•
К.Д.Ушинский көрнекілік жайында ілімді дамыта келіп,
«көрнекілік – баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап
ьереді, балалар заттардың пішінін, дыбысын, бояуы арқылы
ойлайды» – деді.
•
Ə.Бидосов көрнекілік принципін жүзеге асыру нақтылық пен
абстрактылықтың бірлігі деп түсінеді. Мұның мəні оқытудың əрбір
сатысында, білім игеру логикасының желісін басшылыққа ала
отырып, сол білімдердің айрықша фактілері мен оқушылардың
байқауларының немесе аксиомалардың ғылыми ұғымдар мен
теориялардың алғашқы бастамаларын тауып, жеке затты
қабылдаудан жалпылыққа, нақтылықтан абстрактілікке жəне
керісінше жалпылықтан жекелікке, абстрактіліктен нақтылыққа
көшу заңдылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар
оқу процесіне көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар əдістемелік
талаптарды орындаған жөн екенін ескертеді: көрнекі құралдар
сабақтың мақсатына сəйкес іріктелуі тиіс көрнекі құралдарды
пайдаланғанда оқушылардың оларды дұрыс қабылдауын
қамтамасыз ету үшін, құралдың неғұрлым маңызды жақтарына
назар аударған жөн; сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп
болмағаны, яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған,
маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрсетілуі
керек болса, олардың бəрін бір уақытта емес, əрқайсысын
қажетінше кезегімен пайдаланған орынды деп санады.
•
Достарыңызбен бөлісу: