Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9388
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

Стимулы, связанные 
с содержанием 
учебной работы
Стимулы, связанные 
с характером учебно-
познавательной деятельности
Стимулы, связанные с 
характером отношений между 
преподавателем и студентами
Новизна
Исследовательские работы
Сотрудничество
Историзм
Проблемные задания
Педагогический оптимизм 
(вера, успех студентов)
Практическая значимость
Конструкторская деятельность
Соревнование (конкурсы, 
олимпиады, КВН) 
Занимательность
Прикладные работы
Поощрение
Эмоциональный фон
Познавательная деятельность
Порицание (наказание)

116
Познавательная потребность, побуждающая к самообразованию, формируется в активной общест­
венно  и  личностно  значимой  самостоятельной  деятельности  студентов.  Необходимо,  чтобы  позна­
вательная деятельность имела подкрепление в форме положительных эмоциональных переживаний, 
сначала от достигнутых успехов, а в дальнейшем и от самого познавательного процесса. Успешное 
решение познавательных задач, похвала преподавателя и одобрение товарищей вызывают положитель­
ные интеллектуальные чувства. Повторяющиеся переживания удовлетворения интеллектуальной дея­
тельностью становится устойчивой потребностью в знании, имеющей внутренней характер самодви­
жения и саморазвятия. Эта потребность и выступает специфической силой самообразования.
В психологическом отношении процесс формирования у студентов интереса к самообразованию со­
стоит, прежде всего, в формировании у них действенной потребности в знаниях. При ее формировании 
необходимо учитывать и создавать соответствующие условия.
Таким образом, во-первых, учитывая факт весомого влияния общественного мнения коллектива на 
формирование взглядов, убеждений и стремлений студентов, важными являются следующие условия: 
наличия в вузе профессорского корпуса – умных, эрудированных, креативных личностей, способных 
ответить вызовам нового времени и служить образцом для подражания; подготовленных менеджеров в 
сфере образования – преданных делу людей, умеющих строить жизнь и управлять ею; высокая оценка 
и должное уважение к интеллектуальному потенциалу коллектива, адекватная и гибкая система поощ­
рения оценки интеллектуальной личности, его вклада в общее дело вуза. При этих условиях знания для 
студента приобретут личностно значимый характер.
Во-вторых,  в  процессе  обучения  у  студентов  в  вузе  должна  сложиться  устойчивая  установка  на 
необходимое овладение знаниями в течение всей жизни независимо от того, какой деятельностью в 
будущем они будут заняты.
В-третьих,  потребность  в  знаниях  и  некоторые  формы  самообразовательной  деятельности  сту­
дентов необходимо развивать на каждом этапе обучения с учетом их возрастных особенностей. Если 
преподавателю не удастся сформировать у студентов с их повышенной восприимчивостью, впечатли­
тельностью и высокой обучаемостью познавательные потребности, то в дальнейшем это часто приво­
дит к неуспеваемости, пассивности, как в умственной работе, так и во многих других сферах жизни. 
Следующими звеньями в программе действия преподавателя являются выбор средств формирова­
ния у студентов интереса к самообразованию и соответствующих умений, установление последователь­
ности применения методических средств, их взаимодействия между собой с учетом индивидуальных 
особенностей личности, ее направленности, уровня умственного развития. Путем наблюдений, бесед и 
специально созданных ситуаций преподаватель может выяснить читаемость дополнительной литерату­
ры, выполнение заданий­максимумов, активность участия в решении проблем и внесение дополнений 
на занятии, участие во внеаудиторной работе. Увеличивая долю самостоятельности студентов в позна­
вательной  деятельности,  преподаватель  постепенно  переводит  его  самообразование  из  управляемой 
системы в самоуправляемую. 
Литература:
1. Бондаревский В.Б. Воспитание интереса к знаниям и потребности к самообразованию: Книга для 
учителя. – М.: Просвещение, 1985. – 144 с. 
2. Подласный И.П. Педагогика: 100 вопросов – 100 ответов: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. 
заведений. – М.: Изд­во «ВЛАДОС­ПРЕСС», 2001. – 368 с. 
3. Ильина Т.А. Педагогика. Курс лекций. – М.: Просвещение,1984. – 496 с. 
4. Щукина Г. И. Проблема познавательного интереса в педагогике. – М., 1971. – С. 34. 
Түйіндеме
Мақалада тақырыпқа теориялық талдау жүргізілген және сабақтан тыс уақытта студенттердің өз 
бетімен білім алуына қызығушылығын арттыру жолдары ашылған. Сонымен қатар, зерттеу тақыры­

117
бын да  болашақ  мамандардың  өз  бетімен  білім  алуына  қызығушылығын  арттырудағы  оқытушының 
жұмыс бағдарламасы қарастырылған.
Summary
Article covers theoretical analysis of ways of forming students’ eagerness for self­education, practicing 
conditions and factors stimulating students’ interest for self­education through out­of­class activity. Research 
reveals the teacher’s role in development of students’ interest for self­education, traits of using integration 
studies and out­of­class activity as means of formation students’ interest for self­education.
УДК 517 .518
ОРТА МЕКТЕПТЕ АЛГОРИТМДІК ӘДІСТІ 
ОҚЫТУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖАЙЫНДА
Қ.Е. КЕРВЕНЕВ, 
доцент 
Н.Қ. МЕДЕУБАЕВ, 
Ж. ҚИБАДАТ, 
студенттер,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Математикаға оқытудың негізгі білім берудегі мақсатының бірі математикалық білім, іскерлік және 
дағдылар жүйесін игеру болып табылады. Алгоритмдік әдісті қолдануды үйрету анықталған бір іскер­
лік, дағдыларды игермейінше мүмкін емес болғандықтан, бұл мәселенің психологиялық аспектілерін 
де қарастыра кетейік. 
Адам өмірде өзінің қандай еңбек саласында істейтініне қарамастан, ең алдымен, қайраткер ретінде 
танылады. Ол – жасаушы және жүзеге асырушы. Қызмет барысында адмның жан дүниесі танылады: ой 
тереңдігі мен сезімталдығы, ерік­жігері, мінез­құлқының қалыптасуы мен мүмкіндіктері. 
Кез келген қызмет түрі, хат жазу кезіндегі қолдың бұлшықтық­буындық қозғалысы ма, жұмыскердің 
еңбек операциясын орындауында немесе сөз айтуындағы сөйлеу аппаратының қозғалысы ма, бәрібір, 
барлық әрекет қозғалысқа байланысты.
Іскерлік пен дағды барлық жағдайда адам қызметіне енеді. Іскерлік пен дағды қандай орын алады 
деген сұраққа: дағды іскерліктен бұрын орын алады немесе іскерлік алдымен болады деген әр түрлі 
пікірлер бар. Мұндай ой алшақтыққа себеп «іскерлік» ұғымының көп мәнділігі мен қызмет түрінің 
әртүрлілігі болып табылады.
Іскерлік деп қызметтің ең элементар деңгейін де, адамның берілген істегі шеберлігін де айтады. 
Әліппені  аяқтаған  бірінші  сынып  баласын  ол  оқи  біледі  деп  айтады.  Ересектер  де  оқи  алады.  Егер 
олардың білімдері арасындағы айырмашылықты ескермесек, онда бұл екі «іскерлік» арасында көпте­
ген жылғы жаттығулар жолы, оқу дағдыларының жинағы жатыр. Бұлар – психологиялық құрылымы 
тұрғысынана әр түрлі іскерліктер. Қызмет бабында қандай да бір шеберлік деңгейін көрсететін, білім­
нен және іскерліктен кейін жүретін, дағдыны қалыптастыру этаптарынан кейінгі элементар іскерлік­
терді ажырата білу керек.

118
Элементар  іскерлік  –  білім  немесе  еліктеушілік  нәтижесі  негізінде  жасалатын,  әрекект.  Іс­
керлік(шеберлік) жүзеге асқан білім мен дағды негізінде қызметті орындау кезінде болады. 
Балалар мектепке бара бастағанда қалам ұстауды біледі, ал кейбіреуі жаза да алады, алайда олардың 
хат жазу дағдылары жоқ.
Іс­әрекеттің квалифициялы орындалуы жеке істерді орындау дағдысын меңгерумен түсіндіріледі. 
Дағды  –  әрекеттің  қысқа  түрі.  Қызметті  орындау  кезінде  қалыптастырылған  жүйке  механизмдері 
бірталай өзгерістер тудырады. 
Біріншіден, дағылану нәтижесінде іс­әрекетті орындау уақыты күрт төмендейді. 
Екіншіден, артық қозғалыстар жойылады: қозғалыс күші іс­әрекет мақсатына сәйкес келеді.
Үшіншіден, жеке өз бетімен қозғалыстар бір қызметке бірігеді [1].
Дағдыланған  қозғалыс  нәтижесінде  еңбек  өнімділігі  артады,  жұмыс  сапасы  жақсарады  және 
адамның шаршап­шалдығуы азаяды.
Дағды­жаттығулар  орындау  кезінде  қалыптасады.  Жаттығу  іс­әрекетті  жетілдіру  мақсатындағы 
көздеген бағытта, бірнеше қайтара орындау болып табылады. Жаттығу барысында іс­әрекет жүйеге 
келтіріледі. Дағдыны бірден қалыптастыру мүмкін емес. Дағды күтілетін нәтижеге жетуі үшін уақытқа 
реттелген,  ұзақ  уақыт  жаттығу  қажет.  Ал  жаттығу  іс­әрекетті  жай  ғана  қайталау  болып  табылады. 
Жаттығуда қалыптасқан дағды жетілдіріледі. 
Қандай да бірдеңеге тыйым салатын ережелер алгоритмге жатпайды, мәселен: «Бөтен адамдарға 
кіруге тыйым салынады», «Шылым шекпеңіз», «Көлікпен кіруге тыйым саланады». Бір нәрсеге рұқсат 
етілетін ережелер де алгоритмге жатпайды, мәселен: «Автокөлікке аялдауға рұқсат», «Кіру» және т.с.с.. 
Ал енді «Кетерде жарықты сөндір», «Солға қарай жүр, оң жаққа тұр» (эскалаторда) алгоритмдер бола­
ды.
Алгоритм мысалына таңбалары оң және теріс сандарды қосу алгоритмін қарастыруға болады. 
1. Қосындының таңбасын келесі ереже бойынша анықтаңыздар: егер сандар оң немесе оң санның 
модулі үлкен болса, плюс таңбасын қой, егер сандар теріс немесе теріс санның модулі үлкен болса, 
онда минус таңбасын қой;
2. Қосындының модулін келесі ереже бойынша анықтаңыздар: егер сандар бірдей таңбалы болса, 
онда олардың модульдерін қос, егер болмаса, онда үлкен модульден кіші модульді алып таста. 
Бұл алгоритмде элементар операциялар: сан таңбасын анықтау, сан модулін анықтау, екі санды са­
лыстыру, екі санды азайту немесе қосу.
Немесе, екі өрнектің квадраттарының айырымын а
2
­b
2
=(a­b)·(a+b) формуласы бойынша табу. 
1. Бірінші өрнектің арифметикалық квадрат түбірін табыңдар.
2. Екінші өрнектің арифметикалық квадрат түбірін табыңдар.
3. Алынған өрнектердің айырымын жазыңдар.
4. Алынған өрнектердің қосындысын жазыңдар.
5. Алынған өрнектердің айырымы мен қосындысының көбейтіндісін жазыңдар.
Бұл алгоритмде элементар операциялар: арифметикалық квадрат түбір табу, екі өрнектің қосындысы, 
айырымы және көбейтіндісін табу.
Оқушылардың әр түрлі даму сатысында элементар операциялар өзгеріп отыратынын айта кету ке­
рек. Мәселен, квадрат түбір табу алғашында элементар операция болып есептелген жоқ. Бұл операция 
элементар  болып  есептелуі  үшін  оқушылар  «санның  квадрат  түбірін  тап»  деген  сөзді  кезіктіргенде 
олар оны ойланбастан орындай алатындай етіп үйрету керек. 
Алгоритмдердің  тұжырымдалуы  мен  ашылуы  математиканың  ғылым  ретіндегі  аса  маңызды 
есептерінің бірі болды. Өзінің даму барысында ол есептерді шешудің жалпы (бір операциялар жүйесін 
қолдану арқылы) алгоритмін табуға тырысуда.
Баланың  ең  алғашқы  танысқан  алгоритмі  саусақ  санау  болды.  Бастауыш  сыныптарда  оқушылар 
арифметикалық амалдар алгоритмімен танысты: баған бойынша қосу, бұрыштап бөлу және т.б.

119
Бастапқы  берілгендері  бойынша  нақты  бір  есепті  шығаруда  қолданылуына  тікелей  байланысты, 
дағдыға  сай  алгоритмнің  жүзеге  асуы.  Мұндай  қолданысты  алгоритмдік  процесс  деп  атайды.  Ол 
берілгендерді бір жағдайдан екіншіге өткізуге арналған, өзіндік кезеңдер қатарына бөліктенген. Бұл 
кезеңдерді атап өтейік.
Алгоритмдік процесс кезеңдері [2].
Есептің қойылуы (есепті шешудің мақсаты анықталады, оның мазмұны ашылады, есептеу барысы­
на немесе соңғы нәтижеге әсер ететін факторлары анықталады).
1. Есептің моделі құрылады.
2. Алгоритмін жасау.
3. Есептеу процесінің жеке кезеңдерін анықтау.
4. Олардың әрқайсысының мазмұнының формальды жазылуы.
5. Кезеңдердің орындалу ретін белгілеу.
6. Алынған алгоритмнің дұрыстығын тексеру.
«Оқытуды алгоритмдендіру» терминінің қолданылуына қатысты екі мәселені ажыратуға болады: 
оқытуды алгоритмдендіру ретінде мұғалім қызметінің алгоритмденуін айтады, оқыту алгоритмін құру 
және қолдану, оқушы қызметінің алгоритмденуі, яғни алгоритмге үйрету.
Математикалық есептерді шешуде алгоритмдеудің ашылуы, математиканы оқыту практикасының 
түбірлі өзгерісіне әкелді: алгоритмге оқыта бастады, бұл пәнді игеруді жеңілдетті және ыңғайлатты. 
Бірақ та оқу үрдісі тек қана алгоритмге оқытумен ғана шектеліп қоймайды.
• Оқушыларды алгоритмге оқытуға әр түрлі жолдармен келуге болады:
• Оқушыларға алгоритмді дайын күйінде беру. Мұндай жол өте жақсы деп айтуға келмейді, бірақ 
уақыт үнемдеуге қолайлы.
• Оқушы сәйкес алгоритмді өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен ашуы өте маңызды болып табы­
лады
• Мұғалім шешетін есептер мен орындайтын жаттығуларды таңдауда оқушыларда қажетті опера­
циялар жүйесі қалыптасатындай етіп жинақтауы.
Барлық бұл әр түрлі жолдар қосылған кезде алгоритмдік процесстердің қалыптасуы өте тиімді бо­
лады.
Алгоритмді қалыптастыруда үш негізгі кезеңді көрсетеді [3]:
I. Алгоритмге кіріспе. Бұл кезеңнің мағынасы:
• Алгоритмді негіздеу мен енгізуге қажетті білімді өзектендіру. 
• Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылардың алгоритмді ашуы.
• Алгоритмді тұжырымдау.
II. Игеру.
• Алгоритмге кіретін жеке операцияларды өңдеу және олардың тізбектей орындалуын игеру.
III. Алгоритмді қолдану.
• Алгоритмді таныс немесе таныс емес жағдайда өңдеу. 
Сонымен, математиканы оқытуда алгоритмдік әдісті қолдану оқулықтың басты кемшілігін жоя ды: 
оқушылардың түсінуі мен игеруіне ауқымды емес, ойлау қызметіндегі процесс қандай да бір қарапайым 
элементар операциялардың анықталған санына тармақталады.
Ұзақ уақыт бойы интуитивті түрде алгоритм ұғымын математика мен логика есептері үшін қолда­
ну  жеткілікті  болғанымен,  «алгоритм»  ұғымына  түзетулер  қажеттігі  туады.  Айталық,  қандай  да  бір 
алгоритмдік мәселе бар болсын, яғни белгілі бір есептер класын шешу алгоритмін құру керек болсын.
Мұндай алгоритм табылған болса, онда алгоритм жайында өзіндік интуитивті ұсыныстарына бай­
ланысты  есеп  шешуде  ұсынылған  әдіс  бәрі  үшін  алгоритм  ретінде  танылады.  Бірақ  математика  та­
рихында қандай да бір алгоритмді іздеуде ұзақ және нәтижесіз көп жағдайлар болғаны мәлім. Содан 
барып алгоритм бар­жоғы жайында күмәндар туды.

120
  Мәселен,  1890  ж.  Париждегі  II  Халықаралық  математиктер  конгресінде  неміс  ғалымы  матема­
тик Давид Гильберт 23 күрделі мәселелер тізімін ұсынып, математиктер қауымдастығына оны шешу 
маңыздылығын айтты.
Гильберттің 10­шы проблемасы: кез келген бүтін коэффициентті Диофант теңдеуі үшін оның бүтін 
санды  шешімдері  бар  ма  екенін  анықтайтын  алгоритм  құру  талап  етіледі.  Тек  1968  ж.  жас  матема­
тик  Ю.  Матиясевич  қойылған  есепті  шешуге  мүмкіндік  беретін  алгоритмнің  жоқ  екенін  дәлелдеді. 
Алгоритмнің жоқ екенін дәлелдеу үшін оның дәл анықтамасы қажет. Алгоритмнің дәл анықтамасын 
жасау – математика мен логиканың ең бір тамаша жетістіктерінің бірі. Ол ХХ ғасырдың 30­шы жылда­
ры Э. Пост, А. Тьюринг, А. А. Марков еңбектерінен алынды [4].
Алгоритм болмайды деп айтқанда, онда қарастырылып отырған жалпы мәселе шешілмейтінін ай­
тады. Математикадағы жалпы мәселелердің ролі оның мәні ретінде анықталып, алгоритм ұғымының 
қолданыс сферасы да болады. 
Алгоритмді анықтау кезінде үш негізгі бағытты көрсетуге болады:
1.  Алгоримдік  проблемаларды  шешу  барысында  типтік  жағдай  ретінде  бүтін  санды  аргументтер 
мәніне тәуелді болатын сандық функцияның  мәнін есептеу алгоритмін табу қарастырылады. Мәнін 
қандай да бір алгоритм көмегімен шешуге болатын сандық функциялар эффектілі есептелетін функ­
циялар деп аталады. Бұл – интуитивті ұғым, себебі алгоритм ұғымы интуитивті. Алгоритмді әр түрлі 
ұғуда есептелетін функциялардың әр түрлі жиынтығы шығуы тиіс. 1936 ж. Черч осы уақытқа дейінгі 
белгілі  ауқымды  алгоритм  түсінігінде  барлық  есептелетін  функциялар  жиынтығына  сәйкес  келетін 
рекурсивті  функциялар  деп  аталатын  жиынтығын  дәл  көрсетіп  берді.  Черч  тезисінің  мәні:  бөлік 
рекурсивті функциялар кластары эффектілі есептелетін функциялар кластарына сәйкес келеді.
Рекурсивті  функциялар  кластарының  дәл  сипатталуы  Черч  тезисімен  қоса  есептегенде  алгоритм 
ұғымының түзетуі болып табылады. 
2. Машиналы математикамен байланысты. Алгоритм ұғымының мәні машинада жүзеге асырыла тын 
процестерді қарастыру жолымен анықталады. Бұл алғаш рет 1936 ж. Э. Пост және 1937 ж. А. Тьюринг­
тің  нұсқауымен  ашылды.  Олар  дәл  математикалық  терминдермен  барлық  алгоритмдік  процестерді 
жүзеге асыруға болатын  машиналы класын сипаттап берді.
3.  Ресей  математигі  А.А.  Марков  жасаған  қарапайым  ұғыммен  байланысты.  Уақыт  өте  келе  қа­
растырылған барлық жағдайлар тең шамалы екені анықталды. Сол арқылы Черч терминінің расталуы 
алынды. 
Сонымен, есептелетін функциялар ұғымының интуитивті жасалу бағытын алғаш рет 1935 ж. 
А. Черч және С. Клини ұсынды. 
Рекурсивті функциялар класы келесі жолмен құрылады: қандай да бір бастапқы, қарапайым функ­
циялар алынады. Содан кейін бар функциялардан ереже негізінде жаңа функциялар құруға болатын 
қандай да бір ережелер құрылады. Функцияларға мұндай операциялар жасауды операторлар деп атау 
келісілген. Онда қажет етілетін функциялар класын қарапайым функциялардан таңдалған оператор лар 
көмегімен алынған барлық функциялар жиынтығын айтады. Әр түрлі операторларға әр түрлі функ­
циялар класы сәйкес келеді.
Әдебиеттер:
1. Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая наука, 1990.
2. Варпаховский К.М. Элементы теории алгоритмов. – М., 1997.
3. Ефремов Д.Н. Алгоритмы. – СПб., 1993.
4. Методика преподавания математики в средней школе / Под ред. В.И. Мишина. – М.: Просвеще­
ние, 1987.

121
Резюме
В  статье  рассматриваются  вопросы  и  этапы  изучения  алгоритмического  метода  в  общеобразова­
тельной школе. Анализируются психологические аспекты усвоения систем умений и навыков мате­
матических знаний. Перечислены этапы алгоритмического процесса, способы обучения учащихся ал­
горитмическому методу, вопросы формирования алгоритма, исторические сведения о возникновении 
алгоритмического метода.
Summary
Article reviews the issues and stages of studying the algorithmic method at schools of general education. 
Psychological aspects of mastering the skills system and mathematical knowledge are analyzed. Stages of 
algorithmic process, ways of teaching algorithmic methods, issues of algorithm formation and historical data 
on occurrence of algorithmic method are listed.
ӘОЖ 377:37.018.48
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПӘНДЕ ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
З.У. УСПАНОВА, 
доцент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Бар құндылықтар – білімге,
Білім – Өмірге,
Өмір – Адамзат үшін,
Сезім – Адам үшін.
Адам – рухани дүние бастамасы,
Рухани құндылықтар – Өмірге,
Өміршеңдік – Ғаламға,
Адамзат құндылығынан Ғаламға,
Бейбітшілікке жетелейді.
  
 
Сатья Саи Баба
Еліміздің  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлерінде  «Өзін­өзі  тану»  пәні  бойынша 
өтілетін  білім  беру  үдерісінің  сапасын  жоғары  деңгейде  қамтамасыз  етуге,  рухани­адамгершілік 
құндылықтардың әлеуметтік тұрғыдан ілгерілеуіне және өзін­өзі тану педагогтарын кәсіби даярлаудың 
тиімді үлгілерін іске асыруға мүдделі болып отырған барлық құрылымдардың күш­жігерін біріктіру 
жөнінде келісімге қол жеткізілді.
«Өзін­өзі тану» курсы – адамның өзіне бағытталған әлемдік және отандық тәжірибелерге сүйенетін 
инновациялық кешенді пән. Ол жеке адамның рухани өсіп жетілуіне, оның қоршаған ортамен қарым­
қатынасын және өз өмірін өзі қалағандай етіп ұйымдастыру дағдыларын меңгеретін жаңа инновация­
лық пән болып табылады.
«Өзін­өзі  тану»  пәнін  оқыту  барысында  мейірім,  ізгілік  заңдылықтарын  басшылыққа  алып,  өз­
өзімен толық үйлесіммен өмір сүруге дайындау бағытындағы тиімді әдістер кеңінен пайдаланылып 
16-0124

122
келеді. «Өзін­өзі тану» курсының мәртебесі, ерекшелігі және алға қойған негізгіміндеті төмендегідей 
әдістер шоғырын ұтымды қолдануға келіп саяды:
– білім көзі бойынша – ауызша сөйлеу (түсіндіру, әңгімелесу, дәріс), көрнекілік (бақылау, демон­
страция), практикалық әдістер (жаттығулар);
– ойлау аспектісі мен танымдық дербестігі дәрежесі бойынша – проблемалық ізденіс әдістері;
– ынталандыру және мотивациялық әдістер (өнегелік әсерлену жағдаяттары, қызықтылық, айқын­
дылық, танымдық ойындар, өмірлік жағдаяттарға талдау, нәтижелілік жағдаяттары).
Бұл  пән  өзіне  тән  рәсімдермен  өткізіледі  және  интерактивті  әдістерді  пайдаланады.  Көпжылдық 
тәжірибелік сынақтан өткізгеннен кейін «Өзін­өзі тану» пәні ҚР мектепке дейінгі білім беру ұйым­
дарының, жалпы білім беретін мектептердің, гуманитарлық колледждердің және педагогикалық жоға­
ры оқу орындарының оқу жоспарының тұрақты бөлігінен өзіне тиісті орнын алды (2 кредит).
Бұл курсты жүргізушілер республикамыздың беделді ғалымдарының жасаған философиялық, пе да­
гогикалық, психологиялық, этнопедагогикалық, әдіснамалық тұжырымдамаларын басшылыққа алып 
келеді.
ҚР  білім  беруді  дамытудың  басты  ағымы  гуманистық  парадигманы  іске  асыру  болып  табылады. 
«Өзін­өзі» тану курсын оқыту процесінде дүние жүзіне танымал рухани көсем философ, кемеңгер Шри 
Сатья Саи Бабаның үш парадигмасы негізге алынады.Бүкіл адамзат баласы үшін:
– бір дін бар, ол – мейірім діні;
– бір тіл бар, ол – жүрек тілі;
– бір ұлт бар, ол – адамзат.
Пәннің міндеті:
– студенттердің бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
– студенттердің қоршаған ортасына деген қызығушылық ояту;
– студенттердің адамгершілік мінез­құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен таныстыру;
– студенттердің когнитивтік (танымдық) белсенділігін арттыру;
– рухани­адамгершілік категорияларына көңіл аударып және өзінің тұлға ретінде «менін» ояту.
Өзін­өзі тануда қолданылатын әдістерді теориялық жағынан жинақтап, Г.М. Қасымованың жіктеуіне 
сүйендік, олар:
1. Белсенді әдістер. 
2. Бағдарламалық және проблемалық оқыту әдістері: тапсырма лар, жағдаят тық тапсыр малар, жо­
балар. 
3. Интерактивтік әдістер (коммуникативтік) – өзара қарым­қатынас пен бірлескен әрекетті танудың 
жолдары мен тәсілдері, белсенді диалог: әңгіме – әдептік және эвристикалық, ойталқы, «ойға шабуыл», 
«дөңгелек үстел», «іскерлік ойындар», практикалық жұмыстар, конкурстар және оларды талдау, тре­
нинг, топтық жұмыс, терапия: ойын терапиясы, ертегі­терапия, бейнетерапия, ойындар және т.б.
4. Диагностикалық әдістер: тестілер – жеке тұлғаның даму деңгейін анықтау мақсатындағы тапсыр­
малар жүйесі. Психологиялық тестілер: а) тұлғалық – жобалау тестілері; б) интеллектуалдық тестілер; 
в) қабілетті тексеру тестілері – креативтік тестілер; г) әлеуметтік­психологиялық тестілер; жетістікті 
анықтау тестілері; педагогикалық тестілер және т.б.
5. Дәстүрлі әдістер.
6. Ойын әдістері: дамытушы ойындар, рөлдік ойындар, саяхат­ойындар.
7. Практикалық әдістер: жаттығулар, этюдтер және т.б.
8. Көрнекілік әдістер: көрнекі құралдар, макеттер, кестелер мен сызбалар, техникалық құралдар: 
аудио, бейне­техника және т.б.
9. Ауызша сөйлеу әдістері: дәріс, әңгіме және т.б.
Бұл инновациялық пәнді енгізудің 10 жылдық тәжірибеміздегі нәтижелеріне сүйенсек олар:
– топ мүшелерінің үрейлену деңгейлері төмендеп, өзіне­өзі сену белсенділіктері артты;
– жеке адамгершілік қасиеттері байытылып, өзін­өзі бағалау көрсеткіштері реттелді;

123
–  тұлғааралық  қарым­қатынастарында  алға  жылжушылық  күшейіп,  ол  топтың  ұжым  ретінде  қа­
лыптасуына оң ықпалын тигізді;
– студенттердің таным қабілеттері артып, «Өзін­өзі тану» пәніне деген қызығушылық көзқарастар 
басым болды.
Оқыту процесінің жаңа ықпалын іздестіру жолында «Біз – Жер шарының ұрпағымыз» атты СОӨЖ 
сабағынан үзінді беруді жөн көрдік.
Сабақтың мақсаты: адамзаттың ортақ үйі ретіндегі Жер планетасын бағалау, сақтау сезімін дамы­
ту.
Бұл сабақта біз ермексазды пайдалану арқылы ертегі терапиясымен таныстырамыз.
Құрметті студенттер! Сіздер білесіздер ме? Алғашқы сиқыршылар қайдан пайда болды? Ерте­ер­
теде құдайлар өмір сүріпті. Солар әлемді ретке келтірді. Сондықтан біз бүгін бірінші адамды және 
оның сиқырлы күшін тануға кездесіп отырмыз. Ол туралы көп аңыздар бар (осы жерде аңызды айтып 
береміз).
Қазір бәріміз шеңбер жасап, столдың айналасына ермексазды алып отырайық. Енді әрқайсымыздың 
ішімізде  қазір  бір  сиқыршы  орналасты.  Күнделікті  біз  өзіміздің  ішімізде  және  бізді  қоршап  тұрған 
әлемді жасаймыз, бірақ оған мән бермейміз. Әр сиқыршының ішкі әлемін Алла тағала жасады дейді. 
Сондықтан біз бүгін өзіміздің ішкі әлемімізді жасаймыз.
Алдарыңызда түрлі­түсті ермексазды көріп тұрсыздар, сондықтан Алла тағала осы ермексаз арқылы 
жерді жасады. «Бүкіл әлем адамның ішінде» атты аңызды іске асырамыз.
Жерді жасауға көмектесетін ермексазды алыңыздар және оны алақанмен жұмсартып, жердің пішінін 
келтіріңіз. Құдай жерді жасаған кезде оның құнарлылығы туралы ойлады, сондықтан жерде өмір сүрген 
болашақ адам өзіне сенімді, мықты бола отырып, өзіне қажет үйлерді жасай алады. Жер адамды еңбек 
етуге үйретеді және одан ләззат алуды. Сонымен құдай жерді жасады. Ол өзінің жасаған жерін басқа 
құдайларға көрсетіп мақтанды. Одан кейін жерге тыңайтқыш беруді ойлады, сол үшін суды жіберді.
Жасаған жеріңізді бөлек қойып, басқа ермексаз алып су жасаңыздар. Құлайлар ойлады, ол су таза 
болады,  жерге  сіңіп  керемет  өнім  береді.  Су  адамдарды  тазартады,  оның  ішкі  әлемін  әр  түрлі  уа­
йымдардан арылтып, сезімталдығын дамытады. Сөйтіп олар суды жасады. Олар өзінің жасаған суын 
басқа құдайларға көрсетіп, мақтанып, рахаттанған. Содан соң жер мен суды біріктіріп бір композиция 
жасаған. 
Енді құдайлар жасаған композицияларын бөлек қойып отты жасауға кіріскен. Жаңадан ермексаз 
алып от жасаңыздар. Отты жасау арқылы құдайлар ойлады: адамдарға жылу беріледі, тағам дайындай­
ды және адамның жанында жылулық береді, сол арқылы олар өмір сүреді және ұмтылыс пайда болады. 
Сөйтіп құдайлар от жасады. Әрқайсысы өз отын бір­біріне көрсетіп мақтанды. Бірақ бұл от олардың 
қолын күйдірген жоқ. Содан соң жер мен суды, отты біріктіріп бір композиция жасаған. Бірақ өмір сүру 
үшін бір элемент жетіспеді: ол – ауа. Сондықтан құдайлар өз композициясын бөлек қойып, басқа ермек­
саздан ауа жасады. Ауа жасау кезінде құдайлар ойлады: ауа арқылы барлық элементтер байланысады. 
Ауа арқылы адамдар тыныс алады, әр түрлі иістерді түйсінуге көмектеседі. Ауа арқылы адамдардың 
ойлары бір­біріне жетеді. Демек, ауа арқылы оқимыз, жаңаны танимыз. Сөйтіп, құдайлар ауа жасады. 
Олар әрқайсысы өздерінің жасаған ауасын бір­біріне көрсетті. Сөйтіп, жерді, суды, отты және ауаны 
біріктіріп бір композиция жасады. Сөйтіп әлемді құрды. Жасаған әлеміне қарап рахаттанды, бір­біріне 
көрсетті. Олардың әрқайсысы әр түрлі болды. Соған таңғалды. Біраз уақыт өтті. Енді бұл әлем үшін 
адамдар қажет болды. Енді құдайлар адам жасауға кірісті. Ал оны жасаған әлемнен жасауды ұйғарды. 
Олардың жасаған әлемі әр адамның ішінде болу тиіс. Сондықтан олар өзінің жасаған әлемін қолына 
алып, өзінің ішкі жылулығымен бір үлкен шар жасады. Енді бұлардың жасаған шарында су, от, ауа, 
жер әр түрлі орналасты. Енді осыдан адамды жасайық деп шешті. Жасалған шарды екіге бөлді. Біреуі 
үлкендеу, екіншісі кішірек. Екеуінен шар жасады. Бірақ бұдан адамды жасау мүмкін емес.
Олар үлкен шарды тағы екіге болді. Біреуі үлкен, біреуі кішкентай. Енді оларда үш шар бар. Бірақ 
ол да адам жасауға жетіспеді.

124
Сондықтан үлкендеуін алып, тағы да екіге бөлді. Біреуі үлкен, біреуі кішкентай. Оны да домалақта­
ды. Енді құдайлардың алдында төрт шар бар. Бірақ ол да аз болды.
Үлкен шарды алып тағы екіге бөлді. Тағы шарға айналдырды. Енді оларда бес шар болды. Құдайлар­
ға  бөлу  процесі  ұнады.  Сөйтіп  үлкен  шарды  тағы  екіге  болді.  Енді  алдарында  алты  шар  тұр.  Енді 
тоқтатуды ұйғарып, үлкен шардан тағы да шамалы шымшып алып, оны домалақтады. Енді алдарында 
жеті шар тұр. Ол жақсы сан деді. Осыдан енді адам жасаймыз деді.
Ең үлкен шар – адамның денесі. Ең кішкентайы – мойны, ал қалғандары – басы, қолы, аяғы. Жеті 
шардан жасалған адам құдайлардың көңіл­күйін көтерді. Бұлар да біз тәрізді болу керек деп шешті 
олар. Сөйтіп адам мүшелерін созып, бір­біріне нық қосты. Сөйтіп бірінші адам пайда болды. 
Енді ол өзінің аяғымен нық тұру керек деп ойлап, аяқтарына тұруға көмектесті. Сөйтіп, құдайлар 
жасаған адамдарын шеңберге қойды. Әрқайсысы рахаттанып қарады.
Құрметті студенттер, мынау сіздердің қолдарыңызбен жасаған адамдарыңыз әлі нәресте. Сондық­
тан құдайлар нәрестелерге сыйлық жасап сыйлайды. Әр сыйлықтың өзінің құпиясы бар, сондықтан 
ойланыңыздар. Өзіңіздің жасаған адамыңызға қандай сыйлық жасар едіңіз, оған қандай тағдыр және 
қасиеттер сыйлар едіңіз? Оны сөзбен жеткізіп өз адамыңызға беріңіз.
Қолыңызға ермексазды алып, сыйлық жасап, адамыңызға сыйлаңыз. Енді зейін тоқтатып шеңбер­
дегі бар адамдарды қарап шығыңыз. Тағы да бір сыйлық жасаңыз, оны қай адамға сыйлағыңыз келе ді? 
Ойланыңыз. Тағы да жиналамыз шеңберді айналасына, енді сыйлықтарыңызды сыйлаңыздар.
Қорытынды. Сонымен бүгінгі сабағымызда біз аңыздар арқылы дүниеде қалай пайда болғанымызды, 
Алла тағала қалай жерді, отты, суды, ауаны жасағанын түсіндік. Сол арқылы әрқайсымыз бүкіл әлем 
адамның ішіндегі дегенді ұғындық.
Енді мынау шынайы әлемге келгенде біз бүгін кімді жасадық? Әрине, өзімізді. Жасаған адамыңды 
өзіңнің ішкі әлеміңе орналастыр. Ал ол үшін өз адамыңды сыйлығымен қоса бір үлкен шарға домалақ­
тауға тиіссіз.
«Өзін­өзі тану» пәні студенттердің жаңа өмірге бейімделіп, өзін еркін сезінуіне, өзіне деген сенімінің 
күшеюіне жағдай жасайды.
Рухани­адамгершілік  білім  беру  –  жас  ұрпақтың  бойына  өмірдің  мәні,  сүйіспеншілік,  бақыт, 
сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз ор­
нын табуына, қабілет­дарынының ашыла түсуіне, ақыл­парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір 
сүруіне қызмет етеді.
Әдебиеттер:
1. Өзін­өзі тану: оқытушыларға арн. әдіст. құрал. 1 курс / құрастырушылар: Нұркеева С.С., Нұрбе ­
ков С.Ж. – Алматы: Бөбек,ҰҒПББСО, 2007. – 216 б.
Резюме
В статье рассматривается классификация методов курса «Самопознание», их краткая характерис­
тика. С целью развития ценностного отношения к планете Земля, как к общему дому человечества, 
представлен конспект занятия СРСП по теме: «Мы – дети Земли». Использован метод сказкотерапии 
по притче «Весь мир внутри меня».
Summary
The article reviews classification of methods of «Self­knowledge» course and its features in­brief. With the 
purpose of developing appreciation of the Earth as a common home of humanity, the outline of the students’ 
individual work under professor’s guidance, themed «We are children of the Earth», is presented. Tale­therapy 
on the basis of «The whole world inside me» was conducted.

125
УДК.004:001:895:372:881:161.1

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет