Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата15.03.2017
өлшемі1,18 Mb.
#9922
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2.6 «Технология» білім саласы
Технология
Пәннің
оқыту  бағыты  оқушыларды  материалдық  құндылықтардың
заманауи өндірісінің негізгі  технологиялық  үрдістерімен  таныстыруға,  кейінгі
кәсіптік 
білім 
алуға 
және 
еңбек 
етуге
қажетті 
дайындықтарын
қамтамасыздандыруға негізделген.
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның
қажеттіліктерін, қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылымының жетістіктерін
ескере отырып белгіленген.
«Технология»  оқу  пәнініңмақсаты  техника  мен  технология  саласында
оқушылардың заманауи өндірісінде  алған  білім  жүйесінің нәтижелігіне
бағытталған  функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру,  сонымен қатар,
технологиялық ойлау қабілетін,  болмысқа  деген  шығармашылық көзқарасын
дамыту болып табылады.
Оқыту міндеттері:
1)  техника,  технология  және  заманауи өндіріс  негіздерінен  жүйеленген
білімді қалыптастыру;
2)
құрылымдық
материалдарды
өңдеу 
технологиясы, 
жобалау
іс-әрекеттерін  іске  асыру  бойынша  жалпы  еңбектік,  жалпы өндірістік  және
арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3)  технологиялық ойлау қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық
көзқарасын дамыту;
4)  оқып  жүрген  технологиялармен  байланысты  мамандықтар әлемі,  еңбек
нарығындағы  олардың талап  етілуі  туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5)  еңбек  ету  және  кәсіби  іс-әрекеті үрдісінде  эстетикалық, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
6)  оқушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық мәдениетіне,  салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Оқушылардың
дайындық
деңгейіне
қойылатын  талаптарды  оқуыту
барысындағы  нәтижелері,  оқушылардың  үлгерімдерін  бағалауын,орта  білімді
сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын
көрсетеді.
Оқушылардың дайындық деңгейі үш  түрлі  аспектілері  ескеріле  отырып:
пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

72
Осыған  байланысты  5-9  сынып  оқушылары  (ер  балалар)  келесі  бөлімдер
бойынша тақырыптар беріледі:
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегітехника
және технология
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен
және механикалық өңдеу технологиясы
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы
5. 
Сәндік
қолданбалы
өнерінің
элементтерімен  көркем материалдардыөңдеу
технологиясы
6. Электротехника және электрониканегіздері
7. Үй  мәдениеті. Үй  шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстар
8. Шығармашылық жобалау саласы
9. Қазіргі  заман өндірісі  және  техникалық
кәсіби білім
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен
және механикалық өңдеу технологиясы
3. Металды қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы
4. 
Сәндік
қолданбалы
өнерінің
элементтерімен көркем материалдарды өңдеу
технологиясы
5. Электротехника және электрониканегіздері
6. Үй  мәдениеті. Үй  шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстар
7. Шығармашылық жобалау саласы
8. Қазіргі  заман өндірісі  және  техникалық
кәсіби білім
Білім  берудің негізгі  түрлері  оқушылардың оқу-тәжірибелік,  жобалау  іс
әрекеті  болып  табылады.  Жаттығулар,  оқу-тәжірибелік  жұмыстар,  жобалау
әдісі  басым әдістері  болып  отыр.  Бағдарламада қарастырылған  барлық
тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын,
электромонтажды,
құрлыс-әрлеу 
және 
жөндеу 
санитарлық-техникалық
жұмыстарын,  тағам әзірлеу,  жеңіл  тігін өнеркәсібінің негіздерін,  есептеу  және
жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.
Мұғалім 
бар 
мүмкіндіктеріне 
сәйкес 
бағдарламада
ұсынылған
технологиялық операциялар  топтамасын қамтамасыз  ететін  еңбек  нысандарын
таңдай  алады.  Сонымен қатар  оқушының жасының шамасына  сәйкес  еңбек
нысанын  таңдап, оның  қоғамдық және жеке құндылығы  ескеріледі.  Оқушылар
орындайтын 
практикалық
жұмыстардың
түрлері 
түсінікті,
ұтымды,
экологиялық талаптарға  сәйкес  болуы  тиіс.  Мұғалім  жергілікті  және  жеке
эстетикалық  қызығушылықтарына  сәйкес өзі  тапсырмаларының варианттарын
қосуға құқығы бар.
«Қазіргі  заман өндірісі  және  техникалық кәсіби  білім»  (9-сынып)  жаңа
бөлім  техникалық және  кәсіптік  білім  беру  мекемелерінің түрлері,  кәсіби  іс
әрекетке қойылатын  жаңа  талаптар,  кәсіп  туралы  түсінік,  мамандық және
жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері,
аймақтық еңбек  нарығы  және  білім  саласында қызмет  көрсету  туралы
мәселелер қарастырылады.
Сабақтар  ағаш,  метал өңдеу  шеберханасында,  немесе құрамдастырылған
шеберхана  базасында өткізіледі.  Технологиялық операцияларын  орындау
барысында  оқушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз  етілуіне үлкен  назар
аударылуы  керек.  Электрқауіпсіздігі,  санитария  мен  жеке  гигиенасын
сақталуына ерекше назар аударылу тиіс.

73
Сабақта
қолдан 
жасалған 
электромеханикалық 
құралдар 
мен
технологиялық
машиналар
қолдануға 
тыйым
салынады. 
Кіріктірілген
сипаттағы  «Технология»  пәні  пәнаралық байланыстарды қолдану  негіздерінде
құрылуын  көздейді.  Есептеу  операциялары  және өлшем  алуда  алгебра  мен
геометриямен,  материалдардың  қасиеттерінің
сипаттамасында  химиямен,
машина  мен  механизмдердің жұмыс  принциптерін  және құрылымын  оқытуда
физикамен,  сәндік қолданбалы өнер  технологияларын  оқытуда  тарих  пен
өнермен байланыстырылады.
Қала,  ауыл  және  шағынжинақты  мектептерде ұлдар  мен қыздар  тобына
сыныптың толықтандыруына қарамастан бөлінуі жүзеге асырылады.
Осыған  байланысты  5-9  сынып оқушылары  (қыз балалар)  келесі бөлімдер
бойынша тақырыптар беріледі:
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1.  Сыныпта  жалпы  тәртіп  сақтау,  техника
қауіпсіздігінің ережелерін  сақтау,  санитарлық-
гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі
2. Тағам әзірлеу технологиясы
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы.
Тігін 
машинасымен 
жұмыс 
жасау. 
Киімді
жобалау,  дайындау  және  көркем
әшекейлеу
(белдемше,  шалбар)  Мата  түрлерімен  танысу.
Киімді күту Машинатану элементтері
4.  Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен
көркем материалдарды өңдеу технологиясы
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы
8. 
Жеміс-көкөніс 
дақылдарын
өсіру
технологиясы.
9.  Көкөніс  саласындағы  күзгі  жұмыстар.  Көкөніс
өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы
10. Жоба
11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы
1.  Сыныпта  жалпы  тәртіп  сақтау,
техника
қауіпсіздігінің
ережелерін
сақтау, 
санитарлық-гигиеналық
талаптар және еңбек қауіпсіздігі
2. Тағам әзірлеу технологиясы
3.  Маталармен  таныс. Мата өңдеу
технологиясы. 
Тігін 
машинасымен
жұмыс 
жасау. 
Киімді 
жобалау,
дайындау  және  көркем
әшекейлеу
(белдемше,  шалбар)  Мата  түрлерімен
танысу.  Киімді  күту  Машинатану
элементтері
4. 
Сәндік
қолданбалы
өнерінің
элементтерімен 
көркем
материалдарды өңдеу технологиясы
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас
гигиенасы
8. Жоба
9.  Кәсіби
қызмет  ету  саласының
технологиясы
Оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат);
6-сынып (барлығы 34 саға, аптасына 1 сағат);
7-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат);
8-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат);
9-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат).

74
Сызу
«Сызу» пәнінің тілі сызба болғандықтан ол мектеп курсының бірегей пәні
болып  табылады.  Білімнің басқа  салаларында  сызба  көмекші құрал  ретінде
пайдаланылатын  болса,  «Сызу»  сабағында  сызба өзі  зерттеу  объектіне
айналады  да қоршаған  ортаны  танудын  негізгі құралы  болады. Ұсынылып
отырған курста сызба геометрияның және инженерлік графиканың элементтері
баяндалады,  яғни оқушыларға техникалық сызбаның ерекшеліктерін  түсінетін
және  кеңістіктік  ойлау  кабілетін  дамытатын  оқу  материалының минимумы
беріледі.
Оқыту мақсаттары:
- логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
- геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;
- еңбектену  іс-әрекеті  дағдыларын  дамыту:
ұзақ
күш  салуға  және
интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті,  дербестікті  және  шыдамдылықты,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді;
- функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;
- шығармашылық потенциалын және эстетикалық талғамдарын дамыту.
Оқыту міндеттері:
- бір,  екі  және үш  проекция  жазықтығына  тік  бұрыштап  проекциялау
негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар
мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
- әртүрлі  арнауы  бар  тетікбөлшектердің және  модельдердің  қарапайым
сызбалары  мен  эскиздерін, аксонометриялық проекциялары  мен  техникалық
суреттерін орындауды және оқуды үйрету;
- нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы,
онымен қоса  кеңістіктік  бейнені  проекциялық кескіндерінен  және  ауызша
суреттеу  арқылы  ойша қайтадан  жасау әдістерін  пайдаланып,статикалық және
динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
- оқулық және  анықтамалық материалмен өздігінше  жұмыс  істеуді,
ИНТЕРНЕТ-ресурстардан білім алуды үйрету;
- кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпыинтеллектуалдық  қабілетін
қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;
- графикалық білімдерін  жаңа  ситуацияларда қолдана  білу,  графикалық
компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.
«Сызу»  пәні  негізгі  орта  білім  беру  деңгейіндегі  9-сыныпта  оқытылады.
Оқу бағдарламасы «Сызбаларды орындау негізгі ережелері және геометриялық
салулар»,  «Проекциялау әдістері»,  «Геометриялық денелер  мен  модельдердің
проекциялары», 
«Кескіндер
-
көріністер,
қималар 
және 
тіліктер»,
«Біріктірулер», 
«Құрастыру 
сызбасы», 
«Құрылыс 
және 
топография
сызбаларының элементтері»,  «Графикалық редакторындағы  жұмыс  негіздері»
бөлімдерінен құралған.
Бағдарламаға  негізгі  ептіліктер  мен  дағдыларды  анықтау үшін  бағдар
болатын міндетті графикалық жұмыстар тізімі енгізілген.
Заттың пішінін  талдау  дағдыларын қалыптастыруға,  яғни  проекция
жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық

75
денелерді,  тетікбөлшектерді  тануды
қамтамасыз  ететін  жеке  белгілерін
анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.
Графикалық жұмыстын өнімсіз  элементтерін  болғызбауға  тырысу  керек
(мысалы, есептердің шартын, дайын сызбаларды және жеке  суреттерді  көшіріп
сызу).  Тапсырмаларды  орындау үшін  пішімі  А4  (торкөз)  жұмыс  дәптерін
пайдаланған дұрыс.
Құрылымдарды  орындауда оқушылардың белгілі  бір  іс-әрекет  алгоритмін
қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру үшін де өзекті.
Оқу  уақытының көбі  практикалық жұмыс  орындауға  бөлінуі қажет.
Міндетті  графикалық жұмыстардан  басқа  сызу  пәні  сабақтарында  түрлі
графикалық есептерді қолданған дұрыс.
Оқушылардың
танымдық  қызметін  белсенді  ету  оқыту  түрлерін,
құралдарын,
әдіс-тәсілдерін  түрлендіру  жолымен  және  сабақтың  әдістемелік
қамтылуымен жүзеге асады.
Сызуға  оқыту  барысында  оқушылардың интеллектуалдық даму  деңгейін
біртіндеп 
көтере 
отырып,
әр
оқушының
өзіне 
тән 
ерекшеліктерін
(дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүдделерін) есепке алу керек.
Түрлі  оқу құралдарын  (карточка-тапсырмаларды,  анықтамалықтарды,
плакаттарды,  кестелерді,  модельдерді,  тетікбөлшектер  жиынтығын  және
IT-құралдарды) кеңінен пайдалану қажет.
Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу  жағдайында  «Сызу»  пәнін  оқытудың
маңызды 
бағыты 
болып 
компьютерлік 
графикалық
сауаттылықты
қалыптастыру табылады (мектептің мүмкіндігіне қарай жергілікті жағдайға кез-
келген қол жетімді компьютерлік бағдарлама оқытыла алады).
Оқу жүктемесінің көлемі:
9-сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат):
2.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру
«Дене  шынықтыру»  оқу  пәні

бұл  дене  шынықтыру
қызметі,
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді  оқыту  тұлғаны қалыптастыру,  адамның танымдық белсенділігінің
дамуына бағытталған.
Оқу  бағдарламасының мазмұны  оқушы, қоғам  мен  жанұя  сұраныстарын
ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.
Оқыту мақсаты:
- өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен қараудың  қажеттілігін  және қимыл-
қозғалыс 
негіздерін 
игеру 
арқылы 
оқушылардың
дене 
мәдениетін
қалыптастыру;
- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
- салауатты өмір  салтын ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі құралдарын
шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
- денсаулықты  нығайту,  ағзаның  қызметтік  мүмкіндіктерін  арттыру  және

76
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
- дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт
түрлерінің іс-қимыл әдістері  мен  техникасы  арқылы қимылдық тәжірибені
байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
- дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың тарихы, қазіргі  дамуы
және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
- өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен қарау,  денсаулықты сақтау  мен
нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
- тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс әрекеттерінде
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады:  «Дене шынықтыру туралы білім»
(ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
«Дене  шынықтыру  туралы  білім»  бөлімінің мазмұны  адамның таным
белсенділігінің дамуы  туралы  негізгі  түсініктері  және қауіпсіздік  техникасын
қадағалау  мен  талап  етудің ережелері  берілсе,  «Денені  жетілдіру»  бөлімінде
оқушылардың дене  дайындығын  арттыруға  бағытталған  және  жалпы  дене
шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға
айқындалған  маңызы  бар  базалық спорт түрлерінен  (жүзу,  шаңғымен  жарысу,
спорттық ойындар,  жеңіл  атлетика,  акробатика  элементтерімен  гимнастика)
дене  шынықтыру  жаттығулары  мен қозғалыс әрекеттері  және Қазақстандағы
дене  шынықтыру  туралы  тарихи  ерекшеліктерді  ашатын  «Ұлттық ойындар»
тақырыбы берілген.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
- мұғалім өз  тәжірибесіне  сүйеніп,  балалармен  нақты  жағдайдағы  жұмыс
дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің
материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы;
- «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты
гимнастика»  бөлімдерін)  меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті  сақтау  міндетті
емес;
- мұғалім қай  сыныпта  болмасын  балалардың даярлығы  мен  сабақтың
нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;
- оқушылардың
тактикалық
ойлауын 
дамытуға, 
дене
қасиеттерін
тәрбиелеуге әсерін  ескере  отырып,  ең оңтайлы қозғалыс  ойындарының
мазмұны болуы қажет;
- оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-
сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
- дене  шынықтыру  сабақтарының тиімділігі  екі  параметр  бойынша
бағаланады: а) бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы
бойынша бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық
мәнінде жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ республиканың аймақтарында  оларды
алмастыру ұсынылады.  Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі
бойынша  бұл  сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық, кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы

77
мүмкін.
Оқушылардың
денсаулығын 
нығайту 
мақсатында 
оқу 
жылында
«Денсаулық күнін» 3-4 рет өткізу ұсынылады.
Типтік оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
7-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
9-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
3 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
3.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
Қазақ тілі
Еліміздің білім  беру  жүйесі  тілді  оқытуды  дүниежүзілік  стандарттық
үлгілерге  жақындастыруды  және  оларды  жүзеге  асырудың тиімді  жолдарын
іздестіруді  міндеттейді.  Осыған  сәйкес  10-11-сыныптардағы қазақ тілі  пәні
тілдің
танымдық,
коммуникативтік, 
кумулятивтік, 
экспрессивтік, 
т.б.
қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгертуді көздейді. Білім мазмұнындағы
оқу  материалдары  жүйелілік,  коммуникативтік,  белсенділік,  практикалық
бағыттылық, тіл қызметтерін  біртұтастықта  меңгерту,  теория  мен  практиканы
өзара  байланысты  меңгерту, қоғамдық  қажеттікті  ескеру,  интеграция  т.б.
ұстанымдарды басшылыққа ала іріктелген.
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде қазақ тілін  оқытудың мақсаттары
мен міндеттері қоғамдық-гуманитарлық және  жаратылыстану-математикалық
бағыттардың ерекшеліктеріне  сәйкес  айқындалған.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта  пәнді  оқытудың басты  мақсаты:ұлттық
және әлемдік құндылықтарды  салыстыра  түйін  жасай  алатын, Қазақстан
Республикасы  халықтары  мен әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін  игерген,
қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзыреттіліктерін
игерген  Тұлғаның даралануы  мен әлеуметтенуіне  мүмкіндік  жасайтын  тілдің
лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және
шешендік  нормаларын  меңгерту,  жоғары  деңгейде  күрделендірілген  түрлі
жанрдағы  мәтінді  салыстыру,  талдау,  ойқорыту әрекеттерін  жетілдіру,  мәтін
түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
қазақ тілінің байырғы  тіл  екендігін  тіл  дамуындағы  кезеңдерді  оқыту
арқылы меңгерту;
қазақ тілінің байлығын мәдени мұралар тілін талдату арқылы игерту;
сөз  байлығы ұғымына  енетін  лексика-фразеологиялық, морфологиялық,
синтаксистік жүйелерді меңгерту;
жазудың тарихын  оқыту  арқылы қазақ халқының ежелгі  мәдениетін
таныту;

78
қоғам дамуындағы тілдің қызметін негіздеу;
тілдің табиғи қасиеттері мен функционалды қасиеттерін ажырата білгізу;
тілдік құзіреттілікті қалыптастыратын тәсілдерді меңгерту;
сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттарды меңгерту;
заттар мен құбылыстарды бейнелеп айту тәсілдерін игерту;
стиль түрлеріне сай тілдік бірліктерді таңдап қолдануға төселдіру;
сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
сөйлеу өнерінің талаптарына сай тілді жұмсау біліктілігін дамыту;
ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру.
сөз мәдениеті мен шешендіктің бірлігін, сабақтастығын таныту;
шешендік
өнердің
тұлға
қалыптастырудағы 
және 
тұлғаны
әлеуметтендірудегі рөлін пайымдату;
шешендік өнердің адамның мінез-құлқын тәрбиелеудегі күшін таныту;
пікірталас мәдениетіне төселдіру;
мәтін құраудың және диалогқа түсудің амал-тәсілдерін меңгерту.
Жаратылыстану-математикалық бағытта пәнді оқытудың мақсаты:
адамзат қоғамының  өркендеуі үшін ғылыми  жетістіктерді  пайдалана
алатын, ғылым  негіздерін  жүйелі  меңгерген; ғылыми  ақпараттарды  талдай,
өңдей, жинақтай және қолдана білетін; зерттеу және шығармашылық әдістерді
игерген,  жоғары  деңгейдегі қарым-қатынастық  қабілеттілігі  дамыған  Тұлғаны
қалыптастыруға 
мүмкіндік 
жасайтын 
тілдің
ақпараттық-танымдық,
қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін  мәтін  арқылы  меңгерту, ғылым
негіздері  мен  жаңа  технологияларды  мақсатқа  сай қолдану әдістерін  игерту,
тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
тілдің функционалдық қасиеттерін меңгерту;
тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде таныту;
тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануды меңгерту;
тілдің мұра  сақтап  жеткізуші  кумулятивтік қызметін  мәтін  арқылы
негіздеу;
танымдық мәтіндер арқылы ғылым негіздерін меңгерту;
ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру;
зерттеу  және  шығармашылық  әдістерді  тиімді қолдану  біліктілігін
қалыптастыру;
сөйлеудің ауызша  және  жазбаша  түрлерінде  тілдік  бірліктерді  мақсатқа
сай қолдана білуге жеткізу;
сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын меңгерту;
көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын үйрету;
шешендіктің дамуына қойылатын  алғы  шарттарды өмірден  алынған
фактілер бойынша негіздеу;
қазіргі шешендіктің түрлерін меңгерту;
тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгерту;
ұлттық 
құндылықтар 
мен
әлемдік 
адамзаттық 
құндылықтарды

79
салыстыра пайымдату;
әлеуметтік  ортаның ерекшеліктерін  шешендікпен  дұрыс  бағалауға
төселдіру;
қоғамға  жат құбылыстарға,  идеологиялық, діни  ағымдарға  және  заңды
бұзушылық әрекетке қарсы көзқарасын шешендікпен негіздеудің және жұртты
сендірудің тәсілдерін меңгерту.
Тіл – адамдардың  қарым-қатынас  жасап,  пікір  алысуын,  олардың  өзара
түсінісуін қамтамасыз  етуімен қатар, ғасырлар  бойы жинақталған  асыл
қазынаның  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  етіп  жеткізіліп  отыруына  септігін  тигізетін
құрал.
Білім  мазмұнында
ұсынылған  сөз  мәдениетін  меңгертудегі  басты
міндеттердің бірі  оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру  болып
саналады. Өйткені сөз сөйлеуді өнер тұтқан халқымыздың барлық ой-түйіндері
оның шынайы  халықтық болмысымен  тікелей  байланысты.  Сөз  мәдениеті
оқушының  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына,  сол  көзқарасы  мен  жеке  ой-
тұжырымдарын 
барлық
уақытта 
мәдениетті 
жеткізе 
алуына,
өмір
жағдаяттарында өзіндік  пайымдауларын  шеберлікпен  айта  алуына  негізделеді.
Сөз  мәдениетіне қойылатын  талаптар  оқушының терең мазмұнды,  жүйелі,
дәйекті,  мәнді  сөйлей  алу қабілетін  ашу  міндеттерімен,  ал  көпшілік  алдында
сөйлеуге қойылатын  талаптар  оқушының терең мазмұнды,  жүйелі,  дәйекті
сөйлей алу қабілетін ашу міндеттерімен ұштасады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта  сөз  мәдениеті  және  шешендік  тілдің
жоғарыда  айтылған қызметтерін  тереңдеп  оқытуға  бағытталған.  Мұнда
адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаяттарда, нақтылы тіл бірліктерінің
қызмет  етуі  нәтижесінде  толыққанды  ақпараттар  жүйесі  арқылы  жүзеге
асатынын,  адамның тіл  байлығы  және  жан  дүниесі,  мінез-құлқы  сөйлеу
барысында,  тілдік қарым-қатынас үстінде  көрінетіндігі  зерделенеді.  Сан
ғасырлық даму жолынан өтсе де, жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан
қазақ тілінің сөз  байлығы,  бейнелі  де  көркем  сөз  саптаулары, ұлттық нақышы
мен  бояу-бедерлері  шешендік  сөздің табиғатында  сақталғандығын ұлттық
шешендік өнердің тарихына қатысты  материалдарды  зерттеп-зерделеу  арқылы
түйіндейді.  Түркі  халықтарының  ұлттық-мәдени  болмысын,  тарихи-әлеуметтік
сипатын мәдени мұралардың мазмұны мен тілдік ерекшеліктерін талдау үстінде
меңгереді.  Бұл  бағыттағы  мектептерде  оқушылар  тілдің  құрылымдық жүйесін,
сөз мағынасын, жұмсалу ерекшеліктерін, мәтін ішіндегі сан түрлі қызметін, сөз
тіркесу  заңдылықтары  мен  сөйлем  түрлерін  тереңдеп  оқып,
ғылыми
ізденістерге барады, тілдің табиғатын ғылыми тілде түсіндіреді.
Жаратылыстану-математикалық бағытта  оқушылар  сөз  мәдениеті  мен
шешендік өнердің талаптарын  білуге ұмтылады.  Сөз  мәдениетінің нормалары
өзіндік мені қалыптасып  келе  жатқан  жастың тілдің  қатысымдық  қызметін
орнымен пайдалануға, кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі.
Оқушының жинақтаған  сөздік қорынан қажеттісін  айырып  алу  және
таңдаған кәсібіне қатысты  терминдердің мағынасын  ажырату  сөз  мәдениеті
саласына енетін ұғым-түсініктерді жетік білгенде ғана мүмкін болады.
Халқымыздың  өмірінде  сөз,  сөйлеу өнері  ең басты  шешуші  рөл  атқарған.

80
Халықтың тарихы да, қоғам және өмір туралы айтқан ұлылардың даналық сөзі
де осы шешендік сөз арқылы жетіп отырған. Шешендік өнер – қоғамның мінез-
құлқын өзгертетін ұлы күш.  Шешен  сөйлеу, әсіресе, қазіргі  зайырлы қоғамда
керек. Шешен сөйлеу – қажетті жағдайда өз мүддеңді қорғау үшін де немесе өз
ұсынысыңды көпшілікке  дәлелдеп,  олардың  қолдауына  ие  болу үшін  де қажет
өнер. Шешенге  тек  білім ғана  емес,  айқын  ой,  дұрыс  мағына  керек.  Олай
болса,  шешен  сөйлеу әрекеті  кез  келген  мамандық иесіне қажет.  Айтулы
шешендер қолданған  тәсілдер  алдымен  мәселені  анықтап  алып,  сосын
дәлелдерді  зерттеп  дайындау,  оны  дәлелдеу  және қорытынды  шығару қазіргі
білім  беру  ісінде  көзделіп  отырған  талаптардың бірі.  Шешендік өнерді  басқа
сөйлеу  түрлерінен  айыратын  белгілер - қызықты мәліметтер  келтіру,  сөздің
көркемдігін арттыру, тыңдаушылардың құштарлығын ояту, тауып айту сияқты
қасиеттерді меңгерту
қазақ тілі  пәнінде  орындалатын  мәселелер.  Пәнді  оқу
барысында  оқушы  сөз құрастыруға  жаттығу,  шешендік  тәжірибеден үйрену,
шешен әдебін  тәрбиелеу,  тыңдаушылардың мінез-құлқы мен  мүддесін  түсіну,
сөз  мағынасы  мен  сөзді құрау  формаларын,  ойды  жеткізудің тәсілдерін  игере
алады.  Бұл  орайда  білім  берудің нәтижесі  ретінде  оқушының сөз  мәдениеті
деңгейін көтере отырып, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
Оқу үдерісінде  жүзеге  асырылатын  пәнаралық байланыс  оқушының
дүниетанымын  молайтып, қазақ тілін  басқа ғылым  негіздерімен ұштастыра
меңгеруіне мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың тілдік  біліктілігін  одан әрі  жетілдіре  түсу  және  сөйлеу
мәдениетінің ерекшеліктеріне  сай  сөйлесім  дағдыларын  жетілдіру,  пікірталас
әдебін  меңгерту  мақсатында  арнайы  курстар ұйымдастырылады.  Мысалы, 10-
сыныпта:  «Сөз  байлығы»;  «Тілдік  норма  және  стиль»,  «Этнолингвистикалық
атаулар  сыры»,  «Сөз  мәдениетінің
негіздері»;  11-сыныпта:  «Ұлттық
шешендіктанудың алғашқы  бастаулары», «Шешендік  сөз – шеберлік өрнегі»,
«Журналистика  және  баспасөз  негіздері»,  «Пікірталас  мәдениеті»  сияқты үлгі-
тақырыптарды алуға болады.
Қазақ тілі  пәні  бойынша әрбір  тоқсанда  алынатын  бақылау  жұмысының
(тест,  эссе,  диктант,  т.б.)  саны  сол  сыныптағы  апталық сағат  санымен  сәйкес
келуі керек.
Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру
стандартында ұсынылған  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  оқу  жүктемесінің
көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10-11-сыныптарында  аптасына
2  сағаттан  оқытылып, оқу  жылында әр  сыныпта 68  сағатты құрайды.  Ал
жаратылыстану-математикалық
бағыттың
10-11-сыныптарында 
аптасына
1 сағаттан оқытылып, оқу жылында әр сыныпта 34 сағатты құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет