Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
жатыр. Мен жастарға бейбіт өмірді бағалай білейік, аспанымыз ашық болып,
рухымыз биік болсын дегім келеді.
Тен Тимур
3
«А»сынып, «№92 гимназия» КММ
Қарағанды қаласы Жетекшісі:
Акмагамбетова А.М.
Кешкі мезгіл. Ұйықтар алдыңда, терезеге қарап, төсекте жаттым. Ағаш
жапырақтары желмен баяу қозғалып, сыбдырласып, сырласып тұрғандай. Түнгі
аспандағы жарқырап тұрған жұлдыздар да бір біріне жымыңдап қоятын сияқты. Бүкіл
табиғат тыныштықта демалып жатыр. Мен бұгінгі өткен күнге шолу жасап, ой елегінен
өткізіп жатырмын.
Бүгін әдебиеттік оқу сабағынан «Нұркен» тақырыбын өттік. Мұғалім бізге Ұлы
Отан соғыс туралы әнгімеледі және деректі фильм көрсетті. Шынында да борап тұрған
оқ астына барған батыр аталарымыз мен ағаларымыз, апаларымыздың ерен ерлігі таң
қалдырды. Нұркен Әбдіровтың заңымданған ұшағын жаудың ұясына апарып
қондыруының өзі ерлік іс емес пе?! Осындай ерлік істерімен көзге түскен
батырларымыз туралы «Комбаттың әңгімесі» мәтініндегі Әлияның «Мен мұнда картоп
аршу үшін келген жоқпын, фашистерді жою үшін келдім» деген жауабын оқи отырып,
Әлияның намысшылдығына, өжеттігіне сүйсіндік. Ал «Ту тіккен Рақымжан»
мәтініндегі соғыс алаңының суреттелуінің өзі адам бойында қорқыныш, үрей тудырады
екен.
Осыған дейін соғыс туралы нағашы атамның естеліктерінен, әңгімелерінен
тыңдап, атамның өзі сияқты соғыс ардагерлерінің әңгімесінен естіген едім.
1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы адамзат баласына үлкен
қасірет әкелді.Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты Кеңес Одағы халықтарының
ішінде
қазақ
халқы
ерекше
ерліктеріменжауға
қарсы
тұрды.
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық
сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ
Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Талғат Бигельдинов, Ибрагим Сүлейменов,
Сұлтан Байғамбетов және басқалар. Биыл – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70
жыл. Сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Бүгінгі өміріміз үшін
құрбан болған соғысқа қатысқан аталарымыз ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды.
Соғыс – адам басына келген қайғы мұң. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі
ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол
жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен
119
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-
түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Әйелдер, жас балалардың күні-түні жұмыс
істеуі, аштыққа, суыққа қарамауы көзге елестейді.
Көрнекті қазақ ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтың ауыр тағдыры туралы өлең
жазды.
Соғыс – барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш. Жер бетіндегі
тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп,
елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар
ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе
де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректігі мен
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі есте қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы
шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен
ардагерлердің мерекесі деуге болады. Ол кісілер естеліктерін еске алғанда көз жастарын
тия алмайтынын да көрдік.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан
аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың
жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын
жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп
жауды жеңіп, тауын шағып, туын тігіп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл
күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан
да бұл – Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман
оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы
қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол – өмір
заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен
жеттік. Ол күш – әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір
арнаға салды.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі
шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен
ерліктер көрсетті. Қазақ – ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер
халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды
қырғынға қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында
өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ
та жетеді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр
сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі
бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты
халқым менің!
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң
парызымыз – бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз! Олар өте аз қалды. Оларға
лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу керек.
120
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Ұлы жеңіс күні құтты болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың
кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! Келешек еліміздің дархан даласы кең,
аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі
жасасын!
Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай
келе, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақытты сәттерінің көп болуын тілейміз. Біз
сіздерге қарыздармыз! Сіздерге мың тағзым, құрметті майдангерлер! Ешкім де
ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
Біздің соғысты, оның сұмдықтарын, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған
ардагерлерімізді ұмытуға қақымыз жоқ. Барлығын есте сақтауға міндеттіміз.
Аспанымызды бұлт торламасын, ұйқымыз бұзылмасын, ата-анамыз әрқашан қасымызда
болсын! - деп тілегімді ойлап алыстағы жарық жұлдызға қарап үміт сезімде ұйқтап
қалдым.
Тилекенов Женис
Жезқазған гуманитарлық колледжі
Жезқазған қ. Қарағанды облысы
Жетекшісі: Есенгабулова Гульнар Омарбековна
Менің қарашаңырағым Қарсақбай
Менің атым Жеңіс. Жеңіс есімі жеңу, жеңіске жету деген мағынаны
білдіреді. Маған бұл есімді атам мен әжем қойған. Өйткені, мен 9-мамыр
Жеңіс күні дүниеге келген болатынмын. Осыдан 70 жыл бұрын 9-мамырда
1945
жылы фашистік Германияға қарсы Ұлы Отан соғысы аяқталған еді. Біздің
халқымыз осы соғыста жеңген болатын. Мен соғыс туралы аз білсем де, бірақ
мен соғыс туралы көп кітаптар оқыдым. Соның ішінде біздің жерлесіміз
Сағындық Қожамсейітов, Қарсақбайдың 80 жылдығына «Қарашаңырақ
Қарсақбай» кітабын жазған болатын. Сол кітапта оқығанымдай Жезқазған
кеншілері Ұлы Отан соғысы жылдары 16 рет Мемлекеттік Қорғаныс
Комитетінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алды. 1945 жылы 3 шілдеде бұл Ту
ұжымда мәңгілік сақтауға қалдырылды.
Қарсақбай әскери комиссариаты шақырылған сарбаздар Ұлы Отан
соғысы майдан шептерінде жаумен қасық қанын аямай арыстандай алысты.
Аудан партия, комсомол ұйымдарының басым көпшілігі – 1209 коммунист,
1461 комсомолец армия қатарына шақырылды. Ұлытау – Жезқазған өңірінен
10 мыңның үстінде адам қолына қару алып, соғысқа аттанады. Олардың ішінде
ауаткомның төрағалары Бодық Есенов, Қаби Көбенов, Совет Армиясының
офицері, аупарткомның хатшысы Иван Горовой, соғысқа сұранып барып,
121
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
фашистермен ұрыста ерлікпен қаза тапқан аупарткомның бірінші хатшысы
Зейнеш Шәріпов болған еді.
Қарсақбайлықтар 1942 жылдың тамызында әскери бөлім командирінен
зауыттың бұрынғы паровоз машинисі, гвардия кіші лейтенанты Николай
Илларионович Колбасовтың ерлігі жайлы хат алды. Онда мынадай мәліметтер
келтірілген. Н.И.Колбасов бірнеше шайқаста өз қаруымен жаудың 12 танкісін,
әскер мінген, жүк тиеген 100-ге жуық автокөлігін, жаяу әскердің бір ротасын
түгел дерлік жойып жіберген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1944
жылға 22 ақпандағы жарлығымен оған Совет Одағының Батыры атағын берді.
Жаумен айқаста ерлік және жанқиярлық көрсеткен жезділік
жауынгерлер Анатолий Живовқа, Алексей Иванишколарға Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді. Жерлесіміз, барлаушы Жақсымбет Үншібаев «Даңқ»
орденінің барлық дәрежесімен марапатталды. Партизан Қаппас Әлиакпаров
тапқырлығымен, қайратымен, жоғары тәртібімен ерекше көзге түсті.
Қарсақбай фабрика-зауыт оқуы мектебінің түлегі, ақын Баубек
Бұлқышев 28 жасында Ұлы Отан соғысында опат болды.
Майдангер Қозғанбай Әбиев ержүрек сарбаз болды. «Ұлы Отан
соғысы» орденінің екі дәрежесімен екі Қызыл Жұлдыз орденімен,
жауынгерлік 10 медальмен марапатталды. Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек майдандағы
жоғарғы жетістіктері үшін алғашқылар қатарында Қ. Әбиевті «Парасат»
орденімен марапаттады.
Майданнан оралған қарсақпайлық барлық сарбаздардың кеудесінде
жауынгерлік орден-медальдар жарқырап тұрды, оның ішінде 745 жауынгер
еліміздің жоғарғы марапттарына ие болды.
Олардың ішінде Жангер Жанасов (кейін Жезқазған қалалық атқару
комитетінің төрағасы), Әбдіхамит Қоңырқұлжинов (Ұлытау ауаткомның
төрағасы), Жоғыбай Жүндібаев, Түсіпәлі Секеманов, Сейітқали Төкебаев,
Якуда Ибраев, Сейтқали Бозаев, жеті ағайынды Жарылғаповтар, Тәшібай
Әлмұхамбетов, А. Прокопьев, Бектай Әбсаттаров, И. Панин, Шаймен
Еділбаев, Қасымбек Есеев, Әнуарбек Шманов, тағы басқа ондаған, жүздеген
қарсақбайлық майдангерлер болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары аудан еңбеккерлерінің өз қаржыларына
«Қазақстан Комсомолы», «Горняк Жезказган», «Металлург Казахстана» танк
колонналарын жасау жөнінде өтініш білдіріп жолдаған хаттары
тылдағылардың жеңіске деген кәміл сенімінің, Отанына шексіз берілгендігінің
айғағы еді.
Қыз-келіншектер майдандағы бауырларына, әкелері мен ағаларына,
сүйікті жарларына сәлемдемелер жолдап жатты. 5840 жылы киім, 37 тонна
ауылдың дәмі жіберілді. Тапсырыспен жергілікті өнеркәсіп комбинаты,
артельдер 6120 ұйық, 7000 пима, 200000 қолғап пен шұлық дайындады.
122
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Қарсақбайдың металлургтері,
Жезқазған мен Жездінің кеншілері, Байқоңырдың көміршілері, ауыл
еңбеккерлері 4-ші бесжылдық жоспарды орындауға жаңа жігермен кірісті.
Сонымен өз сөзімді қорытындылай келе, мен осындай қаһарман,
жазушы, батырдың жерлесі болғанымды мақтан тұтамын. Б.Бұлқышевтың
ерлігін өзіме үлгі тұтып, оның әрбір қанатты сөздерін өзіме, болашақта жетер
мақсаттарыма жеткізер ұран ретінде қабылдаймын. Қазіргі таңда менің туған
жерім Сәтбаев қаласында, қалалық орталық кітапхана осы жерлесіміз Баубек
Бұлқышев атымен аталады. Атым Жеңіс болғандықтан барлық жарыстарға
қатысып, жүлделі орындарды қанжығама байлап, атыма кір келтірмеуге
тырысамын. Артымнан ерген қос ініме Руслан мен Шыңғысқа үлгі боларлық
аға болуға тырысып жүрмін. Болашақта оқуымды аяқтап, егемен елімнің
мүддесі үшін қызмет етуге әзірмін. Сөзімнің соңында, қазақ халқы ұлы халық
екенін атап өткім келеді. Бұл сөздің өтірік айтуымның жөні жоқ. Оған мысал
ретінде Қазыбек бидің сөзін қолданғым келеді:
Біз-қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Жылқы қылын найзасына таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз, -
дегендей, біз қазақ халқы қай заманда болмасын, ақынын ұмытпаған, батырын
ұлықтаған халықпыз. Сондықтан, біздей қазақтың қаракөз жастары тұрғанда
аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігін ешуақытта ұмытпаймыз. Олардан, бізге
қалған мұра ешуақытта өшпейді!
Тиыштық Жұпар
10 сынып, № 19 орта мектеп КММ
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
123
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Жетекшісі:Искакова Перизат Рымбекқызы
Болмасын соғыс
1941-
1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы Советтер еліне ауыр
сын болды. Осы жылдар аралығында соғыс үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезең
–
1941 жыл 22 маусым мен 1942 жыл 18 қараша аралығындағы кезең өте ауыр
болды. Екінші кезең – 1942 жыл 19 қараша мен 1943 жылдың аяғы аралығын
қамтыды.Үшінші кезең – 1944 жыл қаңтар мен 1945 жыл 9 мамыр аралығында
бірқатар оқиғалар орын алды. Сонымен қатар 1945 жыл 9 тамыз бен 2
қыркүйек – қиыр шығыстағы соғыс.
Қаншама жылдар өтсе де, соғыстағы бомбалардың жарылысы,
танкілердің үні, оқтардың ысқырығы естен кетер емес. Бірақ соғыстың
зардабы мен қасіреті ұмытылмайды. Сондықтан Ұлы Отан соғысынан кейін
дүние есігін ашқандар үшін, өздері секілді қыздар мен ұлдардың өмірлерін
Отан үшін отқа салып, бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан
үшін қолдарына қару алып, сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қандай
қиындықты бастан кешпесін, қиындыққа мойымай, Отан үшін жанын құрбан
етті.
Соғыстың зардабынан мыңдаған отаулардың шаңырағы қирап, ортасына
түсті. Махаббаттың қанаты қайырылды. Дүниеге келер талай ұрпақ сол
боздақтардың бойында бірге кетті. Бұл – қазақ халқы үшін орны толмас апат!
Біздің жанымыз осыған күйінеді! Қайран боздақтар...
Ұлы Отан соғысы – халқымыздың, барша ұлт өкілдерінің, біздің
әкелеріміз бен аталарымыз биік рухын, ерлігі мен қазақылығын бүкіл әлемге
танытқан соғыс. Осы Ұлы Отан соғысы – ата-бабаларымыздың Ұлы ерлігін
мәңгілік еткен, ел тыныштығын сақтаудағы ең қастерлі мереке. Сол себепті
Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында бүгінгі ұрпақ, яғни біздер барша
ардагерлердің алдында басымызды иеміз.
Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл толып отыр.
Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын соғыс зардабы
жойылар емес. Соғыстың зардабы мен жүрекке түсірген жарасы әлі күнге
дейін халықтың есінде.
Ұлы Жеңіс мерекесі, шынын айтқанда, бір жағынан қаралы кезең
болғанымен, ерлік пен елдік, ар-намыс, отаншылдық пен биік рух аяусыз
сынға түскен ғаламат тарихи сәт еді. Ендеше, өткеніміздің қадау-қадау
оқиғаларын сезім көзімен сүзіп өтпей, оған сындарлы әрі байыппен қарайтын
кез келді. Өмірдің сайрап жатқан кең даңғыл жолы жоқ. Оның жарқыраған
жарық күні де, түнерген тұманды түні де бар. Осындай алмағайып кезеңнің
Ұлы Отан соғысы екені белгілі. Қандай ұлы оқиға болсын, оның тарих
талқысына түсуі заңды.
124
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Еліміз егемендік алған қазіргі жағдайда ұлттық әскери құрамалар жайлы
Қазақстан Республикасының сарбаздарына өнеге болатын, әскери құрама
бағасының Отан тарихында алатын мәртебесі биік. Ұлы Отан соғысының
ардагерлері – тарих алдында ұлы еңбек сіңірген адамдар. Ардагерлер - олар
кіршіксіз, мақсаткер адамдар. Ал біздер – сол фашизм мен сұмдық
шаруашылық күйреуін жеңіп шыққан қайсарлар ұрпағымыз. Ұлы Жеңістің
тарихи жолына бүгінгі күн тарапынан көз тастасақ, ерліктің жарқын бейнесі
мен Отанға берілгендіктің, халыққа деген махаббаттың аса үздік үлгісін
көреміз.
Соғыс және еңбек ардагерлері сияқты халыққа адал қызмет атқарған,
Отан үшін жанын құрбан еткен ерлердің есімдері еш уақытта ұмытылмайды.
Бүгінгі ұрпақ осындай әкелер дәстүрін жалғастыруды, Отанды сүюді, оны
жаудан көздің қарашығындай қорғай білуді аға буыннан үйренуге тиіс. Халық
ерлігі қандай жағдай болмасын өшпейді де өлмейді, ол адамзат баласының
жадында ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, өзінің жалғасын
таба береді. Соғыстың тарихы қазірігі ұрпақтың тәрбиесін нығайту үшін
қажет, онсыз болашақ иелерін тәрбиелей алмайды. Ал оларсыз мықты
мемлекет пен күшті әскер құру мүмкін болмайды. Соғысты жеңіп, оның
қиыншылықтарын жеңе білген, ұлы мемлекетті құрған, тәуелсіздікке қол
жеткізген халықтың қашан тіршілігі тоқтағанынша ұлы соғыс тарихы мәңгі
біздің есімізде. Соғыстан алған пайдамыз – біз халық ретінде бойымызда бар
қасиеттерді әлемге паш етіп, батыр халықтың ұрпағы екенімізді дәлелдедік.
Елбасына қандай сын түссе де, қасқайып тұра алатынымызды мойындаттық.
Жауапкершілікке бейім, мемлекетімізді қорғай алатын ұлы халық екенімізді
мойындаттық.
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының барлық халықтарының, оның ішінде
қазақ халқының, азаматтық күш-қуатына қиямет сын болды. Ол қазақ
халқының тарихында бетбұрыс, бұрылыс кезең болып, миллиондаған
қазақстандықтардың жүрегінде өшпес із қалдырды. Адамзат болашағы
жолындағы бұл тарихи шайқасқа ауқымы жағынан бүкіл әлемді дүр
сілкіндіреген, мақсат-нысанасы тұрғысынан кез келген ұлт шеңберінен
анағұрлым асып түскен мұндай жойқын соғысқа қазақ ұлты жауынгер ретінде
де, халық ретінде де өз тарихында тұңғыш рет қатынасты. Сондықтан да ендігі
жас ұрпақ соғысты көрмесін деп тілеймін! Ұлы соғыстың жеңісінің 70
жылдығын атап өткелі отырған бұл жеңіс бәрімізге баянды болғай!
Төлеужан Аяна
10 сынып, № 19 орта мектеп КММ
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
125
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне
Жетекшісі: Смаханова Майра Кайрбековна
Отаным – алтын бесігім
Отан! Бұл сөзді естігенде тебіренбейтін жан, толқымайтын теңіз жоқ
шығар, сірә!? Өз Отаным деп еміренбейтін, тебіренбейтін адам бұл жалғанда
бар ма?! Бар болуы мүмкін емес. Отан, сен маған да, барша халыққа да
ыстықсың?! Әр адамға өзінің Отанынан артығы жоқ екені баршамызға
бесенеден белгілі. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз осының
айғағы іспеттес. Осынау «Отан» деген төрт әріптен құралған сөзде төрткүл
дүниені тебрентетін мән, мағына жатқаны хақ. Иә, Отан – сүйіспеншілікке,
махаббатқа, қайсарлыққа, батылдыққа толы сөз. Шүкір, Отанның ыстық
екенін, одан артық қазына, қасиет жоқ екенін біз жүрегіміздің төріне
орналастырғанбыз.
«Отан» деген бір ауыз сөзге сыйып кеткен ұлан-ғайыр жер, жаны
жадыраған, жайсаң халық, туған жеріңдегі тау-тас барлығын да қорғау үшін
көңіл көкжиегі кең қаншама жас бозбалалар мен бойжеткендер өз жандарын
қиып, қасық қаны қалғанша қорғады емес пе!?
Mен 1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысында халықтың ең үлкен
парызы болған ерлік жайлы айтамын. Бұл соғыс Отанды қорғау үшін өткен
Ұлы Отан соғысы. Сол жылдары тұлымшағы желбіреп жүрген жас бозбалалар
мен бойжеткендер елінің алдындағы үлкен парызын орындады. Ол
ағаларымыз Рейхстакқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, қолынан қаруымен
қоса қаламын тастамаған жерлесіміз Қасым Аманжолов, жауынгерлерге рух
берген, қолбасшы Бауыржан Момышұлы болса, ал апаларымыздан Отан үшін
от кешкен Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа батыр
қыздарымыз. Тек бұлар емес, одан да өзге Отан үшін жанын пида еткен
боздақтар аз емес. «Отан оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
деген жоғарыдағы рухы биік Бауыржан атамыздың сөздері – олардың айғағы.
«Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың» деген сөз сол
жылдары жауынгерлердің ұстанымы болды емес пе?!
Бәлкім, сол ағаларымыз бен әпкелеріміз болмағанда, біз бұлай отырмас
та едік. Осынау апаларымыз бен ағаларымыздың елге, жерге, Отанға деген
сүйспеншілігі, махаббатының арқасында Ұлы Отан соғысы 9-мамыр күнгі
Жеңіске алып келді. Осы соғыста сан мыңдаған боздақтардан айрылғанымыз
елді күңірентіп, көңілге қаяу салса, ал жоғарыда айтылған күнгі жеңіс көңілге
медеу болып, қайғының артынан қуаныштың да таңы ататынын дәлелдеді.
Осындай аға-апаларымыздың қаны судай аққан жердің топырағын иіскеп,
тағызым жасап өту міндет. Жұдырықтай жүректе Отанға деген бір ұшқын
болса, қиямет күні туғанда Отанды қорғауға деген құштарлықтың тууына
себеп болады. Ел басына күн туғанда, Отанды қорғау біздің де парызымыз
126
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и
средних учебных заведений на патриотическую тему,
Достарыңызбен бөлісу: |