Ключевые слова: здоровье, здоровье нации, здоровый образ жизни, духовное богат-
ство, национальное воспитание, культурная личность, культура, народная мудрость
In article healthy lifestyle describes by assimilation of social experience. Considered thoughts
of intelligence, ways of formation of healthy lifestyle and adaptation the people for modern life-
style on developing health of nation.The life and unity of our nation, bright future most dependent
from degree of creating a health culture. So, future of country on way creating intellectual nation
related on what degree created health culture. The most important prerequisite is directly related
with the attitude of every citizen to their health with great responsibility, maintaining a healthy
lifestyle and proper nutrition. As our aim is the promotion of healthy lifestyle among youth, so this
article describes path of formation healthy lifestyle and adaptation to modern life habits.
61
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Keywords: Health, the nation’s health, healthy lifestyle, spiritual wealth, national education,
cultural identity, culture, folk wisdom.
Қазіргі кезде ғылымда тұлғаны өзін-өзі
ұйым дастыруға тәрбиелеу жөнінде түрлі пі-
кір қалыптасқан. Олардың бірі – салауатты
өмір салтын ұстану тәрбиеге байланысты
де се, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұ-
жы рымдайды. Көпшілік ғалымдар тәрбиеге
бай ланысты деген пікірді құптайды. Шын
мә нінде адамның барлық жақсы қасиеттері,
жақ сы сапасы тек қана биологиялық емес
әлеу меттік жағдайлардан да болып, ол өмір
бойы игеріледі. Өзін-өзі дамыту адамның ин-
тел лектуалдық ерекшелігіне және ерік тік
ба ғыт та болатын әрі қарай әрекетке да мы -
татын қабілет. Бұл қабілет жоғары дең гей-
де өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұл-
ғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенім-
ділігі, табандылық сияқты қасиеттер ар қылы
тұлғаның интеллектісін дамытады. Өзін
жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті
аса маңызды қасиет – ол са лау ат ты лық.
Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті,
ең бек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда
ға на адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл
же ңіс тің төресі.
Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін мең-
ге ру ге баланың әрекеті мен мінез – құлқын
бағыт тайтын белсенді үрдіс – ұлтты салауат-
ты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
«Ұлт» термині жалпы өркениеттік әлем-
де қабылданған азаматтық түсінік бойын-
ша ұлттың анықтамасын береді, яғни, осы
жағ дайда ұлт – бұл ел азаматтарының ор-
тақ қауымдастығы. Әрбір азамат өз елі-
нің бір бөлігін білдіреді. Сондықтан, сала-
уатты, тәрбиелі және оқыған азамат мем-
лекеттің өркениеттілік деңгейін, он да ғы
қоғамдық институттардың күшін, би лік
құрылымдарының мүмкіндіктерін ан ық тай-
ды. Бірақ, мемлекеттік құрылымдар қо ғам-
ның қолдауынсыз үлкен өзгерістерге адам-
ның дене және рухани салауаттылығы күйін-
де қол жеткізе, олардың өмірінің сапасын
жақ сарта алмайды. Ұлт салауаттылығы – бұл
қо ғам дық құндылық. Ұлттың денсаулығы
ер кін медициналық қызметтердің, дене тәр-
биесін және әуесқой спортты, салауатты
өмір салтын және дұрыс тамақтану, зиян-
ды әдеттерден аулақ болу, экологиялық та-
за және қолайлы өмір сүру ортасын құру,
қау іпсіз мүмкіндіктер және еліміздің әр бұ-
рышында жасампаз өмір сүру арқылы қа-
лып та сады және сақталады.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бі-
рақ осы сөздің салмағын, жүктер жа уап-
кершілігін көбіне сезбейтін де, мойын да май-
тын да сыңайлымыз. Денсаулық – тән, рухани
және әлеуметтік игіліктің жиын тығы. Денені
үнемі ширықтыру, шы нық ты ру, сананың сапа
деңгейін көтеру, интел лект өрісін биіктету,
рухыңды шыңдау – бә рі де денсаулыққа
қызмет етеді десек қа те лес пей міз.
Денсаулық ұғымына түсінік бере кетсек:
«Ден саулық – адам организмінің дұрыс әрі
қалыпты жұмыс істеуі» [1], яғни, адам орга-
низмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жа ра-
тыл ған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі
қа лып ты түрде белгілі бір функцияларды ат-
қа руы. Ал, әрбір адамның денсаулығы – тек
же ке адам өмірінде ғана емес, бүкіл қоғам
да муында да аса маңызды рөл атқарады. Де-
ні сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жат-
қан қоғам үшін де керек. Денсаулығы мық-
ты адам ғана қоғамға лайықты қызмет ете ді,
оның дамуына, ұлттық экономикасын жақ-
сар ту ға үлес қосады.
Педагогика саласындағы бірқатар зерт-
теу ші ғалымдар Амосов Н.М, Ақбердиева
Д.Ф, Колбанов В.В, Зайцев Г.К, И.И.Соковня-
Сейшона, А.С.Иманғалиев, Г.Сисенғалиева,
Т.Г.Тынынбаева, Ж.З.Торыбаева, С.Исаев,
Е.Г.Жук және т.б. еңбектерінде салауатты
өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық
стра те гиясы оқушының алған, алатын білі мі
мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орын-
далуы тиісті деп көрсетеді және де сала-
уатты өмір салтына тәрбиелейтін кезең ді
тізбектей анықтау қажет екендігін ай тады.
Мысалы, А.С.Иманғалиевтің пікірінше
62
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
«салауатты өмір салты» адам ор га низ-
мінің резервтік мүмкіншіліктерін жетіл ді-
ре тін күнделікті тіршілігінің типтік фор-
малары мен тәсілдері, әлеуметтік және
кәсі би қызметтерін саяси, экономикалық,
әлеу меттік-психологиялық
жағдайлардан
тәуел сіз орындауды қамтамасыз ету.
Г.Д.Әлімжановтың ойынша салауатты өмір
салты «білім, ептілік, дағдыланумен байла-
ныс ты, оның негізінде әрбір оқушының ден-
сау лығы, күнделікті шынығу әдістемелері
жа тыр» [3]. Ж.З.Торыбаеваның пікірінше
мек теп оқушысының салауатты өмір салты,
жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені
мең геру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады.
Салауатты өмір салты – еңбек ету және де-
малыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму
мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және
өз гелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық,
өмірлік мақсаттылықтар. Сондай-ақ салау-
атты өмір салты жөнінде, әлеуметтанушы
Т.Ж.Нақыпбеков: «Өмір салты субьектінің
әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу тәсілі.
Өмір салты арқылы қоғамның экономика-
лык жағдайын, қоғамдық қатынасын, ма те-
риал дық және рухани қажеттіліктерін қана-
ғат тандыру деңгейлері көрінеді» [4],-деп
атап көрсетеді.
Ал,
орыстың
белгілі
ғалымы,
В.П. Казначеев өз зерттеулерінде былай деп
анық тама береді: «Салауатты өмір салты –
өзі нің әлеуметтік және кәсіптік қызметін
сая си, экономикалық және әлеуметтік – пси-
хо ло гиялық жағдайға тәуелсіз сәтті орын-
дауды қамтамасыз етуге жағдай жасайтын
организмнің қосымша мүмкіндіктерін жақ-
сартып және нығайтатын адамның күн де-
лік ті тіршілік әрекетінің тәсілі және өзіндік
фор малары» [5].
Қарапайым тілмен айтқанда, салауат
-
ты өмір салты дегеніміз, ең бірінші өз ден-
саулығын сақтауға және нығайтуға бағыт-
тал ған адамның тіршілік әрекеті, өмір сүру
си паты. Ал, психолог И.И.Брехман «Сала-
лауат ты өмір салты – мінез-құлық пен дағ-
ды ны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» [6]
- дейді. Ғалым И.Т.Левкина «салауатты өмір
сү ру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұ-
рыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс
жағ дайын түзете отырып, қоршаған ортаға
қа рым-қатынас жасай білуінде екенін не гіз-
дей отырып сипаттайды. Ол: «адамның сала-
уатты өмір сүруі – адам мәдениетінің бөлігі,
өмір сүру құндылығына байланысты» [7] -
деп атап көрсетеді. А.Н.Леонтьев «салауат-
ты өмір сүру» - өмірдегі өз орнын білу,
өмір сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған
мақсатқа жету жолдарынан тұратынын атап
көр сетті. Ол өзінің зерттеуін негіздей отырып
«салауатты өмір сүру» категорияларын бөліп
көрсетеді: салауатты өмір сүру қалпы, сала-
уатты өмір сүру мәні, салауатты өмір сүру
деңгейі, салауатты өмір сүру стилі, салауат-
ты өмір сүру дағдысы. Ғалым: «салауатты
өмір сүру үшін өмір сүрудің мәнін, деңгейін,
қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті іс-
әрекеті мен әрекетінде қолданылса, дағдыға
айналары сөзсіз» [8] - деп қарастырады. Яғни
салауатты өмір салты өте күрделі және жан –
жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, био-
логиялық және психологиялық компонен ттер
ғана кі ріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік,
эко но микалық, экологиялық құрылымдар да
кі ре ді.
Жасыратыны жоқ, күні бүгінге дейін не-
бір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дә-
рі гер лер де «Денсаулық деген не?» деген
сұрақ қа әлі толымды әрі дәл анықтама бере
ал май келеді. Қолымызда тек дүниежүзілік
ден саулық сақтау ұйымы қалыптастырған
анық тама бар. Бұл бойынша «денсаулық –
жан, тән және адамның әлеуметтік жағ дай ы-
ның қоңымдылығы». Байқап отырсаңыз жан
иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қал пы на
ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұр па ты-
на да ерекше мән берілген.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-эко но ми-
калық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы
және экологиялық қолайсыздық Қазақстан
Республикасының бүкіл халқының, әсіресе,
өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін
ти гі зуде.
«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат
же мі сі» деп тегін айтылмаған.
63
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи
өсі мі төмендеп, сырқаттанушылық және
өлім – жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, ба-
лалар мен жастардың денсаулығы қауіп ту-
ды руда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану,
есірт кі құмарлық және улы заттарға әуестік,
адам гершілікке жат мінез-құлық, ерте жы-
ныс тық қатынас кеңінен етек алуда.
Өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз
денсаулығын сақтауға және нығайтуға жау-
ап ты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті ден-
сау лығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет
сияқ ты медицинаға тұтынушылық немесе
ма сылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ес-
керт се де жаман әдеттерден арылғысы кел-
мей ді. Темекі тартады, насыбай атады, салы-
нып арақ ішеді.
Қоғамда болып жатқан осындай жат, жа-
ман әдеттерден бойын аулақ ұстап, төзімділік,
табандылық танытып, адамгершілік қа сиет -
терді жоғары ұстай білуге үйрету – ин тел-
лектуалды ұлт қалыптастырудың алғы шар ты
болып табылады. Болашағымыз нұрлы, елі-
міз дің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып,
ха лық болып болашағымызды, ұлтымызды,
те гі мізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық,
СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ
ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен ары луы-
ның жолын іздеп, салауатты өмір салтын на-
сихаттау әрбір азаматтың міндеті.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын
ны ғайту, салауатты өмір салтын ынталан дыру
туралы елбасының жолдауын, егемендіктің
кілтін ұстар жастардың болашағына апара-
тын, алтын сүрлеу десе болады.
Ел Президентінің «Қазақстан – 2030»
жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың
бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы,
білімі мен әл ауқаты» тармағында, «…аза-
мат тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай
болуы және оларды қоршаған табиғи орта-
ның таза болуы үшін» азаматтарымызды са-
лауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көр-
сетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін ал ған
егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мек-
теп те ріне жан-жақты дамыған, денсаулығы
мық ты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан
да ра тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп
қойыл ған.
Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі,
жар қын келешегі көп ретте денсаулық мә-
дениетінің қаншалықты дәрежеде қалып та-
суына байланысты. Расында да, интеллек-
туал ды ұлт қалыптастыру жолындағы ел дің
болашағы – денсаулық мәдениетінің қан ша-
лық ты дәрежеде қалыптасуына байланысты.
Ал, денсаулық мәдениетін дамытудың ең ма-
ңыз ды алғышарты – әрбір азаматтың өз ден-
сау лығына аса жауапкершілікпен қарауы,
са лау атты өмір салтын ұстануы мен дұрыс
та мақтануына тікелей байланысты екен.
Бұл мәселелердің барлығы жастар ара-
сында салауатты өмір салты жөніндегі
тәрбие жұмыстарының нашарлауының сал-
дары. Келешегінен үміт күттіріп отырған
бүгінгі жастар ертеңгі қоғам иелері. Ендеше,
келер күннің айнасы жастар денсаулығында,
салауатты өмір салтында. Жаңа дәуірде елі-
міз ді сақтайтын, таза, мықты, денсаулығы
зор, интеллектісі жоғары ұрпақ тәрбиелеу
мем лекет саясатының басты бағыты екенін
ескер сек, осының бәрі жастарымызды салау-
атты өмір салтына тәрбиелеуден басталады.
Сондықтан, ең алдымен жастар ара-
сында салауатты өмір салтына деген дұ-
рыс түсінік қалыптастыруымыз керек. Жас-
тардың санасына, салауатты өмір салтын
ұстанудың денсаулыққа аса маңызды жә не
ұстанған адамның болашағы айқын екенін
түсіндіріп беруіміз керек. Расында да, жал-
пы өмір салтының бірнеше форма ла ры бар
десек, салауатты өмір салты адам үшін аса
маңызды, денсаулығымен тікелей байланы-
сты құнды форма. Ол жеке әлеу меттік топтар
мен жалпы қоғамның жо ға ры гигиеналық
мәдениеті. Салауатты өмір салты – жалпы ұлт
денсаулығының не гі зі. Салауатты өмір салтын
ұстанған, өз ден саулығына жауапкершілікпен
қараған ұлт – интеллектуалдылықтың бірден-
бір көр сет кі ші.
Бүгінде, республикамызда салауатты өмір
салтын қалыптастыру жолында жақсы дамып
келе жатқан салалардың бірі – спорт саласы.
Сол себепті, ең бастысы студент жастар ара-
64
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
сында жаттығулар мен спорт түрлерін же тіл-
ді ру, соған сәйкес оқу сабақтарын жаңаша
ұйымдастыру қажет.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Ха лық тың денсаулығы – ел дамуының аса
ма ңыз ды тұтқасы, болашағымыздың кепілі»
деп айрықша айқындап атап өтті. Сонымен
қа тар, келешек атқарылатын істердің басты
ст ра тегиялық бағыттарын да көрсетті.
Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің
денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және сана-
лы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын да-
мыту.
Осы бағыттама аясында ел басқарған
аға лар мен біріге отырып, түрлі індеттердің
алдын алу керек. Салауатты өмір салтын
ұстанбаған мемлекеттің экономикасы құл-
ды рай тыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бі-
тір мек?!
Салауатты өмір салтына денешынықтыру,
спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық
туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру
жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-
екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайда-
сы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс.
Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалы-
сын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кез-
де тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.
Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын
және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне
дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян кел-
мей тін дей жағдайда болуын қадағалауды са-
лауатты өмір салты деп ұғамыз.
Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді шек-
сіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмір ден
ләззат алу, әрбір таңды, күнді асыға риза-
шы лық көңіл-күймен тосу және кешкілік
қам-көңілсіз, кіршіксіз тәтті ұйқыға ке ту, ең
қажеттісі, өзіңді өзің сүю және құр мет теу-
ден басталады. Ол үшін, жастарды алды-
на өмірлік маңызды мақсат қоя білуге тәр-
биелеу қажет. Сондықтан, ең бастысы сту-
дент-жастар арасында қыз балалар мен ұл
балалардың ерекшеліктеріне қарай қол да-
ны латын жаттығулар мен спорт түрлерін же-
тіл діру, соған сәйкес оқу сабақтарын жаңаша
ұйымдастыру қажет.
Ол үшін:
-материалдық-техникалық базаны ны ғай-
ту арқылы, дене тәрбиесінің дәстүрлі арнасы-
нан шығып, жаңа, заманауи техникалардың
көмегіне жүгініп, оқытудың жаңаша моделін
жасақтау қажет;
- студенттерге арналған тегін, заманауи
жаб дықталған сауықтыру кешендері ашылып
және бұл жерде жаттығу міндетті болуы ке рек;
- міндетті түрде күнделікті қыз балалар
сауықтыру кешенінде, өздеріне тән спорт түр-
лерімен айналысып, ал ұл балалар стадион да
жүгіріп, денелерін жаттықтырулары керек.
Егер, жоғарыда айтылған ойлар толық
мәнінде жүзеге асатын болса, жастардың өз
денсаулықтарын жетілдіріп, салауатты өмір
салтын ұстануына негіз жасайтын еді.
Расында да, сауықтыру кешендерінде
жаб дықталған қондырғылармен денесін шы-
нық тырумен үнемі айналысу, студент-жас-
тардың бос жүрмеу проблемасын шешудің,
жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да
тиімді жолы. Күнделікті спортпен айналысып, би-
билеп жүрген жастардың дене бітімі де тартымды
болады. Бұл бір жағынан еңбекке тәрбиелейді,
адам еңбектеніп жасаған жұмыстарының
нәтижесін, шылым ше гіп, арақ ішіп немесе басқа
да пайдасыз нәр селермен бұза салмайды да.
Сондықтан, спорт – жастарымызды өзін-
өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп оты-
руына және де салауатты өмір салтын шарт-
ты түрде ұстануының бірден-бір жолы.
Бұл жөнінде медицина атасы Ибн Сина:
«Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып
жүрген адам ешбір емді қажет етпейді» [5], -
деп өсиет қалдырған. Ал, шығыстың ғұлама
ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді
көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды
айтып берейін» [6], - десе, Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы 29 қаңтардағы
«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өр-
леу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ат ты
халқына Жолдауында: «Қазақстан хал қы ның 30
пайызы бұқаралық спортпен айналы суы керек»
[2], - деген тапсырма берген болатын.
65
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Демек, жаңа дәуірде елімізді сақтайтын,
таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ тәрбиелеу
мемлекет саясатының басты бағыты екенін
ескерсек, осының бәрі жастар арасында са-
лауатты өмір салтын қалыптастыруға келіп
тіреледі. Сол себепті, біз салауатты өмір сал-
тын қалаймыз және әрқашан қолдаймыз. Се-
бе бі, жаңа XXI ғасырдың адамы - дені сау, ру-
хы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт.
XX – ғасырдағы батыс философтарының
ай туынша, бақытты адамдардың көңіл-
күйі тек оларды қоршаған қандай да бол-
ма сын өмірге ғана байланысты болып кел-
мей тіндігі, сонымен бірге сол өмір туралы
адам ның өз ойы қандай болатындығына да
байланыстылығы. Осындай көзқарас бала-
ның өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін
реттеп отыруына көмектесуі мүмкін. Табиғат
адам баласын қуанышты өмір сүруге жарат-
са, ол оны тайсалмай және төзімділікпен
қарсы ала білуге дағдылануы қажет. Спортқа
дағ дылану үшін сауықтыру кешендерінің
маңызы зор. Сауықтыру кешендеріндегі дене
тәрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының,
оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің
жан – жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары
мен ептіліктерінің қалыптасуы, нәтижесінде
тән саулығын көтеру.
Интеллектуалды қоғам қалыптастыру –
бі лім мен тәрбиенің нәтижесі болып қа на
қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды мә се ле-
ле рінің бірі болып табылады
Интеллектуалды қоғам білім мен тәр бие-
сіз, денсаулық мәдениетінсіз,адами қа сиет-
терсіз дамып – жетілуі мүмкін емес. Тұл ға
интелектісінің кез келген мәселесі адам-
дардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеу-
мет тік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз
бай ланысты. Сонымен, интеллектуалды ұлт
білімді, ғылымды меңгерген, тәрбиенің бас-
тауларын толық қамтыған тұлғадан қа лып-
та са ды.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса
маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Салаутты өмір салтын берік ұстанған жастар
– бола шағымыздың алтын тірегі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Тойлыбаев Б.А. -http://www.rusnauka.com/Pedagogica/5
2 Назарбаев Н.Ә.-www.akorda.kz//Gos_programi/2030kaz.doc
3 Алимжанова Г.Д. Концепция формирования здорового образа жизни школьников.-
Алматы,
4 «Салауаттану денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша СӨС-ке қалыптастырудың
тұжырымдамасы. К.Н.Сатпаев, А.С. Әділханов, Л.З.Тель. – Алматы, 2002.
5 Өмешұлы Ә. Денсаулық туралы не білесіз?. //Биология және салауаттылық негізі.
№1-2004.
6 Брехман И.И. Валеология – наука о здоровье. М., ФиС.,1990, 207с
7 Жанабердиева К.А., Адылханов А.С. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру
жүйесіндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамасы. //Валеология. Дене
тәрбиесі. Биология және салауаттылық негізі. №1-2003.
8 Амосов Н.М. Денсаулық туралы толғаныстар. – Алматы. Қазақстан,1989.
66
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 372.8.2
Н.Б.Маханова
ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
ЖОО-ДА ЖӘНЕ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ДІНТАНУ ПӘНДЕРІНІҢ
МАЗМҰНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бұл мақалада ЖОО-да және мектеп бағдарламасында оқытылатын дінтану пәндерінің
мазмұндағы мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, елімізде дін туралы сауаттылықтың
маңызы және қазіргі қоғамда алатын орнына сипаттама берілген. Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесін дамыту негізінде, атауы бірдей дінтану пәннің білім беретін орта мектептің
9-сыныпта және ЖОО-да оқытылатын пәннің жұмыс оқу бағдарламаларына талдау жаса-
лынды. Атап айтқанда, бірдей пәндердің түрлі деңгейге арналған типтік бағдарламасының
мазмұндық ерекшеліктеріне, пәннің мақсаттары мен міндеттеріне, перереквизиттері мен
постреквизиттерінің тізіміне, пәнге белгіленген негізгі әдебиеттерге салыстырмалы түрде
зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде пән мазмұнының қайталанатындығы анықталды.
Қарастырылған пән мазмұнының қайталану мәселелер түйінін шешу мақсатында автор та-
рапынан дінтану пәніне ұсыныстар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |