– практикалық ісәрекетте болу;
– білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру;
– басқаларды тыңдай білу;
– қарымқатынас жасауға үйрету;
– белсенділік;
– қажет болса, көзқарасты өзгерту;
– ел алдына шығып өз ойын айтуға үйретеді;
– әдістері;
– өз ойын тұжырымдай білу.
Ол үшін сыни тұрғысынан ойлау технологиясының сынның стратегияларын ұтымды пайдалану ке
рек. Яғни, оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуге ден қоюды назарға аламыз.
Оқыту процесінде студенттердің интеллекттік белсенділігін арттыру мәселесі – әлі де терең зерттеу
ді талап ететін мәселелердің бірі. Себебі кәсіби білікті мамандарды даярлауда тұлғаның интеллектік
әлеуетін дамыту маңызды бола отырып, оны жаңа бағытта зерттеу алға шығады. Жыл сайын мұны
жүзеге асырудың сан түрлі педагогикалық технологиялары ұсынылып жатыр. Ал олардың ең тиімдісін
оқыту процесінде қолдану оқытушының шеберлігі мен тәжірбиесіне тікелей байланысты.
Әдебиеттер:
1. Бұзаубақова Қ.Ж. Мұғалімнің инновациялық ісәрекетке даярлығын қалыптастырудың теориясы
мен практикасы. – Алматы: Жазушы, 2009. 35 бб.
2. Ожегов С.И. Словарь русского языка: 70 000 слов / Под ред. Н.Ю. Шведовой. – М., 1981.
3. Халперн Д. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. – СПб., 2002.
4. Тілдік тұлға қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы // Білім – Образование. – 2007. –
№ 5. – 1223 бб.
Резюме
В статье автор рассматривает использование педагогической технологии развития критического
мышления посредством чтения и письма. Особенностью данной технологии является то, что студент
в процессе обучения сам конструирует этот процесс, исходя из реальных и конкретных целей, сам от
слеживает направления своего развития, сам определяет конечный результат.
249
Summary
Author examines application of educational technology of developing critical thinking through reading and
writing. Peculiarity of this educational technology is that the student, in the education process, constructs this
process by himself – based on actual and specific needs, student tracks the course of personal development and
determines the final result.
ӘОЖ 001.89057.876:371.212
АРНАУЛЫ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ
МАМАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
А.Қ. АЛДАН,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті колледжі,
Қазақстан Республикасы
Ғылыми зерттеу жұмысы – ғылыми әдістәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір обьект жөнінде
жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген обьектілермен
танысу. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру са
пасының маңызды міндеті болып саналады. Ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашула
рына қол жеткізетін жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі
болуы тиіс. Яғни, мұндай оқытуда бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. « Балаға өз
бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» деп Питер Клайн айтқандай,
оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын
күйде емес өзі ашады. Биік танымдық қабілет, тұрмыстіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың
ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан бас
талуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп
табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын әрқайсысымыз білеміз. Ендеше, оқушыны ізденушілікке
баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға,
ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмек беру қажет. Оған қол жеткізетін
тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде қоғамдықәлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына бай
ланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып
жатыр.
Алғашқы сабақтарда жетекші оқушыларға зерттеу жұмысының мәнін түсіндіреді, олардың дайын
дық деңгейін, ғылымға деген қызығушылығын анықтайды, ұсынған тақырыптарын белгілейді. Зерттеу
тақырыбы өзіне қызықты болуы керек. Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу
болып табылады. Проблема деген сөз ежелгі грек тілінен аударғанда «міндет», «кедергі», «қиындық»
деген ұғымды білдіреді. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жанжақты ізденісті талап етеді.
Тақырып проблеманың сипатын ашып береді. Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады:
– қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;
– өзіндік бақылаулар мен эксперименттер жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмперика
лық тақырып;
32-0124
250
– түрлі қайнар көзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған
теоретикалық тақырыптар.
Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек.
Болжам – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам
шындықта да, жалғанда да болуы мүмкін емес, ол тек анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға
айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап материалдармен келісілуі тиіс.
Зерттеу объектісі теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар, қасиеттері жиынтығы және
ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі қызметін атқарады.
Зерттеу пәні нақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады,
ғылыми ізденістің шекарасын орнатады. Әрбір объектіде бірнеше зерттеу пәндерін бөліп алуға болады.
Зерттеу пәні сол зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқа, нақты болады. Ол зерттеудің міндеттеріне
дамытылады, айқындалады.
Зерттеудің келесі кезеңі зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Бақылау, эксперимент, ақпарат
тар жинау, іздеу, зерттеу әдістері бола алады.
Бақылау – өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негіздел
ген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде
түрді сипаттайды.
Эксперимент – зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен бірге
қолданылады.Эксперимент сөзін латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген ұғымды білдіреді. Бұл та
ным әдісі арқылы қоғамдағы немесе табиғаттағы құбылыстар қатаң бақылау мен басқару жағдайында
зерттеледі.
Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинақтайды, жүйелейді. Зерттеу
дің соңғы кезеңі орындалған зерттеу жұмысын қорғаумен аяқталады. Қорғаузерттеудің жетістігі және
жаңа зерттеулердің бастапқы кезеңі болып табылады. Қорғауға әдетте шектеулі уақыт беріледі. Осы
уақыт ішінде зерттеуші ғылыми тақырыбының өзектілігін аша білуі тиіс, жұмыстың логикасы, тілі,
құрылымы мен жиналған материалдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады
Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері:
• Ұсынылған тақырыптарды өз қызығушылығына қарай таңдау.
• Таңдаған тақырыбын талдау немесе жетекшісімен кеңес алу.
• Жетекші ұсынған әдебиеттерге талдау жасау.
• Танысқан материалдар мен тақырыпқа сәйкес жоспар жасау.
• Теориялық материалдар негізінде зерттеу жұмысын бастау.
• Жұмысты рәсімдеу (710 мин) баяндама жасау.
Ғылыми зерттеу жұмысын жазу үшін оқушыға қажетті зерттеу дағдылары:
• Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу – ғылыми зерттеудің негізі. Материалдарды ретімен,
терминдермен, түсініктермен таныса отырып оқу керек. Әрбір терминмен, түсінікпен жете таныс болу
үшін олардың практикалық түсініктерін ашуға тырысу керек.
• Кітаптағы материалдарға сыни қарау дағдысы. Кітаптағы материалдың шынайылығына көз жеткізу
үшін оларды салыстыратын өзіндік пікір болуы тиіс. Ол үшін өзіне мынадай сұрақтар қоюға болады:
әдебиеттегі қай пікір нақтырақ? Теориялық пікірлер практикада дәлелді ме?
• Өзінің ойын нақты және түсінікті жеткізу дағдысы. Өзінің зерттеу жұмыстарын жүйелі жеткізіп,
бір мәселеден екіншісіне байланыстыра отырып өту қажет. Жұмыста «Менің ойымша», «Менің пі
кірімше», «Маған белгілі», «Дәлелдемелер жасалған талдау көрсеткендей» деген сөздер қолданылуы
тиіс.
251
Зерттеу жұмыстарының түрлері
Түрі
Құрылымы
Баяндама
кіріспедегі қысқаша ескертпелер;
тақырыптың ғылымипрактикалық құндылығы;
негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні;
қорытынды және ұсыныстар.
Тезистер
баяндаманың негізгі мазмұны;
негізгі ұсыныстар мен қорытынды.
Ғылыми мақала
тақырыбы;
кіріспедегі ескертпелер;
зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет;
ғылыми нәтижелерге талдау және оларды қорыту;
ұсыныстар мен қорытынды;
сілтеме жасалған әдебиеттерді көрсету
Ғылыми есеп
ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қыс
қаша баяндау;
жүргізілген жұмыстың құндылығы, практика мен ғылымдағы мәні;
қолданылған әдістәсілдерге нақты сипаттама;
жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау;
шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыту;
ұсыныстар мен қорытынды.
Реферат
кіріспе бөлімі
негізгі мәтін
қорытынды бөлім;
әдебиеттер тізімі.
Ғылыми жоба
кіріспе бөлімі;
негізгі мәтін;
эксперимент нәтижесі;
қорытынды бөлім;
әдебиеттер тізімі.
Педагогика пәні бойынша «Оқыту процесі» тақырыбына байланысты мынадай зерттеушілік жоба
ұсынуға болады.
1. Оқыту процесі – оқыту мен оқудың бірлігі.
2. Оқыту процесінің негіздері.
3. Оқушының жеке тұлғасы және білім алуы.
4. Оқу мотивтері.
5. Білімділік процесс – жеке тұлғаның ішкі әрекеті ретінде.
6. Әр түрлі ғалымдар берген оқыту процесі ұғымының анықтамаларынталдап, қандай мәселеге
баса назар аударатынын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз. Зерттеу адамның өміріне,
табиғатқа байланысты түрлі бағытта жүргізілуі мүмкін.
Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар. Ұсынылған ғылыми зерттеу жұмысы төмендегіше кө
рінуі тиіс:
1. Жұмыс мәтіні компьютерде терілуі тиіс.
– титул беті;
– мазмұны;
– аннотациясының болуы;
252
– кіріспесі;
– зерттеу бөлігі;
– қорытынды, әдебиетттер тізімі болуы қажет.
2. Титул бетінде зерттеу жұмысы орындалған мекеменің толық атауы,
автордың және жетекшінің атыжөні.
3. Аннотацияда жұмыстың қысқаша мазмұны берілуі керек:
– зерттеу мақсаты;
– болжамы;
– зерттеу кезеңдері;
– эксперимент әдістемесі;
– зерттеу жаңалығы;
– жұмыс нәтижесі мен қорытынды.
4. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері қысқаша баяндалады.
5. Жұмыстың зерттеу бөлігі жеке тараулардан тұруы мүмкін. Олар:
– тақырып бойынша белгілі зерттеу нәтижелеріне шолу;
– белгіленген міндеттерді шешу әдістеріне сипаттама;
– жұмыс нәтижесі мен оларды талдау,
– көрнекілік материалдары.
6. Әдебиеттерге сілтемелер нөмірленіп,жақшаға алынуы тиіс.
7. Кіріспе 1 бет, жұмыстың негізгі бөлігі 15 бет, қорытынды 12 бет көлемінде болуы тиіс.
8. Әрбір жұмыс жетекшінің орындалған жұмыстың өзектілігі мен құндылығы жөнінде пікірмен
бірге жүруі тиіс.
9. Баяндамаға демонстрациялайтын материал дайындауға болады. Көрнекіліктің көлемі оқушының
бойына сәйкес дайындалуы тиіс.
Баяндау мәдениеті:
1. Баяндама 10 минутқа дейін.
2. Баяндау нақты өту керек.
3. Жұмыс көрнекі құралдармен бірге баяндалады.
Резюме
В статье рассматриваются организация научноисследовательских работ учащихся, необходимые
навыки, виды задач для выполнения научноисследовательских работ.
Особо подчеркиваются актуальность и новизна, теоретическая и практическая значимость данной
темы.
Summary
Article reviews the arranging of students’ scientific research papers, required skill and types of tasks for
execution of scientific research works.
Special attention is paid to the relevance and originality, theoretical and practical significance of the chosen
topic.
253
ӘОЖ 801.3:82.03
ЛИНГВО-КОГНИТИВТІ МОДЕЛДЕРДІ АУДАРМАДА ҚОЛДАНУ
И.А. ӘНУАР,
магистрант,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Когнитивті лингвистика тіл көмегімен информацияларды беру, сақтау құрылымдарымен терең
детуге арналған. Когнитивтік лингвистика нысандарының ерекшелігі: біріншіден, олар адамның пси
хикалық мәдени қызметінің негізінде жеке сөз өрісінен әлем бейнесіне дейін түрленеді, екіншіден,
тілдік сипаттаудың өзіндік құралдарын когнитивтік қыры ретінде адамның танымдық қабілетін
қалыптастыруға маңызды күш салады. Когнитивтік ғылымның басты назар аударатын негізі – «тілдік
бейнесі», «әлемнің ұлттық бейнесі» немесе когнитивтік модель кейде әлемнің концептуалды бейнесі
деп те аталады. Мұнда «Әлем» сөзіне анықтама берейік. Әлем – адам мен қоршаған ортаның, өзара
ақпараттың өңделген нәтижесі. Әлем бейнесі – өмір шындығының нақты ақиқат ұғымындағы оймен
жасалған бейнесі. Лингвокогнитивті модель ұғымы туралы әр түрлі ғалымдардың еңбектерінде әр
түрлі анықтама берген.Е.Г. Белявскийдің айтуынша, бұлмағына – кең көлемде тілдік модельдердің
танымдық моделі. Аударманың теория мен тәжірибесін зерттеген авторлар әр түрлі тәсілдерді
жасап шығарған болатын. Соның ішінде А.В. Федоров, 1968; А.Д. Швейцер, 1996; В.Г. Гаг 2000;
K. Reiss 1971; ағылшын тіліндегі сөздердің семантикалық құрылымы мен талдауын және оның
аудармадағы баламаларын тапқан болатын. Бұл жүйе кезінде ағылшын тіліндегі «терең мазмұнды
категориялар», лексикалық бірліктер, төмендегідей трансформациялармен, аударма тіліндегі терең
мазмұнымен ерекшеленеді. Мысалы, «қарабеттік, әдепсіздік» [В.Н. Комиссаров 1973, 46б.]. «Қара»
сөзінің қазақ тіліндегі терең мағынасы – «қарсы, нашар» концентраттың жоғарғы деңгейдегі бо
лымсыз қасиеті. Ағылшын тіліндегі бұл категорияның мағынасы «Possessing certain qualities to an
extreme degree». В.Н. Комиссаровтың ойынша, бұл категорияның лексикалық бірлігін анықтайтын
бірегей критерий болмаған, ол үлкен қиындықтармен байланысты. Сонымен қоса, бір ғана жағдайды
жеткізу үшін әр тілде әр түрлі мазмұнды категориялар қолданылатыны сұрақ болып қала береді.
Мысалы, «Бұл сен жағынан өте нашар» – «Іt’s small of you», «нашар» сөзінің мағыналы категория
сы «жағымсыз қасиет», «small» бір нәрсенің аз көлемі деп трансформацияланады. Лингвистикалық
категоризацияның мәселе сін шешу үшін тілдегі мәселелерді когнитивті қайта өңдеу, анықтау
қолданылады. Берілген сөздің лингвокогнитивті моделінің лексикалық мағынасы анализ жүйесінде.
Лингвокогнитивті моделді бөліп көрсету түсінікті, әрі пайдалы бір категорияға әкелу, ол бір сөздің
әр түрлі жағдайларда қолдануға болатынын түсіндіреді. Мысалы, «қара» сөзінің лингвокогнитивті
моделі қоғамдағы кез келген құқық бұзушылық лексикалық бірлігін білдіреді. «Қара қайрымсыздық»
– моральді нормалардың бұзылуы; «Қара археолог» – ресми емес жұмыс істейтін заң бұзушылық.
Мысалы, «Іt’s small of you» сөйлемінің қазақ тіліндегі лингвокогнитивті моделін анықтау; «Small»
сөзі лингвокогнитивті модель – «бір қасиеттердің аз мөлшері», «Small» cөзінің бұл жердегі аудармасы –
«нашар». Мұнда лингвокогнитивті модельдің мағынасы – «жақсы қасиеттері аз». Сонымен қоса,
лингвокогнитивті модельдерді көрсету интерпретация мен белгісіздігі жоғары, анық емес аудармаға
сай келеді. Мысалы, «Have another pull, the well is far away» сөйлемі мынадай қате түсінікпен берілуі
254
мүмкін: «Әлі біраз жүр, құдық алыс». Мұнда «pull» сөзінің лингвокогнитивті моделін табамыз –
жылдам, бір минуттай созылыңқы күш, ол төменнен жоғары қарай әрекет етеді. Ал оның дұрыс ау
дармасы – «тағы бір рет іш, құдық алыс». Көрсетілген мысалдан бір сөздің мағынасы сөйлемді толық
түсінуге мүмкіндік береді.
Лингвокогнитивті модельді лексикалық бірлік ретінде, мақалмәтел, фразеологизм ретінде келсе
де қолдана аламыз. Мына ағылшын мақалының аудармасын қарастырайық: «A rolling stone gathers
no moss». В.Н. Комиссаровтың айтуы бойынша бұл сөз былай деп қате түсінілуі мүмкін: «Бір орын
да тұрып қалмау керек, істе алға жылжушылық болу керек», ал оның дұрыс аудармасы: «Жамыра
май осында отырыңдар». Ағылшын сөзі «moss» – лингвокогнитивті модель – ылғал жерде өсетін
кішкентай жасылсары түсті гүлсіз өсімдік. Онымен сәйкестенген келесі лингвокогнититивті мо
дель ағылшын сөзі «gather» шашылған заттарды бір жерге жинау, бір ыдысқа жинақтау мағынасын
білдіріп, орыс тіліндегі «По свету бродить добра не нажить» мақалымен баламаланады. В.Н.
Комиссаровтың айтуынша, бұл сияқты айтылымдардың, мақалмәтелдердің аудармалары өте қиын
болып келеді, бұл тұста аудармашы оның тек қана баламасын таппай, сол сөздің тобықтай түйінін,
мәнмағынасын ашып көрсе ту керек. Хабарламаларды жеткізу түрі: «Thank you for not smoking» –
«Бізде темекі шекпейді». Сөйлемді жеткізу түрлері: «He found him in his slippered ease by the fire» –
«Ол өзінің досын пештің жанында үй аяқ киімімен демалып отырғанын көрді». Тілдегі белгілер: «to
take steps» – шара қолдану.
Оқудың нәтижесі көрсеткендей, лексикалық бірліктерде сөйлемдерде модельдерді бөліп қарау кез
келген деңгейдегі аударманың адекватты аудармасын табуға көмектеседі. Мұндай мұнтаздық конкре
тизация, генерализация және модуляция сияқты лексикалық трансформацияларды қолдану арқылы
жүзеге аспас еді. Сонымен қоса, модуляцияны хабарлама құрылымына қолдансақ қате аударма шығар
еді («рull» сөзінің аудармасы – жорғалау) немесе бұл жағдайда қай логикалық ойды қолдану керектігі
анық емес болады. Сонымен қатар, лингвокогнитивті модельдердің полисемантикалық, лексикалық
бірліктерін басқа аударма түрлерімен салыстырғанда жақсырақ аударылады, әсіресе қарымқатынас
мақсатын, жағдайларды, хабарлама құрылымын аударғанда.
Г. Гиздатовтың тұжырымынша: «Когнитивтік модель құрылымы прототип пен бейнелі ұғымнан
құралады». Когнитивтік модель сөздің лексикалық мағынасының кодталған ақпараты.
Е. Белявскаяның докторлық диссертациясында когнитивтік модель лексикалық деп көрсетілді. Бұл
модель мағыналық және логикалық құрылымынан туындайтын абстракция модельдері жайлы ақпа
рат ретінде де айтылады. «Когнитивтік модель» – тілдік бірлік мазмұнын когнитивтік бейнелеу, оның
құрамында соған сай когнитивтік операциялар жиынтығы бар.
Қорыта келгенде, лингвокогнитивті модельдерді қолдана отырып аудару мынадай нәтиже береді:
басқа тілде берілген мәтіндерді, мақалмәтелдерді, т.б. өз ана тіліңде толық және дұрыс түсіну, оның
аудармадағы басқа баламаларын табу, сонымен қоса, сөздікте аудармасы берілмеген аудармалардың
неғұрлым дұрыс баламаларын қолдану.
Әдебиеттер:
1. Белявская Е.Г. Семантическая структура слова в номинативном и коммуникативном аспектах (ког
нитивные основания семантической структуры слова): автореф. дис. ... дра филол. наук. – М., 1991.
2. Буданова Е.А. Методика обучения переводу на основе лингвокогнитивных моделей (начальный
этап, языковой вуз): автореф. дис. ... канд. пед. наук. – М., 2001.
3. Васильев Л.М. Теория семантических полей // Вопросы языкознания. – 1971. – № 5.
255
4. Дейк Т.А. ван, Кинч В. Стратегии понимания связного текста // Новое в зарубежной лингвистике.
Вып. 23. – М., 1988. – С. 153211.
5. Бондарко А.В. Вопросы теории функциональносемантического поля и возможные ее прило жения
к анализу видовых значений русского глагола // Всесоюзная конференция «Научнометоди ческие осно
вы преподавания русского языка в педагогических институтах» (АлмаАта, 1970 г.) / Ред. Н. М. Андреев,
З.И. Жакова, Н.Н. Прокопович, А.В. Текучев. – М., 1970. – С. 2629.
6. Мюллер В.К. Новый англорусский словарь. – М., 2003.
7. Халеева И.И. Основы теории обучения пониманию иноязычной речи (подготовка переводчиков). –
М., 1989.
8. Щур Г.С. Теории поля в лингвистике. – М. – Л., 1974.
9. Босова Л.М. Соотношение семантических и смысловых полей качественных прилагательных:
психолингвистический аспект: автореф. дис. ... дра филол. наук. – Барнаул, 1998.
Резюме
В статье описывается необходимость использования лингвокогнитивных моделей при нахожде
нии адекватных переводческих соответствий полисемантических слов и единиц с расширенной и
суженной по сравнению с родным языком переводчика семантикой при переводе на разных уровнях
эквивалентности. Употребление лингвокогнитивных моделей позволяет обеспечить более глубокое
понимание иноязычного высказывания и способствует формированию навыков и умений, необходи
мых для осуществления переводческой деятельности. Приведены высказывания писателей разных
времен о лингвокогнитивных моделях.
Summary
Article describes the need to use linguisticcognitive models in selecting adequate translation equivalents of
polysemantic words and units with extended and narrowed, compared to the native language of the translator,
semantics at different degrees of equivalency. Application of linguisticcognitive models allows providing
deeper understanding of foreign language saying and contributes in formation of the skills and expertise,
required for skillful execution of translation. Statements of writers of different ages about the linguistic
cognitive models are presented.
256
ӘОЖ:161/162:366,63:347.78.03
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫНЫҢ АУДАРМАНЫ
ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Р.Т. ЖҰҚАШЕВА,
магистрант,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Қазіргі жаһандану мен ақпараттық технологиялар заманында бұқаралық ақпарат құралдары дис
курсын зерттеу үлкен маңызға ие болып отыр. Соңғы 20 жылда дискурс массмедиа ұғымы үлкен
өзгерістерге ұшырады. Оның себебі, еліміздегі саяси және мәдени өзгерістермен шартталған. Дискурс
массмедияны зерттеу соңғы жылдары аса өзекті болуы бірнеше факторларға байланысты. Солар дың
бірі – бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі рөлінің артуы. Бұқаралық ақпарат құралда
рын «төртінші билік» деп атайды. Оның саясатқа, білім беру жүйесіне және басқа әлеуметтік институт
тар ға ықпалы зор болып отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын аударманы оқыту процесінде пайдалануды зерттеу келе
сі бір себебі – қазіргі лингвистикаға тән тілдік материалды коммуникативтікогнитивті позициядан
оқыту. Бұл тілдік форманың мазмұнын үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат
құралдар тілі айқын әлеуметтік функцияларға ие бола отырып, әлеуметтік, экономикалық және мәдени
өміріне, адамдардың тілдік санасезімінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Ал өз кезегінде көптеген
әлеуметтік факторлар бұқаралық ақпарат құралдары тіліне тән ерекшекліктерді қалыптастырады.
Аталған мәселелерді лингвистика, психология, әлеуметттану, саясаттану және басқа да ғылымдар зерт
теуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуындағы әлемдік негізгі бағыт ақпараттық қоғамға алып
келсе, оның негізгі қозғаушы күші жаңа технологиялар болып табылады. Қазіргі педагогика теория
сы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім
беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқыту жаңа технологиялары алдымен жете
меңгерген онан соң оқу мазмұнына, студенттердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай
таңдап пайдаланудың мағызы зор. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы істәжірибемізде жиірек
қолданылып, практикаға енуде. Ал, технология түсіндірмесін сөздік қандай да болсын істе, шеберліктегі,
өнердегі амалдардың жиынтығы деп, ал «Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол
жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының
жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп түсінік береді.
«Дискурс» ұғымының жиі қолданылуына қарамастан оның жалпыға ортақ түсінігі жоқ. Ол «тіл»,
«коммуникация», «қоғам», «мәдениет» және т.б. ұғымдар сияқты көпқырлы болып табылады. В.Г. Бо р
ботько «... Адамның ісәркетінің әр саласының өзіне тән дискурсы бар. Бұл дискурстарда адамның
рефлексияға және коммуникацияға деген қабілеттері жүзеге асады» деген болатын. Сондықтан да
аталған ұғым ғылыми тілтану шегінен шығып, адам ісәрекетінің түрлі салаларында қолданыла бас
тады (іскерлік дискурс, Фуко дискурсы және т.б.). «Дискурс» ұғымын түсінуде әр түрлі жағдайларға
байланысты. Ф.Е. Фельдман «дискурс» ұғымын қолданудың үш негізгі класын ерекшелеп көрсетеді.
Бірінші класқа «дискурс» ұғымының лингвистикалық қолданылуын жатқызады. Оның өзі де алуан
түрлі, кейді тіпті омонимді болады. Т.М. Николаева, мысалы, «дискурс» ұғымының келесі бір мағы
насын атап көрсетеді: 1) мәтін байланысы; 2) мәтіннің ауызша формасы; 3) диалог; 4) мағынасы жа
ғынан өзара байланысты айтылымдар тобы.
257
«Дискурс» ұғымын қолданудың екінші класы публисцистикада кеңінен қолданылады. Өкілдері:
француз структуралисттері мен постструктуралисттері (М. Фуко, А. Греймас, Ж. Деррида, Ю. Кристе
ва, М. Пеше және т.б.). Олар стиль мен дара тілдің дәстүрлі ұғымын нақтылағысы келді. «Дискурсты»
осылайша түсіну басым жағдайда социологиялық түрде болады.
«Дискурс» ұғымын пайдаланудың үшінші класы неміс философы және социологы Ю. Хабермаса
ның есімімен байланысты. Бұл жағдайда дискурс ұғымында коммуникацияның ерекше бір түрі түсі
ніле ді. Оның негізгі мақсаты – коммуникацияларға қатысушылардың көзқарастары мен ісәрекеттерін
объективті талқылау және бағалау («рационалдылық дискурсы»).
«Дискурс» ұғымының осындай үш түрлі мағынасы бірбірімен тығыз байланысып жатыр. Осы
себепті оларды гуманитарлық ғылымда пайдалану қиындық келтіреді. Сондықтан түрлі ғылыми
бағыттардың пайда болуына себепкер болады. Біздің зерттеуіміз бұқаралық ақпарат құралдары дис
курсымен байланысты болғандықтан, біз түрлі ғылыми мектептердің негізгі ережелері мен жоғарыда
айтылған бағыттарға тоқталып өтеміз.
Мәдениеттің қазіргі даму жағдайы сөздік қордың, бұқаралық коммуникацияның (бұқаралық ақпарат
құралдары) дамып, етек жаюымен сипатталады. Бұқаралық ақпарат құралдары адамзат қоғамының
маңызды әрі ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазіргі қаманғы терминологияда адам ісәрекетінің түрлі салаларында бір мезгілде мынадай ұғым
дар пайдаланылады: бұқаралық коммуникация, бұқаралық мәдениет, бұқаралық коммуникация тілі,
бұқаралық ақпарат құралдары тілі немесе баспасөз тілі, бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы не
месе бұқаралықақпараттық дискурсы.
Адамаралық коммуникация дегеніміз екі немесе одан да көп тілдік тұлғалардың болашақта біріккен
ісәрекет етуге қажет бірбіріне ықпал ету мақсатында ақпарат алмасуы болып табылады.
Зерттеушілер формасы жағынан әр түрлі коммуникация түрлерін ажыратады: тұлғааралық, жанама
және бұқаралық. Жанама коммуникация дегеніміз – телефон байланысы немесе электрондық пошта
арқылы жасалған байланыс, яғни жеке бір құрал немесе ақпарат беру каналын пайдаланып қарым
қатынас жасау. Бұқаралық коммуникация дегеніміз, мысалы, журналист оқиға орнынан репортаж
жүргізген болса, ал оның бейнесін көптеген халық қабылдап отырса бұқаралық деп айтуға болады.
Дегенмен, бұқаралық коммуникация және бұқаралық ақпарат құралдары ұғымын бірдей қарауға бол
майды.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз, ең алдымен, «ақпаратты жаппай таратуға жұмылдырылған
техникалық құралдардың, қоғамдық ұйымдардың және адам ресурстарының жиынтығы» деп тү сін
діріледі. Ал бұқаралық коммуникация – осы ақпаратты тарату процесі. Осы аталған ерекшеліктер
қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де ерекшеленіп көрсетіледі. Философиялық энциклопедиялық сөз
дікте бұқаралық коммуникация ұғымына мынадай анықтама беріледі: «Бұқаралық коммуникация –
бұл адамдардың баға беруіне, көзқарастарына және мінезқұлқына ықпал ету мақсатында өте үлкен
аудиторияға жүйелі хабар тарату болып табылады» [ФЭС, 1989:344].
Бұл анықтаманы Ж.В. Николаева толықтырады, ол бұқаралық коммуникация деп «саны жағынан
үлкен аудиторияға техникалық құралдар арқылы (пресса, радио, теледидар және т.б.) ақпаратты
(білімді, рухани құндылықтарды, адамгершілік және құқықтық нормаларды және т.б.) тарату процесін
айтады [Ж.В. Николаева, 2005:235].
Бұқаралық коммуникацияның өзіндік ерешеліктері бар, олар:
• Ақпарат көздерінің институтционалдығы;
• Ақпарат көздері мен аудитория арасындағы кері байланыстың алшақтағы;
• Аудиторияның бұқаралығы;
• Аудиторияның гетерогендігі;
• Ақпарат пен байланыстың жоғары жылдамдықты және репродукциялық құралдарын пайдалану;
• Хабарлардың жылдам таратылуы;
• Салыстырмалы түрде ақпараттың тұтынушылық құнының арзан болуы.
33-0124
258
Жаппай мәдениет ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған социомәдени модернизация
және технологиялық дамудың индустриалдық кезеңнен постиндустриалдық кезеңге өту нәтижесінде
пайда болған қазіргі заманғы қауымдастықтың ажырамас бөлігіне айналды. Бұқаралық мәдениеттің
негізгі бағыттары мен көріністерінің бірі – халыққа өзекті ақпаратты таратумен айналысатын, қара
пайым адамға болып жатқан оқиғалардың, қайраткерлердің көзқарасы мен ісәрекетінің мағынасын
түсіндіретін бұқаралық ақпарат құралдары.
Қорыта келгенде, бұқаралық ақпарат құралдары коммуникацияның (дискурстың) ерекше типіне
жұ мылдырады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы коммуникацияның ерекшелігі, бір жағынан, со
циомәдени жағдаймен, екінші жағынан, осы жағдайды өзгерте алуында. Бұқаралық ақпарат құралдары
тілі, жаппайақпараттық дискурс, бұқаралық ақпарт құралдары дискурсы ұғымдарының мағынасы
бір деген де пікірлер бар. Тіл – қарымқатынас құралы, дискурс – оны жүзеге асырудың әлеуметтік
детерминацияланған типі. Дискурсты зерттеу жұмыстарын (Р. Водак, Н. Фэрклау, Г. Кресс, У. Чейф,
Г.А. Орлов, В.Г. Борьботко, В.И. Карасик, Г.Н. Манаенко және т.б.) назарға ала отырып мынадай түсінік
береміз. Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы дегеніміз – әлеуметтік-тарихи жағдайлармен
шартталған, сонымен қатар, тілдің ерекшелігін құрайтын компонент ретінде мәтін ді ұйымдастыру
мен интерпретациясының стереотиптерімен бекітілген бұқаралық ақпарат са ласында жалпыға
ортақ қабылданған субъекттің тілдік мінез-құлқы.
Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының төрт компоненттен тұратын моделіне орта (бұқаралық
ақпарат саласы), тілдік қарымқатынас субъектілері (журналистоқырман), тілдік қарымқатынастың
мазмұнын анықтайтын ішкі контексті және тілдік қарымқатынасты жүзеге асырудың формасы (мыса
лы, сұхбат, газетте жарияланған мақала және т.б.) жатады.
«Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы» ұғымын түсіндіруге байланысты ортақ пікірдің болмауы
на қарамастан зерттеушілер оның функциялары мен қызметтерін жанжақты әрі нақты сипаттама беріп
отыр. Біз соларға арнайы тоқталып өтсек.
Қазіргі таңда жаһандану процесі барлық ақпарат құралдарына дерлік тән. Кейбір елдердің бұқара
лық ақпарат құралдары қызметіне шектеу қоюға тырысуға талпынғанымен, оның адам өміріндегі
рө лі күшейе түсуде. Сондықтан да зерттеушілер бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын зертте
уге бет бұрғанының негізгі себебі болып табылады. И.А. Стерниннің «Әлеуметтік факторлар және
публисцистикалық дискурс» деген мақаласы осының көрсеткіші. Автор орыс тілінде және орыс ком
муникциясындағы өзгерістер мен даму жағдайларын анықтайтын әлеуметтік факторларға талдау жа
сайды. Оларға мыналар жатады:
– саяси еркіндік;
– сөйлеу еркіндігі;
– саяси плюрализм, еліміздегі қоғамдықсаяси өмірдің демократиялануы және т.б.;
– нарықтық экономиканың дамуы және т.б.
Бұқаралық ақпарат құралдары дискурсындағы өзгерістерді мынадай етіп анықтап көрсетеміз:
– публицистиканың орализациясы, яғни бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының формасы жаз
баша бола отырып, біртіндеп ауызша формаға ауысуда, онда ауызша сөйлеуге тән тәсілдер басым бола
бастады;
– бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының плюрализациясы, яғни белгілі бір тақырыпқа арналған
бұқаралық ақпарат мәтіндері әр түрлі болып отыр. Оған саяси жағдайлар мен күштер ықпал етуде.
– құралдарының персонификациясы, яғни оның формасы мен мазмұны нақты бір стандарттың
көлемінен тыс болады. Түрлі авторларда түрліше сипат алады. Қазіргі кезеңде журналистің дербес
стиліне бұқаралық ақпарат құралдары органдары қолдау көрсетеді.
– бұқаралық ақпарат құралдары тілінің коллоквиализациясы.
259
Әдебиеттер:
1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. –
1999. – 6 тамыз.
2. Мемлекеттік билік және БАҚ: өзара қатынастар ережесі // Ақиқат. – 2003. – № 4.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары: бүгінгі және ертең // Ақиқат. – 2001. – № 5.
4. Массмедиа как индикатор свободы общества // Вестник ҚазНУ. сер. жур. – 1997.
5. Средства массовой информации в политической системе современного капитализма. – М., 1988. –
17 с.
Pезюме
В статье рассматривается теория, согласно которой национальные или социальные меньшинства
ожесточаются по отношению к окружающему их обществу изза того, что они считают, что предвзято
относящиеся к ним средства массовой информации оказывают сильное влияние на окружаю щее об
щество.
Summary
The given article reviews the theory, according to which national or social minorities become embittered
towards surrounding society as a result of minority’s mindset, that biased mass media strongly affect the public.
|