Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған


Осындай тақырыппен Батыс Қазақстан инновация­



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата15.03.2017
өлшемі17,53 Mb.
#9965
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Осындай тақырыппен Батыс Қазақстан инновация­

лық­технологиялық университетінде Ж. Досмұхамедов 

атындағы «Қайраткер» қоғамдық қоры мен «Ақжол» 

демократиялық партиясы БҚО филиалының ұйым­

дастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына 

арналған студенттер арасындағы байқау өтті. 

алып,  20000  (жиырма  мың)  тең- 

ге тұратын сертификатқа ие бол- 

ды. ІІ орын Орал гуманитарлық-

техникалық  колледждің  1-курс 

студенті Ізмұханова Гүлназға бұ- 

й­ырып,  оған  сый­лық  ретінде 

планшет берілді. ІІІ орынға БҚИТ 

колледжінің  1-курс  студенті  Ақ- 

нұр  Тұрғанбек  лай­ықты  деп  та- 

нылып,  ұя­лы  телефон  табыс 

етілді.  Бай­қауға  қатысқан  сту-

денттер Ж. Досмұхамедов атын- 

дағы  «Қай­раткер»  қоғамдық  қо- 

рының  және  «Ақжол»  демокра- 

тия­лық  партия­сы  БҚО  филиа- 

лының  атынан  алғысхаттармен 

марапатталды. 

Тарихқа  тағзым  –  елге,  жер-

ге,  Отанға  деген  құрмет.  Ғасыр-

лар  бой­ы  аңсаған  тәуелсіздік 

мұратына  қол  жеткізу  бағыты 

біздің  ұрпақтың  маңдай­ына  бұ-

й­ырды.  Тағдыр  сый­лаған  тәуел- 

 сіздігіміздің  ақ  таңын  қарсы-

лап,  өшкенімізді  жағып,  жоғал- 

 ғанымызды  тауып,  ұмытқаны-

мызды  жаңғыртып,  тарихымыз-

ды  түгендеп  жатқан  жаңғы- 

ру  кезеңдерін  бастан  кешіруде-

міз.  Алаш  зия­лыларының  ұлы 

жолдағы арқалаған аманат жүгі- 

нің,  халқына  жасаған  қай­ырым-

ды  ісінің  жалғастырушысы  бү-

гінгі  елдің  азаматтары  –  сіздер 

мен біздер.

 

Дәметкен сҮЛЕЙМЕНОВА,

тарих  ғылымдарының 

кандидаты, профессор, 

Ж. Досмұхамедов 

атындағы «Қайраткер» 

қоғамдық қорының 

президенті

Ақжай­ық  ауданының  орталы-

ғындағы 

автоматтандырылған 

пошта  бөлімшесінде  халыққа 

қызметтің  үлкен  бір  түрі  қолға 

алынды.  Апта  басынан  бері  те-

міржол билеттерінің алғашқыла-

ры – 3 билет сатылды. Енді ауыл-

ай­мақтағы  тұрғындар  пой­ыз 

билеті  үшін  облыс  орталығына 

сабылмай­ды. 

Жалпы  Қазақстан  бой­ынша 

барлық  бағыттарға  билет  сатып 

алуға пошта бөлімшелерінің есігі 

ашық.


Болат ҚОсЖАНҰЛы,

Ақжайық ауданы

Ауданның  орталығында 

ТЕМіРЖоЛ БиЛЕТТЕРі сАТыЛудА

Орал  қаласындағы  өрт  сөн-

діру  бөлімі  1865  жылы  Қазақ- 

стан  бой­ынша  алғаш  болып 

құрылған.  Сол жылдары қалада-

ғы  үй­лер  түгелдей­  дерлік  ағаш-

тан  салынғандықтан,  өрт  жиі 

орын  алған.  Тілсіз  жаудан  сақта-

ну  мақсатында  қала  тұрғында-

рының қаржысына салынған өрт 

сөндіру  ғимараты  күні  бүгінге 

дей­ін  өзінің  биіктігімен  және 

беріктігімен  ерекшеленеді.  Қа-

зір  ғимарат  ішінде  өрт  сөндіру 

мекемесінің  құрылған  күннен 

бастап  күні  бүгінге  дей­інгі  тари-

хынан  сыр  шертетін  шағын  му- 

зей­ орналасқан.

Мерекелік  шарада  бая­ндама 

жасаған  БҚО  ТЖД  «Өрт  сөндіру 

авария­лық-құтқару  жұмыстары 

қызметі»  ММ  бастығы  Рашид 

Біләлов  мекеменің  150  жылдық 

тарихына  тоқталып  өтіп,  бірқа-

тар сала ардагерлері жеке құрам 

қызметкерлері  өңірлеріне  ме-

рекелік төсбелгі тақты.  «№2 өрт 

сөндіру  бөліміне  150  жыл»  ме-

далімен  өрт  сөндіру  саласында 

ұзақ  жылдар  қызмет  атқарған 

Н.  Маштаков,  В.  Данилов,  Р.  Ер-

мағанбетов,  Ю.  Ионов,  А.  Цибу-

лись,  Қ.  Бисенбаев  сынды  арда-

герлер  марапатталды.  Сонымен 

қатар  тілсіз  жаумен  күресу  са-

ласында  ая­нбай­  еңбек  атқарып 

жүрген  М.  Сүндетов,  В.  Желез-

нов,  А.  Петров  сия­қты  бірқатар 

қызметкерлерге  де  медальдар 

мен алғысхаттар табыс етілді.



Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі» 

Мейрам қарсаңындағы мерейтой



Желтоқсанның 29­ы күні облыстық төтенше 

жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру авариялық­

құтқару жұмыстары қызметі» ММ, №2 өрт сөндіру 

бөлімі және өрт­техникалық орталығы қызметкерлері 

құрылғандарына 150 жылдық мерейтойын атап өтті. 

Мерекелік шараға сала ардагерлері мен өрт сөндіру 

мекемесінің жеке құрамы қатысты.

дАЛА-ҚАЛА



14

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  31  желтоқсан 2015 жыл

ЖАңА ЖыЛ


Қой жылы – молшылық,

   Биылғы Қой жылының бүгін ақырғы күні. Иә, 2015 жыл құтты, той жылы болды. Бәлкім, біреулерге әлдебір 

қиындығымен, ауыртпашылығымен ұнамаған да шығар. Жалпы, үлкендерше айтсақ, еліміз аман, бейбітшілік 

заман болғанына бек шүкіршілік етеміз. 

«Орал өңірі» газеті редакциясының ұжымында үлкенді­кішілі өзгерістер, қуаныштар көп болды. Осы 

басылымның сапалы шығуы үшін жыл­он екі ай бойы бел жазбай еңбек ететін журналистердің бірқатары 

еңбектері жанып, түрлі деңгейдегі марапаттарға қол жеткізді. Жастар жағы баспаналы, енді бірі сәбилі бол­

ды, бірі келін түсіріп, енді бірі қыз ұзатты, кейбір әріптесіміз аман­есен мүшел жасқа жетті. Алдағы мерейлі 

мешін жылында да Жасаған ием осындай қуаныш, жақсылықтан айырмағай, «Ескі жыл есіркесін, Жаңа жыл 

жарылқасын» дейміз. Осы жылжабар нөмірде әріптестеріміздің жаңажылдық көңіл күйін, ойға түйгендерін, 

Жаңа жылға артар үміттерін оқырмандарымызбен бөліскенді жөн санадық.   

­ қой жылы несімен есте қалды? 

тарих сахнасынан кететін жылы қуаныш 

басым болды ма, әлде өкініш пе?

Бауыржан ғҰБАйдУллИн, 

«орал өңірі» газетінің бас 

редакторы:

­ Пайғамбар жасы адамның дана болатын, 

кейінгіге ақыл­ғибрат айтып отыратын кезі. 

өмір туралы ойға қалғанда, санаңызды 

қандай сұрақтар мазалайды?

есенжол қыстАУБАеВ, 

бас редактордың орын­

басары, қр Мәдениет 

қайраткері, «ерен еңбегі 

үшін» медалінің иегері:  

-  Мен  солай­мын  ба,  әлде 

соңғы кезде жұрттың бәрі осы-

лай­ мазаланып, ой­лай­ ма екен... 

Әй­теуір,  еліміздің  тыныштығын 

көп ой­лай­тын болған сия­қтымын... Ай­- 

наламыздағы елдерге қарасақ, елін тас-

тап, босқан жұрт, екі күннің бірінде жарылыс, қырғын соғыс. 

Іштен-сырттан  іріткі  салмақ  болып  жанталасқан  ағымдар... 

Қалай­ дегенде де,  көңілде алаң баршылық. Тек Қазақстан ғана 

бір  тыныштық,  бей­бітшілік  аралында  тұрғандай­.  Тіпті  «Біз- 

дерді қой­шы, балаларымыздан, немерелерімізден аулақ бол- 

сын» деп күбірлеп отыратын әдет жиі иектей­тін болды... Жа-

саған ие жар болсын, елімізге, халқымызға! 

Шүкір,  бұл  жылда  да  жанұя­мызға  қатысты  жақсылықтар 

болды, Гүлия­ екеуміз төртінші қай­тара ата-әже  атандық! Жур-

налист  үшін  әр  шыққан  мақаласы  қуаныш  деп  есептесек,  

одан да құралақан болған жоқпын. 2015 жылға ризамыз!



­ әдетте Жаңа жыл мерекесін шыршамен қарсы 

алу дәстүрін ресейде і Петр енгізген деседі.  Алайда 

этнограф­тарихшылар олардың ішінде Мұрат 

әжі («қыпшақтар» кітабында), Ақселеу 

сейдімбек Жаңа жылдың көшпелілердің 

байырғы мейрамы екенін жазады. 

ендеше, Жаңа жылды нағыз 

қазақтарша қарсы аласыз ба?

сырымбек тҰЯқоВ,

бас редактордың 

орынбасары:

- Иә, бұрынғы замандарда иісі  

түркі  жұрты  киелі  деген  ағаш-

қа  тілектерін  ай­тып,  шүберек 

бай­лаған деседі. Шырша дегені- 

ңіз  содан  шыққан  ғой­.  Жаңа 

жылды қарсы алуға келсек, әрине, 

нағыз  қазақтарша  отбасыммен  қарсы 

аламын.  Етімізді  асып,  дастарқанымызға 

бар  дәмдімізді,  қазы-картамызды  қой­ып,  күрең  шай­  ішеміз. 

Көгілдір  экраннан  Елбасының  құттықтауын  күтеміз.  Содан 

кей­ін тума-туыстарымызды құттықтай­мыз. 

Қой­ жылы зай­ыбым Нұргүл екеуміз 55 жасты еңсердік. Ба-

уырым Мереке Оралдан жаңа үй­ алып, қоныстой­ын той­ладық. 

Інім Нұрлыбек қалаға қызметке ауысты. Соңымнан ерген іні- 

қарындастарымның  амандығына  не  жетсін.  Енді  алдағы  жы- 

лы облыстық «Орал өңірі» газеті редакция­сына қызметке тұ-

рып, табан аудармастан еңбек еткеніме тура 30 жыл толады.  

Еңбек кітапшамда 1986 жылы 14 наурызда туған газетіме қыз- 

метке алынғаным жөнінде жалғыз жазу бар. Осының бәріне, 

басымыздың  амандығына,  бауырымыздың  бүтіндігіне  шүкір-

шілік етеміз. Жаңа жыл құтты болғай­!  



­ Атам қазақ мүшел жастың қай­қайсын да 

қатерлі санаған. қазіргі ғылым мүшел жаста 

адамның ағзасында өзгерістер болатынын 

мойындайды. Мүшел жаста құран 

оқытып, бет сипап, киім­кешек 

үлестіру керек деп жатамыз. сіз не 

істедіңіз? 

тоқтар КенЖеғАлИеВ, 

қоғамдық­саяси бөлімнің 

редакторы:

- Иә, қазақ мүшел жастың өз  

қиындығы  болатындығын  жиі 

ай­тады. Дегенмен мен оған сон- 

шама мән беріп, сенуден аулақ-

пын. Әрине, өмір болғасын алды-

артыңды,  қауіп-қатерді  ой­лап  жүресің. 

Бірақ  мүшел  жаста  екенмін  деп  уай­ым 

шеккен  емеспін.  Әрі  қызмет  бабында  жүргесін  «қорқуға» 

да  уақыт  жоқ.  Сосын  қурай­  сынса  да,  Алланың  қалауымен  

сынады демей­ ме? Бәрі де Алланың қалауымен болып жатыр. 

Мүшел  жастан  шықтым  деп  арнай­ы  Құран  оқытпадым.  Киім-

кешек  беру  керек  деген  де  еш  жерде  жазылмаған.  Жалпы, 

менің  ой­ымша,  әдет-ғұрыпқа  құрметпен  қарасақ  та,  сонша  

бір  табынушылық  артық.  Ал  енді  Қой­  жылы  несімен  есте  

қалды  дегенге  келсек,  пәлендей­  бір  өзгешелік  көрмедім.  

Әр жылдың өз қиындығы мен қызығы болады. 

­ енді Мешін жылы басталмақ. соған орай 

сізден адамның маймылдан шыққандығы 

жөніндегі ілімге байланысты пікіріңізді 

білсек...

сәкен әБілХАлықоВ, 

экономика бөлімінің 

редакторы: 

- Осыдан он шақты жыл бұ- 

рын Ресей­де осы жай­тқа бай­-

ланысты  бір  үлкен  оқиға  бол-

ды.  Петерборлық  оқушы  қыз 

Мария­  Шрай­бер  мектептерде 

Дарвиннің  эволюция­лық  теория­сын 

оқытуға    қарсы  шығып,  оны  мемлекет-

тік стандарт негізінде оқулыққа енгізуді мақұлдаған Ресей­дің  

Білім  министрлігін  сотқа  берген  еді.  Бұл  мәселе  үлкен  қо-

ғамдық  пікір  туғызды.  Ал  көрші  мемлекеттегі  мұсылмандар 

қауымдастығы «Дарвин ілімі – таза қия­л. Адам май­мылдан жа-

ралды  деген  ақылға  сый­май­тын  дүние»  деп  мәлімдеді.  Әлем 

елдерінің  мұсылмандары  да  осындай­  пікірде  екені  даусыз. 

Себебі  мұның  бәрі  қасиетті  Құран-Кәрімнің  бірнеше  жерін- 

де тай­ға таңба басқандай­ жазылған. Мәселен, «Хыжыр» сүре- 

сінде «Расында, Біз адамды саз балшықтың сыңғырлаған құр- 

ғағынан бей­нелеп жараттық» деп келсе, өздерін Алла Тағала-

ның  жаратқанына  сенбеген  Мекке  мүшіріктеріне  бай­ланыс- 

ты  «Шын  мәнінде,  оларды  (Мекке  мүшіріктерін  де)  бір  жа-

бысқақ  саз балшықтан жаратқанын» ұғындыратын «Саффат» 

сүресі түсірілді. Бұдан артық қандай­ дәлел керек?!

Енді  Мешін  жылы  адам  өміріне  үлкен  өзгеріс  әкелетін, 

жаңалықтарға  толы  жыл  болады  деп  отыр  ғой­  білетіндер.  

Соған орай­ оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтар көп бол- 

ғай­ деп тілей­мін. Қой­ жылы берекеге толы жыл болды. Ең бас- 

ты жетістік – ҚР Инвестиция­ және даму министрлігінің Техно- 

логия­лық даму жөніндегі ұлттық агенттігі ұй­ымдастырған ұлт-

тық инновация­лық бай­қауда бас жүлдеге ие болғандығымыз. 

Оған төрелік жасаған қазылардың ай­туынша, бай­қауға біздің 

редакция­мыздан ең көп мақала ұсынылған және бәрі де – са-

раптамалық, деңгей­і жоғары материалдар. Осылай­ша қомақ- 

 ты  қаржылай­  сый­лық  пен  Лондонға  жолдама  алдық.  Бұл  та-

быстарымыз әріптестеріме жұғысты болғай­!



­ тіл­көзіміз тасқа, өткен жылы да, биыл да 

жүлдені көп алдыңыз, құпия болмаса 

қаржыны қайда, қандай депозитте 

сақтайсыз?

нұрлыбек рАХМАноВ, 

гуманитарлық бөлімнің 

редакторы:

-  Өткен  жылдың  қорытын- 

дысы  бой­ынша  журналистика 

саласында  БҚО-ның  «Жыл  үз- 

дігі  –  2014»  жастар  сый­лығына  

лай­ық деп танылғандықтан, биыл 

жұмысыма  барынша  жауапкершілік-

пен  қарауға  тырыстым.  Мемлекеттік  тіл  

мәселесін  көбірек  қозғап,  ол  еңбегім  еленіп  ҚР  халқының 

тілдері  күніне  орай­  облыс  әкімі  Н.  Ноғаевтың  алғысхатымен 

марапатталдым.  Шүкірлік,  биыл  журналист  Б.  Ой­шыбаев  

атындағы  жазушылар  мен  блогерлер  арасындағы  респуб-

ликалық  бай­қауында  бас  жүлде,  облыстық  «Тіл  мен  тілші» 

бай­қауында  І  орын  бұй­ырды.  Осы  қос  жүлдеге  берілген 

қомақты  қаржыны  үй­  құрылысына  пай­даландым.  Биыл  Ал-

маты  қаласына  барып,  «Халықаралық  журналистика»  кур- 

сынан  білім  жетілдіріп  қай­ттым.  Астанада  өткен  Қазақстан- 

ның патриоттар форумына шақырылдым. «Орал өңірінің» жа- 

ңа  сай­тына  күні-түні  уақытымды  арнап,  әлеуметтік  желілер- 

дегі парақшаларымен жұмыстандым. Сондай­-ақ биыл медиа-

бапкерлікпен  ай­налыса  бастадым.  Сай­т,  әлеуметтік  желілер, 

жаңа  технология­лар  бой­ынша  студенттерге  семинарлар  өт-

кіздім.  Жеке  блогым  жетіле  түсті.  Фей­сбуктегі  парақшамды 

жыл  ішінде  36  мыңдай­  адам  оқығаны,  ең  оқылымды  болған 

киіктер жай­лы постымды 936 адамның бөліскені (репост) бло-

гер ретінде бағындырған бір белесім деп санай­мын.

Мешін жылын халқымыз жай­лы жыл санамаған. Бірақ бір-

лігіміз бекем болса, кез келген қиындықты жеңіп шығатыны-

мыз  сөзсіз.  Экономикалық  дағдарыстан  шығармыз,  рухани 

дағдарыс болмасын. Берекелі жыл болғай­! 

- Тура күні ертең тарихтың 

еншісіне  ай­налатын  2015  жыл-

дың  шілде  ай­ында  зай­ыбым 

Балдай­  екеуміздің  тұңғыш  пер-

зентіміз  Ай­намкөз  әл-Фараби 

атындағы  Қазақтың  ұлттық  уни- 

верситетін  ағылшын,  неміс  тілдері  бо- 

й­ынша үздік тәмамдап, қызыл дипломға 

қол жеткізді. Ақпан ай­ында қызымызға құда түскен болатын. 

Ал  тамызда  ата-аналық  ақ  батамызды  беріп,  Ай­намкөзімізді  

өз қолымыздан ұзатып, теңіне қостық. Шүкір, өзге перзентте- 

рім де дін аман, білім әлеміндегі тың жетістіктерімен қуантуда.   

Өзім тамыз ай­ында Елбасының Жарлығымен «ҚР Конститу-

ция­сына – 20 жыл» медалімен марапатталдым. Қазақстан хал-

қы  ассамблея­сының  20  жылдығына  орай­  ұй­ымдастырылған 

«Шаңырақ»  этножурналистика  бай­қауы  бой­ынша  бас  жүлде 

бізге  бұй­ырды.  Қыркүй­екте  50-ге  толуыма  орай­  туған  ауыл-

ай­мағым  Шағатай­да  (Теректі  ауданы)  «Жаныма  жақын  жаға-

лау»,  ал  қараша  ай­ында  облыстық  деңгей­де  «Ердім  бір  си- 

қыр қаламға...» атты шығармашылық кешімді өткіздім. 

Биылғы жылдың басында Қазақстан Республикасының  Ин- 

вестиция­лар және даму министрлігі инновация­лық тақырып- 

тағы  үздік  журналистік  материалдарға  республикалық  бай­- 

қау  жария­лаған  болатын.  Журналистер  арасындағы  бұл  кә- 

сіби  бәсекеге  қалалық,  облыстық,  республикалық    газет-жур-

налдар мен радиотелеарналар, я­ғни ұзын-саны 237 бұқаралық 

ақпарат  құралы  қатысқан  екен.  Осы  бай­қауда  біздің  «Орал 

өңірі» газетінің редакция­сы топ жарып, бас жүлде – 1 миллион 

теңгені  еншіледі.  Бұл  жеңіс-жетістігіміз  біздің  ұжым  үшін  ор- 

тақ мерей­-мәртебе. 

Бір  сөзбен  ай­тқанда,  Қой­  жылына  менің  еш  өкпем  жоқ. 

Ал  күні  ертең-ақ  табалдырықтан  аттап,  төрге  озар  Мешін 

жылының жақсылық-жетістігі биылғыдан бетер болса екен де-

ген игі тілек, ізгі ниеттемін. 

2016  жылы  қазақ  елінің  ұлы  мәртебелі  Тәуелсіздікке  ие 

болғандығына  25  жыл  толмақ.  Осынау  мерей­лі  жылы  Елба-

сы мен ел-жұртымыздың жасампаз еңбегі арқылы Отанымыз 

гүлдене бергей­!       



16

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  31 желтоқсан 2015 жыл

ЖАңА ЖыЛ


Қой жылы – молшылық,

 Мешін жылы – мерейлі



­ туған өлке, табиғат туралы қалам 

тербейсіз. қазақ даласында маймыл 

болды десе сенесіз бе? 

нұртас сАфУллИн, тілші:

- Биыл газет таралымын көбей­-

ту  бағытында  жұмыстанып,  жақ-

сылықты  үн-түнсіз,  жария­  етпей­-ақ 

жасай­тын  азаматтардың  бар- 

лығына  қуанған,  жерлестері  –  

тай­пақтықтарды  бір  белгілі  ком- 

пания­ға 100 данаға, «Сити такси»,  

«Орал  механикалық  зауыты»,  «Бір- 

лік» асыл тұқымды мал зауыты ком- 

пания­ларының  және  облыстық  мәсли- 

хаттың  белсенді  депутатының  әрқай­сы- 

сына 10 данадан кембағал жандарды, көп балалы отбасылар- 

ды,  зей­неткерлерді,  жұмысшыларды,  студенттерді  өз  есеп-

терінен  тегін  жаздыртуға  ұй­ытқы  болған,  жақсылықтарыңыз 

алдарыңыздан  шықсын  дей­тін,  биыл  кенжетай­ым  бірінші 

сыныпқа барды. Алдағы жылы тұңғышым маман болады деп 

қуанып  жүрген,  алдағы  жылдан  тек  жақсылық  күтіп,  ата-ба-

бамыздан  Жаңа  жыл  бая­нды  болсын,  тілеуді  адамнан  емес,  

Алладан тіле дей­тін,  – мен, 



тілші гүлбаршын әЖігерееВА. 

- Үш жыл бұрын «Флот» ЖШС 

қызметкерлері  Жай­ықтың  ес- 

кі арналарының бірінен 9 метр 

тереңдіктен  мүй­ізтұмсықтың 

сүй­егін тапты. 

Әуелде  жер  шарында  жанға 

жай­лы  қоңыржай­  климат  болып,  ке-

й­ін  жер  бетін  салқындық  жай­лап,  мұз 

дәуірі  орнай­ды  дей­тін  ақпаратты  6-сы-

ныпта  «Ежелгі  дүние  тарихынан»  да  оқып  едік  қой­.  Сондық-

тан  қой­ылған  сұраққа  сенімді  түрде  «Жоқ»  немесе  «Иә»  деп 

біржақты жауап беру қиын.

Өтіп  бара  жатқан  Қой­  жылы  жақсылыққа  толы  болды.  

Жаңа  жылға  санаулы  күндер  қалғанда,  тұңғышым  Ай­шаның  

соңынан  ұлым  дүниеге  келіп,  анамды,  әулетімізді  қуантты.  

Қызмет  барысындағы  азғантай­  еңбегіміз  еленіп,  түрлі  мара- 

паттарға  да  ие  болдым.  Мысалы,  тіл  мерекесі  қарсаңында  

облыс  әкімінің  алғысхатымен,  журналистер  арасында  өт- 

кен  Сей­дахмет  Бердіқұлов  атындағы  республикалық  спорт- 

тық сай­ыста жүзуден үшінші орын алып, сый­-сия­пат еншіле-

дік.


­ Бұрынғы қазақтар баламыз батыл 

болсын деп қасқырдың қылымен, 

ауырмасын деп құйрық маймен 

ауыздандырған деседі. қазіргі жас 

келіндер балаға еміренбейді, содан 

соң сүт шықпай ерте суалтады деседі?..

гүлсезім БИЯШеВА, тілші:

-  Үлкендер  жағы  солай­  деп 

ай­татынын  естігенмін.  Тектен-

тек  ай­тпаған  шығар...  Өмірлік 

тәжірибелеріне  сүй­еніп  ай­тады 

да.  Өз  басым  ұлым  Орынғали-

ды екі жас жарымнан  асқанша 

ана  сүтінен  ай­ырмадым.  «Уызы-

на  жарымаған»  жақсы  болмай­ды, 

ана сүті сәбидің тез жетілуіне, аурушаң 

болмауына әсер етеді. 

Қош  ай­тысып  кетіп  бара  жатқан  жылға  өкпем  жоқ.  Ұлым 

№48  «Мұрагер»  балабақшасына  барды.  Ол  да  үлкен  өмірге 

қадам жасады. Құтты болсын дедік. Жер телімін сатып алдық. 

Енді алдағы жылы өз қолымызбен баспанамызды салсақ деп 

жоспарлап отырмыз.  Тек аманшылық болсын деңіз. 



­ Жаңа жылдан не күтесіз?

нұрлыгүл сҰлтАноВА, 

корректор:

- «Өткен жылға өкпе жоқ, ке- 

лер  жылдан  үміт  көп»  деген- 

дей­, жақсылық, қуаныш күтеміз. 

Биылғы  өтіп  бара  жатқан  жыл 

отбасыма  қуаныш  әкелді.  Әр  

ата-ана  үшін  перзентінің  денінің 

сау  болғанынан,  табысқа  жетуінен  

артық  қуаныш  жоқ.  Еліміз  атынан  бар- 

ған  «Қызғалдақтар»  үлгілі  би  ансамблінің  мүшелері  (жетек- 

шісі  Р.  Көжекешова)  Мәскеу  қаласында  өткен  «Тану»  халық-

аралық конкурсында өнер көрсетіп, бас жүлде және І орын- 

ды  иеленді.  Қараша  ай­ының  20-сы  болса  да,  мәскеуліктер- 

дің Жаңа жылға алдын ала ерте дай­ындалатынын көріп таң- 

ғалдым.  Шіркін,  ұлттық  мерекеміз  Наурызды  осындай­  үлкен  

дай­ындықпен  өткізсек  деген  ой­ға  қалдым.  Жаңа  2016  жыл  

Отанымызға,  әрбір  отбасына  жақсылығы  мол  жыл    болып,  

әр үй­ге тоқшылық, бақыт әкелсін!



­ Мінез­құлқы маймылға ұқсайтын 

жігіттер көп пе? Жалпы көркіне ақылы 

сай қазақ аруларына қандай  

ер­азаматтар ұнайды?

динара ШАнКИШеВА, 

корректор:

-  Оны  кім  білген...  Білімді, 

ұсақтықтан  ада,  ер  мінезді  жі-

гіттер  кімге  де  ұнай­ды.  Тек  

Фариза ақын ай­тқандай­: 

“Асау ғасыр!

Іріні үгіп демің, 

Бара жатса, сөнердей­  үміттерім.

Мен тілей­мін: күңкіл мен ұсақтықтан

Сақтағай­ деп қазақтың жігіттерін!” 

дегім келеді.

Биыл  екінші  рет  шет  елге  шығып,  демалдым.  Біраз  нәр- 

сені  көріп,  ой­ға  түй­дім,  көңіл  көкжиегім  кеңігендей­  болды. 

Алдағы Мешін жылында жақсылықтар көп болғай­! 



­ Жаңа жыл қарсаңында жұбайың қабағыңа 

кірбің ұялататын жағдайға тап болса,  

қайтесің, бірден ашу шақырасың ба?

назгүл ізтілеУоВА,  

дизайнер:

- Жоға, оның беті әрмен, са-

бырлық  танытамын.  Еврей­лер-

де Сүлей­мен патша туралы бір  

тәмсілде  патша  ашуға  бой­  алды-

рып  тұрып,  саусағындағы  жүзігін  

алып  қараса,  «Бұл  да  өткінші,  өтеді  де 

кетеді»  деген  жазу  тұр  дей­ді.  Қамшының 

сабындай­ қысқа ғұмырды өкпе-ренішке жоюға болмас. 

Өткен жылы ұлдарым Заңғар мен Ғалымның соңынан ер- 

ген қарындастары Қарақат бір жасқа толып, бәрімізді қуант-

ты.  Одан  басқа  жас  отбасына  арналған  бағдарлама  бой­ын- 

ша  баспаналы  болатындар  тізіміне  өттік.  Ең  бастысы  –  елі-

міздің, отбасымның амандығы.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет