Бейне камера
Жылдам бейне түсіру
1
Камера қосымшасын ашып, Бейне режимі түймесін түртіңіз.
2
Бейне камераның көрініс іздегіші экранда пайда болады.
3
Телефонды ұстап тұрып, объективті бейнеге түсірілетін затқа бағыттаңыз.
4
Жазуды бастау үшін бір рет басыңыз.
5
Бейне іздегіштің жоғарғы жағында қызыл жарық пайда болып, таймер
бейне ұзақтығын көрсетеді.
6
Түсіруді тоқтату үшін экрандағы белгішесін түртіңіз.
КЕҢЕС!
– Бейнеге түсіріп жатқанда суретке түсіру үшін түртіңіз.
– Бейнеге түсіріп жатқанда тоқтата тұру үшін түртіңіз.
Бейнені түсіргеннен кейін
Бейнеіздегіштен соңғы түсірілген бейнені көру үшін экранның төменгі
жағындағы бейнелер нобайын түртіңіз.
Бейнен
SmartShare функциясы арқылы бөлісу үшін түртіңіз.
Дереу басқа бейне түсіру үшін түртіңіз.
Бейнені басқаларға жіберу немесе оны әлеуметтік желі қызметтері
арқылы бөлісу үшін түртіңіз.
Бейнені жою үшін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: роуминг кезінде MMS хабарлары жүктелсе, қосымша ақы
алынуы мүмкін.
65
Галереядан
Галерея опциясын түртіп, Камера тармағын таңдаңыз. Бейнені ойнату
үшін бейне ойнату белгішесін түртіңіз.
Бейнені көру кезінде дыбысты реттеу
Ойнатылудағы бейненің дыбысын өзгерту үшін, шетіндегі дыбыс түймелерін
басу.
Аудио масштабты пайдалану
Таңдалған белгілі бір аумақта дыбыстық жазбаны фокустайды; ол
микрофонның сезімталдығын арттырып, фондағы шуылды азайтады.
1
Камера қолданбасын ашып, бейне режимге өзгертіңіз
2
>
Аудио масштабтау опциясын түртіп, Қосулы тармағын
таңдаңыз.
3
Баптаулар қалқымалы терезесін жабу үшін бейнеіздегіштегі бос орынды
түртіңіз.
4
Телефонды көлденеңінен ұстап, жазбаны бастау үшін опциясын түртіңіз.
5
Көк шеңберде үлкейткіңіз келген затты фокустаңыз. Одан кейін, дыбыс
сезімталдығын арттыру және шуылды азайту үшін үлкейтуді басыңыз.
6
Жазбаны тоқтату үшін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
•
Бұл мүмкіндікті пайдаланғанда бүйір микрофонды жаппаңыз.
•
Бұл функцияны пайдалану үшін альбомдық бағытта жазу керек.
66
Бейне камера
Қос жазу режимін пайдалану
Алдыңғы және артқы камералармен бір уақытта бір жазба етіп түсіруге
мүмкіндік береді.
1
Камера қолданбасын ашып, бейне режимге өзгертіңіз
2
>
Қос жазу опциясын түртіңіз.
3
Кішкентай бейнеіздегіш жақтауы негізгі бейнеіздегіш экранында пайда
болады. Түсіргеніңізді реттеңіз.
•
Кішкентай бейнеіздегішті жылжытып, түсірген суреттегі қалаған жеріңізге
алып барыңыз.
•
Қажет болса, өлшемін өзгерту үшін кішкентай бейнеіздегішті басып тұрыңыз.
•
Негізгі бейнеіздегіш пен кішкентай бейнеіздегіш арасында линзаны
ауыстыру үшін кішкентай бейнеіздегішті түртіңіз.
4
Қос жазбаны бастау үшін опциясын түртіңіз.
5
Қос жазбаны бастау үшін опциясын түртіңіз.
Масштаб қадағалау режимін пайдалану
Фокустау және үлкейту үшін жазбаның аумағын анықтауға мүмкіндік береді.
Жазудан бұрын аумақты орнатуға, одан кейін жазба кезінде оны қажетінше
жылжытуға болады.
1
Камера қолданбасын ашып, бейне режимге өзгертіңіз
2
>
Бақылау ұлғайтуы опциясын түртіңіз.
3
Үлкейтілетін аумаққа үлкейткішті алып барыңыз. Кішкентай экран үлкен
көріністе анықталған фокусты көрсетеді.
4
Жазбаны бастау үшін опциясын түртіңіз.
•
Жазу кезінде кіші экранды жылжытуға болады. Оны қажетті орынға түртіп,
алып барыңыз.
5
Жазбаны тоқтату үшін түртіңіз.
67
Функция
QuickMemo
QuickMemo жаднамалар жасауға және экрандарды түсіруге мүмкіндік береді.
QuickMemo функциясының көмегімен экрандарды түсіріңіз, оларда сурет
салыңыз және отбасымен және достармен бөлісіңіз.
НЕМЕСЕ
1
(Экран өшірулі кезде) Дыбыс
деңгейін көтеру пернесін басып
тұрыңыз.
НЕМЕСЕ
Күй жолағын түртіп, төмен
сырғытыңыз да, опциясын
түртіңіз.
2
Қалам түрі, Түс, Өшіргіш мәзір
опцияларының ішінен керектісін
таңдап, жаднама жасаңыз.
68
Функция
3
Жаднаманы ағымдағы экранмен
сақтау үшін «Өңдеу» мәзіріндегі
опциясын түртіңіз. QuickMemo
функциясынан кез келген уақытта
шығу үшін
опциясын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: QuickMemo функциясын саусақ ұшымен басып
қолданыңыз. Тырнақпен қолданбаңыз.
QuickMemo опцияларын пайдалану
QuickMemo функциясын пайдалану кезінде QuickMenu опцияларын оңай
пайдалануға болады.
Экранда ағымдағы QuickMemo жазбасын мәтіннің қабаттасуы
ретінде сақтау үшін түртіп, телефонды пайдалана беріңіз.
Фондық экранды пайдалану керек немесе керек еместігін таңдайды.
Болдырмау немесе қайтару.
Қалам түрі мен түсті таңдайды.
Жасалған жаднаманы өшіреді.
Қол жетімді қолданбалардың кез келгені арқылы жазбаны
басқалармен бөлісу үшін
түртіңіз.
Ағымдағы экранмен жазбаны
Галерея немесе Қойын дәптер ішіне
сақтайды.
69
Сақталған QuickMemo жазбасын көру
Қойын дәптер/Галерея опциясын түртіп, QuickMemo альбомын таңдаңыз.
QuickTranslator
Түсінгіңіз келетін шет тіліндегі сөйлемге жай ғана смартфон камерасын
бағыттаңыз. Нақты уақыт аудармасын кез келген жерде және кез келген
уақытта алуға болады.
Желіден тыс аударма үшін Google Play Store қызметінен қосымша сөздіктер
сатып алуға болады.
Түпнұсқа тілі.
Аударма тілі.
Сөздің аудармасы.
Сөйлемнің аудармасы.
Блок аудармасы.
Баптаулар.
1
> >
Қосымшалар қойындысын > QuickTranslator опциясын
түртіңіз.
2
Сөз, Желі немесе Еже опциясын түртіңіз.
3
Қажетті тілді түртіп таңдаңыз.
4
Телефонды аударылатын тақырыпқа қаратып бірнеше секунд ұстап
тұрыңыз.
70
Функция
ЕСКЕРТПЕ: Тек бір сөздік тегін беріледі. Қосымша сөздіктерді сатып
алу керек. Қосымша сөздік ретінде орнатылатын сөздікті төмендегі
тізімнен таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Аударылатын әріптердің өлшемі, қарпі, түсі, жарықтығы
мен бұрышына байланысты тану дәлдігінде өзгешеліктер болуы мүмкін.
QSlide
Кез келген экраннан қойын дәптерді, күнтізбені және басқасын терезе ретінде
экранға шығарыңыз.
НЕМЕСЕ
QSlide функциясынан шығу
және толық терезеге оралу
үшін түртіңіз.
Мөлдірлікті реттеу үшін түртіңіз.
QSlide функциясын аяқтау үшін
түртіңіз.
Өлшемін түзету үшін түртіңіз.
1
Күй жолағын түртіп, төмен сырғытыңыз > Qslide қолданбаларын түртіңіз
немесе QSlide қолдайтын қолданбаларды пайдаланғанда опциясын
түртіңіз. Функция экранда шағын терезе түрінде үздіксіз көрсетіліп тұрады.
2
Қоңырау шалуға, Интернетті шолуға немесе басқа телефон опцияларын
таңдауға болады. Сондай-ақ, мөлдірлік жолағы толық емес кезде, шағын
терезелердің экранын пайдалануға және түртуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: QSlide функциясы бір уақытта екі терезеге дейін қолдай
алады.
71
QuickRemote
QuickRemote функциясы үй теледидары, қосымша құрылғы, аудио жүйе, DVD/
Blu-ray ойнатқыштары, кондиционер және проектор үшін телефонды әмбебап
қашықтық құралына өзгертеді.
НЕМЕСЕ
1
Күй жолағын түртіп, төмен
сырғытыңыз да, >
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУДЫ ҚОСУ
опциясын түртіңіз.
НЕМЕСЕ
> >
Қолданбалар
қойындысын >
QuickRemote
> опциясын түртіңіз.
2
Құрылғының түрі мен брендін
таңдаңыз, сосын құрылғыны реттеу
үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
3
Күй жолағын төмен түсіріп,
QuickRemote функцияларын
пайдаланыңыз.
72
Функция
Magic Remote параметрі, Қашықтан басқару құралының атын өңдеу,
Қашықтан үйрену, Қашықтан басқару құралын жылжыту, Қашықтан
басқару құралын жою, Чатты өңдеу, Баптаулар опцияларын таңдау үшін
Меню пернесін
түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: QuickRemote (жылдам қашықтан басқару) функциясы
қарапайым қашықтан басқару құралының инфрақызыл сигналдары
сияқты істейді. QuickRemote (жылдам қашықтан басқару) функциясын
пайдаланған кезде телефонның жоғарғы жағындағы инфрақызыл
сенсорды ештеңемен жаппаңыз. Бұл функция модельге, өндірушіге
немесе қызмет компаниясына байланысты қолданылмауы мүмкін.
Қадағаланатын масштаб
Бейне ойнатылғанда, нысанды қадағалай отырып үлкейтуге болады.
1
Бейнені ойнатқанда, опциясын түртіңіз.
2
Үлкейткішті түртіп, оны қадағалайтын нысанға апарыңыз.
73
ЕСКЕРТПЕ.
•
Бейне ойнап тұрғанда, экранның ашықтығын дұрыстау үшін экранды жоғары-төмен
сырғытыңыз.
•
Бейне ойнап тұрғанда, кері ойнату немесе жылдам алға өткізу үшін солға-оңға
экранды сырғытыңыз.
•
Тым қатты баспаңыз; сенсорлы экран жарыққа тым сезімтал, бірақ басқанға қатты.
•
Егер нысан жылдам қозғалса немесе экраннан өшірілсе, қадағаланатын масштаб
қол жетімді болмауы мүмкін.
VuTalk
VuTalk мүмкіндігімен басқа тараппен интерактивті және шығармашылық
жазбалар жасауға болады. Фотосурет, карта немесе камера қарап алуын
бөліскенде көрінетін байланыс мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ.
•
Сонымен бірге осы мүмкіндікті қолдайтын телефонда ғана қол жетімді.
•
Сондай-ақ, VuTalk мүмкіндігін қоңырау кезінде пайдалануға болады.
•
Кіріс көзі болмағанда экран құлыпталады.
•
Деректер байланысын қажет етеді. Екі телефонға да деректер ақылы алынады.
Пайдаланудан бұрын VuTalk мүмкіндігін тіркеу
1
>
Контактілер > опциясын түртіңіз.
Сондай-ақ, VuTalk қызметін қоңырау кезінде тіркеуге болады.
2
LG қолданбаларының шарттары мен талаптарын және құпиялылық
саясатын оқып шығыңыз. Егер келіссеңіз, баптауларды белгілеп,
Қабылдау опциясын түртіңіз.
74
Функция
VuTalk баптаулары
1
>
Контактілер >
>
VuTalk баптаулары опциясын түртіңіз.
2
Төмендегі опцияларды баптаулар ретінде орнатыңыз.
•
Ескерту дыбыстары: қажетті хабарлау дыбысын таңдаңыз.
•
Діріл: қажетті діріл түрін таңдаңыз.
•
Ырғып шық- сұранысты көргіз: VuTalk сұрауы қабылданғанда қалқымалы
терезені көрсету үшін осы опцияны белгілеңіз.
•
Контактіні үндестіру: контактілерді синхрондау үшін осы опцияны
белгілеңіз.
VuTalk мүмкіндігімен көрінетін етіп байланысу
1
>
Контактілер > опциясын түртіңіз.
VuTalk мүмкіндігін пайдаланатын контактілер ғана көрсетіледі.
2
VuTalk іске қосу үшін контактіні түртіңіз.
3
Контакт мәліметтері экранында түймесін түртіңіз. Басқа тарап VuTalk
сұрауын қабылдағаннан кейін, онымен VuTalk бастауыңызға болады.
4
Сөйлесу үшін VuTalk экранын пайдаланып, досыңызбен көрініп
байланысыңыз.
•
Фотосурет тіркеу, жаңа суретке, карта көрісіне немесе жапсырмаға түсіру
опциясын түртіңіз.
•
Тіркеген кескіндерге жазу үшін қалам белгішесін және өшіргіш
белгішесін түртіңіз.
5
VuTalk аяқталғанда, VuTalk мүмкіндігінен шығу үшін опциясын түртіңіз.
Жасалған VuTalk экраны
Қойын дәптер қолданбасына сақталады.
ЕСКЕРТПЕ: егер
опциясын түртіп, бастапқы экранға өтсеңіз,
VuTalk мүмкіндігі фонда қосыла береді.
75
Voice Mate
Voice Mate құрылғыларыңызбен ұстамай өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.
Контактіге қоңырау шалу, дабылдар орнату немесе интернеттен іздеу сияқты
дауысыңызбен телефон функцияларын орындау үшін Voice Mate функциясын
сұрауға болады. Бұл мүмкіндікке бірінші рет өткенде, ол бұл функцияны
пайдалану жолдарын үйретуге көмектесу үшін анықтамалық ақпаратты
көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ.
•
Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі мен құпиялылық саясатына келіскен
соң, Voice Mate функциясын пайдалануға болады.
•
Voice Mate негізгі экранын солға қарай сипау арқылы әр түрлі командалар үлгілерін
көруге болады.
•
Сонымен бірге Voice Mate функциясын жылдам өту мүмкіндігімен іске қосуға
болады.
Voice Mate функциясын пайдалану
1
> >
Voice Mate опциясын түртіңіз.
2
Оны қосу үшін түртіңіз. Сіз үшін не істеу керектігін айтыңыз.
КЕҢЕС! Voice Mate функциясын тыныш ортада пайдаланыңыз, сонда
ол командаларыңызды дәл таниды.
Voice Mate баптаулары
1
> >
Voice Mate опциясын түртіңіз.
2
Орта баптауларын реттеу үшін
>
Settings опциясын түртіңіз.
76
Функция
LG SmartWorld
LG SmartWorld әр түрлі қызықты мазмұнды ұсынады — ойындар,
қолданбалар, тұсқағаздар және қоңырау үндері. Бұлар LG телефондарының
пайдаланушылары байырақ «мобильді өмірді» сүруге мүмкіндік береді.
Телефоннан LG SmartWorld қолданбасын алу
1
LG SmartWorld қызметіне өту үшін
> >
Қосымшалар қойындысын
> белгішесін түртіңіз.
2
Жүйеге кіру түймесін басып, LG SmartWorld үшін идентификаторды/құпия
сөзді енгізіңіз. Әлі тіркелмеген болсаңыз, LG SmartWorld мүшелігін алу
үшін «Тіркеу» опциясын түртіңіз.
3
Керекті мазмұнды жүктеп алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: белгішесі болмаса ше?
1 Мобильді веб-браузерді пайдаланып LG SmartWorld (www.lgworld.
com) сайтына кіріп, еліңізді таңдаңыз.
2 LG SmartWorld қолданбасын жүктеп алыңыз.
3 Жүктелген файлды іске қосып, орнатыңыз.
4 LG SmartWorld қызметіне белгішесін түрту арқылы қол жеткізіңіз.
LG SmartWorld қолдану жолы
•
Ай сайынғы LG SmartWorld кампанияларына қатысыңыз.
Мазмұнды іздеңіз.
Мазмұнды санат бойынша табыңыз (мысалы, «Ойындар», «Білім
беретін», «Ойын-сауық», т.б.).
Жүктеп алынған/жаңартылатын мазмұн тізімі.
•
Іздегенді тез табу үшін оңай
Меню түймелерін қолданыңыз.
Сізге арналған қолданбалар – бұрынғы таңдауларға негізделіп
ұсынылатын мазмұн.
77
Баптаулар – профиль мен дисплейді орнатыңыз.
Жүйеге кіру – идентификатор мен құпия сөзді орнатыңыз.
•
Басқа пайдалы функцияларды да қолданып көріңіз. (Мазмұн мәліметтері
экраны)
ЕСКЕРТПЕ. LG SmartWorld барлық жеткізушілерде немесе елдерде қол
жетімді бола бермейді.
On-Screen Phone
On-Screen Phone бағдарламасы ұялы телефонның экранын USB немесе Wi-Fi
арқылы компьютерден көру мүмкіндігін береді. Ұялы телефонды, сондай-ақ,
тінтуір немесе пернетақта көмегімен компьютерден басқаруға да болады.
On-Screen Phone белгішелері
Ұялы телефонды компьютермен жалғайды немесе ажыратады.
On-Screen Phone Баптауларін өзгертеді.
On-Screen Phone бағдарламасынан шығарады.
On-Screen Phone терезесін жаяды.
On-Screen Phone терезесін қайырады.
On-Screen Phone функциялары
•
Нақты уақытта тасымалдау және басқару: компьютерге жалғанып тұрғанда,
ұялы телефонды көрсетеді және басқарады.
•
Тінтуірмен басқару: компьютер экранында басу және сүйреу әрекеттерін
орындау үшін тінтуірді пайдалану арқылы ұялы телефонды басқару
мүмкіндігін береді.
78
Функция
•
Пернетақта арқылы мәтін енгізу: компьютердің пернетақтасы арқылы мәтін
хабарын немесе ескертпе жазу мүмкіндігін береді.
•
Файл тасымалдау (ұялы телефоннан компьютерге): файлдарды ұялы
телефоннан (мысалы, суреттер, бейнелер, музыка және Polaris Office
файлдары) компьютерге жібереді. Компьютерге жібергіңіз келген файлды
тінтуірдің оң жақ пернесімен басып, «Компьютерге сақтау» опциясын
таңдаңыз.
•
Файлдарды тасымалдау (компьютерден ұялы телефонға): файлдарды
компьютерден ұялы телефонға жібереді. Тасымалданатын файлдарды
таңдап, On-Screen Phone терезесін сүйреп апарыңыз. Жіберілген файлдар
ішкі SD картасына сақталады.
•
Нақты уақыт мәлімдемелері: келген қоңыраулар немесе мәтіндік/
мультимедиалық хабарлар туралы сізге хабарлау үшін қалқымалы терезе
шығады.
Компьютерде экрандағы телефонды орнату әдісі
1
LG Home (www.lg.com) сайтына кіріп, қалаған еліңізді таңдаңыз.
2
Жүктеу үшін
Support (Қолдау) > Mobile Phone Support (Ұялы телефон
қолдауы) > Моделін таңдау (LG-D802) > OSP ( On-Screen Phone ) басу
бөліміне өтіңіз. On-Screen Phone бағдарламасын компьютеріңізге орнатуға
болады.
79
Галерея
Суреттер мен бейнелер альбомдарын көру үшін
Галерея қолданбасын
ашыңыз.
1
> >
Қосымшалар қойындысын > Галерея опциясын түртіңіз.
Барлық кескін мен бейне файлдарды галерея арқылы басқаруға және
бөлісуге болады.
ЕСКЕРТПЕ.
•
Құрылғыда орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір файл
пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
•
Кодтау жолына байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы мүмкін.
Суреттерді көру
Галерея қолданбасын іске қосқанда қол жетімді қалталар көрсетіледі.
Электрондық пошта сияқты басқа қолданба суретті сақтағанда, суретті
қамтитын жүктеп алу қалтасы автоматты түрде жасалады. Осы сияқты,
скриншотты автоматты түрде түсіру Скриншоттар қалтасын жасайды. Ашу
үшін бір қалтаны таңдаңыз.
Суреттер қалтадағы жасалу күні бойынша көрсетіледі. Толық экранда көру
үшін суретті таңдаңыз. Келесі немесе алдыңғы суретті көру үшін солға немесе
оңға жылжыңыз.
Ұлғайту және кішірейту
Суретте ұлғайту үшін келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
•
Ұлғайту үшін кез келген жерде екі рет түртіңіз.
•
Ұлғайту үшін кез келген орында екі саусақты жазыңыз. Кішірейту үшін
шымшыңыз немесе оралу үшін екі рет түртіңіз.
Мультимедиа
80
Бейнелерді ойнату
Бейне файлдарды алдын ала қарағанда белгішесі көрсетіледі. Көру үшін
бейнені таңдап, пәрменін түртіңіз. Бейнелер қолданбасы іске қосылады.
Фотосуреттерді өзгерту
Суретті көргенде,
Меню пернесін
>
Түзету опциясын түртіңіз.
Суреттерді/бейнелерді жою
Келесі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
•
Қалтада пәрменін түртіп, құсбелгі қою арқылы суреттерді/бейнелерді
таңдаңыз да,
Жою пәрменін түртіңіз.
•
Суретті/бейнені көріп жатқанда опциясын түртіңіз.
Тұсқағаз ретінде орнату
Суретті көріп жатқанда суретті тұсқағаз етіп орнату немесе контактіге
тағайындау үшін
Меню пернесін
>
Суретті басқаша сақтау опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ.
•
Құрылғының бағдарламалық құралына байланысты кейбір файл пішімдеріне
қолдау көрсетілмейді.
•
Егер файл өлшемі қол жетімді жадтан асса, файлдарды ашқанда қате орын алуы
мүмкін.
Бейнелер
Телефонда таңдаулы бейнелердің барлығын ойнатуға мүмкіндік беретін
ендірілген бейне ойнатқышы бар. Бейне ойнатқышқа өту үшін
> >
Қосымшалар қойындысын > Бейнелер опциясын түртіңіз.
Мультимедиа
81
Бейнені ойнату
1
> >
Қосымшалар қойындысын > Бейнелер опциясын түртіңіз.
2
Ойнатылатын бейнені таңдаңыз.
Аудио масштабтау үшін қажетті орынды таңдаңыз.
Қадағаланатын масштаб мүмкіндігін пайдалану үшін түртіңіз.
Qslide режиміне кіру үшін түртіңіз.
Бейнені SmartShare функциясы арқылы бөлісу үшін түртіңіз.
Бейне экранын құлыптау үшін түртіңіз.
Бейнелер тізімін көру үшін түртіңіз.
Screen shot түсіру үшін басу.
Бейнені ойнатуды кідірту үшін түртіңіз.
Бейнені ойнатуды жалғастыру үшін түртіңіз.
10 секунд алға өту үшін түртіңіз.
10 секунд артқа өту үшін түртіңіз.
Бейненің дыбыс деңгейін басқару үшін түртіңіз.
Бейне экранының арақатынасын өзгерту үшін түртіңіз.
Бейнені көріп жатқанда дыбыс деңгейін өзгерту үшін телефонның артқы
жағындағы жоғары және төмен дыбыс деңгейі пернелерін басыңыз.
Тізімде бейнені түртіп, ұстап тұрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |