Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,72 Mb.
#9497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Резюме

      В данной статье рассматриваются вопросы семейного воспитания. А также актуальность 

союза школы и семьи в учебной и воспитательной работе.

Summary

This article focuses on education in the family. Also in the article the union of school and family in the 

training and educational work.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАМАН 

ТҰЛҒА БОЛМЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ

Қожабеков Д.А. – 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың

Магистратура және PhD докторантура 

институтының

2-курс магистранты

Құндылық  көп  мағыналы  пәнаралық 

ғылыми  ұғым.  Философия  ғылымы 

тұрғысынан  «құндылық»  –  тұлға  үшін 

маңызды, пайдалы, өзін-өзі жетілдіруге және 

адамзат  қоғамының  дамуына  септігі  бар 

адамның шынайылыққа деген қатынасының 

мәнін,  белгілі  бір  ақиқат  құбылысының 

адамға, әлеуметке және мәдениетке маңызын 

көрсету үшін қолданылатын ұғым [1]. 

Демек 

құндылық 



жеке 

адамның 


және  басқа  субьектілердің  тіршілігінде 

олардың  қажеттілігін  қанағаттандыру  мен 

қызығушылығын  жүзеге  асыруға  арналған 

маңызды  іс-әрекеттерді  анықтайды.  Жеке 

тұлға  іс-әрекетінің  табысты  болуы  олардың 

мәдениетіне  тікелей  байланысты,  себебі 

мәдени білімдер оның құндылық бағдарының 

негізін  құрайды.  Тұлғаны  мәдениетке 

тарту  алдымен  жеке  құндылықтар  жүйесін 

қалыптастыру  үрдісі  болып  табылады. 

Мәдениетті меңгеру үрдісінде индивид тұлға 

болып  қалыптасады,  тұлға  адам  ретінде 

қасиеттер  жиынтығынан  тұратындықтан, 

оған  қоғамда  оның  толық  қанды  мүшесі 

ретінде  өмір  сүруге,  басқа  адамдармен 

әрекеттесуге,  мәдениетті  өндіру  бойынша 

іс-әрекетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік  құндылықтар  және  олардың 

қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе адам 

мен  қоғам,  мәдениет  пен  өркениет,  табиғат 

пен қоғам арасындағы қарым-қатынастармен 

тікелей байланысты.

Құндылықтардың 

ғалымдар 

бөліп 

көрсеткен  жіктемесіне  сүйене  отырып, 



болашақ  маман  тұлғасын  қалыптастыруда 

маңызды  рөл  атқаратын  әлеуметтік 



құндылықтар,  атап  айтқанда,  статус,  әл-

еу меттік  орны  мен  беделі,  еңбекқорлық, 

еңбек,  байлық,  кәсіп,  отбасы,  патриотизм, 

ұлтжандылық,  келісімділік,  тәртіп,  кәсіп-

қойлық,  әлеуметтік  теңдік,  жыныс  теңдігі, 


47

46

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

бейбітшілік, белсенділік, жетістіктерге жете 

алу мүмкіндігі, тұлға еркінділігі, төзімділік, 

т.б.  бөліп  көрсетіліп,  сипаттамасына  назар 

аударылды. 

Әлеуметтік статус (мәртебе) – қоғамдағы 

жеке  тұлғалар  мен  әлеуметтік  топтардың 

қандай  да  бір  құқықтар  мен  міндеттер 

жиынтығымен байланысты жалпы жағдайы. 

Ол  жеке  тұлғаның  немесе  әлеуметтік 

топтың  «статустық  жиынтық»  деп  ата-

латын  қоғамдағы  дәрежесінің,  кәсібінің, 

білігінің,  лауазымының,  материалдық  жағ-

дайының,  саяси  ықпалының,  партиялық 

және  кәсіподақтық  мүшелігінің,  іскерлік 

байланыстарының,  ұлтының,  діншілдігінің, 

жасының, отбасылық жағдайының, туыстық 

байланыстарының  интегралды  көрсеткіші 

(Р.Мертон) [2]. 



Бедел – кең мағынада жалпы мойындал-

ған  бір  тұлғаның  немесе  ұйымның  білім, 

тәжірибе, адамгершілік абыройға негізделген 

қоғамдық  өмірдің  әртүрлі  салаларына  әсер 

етуі;  дәл  мағынада  билікті  іске  асырудың 

бір үлгісі; бір немесе бірнеше мүмкін саяси 

легитимация  нысандарына  негізделген  қау-

ым дастықта немесе мемлекетте орна тылған 

саяси басқару.

Еңбек  –  адамға  өзінің  тұтынушылығын 

қамтамасыз  етуге  қажетті  бүкіл  заттар 

жиынтығын  жасайтын  адам  әрекетінің 

негізгі  формасы.  Еңбек  адамның  өзінің 

қалыптасуында,  оның  сана,  сөйлеу  тәрізді 

қатынасқа  қабілетті  ететін  қасиеттерін 

қалыптастыратын шешуші күш. 

Абырой – адамның өзіне деген айрықша 

моральдық көзқарасын білдіретін этикалық 

категория және жеке тұлғаның қадір-қасиеті 

мойындалатын  қоғамдық  пікір;  адамның 

өзі  айналысатын  кәсібіне  (мамандығына), 

қабілет-қарымына толық сәйкес келуі. Адам 

абыройы  мен  қадір-қасиеті  оның  шыққан 

тегі,  білімі  немесе  әлеуметтік  жағдайымен 

емес, жеке тұлға және азамат ретінде еркін 

ерік  күшінің  болуымен  айқындалады. 

Адамның  өз  абыройын  арттыруы  жеке 

тұлғаны    дәстүрлі  еңбекке  тәрбиелеу 

процесі  барысында  жүзеге  асады,  ал  оның 

негізгі  шарты  –  ересектердің  жастарға 

деген  сыйластық  қарым-қатынасы  болып 

табылады. 

Адам  абырой  үшін  қызмет  етеді, 

кейін  абырой  адам  үшін  қызмет  істейді. 

Сондықтан  халық  әсіресе  жастарға  бата 

бергенде  алдымен  «абыройлы  болсын!» 

дейді. Абырой адамның қоғамдық бейнесін, 

өз еңбегімен жинаған беделін танытады. 



Намыс – арлы адамның өзіне, айналасына, 

ұлтына  кір  келтірмес  үшін  күресте  бойына 

қайрат  беретін  сезімі.  Қазақ  халқы  ұлттық 

намысқа ерекше мән беріп, халықтық тәлім-

тәрбие  жүргізеді.  Намыс  –  адамның  қадір-

қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті, 

лап  етпе  сезімі.  Ар-ұждан  намыс  деген 

ұғыммен  тығыз  байланысты.  Ар-ұждан  – 

адамның  өз  тәртібін  өзінің  қадағалауына 

негізделген,  тұлғаның  этикалық  қарым-

қатынасымен  байланысты  қарастырылатын 

мінез-құлықтық  категория.  Ол  адамның 

өз  мінез-құлқын  бақылау,  қадағалау,  оған 

белгілі  бір  шек  қойып,  мүлтіксіз  орындау 

қабілетін  бейнелейтін  әдептану  санаты. 

Ұждан  адамның  халық  пен  қоғам  немесе 

жеке  адамдар  алдындағы  өз  әрекеті,  іс-

қимылы  үшін  моральдық  жауапкершілігін 

сезініп,  саналы  түрде  ұғынуын,  өз  ойы 

мен  іс-әрекетін  адамгершілік  ұжданымен 

бағалай білуін бейнелейді.

Байлық  –  қоғамға  және  жеке  адамға 

қатысты  материалдық  игіліктер  мен 

рухани  құндылықтарды  білдіретін  ұғым. 

Байлық  рухани  және  материалдық  болып 

ажыратылады. Рухани байлық ұғымы әлемде 

немесе  белгілі  бір  елде  жасалған  рухани 

қазыналардың жиынтығын, сол қазыналарды 

игеруді мұрат тұтқан жеке адам басындағы 

сезім, ақыл, парасат, өнер, білім қабілеттерін 

қамтиды  (қ.  Руханият).  Ал,  материалдық 

байлық  ұғымы  адамзат  қауымына,  жеке 

мемлекетке  не  адамға  тиесілі  материалдық 

игіліктерді  білдіреді.  Сондықтан  адамдар 

қарым-қатынасындағы 

билік, 

әділдік 


ұғымдарын қарастырып, адамзат қоғамында 

үйлесімділікке  жету  жолдарын  іздеген 

ойшылдар  «байлық»  ұғымын  айналып 

өте  алмаған.  Байлықтың  жеке  меншіктік, 

қоғамдық  және  мемлекеттік  түрлерінің 

тиімділігі  мен  әділдігі  мәселесіне  қатысты 

бір-біріне  қарама-қайшы  философия  және 

социологиялық көзқарастар қалыптасқан. 

Кез  келген  қоғамда  адамдардың  рухани 

және материалдық байлыққа қол жеткізуіне 

жағдай  туғызылғанда  ғана  сол  қоғамның 

дамуы орнықты болады. Мұндай қоғамдағы 

мүмкіндікті ақылмен пайдаланып, қажымай 

күш-жігер  жұмсағандар  бай  болады.  Ал, 

жалқаулық  пен  енжарлыққа  бой  салғандар 

кедейшілікке ұрынады. Бұл пікірді Абайша 

білдірсек,  “Байлықты,  кедейшілікті  жарат-

қан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай 

емес” [3]. 

Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  материалдық 

байлықтан  рухани  игілікті  жоғары  қоятын 

“Малым  –  жанымның  садағасы,  жаным 

–  арымның  садағасы”  деген  моральдық 

ұстаным қалыптасқан. 



Кәсіп  –  кәсіптік  оқу  және  тәжірибе 

жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір 

білім  мен  машықтарды  талап  ететін  еңбек 

қызметінің түрі. 



Тәртіп  –  адамдардың  белгілі  бір 

қауымдастығындағы,  тіршілік  қарекеті 

саласындағы  реттіліктің,  жөн-жосықтылық 

пен  ұйымшылдықтың  сапалық  сипаты; 

адам мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан 

құқық,  мораль  нормаларына  не  әлдебір 

ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігі. 

Тәртіп  тұлғаның  ұстамдылығын,  іштей 

ұйымдасқандығын,  жауапкершілігін,  өз 

мақсат тарына бағыну мен қоғамдық нұсқау-

ларға  (заңдар,  әлеум.  нормалар,  қағидалар) 

бағынуға әзірлігі мен дағдысын қамтиды. 

Қоғамдық  тәртіп  адамдардың  мінез-

құлқы мен жүріс-тұрысына үйлесімді сипат 

береді,  ұжымдық  іс-әрекеттің  өнімділігін, 

әлеуметтік  инабаттардың  қалыпты  қызмет 

атқаруының, тұлғааралық қатынастың дұрыс 

болуының  алғышарты  болып  табылады. 

Тәртіп – қоғамда қалыптасқан құқық, мораль 

нормаларына  немесе  қандай  да  болсын 

ұйымнын жарлық талаптарына адамдар дың 

мінез-құлығының  сәйкестігін  бейнелей-

тін  қандай  да  болсын  қауымдастықта, 

адамдардың  тіршілік  әрекеті  сферасында 

реттіліктің ұйымшылдықтың сапалық сипат-

тамасы. 


Гендер  –  анатомиялық  жыныс  бойынша 

еркектер мен әйелдер арасындағы ерекшелік; 

негізі анатомиялық жыныста құрылған, бірақ 

онымен сәйкес келуі міндетті емес әлеуметтік 

бөлу.  Әлеуметтік  қатынас  (биологиялық 

жыныс  емес);  немесе  әрбір  жеке  тұлғаның 

арнайы әлеуметтік қатынастар терминіндегі 

көзқарасы.  Ағылшын  тілінен  аударғанда 

гендер  «тек»  деген  мағынаны  (ағыл.gender 

–  тек,  грамматикалық  ұғым:  мысалы  орыс 

тіліндегі женский род, мужской род, средний 

род) білдіреді. 



Белсенділік  –  белсенділіктің  қозғаушы 

күші  –  қажеттілік  пен  құштарлық. 

Тіршіліктің  негізі  –  қозғалыс  пен  іс-

әрекет  болса,  оның  не  қарқынды,  не  баяу 

жүруі  қажеттілік  пен  құштарлық  шегіне 

байланысты.  Әлеуметтанудағы  белсенділік 

адамның  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін 

сипаттайтын негізгі белгілердің бірі. Мұны 

саяси  белсенділік,  әлеуметтік  белсенділік 

және психикалық белсенділік деп бөледі: 



Саяси  белсенділік  –  жеке  тұлғаның  не 

әлеуметтік  топтың  саяси  процеске  араласу 

деңгейін  білдіретін  ұғым.  Бұл  белсенділік 

әлеуметтік топтың өзі көздеген мақсаттарына 

сай саяси жүйеге ықпал етіп, оны өзгертуге 

ұмтылуынан байқалады. 



Әлеуметтік  белсенділік  –  белгілі  бір 

тарихи кезеңде әлеуметтік топтың, қауымның 

қоғам  алдына  қойылған  міндетті  саналы 

түрде  шешуге  бағытталған  іс-әрекеттерінің 

жиынтығы.  Әлеуметтік  белсенділік  қоғам 

өмірін  әртүрлі  аясында  (саяси-қоғамдық 

істерде,  еңбек,  мәдениет  және  тұрмыс 

саласында) көрініс береді. 

Психологиядағы  белсенділік  –  адамның 

сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауының 

сипаты,  ол  іс-әрекетпен  байланысты 

бағаланады. 



Тұлға  белсенділігі  –  адамның  шығар-

машылықтағы, 

іс-әрекеттегі, 

қоғамда-


ғы, 

қарым-ка тынастағы 

тегеу ріңділігі. 


49

48

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Бұл  адамның  әлеуметтік  өзгерістерге 

араласуынан  байқататын  қасиет.  Тұлға 

белсенділігі  оның  идеялық  принциптілігі 

мен  өз  көзқарасынан  таймауынан,  сөзі  мен 

ісінің бірлігінен көрінетін адамның белсенді 

өмірлік  позициясы  ретіңде  сипатталады; 

ситуацияға үстем белсенділік – субъектінің 

ситуациялық  алаптардьін  деңгейінен  биік 

болу қабілеті. 



Тұлға  еркіндігі  –  адамның  немесе 

жеке  ұлттың,  халықтың  өз  мүдделері  мен 

мүмкіндігіне  сай  әрекет  етіп,  өз  қалауын 

жүзеге  асыруы.  Адамдар  өз  әрекетінің 

объективті жағдайларын қалауынша таңдап 

алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және 

салыстырмалы еркіндікке ие. Жеке адам мен 

ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай 

алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті 

өлшемі болады. 

Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеумет-

тік  жағдайларға  тәуелділігі  ертеден-ақ 

дәлелденген.  Бұл  туралы  психолог,  педагог 

ғалым Л.С.Выготский өзінің зерттеулерінде 

ерекше  мән  берген.  Ол  адам  –  әлеуметтік 

ортаның  негізгі  бір  құрамды  бөлігі  деп 

есептейді.  Өз  тарапынан  орта  мүлде 

өзгермейтін,  қатып  қалған,  ешнәрсе  әсер 

етпейтін дүние емес, ол үнемі адамдық ойлы 

қарым-қатынаста болатындығын айта келіп, 

орта, сайып келгенде, адам үшін әлеуметтік 

орта болып есептеледі де, адамға әлеуметтік 

тәжірибесімен  табиғи  ықпал  жасайды 

деген  пікірді  ұсынады.  Әлеуметтік  ортаны 

шартты түрде адамдар қарым-қатынасының 

жиынтығы  деп  есептей  келе,  әлеуметтік 

ортаның  ерекше  өзгермелі  жаңа  мазмұны, 

түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы 

бола алатындығын дәлелдейді [4]. 

Э.Дюркгеймнің  ғылыми  айналымға 

құндылықтар  және  бағдарлар  ұғымдарын 

енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының 

жаңа қырлары көрінеді: егерде сырттан әсер 

етілетін  мәжбүр  етуге  сүйенбей,  қоғамның 

адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл 

бөлінетін  болса,  әлеуметтік  нормаларда 

соғұрлым тиімдірек болады [5]. 

Жеке  адамдарға  қатысы  әлеуметтік 

нормалар,  құндылықтар  және  өзге  де 

қоғамдық  сананың  көріністері  объективті 

өмір сүреді. Әрбір адам қалыптасқан белгілі 

бір  саяси,  құқықтық,  моральдық  және 

басқа  да  нормаларға,  құндылықтарға  және 

әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса 

оларды  меңгеруі  қажет  және  күнделікті 

өмірде  іске  асыруы  тиіс.  Жастардың 

қалыпты  өмірін  қамтамасыз  етуге  ықпал 

жасайтын адамгершілік адами қасиеттердің 

құндылықтарын 

бағалауда 

әлеуметтік 

мәдени ортаның рөлі ерекше.

Студент жастардың әлеуметтік құндылық 

динамикасын  талдай  отырып,  олардың 

қазіргі  кезде  дербестігі,  тәуелсіздігі  едәуір 

жоғары  деңгейде  екенін  атап  көрсетуге 

болады.  Олар  өзінің  қоршаған  ортаға  жеке 

көзқарасын батыл әрі ашып айтады, оларда 

ұлттық  мақтаныш  сезімі  күшті  дамыған. 

Сонымен  қатар  қазір  студент  жастардың 

дүниетанымы,  қоршаған  ортаға,  өмірге, 

қызметке көзқарастары қарама-қайшылықты 

әлеуметтік кең. Олар білім, мәдениет, еңбек, 

кәсіби  қызметтің  маңыздылығын  бағалауға 

сын  көзбен  қарайды,  олардың  жан  дүниесі 

өте сезімтал. 

Тұлғалық  ынта,  көңіл,  назар,  ықылас, 

қалау,  тілек,  т.б.  –  бұлар  адамдардың 

әлеуметтік  белсенділіктердің  қозғаушы 

күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл», яғни 

атқарылатын  қызмет;  «әлеуметтік  статус»  - 

адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б. 

Адамның  аса  күрделі  табиғаты  оның 

қоғамдағы  әр  түрлі  байланыс-қатынастары 

қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық 

түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді 

жасауға ықпал етті. 

Осылардың  бірі  –  адамның  бейнесіне 

(образын)  әлеуметтік  рөлдердің  жиын-

тығы  ретінде  қарау,  тұлғаның  рөлдік 

тұжырымдамасы.  Бұл  тұжырымдаманың 

мазмұны  мынадай:  қоғамдағы  әрбір  адам 

ондағы  алуан  түрлі  әлеуметтік  топтарға 

кіреді. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам 

бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы 

адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, 

яғни  нақтылы  адам  әр  жағдайда  әр  түрлі 

рөлдерде қызмет атқарады.

Осындай  қызметтердің  маңызы,  мәнді 

жақтары  «әлеуметтік  рөл»,  «әлеуметтік 

статус»  ұғымдарын  тудырады.  Әлеуметтік 

рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын 

орнына,  жағдайына,  олардың  басқалармен 

қарым-қатынастарына  байланысты  және 

қабылдаған  ережелерге  сәйкес  адамдардың 

атқаратын қызметтері. 

Басқаша  айтқанда,  әлеуметтік  рөл 

дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір 

қызметін атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп 

нормаларын  сақтауын  айтамыз.  Ал,  рөлдік 

жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын 

орнына,  жағдайына,  тұрмысына  сәйкес 

істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың 

әлеуметтік  рөлдері  бойына  сіңіріп,  игеріп, 

меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің 

бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің 

негізгі қажетті шарты. Әлеуметтік рөлдердің 

мысалы  ретінде  адамдардың  мамандыққа 

байланысты рөлін айтуға болады. Әлеуметтік 

рөлдерді игеріп, меңгеруде адам әлеуметтік 

тәртіп стандартын игеріп, меңгереді, өзін-өзі 

бағалап, бақылауды іске асырады. 

Ч.Кули  тұлғаның  қалыптасуы  айна-

ласындағы  адамдармен  алуан  түрлі  қарым-

қатынастар  мен  байланыстар  негізінде 

болады деп тұжырымдады [6]. 

Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, 

тұрақты  сипатты  белгілеріне  байланысты 

(ер  адам,  әйел,  бала,  жасөспірім,  қарт). 

Көбінесе,  қызметіне  (лауазым)  байланысты 

статус  –  тұлғаның  базистік  (яғни,  негізгі) 

статусы  болып  есептеледі.  Ол  ересек 

адамның  интегралдық  статусының  негізі 

болады.  Бұл  статусқа  адамның  әлеуметтік, 

экономикалық, өндірістік салаларда қызметі, 

орны  (мысалы,  дәрігер,  инженер,  мұғалім, 

банкир) жатады. 

Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, 

қызмет  істеуде  және  басқа  адамдармен 

қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлғалық 

қасиеттердің  ішіндегі  аса  маңыздысы 

оның  өмірге  өзіндік  көзқарасының  болуы. 

Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми 

емес  болуы  мүмкін.  Осыдан  көзқарастың 

әлеуметтік  жағына  көңіл  аударсақ,  жеке 

тұлғаның  қандай  қоғамдық  топтарға,  саяси 

қозғалыстарға  қызмет  жасайтынын,  қандай 

топтар  мен  қозғалыстарға  қарсы  екенін, 

озық  ойлы,  не  кертартпа  екенін  аңғаратын 

боламыз. 

Болашақ маман тұлғасының әлеуметтенуі 

әсіресе, жас өспірімділік кезеңде интенсивті 

түрде  дамиды,  ал  тұлға  дамуы  жалпы  егде 

жасқа дейін созылады. 

Қорыта келгенде, тұлғаның әлеуметтенуі 

индивидуалды  дәрежеде  бірнеше  үрдістен 

тұрады: адамдармен өзара әсерлесу арқылы 

қалыптасады;  қоршаған  орта  да  ба

ланың 

тұлға  болып  дамуына  септігін  тигізеді; 



тұлғалық жеке индивидуалды тәжірибе арқылы 

қалыптасады;  тұлғаның  құрылуына  әсер 

ететін негізі аспект мәдениет болып саналады. 

Сондықтан қазіргі әлеуметтік-мәдени ортаның 

жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал жасайтын 

ең  шешуші  саласы  –  болашақ  маманның 

тұлға болып қалыптасуына бағытталған және     

өркениеттілік негізге құрылған тәрбие беру.



Әдебиеттер:

1. Философский энциклопедический словарь /Редкол.: С.С.Аверинцев, Э.А.Араб – Оглы, 

Л.Ф.Ильичев и др. – 2-е изд. – М.: Сов.энциклопедия, 1989. – 815 с.

2.  Мертон  Р.К.  Социальная  теория  и  социальная  структура.//  Социологические 

исследования. 1992. № 2-4.

3. Абай Құнанбаев. Шығармалары. Екі томдық. 1 том. – Алматы: Жазушы, 1968. – 320 б.

4. Выготский Л.С. Психология. М.: Апрель Пресс, 2000.

5. Дюркгейм Э. Социология. Её предмет метод предназначение /Пер. с фр., составление, 

послесловие и примечания А.Б. Гофмана. – М.: Канон, 1995. – 352с. 


51

50

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

6. Кули Ч. Социальная самость. – Москва: Директ-Медиа, 2007. - 16 с. ISBN: 978-5-94865-

932-9.

7. Абсаттаров Р.Б. Национальные процессы: особенности и проблемы. – Алматы: Ғылым, 



1995. – С. 114.

Резюме

В  данной  статье  рассматриваются  социальные  ценности  и  их  влияние  на  формирование 

личности будущего специалиста. Дается характеристика социальных ценностей. 

Summary

This article discusses the social values and their influence on the personality of the future specialist. The 

characteristics of social values.

ҚОЙ ЖАУЫРЫНЫНЫҢ КИЕЛІ ҚАСИЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ

ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТТЕГІ ОРНЫ

Хинаят Бабақұмар – 

ҚР Мемлекеттік орталық музейі 

директорының орынбасары, т.ғ.к.

Жауырын    қазақтардың  дәстүрлi 

идеологиялық  таным-түсiнiгiнде  маңызды 

орын алатын, малдың қол жілігіндегі тоқпан 

жілігінің  жоғары  жағындағы  үш  бұрыш 

пішінді,  жалпақ  мал  сүйегінің  қадірлі 

санағалған  бөлігі.  Төрт  түлiк  пен  олардың 

дене  мүшелерiне  қатысты  сипаттаманың 

пайда  болуы  бағзы  дәуiрлер  еншiсiнде. 

Қола  дәуірінің  соңғы  кезеңiнде  Еуразия 

көшпелiлерiнде  қой,  жылқы  және  сиыр 

саны  жағынан  басым  түлiкке  айналып, 

шаруашылық  қатынастары  мен  мәдениет 

үрдiстерiнде  алдыңғы  орынға  шыққан 

дәуірлерден бастап сол кездегi адамдардың 

сенiм-нанымында  культтiк  мәнге  ие  болып 

қана  қоймай,  олардың  идеологиялық 

танымында да бекемдене бастады. Әсіресе, 

бағзыдағы  адамдардың  аластау,  құрбандық 

беру, жаратқанға табыну, тасаттық жасау 

қатарлы  мiнажаттары  мен  адамның 

тiршiлiк циклiндегi кез келген рәсiмдерiнде 

қой түлiгiнiң басты атрибут ретiнде жүргенiн 

археологиялық 

деректер 

қуаттайды. 

Малға  анимистiк  сипаттың  балануы  мен 

олардың сүйектерiне фетиштiк сипат телiну 

көрiнiсi  олардың  наным-сенiмдерi  мен 

мәдени  дәстүрлерiнде  өз  iзiн  қалдырды. 

Политеистiк  түсiнiкке  негiзделген  жанды, 

жансыз  дүниенiң  қамқоршысына  баланған 

мал  сүйектерiнiң  өлген  рухты  еске  түсiру 

мен  құрбандық  рәсiмдерiне  қолданылғаны 

туралы  мысалдар  параллелдерi  Еуразия 

даласында  молынан  ұшырасады.  Мұндай 

мақсаттарға  мал  сүйектерiнiң  iшiнен 

жауырынның кеңiрек қолданылуы Андронов 

мәдениетiнiң  жерлеу  ескерткiштерiнен 

бастап  орта  ғасырдың  соңына  дейiн 

сақталған.  Осылайша  пайда  болған  төрт 

түлiк  мал  культiне  қатысты  танымның 

транформацияланып 

көне, 

тәңiрiлiк 



дүниетаным  үлгiлерi  мен  шамандық 

ритуалдармен 

астасып, 

көшпелiлер 

мәдениетiндегi  айшықты  элементтiң  бiрiне 

айналды. 

Қола дәуiрiндегi еңбек құралдар қатарында 

мал сүйектерi, әсiресе жауырын елеулi мәнге 

ие болған: солтүстiк Бетпақдалада табылған 

б.э.д. II-I мыңжылдықтардың остеологиялық 

деректерi  арасынан  жауырыннан  жасалған 

қорғаныс құралдары, терi илейтiн тырнағыш 

(орысша чесало), қож (совок), шикi қайысты 

тартатын  тесiкжауырын  қатарлылардың 

көптеп  табылуы  аталған  сүйектiң  түрлi 

мақсатта кең қолданылғанын байқатады. Бұл 

құралдар қазақ ұсталарының практикасында 

күні  бүгінге  дейін  өз  жалғастығын  тауып 

келедi. 

Жауырынның әр түрлi тарихи кезеңдерде 

түрленiп бүгiнге жеткен екі түрлі сакральды 

қызметi  бар.  Оның  бірі  көшпелі  жұрттарға 

ортақ    екінші  қызметі    жауырынды  жағу 

(отқа қақтау) арқылы (отқа қақтаған кезде 

пайда  болған  сызат,  белгілерге  қарап)  бал 



ашу.  Екінші  қызметі  -  жауырынға  қарап 

бал  ашу  өнерi  жайлы  алғашқы  жазбаша 

дерек  Гильом  де  Рубрук  еңбегiнен  бастап 

П.С.  Паллас,  А.И.  Левшин,  Ш.  Уәлиханов, 

В.В.  Радлов  т.б.  авторлар  жазбаларында 

қысқаша  мәлімет  кездеседі.  Еуразия 

даласындағы көптеген көшпелi жұрттардағы 

жауырынның  екi  түрлi  сакралды  қызметi 

бiзге  белгiлi  және  оның  аталуы  да  осыған 

сәйкес:    қазақтар  жауырын  қарау  және 

жауырын  жағу,  қырғыздар  далы  көрүү 

және  далы  күйгүзүү  немесе  далы  жагуу

моңғол  тектес  жұрттарда  далаар  харах, 

түлсэн  далны  шинжилгээ  деп  атайды. 

Моңғолдар  өрттегенiн  қара  жауырын

күйдiрмегенiн  ақ  жауырын  деп  атайды. 

Сонымен бiрге бұл жұрттарда жауырынмен 

бал  ашу  тәсiлдерi,  орындалуы  техникасы 

мен болжау тұспалдары ұқсас.Қазақтар қой 

жауырынының  сақтандырушылық  қасиетiн 

мынадай  мақсаттарда  қолданған:  аттың 

тоқымының арасына тұмар орнына жасырып 

тiккен,  айғырдың  жалына  байлаған,  мал 

мен  баланың  ауырған  кезiнде  мойнына 

таққан. Сүйектiң культтық сипаты оны жуас 

аттардың  жалына  тағатын  сақтандырушы 

тұмарлыққа айналдырған.

Ұзатылған  қыздың  артынан  арнайы 

іздеп  келген  бауырының  алдына  жауырын 

салынған табақ тарту үлкен құрметтің белгісі 

саналады.  Байырғы  қазақтарда  молдалар 

бала  оқытқанда  түйе,  жылқы  сияқты  ірі 

малдың  жауырындарын  жазу  материалы 

ретінде  пайдаланып,  сиямен  әріп  жазған. 

Cиыр  мен  жылқы  жауырынын  әлiпби  жазу 

мен ұсталар құралына қолданған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет