Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9388
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ РӨЛІ МЕН МАҚСАТЫ
А.А. ҚАНАҒАТОВА, Г.О. КЕРІМ, 
магистранттар, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
«Инновация – ол тек технологиялық идеялар 
ғана емес, сонымен бірге басқарушылық және 
гуманитарлық бастамалар екенін есте сақтау маңызды.
Инновация білім беру саласында, денсаулық сақтау 
ісінде, басқару саласында болуы мүмкін».
 
     
Н.Ә. Назарбаев
Инновация, бұл – оқытудың тиімділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу 
үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарлаудың жүйелі тәсілі. «Инновация» термині ғылымға 
ХIX ға сырда енді, ағылшын тілінен тікелей аудармасы «жаңашылдық», «жаңалық енгізу» деген ұғымды 
білдіреді. XX ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің са­
тысы ретінде қаралып, оның негізгі элементтері аталып көрсетілді. Инновациялық процестің толық 
түсінігін XX ғасырда экономист И. Шумпетер экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің «жаңа 

109
комбинациясын» талдады. 30­жылдары И. Шумпетер, Г. Менш «инновация» терминін ғылымға енгіз­
ді. Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол – жүйе 
элементтерінің және әр түрлі сфераларының сапалық және сандық өзгеруі. «Инновация» сөзі латын 
сөзінен аударғанда «жаңалықты енгізу» деген ұғымды білдіреді. Ал инновациялық тәрбиелеу дегені­
міз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қазіргі таңдағы кейбір жаңалықтар жүйесі – ескі­
нің айналып келуінен немесе өзгеріске түсіп, қайталауынан туған болмыстың сипаты.
Ф. Янсен  пікірінше, инновациялық үдерісті инновация алаңы түрінде қарауға болады. Янсен ұсынып 
отырған  тәсілдің  қолданбалы  мәні  –  технология,  қосымша  шарттар,  нарықтар  және  ұйымдастыру 
құрылымы бойынша біріктіре отырып инновация алаң аясында кәсіпорынды дараландыруға болады. 
Бір  позициядан  екіншісіне  өту  компанияның  инновациялық  іс­әркет  жасау  арқасында  инновация  өз 
алдына бірегейлі және жаңа болып табылады. Егер осы өтудің кезектігін уақыт бойынша қарастырар 
болсақ, онда инновация траекториясы жаңа болып табылады. Сонымен қатар бұл өткен траекториясы 
немесе болашақтағы болжам траекториясы болуы да мүмкін.
Траекториядағы  жағдайлардың  өзгеру  үрдісін  инновациялық  үдеріс  деп  сәйкестендіруге  болады. 
Жаңартулар  құрылуы  мен  дамуы  белгілі  бір  заңдылықтарына  бағынатынын  айта  кету  керек.  Осы 
заңдылықтарды білу жаңалықтарды тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңарту үрдістерінің 
бірыңғай зыңдылықтарға бағынуы нақты бір кәсіпорынның даму стратегиясын дайындау барысында 
стратегиялық басқарушылық шешімдер қабылдаудың алғышарты болып табылады.
Ғылыми­техникалық дамуды жай ғана ғылыми­техникалық білімдерді іске асыру ретінде ғана емес, 
жаңартуларды  құрастыру  мен  таратудың  күрделі  ықтималдық  сипаттағы  үрдіс  ретінде  қарау  оның 
маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде? 
Қазіргі уақыт – жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен 
кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек. 
Жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға 
үйретеді. 
Инновациялық әдістер, бұл – белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген білім алу­
шы жадында өздері айтқанның 80%­ы сақталса, өздері істегеннің 90%­ы қалады. 
Қазақстан  Республикасының  Президентінің  «Ұлттық  бәсекелестік  білімділік  деңгейімен  ай­
қындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай 
мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де 
саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру 
саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы» Заңда оқытудың жаңа технологияларын 
ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті 
айқын көрсетілген. 
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы 
сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген 
сенімдері  арта  бастайды),  М.М.  Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту  технологиясы»  (оқушылардың 
интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж. Қараев пен Ж. Коб­
дикованың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйесі»  (деңгейлік  тапсырмалар  беру  арқылы  дамыта  оқыту 
идея сы жүзеге асырылады). 
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық 
қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі 
болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр­сырын терең меңгеруі тиіс. 
Қазіргі кезде ақпараттық­коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажыра­
мас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім 
мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. 
Ақпараттық­коммуникациялық технологияларды оқыту мақсаты:

110
– бағдарламалау дағдыларын дамыту; 
– мәтіндік редактор, электрондық кесте, басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету; 
– желіден, СВ­КОМ­нан ақпарат іздеуге үйрету, т.б.; 
– желі көмегімен қарым­қатынас жасауға үйрету. 
Ақпараттық­коммуникациялық  технологиялар  саласындағы  алдыңғы  қатарлы  жетістіктерді  пай­
даланып,  білімнің  жаңа  деңгейі  мен  сапасына  қол  жеткізуге  ұмтылатын  педагогтық  және  ғылыми 
қауымдастықтың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын ІІІ Халықаралық Қазақстан 
мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. «Қашықтан оқыту – үздіксіз білім форма­
сы: тәжірибе және даму болашағы» атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің 
барлық деңгейлеріне арналған екі жүзден аса электрондық басылымдар ұсынылды. 
Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялар  әрбір  оқушының  білім  беру  үрдісіне  шығармашылық 
қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай­ақ оқушының танымдық іс­әрекеттері күшейіп, 
өзіндік  жұмыстарды  тез  орындау  мүмкіндіктері  артады.  Осылайша  оқыту  құралдарының  бірі  – 
электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай­ақ 
игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құралмен шешуге үйретеді. 
Білім  беру  жүйесінде  электронды  оқулықтарды  пайдаланып,  үлкен  табыстарға  жетуге  болады. 
Электронды  оқулықтарды  пайдалану  барысында  оқушы  екі  жақты  білім  алады:  біріншісі  –  пәндік 
білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану білім алушының өз бетінше 
шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. 
Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, 
тірек­сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы білім алушы көптеген қосымша мате­
риал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше 
жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. 
Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011­
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі – «E­learning» элек­
тронды оқытуды да айта кету керек. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды 
пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және оқытушының кәсіби өсуінің тура жолы. 
Ақпараттық технологиялар үнемі қарқындап өсуде. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін негізгі 
ақпараттық технология құрамына қағаз, қауырсын, сия, статистикалық есеп кітаптары кірді. Комму­
никация құжаттарды мекен­жайға бағыттау, жіберу арқылы жасалды. Болашақ педагог­психолог ма­
мандарды  жаңа  өрлеу  заманында  ақпараттандыру  негіздерімен  қаруландыру  –  бүгінгі  күннің  кезек 
күттірмейтін мәселелерінің бірі. Себебі біздің қазіргі өмір сүріп отырған дәуір – ұлан­ғайыр әлеумет­
тік өзгерістердің дәуірі. Қазіргі кезде оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолданудың мәні 
көптеген факторлармен айқындалады:
– жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді интеграциялау;
– оқу материалының көлемін арттыруға мүмкіндік жасау;
– оқу процесіне ақпараттық технологияларды, қазіргі телекоммуникациялық құралдарды енгізу.
Оқу  үрдісінде  инновациялық  технологияларды  пайдаланудың  студенттердің  білімін  көтерумен 
қатар тәрбиелік те маңызы зор. Дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда кредиттік оқыту жүйесі, электрон­
дық оқулық немесе жаңа инновациялық оқыту технологиясы студенттердің жалпы қызығушылығын 
туғызады, ол өз кезегінде олардың сапалы және тұрақты білім алуына жағдай жасайды. Қазіргі кезең­
де ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыты «мультимедиа» жүйесі болып табыла ды. 
«Мультимедиа»  терминін  ағылшын  тілінен  сөзбе­сөз  аударғанда  «көп  орталық»,  яғни  электрондық 
ақ паратты тасушы, құрамына бірнеше түрде мәтін, сурет, бейне және т.б. топтаушы деген мағынаны 
береді. Н.В. Клемешова «мультимедиа» терминін оқу материалының мазмұнына дыбыстық және ви­
зуальдық түрде интерактивтік форма беретін, сезімдік қабылдау процестердің тиімді өтуіне қолайлы 
жағдай  туғызатын,  студенттердің  жеке  қабілеттерінің  дамуына  мүмкіндік  туғызатын  компьютерлік 
құрал деп түсіндіреді. Мультимедиа бағдарламасында ақпарат үш құрал арқылы – сызба, аудио, ви­
део арқылы беріледі. Оқытудың кез келген түрінің тиімділігі студент пен оқытушының арақатынасы­
на,  педагогикалық  технологиялардың  пайдалануына,  оқу­мазмұнына,  әдістемелік  материалдардың 
құрастырылу деңгейіне тәуелді.

111
Қорыта  келе  айтарымыз,  жас  ұрпаққа  беретін  жоғары  білімнің  маңызы  қай  уақытта  да  артпаса, 
кеміген емес. «Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман» демекші, қазіргі заманғы студенттің басты мақсаты – 
көптеген пәндерден, олардағы ұшан­теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу және 
де білімді инновациялық технологиялармен ұштастырып, заман талабына сай маманға айналу. 
«Ең ескі дүниені жаңамен байланыстырып өзгеше сипат беріп, жаңалық ашуға болады» деп ұлы 
ағартушы­педагог В.Г. Белинский айтқандай, инновациялық технологияларды қолдану арқылы белгілі 
бір жетістіктерге жетеріміз анық. 
Осы орайда, Ушинскийдің мына сөзі ойға келеді: «Қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін 
жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз 
сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз».
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Жолдауы.
2. Қабдиева С. // Бастауыш мектеп. – 2004. – № 2 – 21 б.
3. Тоқаев Қ. // Қазақстан мұғалімі. – 2000. – 19 қаңтар.
4.  Рузавин  Г.И.  Педагогические  инновационные  технологии:  Учебное  пособие  для  вузов.  –  М.: 
ЮНИТИ­ДАНА, 1999. – 250 с.
5.  Загвязинский  В.И.  Методология  и  методика  дидактического  исследования:  –  М.:  Педагогика, 
1982. – 150 с.
Резюме
В статье рассматривается активная роль инновационных технологий в образовании. Показано, что 
они не только выполняют функций инструментария, используемого для решения определенных педа­
гогических задач, но и стимулируют развитие дидактики и методики, создают новые формы обучения 
и образования.
Summary
The active role of innovative technologies in education is that they not only perform functions of tools used 
to achieve specific educational goals, but also stimulate the development of didactics and methodology, create 
new formats of teaching and learning.
ӘОЖ 371. 388. 8: 159.93
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ 
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Л.Т. ОМАРОВА, 
магистрант,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы 
Студенттердің  танымдық  құзыреттілігін  өзіндік  жұмыстар  арқылы  қалыптастырудың  түпкі  мақ­
саты  –  студенттерді  белсендi  ой  қызметiн,  әр  түрлi  танымдық  мәселелердi  өздiгiнен  шешуге,  бұ­
рынғы  меңгерiлген  бiлiмдi  қолдануға  ұмтылысы  бар  оқыту  үдерісінің  субъектісі  ретінде  тәрбиелеу. 
Педагогикалық­психологиялық еңбектерде студенттердің тапсырмаларды өздігінен орындауы олардың 
танымдық қызығушылықтарын арттырып, танымдық белсенділікке, шығармашылықпен жұмыс жаса­
уына дағдыландырады деген салмақты пікірлер кездеседі. Сондықтан студенттердің өздігінен орын­
дайтын  жұмыстарын  сапалы  ұйымдастыру  арқылы  олардың  жеке  тұлғалық  қабілеттерін  нығайтуға, 
дамытуға, танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыруға болады. 

112
Студенттердің танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін қарастырмастан бұрын «өзіндік 
жұмыс» ұғымына тоқталып, оның мағынасын ажыратқан жөн деп ойлаймыз. 
«Кеңес педагогикалық энциклопедиясында» өзiндiк жұмысқа келесi анықтама берiледi: «Оқушы­
лардың өзiндiк жұмысы – олардың сыныпта не сыныптан тыс, мұғалiмнiң тiкелей көмегiнсiз орындала­
тын жеке және ұжымдық оқу әрекетiнiң жиынтық түрлерi. Бұл тапсырмаларды орындау оқушылардан 
белсендi ой қызметiн, әр түрлi танымдық мәселелердi өздiгiнен шешудi, бұрынғы меңгерiлген бiлiмдi 
қолдануды талап етедi. Өзiндiк жұмыстардың әр түрiн орындау нәтижесiнде оқушылардың танымдық 
белсендiлiгi және iзденiмпаздығы арта түседi» [1, 783]. 
Педагогикалық  сөздiкте  берілген  өзiндiк  жұмыстың  сипаттамасы  жоғарыда  келтірілген  пікірмен 
мағыналас:  «Оқушылардың  өзiндiк  оқу  жұмысы  олардың  оқу  үдерісiндегi  мұғалiмнiң  тапсырмасы, 
басшылығы бойынша, бiрақ оның тiкелей көмегiнсiз орындалатын iс­әрекетi. Оқушылардың өзiндiк 
жұмысын талап ететiн тапсырмалар олардың ерекшелiктерiн, танымдық мүмкiндiктерiн ескере оты­
рып берiледi. Мұндай жұмыстар жүйесi негiзделген сатылыққа, iзденiмпаздық деңгейiнiң және маз­
мұнының күрделене түсуiне сүйенедi» [2, 321].
В.П. Беспалько «өзіндік жұмыс» ұғымын адамның өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауын ай­
тады [3, 22].
Г.П. Семеновтың пікірінше, өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастыру формасы да, әдіс­тәсілі де емес, 
өзіндік  жұмыс  –  алдын­ала  берілген  бағдарлама  немесе  нұсқау  арқылы  оқытушының  қатысуымен 
орындалатын танымдық әрекет [4, 71].
Педагогикалық еңбектерге талдау жасау барысында өзіндік жұмыстарға арналған анықтамалардың 
әр түрлілігін көрдік. Бұл өзіндік жұмыстардың күрделі педагогикалық ұғым екенін көрсетеді. Қазіргі 
педагогикалық теорияда «өзіндік жұмыс» ұғымына бірдей көзқарас жоқ, оны біреулер оқушының өзі­
нің дербес әрекеті десе, енді біреулер студенттердің жоғары дербестігін қамтамасыз ететін, ал келесі бір 
көзқарас бойынша, студенттердің өз бетінше оқуға деген талпынысы деп қорытындылайды. Осының 
бәрі бұл ұғымның көп қырлылығын сипаттайды, демек, оны зерттеудің әдіснамалық бағыт­бағдарын 
негіздеу қажет. 
Кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты студенттердің интеллектуалдық, жігерлілік және кәсіптік са­
паларын дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқылатын материалдардың мазмұны және 
керекті көлемін игерудегі оқытудың жеке­жеке түрлері ретінде қарастырады.
Өздігінен  орындайтын  жұмыстың  мағынасын  осылайша  түсіну  бұл  ұғымның  ішкі  және  сыртқы 
жақтарын  ескеруге  мүмкіндік  береді.  Өздігінен  орындайтын  жұмыс,  бір  жағынан,  оқу  үдерісі 
барысындағы  студенттің  өзіндік  іс­әрекетін  ұйымдастыру  мен  басқарудың  педагогикалық  құралы 
ретінде болса, екінші жағынан, оқу мен ғылымды үйренудің арнайы бір түрін білдіреді. Сонымен, әрі 
білім берудің құралы, әрі ғылыми танымның түрі болатын жоғары мектептегі оқу үрдісі жүйесіндегі 
студенттердің өзіндік жұмысының екіжақтылық мағынасы жайлы айтқан жөн.
Ғалымдардың  өзіндік  жұмыстарға  берген  анықтамалары  студенттердің  өзіндік  оқу  іс­әрекетіне 
мынадай  белгілер  жататынын  анықтауға  мүмкіндік  береді:  нақты  тапсырма  және  оны  оқытушы  да­
йындауы тиіс, тапсырма барлық студентке беріледі және оқытушының тікелей көмегінсіз орындалады, 
бірақ оқытушының жетекшілігі үзілмейді, жұмыс қорытындысын оқытушы қадағалайды. Оқытушы­
ның қолында өзіндік жұмыстарды студенттердің әр түрлі деңгейдегі әрекетіне сай ұйымдастырулары 
үшін қажетті нұсқау болуы керек. Соған сай ізденімпаздық іс­әрекет дағдысымен игерілген білігі, сту­
денттер алған ақпараттың шығармашылықпен қайта өңделгені белгілі болуы шарт. Өзіндік іс­әрекет 
сипаты да анықталмай қалған, оны оқып үйренуші өзіндік жұмыстарды орындауда көрсете білуі шарт, 
авторлар бұл ретте анықтамаларында белсенділік пен дербестікті атап көрсетеді.
Ғалымдардың еңбектерін саралағанда бүгінгі күні студенттердің өзіндік жұмыстарын жоспарлау, 
ұйымдастыру және тексеру жұмыстарында әлі де көптеген кемшіліктер бар екендігін көрнекті ғалым­
педагогтардың зерттеулері көрсетіп отыр. Олар:

113
– ұстаздардың студенттердің өзіндік жұмыстарын жоспарлауда айқын үйлесімділік көрсете алмауы, 
атап айтқанда, студенттердің аудиториядан тыс жұмыстарын белгіленген уақытта жасай алмағаны;
– студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және олардың өзіндік жұмыстарға да­
йындалуына жеткілікті көңіл бөлмеу;
– студенттерді оқытуда өзіндік іс­әрекетпен жеткіліксіз қамту;
– студенттерді ғылыми­зерттеу жұмыстарына аз жұмылдыру, оларға ғылыми жұмыстардың әдіс­
темелерін жеткілікті таныстырмау:
– студенттердің қабілеттерін байқау және дамыту жұмыстарының қанағаттанарлық болмауы;
– студенттердің озық тәжірибелерін кеңінен тарата алмау;
– студенттердің өзіндік жұмыстарында теория мен практиканың үйлеспеуі. 
Танымдық  іс­әрекеттің  пәні  ретінде  өзіндік  жұмыстардың  қандай  да  түріне  енетін  тапсырма  – 
міндет жатады. Іс­әрекет тәсілі оқып­үйренушіге бұрыннан таныс емес жаңа білімді табуды, қолдану­
ды не алынған білімді тереңдетуді, немесе шығармашылық іс­әрекетте тәжірибе жинауды талап етеді. 
Осының  ізімен  студенттің  дербестігі  дамиды,  оның  кәсіби  дайындығы  жетіледі.  Осындай  міндетті 
өзіндік жұмыстардың әр типіне қоя отырып, оқытушы студенттің танымдық іс­әрекеті сипатын және 
оның деңгейін жоспарлайды, міндет жағдайын анықтайтын танымдық үдерісті басқарады. Сондықтан 
өзіндік  жұмыстар  мәні  танымдық  міндеттердің  ерекшеліктерімен  анықталады,  олар  нақты  өзіндік 
жұмыстардың типі мен түріне сай мазмұнға ие болады.
Өзіндік  оқу  іс­әрекеті  психологиялық  тұрғыдан  алғанда  студенттің  өзі  үшін  саналы  түрде  еркін 
таңдалған,  іс­әрекетіне  іштей  түрткі  туғызатын  деңгейде  болуы  қажет.  Ол  студенттен  мынадай 
біртұтас іс­әрекеттерді орындауды талап етеді: мақсатты саналы ұғу, оқу міндеттерін белгілеу, оған 
жеке  тұлғалық  мән  беру,  басқа  қызығушылықтарының  осы  міндетті  орындауға  жұмылдырылуы,  өз 
іс­әрекетінің формасын анықтау, оқу іс­әрекетін ұйымдастыруда уақытын бөле білу, тапсырманы орын­
дауда өзіне­өзі бақылау жасау.
Осыған  байланысты  ұстаздардың  өз  алдына  қоятын  міндеттері  мынадай:  біріншіден,  өзіндік 
жұмыстар  үздіксіз  болуын  қадағалау,  яғни  студенттер  анда­санда  ғана  емес,  күнделікті  өз  бетінше 
тиісті пәндер аумағында ізденушілік жұмыстар атқаруын ұйымдастыру. Жүйелі ізденістер арқылы оқу­
танымдық біліктілікке қол жеткізуге болатынын студенттер санасына сіңіру, екіншіден, студенттердің 
өзіндік жұмыстары сан қырлы екенін ескеріп, оның мазмұны студенттерді қызықтыратын, мағыналы 
болуын  ойластыру  қажет.  Өзіндік  жұмыстардың  тапсырмалары  бір  сарынды,  студенттерді  ойлан­
дырмайтын жаттанды ретінде берілсе, оқу­танымдық іс­әрекеттер жүзеге аспай қалады, үшіншіден, 
өзіндік жұмыстардағы тапсырмалардың танымдық сипатын күшейту арқылы студенттердің танымдық 
құзыреттіліктерін дамыту.
Ғалымдардың өзіндік жұмыстардың студенттердің танымдық құзыреттілігін дамытушы құрал екені 
туралы пікірлерін қорытындылай келе, біз өзіндік жұмыстарды орындау барысында студенттердің мы­
надай танымдық дербес әрекеттер жасайтынын аңғардық:
– студенттер тапсырмаларды өздігінен орындау барысында ақыл­ой, интеллектуалдық күш­жігерін 
жұмылдырады;
– өздігінен ізденімпаздық әдістерді қолданады;
– өздігінен тапсырманы дұрыс орындауға ұмтылады;
– өз білімін бағдарлау, өзін­өзі бағалау дағдыларын жетілдіреді.
Әдебиеттер:
1. Педагогическая энциклопедия / Под ред. И.А. Каирова, Ф.Н. Петрова. – М.: Советская энцикло­
педия, 1966. – Т. 3. – 880 с.
2. Педагогический энциклопедический словарь. – М.: БРЭ, 2003. – 528 с.
3. Беспалько В.П. Элементы теории управления процессом обучения. – М.: Знание, 1971. – Ч. 2. – 71 с.
4. Семенов Г.П. Педагогические проблемы обучения первокурсников. – Калининград, 1975. – 71 с.
15-0124

114
Резюме
Статья  посвящена  проблеме  формирования  познавательной  компетентности  студентов.  Целями 
формирования познавательной компетентности с помощью самостоятельной работы являются акти­
визация познавательной деятельности студентов, развитие у них стремления и умения решать самос­
тоятельно разные познавательные задачи и применять на практике полученные знания. Поэтому с по­
мощью  хорошо  организованной  самостоятельной  работы  можно  укрепить  у  студентов  личностные 
качества и сформировать познавательную компетентность.
Summary
The  purpose  of  building  students’  cognitive  competence  by  means  of  independent  work  is  to  promote 
cognitive activity of the students, develop students’ aspiration and ability to solve different cognitive problems 
independently. Therefore, by means of well­organized independent student work, it’s possible to strengthen 
personal qualities in students to create cognitive competence.
УДК 371.322.5:371.398
СПОСОБЫ СТИМУЛИРОВАНИЯ У СТУДЕНТОВ ИНТЕРЕСА 
К САМООБРАЗОВАНИЮ В ВЫСШЕЙ ШКОЛЕ
Д.М. ЖАРЫЛГАПОВА, 
кандидат педагогических наук
Ж.А. АЙДАРОВА, 
кандидат технических наук, 
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, 
Республика Казахстан
Образование становится главным фактором развития личности и общества в интенсивно обновля ю­
щемся мире. Представления об образовании меняются по мере того, как в обществе начинают призна­
вать факт неизбежности образования на протяжении всей жизни. 
Развитие общества на современном этапе потребовало пересмотра стратегии образования в высшей 
школе и обусловило понимание образовательного процесса не только как внешней по отношению к 
студенту деятельности, но и как процесса, результата деятельности самого студента. Вместо преж­
него  понятия  «образование»  складывается  новое  понятие:  образование  личности  как  процесс  и  ре­
зультат собственной заботы, ответственности, неудач и заслуг. Самообразование как проблема актуа­
лизируется не только в связи с потребностью индивида в реализации себя как личности в обществе, не 
только в связи развитием педагогической мысли, но и в связи с вызовами XXI века, выдвигающими 
перед  государствами  концептуально  новые  задачи  в  формировании  высококвалифицированного  и 
эрудированного специалиста. 
Возросшие образовательные возможности самообразования на современном этапе и кризис тради­
ционных форм организации учебного процесса должны повлечь за собой методическую разработку 
новых подходов к самостоятельной работе студентов, ее возможным формам и средствам. Преподава­
тели, со своей стороны, должны стимулировать интерес у студентов к самообразованию и давать хотя 
бы первичные навыки самостоятельной работы с учебно­методическими материалами. Впрочем, ос­
новной проблемой может стать именно осознание студентами самой необходимости самообразования. 

115
Стимулы, связанные с содержанием учебного материала, мы характеризуем как информационно­
содержательные.  Это  информация,  которая  содержится  в  опорных  логических  блок­схемах  лекций, 
видеофрагментах лекций и учебных пособий, в справочных листах, обучающих программах и других 
средствах обучения, с которыми работает студент. 
Стимулы, связанные с характером учебно­познавательной деятельности, относим к организацион­
но­управленческим. Это приемы и средства побуждения познавательной активности, которые препода­
ватель использует в процессе организации; деятельности группы студентов: различные формы группо­
вой работы, типы построения практических занятий, способы дифференциации учебного материала и 
предъявления заданий, контроль и коррекция действий студентов, непрерывная оценка накопительного 
характера и т.д. 
Стимулы, связанные с характером отношений между преподавателем и студентами – эмоциональ­
ные  стимулы,  –  могут  применяться  педагогом  как  во  время  лекций  (артистизм,  умение  вдохновить 
студентов), так и во время игровых занятий (похвала). С другой стороны, интерес учащегося, желание 
показать себя сокурсникам с хорошей стороны, переживание радости успеха, как в случае возраста­
ния баллов оценки, так и в случае победы в игре; во внеаудиторных мероприятиях, таких как КВН и 
конкурсы. Общая заинтересованность педагога и учащихся, взаимная удовлетворенность результатом, 
общее устремление создать атмосферу эмоционального комфорта в конечном итоге являются стимулом 
ведущей идеи самообразования, связанной с необходимостью дальнейшего изучения студентами основ 
своей будущей профессии, т.е. обучения в профессионально ориентированной среде. 
Стимул первого самостоятельного шага – это совокупность условий и средств, побуждающих к воз­
никновению познавательной активности при очень низком базовом уровне, когда динамика познава­
тельной активности, на первый взгляд, практически невозможна из­за отсутствия интереса к изучаемой 
дисциплине, мнимой самостоятельности, полной бездеятельности и практической необученности. 
В фор мировании у студентов стремления удовлетворить свои познавательные потребности и интересы 
путем самообразования основными движущими силами являются следующие внутренние противоре­
чия в их различных сочетаниях:
– между возникшей у студента необходимостью решения той или иной познавательной или практи­
ческой задачи и имеющимися у него в данный момент знаниями (их недостаточностью); 
– между стремлением удовлетворить появившийся познавательный интерес и ограниченными воз­
можностями приобрести эти знания в условиях вузовского обучения непосредственно на занятиях; 
– между достигнутым уровнем знаний и новыми (возникшими на этой основе) потребностями в 
более совершенных знаниях как предпосылке для более глубокого изучения данной дисциплины; 
– между приемами познавательной деятельности, присущими вузовскому обучению, и средствами 
удовлетворения других духовных потребностей. 
Система стимулов, обеспечивающих формирование у студентов интереса к самообразованию

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет