ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН ЖОБАЛАР
ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
К. СӘДУАҚАСҚЫЗЫ,
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Ә. ТАПАЛОВА,
техника ғылымдарының кандидаты, профессор,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Химияны оқытуға зерттеу әдістерін енгізу оқу әрекетінің мотивациясын күшейтуге оң әсерін ти
гізеді. Оқушылардың жаратылыстану бағытындағы зерттеу жұмыстарын жүргізуі нәтижесінде алынған
ғылыми білімнің кіріктіріліп енгізілуі оқу үдерісінің сапасын жақсартып, оқушылардың оқуының нәти
желілігін арттырады.
Өмір тәжірибесі мектеп оқушыларының тек жоғары оқу орнына қабылданғаннан кейін ғана ғылыми
жұмыспен айналыса бастайтындығын және мектепте оқып жүрген көптеген оқушыларға ғылыми мә
ліметті алу үдерісі түсініксіз және бейтаныс болып қала беретіндігін көрсетіп келеді. Шындығында,
дұрысы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысына оқушыны мектеп қабырғасынан бастап баулу
керек. Оқушылардың ғылымизерттеу жұмысын ұйымдастыру өзінің оң нәтижелерін береді, яғни олар
білімді тек жинақтап ғана қоймай, ғылыми тұрғыдан ойлай бастайды.
Жаратылыстану ғылымдарын, оның ішінде, химияны оқытудың негізгі міндеті болып оқушыны
танымдық үдерісімен қызықтыра отырып, оларды сұрақ қоюмен қатар жауап іздеуге де, нәтижені тал
дап, қорытынды жасауға да үйрету қажет. Сол себептен ғылым мен техниканың әр түрлі саласына
қызығушылық танытатындарды іріктеп алып, сол оқушыларды өмірдегі, ғылымдағы ізденіс жолы
на бағыттап, өз мүмкіндіктерін кеңінен ашып, қолдануына көмектесу өте маңызды. Оқу үдерісінде
оқушылардың дамуы мен өзінөзі дамытуына бағытталған шығармашылық, зерттеу және ұжымдық
жұмыс мәселелеріне үлкен мән беру қажет. Осы кезде жобалау үдерісінде оқытуға бағытталған тех
нологияларды белгілеп қана қоймай, оқушылардың қажеттілігіне және кәсіби таңдауына, әлеумет тік
қалыптасуына әсер ететін технологияларды да таңдау маңызды. Сонымен, зерттеу жұмысы дегені
міз – оқушы үшін кең ауқымды жұмыс алаңы. Бұл жұмыс орындалған кезде істәжірибелік, қоғамдық
мәселелер шешімін тауып, тұлға өзінөзі көрсете алады, қоршаған ортаға сүйіспеншілік, ізгілікпен
қарап, дұрыс өмір сүру білігін қалыптастырады.
Оқушылар ғылымишығармашылықтың элементі ретінде зерттеу жобасын бүгінде заманауи пе
дагогикалық технологиялардың үйлесімді, негізін қалаушы бөлігі ретінде жиі қарастырады. Оқу
шы лардың зерттеу жұмысының элементтерінің педагогикалық технологияларға енгізілуі педа
гог қа баланы тек оқытып ғана қоймай, оның оқуына көмектесіп, танымдық ізденісін бағыттайды.
85
Бү гінгі күнгі білім алу үдерісіндегі оқушылардың ізденіс жұмысының кең тараған түрі – жобалар
әдісі. Оқушылардың қазіргі кездегі жобасы – танымдық ізденісті белсендіру мен шығармашылықты
дамытудың дидактикалық тәсілі, сонымен бірге белгілі тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жолы. Жо
балар әдісі – жаңа педагогикалық технология. Оның мақсаты – нақты білімді интеграциялауға бағыттау
емес, қажетті білімді қолдану, жоба жұмысына белсенді қатысуға қажетті жаңа білімді алу, әлеуметтік
мәдени ортада адамның әрекет етуінің жаңа тәсілдерін меңгерту.
Жобалар әдісі оқушының білім алу үдерісіндегі қызметін түбегейлі өзгертеді. Бұл әдіс оқушыны
мұғалімнің оқытудың нысаны етпей, оқыту процесінің субъектісіне айналдырады, себебі қойған
мақсатқа жету үшін үлгіге қарап әрекет ету жеткіліксіз, жаңа білімді іздеу, меңгеру және қолдану
кезінде өз тарапынан талпыныс болуы қажет. Бұл әдіс ерекшелігі – алғашында дәстүрлі тәрбие
жүйесі шеңберінде тәрбиеленген оқушылар тығырыққа тіреледі. Ұсынылған үлгіні «көшіріп» алуға
мүмкіндік болмаған жағдайда оқушы өзін дәрменсіз сезінеді. Осы сезім біртіндеп тарай бастағанда
оқушы өзінің айналасында көптеген ақпараттық жүйенің бар екенін, бұл жүйелердің қолдана білсе,
алға қойылған міндеттерді шешуге көмектесетін құрал болатынына біртіндеп сене бастайды. Бұл
дегеніміз – ересектердің көмегі, жолдастармен қосылып жасалған жұмыс, мұғалімнің кеңесі және,
ең бастысы, өзіңіздің сарқылмайтын ойлау және қиялдау мүмкіндігіңіз. Кей кездері оқытудың енжар
формаларына үйренген оқушылардың немқұрайлылығын түзетуге тура келеді. Осындайда олардың
жоба барысында жасаған әрбір кішкентай жаңалығы оларды өзіндік шығармашылықтың қызықты
үдерісіне жетелеп, жаңа ізденіс пен жаңалықтарға итермелейді. Жоба жұмысы аяқталуға жақындап,
сұлбасы айқындала бастаған сайын оқушылар оны өз еңбегінің жемісі ретінде қабылдай бастайды.
Бұл жағдай маңызды педагогикалық мәселенің шешімінің табылуына септігін тигізеді, яғни әрбір
оқушының өз мүмкіндігіне сенімі пайда болады. Жобаны жасап, ұсыну үдерісі кезіндегі эмоция (сезім)
үлесінің салмағы соншалықты үлкен, осы тұста әрбір топтың шығармашылық әрекеттері топтың әрбір
мүшесінің толғанысы деп қабылданып, ал осы кезде алған білім мен білік әрбір оқушының өмірлік
тәжірибесінің интегралды бөлігі болып табылады.
Зияткерлік қызметтің бір түрі ретінде жобалау заманауи мәдениеттің жаһандық технологияларының
бірі болады.
Негізінде зерттеу әдісін кластан тыс сабақтарда қолдану тиімді. Тек сабақ барысында шығармашы
лық белсенділік пен зерттеу дағдыларын мақсатқа сай қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді.
Оқытудың зерттеу әдісін қолданудың тиімділігі:
– Оқушылардың ең жоғарғы шығармашылық белсенділігі мен дербестігін жүзеге асыруға мүм
кін
дік береді;
– Шығармашылық тұрғыдан химиялық ойлау қабілетін қалыптастырып дамытуға, практикалық
жұмыстарды орындау кезінде шығармашылық көзқарасты ұстануға септігін тигізеді;
– Химиялық үдерістер мен құбылыстарды зерттеу оқушыларға қолжетімді ғылыми әдістерін мең
геруге мүмкіндіктер ашады.
Оқушылардың өзіндік жұмысын қарқынды жүргізудің негізгі бағыттары сарамандықпрактикалық
сабақтардың ұйымдастырылуын оқушының зерттеу жұмысын күшейту бағытына қарай түбегейлі өз
гертуде жатыр.
Педагогикалық практикада зерттеу үдерісіне деген ғылыми көзқарас бірқатар ұстанымдарды жүзеге
асыруды қажет етеді. Оның ішінде:
– Қарапайымдылық ұстанымы – проблема ойдан шығарылған емес, нақты болып, шынайықы
зығушылық болғаны дұрыс;
– Проблеманың мақсат, міндеттерімен қоса, зерттеу барысы және оның нәтижесін де сезіну ұста
нымы;
– Өзіндік әрекет ету ұстанымы – оқушы зерттеу жұмысының барысын тек өз тәжірибесі арқылы
ғана сезінеді;
86
– Көрнекілік ұстанымы – оқушы айналасындағы әлемді тек кітап арқылы танып қоймай, шынайы
әлемді таниды;
– Мәдени үйлесімділік ұстанымы. Тек осы мәдениетте қалыптасқан өміртаным дәстүрін, тек осы
әлеуметтік қоғамдастықта қолданатын өзара әрекет ету дәстүрін ескеру қажет.
Қазіргі уақытта химия тарапына көптеген сыни ескертпелер саны күрт өсіп кетті, химияны қоршаған
ортаны ластауға, қолайсыз экологиялық жағдай туғызуға қатысты деп айыптауда. Химия біліміне қарсы
үгіт жүріп жатқаны анық байқалуда. Бұл оқушы санасында хемофобия, яғни химиядан қорқып, оны
оқудан қашқақтауды туындатады. Бұл жағдайды әр түрлі жастағы топтар оқушыларынан алынған са
уалнама нәтижесі дәлелдеп отыр.
Тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру тәсілдерінің
бірі – химияны оқыту кезінде оқушылардың ұжымдық ізденіс – зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Оқу
шылармен жұмыстың тиімділігінің негізгі шарты ізденісзерттеу жұмыстары жүйесінде химия пәні
бойынша оқушылардың оқу және сыныптан тыс жұмыстарының мазмұнының кірігуі болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық жұмысының тәжірибесі қалыптасты деуге болады, егер оның негізгі
компоненттері төменде көрсетілгендей қалыптасса:
– Зияткерліклогикалық – оқушылар химиялық білім негізінде қиындық келтірмейтін логикалық
құрылымдар жасай алады;
– Мазмұндыинтегративті – мектеп пәндерінің әр тарауларынан алынған білімді зерттеу жұмысының
қалыптан тыс жағдайларда қолданып, қажет болса жетіспей тұрған ақпаратты оқу немесе анықтамалық
әдебиеттен іздестіру арқылы алады;
– Рефлексивті – оқушылар рефлексияға бейім, яғни проблемалық жағдайда өз әрекетін сезініп, ой
елегінен өткізіп, өзінөзі ұйымдастыра білу, өзін бағалау дағдылары қалыптасқан.
Ізденіс әдісі оқушының танымын ғылыми танымға жақындатуға мүмкіндік береді, себебі оның
негізінде ғылыми зерттеуді оқу үдерісінің құрылымы үлгісі ретінде бағытты ұстану жатыр. Демек,
сабақ барысында, сабақты ұйымдастыру кезінде оқушы ғалым ретінде қарастырылып, оның өзінің
алған білімін зерделеп ғана қоймай, сол білімді алудың әдіснамасын да ұғыну мүмкіндігі бар.
Зерттеу ұстанымы жағдайында оқушылардың проблемалық ізденіс жұмысының стилі сапалық өзге
ріске ұшырап, ол бірнеше кезеңдерден тұрады:
– Жоғары сынып оқушыларының пәннің болашақ зерттелу мазмұнымен танысу;
– Проблемамен бетпебет келу. Зерттеу мақсаты мен міндетін айқындау;
– Зерттеу нысаны, құбылыс немесе үдеріс жайлы шынайы мәлімет жинау;
– Эксперименталды (теориялық) зерттеу: зерттелетін фактілерді белгілеу, гипотезаны (болжам)
ұсыну, экспериментті модельдеу;
– Түсініктеме құрастыру;
– Қорытынды жасап, аяқталған жұмысты рәсімдеу.
Сонымен, зерттеу әдісі оқушылардың ғылыми ізденістің сипаты мен логикасы жайлы түсінігін,
оның қиындықтары мен қағидалары жайлы ойын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысы
жобалау ұстанымына негізделіп, мұнда зерттеу жобасы зерттеуші мен ғылыми жетекшінің тұлғааралық
өзара әрекеттесудің негізгі формасы болады, осы кезде ғылыми қоғамның мәдени құндылықтары
беріледі. Сонда ғана білім беру жемісті бола алады, себебі нәтижесінде аяқталған және рәсімделген
зерттеу жұмысы нақты өнім ретінде көрінеді. Өнім осы жағдайда материалдық құндылыққа ие бола
алмайды, керісінше интеллектуалды және тұлғалық құндылықтары бар, осы өнімді жасаушы (оқушы)
үшін оның маңызы зор. Бұл жұмыс оқушыға не береді?
Зерттеу жұмысынан оқушылар шығармашылық түрткі немесе өзінің танымдық көкжиегін
кеңейтуге құлшыныс алуы арқасында үнемі өз танымын кеңейту мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл
қасиет оңайлықпен келе қоймайды, бірақ, пайда болысымен, оқушыны қол қусырып қарап отырмай,
үнемі әрекет етуге итермелейді. Жетекшімен тілдесу кезінде балалар ғылыми ортада қалыптасқан
87
тілді, өзін ұстау стилін үйрене бастайды. Бала «ересек өмірді» мектеп арқылы біліп ғана қоймай,
кей кездері ғалымдармен тілдесіп, басқа балалардың еліктейтін адамына айналады және, ең басты
сы, бозбала шағында мазалайтын, қажетті нәрселер: тілдесу, өзін тану, өз мүмкіндігін білу сияқты
сапалар қалыптасады. Айтылған факторлар оқушы үшін аса маңызды, педагогтің осы факторларды
оқушылардың оқу белсенділігін арттыру мақсатында пайдалануына мол мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий. – М., 2006.
2. Аронская О.С., Бурая И.В. Проектная деятельность школьников в процессе обучения химии (8
11 класс). – М.: ВентанаГраф, 2007.
3. Пак А.С. Дидактика химии. – М.: Владос, 2001.
Резюме
В статье рассматривается методика внедрения исследовательских принципов в процесс выполне
нии лабораторных и практических работ по химии. Приводится полная классификация исследователь
ских принципов и этапы их использования в учебном процессе. Определяется значение метода Проекта
на повышение познавательной активности и развитие творческих способностей учащихся.
Summary
This article considers the methods of implementation of scientific principles to the process of conducting
laboratory and practical works in chemistry. It gives a full classification of scientific principles and their stages
of application in academic process. It defines «Project» method value for the improvement of cognitive activity
and development of creative skills of students.
ӘОЖ 34:37(574)
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ТҮСІНІГІ,
МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
М.Қ. ЖҮСІПБЕКОВА,
заң ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, өзінің негізгі занында белгілегендей, құқықтық мемле
кет құруға бетбұрыс алды, оның негізгі ұстанымы – заң және заңның алдындағы барлық азаматтар дың
тендігі. Бір жағынан, ол мықты құқықтық жүйе құруды, екінші жағынан, азаматтардың санасезімі
мен құқықтық мәдениетінің денгейінің жоғарылығын талап етеді. Осы тұрғыда бірінші мәселені шешу
онай, ал екінші мәселені шешу онай емес, бірақ, сонымен қатар, біріншісі екіншісіз орындалмайтыны
анық.
Құқықтық мемлекет құру республикадағы жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен қатар,
жоғары денгейдегі санасезімі және құқықтық мәдениетті халкы бар толыққанды азаматтық қоғам
қалыптастыруды қажет етеді.
Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жайкүйі оның құқық жүйесі көрсеткіштерінің бірі бо
лып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз,
88
демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың
маңызды өлшемдері.
Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір азаматты заңды аса құрметтеуге тәрбиелемей,
оның ережелерін күнделікті өмірге енгізуге тікелей әрі белсенді қатысу дайындығын қалыптастырмай,
экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес.
Халықтың құқықтық мәдениетi мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдар
ламаларды құқықтық қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн көтеру әрi заңдылықты, құқықтық тәртiптi, рет
тiлiктi нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 12 ақпандағы
№ 1569 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттiк
бағдарламасын (негiзгi бағыттар) [1] орындау үшiн 1995 жылғы 21 мауысымда № 2347 ҚР Президентінің
«Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар тура
лы» қаулысы [2] қабылданды. Бұл қаулымен Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ережесі, Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерiндегi әскери қызметшiлер мен азаматтық қызметкерлердiң жалпыға
бiрдей құқықтық оқуын ұйымдастыру туралы ереже, Атқарушы өкiмет органдары мен олардың
қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң басшы кадрлары мен мамандарын құқықтық аттеста
циялау туралы ережелер қабылданған.
Бұл маңызды құжаттарда жалпыға бiрдей құқықтық оқу, бұл бұқаралық құқықтық насихат пен
азаматтарға құқықтық тәрбие беру жүйесi деп белгіленген. Жалпыға бірдей құқықтық оқу азаматтар
ды заңды кұрметтеуге тәрбиелеудің әдісі және жалпыазаматтық міндеттерді орындау үшін керекті
құқықтық білім алуға көмек болып табылады.
Жалпыға бiрдей құқықтық оқудың мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетiн көтеру және заң
ды құрметтеу дәстүрiн қалыптастыру.
Құқықтық білім берудің міндеттері болып табылатындар: шаруашылық ұйымдардың, мемлекеттік
аппарат қызметкерлерінің, өкілетті органдар басшыларының құқықтық мәдениетін көтеру; қоғамдық
қатынастардың барлық салаларында құқықтық ережелер мен тәртіпті бұқара халыққа түсіндіру;
бұқаралық ақпарат: радио, теледидар және басылым мүмкіндіктерін нәтижелі пайдалану; құқықтық
тәрбие бойынша әдістемелік кенестердің ролін арттыру; мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар
ісәрекеттерін үйлестіруді күшейту.
Жалпыға бiрдей құқықтық оқудың принциптерi: халықты жаппай қамту, жүйелiлiк, үздiксiздiк,
құқықтық бiлiм алуға мүдделiлiк және оны алу мүмкiндiгiн жүзеге асыруды қамтамасыз етудегi
мемлекеттiң мiндетi, дербестiк (түрлi санаттағы азаматтардың жасын, кәсiбiн және басқа да ерек ше
лiктерiн ескеру) болып табылады.
Осы құжатпен қатар Қазақстан Республикасында оқушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдама
сы қабылданған. Онда Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген қоғамымызды
одан әрi демократияландыру, құқықтық мемлекет құру iсi құқықтық оқыту мен тәрбиенi жетiлдiру,
халық тың барлық топтарын және, ең алдымен, оқушы жастарды қамтитын, оларды оқытудың барлық
кезеңiнде үздiксiз құқықтық даярлау тұрғысында жалпыға бiрдей заң бiлiмiн берудi ұйымдастыру
жөнiнде кезек күттiрмейтiн және пәрмендi шараларды талап етедi. Оқушы жастарды құқықтық
оқытудың бас ты мiндетi құқықтық тәрбиенiң бүкiл кешенiн биiк құқықтық сана мен заңды қастерлеу
дәстүрiн қалыптастыруға жұмылдыруда болып отыр.
Тұжырымдаманың мақсаты – құқықтық мәдениет негiздерiн қалау.
Бұл тұжырымдамада құқықтық білім беруді балабақшадан бастау керектігі айқындалған. Балаларға
не істеуге болады, не істеуге болмайды екенін сол сәби кезінен құқықтық заттардың мәнің қарапайым
тілде жеткізу керектігі айтылды, яғни осы кезден бастап баланың бойына адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру көзделген. Мектеп шақтың басталуында заң үстемділігі қоғамдағы жүрістұрыс ере
желерімен жүйелі және терең жүргізілуі керек. Осы тұрғыда, бастауыш сынып оқушыларының құ
қықтық білімдерін «Дүниетану» (14 сынып) сабағымен ұштастыру көзделген, қазіргі танда бұл сабақ
мектептерде өтіп жатыр.
89
Сонымен қатар, жастардың бойында құқықтық санасезіммен құқықтық мәдениеттің базалық
ден гейін қалыптастыру мақсатында орта мектептерде құқық негіздері бойынша жоғарғы сыныптар
да факультативтік пәндер («Құқық әліппесі», «Адам құқықтары», «Құқық тарихы», «Демократия
барлығына», «Құқықтық мәдениет», т.б.) енгізу мүмкіндігі қаралу керек. Бұл курстарға арналған жаңа
интерактивтік әдістері бар оқу құралдары 19912000 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жасалып,
шығарылған болатын және олардың апробациясы (байқауы) «СоросҚазақстан» (жоба жетекшісі –
профессор А.К. Мұхтарова) қорының көмегімен көптеген мектептерде өткен. Бірақ кенінен жобаны
енгізу кейінге қалдырылған. Осыған байланысты осы оқу құралдарын қайта кешенді түрде өндіру және
қолданысқа енгізу керек [3].
Тұжырымдама тек білім берудің мектепке дейінгі және мектеп жүйелерін қамтымай, құқықтық
мәдениет пен сананы көтеретін арнайы курстары бар жоғарғы оқу орындарын да қамту керек. Курс тек
лекциялық дәрiстерден тұрмауға тиiс, ол мiндеттi түрде семинарлар мен практикалық сабақтар болуын
көздеуге, компьютерлер мен бейнетехниканы қолдана отырып «iскер ойындар» нысанында, студент
термен жеке жүргiзiлетiн жұмыстың сан алуан нысандарында жүзеге асырылуға тиiс. Студенттердiң
құқықтық курстар проблематикасы бойынша баяндама, рефераттар жұмысын жазу мүмкiндiгi болуға
тиiс.
Осы құжаттарды қамтамасыз ету мақсатында 1996 жылы 13 мамырда «Қазақстан Республика сында
жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы» ҚР Президентінің Қаулы
сы [4] қабылданды. Онда азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру бойынша бірқатар ұйымдастыру
шаралары көзделген. Мысалы, енбек ұжымдарында заңдарды оқу қарастырылған. Ол келесі нысандар
да өткізілген: дәріс түрінде; құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, ғалымдармен, заңгерлермен
кездесулер түрінде; құқық оқу үйірмелеріндегі жұмыс ретінде.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру құбылысы күрделі және көп сырлы, сондықтан Қазақстандағы
құқықтық мәдениетті көтеру жұмыстары тоқтамауға тиіс.
Сонымен, 2004 жылдың 24 желтоқсанында «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет
деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 20052007 жылдарға арналған
бағдарлама» қабылданды [5]. Ол халық арасындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Бұл
үшін белгіленген тақырыпқа дөңгелек үстелдер өткізу, БАҚта өзекті құқықтық мәселелер бойынша
сарапшылардың хабарлама жасауы ғана емес, мемлекеттік қызметкерлердің санасезімін көтеруге де
бағытталған. Осы мақсатта орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерле
рін дайындау және қайта дайындауы көзделген. 2007 жылы бұл бағдарламаның ісәрекеті тоқтатылды.
Жалпы алғанда, осы бағдарламаны қабылдаумен азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру,
құқықтық оқыту және тәрбиелеу оң нәтижесін көрсетті деп айтуға болады.
Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен
әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақса
тында ҚР Үкіметі 2008 жылы 29 қарашада «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет дең
гейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 20092011 жылдарға арналған
бағ дарлама» туралы қаулысын қабылдады [6]. Бұл жерде халықпен ақпараттық жұмыс жүргізумен қа
тар, азаматардың дәрежелі заң көмегін алуға конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың сапасын
арт тыру үшін жағдай жасауды талап етеді.
Осы құжаттарды қабылдау және жүзеге асыру барысында құқықтық мәдениетті және құқықтық
сауаттылықты көтеруге байланысты көптеген ісшаралар өткізілді. Бұндай ісшаралар ретінде БАҚ
та сөз сөйлеулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер, орталық
мемлекеттік органдар мен құқықтың өзекті мәселелеріне арналған интернетконференциялар өткізіл ді.
Қазіргі уақытта мемлекет саясатының негізгі бағыттары бойынша құқықтық насихатты Қазақ
стан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысына сәйкес халық
тың құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды
12-0124
90
құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін көтеру әрі заңдылықты, құқықтық тәртіпті, реттілікті нығайту
мақсатында құрылған құқықтық білім беру мектептері жүзеге асырады.
Құқықтық түсіндіру жұмысының тәжірибесіне «тікелей желілер», көшпелі консультациялар және
азаматтарды қабылдау жүргізуді ұйымдастыру сияқты құқықтық насихаттың нысандары ретінде
өздерін жақсы көрсете білген жаңа нысандар енгізілуде.
Мерзімді баспасөз басылымдарында құқықтық тақырып бойынша тұрақты айдарлар ашу және
ақпараттық материалдарды орналастыру жұмыстары жүргізілді. Республикалық электронды бұқара
лық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып бойынша телевизия бағдарламалары мен радиохабар
ларын, жарнамалық бетбейнелік роликтер жасау жөніндегі шаралар кешені жүзеге асырылады. Құқық
қорғау органдарының жәрдемімен құқықтық бағдарламалар және құқықтық тақырып бойынша радио
хабарлар жасалып, жұмыс істеуде.
Азаматтарды құқықтық ағарту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жүйелі жұмыс
мақсатында біліктілікті арттыру жүйесінде құқықтық тәрбиелік сабақтар өткізу, құқықтық мәдениетті
қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді
жүзеге асыру тәрізді нысандары мен әдістері көп қолданылады. Заңгерғалымдар, саясаттанушылар,
құқық қорғау органдары, сот және өзге де органдардың тәжірибелі қызметкерлерін шақырта отырып,
құқықтық пәндер оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.
Қорыта айтқанда, құқықтық білім беру құқықтық мәдениетті қалыптастырады, яғни адамның
құқық негізінде өмір сүруге, заңдарды құрметтеуге, өз құқықтарын қорғауға, жалпы айтқанда, жоғарғы
құқықтық санасезімді болуды көздейді. Құқықтық насихат және құқықтық білім беру жұмыстарын
үнемі жүргізіп отыру қажет.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 12 ақпандағы қабылданған № 1569 «Қазақ
стан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы» туралы қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 мауысымда қабылданған № 2347 «Қа
зақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы»
қаулысы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен
күші жойылды.
3. Нарикбаев М.С., Ударцев С.Ф. Система образования Казахстана: проблемы, резервы развития,
задачи на завтра // Заңгер. – 2009. – № 8.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 мамырдағы қабылданған № 591 «Қазақстан
Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсанында қабылданған № 1120 «Құ
қықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен
тәрбиелеу жөніндегі 20052007 жылдарға арналған бағдарлама» туралы қаулысы.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы қабылданған № 1116 «Құқықтық
түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу
жөніндегі 20092011 жылдарға арналған бағдарлама» туралы қаулысы.
Резюме
В статье рассматривается программа правового всеобуча, даются его понятие, цели и задачи. Право
вой всеобуч является одним из условий повышения правового сознания, правовой культуры и правовой
грамотности граждан.
Summary
In this article, the program of legal universal education – its concepts, aims and tasks – are reviewed.
Legal universal education is one of the prerequisites for increasing legal consciousness, legal culture and legal
literacy of the citizens.
91
УДК 34:37(574)
Достарыңызбен бөлісу: |