Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,72 Mb.
#9497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.  Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия. Алматы, 1995 ж.

2.  Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. Алматы, 

2000 ж.


3.  Әшімханов Д. Бес арыс. Алматы, 1996 ж.

4.  Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993 ж.



Резюме

В статье автор рассматривает творческий путь Жусипбека Аймауытова и анализирует его 

психологические труды.

Summary

In the article, the author consider creative way of Zhusipbek Aimautov and analize his psychological 

works. 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ

Сарсенова Айгерім – 

№ 45 мектеп

аудармашысы,

Алматы қаласы

Қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесі 

–  әлемде  теңдесі  жоқ  тәрбие.  Жалпы 

«ұлттық»  деген  сөздің  астарында  елге, 

жерге,  тілімізге,  дінімізге  деген  құрмет 

жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына 

сіңіруде  бастауыш  сыныпта  атқарылатын 

жұмыстың  орны  ерекше.  Яғни  тәрбие 

алуды  сәби  ана  құрсағынан  бастаса,  оны 

білім  теңізінің  мектеп  атты  кемесінде 

ұлттық  құндылықтарымызбен  жетілдіру 

өте  маңызды.  Балабақша,  мектептерге 

ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, 

парасатты  ұрпақ  өсіретініміз  айдан  анық. 

Рухы асқақ., іргесі берік ел боламыз десек, 

ең  бастысы,  ұрпақ  тәрбиесі  мен  біліміне 

сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай 

атамыз:  «балаға  мінез  үш  алуан  адамнан 

жұғады:  бірінші  –  ата-анасынан,  екінші 

–  ұстазынан,  үшіншісі  –  құрбысынан»,  – 

деген  екен.  Ұлттық  тәрбие  атауын  алғаш 

әдеби-педагогикалық  оқулықтарға  енгізген 

М.Жұмабаев  болды.  Ол  педагогиканың 

ұлттық  тәрбиеден  бастау  алатыны  жайлы 

айтқан.  «Педагогика»  атты  еңбегінде 

былай  дейді:  «Ұлт  тәрбиесі  баяғыдан  бері 

сыналып,  көп  буын  қолданып  келе  жатқан 

тақтақ  жол  болғандықтан,  әрбір  ұлттың 

баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін 

қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші 

баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға 

міндетті».

Ұлттық  тәрбие  барысында  ұлттық 

сананы 


қалыптастыру 

ең 


маңызды 

шарттардың  бірі  десек  қателеспейміз. 

Қазіргі 

жаҺандану 

кезіндегі 

Батыс 


өркениетінен  біздің  алатынымыз  да  бар, 

ысырып  тастайтын  тұстарымыз  да  бар. 

Алатын  тұстарымыз  қатарына  батыстың 

технологиялық жетістіктерін, экономикалық 

өндірісті  ұйымдастыру  тәжірибелері  мен 

ғылыми-техникалық  мәдениетін  қабылдау 

сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың 

білімі,  ғылымы,  техникасы,  технологиясы, 

біздер  үшін  өте  қажет  десек  те,  Батыс 

өркениетіне  шамадан  тыс  еліктеуіш  – 

жақсылықтың  нышаны  емес.  «Батыстың 

технологиялық 

жаңалығына 

ұмтылу, 


экономикалық  өндірісті  ұйымдастырудағы 

жетістіктерін  игеру  –  қажеттілік,  ал  одан 

керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа 

айналып 


отырған 

ізгілік, 

кісілік, 

адамгершілік,  бауырмалдық,  әдептілік, 

тәрбиелік  мазмұн  іздеу  –  бос  әурешілік. 

Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда 

ешқандай  жетістікке  жеткен  жоқ,  қайта 

тоқырауға  ұшырады.  Мысалы,  дәстүрлі 

қазақ  қоғамы  мәдени  құндылықтарды 

ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі 

ұстанымы  бойынша  қоғамның  шаңырағын 

шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік 

ұстын  ретінде  қарастырады.  Ал  Батыс 

өркениетінде  бұл  тұрғыдағы  ұстаным 



89

88

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды 

тауар ретінде қабылдайды, мақсат ету – сату 

(сатылу)  және  пайда  табу.  Уақыт  қанша 

аз  жұмсалса,  сонша  пайдасы  көп».  Қазақ 

қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан 

жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса 

да,  оқшау  бола  алмайды.  Жаһанданудың 

қауіпті тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір 

этнос,  әрбір  мемлекет  өзінің  болмысына 

бейімдеп сіңіре алу керек. 

Әрине  жаһанданудан  ешкім  де  құтыла 

алмайды.  Оған  тек  бейімделу  керек,  ал 

бейімделе  алмағандар  құриды.  Бірақ 

бейімделу дегенді өзгенікін толық қабылдау 

деп ұқпау керек. «Бізге дәл қазіргі заманда 

батыстың  желімен  домалай  жөнелетін 

қаңбақ  ұрпақ  керек  емес,  пайдасын  алып, 

зиянын  бойына  дарытпай,  дауылына  міз 

бақпай  қасқайып  қарап  тұратын  тамыры 

ұлт рухына терең бойлаған мәуелі бәйтерек 

керек.  Сондықтан  біздің  міндетіміз  –  рухы 

биік ұрпақ тәрбиелеу». 

Оған  қарсы  тұру  үшін  ұлттық  тәрбиеге 

арқа сүйеу керектігін басып айтуға болады. 

Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір 

қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы 

ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық 

тәрбиенің  ең  маңызды  тұсы  –  адамды 

ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке 

адам  ең  алдымен  өзінің  белгілі  бір  ұлттың 

мүшесі  екенін  іштей  терең  сезініп,  санада 

сілкініс  жасауы  керек  екенін,  содан  кейін 

барып  жалпыадамзаттық  қоғамға  лайық 

орнын  белгілеуі  қажеттігін  сіңіруі  болса 

керек.  Бұл  жерде  негізгі  әңгіме  арқауы 

ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, 

ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені 

біздің  төлтума  бітімімізді,  қайталанбас 

ұлттық  болмысымызды,  ұлттық  ойлау 

машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді 

сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау 

аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде 

біржола  жоғалып  кетпеуімізге  кепіл  болуға 

тиіс.  Қалай  десек  те  ендігі  жерде  өзіндік 

«менін» сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен 

ұлттық  тарихи  жаздын,  бірегей  ұлттық 

ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана 

тілі  мен  ділін,  дінін,  дәстүрлі  мәдениетін 

аман алып қалу және оны одан әрі дамыту 

жолында күреске түсетіні анық. Олай болса 

осы  айтқанымыздың  бәрі  ұлттық  тәрбиеге 

тікелей  байланысты  жүзеге  асатынын 

мойындаймыз. 

Белгілі  қазақ  ақыны,  қоғам  қайраткері 

М.Шахановтың  «Компьютер  басты  жарты 

адамдар»  поэмасынан  қазіргі  заманның 

хал-жағдайын  көруімізге  болады.  Ұлттық 

рухы,  ұлттық  ар-намысы,  ұлттық  сана-

сезімі жоқ қазақтарды ақынның «компьютер 

басты жарты адамдарға» теңеуі бекер емес. 

Жүрегінде ұлттық сезімі жоқ, «мен  қазақпын» 

деуге, өзінің ана  тілінде сөйлеуге, ата салтын 

құрметтеуге  намыстанатын  азаматты  нағыз 

адам немесе Абай айтқандай, «толық адам» 

деуге бола ма? Оның жансыз компьютерден 

айырмасы қайсы? Компьютер – ғылым мен 

техниканың  өлшеусіз  қуатының  арқасында 

ғана  миллиондаған  ақпаратты  «есінде 

сақтайтын»,  мыңдаған  операцияларды 

жаңылыспай  жүзеге  асыратын  «құлтемір». 

Компьютерде  ұлттық  нәсілдік  ерекшелік, 

сезім де, рух та болмайды. Ол – тек адамның 

басқаруымен  жұмыс  істейтін  техника 

ғана.  Бүгінгі  замандастарымыз  ұлтын, 

Отанын,  елін,  жерін,  тарихын,  тілін,  ділін, 

дінін  ата  салтын  мансұқ  еткен  мәңгүрт 

ұрпаққа  айналып  кетпесе  деген  ақынның 

жанайқайы,  өз  ұлтының  тағдырына  де-

ген  жанашырлығының  айғағы  емес  пе? 

«Тәрбиесіз  берген  білім  қауіпті»,  –  деген 

екен  әл-Фараби.  Технологияның  дамып, 

әлемдік  жаһандану  үдерісі  кезінде  білім 

беру  жүйесіне  ұлттық  инновацияны  енгізу 

керектігін көпшілік мойындап отыр. Қоғамға 

қызмет  ететін  болашақ  жеткіншектерге 

сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру 

– ұстаздар қауымының басты парызы.

Ұлттық  тәрбиені  ұлттық  сана-сезімі 

жоғары 


болашақ 

маман 


жастарды 

тәрбиелеуге 

негізделген 

білім 


беру 

жүйесінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарауға 

болады.  Ол  үшін  ұлттық  сана-сезімі 

қалыптасқан,  ұлттық  мүдденің  өркендеуіне 

үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды  өзара 

ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды 

тұлғаны  тәрбиелеуді  мақсат  етіп  алуымыз 

жөн.  Әрине,  тәрбие  жалаң  болмауға  тиіс. 

Жалаң  тәрбие  қауқарсыз.  Кез  келген 

адамды  тәрбиелеудің  ұлттық  негізі  болуы 

керек.  Сонда  ғана  тәрбие  шынайылыққа 

айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы 

қалыптастырып,  ұлттық  рух  пен  ұлттық 

патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу 

болса  керек.  Сондықтан  тәрбиенің  жүзеге 

асуының  технологиясы  қалай  дегенде  де 

ұлтымызға  ұстын,  болашағымызға  тұғыр 

болатын  ұлттық  тәрбиеде  жатыр  деп  нық 

сеніммен  айта  аламыз.  «Қазаққа,  әсіресе 

бүгінгі жастарға, ұлттық тәрбие беру керек» 

деген  идеяны  басшылыққа  алған  Абай 

атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетінің 

ректоры, 

педагогика 

ғылымдарының 

докторы, 

профессор 

С.Пірәлиевтің жобасы ойға қонымды. 

Ел  Президентiнiң  сөйлеген  сөзінде: 

«...Барлық  дүние  мектептен  басталады. 

Сондықтан 

әлемдік 


стандартқа 

сай 


жалпы  орта  білім  беретін  жүйеге  көшіп, 

педагогтардың  кәсіби  деңгейі  мен  жаңа 

оқулықтар  мен  біліми  технологиялардың 

сапасын арттыруымыз қажет..», – деп, атай 

келе  «Қазақстан  –  2030»  бағдарламасында: 

«...Бiздiң  жас  мемлекетiмiз  өсiп-жетiлiп 

кемелденедi.  Бiздiң  балаларымыз  бен 

немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар 

өз  заманының  жауапты  да  жiгерлi,  бiлiм 

өресi  биiк,  денсаулығы  мықты  өкiлдерi 

болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн 

сақтай  отырып,  қазiргi  заманғы  нарықтық 

экономика  жағдайында  жұмыс  iстеуге  даяр 

болады...», – делінген. 

Оқу  мен  тәрбие  егіз.  Оны  бір-бірінен 

бөліп  қарауға  болмайды.  Тәрбиенің  өзі 

күнделікті  сабақтың  әрбір  кезінде-ақ 

оқушы бойына сіңе бастайды. Қазіргі кезде 

ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз 

әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-

дәстүр,  ұлағатты  қағидалар,  шешендік 

сөздер,  өнеге  өсиеті  бар  мақал-мәтелдер, 

туған  топырағымызда  дүниеге  келген 

ойшыл  ғұламаларымыздың  еңбектеріндегі 

тәрбие  қағидалары  элементтерін  бастауыш 

сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, 

дүниетану, бейнелеу өнері, денешынықтыру 

сабақтарында  кеңінен  қолданудың  маңызы 

артып 

келеді. 


Мысалы: 

математика 

сабағында  ақыл-ой  қабілетін  дамытатын 

ойындармен,  ән-күй  сабақтарында  түрлі 

әуендермен,  дүниетану  сабағында  табиғи 

денелерді  қолдануды  және  хайуанаттар 

дүниесін  елестететін,  денешынықтыру 

сабақтарында  ұлттық  ойындармен,  ал 

еңбекке баулуда түрлі ою-өрнектермен және 

т.б. танысады. 

Қоғамның  белгілі  қайраткері,  ақын 

М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық 

рух  болуы  керек»,  –  дегенін  әр  кез  есте 

сақтап,  еліміздің  жарқын  болашағы  үшін 

атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар 

қауымы,  оқушыларға  салт-дәстүрлерді 

жай  ғана  үйретіп  қана  қоймай,  олардың 

тәрбиелік  түп-тамырын,  мәнін,  алтын 

діңгегін  түсіндіре  білуіміз  керек.  Ұлттық 

тәлім-тәрбиенің  іргетасын  дұрыс  қалай 

білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып 

жүргізген шараларына байланысты болмақ. 

Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – 

отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, 

ата-ана  мен  мектеп,  яғни  мұғалімдер  мен 

жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты 

нәрсе  екені  баршамызға  аян.  Қазақтың 

айтулы  қоғам  қайраткері  Мұстафа  Шоқай 

былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай 

рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың 

қажеті  мен  мүддесін  жоқтайтын  пайдалы 

азамат шықпайды». Яғни елдің туын көтеріп, 

тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл 

бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық 

игіліктерді,  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

армандаған  мәдени-рухани  мұрағаттары 

мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім 

жүйесіндегі  ізденістерін  көрсету  –  басты 

міндетіміз. 

Ұлы  бабамыз  Әбу  Насыр  әл-Фараби: 

«Адамға  біліммен  қатар,  тәрбие  берілуі 

керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың 

хас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде 


91

90

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

ежелден 


қалыптасқан 

халқымыздың 

жақсы  дәстүрлерін  оқып  үйрену,  өнеге 

тұту,  жас  ұрпақты  ізгілікке  баулу  үлкен 

жауапкершілікті  талап  етеді.  Ұлттық 

тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгесу 

мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері 

бала  кезден,  бұла  кезіңнен  бастау  алмаса, 

кейін  өте  қиынға  соғатыны  –  дәлелдеуді 

қажет етпейтін ақиқат. 



Резюме

В статье рассматривает проблему объединения образования и национального воспитания.

Summary

The paper considers the problem of combining education and national education.

ОТБАСЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РОЛІ

Урисалиева Г.И. – 

Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Магистратура және PhD докторантура 

институтының, психология

мамандығының 1-курс магистранты 

Отбасы  күрделі  әлеуметтік  инстититут. 

Соңғы  статистикаға  жүгінсек  үйленіп 

отбасын  құрудан  ажырасу  28-30  пайызға 

көтерілген.  Бұл  қоғамды  алаңдататын 

әлеуметтік 

мәселе. 

Отбасы 


оның 

тұрақтылығы,  функциясы  жұмыла  жұмыс 

жасауды қажет етеді. 

Егер  бұрын  отбасын  сыртқы  формальді 

факторлар  (құқық,  адамгершілік,  қоғамдық 

пікір,  дәстүр  және  т.б.)  біріктірсе,  қазір 

жаңа  отбасы  түрлерін  біріктіретін  бір-

біріне  деген  жеке  қатынасы,  мүшелерінің 

өзара  түсіністігі,  құрметі,  адалдығы, 

сүйіспеншілігі,  өзара  қатынасы  өте  күрделі 

болып табылады.

Неке  –  ерлі-зайыптылар  арасындағы 

мүліктік  және  мүліктік  емес  жеке  қатынас-

тарды туғызатын отбасын құру мақсатымен 

белгіленген  тәртіппен  тараптардын  ерікті 

және  келісімі  жағдайында  жасалган  еркек 

пен  әйелдің  арсындағы  тең  құқықтық 

одақ. Неке – отбасын құрудың негізі болып 

табылады [1].

Отбасы  –  бұл  адам  тәрбиелейтін  негізгі 

орта.  Ол  жерде  рухани,  эстетикалық,  саяси 

және  философиялық  әлемді  меңгерудің 

алғашқы  қадамдары  басталады.  Отбасы 

–  бұл  еңбек  мектебі,  ұрпақтар  мектебі. 

Баланы  отбасында  тәрбиелеу  –  бұл  жеке 

тұлғаны  қалыптастырумен  пара-пар.  Жан-

жақты  жетілген  тұлғаны  қалай  тәрбиелеу 

керек, бұл кезде қандай мақсаттар көзделеді, 

осыларды  анықтап  алмай  тұрып  тәрбие 

үрдісін ұйымдастыру қиынға соғады.



Отбасы дегеніміз – әр түрлі жыныстағы 

адамдардың  өзара  көзқарастары  мен  іс-

әрекеттері үйлескен, тығыз қарым-қатынаста 

болатын әлеуметтік топ.



Салауатты отбасы  өркениетті қоғамның 

талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің 

жағдайына  әлемдік  деңгейде  мән  беріліп 

отыр.  Әрбір  отбасы  қоғамның  кішкене  бір 

бөлігі  болып  табылатындықтан,  қоғамды 

өркениеттілікке  жеткізу,  ең  алдымен,  әр 

отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан 

басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен 

Ұлттар  ұйымында  қабылданған,  кейіннен 

1995  жылы  Қазақстанда  қабылданған 

«Баланың құқығы туралы Конвенция» бола 

алады. Онда «Бала толық және үйлесімді 



дамуы  үшін,  ол  мейірім  мен  өзара 

түсіністігі  бар,  қызығушылыққа  көп 

көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы 

бар  отбасында  өсуі  қажет.  Сондай­

ақ  бала  әлі  де  дене,  ақыл­ой  жағынан 

толыққанды  жетілмегендіктен,  олар 

туылғанға  дейін  де,  туылғаннан  кейін 

де ерекше мейірім ділікке, қамқорлыққа, 

әсіресе, 

құқықтық 

қамқорлыққа 

мұқтаж” [2].

Неке  жасы  –  адамның  некеге  тұру 

құқығна жеткендегі жасы.

Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  «Қазақ-

стан-2030» стратегиялық бағдар лама сында 

және Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз 

жергілікті  деңгейде  де  отбасын,  әйелдің 

жүкті  кезін  және  балаларды  тәрбиелеуді 

қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз.

Неке 


мен 

отбасы 


институтын 

нығайтудың  жолдарын  мұқият  талдау, 

жалғызбасты  аналар  проблемасын  шешу 

керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам 

болғымыз  келсе,  жұбайлардың  бір-бірінің 

алдындағы,  ал  ең  бастысы,  балаларының 

алдындағы  жауапкершілігін  күшейтуге 

тиіспіз.  Ата  –  аналар  балаларына,  ал 

балалар өздерінің қартайған ата-аналарына 

қамқор  болғанда,  әйел  отбасы  мен 

қоғамда құрметке ие болғанда-еліміз үшін 

алаңдамауға  да  болады.  Қандай  жағдайда 

да,  әйелдің  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп 

төндірмейтін 

отбасын 

жоспарлаудың 

өркенкениетті жолына түсуіміз керек. Жас 

шамасына  қарай  жүргізілетін  саясатта  біз 

жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ 

жас  отбасыларға  көңіл  бөлуді  күшейтуге 

тиіспіз», – деп атап көрсетті [3].

Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің 

бірі-отбасы  тұрақтылығын,  отбасылық 

қатынасты 

нығайту, 

отбасы-некелік 

өмірге  жастарды  даярлауды  жетілдіру. 

Некеге  және  отбасына  қатысты  рухани 

өмірдің  жұтаңдығы,  халықтық  дәстүрді 

естен  шығару,  осал  некенің  пайда  болып, 

ажырасуына әкеліп соғады.

Мемлекет балалық шақты адам өмірінің 

маңызды кезеңі деп таниды және балаларды 

қоғамдағы  толыққанды  қағидаттарын 

негізге алады.

Қазақстан  Республикасы  1994  жылы 

Бала  құқықтары  туралы  конвенцияны 

(бұдан әрі-Конвенция) ратификацияланды. 

Осы  Конвенция  ережелерін,  балалардың 

жағдайы  жөніндегі  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымы Бас Ассамблеясын-ың сессиясында 

қабылданған. 

Отбасында бала тәрбиесіне де әсер етуші 

жағдайлар да әртүрлі. Бала психологиясына 

отбасында  ерлі-зайыптылардың  өзара 

қарым-қатынас жүргізу тәсілі де әсер етпей 

қоймайды.  Күнделікті  тұрмыста  әке  мен 

ананың  өнегесін көріп өскен бала, әдепті 

адал  азамат  болады.  Дегенмен  де  түрлі 

себептерге  байланысты  ерлі-зайыптылар 

ажырасып  жатады.  Ал,  отбасының 

айрылысу  қазіргі  кезде  біздің  қоғамның 

басты  проблемасы  болып  отыр.  Бүгінгі 

таңда  толық  емес  отбасыларының  саны 

артуда.  Статистикалық  мәліметтер  толық 

емес  отбасында  тәрбиеленетін  мектеп 

жасына  дейінгі  кезде  меңгерілген  сапа 

қасиеттер, баланың барлық ересек өмірінде 

көрініс табатынын көрсетеді. 

Отбасы  сәтсіздігі  көбіне  өмір  сүру 

циклындағы отбасы қалыпты және қалыпты 

емес дағдарыстар көлеміндегі мәселелерге 

қоса,  әлеуметтік,  экономикалық,  демо-

графиялық  дағдарыстармен  қатар  келуі 

күрделеніп отыр.

Жас отбасы өзін әлеуметтендіруде білім 

мен  қолдауды  қажет  етеді.  Бұрын  тәрбие 

мектебі  –  тұрақты  ұжым  болатын  және 

үлкендер,  ата-ана,  қолдау  тауып,  соны 

көріп  тәрбиеленіп  сомданатын,  ал  қазір 

жеке тұрғанды дұрыс деп шешетін жастар. 

Өмір мектебінен өтуде белгісіз жағдайларға 

кездесіп жекелей шеше алмайтын тұстарда 

жолығады.

Отбасы  психотерапиясында  нобелдік 

сыйлықтын  иегері  Вирджания  Сатирдің 

отбасы  түсінігінде:  отбасы  қуаты,  от басы 

қызметі,  отбасы  шекарасын  бөліп  қарас-

тырады.

Ғалым В.Сатир отбасының әсерін былай-



ша көрсетеді:

1.  Отбасы  –  біз  одан  өсіп  шықтық, 



93

92

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

ол  күнделікті  мінез-құқымыз  бен

  ұс-

танымыздан көрінеді.



2. Отбасы – жүйе, ол тепе-теңдікке негіз-

делген, отбасы мүшелеріне бе рілген, тыйым 

салынған  рольдер  (жеке  қажеттіліктерге 

байланысты отбасы мү шелерін де шиеленіс 

туындайды).

3.  Отбасы  –  күш,  жеке  белсенді  өмір 

сүруге жетелейді.

4. Отбасы – өзіндік бағалау, мінез-құлықта 

қорғану пайда болады.

5.  Отбасы  –  процесс,  жеке  басты  жетіл-

діруге мүмкіндік береді.

6.  Отбасы  өзгеру,  ол  бірнеше  кезеңнен 

тұрады. [4]

Маман  иелері  (психолог,  педагог,  заң) 

отбасы  дағдарыс  поцесінің  түрлерін  оның 

қалыптасу  деңгейін  анықтап:  көп  балалы 

отбасы  және  нашар  қамтамасыз  етілген 

отбасына  жағдай  жасалумен,  нашар 

отбасының, бала тәрбиесіндегі мәселелеріне 

бірге  жауап  іздеп,  психологиялық  көмек 

көрсетілуде.  Ғылыми  тұрғыда  отбасы 

дағдарысы 

психологиялық 

жағынан 


зерттеудің  қажет  етілуі  арнайы  теориялық 

жағынан немесе психотерапевтік әдістермен 

психокоррекциялық  жұмыстарды  жүйеге 

келтіріп  бейімделуді  қажет  етеді.  Отандық 

зерттеулерде  психокоррекциялық  жұмыс: 

отбасы дағдарысында адамдардың уайымы, 

қиындықты  жеңу  құралы  мен  жағдайы  

сирек  психологиялық  зерттеу  пәні  болып 

табылады.  Нақты  отбасы  дағдарысына 

арналған  (бөгетті)  жеңуге  деген  механизм 

мен факторлар, таңдауға қатысу, одан шығу 

жолдарын  қалыптастыру,  психологиялық 

көмекке тепе-тең ықпал ету. Мемлекетіміздің 

50 дамыған елдің қатарына енуі үшін отбасы 

татулығының мәні ерекше. 

Біздің  қоғамның  маңызды  мәселелерінің 

бірі-отбасы  тұрақтылығын,  отбасылық 

қатынасты  нығайту,  отбасы  некелік 

өмірге  жастарды  даярлауды  жетілдіру. 

Некеге  және  отбасына  қатысты  рухани 

өмірдің  жұтаңдығы,  халықтық  дәстүрді 

естен  шығару,  осал  некенің  пайда  болып, 

ажырасуына  әкеліп  соғады.  Ажырасу 

статистикасы 

республикамызда 

әрбір  


үшінші  неке  бұзылатынын  көрсетіп  отыр. 

Ажырасудың  басым  көпшілігін  мүлдем 

жас  некелер,  жаңадан  қосылған  отбасылар 

құрайды.  Тарихымызға  көз  салсақ,  ежелгі 

қазақ  елінде  отбасылардың  ажырасуы  өте 

сирек  болған.  Мұның  себебі  бұрын  халық 

некеге  орнықты,  мәңгілік  институт  ретінде 

қарады.  Мұндай  жағдай  жұбайлардың 

төзімділігін,  бірін-бірі  сынап-мінеудің  аз 

болуын  және  отбасының  тұрақтылығының 

жоғары көрсеткішін құрады.

Ажырасу – әлеуметтік-рухани құбылысқа 

қарсы  жағдай,  әрі  қоғамға  теріс  ықпал 

жасайды.  Ол  ұзаққа  созылған  ерлі-

зайыптылардың 

өзара 


келіспеушілігі, 

қақтығысы,  ұрыс-керісінің  соңғы  нәтижесі. 

Ал,  бұл  құбылыстардың  куәсі болып  өскен 

балада  агрессия  қаттыгездік,  эгоизм  т.б. 

жағымсыз тәртіп ерекшеліктері қалыптасады 

[5].


Қазақ отбасына көп балалы тән. Бала үшін 

отбасындағы  ата,  әже,  әке  ана  тәрбиелері 

үлкен  мектеп.  Отбасы  мүшерерінің 

қаншалықты  көп  болуы,  ол  жерде  өсіп 

келе  жатқан  балаға  да  көпжақты  ықпал 

жасайды.  Бала  отбасы  мүшелерінің  түрлі 

назарын  басынан  өткізіп,  олардың  дағды-

іскерліктерін  меңгереді,  жасы  үлкендерді 

сыйлап, құрметтеуді үйренеді.

Ал,  керісінше  отбасы  мүшелерінің 

санының  аздығы  баланың  әлеуметтену 

үрдісінің  ауқымын  әлдеқайда  шектейді. 

Бала  отбасында  еліктеуге  тұрарлық  бейне 

таба  алмаса,  ол  адамды  шеттен  іздестіреді. 

Қазіргі таңда жастардың жасы үлкен қария 

адамдармен  қарым-қатынасқа  түсуі  сирек 

болғандықтан,  оларға  деген  ізет,  құрметін 

де  аз  мөлшерде  білдіретіндігі  байқалуда. 

Бала қарт адамдармен өзара қарым-қатынас 

жасамаса,  ол  қартаю  үрдісінің  мазмұнын 

да  түсіне  алмайды.  Ал,  қазіргі  таңда  көп 

ұрпақты  отбасы  тұрмақ,  толық  отбасылар 

санының да күрт төмендеуімен толық емес 

отбасылар  санының  өсуі  байқалуда.  Толық 

емес отбасында тәрбиеленетін баланың өмір 

тіршілігі  әке  мен  ананың  тәрбиесін  көрген 

бала  тіршілігінен  айтарлықтай  ерекше, 

өзіндік тұрпатқа ие.

Толық  емес  отбасында  өскен  ер  бала 

еркекке тән келбетін жоғалтып, ер адамның 

барлығы  жаман  деп  қабылдайды.  Ал  қыз 

бала  анасының  әлсіздігін  көріп  өсіп,  ер 

адамдарға деген жағымсыз, теріс қатынаста 

болады.  Олар  өсе  келе  сезімдерін  отбасын 

құрғанда ұстанып, өздерінің ер адамдардан 

ешбір 


тәуелсіз 

екендігін 

көрсетуге 

тырысады.  Отбасындағы  микроклимат,  ол 

жердегі  психологиялық  ахуал  ата-ананың 

өзіндік мінез-құлық, тәртіп ерекшеліктеріне 

де  тікелей  байланысты.  Отбасында  әкенің 

нағыз,  қайырымды,  отбасы  басшысы  бола 

алуы,  керісінше,  оның  қатыгез,  жазалаушы 

болуы  да-отбасындағы  психологиялық 

көңіл-күйді өзгертеді. 

Отбасында  шаңырақ  иесі  ретінде 

әкенің  ролі  ерекше.  Егер  отбасында  әкенің 

қадір-қасиеті  бағаланбаса,  ол  ең  алдымен 

балаға,  оның  бүкіл  тәрбиесіне  әсер  етеді. 

Мұндай  отбасындағы  бала  анасының 

«айрықша  артықшылығын»  өзіне  тағылым 

етіп,  анасындай  болуға  бейімделеді, 

есейе  келе  еріне  анасынан  қабылданған 

«артықшылығын»  көрсетуге  тырысады, 

осылайша отбасы бұзылуына келіп тіреледі.

Жалғыз  басты  ана  бала  тәрбиесіндегі 

жауапкершілікті 

толықтай 

атқаруға 

тырысқанымен,  бала  үшін  әкенің  орнын 

толықтыра  алмайды.  Оның  әке  мен  ана 

міндетін  біріктіре  жүзеге  асырғанымен 

де,  әкелік,  аналық  ұстанымды  бір  мезетте 

орындауы  мүмкін  емес.  Солай  дегенмен, 

әлеуметтік, 

психологиялық, 

рухани, 

экономикалық  себептерге  байланысты 

ажырасқан, толық емес отбасындағы мектеп 

жасына дейінгі бала мен ол жердегі ата-анаға 

қейбір кеңестер беруге болады:

1.  Отбасы  ажырасқан  жағдайда  ешбір 

адамды  кінәләмай  балаға  түсіндіру  керек. 

Әкесіз қалған бала өзін қажетсіз, ата-анасына 

кедергі ретінде сезінеді. Бұл жағдайда балаға 

әкесінің жақсы көретінін айту керек. Әкенің 

кететіні нақты белгілі болған жағдайда.

2.  Отбасында  баланы  әкесінің  кетуіне 

дайындаған дұрыс. Әкенің баламен қарым-

қатынасқа  түсуі,  бірлесе  уақыт  өткізуі 

қаншалықты сирек болған сайын, бала өзін 

барынша  керексіз  сезбейтіндей  жағдай 

туғызу керек. 

3.  Баланың  тұрғылықты  мекен-жайын 

ауыстырмауға  тырысу  керек,  себебі, 

осы  кезде  бала  ескі  достық,  таныстық 

байланыстардың сақталуын аса қажетсінеді.

4.  Баланың  қарым-қатынас  шеңберін 

барынша  арттырып,  уақыттарын  қызықты 

өткізуге жағдай жасап, қызығушылықтарын 

әр  түрлі  үйірмелермен  қамту  керек.  Әке 

немесе  ана  балаға  деген  махаббатын  үнемі 

білдіріп,  оның  тілек,  ниеттерін  сыйлауы 

тиіс. Балаға деген ата-ана махаббаты өте кең 

ұғым. Бұл сезім бір ғана адамға тән емес. Ол 

отбасының барлық мүшелеріне ортақ болған 

жағдайда ғана, бала үшін бақыт әкеледі. [6]

Отбасының  негізгі  функциясы  ұрпақ 

желін,  оны  саналы  азамат  етіп  тәрбиелеу. 

Тәрбие  үлгінің  негізінде  әсерлі  де  мәнді 

болатындықтан,  некеге  тұрарда  ер  азамат 

та  әйел    адам  да  осы  функциясына 

жауапкершілікпен қарауы тиіс. Эгоизм бала 

тәрбиесінде жағымды нәтиже берген емес.

Қорыта  келе,  мемлекеттің  болашағы 

білімді, мәдениетті ұрпақты тәрбиелеп, оны 

тұлғалық  деңгейге  жеткізудегі  отбасының 

орнын,  қызметін  әр  адам  барынша  нақты 

сезінуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет