Қ.МҰХаМаДИ
С.Демирел атындағы
университеттің доценті,
филология ғылымының
кандидаты
асыл ердің белгісі –
аз сөйлеп, көп тыңдар...
«Жақсының аты өлмейді»
СүмБіле
әдебиет
балақаев М.,Серғалиев М. қазақ тілінің
мәдениеті. оқулық –алматы, 2006. -140 б.
әдебиет:
Мәшһүр Жүсіп көпейұлы. Шығармалары. 11 том.
– павлодар: «Эко» ҒӨФ, 2007. – 418 б.
Ауыл көші – жыл мау-
сымына және шаруашылық
жағдайына сәйкес баспана мен
дүние-мүлкін көліктерге артып, төрт
түлік малын айдап, белгілі бір орынға бет
түзеген ауыл.
Қыз көші – ұзатылып бара жатқан қыздың
жасау-жабдығы артылған көш. Төркінінен
алыстағанша қыз көші дейді.
Келіншек көш – ұзатылған қыз көші өз жұртынан алы-
стап, басқа ру жеріне жеткеннен бастап, келіншек көші
деп аталады. Мұндай көштің барар жері алыс болса,
көшті қорғаушы сайлауыт жігіттер ере жүреді.
Қаралы көш – кісісі қайтыс болғанын әйгілейтін, әлі де
болса қара жамылып бара жатқандығын білдіретін ерек-
ше белгілері бар жылаулы көш.
Үркін көш – күтпеген жерден ел арасында туындаған
саяси дау-дамай немесе шапқыншылыққа, болмаса
аса қауіпті індеттің шығуына байланысты мезгілсіз
жолға шыққан көш.
Салқар көш – Көштің мұндай түрі сайын дала-
да ұзақ жолға шыққан, күн сайын толассыз
көшетін үлкен көштерге қатысты айтылады.
Әдетте, бойлық бойлап, күзде теріскейден
оңтүстікке, жазғытұрым оңтүстіктен
теріскейге бағытталған салқар көш
жүріп өтетін жолдың ұзындығы
мың шақырымнан асатын
болған.
Бөлтірік шешен сөйлеудің жөнін
былай көрсетіпті:
Жатқа сөйлеме, жаманға
сөйлеме,
Асырып сөйлеме, батырып
сөйлеме,
Жасқа сөйлеме, масқа сөйлеме,
Ұрыға сөйлеме, қараға сөйлеме,
Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс,
Жаманға айтқан сөзден,
Жақсыға айтқан сөз дұрыс.
Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс,
Ойсызға айтқан сөзден,
Ойлыға айтқан сөз дұрыс.
Айтылмай қалған сөзден,
Айтылып қалған сөз дұрыс.
Сөйлемес жерді білсең,
Сөйлемес жерде сөйлемей
қалуды
білсең,
Бәрінен де сол дұрыс.
Олай болмаған жерде
Қанша асыл деме –
Сөзіңнің алды бұрыс,
Арты – ұрыс.
(С.Негимов. Шешендік өнер.
Алматы, «Ана тілі» баспасы,
1997. – 207 б.)
Сөйлеудің жөні
Қазақ ұғымында Сүмбіле екеу:
Л а қ с ү м б і л е ( К і ш і с ү м б і л е ) ж ә н е
Текесүмбіле (Үлкенсүмбіле). Айтушы-
лар дың түсіндіруінше екеуінің туу
арасы 10-15 күн. Алдымен Лақсүмбіле
туады. Өзі – жылтылдаған, кішірек
ақ жұлдыз. Ал Текесүмбіле үлкен. Ол
кейінірек туады. Жұлдыздардың бұлай
аталуының себебі мынада: жазғытұры
туылған лақ, күз айында қашады, бу-
азданады, жыл аяғында екеу болады.
Малдың ерекшелігінде болатын осы
белгілерді негізге ала отырып, күз
айында туатын кіші жұлдыздың атын
Лақсүмбіле деп қоюды ұйғарған мал-
шы қауым Түнде лақ бақырып шықты,
Лақсүмбіле туды деп айтады. Лақсүмбіле
жұлдызының тууына қарсы малшылар
қозы-лаққа күйек байлай бастайды.
Елдің Лақсүмбіле деп жүргені Кіші
Арландағы жұлдызы (Процион) бо-
луы керек. Текесүмбіле, Үлкенсүмбіле,
Сүмбіле атаулары жарыса қат-қабат
қолданыла береді.
Сүмбіле туған соң жаз аяқталып,
мал тынышын алады, шыбын-шіркей
кешікпей жоғалады.
Мал шаруашылығымен айналыса-
тын қазақтар үшін Сүмбіленің тууы мен
жерге түсуі ерекше белгі деп санала-
ды. Мысалы, түйе бағатын малшылар
Сүмбіле тумай, тау етегіне түспейді.
Себебі түйе жылы су ішсе қараөкпе
ауруына шалдығады, ал Сүмбіле туса,
су салқындайды, ол кезде мал өкпе ау-
руына ұрынбайды. Сүмбіле туған кезде
тау етегі салқын тарта бастайды. Осы
табиғаттың құбылысын жұлдыз арқылы
бақылап отыратын халық өз қамына
қарай көш бастайтын болған. Оны мы-
надай халық қағидаларынан аңғаруға
болады: Сүмбіле туса су суиды, бидайды
үсік шалады.
Бұған қоса, Сүмбіле туғанда бола-
тын ерекшеліктердің бірі – малдың
семіру белгісі. Жаз бойы жайылымда
көк шөп, қарық болған төрт түлік,
к үн са лқ ын дай бастаған да т үлеп,
бойына қуат ала бастайды. Әсіресе,
ж ы л қ ы ма л ы ерек ше қ уат тан ы п,
семіретін мезгілі – осы Сүмбіле туар
шақ. Осыған орай халық арасындағы
Сүмбіле туар жылтиып, Ат семірер
құнтиып деген қағидасы мақалға ай-
на л ды. Ж ы лқ ы т ұ қ ымы – жарық
түнде, сама л желмен жайылғанды
Құдай қосқан құда емес, құшақтасқан дос емес.
Бірінен бірі жан аяспайтұғын, көрмесе сағынып
тұратұғын екі тату болады. Тозбағанда, сол екі
татудың достығы тозбайды.
Қара жердің өлгені –
Қар астында қалғаны.
Асқар таудың өлгені –
Басын мұнар шалғаны.
Аққан судың өлгені –
Мұз боп тоңып қатқаны.
Ай мен күннің өлгені –
Түнеріп барып батқаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Ғалымның жазған хаты өлмейді,
Жақсының аты өлмейді, – дегенде естіген жан-
дар сілтідей тұнды. Абылай хан да айызы қанып,
риза болды. Қамқа тонын бас қылыпүстінежауып,
Таймас Жұдасқа толық «тоғыз» сый беріпті.
Отырғандар шулай қоя береді: «Батыр-
дан – сауға, мергеннен – сыралғы» бізге алған
олжаңнан байла! — десіп.
Сонда Таймас Жұдас шешен:
— Мұны бір қимас дүние көріп, байламай
бара жатқаным жоқ, «Атамыз Абылай ханның
бір айтқан сөзін шешіп беріп, алған жүлдесі
екен» деп, балаларым мұра қылып, айта жүрсін»
деп алып барамын деп байламастан алып шығып
жүре беріпті.
ұнататын жануар. Осы ерекшелікті
негіз еткен бұл мақал Сүмбіле туды
сүмпиіп, ат тойынар құнтиып де-
ген н ұсқа да да айтылады. Сүмбіле
туғанда жаз бойы ауырған, бозөкпеге
шалдыққан малдар қырыла бастай-
ды. Күн астында көп жайылған ұсақ
малдарда күн өткеннен өкпеде қан
болмайды. Олар Сүмбіле туғанда су
ішсе өле бастайды. Сүмбіледе су суи-
ды деп айтылуының себебіне келсек,
түні бойы тұрған суға мұз қатады, суға
зіл түседі. Мұздай суды ішкен малдың
өпкесі көтермейді. Осы секілді Сүмбіле
туғанда малдың жайына қатысты халық
қағидасы көп-ақ. Мысалы, Сүмбіле
туғанда буаз биеге адам мінгізбейді.
Сүмбіле туғанда күн ыстық, түн ба-
рынша салқын болады. Мұздаған суды
бойы жылынып, терлеп келген буаз бие
ішсе, құлын тастайды екен. Сүмбіле
туғанда болатын бұл құбылыстар халық
тәжірибесінде жиі кездесетіндіктен,
шынайы болған жағдаяттардан алынған
қағидалар екені даусыз.
Сонымен қатар Сүмбіле туғанда
қазақтың тұрмыс тіршілігінде болатын
елеулі ерекшеліктердің негізінде туған
мынадай мақал бар: Сүмбіле туған соң
сұңғыл әйел жатар ма немесе оның
екінші түрі Сүмбіледе күн шыққанша
сұмырай қатын ұйықтайды. Бұл мақал
күз айындағы қазан-ошақ маңында
болатын тіршілікке қатысты айтылған.
Сүмбіле туған соң, түн ұзарып әрі
салқындайды, жауын-шашын көбейеді.
Сондықтан құрт, ірімшік жаю, отын-
тезек теру жұмыстарын ерте тұрып,
ертерек істемесе, түс ауа жауын-ша-
шында қалып қоюы мүмкін, жауын-
да қалған отынның кебуі қиын де-
ген сияқты қиыншылықтар туындай
бастайды. Осыған орай келіндердің
енелері Шілдеде ұйықта, Сүмбіледе таң
ұзарады, ұйқың қанады, ерте тұр дейтін
сөзі осыдан қалған. Осымен мағыналас,
жуысатын Жаман қатын құрт пенен май
алады, Сүмбілеге жеткізбей жеп салады
деген тағы бір сөз бар.
Сүмбіленің өзіне тән белгілерінің
бірі тосыннан жарқ етіп жарқылдап
туады. Жалт еткендегі жарығы басқа
жұлдыздардың жарығынан едәуір
үлкен, халық «Күн секілді аппақ бо-
лып шығады» деп түсіндіреді. Осы
қасиетіне орай ауыз әдебиетінде жарқ
еткен сұлуды теңеуде жиі қолданыс
табады. Мысалы: Соңында сұлу қыз
Құртқа, Сүмбіледей жылтылдап...
(«Қобыланды»).
Х а л ы қ п о э з и я с ы н д а ө з і н і ң
қасиетімен танылған Сүмбіленің жыр-
лануы кең таралған:
Қабағы төмен салбырап,
Еңсеңді езген түн мынау.
Жабағы бұлттан жаудырап,
Сүмбіле шықты мұңдылау.
Жазықсыз жанар жатсында-ау
Қараймын зорға ұрланып,
Өзгеден гөрі ақшылдау
Қос жұлдыз еді тым жарық.
Шығатын қатар таласып,
Аспанның ерке елігі.
Қалды екен қайда адасып,
Кішкентай ғана серігі?
Кетті білем екі отар араласып,
Шопан жігіт, тезірек далаға шық.
Ақ жаңбырға айналған қара нөсер
Үш тәуліктен мінеки барады асып,
Тұңғиыққа шым батқан жалақ-шыңы
Сатылы естен тандырды сарапшыны
Ит-құсың да мұндайда қағынады,
Не қылады қалқиған қарақшыны.
«Су, суытар Сүмбіле тұсы» дейді
Қара түннің басады мысы үрейлі
Шыңырауда шыңғырып жатыр өзен,
Арғы беттен бір құлын кісінейді.
Орынғазы ӘбУТӘліП,
филология ғылымының
кандидаты,
алматы менеджмент
университетінің доценті
Білгенге – маржан
6
7
№33 (1291)
20 – 26 тамыз
2015 жыл
№33 (1291)
20 – 26 тамыз
2015 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
үгінде Алаш қозғалысы
көшбасшыларының бірі,
ұлт ұстазы, аса көрнекті
тілші, әдебиетші Ахмет
Байтұрсынұлын білмейтін адам
кемде-кем. Ол туралы қаншама
еңбек жазылды, ағартушының
мұралары бірнеше дүркін
көптомдық болып жарияланып,
халыққа жетті. Ендігі міндет
– сол телегей-теңіз мұраны
байыптап, парықтап оқу және
түйгенімізді өскелең ұрпаққа
жеткізу.
Күнжан жоқтауынан бірнеше сипат анық көрінеді:
біріншіден, марқұм Ысмайылхан – кісі қолынан,
біреулердің қасақана аярлығынан қайтқандықтан,
жырда әділеттікті іздеу сарыны байқалады;
екіншіден, төре жастай қайтқандықтан, мұнда
жанашырлықтың (қыршынды жоқтаудың) ерек-
ше бір үрдісі көрініс тапқан; үшіншіден, ерлі-
зайыптылардың бір-бірін жоқтауы бір басқа да,
ататегі ақсүйек жандардың елдік жауапкершілікті
(«тегіне тартып» дегендей) еске ала отырып
жоқтауы бір басқа. Біз бұл жерде «жоқтауды
шығарып берушінің» немесе Күнжанның өзінің
жоқтауға әлеуметтік екпін түсіргенін жоққа
шығармаймыз.
пеРдесіз көңіл
дәуіР дауысы
Сергелдіге бас болған,
Тоғызына келгенде,
Толған айдай балқыған,
Дәулеті көлдей шалқыған,
Он біріне келгенде,
Ақылы асты халқынан,
Он екіге келгенде,
Құрбы өтпеді нарқынан.
Жиырмадан өткен соң,
Енді отызға жеткен соң,
Салиқалы би болды...
Бұл салыстырулар мен деректің
бәрі бірыңғай фольклорлық бей-
не деп айта аламыз ба? Әлде бұл
әсірелеу (гипербола) ме? «Қазақтың
тірісінің бәрі жаман, өлісінің бәрі
жақсы» дегеннің кері ме? Жоқ, бұл
деректер жай эмоция болмаса ке-
рек. Алаштың Әлиханы мен Ахметі
ұрпаққа аманаттаған «Ысмайыл-
хан өлімі туралы» мұра шындыққа
қиғаш емес деп ойлаймыз. Бұл
жерде Күнжан зары – бір есеп-
тен халық зары, хандық мұрағы
төбесінен ұшқан халық қайғысы.
Бұл, бәлкім, «білікті, әділ, елшіл, ба-
тыл төре-сұлтан көбейсе, қазақтың
есесі біреудің қолында кетпес» деген
арман шығар. «Сондай Ысмайылхан
өлді, енді сондай арлы азамат шығар
ма екен?» деген ой-аңсар болар.
Қыршын сұлтанды жоқтауда өмір
туралы керемет философия бар.
хаттап, ұлттық рухани мұрасының
алтын қорына қосқан. Осы мұралар
күні кешеге дейін ел бірлігі мен жер
тұтастығына қызмет етті дей ала-
мыз. Сондықтан «23 жоқтаудағы»
Мамай батыр рухына бағышталған
сөз халыққа өте түсінікті еді.
Қараүлек ана Мамай баласын
жоқтауын Ораққа қаратып айтады:
Ай, Орағым, Орағым,
Жалғыз қалдың, қарағым!
Мамайжан еді ырысың,
Бір құрсақтан дүреген,
Екеу еді туысың.
Екеуің жауға барғанда,
Қалмақты жеңді ұрысың.
Серіксіз қалдың, Орағым,
Дүние шіркін құрысын!..
Жоқтаудың осы бастапқы жол-
дарынан субъективтік, пендешілік
ой аңғарыла ма? Әрине, Қараүлек
ана болып қайғырған халық барлық
пендешіліктен жоғары тұр. Оның
ойында бір ғана арман, бір ғана
мұң, бір ғана мүдде тұр. Ол – халық
мүддесі.
Айқай, енді күн қайда,
Қойға тиген бөрідей,
Жапыра қалмақ қуатын?
Құлыны өлген ақ байтал,
Енді саған күн қайда,
Ондай бала туатын? –дейді
көкірегі қарс айырылып. Халық
қиялында егде жастағы Қараүлек
елдің өткені мен бүгініне жауапты
адамдай тіл қатады. Аналық боры-
шын сезіне отырып, ендігі халық
арманынан туатын балалардың
Мамай мен Орақтай жаужүрек бо-
латынына секемі бар. Неге?
Өлдің, Мамай, қор болдың...
Өлдің, Мамай, құм болдың...
Құм ұшырған жел болдың...
Ау, батырдың анасы бұлай тым
езілмеуі керек еді ғой. Тым жер бау-
ыр ламауы тиіс еді ғой.. Жоқ, ел ана-
сы, халық анасы айнала қоршаған
қиындықты, құрылған торды көріп,
болашағын ойлап, шерменде күйге
түседі:
Сауытың қалды сандықта,
Алмасың қалды тұлдықта,
Аңдасқан дұшпан көп еді –
Елің қалды құлдықта...
Мамай батырдың тірісіндегі
ерлігі мен өрлігін санамалаған
және оны зор мақтаныш көрген ана
Жаратқан алдында тәубесіне келе
отырып бүй дейді:
Құдай салды, мен көндім,
Бұл сапарды ұнаттың,
Өзіңді қалмақ қамады,
Ақ ордаңды талады,
Артыңда қалған жас бала,
Қашан сендей болады?
Қырық ұл туса бір күнде,
Орның қалай толады?
Қарт ана Мамай өмірінің өрі мен
ылдиын, табысы мен талқысын си па т -
тай келе, «ақ үйдің арыстаны, боз үйдің
бостаны» болған қаһарманның өліміне
иман келтіреді. Егіле отырып шүкір
сөзін айтады:
Артыңда қалды жиғаның,
Тарқап кетті мейманың,
Ұжмақта қылып Құдайым,
Жолдасың болсын иманың!..
Иман – пенденің фәни өмірде
жинайтын абыройы, айналасына
көрсететін қасиеті, төккен маңдай
тері. Дәстүр мен діннің үйлесімінен
шығатын осы лепесті Қараүлек ана
жоқтауға енгізе алған.
Әрине, біз бұл жоқтаудан әй-
гілі Ноғай ордасы мен Қырым
хан дығы тұлғаларының тарихи
дәлдігі мен дерегін іздемейміз. Бізге
керегі – түркінің талай жұртын,
соның ішінде қазақ ұлтын рухани
тәрбиелеген, әзиз жанына – азық,
өрлік жалауына – тамызық болған
«Қырымның қырық батыры» сын-
ды асыл мұраның жаңғырығын
білу. Мамайды жоқтау – елдік пен
батырлықты жоқтау. Мамай анасы
Қа раүлек – берекесіз аңыраған
жай біреу емес, батырға ақ сүтін
беріп, ақжарма тәлімін сіңіріп
бап таған елдің қуаты, дәстүрдің
жалғасы.
Қазақ еліне тұтқа, жұртына
қамқоршы болған Қаз дауысты
Қазыбек би қайтқанда, асыл әкесін
қызы Қамқаның жоқтауы – күні
бүгінге дейін ұлттың рухани са-
насында сақталып, жиі айтылып
жүретін мұра.
Қазақ хандығының қабырғалы
биі Келдібекұлы Қазыбек бүгінгі
өлшеммен айтқанда, аса көрнекті
мемлекет және қоғам қайраткері, әз
Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің»
мүшесі, танымал шешен, «Жеті
жарғыны» жүйелеп, жүзеге асыру-
шы тұлғалардың бірі (Алаш лидері
Ә.Бөкейханның дәлелмен айтқан
есебі бойынша Қазыбек би 1661
жылы туып, 1758 жылы қайтқан;
бүгінгі энциклопедиялар 5-7 жылға
өзгертіп жазады). Ел арасында әкесі
Келдібектің де, анасы Тоқмейілдің
де аса беделді, парасатты адамдар
болғаны жиі айтылады.
«Болашақ бидің анасы сәбиін
тербетіп отырып:
Айналып ерді өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің, – дейді
екен» делінеді халық аңызында.
А л е н д і а р ғ ы б а б а л а р ы н а н
(Шаншар абыз, Бұлбұл шешен)
бері алқалы топта сөз бастаған жас
Қазыбек қалмақ қоңтайшысы Цэ-
ван Рабданға барған елшілер ішінен
«Дат, тақсыр!» деп алға шығып,
алдаспандай кесіп айтқан мына
сөздері халықтың эпикалық сана-
сында жатталып қалған:
«Біз, қазақ деген мал баққан елміз,
Батырың өтті — Бөгенбай!
Қазақтың ханы Абылай,
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал-қорғаны.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті — Бөгенбай!
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан,
Батыр шыққан даңқынан,
Қарсыласқан асылдар
Қорғасындай балқыған,
Батырың өтті — Бөгенбай!
Бұтақты мүйіз бұғысы
Саласында жайылған,
Мылтық атқан мергені
Киігін қойдай қайырған,
Құланы құлындай тулаған,
Түлкісі иттей шулаған,
Қыс қыстайтын жерінді
Аң етімен тау қылған,
Батырың өтті — Бөгенбай!
Асу салған тас бұзып,
Тарбағатай белінен.
Қол қондырған қос тігіп,
Бөрлі деген көлінен.
Қалмақты шапқан шулатып,
Қоныс қылған найманға
Бәрін қуып жерінен.
Батырың өтті – Бөгенбай!
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек —
Ормандай көп Орта жүз,
Сондан шыққан төрт тірек.
Тұғыр болған сол еді
Сіздей төре сұңқарға.
Бәйгелі жерде бақ болған
Сіздей жүйрік тұлпарға.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Келмей тұр аузым айтарға,
Батырың өтті – Бөгенбай!
Еңбек қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарп қылған бар күшін,
Қайыры болсын халқыңа,
Сабыр қыл, ойла келмесін,
Қарияң келіп жылап тұр
Еңбегі сіңген ер үшін,
Батырың өтті — Бөгенбай!
2017 жылы Елордамызда өтетін «ЭКСпО-2017» көрмесіне қазіргі таңда
қызу дайындық жүргізілуде. Ел мерейін асқақтатып, Қазақстан атын әлемге
әйгілейтін танымал көрменің Сарыарқа төрінде өтетіні – мемлекетіміз үшін
тарихи жағдай екені сөзсіз. Бір атап өтерлігі, халықаралық көрме елімізге ірі
инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ЭКСпО көрмесін өткізу арқылы
Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға бағыт алады.
Әлемнің алдыңғы қатарлы мем-
ле кеттері ғылымдағы өзінің соңғы
жаңалықтарын ұсынатын бұл халықара-
лық көрмені өткізу идеясы неден туын-
дап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде
елімізде баламалы көздерден қуат алу
мәселесі әлі де болса шешілмеген.
Ал барша әлем дамудың жаңа, эко-
ло гиялық тұрғыдан қауіпсіз жолда-
рын қажетсінеді. Міне, сондықтан да
Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет
бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті
түссе, осы бір қордаланған мәселелер
шешімін табады. Шындығында да,
еліміздің географиялық орналасу
жағдайын, жел және күн энергия-
сын пайдалану мүмкіндігін, сондай-
ақ мұнай және газ ресурстарының
энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл
қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша
мүмкіндік туып отыр.
Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәс-
түрлі көрмесі бұған дейін Азияның
солтүстік шығысында, Еуропа мен
Солтүстік Америкада өткізіліп келген
екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың
арасындағы алтын көпір болып табыла-
тын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс
елдерімен, бұрынғы Кеңес республи-
каларымен, сондай-ақ Орталық Азия
елдерімен өте жақсы қарым-қатынас
ор натқан Қазақстан сияқты жас мемле-
кетте өткізу ел мерейін сөзсіз асқақтата
түседі.
Күннен-күнге дамып жатқан
за манауи технологияларды тиімді
п а й д а л а н у ү к і м е т т і к д е ң г е й д е
қол ға алынса, біздің дәстүрлі энер-
г и я к ө з д е р і н е т ә у е л д і л і г і м і з д і
айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік
туар еді. Сонда біз қоршаған орта-
ны зиянды қалдықтардан қорғап
қана қоймай, көптеген жұмыс ор-
нын құрып, сатып алу қабілеттілігін
арттыра аламыз. Сондықтан да жас
мемлекетіміз үшін ЭКСПО-2017
көрмесінің маңызы ерекше деп білемін.
ЭКСПО-2017 – мемлекетіміздің мы-
ғым дығын, еліміздің еңселілігін,
ойымыздың тереңдігін, хал қымыздың
қонақжайлылығын, айна лып келгенде
ұлттың ұлылығын көрсетеді.
Қазіргі күндері Астанадағы
ЭКСПО-2017 көрме кешені құ ры-
лы сын жүргізу жандана бастады.
Солардың бірі – әкімшілік ғимараты
бүгінде біршама бой көтеріп, өзінің
қатарға қосылатын сәтін жақындата
түсуде. Бүкіләлемдік көрме кешені
құрылысының бас мердігері болып
табылатын компанияның басшы-
сы Нұржеке Ахмадиевтің айтуы-
на қарағанда, әкімшілік ғимаратты
биылғы қазан айында пайдалануға
беру жоспарланып отыр. Қазір
құрылыс келбетіне қарай отырып,
оның толық аяқталғаннан кейін
қандай пішінге көшетінін көзге
елестету қиын емес. Барынша
жоғары деңгейдегі ыңғайлылық
пен қолайлылықты басты мақсаты
етіп ұстанған ғимараттың ауқымы
29 мың шаршы метр. Осы кез-
де бүкіл «ЭКСПО-2017» кешеніне
IT-технологияның жалпы бақылау
жасауын жүзеге асыратын жедел
басқару орталығы екінші қабатқа ор-
наласатыны да белгілі болды. Мұнда
қалашық аумағында қадам басқан
сайын орналасатын барлық экрандар
мен мониторлардағы жазбалар, бар-
ша нысандар жөніндегі мәліметтер
сәт сайын келіп тұрады. Бұл кешен
қызметкерлерінің көрме аумағында
не болып жатқанын ұдайы бақылап
отыруларына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |