Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата15.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#9793
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. Алматы,2001. 
2. А.Н. Ағыбаев  Қылмыстық құқық. Алматы, 2000. 
3.  Загородин  Н.И.  Преступления  против  жизни  по  советскому  уголовному  праву. 
Москва, 2010. 
4.  Актуальные  проблемы  борьбы  с  преступностью.  Сборник  научных  трудов. 
Ташкент, 1983. 
5. Актуальные вопросы с преступностью. Под ред. В.Д.Филимонова Томск. 1990. 
6. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан, Алматы, 1999. 
 
Аннотация. 
Криминологическая 
характереристика 
преступлений 
против 
безопасности человечества 
Annotation. Сriminological characteristics of crimes against humanity 
 
 
 

85 
 
ӘОЖ 796.8 
Т 81 
ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНДЕГІ АЯҚПЕН ТЕБУ ӘДІСТЕРІН 
ҤЙРЕТУ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 
 
Тоқтағҧлҧлы А., Жайханов Ж., Кӛшкінбаев Ж. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Спорт  теориясына  сәйкес  спортшы  шеберлігін  оның  спорттық  дайындығы  деңгейі 
негізінде бағалайды. Негізінен спорттық жекпе-жек жарыстарында жетекші ролді жекпе-
жекті  жүргізудің әдісі мен тәсілі алады.  Ұсақ-түйегіне назар аудармай-ақ, әдіс пен тәсіл 
сұрақтары тек спорттық жекпе-жектерде ғана емес, түгелдей спорт түрлерінде жеткілікті 
зерттелмеген.  Мұның  бір  себебі  болып,  спорттың  теориясы  мен  тәжірибесінде  рингте, 
татамида,  кілем  үстінде,  залдың  немесе  стадионның  ішінде  спорттың  әртүрлі  түрлері 
бойынша  ӛткізілетін  сайыстар  уақытында  бақыланатын  нәрсенің  барлығы  адамның 
психологиясы мен физиологиясын жеткілікті есепке алмастан талдануы. Спорттық жекпе-
жектердің  экстремалды  жағдайларында  спортшының  іс-әрекеттерін,  адамдардың  мінез-
құлығының психикалық және физиологиялық ӛзгеру іліміне сүйенетін қызмет теориясын 
қолданбай  тұрып, аяғына дейін түсіну мүмкін емес. 
Қызмет теориясының маңызды жағдайларына мыналар жатады: 
1)
 
Негізгі белгісі болып адамда адекватты мотивацияның болуы. 
2)
 
Қызметі нақты мақсаттарға бағындырылған жекелеген іс-әрекеттер. 
3)
 
Қызмет  операциясы  деп  аталатын  автоматтандырылған  элементтерінің 
жиынтығы. 
Бұл  жерде  спорттық  жарысқа  қатысушылардың  қызметінің  қозғаушы  құрылымын  
спортшының  мақсаттық  қағидалар  кӛзқарасында  бӛлщектей  отырып,  әдіс  пен  тәсіл 
сұрақтарының шешімдерін таба аламыз. 
Қарапайым  ғана  соққының  ӛзін  егер  оларды  сайыс  жағдайында  ӛткізуге  тырыссақ, 
қозғаушы құрылымы қаншалықты күрделі екендігін кӛруге болады. 
Нақты жарысқа қатысушының техникалыұ дайындығын, әдетте жеңіске әкелмесе де, 
оған  жетуге  салмақты  алғышарттар  жасайтын  жекелеген  операциялар  мен  олардың 
жиынтығы  кӛрсететіндігін  атап  ӛту  маңызды.  Мұның  сыртында  спортшы  оларды 
автоматизм деңгейінде меңгеруі бар, осы дағдылардың бәрі дұрыс жолға қойылған үйрету 
әдістемелерінің педагогикалық тұрғыдан дұрыстығын кӛрсетеді. 
Спорттық жарысқа қатысушының техникалық-тактикалық дайындығын  іс-әрекеттер 
арсеналы  және  олардың  жиынтығы  суреттейді.  Олардың  кӛмегімен  спортшы  сайыстық 
жекпе-жекте  пайда  болатын  әр  түрлі  мақсаттарға  жете  алады.  Техниканы  автоматизм 
деңгейіне дейін жеткізілген жекелеген операциялар мен олардың жиынтығы құрайды. Ал 
тәсілді  олардың  әртүрлі  іс-әрекеттерде,  қарсыластың  ерекшеліктерін,  ӛзінің  сол  кездегі 
жай-күйін  және  сайыстық  жекпе-жектің  ӛту  барысын  есепке  ала  отырып,  сәйкестендіре 
білу сипаттайды.                                              Спорттық жарысқа қатысушының дербес 
тәсілдік дайыдығы туралы оның арсеналында күш-қуатын бүкіл турнирге жеткізе алатын 
және  тиісті  мақсатқа  жеткізуге  мүмкіндік  беретін  жеткілікті  санақтағы  жүріс-тұрыстық 
комплекстердің болуы дәлел болады. Ол №2 кестеде берілді. 
 
№4 кесте жарысқа қатысушының шабуылдық іс-әрекеттерінің элементтік құрылымы.  
 
Бӛлшектері 
 
Шабуылдық іс-әрекеттердің жекелеген компоненттері және оларды 
құрайтын элементтердің уақыттық кезектілігі (салдарлылығы) 
Компоненттері 
Дайындықтық 
(тәсілдік 
дайындықтар: 
Нәтижелендірші 
(әдіс-айла) 
 
 

86 
 
тепе- 
теңдіктен шығару, 
қорқыту, 
шақыру, тықсыру, 
бастырмалау және 
т.с.с.) 
 
Элементтер 
(операциялар) 
және олардың 
сәйкестенуі 
Тұру, 
серпілу, 
итеру, орын 
ауыстыру, 
финттар, 
беріспеу 
және т.б. 
 
Соққы 
Әдіс-айлаға 
кіруауыстыру, 
айналып түсу, 
және т.б. 
 
беру, құлату, 
орын 
Аяқтау, 
соққыға 
жығу, 
контактіден 
шығу және 
т.б. 
 
№5  кесте.  Қызмет  теориясы  мен  спорт  теориясы  тұрғысынан  спорттық  жарыстардың 
қозғаушы құрылымы 
 
Қандай  да  болмасын  спорт  түрімен  шұғылдану  соның  ішінде  шығыс  жекпе-
жектерімен  жаттығу,  жарыстарға  қатысу  адамнан  белгілі  бір  дене  күш  қабілеттерінің 
артуын  талап  етеді.  Спортшының  дене  қабілеттері  ұзақ  уақыттық  жаттығу  жұмыстарын 
атқаруы арқылы жетіледі, дамиды. 
Күш қабілеті-адамның ӛз бұлшық  еттері  күші  есебінен сыртқы қарсылықты жеңуін 
немесе оған қарсы тұра алу қабілетін айтады. 
Күштің  берілу  түрлеріне  байланысты  статикалық  және  динамикалық  деп  бӛлінеді. 
Спорт  түрлерінде  күштің  «жарылыстық»,  «қопарылыстық»  деген  атаулары  кездеседі. 
Оларға  күш  пен  жылдамдықтың  біріккен  кӛрсеткіші  негіз  болады.  Осы  кӛрсеткіштің 
№  Спорттық жарыстардың қозғаушы 
құрылымы 
  Жіктелу                          
негізі 
Дайындық 
нәтижелері 
1.  ЖЕКЕЛЕГЕН ОПЕРАЦИЯЛАР 
Орын ауыстыру, серпілу, итеру, финттар 
және т.б. 
ОПЕРАЦИЯЛАР ЖИЫНТЫҒЫ 
Тәсілдік дайындықтар (қауіп тӛндіру, 
шақыру, тепе-теңдігінен айыру, 
бастырмалау , тықсыру және т.б.)                                                         
Әдіс-айлалар (шабуылдау, қорғаныс, 
контршабуылдар) 
Сайыс жағдайында 
ӛткізу автоматизмі, 
жеңіске 
алғышарттар жасау 
 
Техникалық 
2.  ЖЕКЕЛЕГЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕР 
Барлау, шабуылдау, қарсы шабуылдау, 
қорғаныс, белсенділікті кӛрсету, күш 
жинау, артықшылығын ұстап тұру және 
т.б. 
ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖИЫНТЫҒЫ 
Аралас әдіс, байланыстар, жекпе-жек. 
Әдетте тӛрешімен 
бағаланатын нәтиже, 
жекпе-жекті жүргізу 
кезіндегі мақсаттық 
бекітілім 
 Техникалық-
тәсілдік 
(шабуылдаушы іс-
әрекетті жүргізу 
тәсілі және жекпе-
жекті жүргізу 
тәсілі) 
3.  ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ КОМПЛЕКСТЕР 
Салмақ ӛлшеу, жекпе-жекке дайындық, 
күш жинау, қарсыласты зерттеу, сайыс 
барысында кӛңілін аулау 
  Сайыс 
барысындағы басым 
мақсаттық бекітілім 
 Дербес тәсіл  
(сайыстарға қатысу 
тәсіл) 

87 
 
жоғары  және  сапалы  деңгейде  болуы  спортшының  шеберлігінің  жақсы  болуына  ықпал 
етеді. 
Күш  пен  жылдамдық  тығыз  байланысты.  Ол  адам  іс-әрекеті  жағдайында  қажетті 
қимыл  қозғалысты  аз  уақыт  шегінде  орындау  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі. 
Жылдамдықты  үш  кӛрсеткіш  сипаттайды.  Оларға:  қарапайым  қозғалысқа  қосылудың 
жасырын уақыты және қозғалыстың тазалығы жатады. 
Жоғарыда  кӛрсетілген  дене-күш  қабілеттері  бір-бірімен  шартты  түрде  ғана 
бӛлінгендігін  айта  кеткен  жӛн.  Олар  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  әсіресе  ол  ептілік 
икемділігін кӛрсету кезінде байқалады. 
Ептілікті  адамның  координациялық  күрделі  іс-әрекеттерді  нақты  әрі  тез  орындау 
қабілеті  деп  түсінеміз.  Ептілік  қабілеттің  адамның  басқа  қасиеттерімен  салыстырғанда 
ӛзіндік  жетекші  ролі  бар.  Ептілік  адам  мінезіне,  денедегі  бұлшық  еттердің, 
шеміршектердің, буындардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне де тікелей байланысты. 
Шыдамдылық деп адамның қандай да бір әрекеттерді оның тиімділігін тӛмендетпей 
ұзақ  уақыт  бойы  орындауын  айтады.  Ол  адам  ағзасының  кӛптеген  мүшелері  мен 
жүйелерінің сәйкестене отырып ұзақ уақыт қызмет етуіне тәуелді. 
Дене-күш  қабілеттерінің  даму  деңгейін  ӛлшеу  әдістемелері  үнемі  жетілдіріліп 
отырылады,  себебі  осы  кӛрсеткіштерді  арттыру  үлкен  педагогикалық  шеберлікті  қажет 
етеді.  Осы  мақсатта  шығыс  жекпе-жектері  оқу-жаттығу  жұмысы  кезінде  дене-күш 
қабілеттерінің  сапасын  тез  және  шынайы  тексеру  мақсатында  ӛлшеуші  тесті  сынақтары 
жиынтығына ие болу қажет. 
Спортшының  дене-күш  қасиеттерін  дамыту  жаттығу  түрінің  ерекшеліктеріне 
байланысты, жалпы дайындық және арнайы дайындық деп екіге бӛлінеді.  
Жалпы  дене-күш  дайындығы  (ЖДД)  дегеніміз-адамның  күш,  ептілік,  жылдамдық, 
иілгіштік, тӛзімділік қасиеттерін жалпы жатттықтыру. 
Жалпы  дене  дайындығы  адамның  жоғарыда  кӛрсетілген  қасиеттерімен  бірге  адам 
ағзасының (жүрек, қан, ӛкпе т.б. мүшелерінің) жұмысын жақсартуға бағытталады. 
Арнайы  дене-күш  дайындығына  спортшының  таңдап  алған  спорт  түрінің 
ерекшелігіне  негізделген  арнайы  жаттығулар  жатады.  Арнайы  жаттығулар  спортшының 
шеберлігін  арттырып,  жарыстарда  ӛз  мүмкіндігін  аз  күш  жұмсау  арқылы  нәтижелі 
кӛрсеткішке жетуге бағытталады. 
Берілетін  жалпы  және  арнайы  жаттығуладың  кӛлемі,  түрі  спортшының  жаттығу 
жоспарының негізінде ӛзгеріп отырады. 
Спортшының  алғашқы  күреспен  шұғылдану  жылдарында  жалпы  дене-күш 
дайындығына  басым  кӛңіл  бӛлінеді.  Жылдық  жаттығу  жоспарының  дайындық  және  
ӛтпелі  кезеңдерінде  Ж.Д.Д.  кӛбірек  кӛңіл  бӛлінсе,  жарыстық  кезеңде  арнайы 
жаттығуларға басым уақыт бӛлінеді. 
Жаттықтырушы-ұстаз  алға  қойған  мақсаттардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып 
дайындықтың  осы  екі  түріне    ӛз  тарапынан    ӛзгерістерді  дер  кезінде  енгізіп  отыруы 
нәтижелі жұмыс болуына кепілдік береді. 
Жалпы  дене  дайындығы  кезінде  белгілі  бір  дене-күш  қасиеттерін  арттыруға 
бағытталған жұмыстарды жүргізу арқылы нәтижелі кӛрсеткіштерге жетуге болады. Ұстаз 
осы  жаттығуларды  оқу-жаттығу  сабақтарының  белгілі  бір  кезеңдерінде  қолдана  білуі 
қажет.  Мысалы:  күшті  арттыру  жаттығуларын  сабақтың  кіріспе  бӛлімінде  орындауға 
болмайды т.с.с. 
Арнайы жаттығуларға негізінен жекпе-жек түрлеріне жақын іс-қимылдар  алынады.  
Дене күш қасиеттерін арттыру әдістемелері.  
Адамның дене-күш қасиеттері оның бұлшық еттерінің физиологиялық ерекшелігімен 
және нерв үйесінің ӛзіндік қозғалыс күшімен сипатталады. 
Спортшы  күші  дегеніміз  -  жекпе-жек  үстінде  бұлшық  ет  күшін  пайдалану  арқылы 
қажетті қозғалыс жасап, ӛзіне қарсы бағытталған күштерді жеңуді айтады. 

88 
 
Күшті арттыру мақсатында адам мүмкіндігінің шегіне жақын  жүктеме беру арқылы 
немесе соған жақын күш жұмсап орындалатын жаттығулар пайдаланылады. 
Орындалатын  жаттығудың  түріне  және  берілетін  жүктеменің  кӛлеміне  байланысты 
жаттығуды қайталау саны бір реттен бірнеше ретке дейін кӛбейтілуі мүмкін. 
Адам бұлшық етіне шекті немесе шектен тыс жүктеме берілсе бұлшық еттің жуандап 
ӛсуіне  әсер  етіледі.  Берілген  жүктемелерге  бұлшық  еттің  «үйрену»  қалыптасу  процесі 
жүреді.  Адам  шамасына  немесе  шамадан  тыс  берілген  жүктеме  негізінде  адамның  нерв 
жүйесіне  күш  түсу  жағдайлары  ұлғайып,  ми  жүйесінде  бейімделу  процестері  пайда 
болады.  Негізгі  жұмыс  атқарушы  бұлшық  етпен  қоса  жұмысқа  тікелей  қатысы  жоқ 
бұлшық  еттер  қозғалысқа  кедергі  келтіреді,  сондықтан  арнайы  жаттығу  жұмыстарында, 
әсіресе  әдісті  дәл  және  шебер  орындатуды  үйрету  кезеңдерінде  шамадан  тыс  жүктеме 
бермеген дұрыс. 
Жекпе-жек үстінде спортшылар жағдайлары жылдам ӛзгеріп тұратын болғандықтан 
олардың  дене  күштерінің  статикалық  және  динамикалық  түрлері  алмасып  отырады. 
Бұлшық  ет  күшінің  динамикалық  түрі,  адамның  шаршау  кезеңінде  немесе  тың  күйінде, 
бұлшық еттің босау немесе жиырылу кезеңінен кейін де орындалуы мүмкін. Сондықтан 
динамикалық  жұмыс түрі кезеңінде күшті арттырудың бірнеше әдістемелік түрін береміз. 
Мүмкіндік  шегіне  дейін  орындау  әдістемесі.  Күшті  арттыруға  қолданылатын  бұл 
әдістеменің ерекшелігі жаттығушының кӛтеру мүмкіндігінің 60-80% мӛлшеріндегі салмақ 
алынып,  осы  салмақты  ол  10-30  рет  қайталап  орындалатындай  болуы  қажет.  Соңғы 
қайталау  жұмысы  бұлшық  еттің  шаршау  кезеңіне  келіп,  ол  ӛз  күш  мүмкіндігін  шегіне 
дейін сарқа қолданады. Бұл әдістемеге кермеде тартылу, арқанға ӛрмелеу, екпеттеп жатып 
қолды бүгіп-жазу арқылы денені  кӛтеру, бір аяқта отырып-тұру, баспалдақпен кӛтерілу, 
ӛрге жүгіріп шығу және т.б. жаттығу түрлерін жатқызуға болады. Тынығып дем алғаннан 
кейін жаттығуды қайталап орындайды.  
Бұл  әдістеме  бойынша  күшті  арттыру  жаттығулары  сабақтың  соңғы  бӛлімінде 
беріледі.  Осы  әдістеме  сабақтың  кіріспе  бӛлімінде  қолданылса  жаттығушы  шаршап 
қалады және негізгі бӛліміндегі тапсырманы ойдағыдай орындауына кедергі болады.  
Шектен  тыс  күш  түсіру  әдістемесін  қолдану.  Бұл  әдістеменің  ерекшелігі  жаттығу 
үшңн қолданылатын салмақ мӛлшері ӛте үлкен болады. Мысалы: оны жаттығушы 1-2 рет 
қана кӛтере алатындай салмақ алынады. Бұл әдістемені қолданған кезде шаршау-болдыру 
жылдам болады, бірақ қалпына келу «шегіне дейін» әдістемеге қарағанда тезірек болады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Болдырев Б.Н. Воспитательная эффективность информационно-коммуникативного 
менеджмента  спортивных  соревнований  (на  примере  восточных  единоборств)  дисс. 
канд.пед.наук. Алматы, КазАСТ. 2010. 
2.
 
Дәурен Мұса. Қаз.Ақпарат. Алматы.  2012 ж., 27.06. 
3.
 
Алимханов Е. Қазақтың балуандық ӛнері. Алматы, Атамұра. 2004.-Б.23-28. 
4.
 
Мұрат Керейбай. Қажы-Мұқан. Астана: Фолиант, 2006. –Б.88-89. 
5.
 
Базарбаев  Е.Ж.  Активизация  процесса  подготовки  специалистов  и  спортсменов 
восточных единоборств. Дисс.  канд.пед.наук. Алматы, КазАСТ, 2005. 
6.
 
Конвишер  И.В.  Тайский  бокс.  Техника  и  тактика  и  современные  методики 
тренеровок. – Ростов, Фенекис. -2006, -С.13-58. 
7.
 
 Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. – М.: ФиС. – С. 416. 
8.
 
Жунисбеков Ж. И. Таэквандодагы бастапқы спорттық дайындықтың теориясы мен 
әдістемесі //  Оқу құралы, Алматы, Нурай принт.сервис. 2010. – 150 б. 
9.
 
Кан  С.О.  Экспериментальное  обоснование  кооринационной  подготовки 
таэквандистов. Дисс.  ...канд.пед.наук. Алматы, КазАСТ. – 2008. 
10.
 
Ухтоминский А. Особенности подведения единоборцов к состоянию найвысшей 
готовности  //  Теория и практика ФК. – 2002. - №5. – С.6. 

89 
 
11.
 
 Платонов  В.Н.  Теория  и  методика  спартивной  подготовки.  –  К.:  Вища  школа, 
1984. – 352 с.  
 
Аннотация. Данной статье рассматривается способ методики обучения  и 
упражнения ножным пинанием  восточных поединках. 
        Annotation.  
The method of methodology of educating and exercise is examined this article leg 
kicking east duels.
 
 
 
 
ӘОЖ 796.83 
Т 81 
 
ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНДЕ АЯҚПЕН ТЕБУ  
ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ТҤРЛЕРІ 
 
Тоқтағҧлҧлы А., Қалықҧлов С., Тоқбергенов Ж. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Кикбокста  қолданылатын  аяқпен  тебу  әдістері.  Кикбокстағы  аяқпен  тебу  түрлерін 
тура бағытта тебу және қисық бағытта тебу деп аяқтың кеңістіктегі қозғалысын ажыратуға 
болады. Ал аяқтың жұмысы негізінен қарсыласының денесіне қарай бағытталған алға созу 
және  жылдам  артқа  қайтару  қозғалысымен  ерекшеленеді,  денеге  аяқ  табанымен  оның 
сыртқы және ішкі қырымен, аяқ жіліншігімен, ӛкшемен соғу мақсаты қойылады.                                                                                                           
Кикбокста аяқпен тебудің келесі түрлері қолданылады: 
Бэк-кик ( артқа алыс қойылған аяқпен тебу) – аяқпен тебудің бұл түрі кӛбіне денені 
айналдыра бұру арқылы қарсыласына алыс тұрған аяғымен орындалады. Орындау кезінде 
алдымен  қарсыласына  жақын  тұрған  тіреуші  аяғымен  180  градусқа  бұрылады.  Осы 
бұрылу  кезінде  (  егерде  оң  аяғымен  тебетін  болса,  оң  иығы  арқылы)  тебетін  жерін  дәл 
кӛруі  қажет.  Ары  қарай  тебетін  аяқ  тіреуші  аяқтың  серпіні  арқылы  жамбасты  алға  бере 
отырып,  тізесін  жазып,  аяқтың  серпу  жылдамдығын  арттыру  арқылы  аяқтың  ӛкшесімен 
тебеді. Аяқ денеге тигеннен кейін дененің айналу қозғалысы ары қарай 360 градусқа дейін 
жалғаса беруі ықтимал. Аяқпен тебудің осы түрі орындаушының жоғары секіруі арқылы 
да орындалады. Аяқпен тебу қарсыластың  басына немесе денесіне бағытталуы ықтимал. 
Аяқпен тебудің осы түрі орындалуы  жағынан жылдам және әсерлі болып табылады.    
Джампинг-Кик  (  секіріп  соғу  ).  Кикбокста  аяқпен  немесе  қолмен  соғу  түрлері 
спортшының  жоғары  секіруі  арқылы  орындалуы  да  мүмкін.  Соғуды  секіріп  барып 
орындау әсерлі болғанымен  кӛбіне  нәтижесі  тӛмен болып келеді. Секіріп соғу түрлерін 
орындау кӛп күш жұмсауды қажет етеді. Аяқпен секіріп тебудің ұратын бағытқа денемен 
жартылай  айналып,  кері  айналып  барып  орындаулары  кездеседі,  ал  жоғарыдан  тӛмен 
қарай кесіп орындау түрі сирек кездеседі. 
Кресент-  Кик    (  бүйірден  соғу  ).  Аяқпен  тебудің  бұл  түрі  ӛзінің  күші  жағынан, 
орындауды күтпеген жағдайда жылдам  іске асыруға болатындығы жағынан және денені 
бұру арқылы орындауға болатындығымен ерекшеленеді. Аяқпен тебудің бұл түрін үйрену 
кӛп  жаттығуды  қажет  етеді.  Аяқпен  тебудің  осы  түрін  орындау  кезінде  аяқпен  тебуге 
кӛздеген  межеге  дейінгі  жолының  ұзақ  болуы  және  орындаудың  күрделі  болуы 
қарсыластың  жылдам  бұрылып  кетуіне  немесе  тебуді  қайтарып  үлгеруіне  мүмкіндік 
қалдырады.  Аяқпен  тебуді  орындау  әдістері:  тебетін  аяқтың  тізесін  неғұрлым  кеудеден 
жоғары  кӛтеруге  тырысу,  кеудені  қарсыласқа  қырымен  бұру  қажет.  Жоғары  кӛтерген 
аяқпен қарсылас денесіне бүйірден орай тебу қажет. Аяқтың ӛкшесімен тию тиімді болып 
келеді,  кей  жағдайларда  аяқтың  артымен  де  соғу    орын  алады  Аяқпен  орай  тебуді 
спортшы денесімен 360 градусқа бұрылу арқылы орындайды. Денені бұру алдымен басты 

90 
 
бұруарқылы  басталады,тебетін  аяқ  тізесін  жылдам  жоғары  кӛтеріп  барып,  аяқпен  орап 
барып тебу орындалады.  
Лоу – кик. Кикбокста қолданылатын аяқпен орап тебудің бұл түрі кейбір ережелерде 
тиым  салынған  әдіске  жатады.  Жалпы  алғанда  аяқпен  тебудің  бұл  түрі  ӛте  жылдам 
орындауға  және  соққыны  күшті  беруге  болатындығымен,  қарсыласты  нокаутқа  жіберу 
мүмкіндігі мол екендігімен ерекшеленеді. 
Раунд  –  кик  (айналып  соғу).  Айналып  барып  аяқпен  тебудің  бұл  түрі  қарсылас 
басынан тебу үшін  жиі қолданылады, онда аяқтың серпіліп  жазылу күші  іске қосылады. 
Әдістің бұл түрінен қорғану кей  жағдайларда нәтижесіз болып жатады, себебі қорғаныс 
үшін  қойылған  қолдың  сыртынан  теу  немесе  қолды  айналып  кету  арқылы  соққы  беру 
жағдайлары жиі болады. 
Сайд-кик (жанынан соғу)-Аяқпен соғудың бұл түрінде тебетін аяқты тізе буынынан 
бүгу  арқылы  жоғары  кеуде  тұсына  дейін  кӛтереді.  Соғу  бүгілген  аяқты  бұрай  отырып 
жылдам жазу арқылы орнатылады.соғу күші  мен жылдамдығын арттыру жамбасты алға 
беру  арқылы,  тіреуші  аяқтың  жылдам  серпіліп  тебуші  аяққа  инерция  беруі  арқылы 
орындалады.  Аяқпен  соғудыңсоңғы  сәтінде  соққы  жасаушы  аяқ  пен  жамбас  жоғары 
кӛтерілген, дене де кӛтерілген аяқ пен бір жазықтықта болады. Қарсылас денесіне тиетін 
аяқтың ӛкшесі немесе табанның қыры болуы ықтимал. Тебу адам басына немесе денесіне 
бағытталады, тебуді қарсыласқа жақын орналасқан аяқпен немесе алыс тұрған аяқпен де 
орындауға болады. 
Теринг хил-кик (кері бұрылып айналып тебу). Денемен кері бұрылып айналып тебу 
қарсылас  жақын  алдыда  орналасқан  жағдайда  қолданылады.  Аяқпен  соғу  кӛбінесе 
ӛкшенің астымен орындалады. 
Экс-кик  (жоғарыдан  тӛмен  соғу).  Аяқтың  ӛкшесімен  жоғарыдан  тӛмен  балтаны 
шапқандай соғу ӛте аз нәтижелі және ауыр соққы болып табылады. Соққының осы түрін 
жиі қолдану ұпай санын кӛп жинауға мүмкіндік туғызады.  
Фронт-кик  (тура  соққы).  Кикьокс  жарыстарында  аяқпен  тура  соққы  жасаудың  кӛп 
жағдайларда нәтижесі тӛмен болып жатады, оған себеп қарсыластың ішінен тӛмен тебуге 
болмайтындығы және одан қорғанудың жолы кӛп болуында. Тура соққы кӛп  жағдайларда 
қарсыласпен арадағы ара қашықтықты сақтау үшін қолданылады. 
Хил-кик  –  аяқтың  ӛкшесімен  айналып  соғу.  Шығыс  жекпе-жектерінде  жиі 
қолданылатын әдіс түрі. Әдіс спортшының орында тұрып айналып соғуы немесе жоғары 
секіруі  арқылы  орындалады.  Бұл  әдісті  бірнеше  әдістерден  құралған  комбинациялық 
түрде  қолдану  тиімді.  Аяқпен  соғу  кезінде  ӛкшенң  ғнемесе  табанның  денеге  тиіуін 
қамтамасыз  ету  керек,  олай  болмаған  жағдайда  қарсыласқа  қарсы  шабуыл  жасауға 
мүмкіндік туады. 
Хук-кик (жанына соғу). Аяқпен соғудың бұл түрі кері қарай жартылай айналып соғу 
сияқты, бірақ оған қарсы қозғалыс түрінде орындалады. Соғатын аяқ жоғары, алға және 
жанға кӛтеріліп «жақтан шапалақпен ұрғандай» ӛкшемен немесе табанмен ұрылады. Кері 
айналып соғу кезінде қарсыластан алыс тұрған аяқпен тебеді, ол кезде дене 360 градусқа 
сағат жүрісі бойынша қозғалады, кикбокста оны «вертушка» деп те атайды. 
Бұл әдіс аяқпен соғудың ӛте күшті бір түріне жатады. Аяқпен соғу іске асырылғаннан 
соң спортшы қозғалысы ары қарай жалғасып, бастапқы тұрысқа келеді. 
Кері айналып соғу – ол денені сыртқа қарай бұрып айналуды білдіреді.  
Фут-свипс  (аяқпен  қағу).  Кикбокста  аяқпен  қағу  түрлері  де  қолданылды.  Оған: 
табанның  ішкі  қырымен  қағу,  аяқты  жоғары  кӛтеріп  табанның  қырымен  қағу,  денемен 
айналып барып аяқпен қағу т.б. түрлері қолданылады. 
Аяқпен  қағу  кезінде  қарсыласты  тепе-теңдіктен  шығару,  шаршату,  шабуылын 
тоқтату сияқты мақсаттар іске асырылады. 
Кикбокста аяқпен тебу түрлерін саралай келе тӛмендегідей ерекшеліктерді атап ӛтуге 
болады. 
Аяқтың кеңістікте қозғалу түрлеріне қарай: 

91 
 
-
 
Аяқпен тебу әдістері аяқпен алға тебу; 
-
 
Аяұпен орай айналып қисық траекториямен тебу; 
-
 
Аяқпен жоғарыдан тӛмен қарай шауып тебу; 
-
 
 Аяқпен қағу түрлері ішке және сыртқа қарай; 
-
 
Қайшылап тебу. 
Аяқтың денеге тиетін жерлеріне қарай: 
-
 
Ӛкшемен соғу; 
-
 
Табанмен тебу; 
-
 
Табанның қырымен соғу; 
-
 
Аяқтың үстімен соғу; 
-
 
Аяқтың балтырымен соғу түрлерін айыруға болады. 
Дененің кеңістікте қозғалу түріне қарай: 
-
 
Тік тұрып аяқпен соғу; 
-
 
Айналып барып (сыртқа, ішке қарай) соғу; 
-
 
Секіріп барып соғу. 
Аяқпен тебу кезіндегі негізгі кӛздейтін жерлер: 
-
 
Адамның басы; 
-
 
Кеудесі; 
-
 
Бүйірі. 
Таэквандо жекпе-жегіндегі аяқпен тебу әдістері. 
Оң немесе сол аяқпен тура соғу (Ап чаги). Тебу аяқты тізе буынынан жылдам жазу 
арқылы  орындалады.  Қарсылас  денесіне  аяқтың  табаны  тиеді.  Шабуыл  алдындағы 
бастапқы қалып «ап куби». 
Аяқпен  тебуді  Ап  чхаги  түрінің  кӛптеген  варианттары  бар.  Оларға  орындаудың 
момтон ап чхари (вен пом соги), ае пхаль момтон ап чхаги (вен ап куби), ольгуль ап чхаги, 
ап чхаги оллиги (орын ап куби), момтон ап чхаги (орын ап куби), ольгуль ап чхаги (кихап-
чучум соги-арэ хэчхйо макки), йоп чха оллиги коа соги (чуч-хум соги) т.б. 
Аяқпен жанға қарай тебу «Йоп чхаги». Бастапқы негізгі тұрыс «чучхум соги». Дене 
салмағын  оң  (сол)  аяққа  аудар.  Салмақты  аударған  уақытта  бір  мезгілде  сол  аяқты 
жамбаспен жоғары кӛтер. Дене мен оң аяқтың табанын оңға қарай 90 градусқа бұр. Сол 
аяқтың тізеден бүгілген сол аяқты жылдам жазу арқылы қарсыласыңа соққы бер. 
Оң  (сол)  аяқпен  жанымен  тебу  (Толлйо  чхаги).  Бастапқы  қалып  «твит  куби».  Дене 
салмағын оң (сол) аяққа аудар. Бір мезгілде оң аяғыңды жоғары алға кӛтер. Денеңді және 
сол аяғыңның табанын 90 градусқа оңға бұр. Аяқпен тебуді жамбасты алға беру және оң 
аяқты тізеден жылдам жазу арқылы орында. Тебу орындала салысымен бастапқы қалыпқа 
орал. 
Таэквандо  спортында  қолданылатын  аяқпен  тебу  әдістерінің  түрлері  кӛп  екендігін 
атай  келе  айтарымыз,  аяқпен  орындалатын  әдістер  түрлерінің  барлығы  орындалар 
алдында  дененің  және  қолдың  белгілі  бір  қалыпқа  келуі  арқылы    орындалатындығын 
кӛруге  болады.  Екіншіден  таэквандода  аяқ  жұмысы  қол  жұмысына  қарағанда  кӛп 
қолданылады  және  аяқпен  тебу  орында  тұрып  немесе  секіріп  орындау  бірдей 
қолданылады. 
Тайбокс жекпе-жегінде қолданылатын аяқпен соғу әдістері. 
Тайбокс  спортында  аяқпен  тебу  әдістері  қолмен  соғу  сияқты  жиі  қолданылады. 
Аяқпен  соғу  кезінде  күш  кӛп  болуы  мақсатында  дене  инерциясы,  дененің  айналу  күші, 
аяқпен жылдам секіру күштерін қолдану тиімді нәтиже береді.  
Тіземен  тӛмен  соғу.  Тіземен  соғу  түрегеліп  тұрған  қалыпта  немесе  секіріп 
орындалады. Тіземен соғу адам бетіне, жағына, кеудесіне бағытталады. 
Артта  тұрған  аяқтың  тізесімен  соғу.  Спортшы  сол  жақ  тұрыста  тұрып  солға  қарай 
денесін бұрып айналады, оң қолы алға берілген. Осы кезе артта тұоған оң аяғы жылдам 
артқа беріліп, содан кейін тізеден бүгілген күйі жылдам алға жоғары кӛтеріледі. Тіземен 
соғу барысында тіреуші сол аяқ тобық буынынан жылдам жазылып соғуға қосымша күш 

92 
 
береді. Егер тіземен соғу қарсыласпен ұстаспай тұрғанда орындалса, онда тебетін аяқты 
артқа сілтеудің қажеті жоқ. Тіземен соғуды секіріп орындау да тиімді болып келеді. 
Алдыда  тұрған  аяқтың  тізесімен  соғу.  Срғуды  орындау  артта  тұрған  аяқты  алға 
жартылай  аттап  қоюдан  басталады.  Дене  салмағы  артта  тұрған  аяққа  ауысып,  жамбас 
жылдам  алға  жоғары  және  оңға  беріледі.  Соққы  орында  тұрып  немесе  секіріп 
орындалады. 
Тіземен  тура  соғу.  Тіземен  тура  соғу  адам  бетіне  және  кеуденің  алды  және  ішке 
бағытталады.  Тіземен  бұлай  соғуда  тізе  қозғалысы  тӛменнен  жоғары  емес,  аоға  тура 
бағытталады. 
Тіземен  жанынан  соғу.  Тіземен  жанынан  соғу  бүйірге,кеудеге,  бетке,  жамбасқа 
бағытталып орындалады. Орындау тӛменнен жоғары немесе горизонтальді бағытта болуы 
ықтимал. 
Аяқ  табанынан  тура  соғу.  Бұл  тебу  түрі  аяқтың  ӛкшесімен  немесе  аяқ  ұшымен 
орындалады. Тебу кеуденің алдыңғы жағына, жамбас бӛлікке бағытталады. 
Аяқтың  жіліншігімен  аяқ  табаны  үстімен  соғу.  Бұл  тебу  түрі  дененің  жанына, 
алдына, басқа, жамбас жанына, аяяқ жіліншігіне, тізе буынына бағытталады. Тебудің бұл 
түрі аяқтың тӛменгі бӛлігімен, табан үстімен орындалады. Тебудің бұл түрі орында тұрып 
та немесе бұрылып, айналып орындалады. Тебу алдыда тұрған немесе артта тұрған аяқпен 
де орындалады. 
Артқа қарай тура тебу. Аяқпен тебудің бұл түрі ӛзінің орындалу күші  жағынан ӛте 
жақсы  болып  келеді,  тек  бір  кемшілігі  орындаушы  тебу  кезінде  қарсыласына  арқасын 
беріп тұрады. Тебу кӛбіне аяқтың ӛкшесімен орындалып қарсылас кеудесіне бағытталады. 
Әрбір  шығыс  жекпе-жек  түрлерінде  кездесетін  аяқпен  теуіп  соққы  беру  түрлері 
әртүрлі  болып  келедіғ  сонымен  қатар  барлығына  ортақ  жағдайлар  да  кӛп  кездеседі.  Біз 
барлық  жекпе-жектерде  кездесетін  аяқпен  тебу  түрлеріне  үйрету  әдістемелеріне 
тоқталамыз. 
Аяқпен жан-жаққа, әр түрлі бағытқа соққы беру әдісі. 
Бастапқы қалып (БҚ) алға қарап тік тұру. 
1.
 
Тізеден  бүгілген  аяқты  барынша  жоғары  кӛтереді.  Аяқ  ӛкшесі  жерге  тӛмен 
жағдайда. Дене тік, бас кӛтерілген аяқ бағытына қарай бұрылған. 
2.
 
Сол  аяқтың  ұшымен  бұрыла  отырып,  соққы  беретін  оң  аяқтың  табанын  жерге 
горизонталь  бағытқа  бұру  керек  және  аяқ  табаны  соққы  нүктесіне  бағытталуы  қажет. 
Тірек  аяғы  сәл  бүгілген.  Дене  артқа  қарай  беріледі.  Кӛзбен  соққы  беретін  жаққа  қарау 
керек.  
3.
 
Тізеден  бүгілген  аяқты  жылдам  жазып  түзулеу  арқылы  аяқ  табаны  қырымен 
жылдам соққы жасалады. 
4.
 
 Соққы жасалысымен аяқ қайтадан бастапқы бүгілген қалпына келеді. 
5.
 
Дене қайтадан бастапқы қалыпқа келеді. 
Аяқпен доға тәріздес орап тебу арқылы соққы беру. 
Бастапқы қалып (БҚ) алға қарап тік тұру. 
1.
 
Аяқ тізеден бүгілген қалпында алға жоғары кӛтеріледі. Аяқ жіліншігі және табаны 
жерге тӛмен қараған. Тірек аяқ сәл бүгілген күйде, табан сол жаққа аз бұрылған жағдайда. 
2.
 
Денені аз артқа қисайта солға бұру қажет, осы кезде бүгілген аяқты жылдам тізеден 
жазып  доға  тәріздес  қимылмен  аяқ  ұшымен  соққы  беріледі.  Басты  тік  ұстап,  соққы 
берілетін жаққа қарау қажет. 
3.
 
Соққы  берер  уақытта  сол  қолдың  жұдырығы  соққы  беретін  аяқтан  сәл  артта 
болады.  Иық  жерге  горизантальды  орналасуы  маңызды  болып  келеді.  Тіреуші  аяққа 
барлық салмақ түсетін болғандықтан жақсы тепе-теңдікті ұстауды үйрету қажет. 
4.
 
Соққы жасалғаннан соң аяқ қайтадан тізеден бүгіліп БҚ келеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет