Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,72 Mb.
#9497
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Жауырын  жолын  ашу.  Жауырын 

мүшесi  қазақтың  ас-тағамдар  мәдениетiнде 

сүйектердiң  ең  кәделiсiнiң  бiрiне  саналады 

және  етi  желiнiп  мүжiлген  соң  оны 

сындырмай,  яғни  жолын  ашпай  тұрып, 

тастау  күнә  деп  саналған.  Сонымен  қатар, 

жауырынның  шеміршегін  жемейді.  Ол 

кедейшіліктің  белгісі.не  саналады  деген 

ырымның  түптамырында  аталған  сүйектің 

байырғы  киелі  қасиетінен  туындаған 

жораның сорабы байқалады.

Жауырын  жолын  ашу  үй  иесi  мен 

ұлдарына  парыз  болып  саналады  және  ол 

бөгделерге  рұқсат  етiлмейдi)  және  оны 

орындамаған  ер  адамның  жолы  бөгелiп, 

тұйықталады  дейдi  халық  сенiмiнде.  Бұл 

ғұрыпты атынан айырылып қалған жiгiттiң 

жүгенiнiң  шылбыры  жолы  ашылған 

жауырынға iлiнiп тоқтап қалған екен деген 

аңызбен  байланыстырады.  Жауырынның 

жолын  ашудың  мәні  туралы  түрлі  пікірлер 

бар:  оның  бірінде  дұшпанын  тұқыртып, 

меселін түсіріп алу мақсатында жауырынның 

орта тұсындағы жұқа шеміршекті сындырып 

тастаған.  Жауырын  жолын  ашу  үшін 

жалпақ  тұсынан  қазанына  қарай  пышақпен 

тiлгендегi  тiлiну  мөлшерi  жанұяның  кiрiсi 

пен  шығынымен  тура  байланысты  деп 

топшылайды.  Жауырынның  жолын  түнде 

ашса  ұрының  жолы  болады,  яки  сол  үйдiң 

малы  ұрланады  деп  тыйым  етедi.  Өлiкке 

сойған  мал  мен  нысаналы  мал  жауырыны 

сындырылмайды.



53

52

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

Жауырыншы    малдың  жауырын 

сүйегіне  қарап  бал  ашатын  адам.  Бал 

ашатын  жауырынды  орамалмен  орап, 

сандықта  сақтайды.  Жауырынның  культ-

тық  қызметiнiң  мұндай  қолданбалы 

сипатының,  атап  айтқанда,  жорамал, 

сәуе  жасауға  арқау  болуынының  төркiнiн 

академик  Ә.Марғұланның  пайымдауынша 

оның  бағзыда  жаугершiлiк  жорықтардағы 

болжам  құралы  мiндетiн  атқарғандығымен 

байланысты. 

Жауырынға қарап  бал ашушылар әскери 

шайқас,  жорықтарда  жау  жағына  қарсы 

(магиялық)  әрекет  жасау  үшiн  жауырын 

сүйегi  көмегiне  сүйенген.  Қарсы  жақтың 

шабуылдау  сәтiн,  айласын  аңдып  болжам 

жасайтын  балшылар  әскери  абыз  (маг-

прорицатель) ролiнде пайда болып, кейiндер 

олар  тайпалар  одағы  қолбасшыларының 

кеңесшiсiне  айналған  және  ол  шамамен  VI 



 VII ғғ. еншiсiнде. Олардың болжамы мен 

уәжiн  жыр  жолдарымен  жеткiзетiн  қызметi 

қоғам  өркениетiнiң  кейiнгi  кезеңiнде 

жыраулар  функциясына  айналып,  жаңаша 

тұрпатқа ие болған. Бұл жауырын сөйлету 



өнерi түркi халықтарында кең таралғандығын 

олардың  ауыз  әдебиетiндегi  мотивтерден 

байқалады.  Айталық,  қазақ  космологиялық 

жұмбақ  ертегiсiнде  алыптар  мен  мифтiк 

меже уақытын салыстыру үшiн керуеншiлер 

қонған  жердi  өгiз  жауырынына  балайды. 

Қобыланды 

жырындағы 

Қарабұқан, 

Алпамыс  пен  ноғайдың  Қарайдар  мен 

Қазығұл  дастанындағы  жауырыншылар, 

Манас  дастанындағы  қазақ  Қайғыл,  Боғал, 

Торуылшы, қырғыз Ағыбай жауырыншылар 

әрекеттерi  осыған  мысал  бола  алады. 

Мұндай әскери маг мiндетiн атқарушыларды 

қазақтар  жауырыншы  (қырғыздар  далы 



көрүүчү,  ноғайлар  балчы    явырычы,  ал 

моңғолдарда далны үзмэрч атаған).

Жауырынмен  болжау  Моңғол  империя-

сының  мемлекеттiк  идеологиясында  да 

орын  алған.  Мөңке  хан  ордасында  болған 

жиһанкез  Гильом  де  Рубруктың  мәлiметi 

бойынша  Хан  атқан  таңды  ең  әуелi 

жауырынмен бал ашумен бастаған. Үш дана 

жауырынды қолына ұстай, ниет еткен iстерiн 

ойына алып, тәу етiп бiраз отырады. Мұнан 

соң қызметшiлерi арнайы үйде сүйектi өртеп 

ханға  әкелiп  көрсетедi.  Олардың  арасында 

тым  болмаса  бiреуi  ұзын  бойымен  сызат 

жолақ  түсе  күйген  болса  ниет  еткен  iсiнiң 

жолы ашық деп қабылдаған. Ал жауырында 

көлденең  немесе  омалып  өртенген  болса 

ойлаған iсiнен бас тартатын болған. 

Жауырыншылықтың әскери сословиемен 

байланысын  «есепшiнi  жұт  алады, 

жауырыншыны 

жау 

алады» 

деген 


мақалында көрiнiс тапқан. Қазақ тарихында 

белгiлi  болған  жауырыншылар  қатарында 

Хан  Абылайдың  қолбасыларының  бiрi   

Алау  батырдың  Қарақатыс  жауырыншысы, 

Олжабай  батырмен  үзеңгiлес  Бәсентиiн 

Жасыбай 


есімі 

аталады. 

Соңғысы 

Баянауылда қалмақтармен айқасқанда өзiнiң 

жауырыншылық  өнерiне  сенген  ол  қалмақ 

жауырыншысының  әскерлерiнiң  аттарын 

терiс қаратып ерттеткен айласына алдырған, 

өзi  оққа  ұшқан  деген  аңыз  бар  (Көпеев 

М.Ж.). 

Көне 


сенiм-нанымның 

жаңғырығы 

көшпелiлер  мәдениетiнiң  айшықты  эле-

мент  терiнiң  бiрi    қой  жауырыны  мен 

бал  ашу,  болжау  мал  сүйегiнiң  сиқырлы 

күшiне сыйынудан туған және ортаазиялық 

түпнегiзден,  тiптен  хүннүлер  заманынан 

бастау алады және ол үстiмiздегi ғасырдың 

басына дейiн жеткен.

Бағзыдағы  мәдениеттiң  сарқыншағы 

(реликтерi)  осылайша  архаикалық  сипа-

тын  сақтай  отырып,  дәстүрлi  рухани 

мәдениетiмiзде берiк орнығуы  мал түлiктi 

эстетикалық  деңгейде  танып  әспеттелуiнде 

және  идеологиялық  қағидалармен,  ас-

тағамдар  жүйесiнiң  мәдени  қызметiмен 

астасып кiрiгiп кеткен.

Қазақтарда 

жауырыншылық 

өнердi 


пiр  тұтқаны  соншалық,  жаңа  туған 

баланы  әу  баста  жауырынмен  (кейде 



қоянның  жауырынымен)  ауыздандырып, 

жастығының  астына  тығып  қойса,  ол  өсе 

келе жауырыншы болады деп сенген. Ондай 

жауырынды  жыл  сайын  майлап  отырады 

және сандықта сақтайды.

Жауырыншының  арбау  сөздері  ел 

аузында әлі де сақталған. Мысалы: 

«Сәт, сәт, сәт сәнә,



Сәт санасаң ақ сана

Жұмбағыңа жұп сана

Тақпағыңа тақ сана» – сынды жауырын-

шының өлең жолдарын айтқан (М.Ибраев). 



Жауырынды жағу арқылы сәуе ашу – 

бағзыдан бері қалыптасқан сүйектi оттың 

жалынына қақтағанда пайда болған сызат, 

жолақтар  бедерiне  қарап  бал  ашу  тәсілі. 

Бал  ашуға  қолданылатын  жауырынды 

дайындаудың  арнайы  тәртбі  (этикетi) 

бар:  ол  сүйектiң  етiн  жұлма  сiңiрлерiнен 

сылып,  тiс  тигiзбей  пышақ  дүзiмен 

тазалайды. Мықты жауырыншылар етiнен 

тазаланбаған  (в  тексте    на  необженной 

лопатке)  күйiнде  де  бал  ашады.  Ал, 

жауырынды  отқа  жаққан  кезде  оттың 

маңайында  темiр  жатуына  болмайды. 

Жағатын 


жауырынның 

етегiндегi 

шемiршегi алынбайды, жолы ашылмастан 

қолданылған  ерекшелiгi  мәдениетiмiздiң 

бүгiнгi  үлгiлерiндегi  реликтерiнде  сақ-

талған:  жауырыншы  сүйектi  дұғамен 

сындырады, қазақ қасапшылары еттi бұзған 

кезде  жауырын  етегiндегi  шемiршегiн 

толығымен  ажыратпайды,  Анадолыдағы 

түрiк  қасапшыларының  сүйектi  алушыға 

сындырып бередi. Бұларды салттық көрiнiс 

ұшқыны (реминисценция) деуге болады. 



Жауырын 

жағу 

арқылы 


қазақ 

бақсылары  дүниедегi  құбылыстар  мен 

жағдаяттарға  болжап  отырған.  Олар  жетi 

халықтың тағдырымен қоса патшалардың 

өлiмiн, елiнiң жағдайын, саяхатшылардың 

басынан  кешкенiн  айтып  бере  алады. 

Сiбiрдегi  қарағас  бақсылары  кез  келген 

аңның  немесе  бұғының  жауырынына 

қарап, адам ажалын, аң олжасын болжаған. 

Жауырыншылықпен болжам жасаудағы 

қазақтардағы  болжамы  көп  қырлы. 

Жауырыншы  жауырынның  қазандығынан 

ұстап  тұрып,  отқа  қақтаған  жауырын 

қазанын,  яғни  буын  ойысын  жоғары 

қаратып, арқалығы бар жағын өзiне қарай 

ұстап, сүйекте пайда болған сызат, бедерге 

қарап сөйлейдi (№1 сурет). Осыған қатысты 

толығырақ  мәлiметтi  белгiлеп  алған 

Г.Н.Потанин  дерегi  бойынша  жауырын 

арқалығына 

перпендикуляр 

түскен 

параллель  екi  сызат  (орысша  трещина) 



бөгеттi  (№1  суретте  -  ii)  бiлдiредi,  яғни 

жолға ниеттенген болса кiдiре тұруға тура 

келедi  дейдi.  Жауырынның  арқылығы 

(rr)  (яки  жауырын  қыры,  латынша- 

spina 


scapulae, 

орысша-гребевидная 

ость)  бойындағы  сызат  (m)    күтiлетiн 

сүйiншiнiң,  сол  жақ  бөлiгiнiң  төменгi 

тұсындағы  вертикал  сызат  (hh)  тiл  мен 



хабардың белгiсi. Арқалықтың сол жағына 

ала  жауырын  бауыздауына  (вв  -  шейка 

лопатки) жақын бөлiгiндегi құйысқан (zz) 

аталатын  сызаттан  басталып  алақанға (s), 

яғни жауырынның астыңғы ойысына қарай 

кеткен болса ұрылар әрекетiнен қайтады 

деп  топшылайды.  Жауырынның  алдыңғы 

қырының  құлаққа  жақын  бөлiгiнде  пайда 

болған  сызат  (l)  алыс  алдағы  жол,  ал 

мойынға  жақын  болса  (k)  жуық  арадағы 



жолы. Ал онан төменiректегi арқалық пен 

жауырын  етiгiнiң  (f)  түйiлiсер  тұсындағы 

жолақ (n) ат ауыз деп аталады. 

Ал,  сүйектiң  ұзын  бойымен  кеткен 

сызат  жолды  (XX)  бiлдiредi.  Егер  ол 

жауырынның екi жартысында да  бiр-бiрiне 

жақын жатса жақсылық нышаны. Көлденең 

сызаттар  басталған  немесе  жауырын 

қырынан  кеткен  жолақтар  адамға  өз 

туыстарымен қауышудың (QQ), ал төменгi 

бұрыштағы  сызат  күтiлетiн  өлiмнiң  (W) 

белгiсi.  Сызат,  жолақтар  жауырынның 

мойнында,  яки  қазан  шұңқырына  жақын 

болса жаңалық келедi (Sh) деседi. Ал, ол 

iшкi бұрышқа көлденең бағытталып түссе 

дұшпанның  әрекетiнен  хабар  бередi,  ал 

шеткi  қырларына    түскен  сызат  кешiкпей 



ауа  райының  бұзылатындығын  (Ch) 

көрсетедi. 



55

54

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР

Жауырынмен  бал  ашу    Шығыстық 

дүниетанымдық  философия  мен  көш-

пелiлердегi  мал  сүйегiне  қатысты  культiн 

шендестiрер  болсақ  жауырын  етегi  көне 

моңғолдар сенiмiнде тэнгэр’’ (тәңiр) аталып, 

ғаламдық 

бағыт-бағдардың 



терiскей 

бағытына,  ал  қазан  шұңқырын  газар(жер) 

немесе түстiк бағытқа баланады. Қырарты 

ойысы  (fossa    infraspinata    заостная 

ямка)  (U)  жағын  суық  немесе  өгей  жағы 

(күншығыс  бағытын  көрсетедi  дейдi), 

қыралды  ойысын  (fossa    supraspinata   

предостная  ямка)  (V)  ыстық  жағы  немесе 

бал  ашушының  өз  жағына  телидi  (бұл 

күнбатыс жақ делiнедi). Аталған бағыттарға 

шығыс философиясының тағандық элемент-

терiн сәйкестiрсе аталған ретпен от, су, ағаш, 

темiртек (металл) элементтерiне дөп келедi. 

Бұл  қазақтың  құмалақпен  бал  ашқанда 

құмалақ  түскен  шаршыдағы  оң  қол  жақ 

қатарын өз жағы, ортаңғы қатарды жол, сол 

жақ  қатарын  дұшпан  жағына  балауымен 

үндес. 

Жауырынға  қатысты  мәлiметтер  мен 



деректердегi  сакральдық  функциясына 

қатысты  танымның  түпнегiзiн  көне 

дүниетанымдық-философиялық  қағидадан 

iздесек 


оның 

шығыстық 

негiзбен 

астасатындығын  байқау  қиын  емес. 

Шығыстық  философия  қағидаларының 

элементтерiнiң жанды организмдегi көрiнiс 

табуы  бойынша  мал  сүйегiнiң  күн  сәулесi 

тура  түсетiн  бөлiгi  инь,  ал  көлеңке  түсетiн 

бөлiгiн янь сипатта деп есептеледi. Жауырын 

көкiрек  тұсында  орналасқан  себептi  янь 

сипатта болса да оның төменгi бөлiгi, яғни, 

етегi инь, ал жоғарғы бөлiгi – қазан ойысы 

янь  сипатта  болады.  Жауырынының  пiшiнi 

мен  сүйек  бiтiмiне  (қабырға,  омыртқа 

саны мен пiшiнi де) малдың мiнез-құлығы, 

биологиялық  қайсарлығы  тура  байланыста 

болуын  бажайлаған  көшпелiлер  оның  бұл 

ерекшелiгiн  мал  иесiнiң  жазмышымен, 

яғни  дәулет  байлығымен  сабақтастырған. 

Шынымен-ақ, 

биологиялық 

тұрғыдан 

қайсар,  жақсы  сұрыпталған  мал  тұқымы 

табиғаттың  әр  түрлi  факторларына  қарсы 

тұра  алады,  солайша  өсiп-өнуге  мүмкiн 

болады.  Сол  арқылы  мал  иесiнiң  ырысы 

тасып, дәулетi молаяды, әрi баянды болады. 

Бұл  қарапайым  табиғат  заңдылығының  

көшпелiлердегi малым  арымның садағасы, 

мал,  малдан  кейiн  ал  деп  келетiн  тiршiлiк 

қағидасына айналуы мен адамның тағдыр  

талайымен сабақтастырылған және солайша 

тiршiлiк қағидасының басты ұғымдары мал 

денесiндегi  ең  қасиеттi  сүйек  жауырынның 

бетiне топтастырған деуге негiз бар.

Зерттеушiлер  жауырынмен  бал  ашуды 

жер  осiнiң  айналу  бағытының  ширығуына 

негiзделген 

қозғалыстағы 

денелер 


мен  адам  ой    түйсiгiнiң  ұштасатын 

шекарасына  балайды.  Жанды  этиканың 

экотерикалық 

қағидалары 

бойынша 

салынған  петроглифтердегi  жануарлардың 

анатомиялық,  топографиялық  кескiнделуi, 

шын  мәнiнде,  ноуменальдық  ауқымда. 

Бағзыдағы  адамдар  оған  әсер  ете  отырып, 

адам  мен  жануардың  энергиясын  өзгертуге 

болады  деп  топшылаған.  Бұл  көзқарас 

Кант  философиясындағы  құбылыстардың 

практика  үшiн  қолы  жетпейтiн,  ойлау 

арқылы  түсiнiп  тануға  келмейтiн,  дербес 

болады  деген  ноуменалдық  қағидасымен 

астас екендiгiн байқатады. 



Жауырынға  қарап  бал  ашу  –  мал 

жауырының  морфологиялық  құрылысына 

қарай отырып болжам жасау. Мұны жауырын 

жағудың реминисценциялық сорабы ретiнде 

қарауға  тұрады  және  мал  жауырынының 

бiтiмi үй иесiнiң мал мен басының, бағы мен 

жолы болуының көрсеткiшi дейтiн сенiмiмен 

байланысты  ел  арасында  сақталып  қалған. 

Жауырын қарау үшiн  жоғарыда аталғандай 

арнайы  этикеттер  мен  мамандар    талап 

етiлмейдi, тек сүйек бiтiмi ғана ескерiледi. 

Жауырын  қараудағы  ережелердi  Г.Н. 

Потаниннiң  жоғарыда  аталған  еңбегi  мен 

автордың 

этнографиялық 

экспедиция 

барысында  белгiлеп  алған  деректерiмен 

жарыстыра  берсек  мынадай  (Сурет  №  2. 



сүйек бөлiктерiн шартты белгiлермен қоса 

латынша  және  орысша  атаулары  жақша 

iшiнде  берiлдi):  сүйектi    қолға  алған  адам 

жауырынның  тоқбас  жiлiкке  жалғасқан 



жауырынның қазан шұңқырына (а) (cavitas 

glenoidalis  -  суставная  впадина)  қарап  үй 

иесiнiң  ырыс  несiбесiн  шамалайды.  Ол 

терең  болса  шаңырақтың  ырысы  соғұрлым 

мол, яғни қазаны толы болады. 

Жауырынның  қара  қабырғамен  беттесiп 

тұрған 

бетiнiң 


ортасындағы 

ойысы 

(қазақтар алақан атаған, fоssa subscapularis-

подлопаточная ямка) (s) малдың қорасы яғни 

мал дәулетiнiң көрсеткiшi. Ол қаншалықты 

үлкен  болса,  қораға  мал  толы,  яки  малды 

-  ауқатты  болады  деп  түсiнген.  Ал  оның 

жиегiндегi  тiлшелерi  (s

11

)  отағасына 

күтiлетiн шығынды бiлдiредi. Жауырынның 

алға қараған қобылы қырын (incisura margae 

cranialis  вырезка краниальной части) жал 



немесе  қыр  (bd)  деп  атап,  түйе  жолының 

(қара  жол  деген  Г.Потанин  белгiлеуiнде) 

көрсеткiшiне балайды. Ал оның ұшы құлақ 

(d),  оған  қарама  -  қарсы  жатқан  сол  жақ 

бұрышы  маңдай  (g)  аталып,  қой  жолының 

көрсеткiшi  делiнедi.  Жауырынның  артқы 

қыры (bg) (каудальный край) мал жүрiсiнiң 

көрсеткiшi, яғни отағасына жүйрiк, жорға ат 

бiтетiндiгiн көрсетедi. 

Жауырын  қырының  (rr)  (spina  scapulae 

  гребевидная  ость  Г.Потанинде  арқалық 

делiнген)  шемiршекке  қарай  сүйiрленген 

бөлiгi сиыр жолының (r

1

) өлшемi, және оның 

ортасындағы төмпек (р) (бугор ости - tuber 

spinae)  мал  иесiне  бiткен  мал  дәулетiнiң 

қаншалықты  баянды  болатындығының 

белгiсi деп топшылаған. Жауырын қырының 

мойнына  жақын  жердегi  имектеле  бiткен 

бөлiгi құстұмсық (t) (акромион) мал өсiмiнiң 



көрсеткiшi,  былайша  айтқанда,  оған  қарап 

мал  иесiнiң  мал    жаны  тез  арада  өсетiн, 

өспейтiндiгiн шамалаған. 

Сыбағаға тартылған жауырынның сыртқы 

пiшiнiне қарай отырып жасайтын болжамы 

қазақ жерінің әр жерінде өте жақын, тіптен 

бiр-бiрiнен  алшақ  емес:  жауырын  етектi 

болса  үй  иесiнiң  қойы  көп  болады,  егер 

жауырынның  қолға  iлiнетiн  жерi  iрi  болса 

түйелi  болады;  қырлы  болса  жылқысынан 

жүйрiк  шығады;  шұңқырлы  болса  қазаны 

толы  болады,  ал  жауырынды  ортасынан 

жарып  жерге  тастағанда  қадалып  түссе, 

аты  өлген  бiр  жолаушыға  ат  кездеседi. 

Жорамал  жасаған  соң  балшы  төрге  қарап 

отырып есiкке қарай қолындағы жауырынды 

лақтырады  және  ол  есiктiң  маңдайшасына 

тисе онда айтқаны дөп келедi деп сенедi. 

Басқа жұрттардағы жауырын болжамының 

қазақтардағымен  ұқсас  қырлары  көп: 

оңтүстiк  Сiбiрдегi  төлеңгiттерде  қой 

жауырынының  сыртқы  қыры  бала  жолын, 

артқы  қыры  -  адамның  тағдырын,  ал  буын 

ойысы    үйдiң  қазанын  яғни  ырысын 

көрсетедi  дейдi.  Бұрындар  моңғолдар  мен 

алтайлықтар  жауырынмен  болжап  қана 

қоймай  оның  жалпағын  -  сұқ  саусақпен 

шертiп, күш сынасқан.



57

56

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ТӘРБИЕДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТТАР

Әдеб.:  Маргулан  А.Х.  Отчет  о  работах  Центрально-казахстанской  археологической 

экспедиции  в  1947  г.  //  Известия  АН  Каз  ССР.  Серия  археологическая.  Вып.  2.  Алматы, 

1950. С. 16; Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985. 159 б.; Катанов Н.Ф. Среди тюркских 

племен.  СПб.,  1894.  С.12;  Потанин  Г.H.  Очеpки  Севеpозападной  Монголий.  Pезультаты 

путешествия исполн. в 18761877 гг. по поpучению ИPГО. СПб., 1881. Вып. II (матеpиалы 

этногpафические).  С.  91.  Таблица  ХIХ.  Фигура  38;  Турсунов  Э.  Жаурыншы-начальный 

этап сложения жырау// Культура кочевников на рубеже веков (ХIХХХ, ХХХХI): Проблемы 

генезиса и трансформации. Алматы, 1995. С. 296-301; Көпеев М.Ж. Олжабай батыр //Абылай 

хан тарихи жырлар. Жинақты құр.: С. Дәуiтов. Алматы, 1993. 327-343 бб.; Радлов В.В. Из 

Сибири (страницы дневника). М.,1989. С. 305; Молдобаев И.Т. Манас—историкокультурный 

памятник кыргызов.  Бишкек, 1995. С. 239-242; Шаханова Н.Ж. 1998. Мир традиционной 

культуры казахов (этнографические очерки). Алматы, 1998. С. 134; Хинаят Б. Сакрально-

идеологическое  представление  кости  животных  у  кочевников  (на  примере  бараньей 

лопатки) Известия МОН-НАН РК. 2001. №5. С.25-30; Карутц Р. Среди киргизов и туркмен 

на Мангышлаке. СПб., 1910. перевод Е. Петри. С. 136; Ибраев М. Сарыарқа қазақтарының 

салт-дәтүрлер  мен  әдет-ғұрыптары  //  Қазақ  халқының  дәстүрлері  мен  әдет  ғұрыптары.  І 



том, Алматы: Арыс, 2005. 141-151 б.

Резюме

Кости  домашних  животных  играли  важную  роль  в  идеологических  представлениях  казахов, 

формирование которых ведет в глубокую древность. А с эпохи поздней бронзы баран приобрел особо 

важное место не только в хозяйственном отношении но еще и в культовом значении. В средних 

веках функции гадателей бараньей лопатки – “жауырыншиң, в роли прорицателей заключались 

в отправлении военных культовых церемоний и совершении культовых обрядов против врагов. В 

последующие времена культ барана сходен с шаманским ритуалом, древними мировоззренческими 

представлениями кочевых народов. В духовной культуре большое значение придавалось различным 

конфигурациям лопатки, которые носили в бытовой жизни сакральный характер, в частности ее 

морфологическое строение. Еще в прошлом веке, некоторыми учеными описаны, каким образом 

казахами  используются  и  интерпретируются  костные  строения  лопатки.  На  индивидуальных 

особенностях строения лопатки животного в целом раскрывались не только бытовые  аспекты 

хозяина животного, 

но и цикл жизни всего общества.  В данной статье все это обобщено с 

привлечением широкого круга источников, раскрыты истоки формирования сакральности 

лопатки в этнографических традициях казахского народа. 

Summary

The bones of home animals played the important role in ideological representations of the Kazakhs, 

which formation conducts in a deep antiquity. And from epoch of late bronze especially important place 

in the economic attitude the ram has got also cult meaning. Functions of the surmisers on ram’s shoulder 

– zhauyrynshy, in a role of tellers of the future in the Middle Ages consist in departure of military cult 

ceremonies  and  fulfilment  of  cult  rituals  against  enemies.  In  the  subsequent  times  the  cult  of  the  ram 

is  similar  with  shaman’s  ritual,  ancient  philosophic  representations  of  the  nomadic  peoples.  The  large 

importance in spiritual culture was given to various configurations of  ram’s shoulder, which carried in 

household life sacred character, in particular its morphological structure. 

By  some  researcher’s  of  the  last  century  (A.I.  Levshin,  P.S.  Pallas,  Sh.  Valikhanov,  G.  Potanin  and 

others)  was  described,  how  was  used  and    interpeted  different  morphological  structures  of    the  ram’s 

shoulder by the Kazakhs. In general Shamans could opened not only household aspects of the owner of an 

animal, but also cycle of life of all society by individual features of a structure of  the ram’s shoulder. All 

this is generalized in this article with attraction of a wide circle of sources and the beginning of formation  

of sacrity of  the ram’s shoulder in ethnographic traditions of the Kazakh people are opened.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет