Курстық ЖҰмыс пико docx


 Оқытуда қолданылатын көрнекілік əдісінің шарттары



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата07.06.2023
өлшемі1,38 Mb.
#99498
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Пико.docx

2.2 Оқытуда қолданылатын көрнекілік əдісінің шарттары
Əрбір педагог өз сабағының қызықты ,нəтижелі болып өткенін қалайды.
Көрнекіліктер арқылы сабақ нəтижесіне толықтай жетуге болады дегенмен де,
көрнекіліктерді орынды қолданған жөн. Əрбір педагог білуі тиіс оқытудағы
көрнекілік əдісінің шарттары бар. Олар:
• 
Көрнекіліктің оқушылардың жасына сəйкестігі ( төмен сыныптарға
суреттерді көбірек қолданса, жоғарғы сынып оқушылары үшін ереже,
кесте ұғымдырақ болатынын естен шығармау)
• 
көрнекілікті сабақтың керек сəтінде қолдану;
• 
демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• 
иллюстрацияның ең бастысын, мəндісін нақты бөлу;
• 
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру;


• 
демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен
сəйкескелуі;
• 
балалардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек
екенін естен шығармау;
• 
оқытудың алтын ережесі «көрініп тұрғанды көрсету, еститінді естірту,
иіскететінді иіскеті, дəмін тататынды таттыру;
• 
сабақты нақтылап ашатын ұғымдар мен абстрактілік ережелерді,
мысалдар мен фактілерді келтіру;
• 
көрнекілікті мəселелік жағдаяттар туындату үшін пайдалану;
• 
көрнекі құралдардың оқылатын зат жəне құбылыс туралы анық жəне
дұрыс түсінік алуға көмектесуі;
• 
оқушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын
анықтау;
• 
көрнекілікті балалармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі
емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;
• 
бір көрнекілікті қолданып, баланы жалықтырып алмай, алуан түрлерін
қолдану;
• 
балалармен бірге көрнекілікті жасау, оқушылардың өздері жасаған
көрнекіліктердің əсері мол;
• 
қазіргі көрнекіліктерді , атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбалар,
кодослайдтарды, жартылай экранды проекцияларды жəне т.б қолданып,
техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
• 
көрнекілік арқылы өмірмен байланыс;Осы шарттарға қарап
ұйымдастырылған сабақ қана, нағыз көрнекі түрде өтілген, əрі нəтижеге
толы сабақ болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет