А. Х. Тажибаева Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. 87 б



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата15.03.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9359
  1   2   3   4   5   6

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 



 

 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

 

Азаматтық және қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасы 



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                



  

Тажибаева А.Х. 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ  

 

Оқу - әдістемелік құрал 



                     

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қостанай, 2016 



 

 



УДК 492 (079.8) 

ББК 67.405 я 73 

        Т 13 

 

Автор: 

Тажибаева Айжан Халилуллаевна, азаматтық және қылмыстық құқық және 

іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы 

 

Рецензенттер: 

Турлубеков Б.С. – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Тарих және құқық 

факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор. 

Сатбаева  К.К.  –  А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ  азаматтық  және 

қылмыстық  құқық  және  іс  жүргізу  кафедрасының  заң  ғылымдарының 

кандидаты, доцент. 

Нурушев  А.Ж.  –  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер  министрлігінің 

Шырақбек  Қабылбек  атындағы  Қостанай  академиясының  оқу  істері 

жөніндегі басшының орынбасары,  заң ғылымдарының кандидаты. 

 

Т 13   Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы. Оқу - әдістемелік құрал. 



А.Х.Тажибаева – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 87 б. 

 

ISBN 978-601- 7387-23-5 



 

Қазақстан Республикасының  Еңбек құқығы пәнінен оқу  - әдістемелік 

құрал  «ҚР  Еңбек  құқығы»  пәнінен  тәжірибелік  сабақтарын  жүргізу  үшін 

ұсынылатын оқу құралы болып табылады.  

Бұл  оқу  -  әдістемелік  құралының  мазмұнында  «Қазақстан 

Республикасының  Еңбек  құқығы»  курсы  бойынша  тәжірибелік  сабақтарды 

өткізуге арналған материалдар жинақталған.  

А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 

студенттері  мен  оқытушыларына  арналған  және  сонымен  қатар,  Қазақстан 

Республикасының  Еңбек  құқығын  өз  бетінше  меңгеру  барысында 

қолданылуы мүмкін.  

                                                                                        УДК 49.2 (075.8) 



                                                                                              ББК 67.405  я 73  

                                                                         Т 13 

 

А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің 



Ғылыми-әдістемелік  кеңесімен  01.06.2016  жылы  №  4  хаттамасымен 

бекітілген.  

 

 

                                                                                                                                                                               



 

ISBN 978-601- 7387-23-5       © Қостанай мемлекеттік университеті, 2016 



 

 



Мазмұны 

 

1 Кіріспе.............................................................................................................. 

    1.1 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері............................................. 

    1.2 Дәрістер курсының тақырыптары мен сұрақтары............................. 

2 Дәрістер курсы. Еңбек құқығы кесте түрінде.............................................. 

3 Тәжірибелік сабақ. Әдістемелік нұсқама..................................................... 

    3.1 Тақырып 1. Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі...................... 

    3.2 Тақырып 2. Еңбек құқығының қағидалары.......................................... 

    3.3 Тақырып 3. Еңбек құқығының субъектілері......................................... 

    3.4 Тақырып 4. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт........................... 

    3.5 Тақырып 5. Еңбек шарты........................................................................ 

    3.6 Тақырып 6. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты.............................. 

    3.7  Тақырып 7. Жалақы. Жұмыскерлерге кепілдіктер беру мен  

өтемақылар төлеу.............................................................................................. 

    3.8 Тақырып 8. Еңбекті қорғау..................................................................... 

    3.9 Тақырып 9. Еңбек даулары..................................................................... 

    3.10 Тақырып 10. Халықаралық еңбек құқығы. Жақын және алыс шел  

елдерде еңбекті құқықтық реттеу.................................................................... 

4 Тәжірибелік есептер шағару......................................................................... 

    4.1 Есептер шығару 1 –ден 10...................................................................... 

    4.2 Есептер шығару 11-ден 20...................................................................... 

    4.3 Есептер шығару 21-ден 30...................................................................... 

5 Іскерлік ойын. Әдістемелік нұсқама............................................................ 

    5.1 Іскерлік ойын № 1................................................................................... 

    5.2 Іскерлік ойын № 2................................................................................... 

    5.3 Іскерлік ойын № 3................................................................................... 

6 Бақылауды жүзеге асыру тәртібі.................................................................. 

    6.1 Білімдерін тесттік бақылау..................................................................... 

7 Емтихан сұрақтары......................................................................................... 

Қорытынды........................................................................................................ 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................... 



10 


49 

49 


50 

51 


52 

53 


54 

 

55 



56 

57 


 

58 


60 

60 


62 

65 


68 

68 


69 

70 


71 

71 


84 

86 


87 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1 Кіріспе 

 

Қазақстан  Республикасының  Еңбек  құқығы  –  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  стандартта  қарастырылған  «Юриспруденция»  мамандығы 

бойынша  жоғары  заң  білімін  алатын  оқу  орындары  мен  факультеттердің 

студенттеріне арналған  ең негізгі құқық салаларының бірі. 

   «Қазақстан  Республикасының  Еңбек  құқығы»  курсын  меңгерудің 

негізгі  мақсаты  -  ол  қоғамда  еңбектік  құқықтық  қатынастарды  реттейтін 

құқық  нормаларының  маңызын,  еңбек  құқығы  теориясын,  ҚР  Ееңбек 

кодексі мен еңбек құқығы нормаларын қолдану тәжірибесін студенттермен 

игеру болып табылады. 

Осы  курсты  меңгеру  міндеті  —  ол  студенттерді,  осы  саланың 

концептуалды  мәселелерімен  және  қажетті  құқық  бастамаларымен 

таныстыру,  сондай-ақ,  халықаралық  еңбек  стандартына  негізделген  заң 

актілерін,  халықаралық  шарттарын  және  конвенцияларды  игеру  болып 

табылады. 

«Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы» курсын оқу барысында 

студент  Қазақстан  Республикасының  еңбек  кодексінің  нормалар  жүйесін, 

оның  қағидаларын,  міндеттері  мен  құрылымы  жөнінде  хабардар  болуы; 

Қазақстандағы құқықтық қатынастардың тарихи және диалектикалық даму 

үрдісін,  сондай-ақ  оларды  болашақта  жетілдіру  жағдайларын  білуі;  еңбек 

шартын  жекелеген  санаттардағы  жұмыскерлермен  жасау  ерекшеліктерін 

білуі;  жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақытының,  жалақының  түрлері  мен 

жүйесін  белгілеу  тәртіптерін  білу;  еңбек  заңдарын  бұзған  лауазымды 

тұлғалар  мен  жұмыскерлерге  заңды жауапкершіліктердің  түрлерін  қолдана 

білуі;  болашақ  қызмет  аясында  еңбек  құқығы  теориясынан  алған  білімді 

және еңбек заңдарының нормаларын қолдана білуі; еңбек құқығын еңбекті 

қолдану  аясында  тараптардың  әлеуметтік  әріптестік  келісіміне  жетуіне 

ықпал  ететін  заң  құралы  ретінде  жариялау  іс-әрекеттерін  жүргізу,  еңбекке 

орналастыру,  қабылдау  және  еңбек  шартын  бұзу,  сондай-ақ  еңбектік 

құқықтық  қатынасты  жүзеге  асыру  барысында  еңбек  құқығын  қолдану 

аясында сауатты кеңес беруі тиіс. 

Бұл  оқу-әдістемелік  құралда  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

құқығы бойынша тәжірибелік және студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы 

сабақтарды өткізуге арналған материалдар жиналған. Оқу құралының басты 

мақсаты  студенттерге  курстың  маңызды  сұрақтарын  меңгеруге  көмектесу 

және  жинақта  келтіріліген  тәжірибелік  тапсырмаларды  орындау  арқылы 

азаматтық заңдар мен өзге де нормативтік материалдарды тәжірибе жүзінде 

дұрыс қолдануға студентті бейімдеп, үйрету болып табылады. 

 

 Тәжірибелік  сабақтарға  арқау  болатын  әрбір  тақырып  бойынша 



мақсатты  түрде  ұсынуды  қажет  ететін  шамамен  алынған  оның  жоспары 

берілген.  Оқу  әдістемелік  құралдағы  есептер  мазмұнында  берілген  даулы 

мәселенің  дұрыс  жауабын  табу  үшін  қажетті  барлық  деректер  осы 

есептердің шартына енгізілген.   



 

 



1.1 Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері 

 

Пәннің  мақсаты  -  қоғамдағы  еңбектік  құқықтық  қатынастарды 

реттейтін  құқық  нормаларының  маңызын,  еңбек  құқығы  теориясын,  еңбек 

туралы  зандары  мен  еңбек  құқығы  нормаларын  қолдану  тәжірибесін 

студенттермен игеру болып табылады. 

Міндеттері: 

          Пәннің  міндеті  –  студенттерді,  осы  саланың  концептуалды 

мәселелерімен  және  қажетті  құқық  бастамаларымен  таныстыру,  сондай-ақ, 

халықаралық  еңбек  стандартына  негізделген  заң  актілерін,  халықаралық 

шарттарын және конвенцияларды игеру болып табылады. 

   

Пәнді оқу барысында білім алушылар: 



-  оқу  процесінде  студенттер  жалпы  бөлімнің  теориялық  мәселелерін, 

ерекше бөлімнің негізгі құқықтық институттарын  бiлуi керек, 

-  тәжiрибелiк  қызмет  процесiнде  еңбек  құқық  нормаларын    игеруі 

керек,  


-  еңбек  қатынастарын  соттарда,  прокуратурада  және  өзге  де 

мемлекеттiк  органдарда  қолдану  тәжiрибесiнде,  Қазақстанның  құқық 

органдарында  алдағы  уақытта  дамуының  негiзгi  бағыттарын  және 

перспективасынмен танысу дағдысы болуы керек, 

-  болашақта  алған  білімдері  бойынша  құқық  қорғау  органдарында 

жұмыс істеуге құзыретті болуы керек. 

 

1.2 Дәрістер курсының тақырыптары мен сұрақтары 

 

1 Еңбек құқығының түсінігі және пәні, әдісі 



 

Еңбектік  қызмет  және  еңбектік  катынастар.  Еңбектік  және  өндірістік 

қатынастар.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясындағы  еңбек 

мәселелері. 

Қазақстан  Республикасының  еңбек  құқығының  түсінігі  және  ұлттық 

құқық  жалпы  жүйесінде  алатын  орны.  Еңбек  құқығының  пәні:  еңбек 

заңдылығымен,  әлеуметтік  әріптестік  туралы  келісімдер,  жеке  және 

ұжымдық  шарттармен  бекітілген  жұмыскер  мен  жұмыс  беруші  арасында 

келісімдер  негізінде  туындайтын  құқықтық  қатынастар;  еңбектік 

қатынастармен тығыз байланысты қатынастар. 

Еңбекті  құқықтык  реттеу  механизімінің  түсінігі  және  құрылымы. 

Еңбек  құқығы  әдісінің  түсінігі,  оның  белгілері.  Құқықтық  реттеу  әдісінің 

және  еңбек  құқығы  пәнінің  арақатынасы,  еңбек  құқығын  құқық  саласы 

ретінде анықтауда олардың мәні. 

Еңбек қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұжымдык-шарттық, жеке-

шарттық реттеу. Еңбек құқығының функциялары. 

 

 


 

 



2 Еңбек құқығының қағидалары 

 

Еңбек  құқығынын  қағидаларының  түсінігі,  олардын  мәні.  Еңбектік 



қатынастарды  құқықтық  реттеу  аясында  қағидалардың  жіктелуі,  мазмұны. 

Еңбек құқығының қағидалары және нормалары, олардың ара қатынасы. 

Еңбек  құқығының  конституциялық  қағидалары.  Еңбек  құқығының 

салааралық,  салалық  қағидалары.  Еңбек  құқығы  субьектілерінің 

субъективтік құқықтары мен міндеттерінің еңбектік қатынастарын реттеудің 

құқықтық қағидаларының арақатынасы. Азаматтардың еңбек құқықтарының 

және міндеттерінің орындалуының шынайы кепілдіктері.  

 

3 Еңбек құқығының субъектілері 



 

Еңбек  құқығынын,  субъектілерінін  түсінігі  және  түрлері.  Еңбек 

құқығының    субъектілерінің  еңбектік  құқық  субъектілері,  оның  құкық 

қабілеттілігі,  әрекет  қабілеттілігі.  Еңбек  құқығындағы  арнайы  құқық 

субъектілігі. 

Жеке тұлға еңбек құқығының субъектісі ретінде, оның еңбектік құқық 

субъектілігі. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық 

мәртебесі.  Еңбектік  қатынастары  еңбек  туралы  зан  актілерімен    реттелетін 

жұмыскерлердің басқа да санаттары. 

Жұмыс  беруші  енбек  құқығынын  субъектісі  ретінде.  Жұмыс 

берушінің  кұқық  субъектілігі.  Еңбектік  кұкық  қатынастарға  қатысатын 

заңды  тұлғалардың  түрлері.    Жұмыскерлердің  еңбегін  қолдану  сатасында 

заңды  тұлғалардың  филиалдарының,  өкілдіктерінің  құқықтық  мәртебесі. 

Жеке тұлғалар жұмыс беруші ретінде, олардың құқық субъектілігі. 

  Жұмыс  берушінің  өкілдері.  Еңбек  бойынша  өкілетті  мемлекеттік 

орган. Жұмыскерлердің өкілдері, олардың жалпы сипаттамасы. 

  Кәсіподақтар  еңбек  құқығының  субъектісі  ретінде,  олардың 

құкықтык мәртебесі. 

Мемлекет еңбек   құқығының   субъектілері.   Олардың   әлеуметтік-

еңбектік қатынастарға қатысудың нысандары.  

 

4 Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт 

 

Әлеуметтік  әріптестіктің  түсінігі.  Әлеуметтік  әріптестік  мақсаттары, 

қағидалары,  жүйесі,  нысандары.  Әлеуметтік  әріптестік  тараптары. 

Әлеуметгік әріптестіктің мазмұны. 

Үш 

жақты 


деңгейде 

(трипартизм) 

әлеуметтік 

әріптестікті 

ұйымдастыру.  Әлеуметтік  әріптестік  органдары,  қағидалары,  олардын 

қалыптасу тәртібі. Әлеуметтік әріптестік органдарынын негізгі мақсаттары, 

міндеттері,  олардмң  өкілдері.  Әлеуметтік  әріптестік  органдарының 

координаторлары. 

Әлеуметтік 

әріптестік 

тараптарының 

арасында 

келісімдерді бекіту тәртібі. 


 

 



Келісімдерді орындауды бақылау. 

Ұжымдык  шарттың  түсімігі.  Еңбек  құқығынын  қайнар  кездерінің 

жүйесінде ұжымдык шарттың мәні және алатын орны.   

Ұжымдык  шарт  тараптарының  мазмұны  және  құрылымы.  Ұжымдық 

шарттың  нормативтік  және  міндеттемелік  талаптары,  олардың  мазмұны. 

Ұжымдық шартты бекіту тәртібі. 

Ұжымдык  шарттың  мерзімі  және  әрекет  ету  аясы.  Ұжымдық  және 

еңбек  шарттарының.  ұжымдык  шарт  пен  (Бас).  салалық  (тарифтік), 

аумақтық келісімдердің арақатынасы. 

 

5 Еңбек шарты 



 

Шарт  туралы  білімнің  жалпы  мазмұны.  Еңбек  шартынын  түсінігі, 

олардың түрлері. Енбек шартының тараптары. Енбек шарты бойынша еңбек 

функциясы  мен  жұмыс  орнының  түсінігі.  Еңбек  шартын  бекіту  тәртібі. 

Еңбек шартының мазмұны және мерзімі. Еңбек шартының нысандары. 

Басқа  жұмысқа  ауыстырудың  түсінігі  және  түрлері.  Басқа  жұмысқа 

ауыстырудың  жағдайлары  және  тәртібі.  Басқа  аймаққа  ауыстырудың 

қызметтік іс сапарлардан айырмашылығы. Еңбек шартын тоқтату және бұзу 

түрлері.  Еңбек  шартын  жұмыс  берушінің  бастамасымен  бұзу  негіздері. 

Еңбек  шартын  жұмыскердің  бастамасымен  бұзу  негіздері.  Еңбек  шартын 

тараптардын еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату. Еңбек шартын бұзу 

тәртібі. 

Еңбек  құқық  нормаларының  біртұтастығы.  Еңбек  шарттарын 

маусыздық  жұмыскерлермен,  үй  жұмыскерлермен  және  үйде  жұмыс 

істейтін жұмыскерлермен жасасудың негіздері. Жастар, мүгедектер, әйелдер 

еңбектерін  құқықтық  реттеу.  Мемлекеттік  жұмыскерлердің  еңбек 

қатынастарын құқықтық реттеу. 

 

6  Жұмыс уақыты және тынығу уақыты 



 

Жұмыс  уақытының  түсінігі  және  оның  белгілері.  Жұмыс  уақытының 

түрлері.  Жұмыс  уақытының  қалыпты  ұзақтығы.  Жұмыс  уақытының 

қысқартылған ұзақтығы. Толық емес жұмыс уақыты. Қысқартылған жұмыс 

уакытының режимін белгілеудің талаптары және тәртібі. Жұмыс уақытының 

режимі.  Жұмыс  аптасының,  жұмыс  ауысымынын,  жұмыс  күнінің  түсінігі 

және түрлері. Ауысым кестесі. Жұмыс уақыты режимін   белгілеу   тәртібі.   

Жұмыс   уақытын   есептеудің   түрлері.   Жұмыс уақытының жинақталған 

есебі.  

Тынығу  уақытынын  түсінігі  және  түрлері.  Тынығу  және  тамақтану 

үшін  берілетін  үзіліс.  Арнайы  демалыстар.  Демалыс  және  мереке  күндері. 

Жылдық  акы  төленетін  демалысқа  құқық.  Қосымша  еңбек  демалысы  және 

оны  беру  тәртібі.  Жылдық  енбек  демалысын  алуға  кұқық  беретін  еңбек 

өтілін есептеу және жылдық еңбек демалысын беру тәртібі. Жұмыскерлерге 



 

 



жылдык  еңбек  демалысын  беру  кезектілігі.  Еңбек  демалысынан  шақыртып 

алу.  Еңбек  шартын  бұзу  кезінде  жылдық  демалысты  пайдаланбағаны  үшін 

өтемақы төлеу. 

Әлеуметтік  демалыстар.  Жалақысы  сақталмайтын  қосымша  демалыс 

беру. Оқу демалысы. 

 

7 Жалақы. Жұмыскерлерге кепілдіктер 

беру мен өтемақылар төлеу 

 

Жалақының  түсінігі  және  еңбегі  үшін  көтермелеудің  басқа  да 

түрлерінен айырмашылығы. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты 

жалақының  функциялары.  Жалақыны  құқықтық  реттеудің  әдістері. 

Жалақының минималды шегі. Ең төменгі жалақы, өмір сүру деңгейі, айлық 

есептік көрсеткіштің арақатынасы. 

  Еңбекке  ақы  төлеу  нормаларының  жергілікті  және  жеке  ролі.  Екбек 

нормалары және нормалау түсінігі. Норма өнімі, норма уақыты, норма саны, 

норма қызметі. Еңбек нормаларын енгізу, тексеру, өзгерту және қайта қарау. 

  Еңбек ақының нысаны және жүйесі.    Сыйақы жүйесі жұмыскерлерді 

материалдық  көтермелеудің  нысаны  ретінде.  Қосымша  және  үстеме  ақы 

көлемін белгілеудің түсінігі және талаптары. 

  Жұмыстың қалыпты жағдайынан ауытқыған ретте еңбекке ақы төлеу 

(үстеме  жұмыстар,  демалыс  және  мереке  күндері.  түнгі  жұмыстар).  Іркіліс 

кезінде  ақы  төлеу  тәртібі  және  жағдайлары.  Заңсыз  ұстап  қалудан  қорғау. 

Жалақыны төлеу мәселелері. Жалақыны төлеу мерзімі және орны. 

    Орташа айлық  жалақы.  Жұмыскерлердің орташа  айлық жалакысын 

есептеу тәртібі. Орташа күндік жалақыны анықтау. 

   Кепілді және өтемақылық төлемдердің түсінігі және түрлері. Кепілді 

төлемдер  және  түрлері.  Кызметтік  іс  сапарда  жүрген  кезде  және  ұйыммен 

бірге  басқа  аймаққа  ауысқан  кезде  төленетін  өтемақылық  төлемдер. 

Уакытша еңбекке жарамысыздығына байланысты. жүктілігі және босануына 

байланысты, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін әлеуметтік 

жәрдемакыларды тағайындау және төлеу тәртібі. 



 

8 Еңбекті қорғау 

 

Еңбекті  қорғау  түсінігі  және  қағидалары.  Қауіпсіздік  және  гигиена 



талаптарына  сай  азаматтардың  конституциялық  құқығы.  Еңбекті  қорғау 

бойынша  заңдылық.  Еңбекті  қорғаудың  және  өндірістік  санитарияның 

жалпы және арнайы нормалары. Жұмыскердің еңбекті кері алу құқығының 

кеіпілдігі. 

Еңбекті  қорғауды  қамтамасыз  ететін  ұйымдастырушылық-өндіріс 

нысандары:  еңбекті  қорғау  және  өндірісітік  санитария  шараларын 

жоспарлау 

және 


қаржыландыру, 

дәрігерлік 

қайта 

куәландыру, 



жұмыскерлерді  үнемі  тексеруден  өткізу.  Еңбекті  қорғау  және  өндірістік 

 

 



санитария  ережелері  бойынша  жұмыскерлерді  оқыту,  жеке  қорғану  үшін 

қажетті  заттармен  қамтамасыз  ету:  атқарып  отырған  жұмыстын  (өндіріс 

объектісінің) ауыр. қауіпті. зиянды екенін анықтау. 

Өндірісте  жазатайым  жағдайларды  тергеу  және  есепке  алу 

жағдайлары.  Дәрігерлік-әлеуметтік  сараптау  комиссиясымен  жұмыскерді 

қайта куәландыру тәртібі. 

Жұмыскерлердің  жеке  санаттарының  еңбегін  қорғау:  әйелдердің, 

кәмелетке толмағандардың және екбек қабілеті төмен тұлғалардың. 

Енбекті  қорғауды  қадағалау  және  қорғау  органдары.  Еңбекті  қорғау 

және    өндірістік    санитария    заңдылығының    нормаларын    бұзғаны 

үшін жауапкершілік. 

 

9 Еңбек даулары 



 

Еңбек дауларының түсінігі және жіктелуі: жеке және ұжымдық. Жеке 

және ұжымдық еңбек дауларынын пайда болу негіздері. Азаматардын жеке 

және ұжымдық еңбек дауларына конституциялық құқығы, ереуілге құқықты 

қосқанда. Еңбек дауларының қаралып органдар. 

   Еңбек 

дауларын 

келісім 


комиссиясында 

қарау. 


Келісім 

комиссиясының  құқықтық  мәртебесі.  Жеке  еңбек  дауларын  сотта  қарау. 

Еңбек даулары бойынша шешімдерді орындары. Ұжымдық еңбек дауларын 

қараудын негізгі қағидалары. Ұжымдық еңбек дауларын қарайтын органдар. 

Ұжымдық  еңбек  дауларын  қарау  тәртібі.  Ұжымдык  еңбек  дауларын  қарау 

жөнінде  келісім  комиссиясы  және  еңбек  төрелігінін  өкілеттілігі.  Ұжымдык 

еңбек дауларын қарауда делдалдың құқықтық мәртебесі. Ереуілдін түсінігі. 

Ұжымдык еңбек дауларын шешу кезінде ереуілді өткізу процедуралары.  

 

10 Халықаралық еңбек құқығы 

 

Жақын  және  алыс  шел  елдерде  еңбекті  құқықтық  реттеу.    Еңбекті 

халыкаралык-құқықтық реттеу әдісі және қағидалары. 

   Еңбекті  халықаралық-құқықтық  реттеудің  субъектілері.  Еңбекті 

халықаралық-құқықтық 

реттеудің 

қайнар 

көздері 


және 

олардың 


сипаттамасы  (БҰҰ,  ХЕҰ,  Еуропа  Кеңесі.  Еуропалық  одақ,  ТМД  актілері). 

Халыкаралық  еңбек  стандарттары  (БҰҰ.  ХЕҰ  стандарттары,  еңбектің 

аумақтық  стандарттары).  Қазақстан  Республиксының  еңбек  заңдылығын 

жетілдіру  үшін  халықаралық  актілердің  мәні.  Халықаралық  және  ұлттық 

еңбек  құқығы  нормаларының  коллизиясы.  Ұлттық  еңбек  заңдылығын 

жетілдіру үшін халықаралық актілердің мәні. 

Нарықтық  экономикасы  бар  елдерде  еңбек  саласында  адамның 

құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау.  Жақын  және  алыс  шетелдерде 

еңбек  заңдылығын  салыстырмалы  анализдеу  (Ресей,  Беларусь,  Украина, 

Қырғыстан, Германия. АҚШ, Англия, Франция, Польша және т.б.). 



 

10 


 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет