Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі12,18 Mb.
#9993
1   2   3

Б.Ш. СОЛТИЕВА

А.Қ. БЕйСЕГУЛОВА,

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» 

мамандығының  куратор-эдвайзерлері  

4

№16 (1609) 17 мамыр 2016 жыл

 Учившаяся в КазНУ им. аль-Фараби американка приготовила 

бешбармак в Портленде – #beshintheusa

образование



АкАдемическАя мобильность 

кАк фАктор успехА

Сегодня Казахстану нужны 

современные молодые специалисты, 

конкурентоспособные на 

отечественном и международном 

рынке труда, мобильные, способные 

активно интегрироваться  

в процесс интенсивного 

экономического, образовательного, 

информационного и культурного 

взаимообмена. В подготовке 

таких специалистов важная 

роль отводится международному 

сотрудничеству и академическому 

взаимообмену между вузами.

Реализуя задачи академической 

мобильности как одного из стратегических 

направлений развития КазНУ, кафедра 

политологии и политических технологий 

факультета философии и политологии 

стремится соответствовать требованиям 

международного уровня. Академическая 

мобильность студентов-политологов в 

основном обеспечивается посредством 

обменных программ Erasmus Mundus, 

Erasmus Mundus Partnership, грантов МОН 

РК, программы «Болашақ» и других.  Эти 

программы способствуют повышению 

качества политологического образования, 

дают возможность готовить новое 

поколение  политологов к жизни и работе 

в международном информационном 

сообществе. 

Студенты-политологи направляются 

по программам академического обмена 

для прохождения стажировки (в т.ч. 

языковой), исследовательской практики, 

участия в летних школах (семестрах), 

сбора материала и проведения научного 

исследования по теме магистерской 

или докторской диссертаций.   Начиная 

с 2010 года более 90 бакалавров, 

магистрантов и молодых ученых кафедры 

получили возможность испытать себя 

в другой системе организации высшего 

образования; получить дополнительные 

знания в области политических наук; 

при написании выпускных работ и 

диссертаций пользоваться современным 

техническим оснащением в зарубежных 

учебных заведениях и научных центрах; 

значительно повысить свой уровень 

владения английским языком; мыслить 

в сравнительном аспекте и свободно 

общаться в межкультурном пространстве. 

Важно заметить, что все расходы на 

обучение и проживание, а также перелет 

покрываются грантом МОН РК, за 

счет личных средств или спонсорской 

поддержки. При отборе претендентов 

предпочтение всегда отдается только 

отлично успевающим и знающим 

английский язык на уровне не менее 5.0 по 

IELTS студентам. У кафедры достаточно 

широкая география образовательных 

программ и научных зарубежных 

командировок с вузами-партнерами из 

США, Франции, Италии, Польши, Чехии, 

Словацкой Республики, России, Японии, 

Малайзии, Южной Кореи, Турции  и 

других стран.

Помимо обучающихся, на 

отделении политологии в программе 

академической мобильности активно 

участвуют и преподаватели кафедры. 

Преимущественным способом 

осуществления академической 

мобильности преподавателей является 

командирование их в партнерские вузы 

и организации для чтения лекций, 

реализации совместных научно-

исследовательских проектов, участия в 

программах повышения квалификации, в 

конференциях, конгрессах, круглых столах 

и семинарах. 

На сегодняшний день 5 преподавателей 

повысили свою квалификацию в рамках 

международной стипендии «Болашак». 

Они были направлены в Великобританию 

и США. Эффективность их поездок 

заключается не только в повышении 

квалификации, но также обмене 

опытом и развитии научных интересов, 

направленных на повышение качества 

преподаваемых дисциплин, а также 

внедрения трехязычия в процесс обучения. 

Все они преподают учебные дисциплины 

на английском языке на всех трех уровнях 

специальности «Политология». 

Академическая мобильность стала 

одним из важнейших показателей 

для международной аккредитации 

специальности. Образовательные 

программы аккредитованы не только 

в Казахстане, но и успешно прошли 

международную аккредитацию 

AQUIN на 2014-2019 г.г., что позволяет 

координировать перечень дисциплин, 

выбранных для обучения в принимающем 

вузе, и их трудоемкость в кредитах.

На кафедре политологии и политических 

технологий ежегодно иностранные 

профессора читают лекции и проводят 

научные консультации для магистрантов 

и докторантов кафедры: Синтия Каплан 

(Калифорнийский университет), 

Эльжбиета Матинья (университет 

New School For Social Research), Рафиз 

Абазов (Колумбийский университет), 

Джоэл Дженсуолд (Оклахомский 

государственный университет), Салли 

Каммингс (Университет Сэнт-Эндрюса), 

Абрамова О. Д. (Российская  академия 

государственной службы при Президенте 

РФ), Тадеуш Бодиа (Варшавский 

государственный университет) и другие.

К примеру,  студентка 4 курса 

Перизат Алибаева в течение обучения 

в бакалавриате дважды выезжала по 

программе академической мобильности в 

Южную Корею и Польшу. «Мой первый 

опыт в качестве студента по обмену 

пришелся на второй год обучения. 

Поскольку часть дисциплин на отделении 

политологии я изучала на английском 

языке, то обучение за рубежом мне далось 

намного легче. В весеннем семестре, 

обучаясь в университете Индже (г. Пусан, 

Ю. Корея), я углубила свои знания по 

проблемам мирового политического 

процесса и политической модернизации, 

усовершенствовала английский. Важно 

отметить и жесткую конкуренцию 

между студентами, которая мотивирует к 

систематической учебе: на каждое занятие 

студенты приходят подготовленными, 

активно участвуют в дискуссии, а во 

время сессии днями и ночами напролет не 

покидают стен библиотеки». 

Таким образом, академическая 

мобильность полезна для освоения 

профессии и к тому же дает увлекательный 

жизненный опыт обучения за рубежом. 

Такая направленность деятельности 

государства в сфере культуры и образования 

способствует формированию молодого 

поколения, которое во все времена 

считалось одним из ключевых факторов 

успешного развития национальной 

экономики и государства в целом. 



Н.А. САИТОВА, 

доцент кафедры политологии 

и политических технологий, 

П. АЛИБАЕВА, 

ст. 4 курса отделения политологии

КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ 

ЖҰМЫСТАРЫ 

ЖАНДАНДЫ

7-8 наурыз күндері ҚазҰУ тағы да «Дарын» 

республикалық ғылыми-практикалық 

орталығымен бірлесіп ұйымдастырған 

Халықаралық Азия-Тынық мұхиты 

елдері оқушыларының математикалық 

олимпиадасы (ХАТММО) мен Халықаралық 

«Жібек жолы» математикалық олимпиадасын 

(ХЖЖМО) өткізді. ХАТММО-ға бір мезгілде 

Аргентина, Австралия, АҚШ, Жапония, 

Индонезия, Канада, Корея, Қазақстан, 

Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Ресей 

және т.б. отыздан аса елдің оқушылары, 

ал ХЖЖМО-ға Ұлы Жібек жолы бойында 

орналасқан Әзірбайжан, Қазақстан, 

Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Түркия, 

Түркіменстан, Тәжікстан және т.б. елдердің 

140-тан аса жас математиктері қатысты.

Аталған халықаралық математикалық 

олимпиадалар қашықтан жүзеге асырылады. 

Яғни, қатысушы елдердің жергілікті 

ұйымдастыру комитеттері тиісті үйлестіруші 

комитеттерден алдын ала есептердің 

шарттары мен бағалау критерийлерін алып, 

өз елдерінде бір мезгілде олимпиада өткізеді. 

Олимпиаданың мұндай түрі осындай айтулы 

халықаралық жарыстарға оқушылардың 

көптеп қатысуына мүмкіндік береді.

2003 жылдан бастап бұл олимпиадаларға 

Қазақстаннан жыл сайын 100-ден артық 

жас олимпиадашылар зор ынтамен қатысып 

жүр. Сондықтан ҚР Білім және ғылым 

министрлігінің ХАТММО мен ХЖЖМО-

ны халықаралық олимпиадалардың ресми 

тізіміне енгізуі де, ал жеңімпаздардың 

еліміздің жоғары оқу орындарына берілетін 

білім гранттарын бірінші кезекте иемденуі де 

заңды нәрсе. 

Сондай-ақ 13 наурыз күні факультет 

Алматы қаласының №8 Оқушылар үйімен 

және Әл-Фараби олимпиадаға дайындау 

орталығымен бірлесіп, 37 халықаралық 

математикалық Қалалар турнирі Көктемгі 

турының күрделі үлгісін (базалық үлгі ақпан 

айының соңғы күнінде ұйымдастырылған еді) 

өткізді. Негізі бұл турнир аса демократиялық 

түрде,  4 тур етіп – екеуі күзде, екеуі көктемде 

– өткізіледі, әрбір оқушы кез келген турға 

еркін қатыса алады және қатысушы өзі ең 

жақсы нәтижеге қол жеткізген (ол үшін 

барлық есепті шығару қажет емес, олардың 

тек үшеуін шешу жеткілікті) кез келген турдың 

нәтижесі бойынша жеңімпаз атануы мүмкін. 

Сондықтан Қалалар турнирі кең танымал – 

оған дүние жүзінің 100-ден аса қаласынан 

оқушылар қатысады. Алматы қаласында 

өткен олимпиаданың базалық үлгісіне 263 

оқушы қатысып, онда О.Жәутіков атындағы 

РФММ, физика-математика бағытындағы 

Назарбаев зияткерлік мектебінің, №134, 

№165 арнайы лицейлер мен Tamos Education 

жекеменшік физика-математика мектебінің 

оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. 

Сонымен қатар, факультеттің әдіскер 

оқытушы-профессорлары «Достық» білім беру 

орталығы Алматы қаласына жинаған өзінің 

облыс орталықтарындағы бөлімшелерінде 

білімдерін жетілдіріп жүрген биылғы «Алтын 

белгі» мен ерекше аттестаттан үміткер 200-

ден аса үздік оқушылардың бір тобымен 

жүздесіп, факультет жайлы қызықты баяндап 

берді. Информатика мен математикаға 

қызығушылық танытқан 30-дан аса талапкер 

мехматтың белді оқытушылары – профессор 

Б.Бөрібаевтың, доценттер Д.Туралинаның, 

Қ.Иманбердиевтің, С.Айтжановтың, PhD 

докторлары Д.Рахимованың, А.Күнғожиннің, 

М.Түнғатарованың, аға оқытушылар 

А.Сәмбетбаева мен Г.Мирзахмедованың 

факультетте дайындық жүретін мамандықтар 

туралы әңгімелерін зейін қойып тыңдап, 

мектептен соң ҚазҰУ-да білім алуға ниет 

білдірді.

Б.Қ. ӘБЕНОВ, 

механика-математика факультетінің 

кәсіби бағдарлау жұмысына 

жауапты қызметкері

Жалғасы. Басы 1-бетте


5

№16 (1609) 17 мамыр 2016 жыл

ҚазҰУ-да Орталық Азия елдері арасындағы жапон тіліндегі XX шешендік өнер сайысы өтті

мерейтой


Жетістікке толы 70 жас

Мамыражай мамыр айының 20-жұлдызы күні экономика 

ғылымдарының докторы, профессор  Бекет Қазбеков 70 жасқа 

толады. 

Бекет Қабдуұлы 1946  жылы 20 мамырда 

Арқаның кербез сұлу – Көкшетауында 

дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ 

политехникалық институтын тамамдады. 

1986 жылы «Өнеркәсіп экономикасы» 

мамандығы бойынша кандидаттық 

диссертациясын, 2004 жылы «Әлемдік 

экономика» мамандығы бойынша 

докторлық диссертациясын қорғады. 

Қазақстан Республикасы Жаратылыс-

тану ғылымдары академиясының (2009 

ж.), «Еуразия» халықаралық экономи ка-

лық  академиясының ( 2005 ж.) академигі.

Бекет Қабдуұлы – экономика 

мәселелерін зерттеу ісіне үлкен 

еңбек сіңірген ғалым. Оның айғағы – 

профессорлық еңбек жолы. ҚазССР 

мемлекеттік жоспарлау комитетінде 

(1974-1993 жж.), ҚР Ұлттық ғылым 

академиясының Экономика институтын-

да (1993-1995 жж), жекелеген жоғары 

оқу орындарында (1997-2006 жж.) 

әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 

2006 жылдан бастап қазіргі кезге дейін 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті Экономика және бизнес 

жоғары мектебінің Қаржы кафедрасында 

профессор лауазымында. 

Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым министрлігінің  «Қазақстан ұлттық 

экономикасының тұрақты дамуының 

жаһандануы контекстіндегі бәсекеге 

қабілеттілікті қамтамасыз ету факторы 

ретіндегі нақты сектордағы тиімділікті 

арттырудың қаржылық механизмі және 

бағыты» (2007-2009 жж.), «Қазақстан 

Республикасы экономикасының 

энергетикалық секторының дамуын 

ғылыми-технологиялық қамтамасыз 

ету (қалпына келетін энергия көздері, 

энергия сақтау)» (2012-2014 жж.) сынды 

ірі ғылыми жобаларға жетекшілік 

жасауы – өзіне тән қабілет-қарымы мен 

еңбекқорлығының арқасында экономика 

ғылымының терең қатпарларына қайтпай 

сүңгіп, шығармашылық зерденің үдемелі 

жолымен көптеген табыстарға жете 

білуінің дәлелі.

Ғылым және жоғары білім халықаралық 

академиясының (IASHE; Ұлыбритания) 

халықаралық ғылыми-сараптамалық 

жобаларына сарапшы ретінде қатысып, 

ғылыми әріптестікте болуы да ғалым 

ізденісі мен табандылығының айғағы. 

Профессор Б.К. Қазбеков – 

«Государственное регулирование 

эко 


номики» (2011), «Принципы 

развития финансовой модели 

Казахстана в условиях глобализации» 

(2008), «Приоритеты национальной 

безопасности в условиях 

глобализации»(2006) тәрізді 

жалпы саны 200-ден астам ғылыми 

еңбектердің авторы.

Ғылым – асыл мұрат және ар-

намыспен ғана кіруге болатын 

зәулім сарай десек, сол сарайдың 

кеңістігінде еркін самғаған экономика 

ғылымдарының докторы, профессор 

Б.Қазбеков тұлғасы біз үшін қашанда 

биікте. 

Бекет Қабдуұлы, мерейлі жасыңыз 

құтты болсын! Мәртебеңіз биіктеп, 

абыройыңыз асқақтап, еліңіз үшін 

еңбек етіп, экономика ғылымын 

асқақтата беріңіз! 



Б.Ж. ЕРМЕКБАЕВА, 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері,

Экономика және бизнес жоғары 

мектебінің деканы

Ұстаздық еткен жалықпас, 

үйретуден балаға

Еліміздегі «Үш тұғырлы тіл» идеясына 

сәйкес бүгінгі таңда білім беру 

жүйесінде қазақ, орыс және 

ағылшын тілдері өзара байланыста, 

толыққанды, жүйелі түрде оқытылып 

келеді. Мектеп қабырғасынан осы 

пәндерді оқыған түлектер жоғары 

оқу орнына келгенде білімдерін ары 

қарай тереңдете түсу үшін кәсіби 

мақсаттағы орыс тілі және ағылшын 

тілдерін меңгереді. 

Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері де кәсіби мақсаттағы орыс 

тілі пәнін оқи отырып, болашақ мықты маман болуға дағдыланады. Іс-қағаздарды 

дұрыс жүргізу, сөйлеу мәдениеті, өз ойын әдеби тілмен еркін жеткізе білуді үйренген 

студенттер жұмыс орындарында әріптестерімен, серіктестерімен қарым-қатынаста 

еш қиындық көрмейтін деңгейде болады. Осындай дағдыларды бойымызда 

қалыптастыруға ат салысқан кәсіби мақсаттағы орыс тілі пәнінің оқытушысы – аға 

оқытушы Кенжеева Күләш Тұрарқызының еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Ол 

1982 жылы сол уақыттағы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ды тәмамдаған. Күләш 

Тұрарқызы – қара шаңырақ ҚазҰУ қабырғасында 30 жыл үзбей қызмет етіп, қазіргі 

таңда құрметті демалысқа шыққан ұлағатты ұстаз. Осынша жыл ішінде мыңдаған 

студенттерді тәрбиелеп, әрбір бітіруші түлектің жүрегінде орын алған жан. Оқытатын 

пәні мен тәрбиелік жұмысты қатар алып жүретін оқытушы – өз ісінің нағыз шебері, 

адал қызметімен ҚазҰУ-дың өркендеуіне үлес қосып жүрген құрметті қызметкер. 

Отыз жыл бойына тек білім берумен емес, ғылыми мақалалар жазумен, студенттермен 

тығыз қарым-қатынас орнатумен айналысқан ұстаз қазіргі уақытта оқытушылық 

қызметті жалғастырып келеді.

Бір жыл бізбен бірге жұмыс істеп, білімі мен тәжірибесін аямаған Күләш 

Тұрарқызы бізге кәсіби орыс тілін жоғары деңгейде үйретті. Болашақ маман ретінде 

қалыптасуымызға, тұлға ретінде жетілуімізге септесетін оқу материалдарымен 

қатар қосымша әдебиеттер беру арқылы тереңірек білім беруге тырысты. Сабақтан 

тыс уақытта театрға, мұражайға, көрмелерге оқытушымызбен бірге барып, мәдени 

өміріміз көптеген оқиғаларға толы болды. Ә. Қастеев атындағы мұражайға барып, 

түрлі суретшілердің туындыларымен танысып, алған әсерімізбен семинар аясында 

бөлістік. Н. Сац атындағы жас көрермендердің театрына барып, «Ромео мен 

Джульетта» қойылымын тамашалап, әлемдік танымал туындыны басқа қырынан тани 

білдік. Білім беру мен мәдени шараларды ұштастыра өткен, бірге өткізген бір жыл біз 

үшін үлкен әсерлер қалдырды. 

Оқытатын әрбір студенттік топпен осындай жұмыстар жүргізетін Күләш 

Тұрарқызына біздің топтың атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. ҚазҰУ осындай 

ұлағатты ұстаздарымен мақтанады деп ойлаймыз. 

К.К. РАХЫМЖАНОВА, 

Экономика және бизнес жоғары мектебінің 4-курс студенті 

Формирование успешного профессионала



«Хорошо пишет не тот, кто хорошо пишет, а тот, кто хорошо думает», - так 

считают профессиональные журналисты. Именно поэтому на факультете 

журналистики научно-исследовательской работе студентов уделяется 

особое внимание. 

Одним из студенческих научных 

объединений кафедры ЮНЕСКО, 

международной журналистики и связей с 

общественностью факультета журналистики 

является студенческий научно-практический 

кружок «InterPRess», ведущий свое начало 

с сентября 2011 года. За это время в работе 

кружка приняли участие около 150 студентов 

2-4 курсов. Такая деятельность требует от 

учащихся применения исследовательских 

умений, которые, следовательно, необходимо 

специально формировать. Цель научно-

практического студенческого кружка 

(НПСК) «InterPRess» – помощь студентам 

в самостоятельном научном поиске и 

организационное обеспечение их научно-

практической работы, творчество, образование 

и научно-исследовательская работа студентов, 

вовлечение в специализацию и т.д.

Занятия кружка приближены к практике 

руководства исследовательской деятельностью 

учащихся. Студенты получают возможность 

применения знаний, полученных на 

теоретических занятиях, в практике проведения 

научного исследования, процесс и результаты 

которого затем обсуждаются на кружковых 

занятиях и студенческих конференциях. 

За эти годы студенты, участвующие в 

работе кружка, выступали с докладами 

на Международном научном фестивале 

студенческих проектов, Международной 

научной студенческой конференции КазНУ, а 

также на конференциях, специализированных 

конкурсах по PR-направлениям внутри 

и вне университета. Были опубликованы 

студенческие статьи в сборниках научных 

трудов, издаваемых КазНУ и  кафедрой по 

итогам конференций, круглых столов.

Заседания кружка проходят в творческой 

атмосфере мастер-классов, на которые 

приглашаются практики-бизнесмены, 

практики-пиарщики, использующие в 

своей непосредственной работе новейшие 

технологии связей с общественностью. 

Было проведено 5 научно-практических 

конференций. В 2015 году студенты кружка 

«InterPRess» провели консалтинговый проект 

с Казахским академическим театром для детей 

и юношества им. Г. Мусрепова, на факультете 

журналистики состоялась Неделя науки, 

в рамках которой прошли  студенческие 

научно-практические конференции.

За счет такой модели обучения в рамках 

студенческого научного кружка «InterPRess» 

в студентах воспитываются творчество, 

умение нарабатывать новое знание, выбирать 

наиболее оптимальный путь к достижению 

результата. При такой организации 

исследовательской работы студентов такой 

метод обучения станет в дальнейшем мощным 

элементом развития фундаментальной науки.  



М.Х. АРГЫНБАЕВА, 

кандидат филологических наук, 

факультет журналистики

6

№16 (1609) 17 мамыр 2016 жыл

біздің түлек



Департамент международного сотрудничества объявляет о начале приема заявок на обучение в 

2016-2017 учебном году  в Университете  Ecole Centrale de Nantes в рамках программы Erasmus+ 

Менің ұстаздарым



Еліне, жұртына өлшеусіз 

еңбек сіңірген ерлердің есімі 

ешқашан ұмытылмайтыны хақ. 

Мен С.М. Киров атындағы Қазақ 

мемлекеттік университетінің химия 

факультетінде басталған өмір жолымда 

әкелік қамқорлық көрсетіп, қолдау 

жасаған бір кісіні ерекше атағым келеді. Ол 

– қазақтың біртуар азаматы, нағыз зиялы, 

студенттер мен жастардың жанашыры 

Бірімжанов Батырбек Ахметұлы. Менің 

университет қабырғасында жас маман 

ретінде жұмыс жасауыма, Алжир Халықтық 

демократиялық республикасының 

Бумердес қаласындағы Мұнай, газ және 

химия институтында лаборант, оқытушы 

қызметтерін атқарып қайтуыма, Ресейдің 

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу 

мемлекеттік университетінің коллоидтық 

химия кафедрасында1979-1980 жылдар 

аралығында ғылыми тағылымдамада 

болып, 1980-1983 жылдары кафедра 

аспирантурасының күндізгі бөлімінде 

оқып, кандидаттық диссертация 

қорғауыма тікелей ықпал етті. 

Бірімжанов Батырбек Ахметұлы 

– Қазақстанның көрнекті ғалым-

химигі, Республика жоғары білімі мен 

ғылымының ірі ұйымдастырушысы, 

шығармашылықтың асқар шыңы іспеттес 

азамат. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-да 

Батырбек Ахметұлы ассистент, аға оқытушы 

(1940), доцент (1948), кафедра меңгерушісі 

(1954), профессор (1965) және 26 жылдай 

(1980 жылға дейін) химия факультетінің 

деканы қызметтерін абыроймен атқарды. 

1970 жылы ол Үкімет қаулысымен 

Қазақ совет энциклопедиясының бас 

редакциясының мүшесі және Қазақ совет 

энциклопедиясының химия жөніндегі 

редакциялық кеңесінің төрағасы болып 

тағайындалды. 1981 жылы жарық 

көрген химия саласындағы тұңғыш 

Қазақ энциклопедиялық сөздігінің 

редакторы болды. Б.А. Бірімжанов оқу-

әдістемелік жұмыстарға да белсенді 

қатысты. Он жыл бойы (1963-1973 жж.) 

ол Қазақ КСР Білім министрлігінің химия 

жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесін 

басқарды, сонымен бірге Кеңестер одағы 

химиктерінің ұлттық комитеті (ИЮПАК) 

жанындағы жоғары білім мәселелері 

жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды. 

Б.А. Бірімжановқа ғылымның ең жаңа 

жетістіктерін жіті қадағалап, өзі басқарған 

бейорганикалық химия кафедрасының 

ұжымын қазіргі заманғы ғылыми деңгейге 

бағыттап отыру қасиеттері тән болатын. 

Ол – ғылыми жұмыста кванттық-

химиялық есептердің, сынақтардың 

математикалық жоспарлануының, 

нәтижелерді статистикалық өңдеуден 

өткізудің бастамашысы. Б.А.Бірімжанов 

ерітінділердегі бейорганикалық 

қосылымдарды белгілі бір бағытта 

алмастыру үшін иондалған сәулелендіруді 

және радиациялық химия әдістерін 

пайдалануға көп көңіл бөлді.

Сонымен қатар 1972 жылы химия 

факультетін аяқтауға байланысты «Хлорлы 

темірдің аминдермен әрекеттесіп, 

түзген кешенді қосылыстарының 

мёсбауэр эффектілерін зерттеу» 

тақырыбында дайындалған диплом 

жұмысыма жетекшілік жасаған техника 

ғылымдарының докторы, профессор, 

академик, Қазақстанның еңбек 

сіңірген ғылым қайраткері, қышқылдар 

мен негіздердің жалпыламаланған 

теориясының авторы Михаил Ильич 

Усанович пен химия ғылымдарының 

докторы, профессор Абланова Ермек 

Хасенқызы сынды білікті ұстаздарымды 

үлкен құрметпен еске аламын.

Менің ұстаздық жолда және 

ғылыми бағытта коллоидтық химияның 

жетістіктерін қоршаған ортаның 

мәселелерін шешу үшін пайдалануда 

маған ерекше қамқорлық жасаған 

Мұсабеков Қуанышбек Битуұлы болды. 

Мұсабеков Қуанышбек Битуұлы химия 

ғылымдарының докторы, профессор, 

білім беру ісінің озаты, ҚР Жоғары 

мектеп ғылым академиясының академигі, 

коллоидшылардың Халықаралық (IACIS) 

ассоциациясының мүшесі, Англияның 

Корольдік химиялық қоғамының мүшесі. 

1972-2000 жылдар аралығында коллоидтық 

химия және химиялық энзимология 

кафедрасының, 1972-2009 жылдары 

катализ, коллоидтық химия және мұнай 

кафедрасының меңгерушісі, қазіргі таңда 

осы кафедраның профессоры, 1987-1995 

жылдар аралығында химия факультетінің 

деканы, ТМД елдерінде және алыс 

шетелдерде танымал болған Қазақстанның 

коллоидтық химия мектебінің негізін 

қалаушы. Қ.Б. Мұсабековтің бүкіл ғылыми 

және ұстаздық қызметі коллоидтық химия 

кафедрасымен байланысты болды. Ол ұзақ 

уақыт бойы – 1972 жылдан 2009 жылға 

дейін кафедраға табысты жетекшілік етті. 

1984 жылы Қ.Б.Мұсабеков М.В.Ломоносов 

атындағы Мәскеу нәзік химиялық 

технология институтының арнайы 

кеңесінде «Полиэлектролиттер мен беттік 

активті заттардың ассоциаттарын фазалық 

беттерде пайдаланудың коллоидты-

химиялық негіздері» атты тақырыпта 

докторлық диссертациясын қорғады. 1986 

жылы оған профессор деген атақ берілді. 

Профессор Қ.Б. Мұсабеков ғылыми 

мамандар даярлау ісіне айтарлықтай үлес 

қосуда. Оның жетекшілігімен 5 докторлық, 

40-тан астам кандидаттық және 2 Phd 

диссертациялар қорғалды. Көптеген 

шәкірттері өздерінің диссертацияларын 

Мәскеу, Санк-Петербург университеттері, 

Мәскеудің нәзік химиялық технология 

институты сияқты коллоидты химиялық 

ғылымының ірі орталықтарының 

Ғылыми кеңестерінде қорғады және 

қазіргі таңда республикамыздың 

жетекші ЖОО-сында, ҚР ҰҒА ғылыми 

орталықтарында, сондай-ақ шетелдерде 

табысты еңбек етуде.1987-1995 жылдары 

химия факультетінің деканы қызметінде 

Қ.Б.Мұсабеков факультетте оқу-

әдістемелік жұмысты қайта құруда, тәрбие 

жұмысының тиімділігін, іргелі және 

қолданбалы зерттеулердің нәтижелігін 

арттыруда біраз табыстарға жетті. Осы 

кезеңде ол химия бойынша Республикалық 

оқу-әдістемелік орталық, коллоидтық 

химиядан кандидаттық диссертациялар 

қорғау үшін арнайы кеңес ұйымдастырды. 

Қазіргі таңда профессор Қ.Б. Мұсабеков 

салған коллоидшылардың қазақстандық 

мектебі жоғары молекулалық беттік-

активті заттардың коллоидтық химиясы 

саласындағы әрқилы зерттеулерімен 

ТМД-да және одан да тысқары елдерде 

белгілі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет