Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы», ақын Қайырбек Асанов – 70 жаста
ұлы ақыны Расул Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» атты
кітабын жабылып оқыдық қой. Аударған Ғафу Қайырбеков.
Көркем дүниенің көп тұстары жадымызда жатталып қалды.
Мысал келтірейін.
Таулықтардан «Жандарыңа ең жағымды дыбысты
айтыңдаршы» деп сұраса керек. Таулықтар сәл ойланып, ке-
зекпен айта бастайды.
–Күмістің сыңғыры.
–Аттың кісінеуі.
– Сүйген жардың үні.
– Тасқа тиген тағаның дыбысы.
– Баланың күлкісі.
–Ананың бесік жыры.
–Судың сылдыры.
Бір таулық тұрып:
–Теңіздің шуы. Өйткені, сол шуда айтқандарыңның бәрі
бар!- депті.
Байқайсың ба, ақын өз өлкесіндегі Хазар теңізін қалай
әспеттеген! Сырда туған сырбаз ақынсың. Сен үшін туған жер
несімен ыстық?
- Күмістен күйме мінсең де,
Жауһардан түйме түйсең де,
Топырағыңа басыңды ій!
Қазақтың даңқын асырған данышпан билеріміздің бірі
Қыбырай бабамыздың ғибраты бұл. Туған жерге деген перзенттік
парыз, оған деген өлшеусіз махаббат сенің бойыңнан бір сәт
те жоғалмайды. Туған топырағыңды неғұрлым жақсы көрсең,
оны қастерлеп, қасиеттей білсең, соғұрлым абыройың асқақтап,
мәртебеңнің биіктей түсетіні сөзсіз.
Жақында ғана Сыр бойына ат ізін салып, аунап-қунап қайттым.
Қызылорда қаласы түрленіп кеткен. Соңғы архитектуралық үлгімен
салынған сұлу да биік ғимараттар алыстан қол бұлғайды. Әсіресе,
жүрген жерінде қайталанбайтын қолтаңбасын қалдырып кететін та-
лантымен де, елге сүйкімді мінезімен де ерекше азамат Қырымбек
Елеуұлы Көшербаев әкім болып келгелі туған облысымның жаса-
рып, жаңарғанын көріп, едәуір марқайдым.
Сол сапарымда өзімнің кіндік қаным тамған Тереңөзек кентіне
де барып, туған топырағыма деген сағынышымды бастым. Туған
жер десе еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бір тебіренбей
қалмайтын шығар. Еркіңнен тыс жаратылған дүниенің өзен-көлі
мен тау-тасы, жыңғылы мен жидесі, табаның тиген табиғаты –
балалық шағыңның қайталанбас ғажайып суреті ғой.
Өзіңде туып, өзіңде өстім әз мекен,
Жырламай кеткен ақындар сені аз ба екен.
Айдыныңды ашып, аймалап сүйіп жатасың,
Бауырлап келіп, қонып жатса да қаз бөтен.
Күндіз-түн менің, жанымнан әсте бір шықпай,
Дария көңілімді келесің менің тыншытпай,
Қайда жүрсем де сезімім сенде айналар,
Әжемнің алдынан адасып кетпейтін ұршықтай.
Тектілер мекені Тереңөзек өңірі талай-талай тұлғаларды
туғызған өлке. Айталық, Әбділдә Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов,
Қалтай Мұхамеджанов, Әбіраш Жәмішов, Әбілмәжін Жұмабаев,
Сейфолла Оспанов, Төлепберген Тобағабылов сияқты ағаларым
қазақ әдебиетінің бір қабырғасын ұстаған тұлғалар емес пе?
–Біз мектепте жүргенде «Оқы, оқы және оқы!», «Кітап
– білім бұлағы» деген ғибраттарды жаттап өстік. Пролета-
риат жазушысы Максим Горькийден «Ақшаң көп болса не
істейсің?» деп сұрағандарға, ол « Көп қып кітап сатып алар
едім» деген әфсанасы да есімізде. Алпысыншы жылдары Кеңес
өкіметін басқарған Хрущевтің «Егер кітапхана жабылса, онда
түрме сала бастау керек» деген тұжырымы да әдіре қалған
сыңайлы. Бүгінгі жастардың басым көпшілігі кітап бетін аш-
пайтыны ақиқат. Елбасымыз да бір сөзінде «Түптің түбінде ин-
тернет оқығандардан гөрі кітап оқығандар озады» дейді. Осы
төңіректегі ой-пікірің қалай?
–Кеңес дәуірінде кітап оқу мен кітап жинау үрдісі етек алғаны
белгілі. Ол заманның кітап туралы насихаты кез келген адамды
еліктіріп жіберетін. Кейбір үйлерге барғанда кішігірім кітапханаға
кіргендей сезінетінбіз. Ал қазір ше? Мектеп оқушылары да, сту-
денттер де кітап оқымайтын ауруға ұшырағаны рас. Оның басты
себебі, қазіргі жастардың есіл-дерті интернет пен ұялы телефон.
Қалаған кітабыңды парақтап, ойланып, толғанып оқып шыққанға
не жетсін? Бойыңа сіңеді. Ал әлгі «техниканың» ішіндегі тетігі
жоқ мәтіндерге көз жүгірту – алдыңдағы асты талғамай жұтқандай,
қорытылмайды. Дәл бүйтіп кете беретін болсақ, еңсеміз түсіп,
еңкейген күйі бүкір адам секілді беліміз жазылмай кете ме деп
қорқам. Үміттен гөрі үрейім күшті. Мұзағаң, Мұзафар Әлімбай ата-
мыз айтқандай «оқымаса ой тоқырайды» ғой. Тоқырау деген не?
Тоқтау деген сөз. Тоқтаған адам тозады.
– Соңғы оқыған кітабың?
–Абайды ай сайын ақтарам. Жаңа оқығандай жалықпаймын.
Ал, Мұқағали, Қадыр, Тұманбайдың томдарын сағынған сәттерде
қолыма алып, шөлімді басамын.
Қоғам қайраткері Махмұт Қасымбековтің «Елі сүйген, елін
сүйген Елбасы» атты публицистикалық кітабы көңілімнен шықты.
Президентіміздің өмірі мен қызметі туралы оқырманға ой сала-
тын туынды. Сондай-ақ, белгілі қаламгер Мырзакелді Кемелдің
«Ақыл қалта» атты даналыққа толы ой толғамдары кімді де болса
бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Жамбыл облысының құрылғанына
75 жыл толуына орай жазушы-драматург Елен Әлімжановтің
құрастыруымен «Атыңнан айналайын, Әулиеата» атты кітабы
шықты. Танымы мол тамаша жинақ.
...Біздің курс тағдыры мол талантты курс болды. Әу ба-
ста оқуға түскен елу баланың өлең жазбайтыны жоқ, барлығы
ағып тұрған ақын сияқты. Шын шығарма аламан бәйге сияқты
ғой. Ауыздығымен алысқан талай тұлпар мәреге жете алмай
орта жолда шығып қалады. Ақындық жолдан ауытқымаған
Қайрош пен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш қана.
Қосағыңмен қоса ағарып, көп жаса,қайраткер Қайрош!
Көпен ӘМІРБЕК,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қарапайым жігіт Қайрошпен танысқаныма жарты ғасырға
жуықтапты-ау! Зымыраған уақыт-ай! Оқуға түсеміз бе деген ниет-
пен КазГУ-дің журналистика факультетіне құжат тапсырған бейта-
ныс бес талапкер жатаханаға жайғастық. Аты-жөнімізді сұрастық.
Әжік-күжік әңгіме барысында мектепті қалай бітіргеніміз жайлы
жамыраған қозыдай жарысып айта бастадық. Мен «Үш сабақтан
«үшім» бар, қалғаны «4» пен «5» деп ағымнан жарылдым. Сөз сапта-
уларына қарағанда қалғандарының да білімі мен қатарлы. Кезек
бесінші жігітке келді. Ол үндемейді. Төменшіктеп тұр. Өңі сынық.
-Ей, айтсайшы, мектепті қалай бітірдің?-деді Қайрош. Ол
күмілжігендей кейіппен:
-Аттестатымда «4» жоқ!-деді. Қайрош жұлып алғандай:
-Сонда не?.. Бәрі «үш» пе?- деп аңғал баладай аңырып қарады.
Біз ду күлдік. Сөйтсек ол жігітіміз үздік оқыпты. «Алтын медаль»
деп айтуға қымсынса керек. Ол керекулік Төлеген Мұқаев екен.
Қайрош екеуміз байқаудан өтпей, басымыз салбырап ауылға
қайттық. Келесі жылы жолымыз оңғарылып, студент атандық.
Бізден бес-алты жас үлкендігі ескерілді ме, курстың староста-
сы боп сайланды. Мінезі жұмсақ болғанмен ымыраға көнбейді.
Қатал. Сабаққа қатыспаған студенттерді журналға белгілеп «Н.Б»
деп таңбалап қояды. Онысы «Не был» деген сөздің қысқарған түрі.
Бағанадан бері «Қайрош, Қайрош» дей беріппін ғой. «Ол кім?»
дейсіз бе? Қайрош дегенім – Қайырбек, ата-тегі Асанов. Біздің
Мейрам Оралов деген курстасымыздың Қайрош туралы жазған
өлеңі де бар.
Староста Асанов,
«Шаш ал десе бас алып».
Журнал беті қып-қызыл
Күнде белгі жасалып...
Сол Қайрошты әу баста азан шақырып қойған атын атап
Қайырбек дейтінбіз. Курстың старостасы болғасын Қайрош
деп еркелеттік. Әйгілі ақын қызымыз һәм курстасымыз Күләш
Ахметоваға үйленгесін Қайреке дейтін болдық. Баспадан өлеңдер
кітабы шығып, СССР Жазушылар одағының мүшесі болғаннан
кейін... Оһо-о-о! Аты өзгерді. «Қара керей Қабанбай, Шапыраш-
ты Наурызбай» деген секілді «Қара қойлы Қайырбек» деп атай
бастадық. Қазір ол аттан да айныдық. Неге? Былтыр Елбасының
Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген
абыройлы атақ алғасын «Қайраткер Қайрош» дей бастадық.
Қалай десек те ол біз үшін – Қайрош. Ал, оқырмандар үшін –
ақын Қайырбек Асанов.
Қазір зейнеткер, Тараз шаһарында тұрады. Таяуда сұқбаттастым.
4
Тiршiлiк тынысы
3015
162
Газет Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат агенттігінде
19.06.2014 жылы қайта тіркеліп, №14409-Г тіркеу куәлігі берілген.
Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4
№13 (8320) 18 ақпан, 2015 жыл
2010-2011 оқу жылынан бастап 1-11 сынып мектеп
оқушыларының сабақ кестесіне өзін-өзі тану пәні енген бо-
латын. Міне, сол жылдан бастап әрбір білім ордаларында осы
пәнге байланысты апталықтар өтуде.
Жақында аудандағы №130 Абай орта мектебінде «Өзін-
өзі тану», «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты
онкүндік өтті. Онкүндіктің мақсаты – балаларды адамгершілік
қасиеттерге, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу болды.
Оның ұйымдастырушысы өзін-
өзі тану пәнінің мұғалімі бастау-
ыш сыныптар арасында дөңгелек
үстел, мәнерлеп көркемсөз оқу,
сурет байқауы және ата-аналармен
тренинг өткізді.
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың
әдісі тым бө лек. Оқушыларға
еркіндік бері ліп, әрбір сабаққа
балалар аса қызығушылықпен
ке леді.
Олардың
бойында
мейірімділік, достарға деген адал-
дық, адамгершілік қасиеттері
қалыптасады. Өмірде кездесетін
кез келген жағдайдың жақсы
және жаман тұстарын ажыратып,
болашақтарына жарқын сенім
ұялайды. Мектеп жасындағы ба-
лаларды осындай ізгілікке тәрбиелейтін пәнді оқытудың өзі
мұғалімнің жауапкершілігін арттырады. Сондықтан әрбір
баланың мейірімді болуы осы пәнді жетік білуімен тығыз бай-
ланысты.
Дина АЯПБЕРГЕНОВА,
№130 Абай атындағы орта мектептің мұғалімі
ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКЕН ОНКҮНДІК
Таэквандо – ежелгі спорттың түрі, екінші жағынан зама-
науи күрес жүйесі. Таэквандода спортшының аяғы мен қолы
қатар жұмыс істейді, мақсаты жарыс
ережесіне сай келетін әдістерді пайда-
лана отырып жеңіске жету. Ол әрқашан
өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабыр-
лы, не нәрсе жасаса да ойланып барып
орындайтын адам.
Түркістан қаласында 11-14 ақпан
аралығында таэквандодан чемпи-
онат өтті. Бұл додаға еліміздің әр
аймағынан келген жүздеген спорт-
шы өз салмақтарының үздіктерін
анықтады.
Біздің ауданнан қатысқан дарын-
ды таэквандошы Айнара Жеткергено-
ва өзінің жігерінің арқасына чемпион
деген атқа лайық екенін дәлелдеді.
Айнара
қарсыластарына
шақ
келтірмей, финалға түркістандық
спортшымен шықты. Ол бұл жекпе-
жектің оңай болмағанын жасырмайды.
Айнараның жаттықтырушысы Ма-
рат Алдабергенов өз әңгімесінде былай
деді: -Үмітіміз ақталды. Бұл жетістік Меруерт Көпболсыновадан
кейін 3 жылдан соң жеткен жеңісіміз. Айнара өте төзімді, шы-
дамды, спортшыға тән қасиеті мен қабілеті мол жас өрен. Мен
ғана емес, сырдариялықтар мақтан ете алады, ендігі мәре Тай-
пэйде өтетін Азия чемпионаты, соны бағындыратынымызға
сенімім мол.
Шын мәнінде кішкентай баланы
жастайынан шынықтырып, спорттың
қыр-сырын үйретуде шыдамдылық
танытудың өзі өнер. Оны біз
спортшының
жаттықтырушысынан
байқадық. Айнараны 2 сыныптан бап-
тап, таэквандоға баулыған спортшы
арада төрт жыл өткенде жетістікке,
чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ай-
нарадан басқа 3 топта 45 оқушыны
жаттықтыратын М.Алдабергенов тағы
да жас балғын Мұстафа Мырзағұлдан
зор үмітті. Оның шеберлігі, күш-жігері
қайтсе де жеңіске әкелетініне сенімді.
Өзі баптап жарысқа қосып, үмітін
ақтаған аруға ризашылығын білдірген
жаттықтырушысы
өзінің
атынан
бағалы сыйлық жасапты. Иә, расын-
да Айнараға қандай құрмет көрсетсе де
артық етпейді. Бүгінде ол №36 мектеп-
лицейде 6 сыныпта оқиды. Оның
мектептегі үлгірімі де сыныптастары-
нан кем түспейді.
Айнара бүгінде бәйгеден оза шауып, ұстаздарын да қуантып,
айды аспанға бірақ шығарды. Жарайсың, Айнара!
Б.ЖАНӘЛІ
Бәрекелді!
ЖАС СПОРТШЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық
Мәдениет үйі қызметкерлері Тұрлығұлов Болаттың ағасы,
Тұрлығұлова Әлияның қайнағасы
Бекбауов Әкімгерей Тұрлығұлұлының
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғыларына
ортақтасып, көңіл айтады.
ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!
Сырдария аудандық газ мекемесінде газ бағасының
айтарлықтай төмендегенін хабарлаймыз. Бір кіші баллонның
бағасы – 670 теңге, бір үлкен баллонның бағасы – 1340 теңге.
Байланыс телефоны: 21-3-04.
«Тұран-Газ» ЖШС-і.
Ашықбаева Тотының атындағы Нағи Ілиясов ауы-
лы Ж.Жабаев көшесі №23 үйге 25.08.1992 жылы берілген
кадастрлық нөмірі 10-153-000-000/А техпаспортының
жоғалуына байланысты бұл құжат бұдан былай жарамсыз деп
табылсын.
«Қалжан ахун» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
01.02.2002 жылы жасалған кадастрлық нөмірі 10-153-010-
070 Қайқы көшесі №21 мекен-жайда орналасқан ғимараттың
техникалық паспортының жоғалуына байланысты бұл құжат
бұдан былай жарамсыз деп табылсын.
Тұншықтырғыш газ – бұл исі жоқ улайтын газ, оларды
көзбен көруге немесе иіс арқылы байқау мүмкін емес, сондай-ақ
адамды бірнеше минут ішінде өлтіріп жібереді. Тұншықтырғыш
газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш не-
месе көмір жағу кезінде болады. Егер отын жағатын бұйымдар
жарамды күйде болса және дұрыс қолданылса, шыққан
тұншықтырғыш газ мөлшері қауіп төндірмейді. Ағзаға кірген
тұншықтырғыш газ тыныс алу кезінде:
•қандағы оттегі айналымын төмендетеді;
•бас мидың қайтымсыз бұзылуынан соқтырады;
•кеуденің ауруына немесе жүрегі ауыратын адамдарда
жүректің ауруы ұстауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Тұншықтырғыш газбен улану симптомдары:
- бұлшық еттері әлсірей бастайды;
- бас айналады;
- құлақта шу пайда болады;
- жүрек айниды;
- құсу;
-ұйқышылдық, кейде керсінше, қысқа уақытты жылдам
қозғалғыштық, соңынан қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылуы;
- сандырақтау;
- елестеушілік;
- естен тану;
- сіңір тарту;
- тыныс алу орталығы салынан кома және өлім.
Кейде тұншықтырғыш газбен уланған адамдар 2-3 аптадан
кейін ғана көз жұмған жағдайлар болған. Тұншықтырғыш газбен
уланған кезде, тұншықтырғыш газдың келу көзін тоқтатыңыз.
Зардап шеккенді таза ауға шығарыңыз; жатқызып, тыныштықты
және үздіксіз таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз. Егер, зардап
шеккен есінен танған болса, жедел көмек келгенше немесе есін
жинағанша, оған жасанды тыныс алу жасаңыз және жүректің
маңын уқалаңыз. Зардап шеккенді орнынан шығарғанда, ол
жерде тұншықтырғыш газдың қауіпті концентрациясы болады.
Біріншіден, өзіңізді қорғаңыз, тұншықтырғыш газбен уланбау
үшін жылдам қимылдап, қалта орамалымен немесе селдір мата-
мен (дәкемен) тыныс алу керек екендігін есте сақтаңыз.
Тұншықтырғыш газ көздері – бұл газды және майлы пештер,
ағашпен жанатын пеш, бассейнді жылытатын қозғалтқыштар
және қарапайым қозғалтқыштар, пайдаланған газдың шығуы.
Пештегі жарықтар және түтін құбырларының бітелуі,
тұншықтырғыш газ үйдің бөлмелеріне таралуына әкеледі. Пеш-
ке таза ауа жетіспеуі үйдің ішінде тұншықтырғыш газ жиналу-
ына әкеліп соқтырады. Еркін ауа алмасудың болмауынан үйдің
тар конструкциясы тұншықтырғыш газбен улану қауіп-қатерін
күшейтеді.
Тұншықтырғыш газбен улануды болдырмау үшін:
•гараждың есігі ашық тұрса да, гаражда машинаның
қозғалтқышын сөндірмей тастап кетпеңіз;
•үйде, гаражда немесе жертөледе ешқашан генератор-
ларды қоспаңыз. Ашық терезелер, есіктер немесе қосылған
желдеткіштер үй ішінен тұншықтырғыш газды шығара алмай-
ды;
•ешқашан үйде, көлік және гараж ішінде ағаш көмірді
жақпаңыз;
•үйді жылыту үшін ешқашан газ плитаны, бу шкафты,
кептіргіш аппаратты пайдаланбаңыз. Ешқашан жеткілікті
білімсіз және арнайы құрал-саймандар болмаса, отынды
жағатын құрылғылармен қолданбаңыз және орнатпаңыз;
•бу шкафының түбіне фольга салмаңыз, өйткені, ол газдың
толық жануына кедергі жасайды;
•жабық бөлмеде немесе ұйықтайтын бөлмеде желдетпейтін
газ құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Төтенше жағдай айтып келмейді, яғни өрт немесе төтенше
жағдай оқиғасы бола қалған жағдайда, үлкен шығынға әкеліп
соғатыны баршамызға мәлім. Сондықтан бұл апаттан әрдайым
сақтанғанымыз абзал.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл
түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе «21-2-00» теле-
фонына хабарласып, мекен-жайын асықпай, толық айтуы тиіс.
Т.ЕРТУҒАНОВ,
аудандық төтенше жағдайлар
бөлімінің инженері, өртке қарсы қызмет лейтенанты
ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану дәуіріне
көшуде. Осы дәуірді жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі
мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады. Сондықтан қазіргі заман
талабына сай еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нақты жеткізе білетін,
ынталы, өзіне сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
меңгерумен қатар, сандық тех-
нологияларда құзырлылық та-
нытатын оқушы тәрбиелеу -
мұғалімдердің басты міндеті.
Білім сапасын көтеруде жаңа
инновациялық технологиялар-
ды қолдану күрделі де өзекті
мәселеге айналуда. Жаңашыл
мұғалімдерге
сапалы
және
инновациялық технологиялар-
ды меңгеру – бүгінгі заман та-
лабы. Бүгінде оқыту барысын-
да озық, тиімді технологиялар
тәжірибеге енгізілуде. Еліміздің
білім беру жүйесін 2015 жылға
дамыту
тұжырымдамасында:
«Жылдам өзгеріп отыратын за-
манда алынған білімнің, кәсіби
дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білетін, өзін-өзі іске
асыруға, өзін-өзі дамытуға және
өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты
көрсетілген.Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір
себебі – сындарлы оқыту теориясы деуге болады.
Сындарлы
оқыту
теориясы
бағдарламасының
тұжырымдамалары мен идеяларын практикада пайдалану
мүмкіндіктерін талдау, іс-тәжірибелер алмасу мақсатында №132
Т.Айтбаев атындағы орта мектебінде «Жаңаша оқытуға – жаңаша
көзқарас» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.Семинар ба-
рысында осы оқыту бағдарламасына теориялық түсінік берілді.
«Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде
сақтармын. Қатысушы болсам,мен түсінемін»,- деп қытай данасы
Конфуций іліміне сүйене отырып, жаңа үлгідегі ашық сабақтарда
мұғалімдер оқушыға білімді дайын күйінде бермей, оқушының
өзінің шығармашылық ойлауына мүмкіндік берді. Сондай-ақ,
оқушыларды шешім қабылдауға үйретіп, өздерінің жауапкершілігін
арттыруды көздеді. Оқушы білімі бағалаудың жаңа түрлерімен
бағаланды. Екінші кезекте бірінші деңгей бағдарламасын
меңгерген тарих пәнінің мұғалімі Гүлнар Шамшатова мен оның
тәлім алушысы Әлиева Ақжанның ұйымдастыруымен «Сын
тұрғысынан ойлау – дамытуға саналы оймен және жауапты шешім
қабылдау мүмкіндігі» тақырыбында коучинг өткізді. Қорытынды
бөлімінде №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің «Өркен»
желілік қауымдастық үйлестірушісі Қ.Досай ой қорыту, ұсыныс-
пікірлер алмасу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Се-
минар жұмысына аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Қалжанова
қатысып, оқытудың жаңа әдістерін меңгерген мұғалімдердің
сабақтарына талдау жасап, өз ұсыныс-пікірін ортаға салды. Се-
минар соңында №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің ди-
ректоры І.Анафияев білім беру жүйесіндегі біліктілік арттыру
курстарының деңгейлік бағдарламасының тиімділігіне тоқтала от-
ырып, алдағы уақытта мектеп мұғалімдерінің бағдарлама аясында
білімдерін дамытатындығын айтты.
Досай ҚҰРАЛАЙ,
№132 Т.Айтбаев
атындағы орта мектептің мұғалімі
Сот саласында көптеген соңғы заманауи технология-
лар қолданысқа енгізіліп келеді. Солардың бірі «Сот кабинеті»
электрондық ақпараттық сервисі.
Жалпы «Сот кабинеті» мүмкіндіктеріне қатысты көптеген на-
сихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.
«Сот кабинеті» жүйесін пайдалану үшін халыққа қызмет
көрсету орталығынан (ХҚКО) электронды санды қолтаңбаны
алғаннан соң «www.sud.kz» сайты арқылы сот кабинетіне тіркелу
қажет.
Осы аталған жүйенің басты ерекшелігінде сотқа өткізетін
өтініштері мен талап арыздарын тікелей сотқа келмей, интер-
нет жүйесін немесе кез-келген жерде орналасқан халыққа қызмет
көрсету орталығы арқылы беру мүмкіндігі қарастырылған.
Бірақ ол үшін міндетті түрде электронды санды қолтаңбаны
алуды ұмытпаңыз.
Жуырда аудандық сот қызметкерлерімен аталған жүйемен
жұмыс жасау тәртібіне қатысты Сырдария аудандық ХҚКО-да
оқып үйрену сабағы ұйымдастырылды.
Оқып үйрену сабағында ХҚКО-ның жауапты қызметкерлеріне
«Сот кабинеті» сервисімен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді.
Әрине, бұл жерде алдағы уақытта сотқа құжаттарды қолма-қол
тапсыруға болмайды деген емес, керісінше жаңа мүмкіндіктерді
барынша ұтымды пайдалануды насихаттаудамыз. Осы аталған
жүйеге қатысты сұрақтарыңыз болған жағдайда Сырдария
аудандық сотына келіп ақпарат алуыңызға болады.
Д.БАЙДУШЕВ,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі
ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ СЕРВИС
ЖАҢАША ОҚЫТУ –
ЗАМАН ТАЛАБЫ
ТҰНШЫҚТЫРҒЫШ ГАЗЫНАН
АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!
Қазақтың
жақсы
қасиеттерінің
асылы-жомарттық,
кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға,
мейірімділік нұрын себуге құштар жанға тән қасиет.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көрерсің» деген
екен дана халқымыз. Бүгінде өзінде барды мұқтаж жандармен
бөлісе білетін жомарт азаматтар баршылық.
Бұның нақты көрінісі Айдарлы ауылының №139 орта
мектебінде өткізілген республикалық «Қамқорлық» айлығы ба-
рысында байқалды. Қайырымдылық айлығын өткізу жөніндегі
ұйымдастыру тобы құрылып, нақты іс-жоспар жасалынды. Мектеп-
те білім алатын аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының тізімі
алынып, демеушілер тарту мақсатында үгіт, насихат жұмыстары
жүргізілді. Ата-аналар, мектеп мұғалімдері, оқушылардың бас-
тамасымен «Біз бәріміз біргеміз!» қайырымдылық жәрмеңкесі,
«Ертегілер еліне саяхат» сахналық қойылымы қойылып, қаражат
жинақтады. Оқушылардың сабаққа қатысуын толық қамтамасыз
ету мақсатында рейдтер ұйымдастырылды. Айлық соңы
қайырымдылық акциясына ұласты.
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы мектептің акт за-
лында ата-аналар мен демеушілердің қатысуымен жақсы көңіл
жағдайында басталып кетті.
Акция мақсаты - мектебімізде білім алып жатқан көпбалалы,
аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының алаңсыз білім алуына
көмек беру. Көмекке мұқтаж жандарға өз
шарапатын аямайтын іскер азаматтардың
жыл санап көбейіп келе жатқаны көңіл
қуантты. Акция барысында қөмек қолын
созған демеушілер қатары көп болды.
Нақтылап айтсақ, «Әлбатырова» кілем
шеберханасының ұжымы (басшысы Роза
Әлбатырова)1оқушыға
спорт
киімін,
кәсіпкерлер: Талғат Әбсадықов 1оқушыға
мектеп формасын, Әлиева Қалдыгүл
1оқушыға спорт костюмін, Райхан Сей-
дахметова 1оқушыға жемпір сыйлап
қуантса, мектебіміздегі екі пән бірлестігінің
мұғалімдері 2 оқушыға жеңіл куртка сый-
лады (бірлестік басшылары Роза Айтпенбе-
това, Әсия Рахменқұлова). Мектеп ұжымы
аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан
он оқушыға қажетті киімдерін алып берді.
Оқушылардың өз үлестерін қоссақ деген
ынтасын жас ұстаздар Айдана Шабенова,
Нәйлә Сейдахметова, Фархат Сарымбетов,
пән мұғалімдері Роза Дұрманова, Айжамал
Оққасова, тәжірибеден өтуші студент Айда-
на Сейтпанова зор белсенділікпен қолдап,
қызықты іс-шаралар ұйымдастырды.
Жыл сайын көмекті қажет ететін жандарға қол ұшын
беретін демеушіміз кәсіпкер Жұматай Ізмағанбетов 10 оқушыға
сый-сияпатын жасады. Акцияны мектеп директорының
міндетін атқарушы Б.Нақыпов қорытындылап, жақсылық
жасауға атсалысқан барлық демеушілерге алғысын білдірді.
Қайырымдылық айлығында белсенділік көрсеткен сыныптар мен
сынып жетекшілері, демеушілер марапатталды.
Б.ЖАНӘЛІ,
А.ОСПАНОВА,
№139 орта мектептің әлеуметтік педагогы
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ –
АДАМ ЖАНЫНЫҢ НҰРЫ
ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛСЫН
Мектеп хабары
Білім берудің озық үлгісі