаған іске де, сол істі ҿзінің бірге бастаған ҽріптестеріне де
кҿзқарасын ҿзгертті. Осыны байқаған кҿптеген депутаттар мҥмкін болған
жердің бҽрінде, баспасҿзде, телевизияда Сыртқы істер министрін оңды-
солды сынауды ҽдетке айналдырып алды. Ал Қорғаныс министрлігінің
партия ҧйымы Горбачевке мені “мемлекетке сатқындық” бабы бойынша
қылмыстық жауапкершілікке тарту жҿнінде екі рет ҧсыныс жасады.
Горбачев сондай жағдайда да ҿзінің министрін бір ауыз сҿзбен қорғаған
жоқ. Оны тамыз бҥлігіне ҽкеліп соқтырған осы қҧбылмалы саясаты деп
білемін.
– Эдуард Амвросиевич, одақтық министр кезіңізде де, Грузия
Президенті кезіңізде де сіз ҽлемнің тҧтқасын ҧстаған талай тҧлғамен
араластыңыз. Солардың арасынан қандай кездесулер ерекше есіңізде
қалды?
– Ондай кездесулер кҿп. Иранға, Аятолла Хомейниге барғанымды
айтайын. Мен аятоллаға Горбачевтің хатын апарған едім. Хомейнидің
ҥйіне мешітке кіргендей аяқ киімді шешіп кіреді екен. Қыс кезі. Қар
тҥскенде Иранда кҽдімгідей суық болады. Аяғым тоңа бастады. Оның
ҥстіне аятолла да кешікті. Сҿйтсем, кейін білдім, аятолла барлық
кездесулерге осылай, кешігіп келеді екен. Науқастанып жҥргендіктен
аятолла мені қабылдауға 15-20 минҿт қана бҿле алатыны ескертілді. Мен
сол уақыт ішінде ҿз елімнің президенті жазған хаттың мазмҧнын
сығымдап айтып шығуға тырыстым. Хомейни сҿзімді тыңдап болды да,
ҿзінің Горбачев жауабына кҿңілі толмағанын айтты. “Мен оған адамның
мына жалған ҿмірдегі тіршілігінің мҽні жҿнінде емес, кҿк жҥзіндегі
тіршілігінің мҽні туралы хат жазған едім. Мені жер бетінде не болып, не
124
қойып жатқаны қызықтырмайды. Мен кҿк жҥзіне кҿз тігемін, алайда ҿзімді
толғандырар сҧрақтарға ҽлі жауап тапқан жоқпын. Ал екі елдің қарым-
қатынастарын қалпына келтіру жайын айтсақ, мен бҧл ҧсыныстарды
қолдауға дайынмын”, деді де, орнынан тҧрып, менімен қоштасып,
бҿлмеден шығып кетті. Шынымды айтсам, тҥкке тҥсінген жоқпын. Кҿңіл-
кҥйім ҽбден бҧзылды. Ертеңге белгіленген басқа кездесулерден де, сол
кҥнгі кешкі қонақасыдан да бас тартқым келді. Ал ирандық ҽріптестерім
кездесу тамаша ҿтті деп жатыр… Кешке теледидарды қостық. Аудармашы
диктордың “Бҥгінгі кездесу Иран мен Кеңес Одағының қарым-
қатынастарында жаңа дҽуірді бастап береді” деген сҿздерін жеткізді.
Ертеңінде Сыртқы істер министрі Али Акбар Велаяти имам кездесуге ҿте
риза дегенді тағы қуаттады. “Имам бірер ауыз ғана сҿз айтты ғой. Маған
ҽңгімеміз онша сҽтті болмаған сияқты кҿрінді”, дедім мен. “Байқамаған
екенсіз, ол кісі сіз сҿйлегенде ҥш рет басын изеді. Мҧның мҽнін білесіз бе?
Бҧл аса ҥлкен ілтипат пен қҧрметтің белгісі болып табылады”, деді
Велаяти. Кейін Рафсанджани Тбилисиге келгенде маған: “Хомейни
қабылдаған жалғыз шетелдік адам сіз болдыңыз”, дегенді айтты.
Фидель Кастромен қатарынан бірнеше кҥн кездескенімде мен оның
кез келген тақырыпқа сағаттап сҿйлей алатынына кҿз жеткіздім. Ҿте терең
ойлы адам, ҽдебиетті тамаша біледі, Эрнест Хемингуэйдің досы болған
кісі. Ал Маргарет Тэтчер мені британ парламентіндегі қауымдар
палатасында депутаттардың сҧрақтарына жауап беруімен таңқалдырды.
Сонда Тэтчер қырық минуттің ішінде 25 сҧраққа жауап берді. Ҽр сҧраққа –
бір минуттен! Кез келген кҥрделі мҽселенің тҥйінін екі ауыз сҿзге
сыйғызып жібереді екен. Бізде кҿпсҿзділік басым. Горбачев пен Рейган
Рейкьявикте кездескеннен кейін Рейганның мҽшинеге отырардың алдында
Горбачевке: “Сіз менің сҿйлеуіме мҥмкіндік бермедіңіз, сондықтан да біз
ештеңеге келісе алмай кетіп барамыз”, дегені еске тҥседі…
– Эдуард Амвросиевич! Маған ҽңгіменің уақыты бір сағаттан
аспағаны жҿн болатынын ескерткен. Ҽйтсе де, мен сізден сҧхбаттың
уақытын тағы біразға созуға келісім сҧраймын. Сіз бҧған дейін ҿміріңіздің
екі белесін ҽңгіме еттіңіз. Ең кҥрделі белеске енді келіп отырмыз. Грузия
тҽуелсіздікке қол жеткізіп, ҿкімет билігіне Звиад Гамсахурдиа келген кезде
елде азамат соғысы басталды. Грузиннің елім деген, жерім деген
маңдайалды перзенттері сол тҧста Мҽскеуге арнайы барып, сізді елге
қайтуға шақырғанын жақсы білеміз. Ол жайында сіз бҧрын шыққан “Мой
выбор” атты кітабыңызда да жазғансыз.
– Бҧл – ҽңгімелеуге қиын тақырып. Ғасырлар бойы жоғалтып алған
тҽуелсіздікке қол жеткізген тҧста менің халқым аса ауыр драманы бастан
кешті. Біздің классик жазушымыз Константин Гамсахурдианың ҧлы,
танымал қҧқық қорғаушы, диссидент, ҧлттық қозғалыстың сыйлы кҿсемі
Звиад Гамсахурдианың ҿз отанының нағыз патриоты, аса кҿрнекті ғалым,
аса білімді адам болғаны ешқандай талас тудырмайды. Бірақ мемлекет
басшысы болудың қиындығы сонда, бҧл қызметті атқару ҥшін жаңағы
қасиеттердің бҽрі қосылып келгенде де аздық етеді!
125
– Бір грек философының айтқаны бар ғой: “Мемлекет басқару ҿнері –
ҿнер атаулының ең биігі” деп.
– Осы ҿнер Гамсахурдианың бойынан табылмады. Оның ҥстіне
ҿзінің жеке басының мінез-қҧлқындағы кейбір сипаттар, диссиденттің
қиын ҿмірі, айналасына жинаған адамдарының кҥмҽнді келбеті ақыр
аяғында ҿзінің ҿмірін де, біздің еліміздің ҿмірін де трагедияға ҧрындырып
тынды. Гамсахурдиа феномені ҽлі де талданып, тҥсіндірілген жоқ. Звиад
кҿпшілік психологиясын, бҧқаралық сананың адам тҥсініп болмайтын
қырлары мен сырларын ҿте шеберлікпен пайдалана білді. Аз уақыттың
аясында звиадизм діни сипатқа дейін ие болып, діни сектанттықтың ҿзінше
бір тҥріне айналып кетті. Грузияның біз ҽлі кҥнге жаза алмай келе жатқан
талай жарасы Звиад Гамсахурдианың тҽуелсіз-діктің бас кезінде жария
еткен “Грузия грузиндер ҥшін” деген ҧранынан басталды. Грузия ғасырлар
бойы грузиндер, осетиндер, абхаздар, аджарлар, ҽзірбайжандар, армяндар
қатар ҿмір сҥріп келген ел болатын. Біздің елімізде тҽуелсіздік
жылдарындағы алғашқы қан Тбилисидің Кино ҥйінде тҿгілді, сонда
жиналған оппозициялық манифестацияны арнаулы тапсырма орындайтын
милиция ҽскерлері атқылады, бҧл жолы грузиндерді грузиндер атты,
президенттің (кешегі диссиденттің) бҧйрығы бойынша атты. Тбилисиде екі
аптаға созылған азамат соғысы кезінде жҥздеген адамдар қаза тапты,
жараланды, бҧл сҧмдық ақыры президенттің Грузиядан қашып кетуімен
аяқталды. Ол шетелге жетіп алып, ҿз жақтастарын кҿтеріліске ҥндеп
жатты. Мҧндай жағдайда мен қалайша Мҽскеудегі жайлы пҽтерімде
тыныш отыра аламын, қалай алаңсыз ҧйықтай аламын?!
Мен Грузияға қайтып оралу жҿніндегі ойымды бірнеше кҿрнекті
тҧлғалармен бҿлістім. Сол кҥндерде Джеймс Бейкермен, Генри
Киссинджермен, Жак Ширакпен, басқа да адамдармен, Демократиялық
реформалар қозғалысындағы ҽріптестеріммен сҿйлестім. Ақыры қалайда
елге оралуым керек деп шештім. Ҽрине, менің тыныш Батыстағы тыныш
бір жерге барып алуыма толық мҥмкіндігім болды. Мені, мысалы,
Германияға кҿшуге шақырған. Немістердің маған қалай қарайтынын
шамалайсыз ғой. Ҿміріме қажетті қаражатты жҧртшылық алдында сҿйлеп-
ақ, кітаптарымды жазып-ақ таба аларымды білемін. Бірақ, егер олай етсем,
ҿмір сҥрмеген, тек кҥнін кҿрген адам болар едім. Азамат соғысының отына
оранып, аштыққа ҧшыраған, нанның ҧзыннан ҧзақ кезегінде тҧрып, қарулы
қарақшылардың қарауына іліккен туған елімді қиын сҽтте тастап кете
алмайтыным анық еді. Ел басқарған жылдарымды ҽңгімелеп жатқым
келмейді. Ҿзіме ҿзім баға бермеймін. Бҧл арада айтарым тек мынау: менің
отаныма оралу жҿніндегі шешімім дҧрыс болды деп санаймын. 1992 жылы
Грузия толық мағынасында саяси оқшаулануға тҥскен еді. Экономика
толықтай қирап, азамат соғысы жҥріп жатты, ел тоналып жатты, зорлық-
зомбылық етек алған еді. Мен ҿз елімді ең қиын жағдайдан алып шығуға
кҿмектестім, қираудан, тараудан, аштықтан қҧтқаруға кҿмектестім. Қалай
бағалағанда да, мен ҿзімнің перзенттік парызымды орындадым. Жерімнің
бірлігі ҥшін, елімнің тірлігі ҥшін ештеңеден тайынған жоқпын. Маған ҥш
126
рет қастандық жасалды. Алғашқысы 1992 жылғы қазанда Абхазиядағы
жарияланбаған соғыс кезінде жасалды. Екіншісі 1995 жылы жаңа
Конституцияға қол қою рҽсімінің дҽл алдында жасалды. Мен жанынан ҿте
шыққан “Нива” мҽшинесі жарылып кеткен болатын. Ҥшіншісі 1998 жылы
Баку – Тбилиси – Жейхан мҧнай қҧбырын іске қосу жҿнінде соңғы шешім
қабылданардың алдында жасалды. Сол жолы менің ҿмірімді тек
брондалған “Мерседес” қана қҧтқарып қалды. Президент мҽшинесінің
сауытты қаптамасы тіке атылған ҥш зымыран оғына тҿтеп берді. Мен ҿзіме
жасалған ҥш қастандықтың ҥшеуін де нақты бір адамға емес, мемлекеттің
ҿзіне қастандық деп айтқанмын. Қазір де сол пікірдемін.
– Жалпы, елді қайтадан басқарған жылдарыңыздан ҿкінішпен еске
алатын жайларыңыз бар ма?
– Тҽуелсіздіктің бастапқы белесінде кез келген кемшіліктің ҿзі
қателікке ҧрындыратынын кҿріп отырмыз. Мысалы, 2003 жылғы
дағдарыстың басты себебі – сайлаушылар тізімдерінің дҧрыс
жасалмағандығы. Талайлар ҿздерінің аты-жҿнін дауыс берушілердің
арасынан таба алмаған. Тізімді солай жасаған адамдар нені мақсат еткен?
Кімдер солай жасаған? Меніңше, осылай былықтыруға мҥдделі кҥштер
болған, олар мҧның аяғы кҥшті наразылыққа ҧласатынын алдын-ала білген.
Оның ҥстіне Батыс Грузияда, нақты айтқанда – Аджарияда сайлаудың
жаппай бҧрмалаушылықпен ҿткені жҿнінде хабар келіп тҥсті, мҧны
шетелдік байқаушылар барынша теріс бағалады. Ахуал кҿз алдымызда
қолдан шығып бара жатты. 10 қараша кҥні Аджария астанасының
кҿшелерінде қарулы қақтығыстар басталды. Сол кҥні-ақ Батумиге жеттім.
Аджария автономиялық республикасы ҥкіметінің басшысы Аслан
Абашидземен ҽңгіме барысында шетелдік кҥштердің сепаратистік
қозғалыстарды ҥдетіп, бҧл ҿңірді Грузиядан бҿліп алып кетуге шындап
кіріскеніне анық кҿзім жетті. Абашидзе менен Аджариядағы сайлау
қорытындысын заңды деп тануды талап етті, ондай жағдайда оның
партиясы Грузия парламентіндегі ҿкілеттігін нығайта тҥсетін еді. Ҿйтпеген
кҥнде Аджария Грузияның юрисдикциясынан шығады деген талап та
қойылды. Грузияны бҿлшектеуге ешқандай жағдайда да жол беруге
болмайтын еді. 22 қараша кҥні, жаңадан сайланған парламент жҧмысқа
кіріскелі жатқанда, мен ҿз сҿзімді бастай бергенде залға қару асынған
кісілердің кіріп келгенін, мҧның аяғы немен біткенін ҿзіңіз жақсы білесіз.
1992 жылы Грузияға оралғанымда мен ҿзімнің алдыма нақты екі
мақсат қойған едім. Оның біріншісі – нарықтық шаруашылықтың негізін
қалау, екіншісі – демократиялық тетіктердің қалыпты жҧмыс істеуін
қамтамасыз ету. Ҥкіметтің легитимді болуы, демократиялық сайлаулар
ҿткізу, сҿз бостандығына қол жеткізу, азаматтық қоғамның қалыптасуына
жағдай жасау сияқты маңызды міндеттерді шешу ҥшін біз тҽуелсіз елде,
демократиялық ортада ҿмір сҥруді ҥйренуге тиісті едік. Біз оған біршама
қол жеткіздік. Ҥкіметтік емес ҧйымдардың саны бойынша Грузия кеңестен
кейінгі кеңістіктегі елдердің алдына шықты. Сонымен бірге, Грузиядағы
демократияландыру ҥдерісі елдің тҧрақты дамуын қамтамасыз ететін
127
мемлекеттік қҧрылымдар мен институттар пайда болмайынша толық
аяқтала алмайтын. Сҿйтіп, бізде мықты азаматтық қоғамы бар ҽлсіз
мемлекет қҧрылды. Ҿкінішке орай, менің қоғамды ырықтандыруға
бағытталған саясатым оншалықты дҽл ҥйлестірілген болып шықпады,
соның салдарынан мемлекеттік қҧрылымдардың негізін реформалау ҥшін
берік іргетас қаланбады.
Мен “Ҧрпақтарға хат” жазып қалдырдым. Оны жарияладым.
Хатымда туғанда бойыма біткен қабілеттердің арқасында мен уақыт пен
жағдаят мҥмкіндік берген нҽрселерге қол жеткізгенімді айттым, ҧрпақтарға
бҧдан ҥлкен мақсаттарға қол жеткізуді, дҥниеге, адамзатқа пайда келтіруді
тіледім.
– Уақыт пен жағдаят мҥмкіндік берген нҽрселер дегенде сіз нені
айтасыз?
– Бҽрінен бҧрын Грузияға сыртқы кҥштердің ықпалы ҿте кҿп
болғанын айтамын. Алдыңғы жылғы соғысқа екі жақ та кінҽлі деп білемін.
Грузиндердің кінҽсі – Цхинвалиде орыс ҽскерлері тҧрғанын, олардың
ҽлеуетін ескермей ҧрыс қимылдарын бастағандығы. Орыстардың кінҽсі –
грузиндерді сол соғысқа арандатқандығы. Тек Саркози-Медведев
жоспарын жҥзеге асырудың арқасында ғана біз ҿз территориямыздың
негізгі бҿлігін орыстардан азат ете алдық.
Ресей қоғамының белгілі бір бҿлігінде “кавказ ҧлты ҿкілдеріне”, со-
ның ішінде грузиндерге ҿзгеше кҿзқарас қалыптасқаны ешқандай жасырын
сыр емес. Абхазия мен Оңтҥстік Осетиядағы сепаратистік кҥштерді
желіктірген ресейлік қару-жарақ екендігі де қҧпияға жатпайды.
Империяның қҧлауы империялық кҿңіл-кҥйдің қҧлауына ҧласқан жоқ.
Мҧның ҿзі бҧрынғы Кеңес Одағының тҽуелсіз мемлекеттер қҧрып жатқан
халықтарына, соның ішінде алдымен Грузия сияқты елдерге ҿте теріс ҽсер
етті. Грузиядағы ішкі қақтығыстардың бастау кҿзін Кавказды
геостратегиялық бақылауға алуды мақсат етіп қойған империяшыл
кҥштердің саясатынан іздеу керек.
Мҧндай кҥштер Борис Ельцин билік қҧрған тҧста ҿте ықпалды
болды. Грузин-абхаз қақтығысы басталғанда Қазақстан Президенті
Назарбаев, басқа да достас президенттерім маған ТМД-ға кіруді ҧсынды,
олар осылай еткенде сол қақтығысты реттеу ісінде Ельцинге ықпал ету
жеңіл болады деп санады. Алайда біздегі кейбір саяси кҥштер бҧл идеяны
қинала қабылдады. Ресейдің Грузияға қатысты саясаты тек Путиннің
тҧсында ғана біршама тҥзелді. Жалпы, бҧл орайда сіздердің елдеріңіздің,
Назарбаевтың сыртқы саясаты да, ішкі саясаты да айрықша икемділік
кҿрсеткенін айту керек. Сіздер сын сағатта сыр берген жоқсыздар.
Алыспен де, жақынмен де тіл табысатын кҿп векторлы саясат жҥргізу
Нҧрсҧлтан Назарбаевты ҽлем алдында биік беделге бҿлеп отыр.
Назарбаев Қонаевтың тҧсында Совмин тҿрағасы болды. Ол кезде біз
жақын араласа алған жоқпыз. Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы республика
басшылығына келген кезде мен бҧл адамның ҿте жауапты, терең білімді
адам екендігіне кҿз жеткіздім. Оның кейбір шешімдері шын мҽнінде
128
таңдандырады да қайран қалдырады. Астананы қандай мақсатпен
ауыстырғанын ежіктеп жатқым келмейді, бірақ мҧның нағыз данышпандық
шешім болғанын айтпай тҧра алмаймын.
Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлы туралы ҽңгімелеу мені қуанышқа бҿлейді. Сіздің
келуіңізге орай мына екі парақ қағазды дайындап қойған едім. Биыл
Назарбаевтың 70 жасқа толатынын білемін. Соған орай ҿз тілегімді қағазға
тҥсіріп беруді жҿн деп таптым. Осыны Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлына менен сҽлем
айтып, жеткізуіңізді сҧраймын.
Эдуард Амвросиевич осылай деді де ҿзі айтқан мҽтінге кҿзімше қол
қойып, маған табыс етті. Ондағы сҿздерді Елбасына газет арқылы
жеткізген артық болмайды деп ойлаймын.
Ҿзімнің досым, кҿрнекті саясаткер, Қазақстан Президенті Нҧрсҧлтан
Ҽбішҧлы Назарбаевты даңқты мҥшелтойымен қҧттықтаймын!
Біз Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлымен планетамыздағы ҽлемде жиырма бірінші
ғасырдың межесінде тҥбірлі ҿзгерістердің, мен айтар едім, тектоникалық
ығыспалардың куҽгері болу маңдайына жазылған ҧрпақтардың қатарына
қосыламыз. Бостандықпен бірге біздің қолымызға оның салдарлары да
тиді. Кҿптеген жерлерде кейде сырттан жағылған қақтығыс ошақтарының
оты пайда болды. Бҥкіл ҽлемге қатер тҿндіріп тҧрған агрессияшыл
сепаратизм адамдарға, соның ішінде менің халқыма да сан жеткісіз
ауыртпалық алып келді. Ҽділеттілік пен Грузияның территориялық
тҧтастығын қалпына келтіру жолындағы бейбіт жҽне саяси қҧралдармен
жҥргізіп жатқан кҥресімізде біз дҽйім достарымыз тарапынан қолдауды
сезінудеміз. Бҧл істе қҧрметті Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлының жеке басының рҿлін
айрықша атағым келеді, ҿйткені агрессияшыл сепаратизмді айыптайтын
бірлескен Декларация ТМД елдері басшыларының дҽл Алматы саммитінде
тҧңғыш рет қабылданған болатын.
Тегінде, ел басшылығының кҥш-жігерінің жҽне Президент
Назарбаевтың даналық бағытының арқасында жаңа ҽлеуметтік-
экономикалық жҥйеге кҿшу салыстырмалы тҥрде алғанда жайлап,
барынша аз шығынмен жҥзеге асырылғанын, Қазақстанның Грузиядан
айырмашылығының ҿзі осында екенін де айтқан жҿн болар.
1997 жылдың қарашасында маған Абай атындағы Алматы
мемлекеттік университетінің қҧрметті докторы дҽрежесін беру рҽсімінде
сҿйлеген сҿзімде мен Нҧрсҧлтан Ҽбішҧлының ҽлемге танымал саясаткер
мен ғалым ретінде ғылымды, ҽсіресе оның іргелі салаларын дамытуға
қосқан ҥлесін атап кҿрсеткен едім.
Ҧлы ҿзгерістер дҽуірі мҽселесіне қайта орала отырып, мына жайды
да айтқым келеді. Ортақ дҥниетанымның қалыптасып жатқан кеңістігінде
ынтымақтастықтың жаңа тиімді пішіндері қажет етіліп отыр. Бҧл бағытта
ең қызғылықты идеялардың бірі Президент Назарбаевқа тиесілі екенін,
ҿйткені осыдан бірнеше жыл бҧрын Біртҧтас Еуразиялық кеңістік қҧру
бастамасын дҽл оның ҿзі кҿтергенін атап айту керек.
129
Ҿз басым бҧл идеяның жемістілігіне, оған қызығушылық уақыт ҿте
келе тіпті кезінде оны қабыл алмағандардың тарапынан да кҥшейе
тҥсетініне сенемін.
Біздің кҥш-жігеріміз бен ҿзара тҥсіністігіміздің арқасында
Еуразиялық дҽліз нақты шындыққа айналды – ол арқылы жҥктер, соның
ішінде Қазақстан мҧнайы да ағылып жатыр.
Тарихтың осынау аса жауапты белесінде Қазақстан кемесінің
штурвалында аса кҿрнекті саясаткер Нҧрсҧлтан Назарбаевтың тҧрғаны –
бҽріміздің бағымыз.
Эдуард Шеварднадзе.
– Қарсы болмасаңыз, бҧл жазғаныңызды біз газетке жариялайық.
Еліміз, Елбасымыз туралы сіздей жаһанға аты мҽлім саясаткердің аузымен
айтылған баға біз ҥшін қымбат.
– Қарсы емеспін. Оған қоса былай деп айтайын: Қазақстан – ҧлы
мемлекет, оны ҧлы адам басқарады.
– Тура осылай жазайық па?
– Тура осылай жазыңыз. Қазақстанды мен ҿте жақсы кҿремін, онда
талай рет болғанмын. Нҧрсҧлтан Назарбаевтың басшылығымен елдің
қандай ғажайып табыстарға қол жеткізгенін білемін. Сондай ерекше елге
мен жан-тҽніммен бар жақсылықты тілеймін.
– Эдуард Амвросиевич! Осынша уақыт бҿліп, осындай ҽңгіме
айтқаныңызға, біздің елімізге деген ілтипатыңызға кҿп рахмет. Ҧзақ
жасаңыз, еліңіздің кҿркейгеніне, кемелденгеніне куҽ болыңыз.
130
Достарыңызбен бөлісу: |