Бағдарламасы аясында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында облысымызға жұмыс сапары



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата15.03.2017
өлшемі18,81 Mb.
#9443
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

    Нұрғалиева  А.М., 

Есеева  Г.Н.,  Аманбаева  М.Р.,  Ауелбаев 

З.Б.,  Асильбекова  Г.А.,  Батыров    А.Б., 

Власова  Н.А.,  Набиев  Ж.Н.,  Нұржанова 

А.К.,  Мұ ттайырова  Т.М.,  Другакова 

Л.А.,  Жанғалиева  Р.У.,  Мустафина  А.С., 

Алтыбаева Ш.М., Мансурова М.А., Комаров 

С.Д.,  Джубатырова  С.С.,  Сагинова  Б.К., 

Садыкова Г.А., Антонова Н.М., Байтлеуов  

Д.М.,  Жардемова  А.Б.,  Өмірзақов  Л.Қ., 

Пальгова  В.В.,  Окунова  О.П.,  Ерғалиева 

А.Т., Алимбаева Г.Б., Попов М.М., Лягавина 

В.Н., Ворфоломеева О.В., Нұрпейісова Н.Е., 

Потиченко  Э.Г.,  Рахимова  Ж.А.,  Абуова 

Р.С., Коленко И.М., Есенқызы Ы., Мұқанова 

М.Т.,  Мәдір  Қ.,  Хамзин  Т.,  Тілеуханов  Н., 

Давлетова  Б.,  Искалиева  Ш.,  Пак  Ю., 

Молдашева Б. 



Ґ

№ 12 (869)

 қазан 

2011 жыл


9

к

 «Денсаулық фестивалі - 2011» акциясы аясында қаламызда «Анам, әкем және 



мен – спорттық отбасы!» атты көпшілік жүгіру, эстафеталық жүгіру, қазақ күресінен 

жарыс болып өтті. Шара университет басшылығының шешімімен Атоян атындағы 

қалалық стадионда болып өтті. Жарысқа 1000 студент және көпшілік кроссқа 200 адам 

қамтылды. Жарыс қызық әрі тартымды өтті. 

-  «Қазақ  күресі  7  салмақ  бойынша  өту  керек  еді,  ауа-райының  қолайсыздығына 

байланысты  4  салмақ  категориясынан  өтті.  Осы  жарысты  ұйымдастырып  өткізуге 

атсалысқан  факультет  декандарына  және  дене  тәрбиесі  кафедрасының  меңгерушісі 

М.Х.Темірғалиеваға, жаттықтырушы-оқытушылар Қ.И.Исмағұловқа, Т.С.Хасанғалиевке, 

С.А.Бисалиевке алғысымды білдіремін»,- дейді «Ақ Жайық» спорт клубының төрағасы 

Жұбаныш Жардемов.

Сайыс  нәтижесінде  қазақ  күресінен  54кг  салмақ  дәрежесімен  05101-топ  студенті 

Нұрсұлтан Мәдениетов, 60 кг және 66 кг дәрежесімен 05102-топ студенттері Нұрбол Серіков 

пен Бақытжан Сұлтанбек, 90 кг салмақ бойынша 05301-топ студенті Сұңғат Махамбетовтер 

жүлделі І орынға ие болды. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар арнайы дипломмен, 

сыйлықтармен марапатталды.



 7 қазан күні «Ақ Жайық» спорт сарайында қалалық ЖОО-ның оқытушылары мен 

қызметкерлері арасында мұғалімдер күніне орай және ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына 

арналған үстел теннисінен ашық біріншілік болып өтті. 30 спортшы қамтылған 4 ко-

манда үстел теннисінен жарысқа түсті. 

Сайыс нәтижесінде Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы І орынға, М.Өтемісов 

атындағы БҚМУ ІІ орынға, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ІІІ орынға ие болды.

«Үздік ойыншылар» аталымына ерлер арасында Қаржаубай Досов, Ақылбек Нұрғалиев 

(Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) және Асхат Жұмағалиев (М.Өтемісов атындағы БҚМУ) ие 

болса, қыздар арасында үздік болып танылғандар – Ж.Төлеутаева (М.Өтемісов атындағы 

БҚМУ), Г.Диярова (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), А.Солдатова  (БҚГА).

Аталған командалар мен үздік ойыншылар университет кәсіподақ ұйымының арнайы 

бағалы сыйлықтарымен және спорт клуб дипломдарымен марапатталды.

 

Қаламыздағы жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындары студенттер ара-



сында 2 қазан күні «инициатива молодым» ЖО АҚТҚ-ЖҚТБ-ның алдын алу орталығы 

мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен футболдан жарыс болып өтті. 

Жарыс ережеге сай өтті. Жарысқа қатысқан 9 команданың екеуі біздің университетіміздің 

командалары болатын. Жарыс қорытындысымен БҚМУ-дың 1 командасы І орынға және 

БҚМУ 2-ші командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ойында ерекше көзге түсіп үздік ойын 

көркетсен жаратылыстану-математикалық факультетінің 3 курс студенті Бақтияр Құрбанов 

«Үздік ойыншы» номинациясын иеленді.

 

Университетімізде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған студенттер ара-

сында шағынфутболдан спартакиада өтті. 

Ережеге сай оқу орнының 7 командасы қатысқан жарысқа 76 спортшы қамтылған еді. 

Спортқа жаны құмар жастар бар күш-жігерін ортаға салып, тамаша ойын көрсетті. Жарыс 

қорытындысы бойынша тарих және құқық факультетінің командасы І орынға, педагогикалық 

факультеті командасы ІІ орынға және ІІІ орынға жаратылыстану-математика факультетінің 

командасы ие болды. Ал IV орынға экономика және басқару факультеті, V орынға БҚМУ 

колледжі, VI және VII орындарға мәдениет және өнер факультеті мен филология факультетінің 

командалары тұрақтаған болатын. 

«Үздік ойыншылар» қатарынан Бахтияр Құрбанов (жаратылыстану-математикалық фак.), 

Ернар Жұмагалиев (тарих және құқық фак.), Алексей Курдюков (педагогика фак.) көрінді.

  

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан 

Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған І курс студенттері арасында 

спорттық фестиваль 5 қазан күні болып өтті

Жарыс БҚМУ спорт сарайында ережеге сай университеттің 7 факультеті және БҚМУ 

колледжі құрама командаларының 1 курс студенттері арасында өткізіліп, 175 спортшы 

қамтылды. Фестиваль спорттың дартс, шахмат, дойбы, арқан тартыс, және үстел теннисі 

түрлерінен оздырылды.

Спорттық фестивальде бас төреші Ж.С.Жардемов және мәдени-демалыс жұмысының 

жетекшісі М.Қ.Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Жарысқа дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі М.Х.Темірғалиева, кафедра магистрі 

Т.Т.Темешов және оқытушылар мен студенттер жанкүйерлік танытты.

Тамаша тартысты өткен жарыс нәтижесі арқан тартыста тарих және құқық факультеті, 

дартс  жарысынан  жаратылыстану-математикалық  факультеті,  дойбыдан  филология 

факультеті жеңіске жетті. Сондай-ақ үстел теннисі мен шахмат жарысынан БҚМУ колледжі 

алға шықты.

Жеңіс тұғырынан көрінген командалар университеттің кәсіподақ ұйымының бағалы 

сыйлықтарымен және спорт клуб дипломдарымен марапатталды.

  

Қаламыздағы Мұз айдыны шағын футбол алаңында 18-19 қазан күндері ҚазИТЖУ 



студенттері ұжымы Жастар қоғамдық бірлестігі ЖОО арасында шағын футболдан 

жарыс өткізді. 

6 команда қатысқан жарыс қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы БҚМУ құрама 

командасы жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады. Финалда «Ақжайық» командасының 

дубліне Евразия университетінің командасына 4:5 ұпай айырмашылығымен есе жіберді. 

Жаттықтырушысы: магистрант Б.А.Балыков. 

  

Көрнекті  қоғам қайраткері, «Невада-Семей» қозғалысының президенті Олжас 



Сүлейменовтің дәстүрлі жүлдесі үшін М.Өтемісов атындағы БҚМУ Спорт сарайында 

20-21 қазан күндері Орал қаласының ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері арасында 

волейболдан турнир өткізілді. 

Жарыс 6 команда арасында өткізіліп, 66 спортшы қатысты. Турнирге тәрбие ісі және 

әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М.Даришева, БҚО ішкі саясат басқармасы 

бастығының орынбасары М.Қ.Төрегелдиев, халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының 

вице-президенті Р.А.Тұрсынбаев қатысты. «Ақжайық» СК төрағасы Ж.С.Жардемовты вице-

президент Р.А.Тұрсынбаев «Халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының 20 

жылдығына» арналған мерекелік арнайы медальмен марапаттады.

Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы І орынға, 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ІІ орынға, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ІІІ орынға ие болды. 

М.Искаков  (Батыс  Қазақстан  гуманитарлық  академиясы),  Э.Баудиярова  (М.Өтемісов 

атындағы БҚМУ), Е.Адилов (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) үздік ойыншылар деп танылды. 

Командалар мен үздік ойыншылар арнайы кубоктармен, бағалы сыйлықтармен, диплом-

дармен марапатталды.

Спорт жаңалықтары

Ушел из нашей жизни добрый, свет-

лый человек – дорогая, любимая 



Валентина Васильевна Мухина.

Редкий дар человечности, интелли-

гентности, порядочности…  и бесконечно 

ласковой Души. Все это как-то удивитель-

но,  гармонично и незримо сочеталось в 

Валентине Васильевне.  Она знала всех 

нас не только в лицо – она жила каждым 

из нас, и для всех у нее всегда находилась 

теплая, душевная забота. Прощай, наш 

чуткий и Большой человек!



Коллектив ЗКГУ им. М.Утемисова 

выражает  глубокое  соболезнование 

семье,  родным  и  близким  в  связи  с 

невосполнимой  утратой  –  кончиной 

Мухиной Валентины Васильевны.

Университет басшылығы мен ұжымы 

университет мұражайының меңгерушісі 

Есикенова  Меңсұлу  Қайыршақызының 

ағасы 

Мұса Қайыршаұлының  

қайтыс болуына байланысты марқұмның 

отбасы мен туған-туыстарына қайғысына 

ортақтасып, көңіл айтады.

Университеттің шаруашылық қызметі 

бөлімінің  төлқұжатшысы  Шынтемірова 

Данагүл Сайынқызының анасы 

Сәуле Сүлейменқызының

қайтыс болуына байланысты универси-

тет ұжымы марқұмның отбасы мен туған-

туыстарына  қайғысына  ортақтасып, 

көңіл айтады.

М.Ө т е м і с о в  а т ы н д а ғ ы  Б а т ы с 

Қазақстан мемлекеттік университетінде 

студенттерге барлық жағдай жасалған. 

Оқу  залдары,  спорт  залдары,  арнайы 

орталықтар мен үйірмелері және басқа 

да  арнайы  бөлімдер  студенттердің 

с а п а л ы  б і л і м  а л ы п,  ж а н -ж а қ т ы 

ақпараттануына  қызмет  көрсетеді. 

Сондай-ақ студенттердің денсаулығына 

да жіті назар аударылады. Студенттер 

денсаулығына  қызмет  көрсететін 

университеттің  дәрігерлік  бөлімшесі 

ж ұ м ы с  ж ас а й д ы.  Ол  С т уде н т т і к 

көшесіндегі  №1  үйде  орналасқан  сту-

денттер  жатақханасындағы  8  кабинет. 

Жұмыс кестесі 9.00 – 18.00 дейін, түскі 

үзіліс  13.00-14.30.  Дәрігерлік  бөлімше 

оқу жылына арналған жоспар бойынша 

аурудың  алдын  ала  сақтау  шарала-

рын  сапалы  әрі  тиімді  жүргізіп  келеді. 

Бөлімше дәрігерлері алғашқы дәрігерлік 

тазалық  сақтау  көмегі,  алдын-ала 

жұқпалы  ауруларға  дәрігерлік  тексеріс 

өткізу,  әр  саладағы  мамандармен 

бірлесе отырып, студенттерді толықтай 

тексерістен өткізу жұмыстары, сондай-

ақ  созылмалы  ауруларды  есепке  алу, 

жасөспірімдерді денсаулық сақтау шара-

ларын қадағалап, әскери комиссариатқа 

тіркеу,  санитарлық  жұмыстар  жүргізу, 

«Д»  есепке  алынған  студенттерді 

белгіленгенуақытында жергілікті тұрған 

емханасына  қадағалап  жіберу,  жүкті 

студент-қыздарды уақытында бақылауға 

студенттер үшін 

дәрігерлік көмек

 Денсаулық

Жизнь - одна, 

          не губите ее!

алу сынды дәрігерлік қызмет жыл бойы 

көрсетіледі. Бөлімше дәрігер маманда-

ры  жатақханада  тұратын  студенттер  

мен  оқу  орнының  1  курс  студенттерін 

толықтай  қыркүйек-қазан  айларын-

да  дәрігерлік  тексерістен  өткізген. 

Жақында  ғана  Қан  құю  орталығының 

қызметкерлерімен  бірге  «Донор  күні» 

өткізілді.  Студенттер  қан  тапсырып, 

арнайы  тексерістен  өтті.  Енді  алдағы 

қараша-желтоқсан  айларында  1  және 

4  курс  студенттері  флюрографиялық 

тексерістен өтетін болады дейді дәрігер 

мамандар.  Дәрігерлердің  айтуын-

ша  күніне  20-30  студент  дәрігерлік 

қабылдауға келеді екен, олар сырқатына 

байланысты  ем  алуға  №1  емханаға 

жолданады. Сырқаттанған студенттерге 

ақыл  кеңестер  беріледі.  Университет 

қабырғасында  өтіп  жатырған  барлық 

спорт тық  шараларға  да  бөлімше 

дәрігерлері  қатысып,  алғашқы  көмек 

көрсетіліп отырады.

Санитарлық-ағарту  жұмыстары 

бағытында  жатақхана  студенттеріне 

санбюллетень құс тұмауы, туберкулез, 

тұмау,  нашақорлық,  алкоголизм,  вирус 

геппатиті,  ЖҚТБ(СПИД),  гипертания, 

өкпе  демікпесі,  жел  шешек,  қызылша, 

құлақ түбі безінің қабынуы және басқа 

аурудың алдын алу бойынша шығарылып 

отырады.  Дәрігерлік  бөлімше  қажетті 

дәрі-дәрмектермен және арнайы құрал-

жабдықтармен қамтамасыз етілген. 



В  период  с  19  по  29  октября             

2011 года состоялся республиканский 

декадник по профилактике злоупотре-

бления алкоголем.

Употребление алкоголя становится 

все более индивидуальным, все больше 

появляется  личных  мотивов  и  возрас-

тает число факторов, способствующих 

злоупотреблению алкоголем. По оцен-

кам экспертов Всемирной организации 

здравоохранения,  превышение  допу-

стимого объема потребления алкоголя 

и потребление сверх данного предела 

каждого  литра  отнимает  11  месяцев 

жизни у мужчин и 4 месяца – у женщин. 

Согласно мировой статистике, потребле-

ние алкоголя является причиной почти 2 

миллионов смертей в год и 4% болезней 

во всем мире ежегодно.

Злоупотребление алкоголем причин-

но связано с более чем 200 болезней и 

состоянием здоровья. Злоупотребление 

алкоголем – один из четырех ключевых 

предотвратимых  факторов  риска  раз-

вития  хронических  неинфекционных 

заболеваний. 

Причины смертности от злоупотре-

бления алкоголем заключаются не толь-

ко в случайных отравлениях алкоголем, 

в  большинстве  случаев  смертельный 

исход происходит от несчастных случаев 

и насилия, от сердечно-сосудистых, он-

кологических и других заболеваний.

Среди  негативных  социальных 

аспектов,  связанных  со  злоупотребле-

нием алкоголем, следует выделить рост 

преступности, правонарушений, сирот-

ства, случаев суицида, сокращение рож-

даемости и развал института семьи.

Ежегодно совершаются преступле-

ния  в  состоянии  алкогольного  опья-

нения:  убийства,  причинения  тяжко-

го  вреда  здоровью,  изнасилования, 

хулиганство,  грабежи,  разбои,  угоны 

автотранспорта.

Алкоголизм  является  одной  из  са-

мых  распространенных  причин  отказа 

от детей и лишения родительских прав. 

У воспитанников детских домов доста-

точно часто наблюдаются отклонения в 

психофизическом развитии вследствие 

алкогольного синдрома плода. 

За  последние  3  года  отмечается 

снижение  заболеваемости  вследствие 

употребления алкоголя на 9%.

В  целях  повышения  эффективно-

сти  профилактических  мероприятий 

по  вопросам  охраны  общественного 

здоровья,  в  частности,  профилактики 

алкоголизма в рамках Государственной 

программы развития здравоохранения 

«Саламатты  Қазақстан»  на  2011-2015 

годы предусмотрен ряд мероприятий, 

направленных на формирование ЗОЖ и 

снижение уровня социально- значимых 

заболеваний, обусловленных поведен-

ческими факторами риска.

Усовершенствована  национальная 

антиалкогольная нормативная база в ча-

сти запрета: продажи спиртных напитков 

лицам, не достигшим 21 года (Кодекс РК 

«О здоровье народа и системе здравоох-

ранения» статья 159 (2009г.), наружной 

рекламы и рекламы в печатных издани-

ях,  на  телевидении  и  радио  (Закон  РК 

«О  рекламе»  2003г.,  с  дополнениями 

2006г.), распития алкогольных напитков 

в общественных местах (Кодекс РК «Об 

административных  правонарушениях 

– 2001г.»), а также ужесточение мер за 

вождение  в  состоянии  алкогольного 

опьянения.

В рамках декадника по профилактике 

злоупотребления алкоголя проводились 

лекции,  беседы,  тренинги,  семинары 

среди школьной и студенческой моло-

дежи  по  вопросам  здорового  образа 

жизни  и  профилактике  алкоголизма, 

распространялись  информационно-

образовательные  материалы,  органи-

зован показ  видеороликов в автотран-

спорте, на видеоэкранах города.

Следует подчеркнуть, что пропаган-

да ЗОЖ, в том числе по профилактике 

злоупотребления  алкоголем,  должна 

проводиться  постоянно  и  не  только 

медицинскими  работниками,  но  и  на 

уровне школьных, средне-специальных, 

высших  учреждений.  В  формировании 

навыков  ведения  ЗОЖ  также  должны 

быть активно задействованы родители, 

которые в первую очередь несут ответ-

ственность  за  физическое  и  духовное 

здоровье своих детей.

нурланбаева Альфия,

Заведующая организационно-

методическим отделом ОЦПФЗОЖ


Ґ

№ 12 (869)

 қазан 

2011 жыл


10

Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса

 Толғаныс 

Мәңгілік баянды бол, 

бостандығым!

Тәуелсіз  елдің  ұланы  ең  алдымен  рухани  еркіндікті 

сүюі керек. Мұны қалай түсінеміз? 

Ер к і н д і к к е  е ш те ң е  ж ет п е й д і. 

Тәуелсіздіктің таңы бұйырған ұландар, 

яғни  біздер,  бұл  күнді  сыйлаған  ата-

бабаларымызға  рахмет  айтуымыз 

қажет. Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан 

ұрпақ  бақытты.  Себебі,  біз  Ұлы  Отан 

соғысын  да,  Желтоқсан  оқиғасын  да 

көрмедік. Бұл бақыт баянды болуы үшін 

бүгінгі ұрпақ тәртіпті, ойлары таза болуы 

керек деп ойлаймын. 

Мі н е,  е л і м і з д і ң  Тәуе л с і з д і г і н 

алғанына  да  20  жыл  толғалы  отыр. 

Осы аз ғана уақыттың ішінде еліміз өз 

бейнесін төрткүл дүниеге паш ете білді. 

Бұл - «Менің Қазақстаным!». Паһ, шіркін! 

Осы  бір  сөзді  кімде-кім  болсын  ерек-

ше  әсермен,  терең  толғаныспен,  бар 

ниетімен айтатын секілді. Шындығында, 

осы  сөздің  астарына  тереңнен  көз 

жүгіртсек, осы бір-екі ауыз сөзге қасиет 

те,  кұдірет  те  -  бәрі-бәрі  сыйып  тұр 

емес пе? 

Мен де осы сөзді ерекше толғаныспен 

айтар едім. Себебі, менің елім - ең қуатты, 

ең байтақ, ең қасиетті ел. Олай дейтінім, 

еліміз  тәуелсіздігіне  күні  кеше  ғана 

қол жеткізген, қанатын қаққан сарауыз 

балапан секілді жаңа-жаңа қанаттанып 

келе жатса да, ешқандай мемлекеттен 

кем  түспейді.  Елімнің  ұлан-байтақ 

жері,  көз  тұндырар  табиғаты,  сылды-

рап  аққан  өзен-сулары,  жайқалған 

жасыл  желегі  мен  жан-жануарлары, 

жер  астындағы  пайдалы  қазбалары  - 

бәрі-бәрі  мен  үшін  өте  қымбат.  Біздің 

осындай байлығымыз бен абыройымыз 

біріншіден, жеріміздің киелілігінен бол-

са, екіншіден, мемлекеттер арасындағы 

қол жеткен жетістіктеріміз, Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі мен сын-

дарлы саясатының арқасы дер едім. 

Халқымыз ғасырлар бойы кіндік қаны 

тамған жерін, елін, ұлттық салт-дәстүрін 

сақтап қалу үшін қасық қаны қалғанша 

аянбай күрескен, ғасырлар бойы дербес 

ел болуды аңсап келген еді. 

Иә,  Тәуелсіздік  -  бабаларымыздың 

ежелгі арманы. Соңғы бес ғасырда ғана 

қазақ  жерінде  қаншама  ұлт-азаттық 

көтерілістер болды. Азаттық толқынында 

шыңдалған  қайсар  халқымыз  рухын 

жоғалтпады, өжеттігі мен келешекке де-

ген сенімінен, мәдениетінен айырылма-

ды, жасымады. Томирис пен Зарипаның 

ерлігі,  Күлтегін  мен  Тоныкөктің  өрлігі 

қалды  жадымызда  сақталып.  Керулен 

өзенінің  бойындағы  қара  таста  жатта-

лып, тарихымыздың төрінде, кіндік қаны 

тамған  жерінде  Бөгенбай,  Қабанбай, 

Наурызбай,  Райымбектей  арыстандай 

айбатты  батырларымыздың,  Абылай 

мен Кенесарыдай, Керей мен Жәнібектей 

хандарымыздың  есімдері  мәңгілікке 

есімізде  сақтаулы.  Бертін  келе  «Мен, 

мен  едім,  мен  едім»  деп  ұрандаған 

Исатай мен Махамбет бабаларымыздың 

іздері Нарын құмында сайрап жатыр. 

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып 

күн  болам»,  деп  қараңғы  қапастағы 

қазаққа  сәуле  шашпақ  болып,  «Оян, 

қазақ!» деп ұран салып, қалың ұйқыда 

жатқан  қайран  елінің  көзін  ашуға  бар 

күш-жігерін,  ақыл-қайратын  жұмсаған 

кешегі Ахмет, Әлихан, Міржақып сынды 

Алаш  арыстары  бүгінгі  тәуелсіздікті 

армандап  кеткені  ақиқат.  Азаттықты 

а ң с а ғ а н   с о л   а с ы л д а р ы м ы з д ы ң 

сынығындай,  жұдырықтай  жүректерін 

намысқа жаныған қазақ жастары осыдан 

ширек ғасыр уақыт бұрын бүкіл дүниені 

дүр сілкіндірді. Бұл - арқасын аяз қарып, 

табаны  көк  мұзға  тайып,  жүздеген 

жылдар  бойы  тәуелсіздік  жолында 

жанталасқан  халқымыздың  рухты  бір 

кезеңі  -  1986  жылдың  желтоқсаны 

болатын.  «Әрбір  халықтың  өз  көсемі 

болсын!»  деп  ұран  көтеріп,  жастар 

ерекше  бір  салтанатпен  Республика 

алаңына келе жатты. Алаңда сап түзеп 

тұрған  қыз-жігіттер  Шәмшінің  «Менің 

Қазақстаным»  әнін  шырқады.  Қазақ 

мемлекетінің  егемендігі  үшін  қазақ 

жасағының  алдыңғы  сапында  аянбай 

шайқасқан,  өзінің  жанкешті  ерлігімен 

елге  танылған  атақты  Ақтамберді 

жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп 

басталатын  толғауы  да  алаң  төрінен 

асқақ естілді. Сол сәтте ұл-қыздарымыз 

резеңке таяқты, темір шоқпарлы, сапер 

күрегі, қабаған иттері бар солдаттардың 

қоршауында  қалды.  Қазақ  жастарын 

тәртіпке  шақыру  үшін  10  мың  солдат 

пен  курсант  жасақшы  алаңға  жедел 

жетті.  Тергеу  бөлмелерінде  жастарға 

аяусыз қаталдық көрсетілді. Желтоқсан 

көтерілісі кезінде 8,5 мыңнан астам адам 

ұсталып,  қаланың  сыртына  әкетілді, 

тергеуге тартылды. Желтоқсан құрбаны 

Қайрат  Рысқұлбековке  1996  жылы 

желтоқсанда ғана «Халық қаһарманы» 

атағы  берілді.  Еліміздің  Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 

17 желтоқсан «Демократиялық жаңару 

күні»  деп  жарияланды.  Иә,  тұла  бойы 

өжеттілікке толы жігерлі жастарымыздың 

ыстық  жүрегінен  шыққан  намыс  оты 

мәңгі өшпей, ғасырлар бойы шұғыласын 

шашып тұрмақ. Тәуелсіздік тақырыбын 

жырламаған ақын, арнап айтылмаған ән 

кемде-кем шығар. 

Ендеше,  мен  де  осы  мақаламды 

ақын  Зейнолла  Әкімжанов  ағамыздың 

бір  шумақ  өлеңімен  қорытындылағым 

келеді: 

Ұмытып өткен күннің қастандығын,

Ұлы елім болашаққа басқан мығым. 

Абылай аян берген армандаған

М ә ң г і л і к   б а я н д ы   б о л , 

Бостандығым! 

И ә ,   с о н д а й   е р ж ү р е к 

б а т ы р л а р ы м ы з д ы ң   а р қ а с ы н д а 

Тәуе л с і з д і г і м і з г е  қ о л  ж ет к і з д і к . 

Олай  болс а,  қиындықпен  келген 

Тәуелсіздігімізді  сақ тап,  елімізді 

өркендету, болашағымызды нұрлы ету 

біздің қолымызда, замандастар! 

нұркен ӘмІРАШев, 

қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің 

1 курс студенті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет