Байланысты: KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793
ІSSN-p 1727-060Х ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 103
Белгілі ғалым М. Аджидің «История тюрков» атты еңбегінде
түркі халықтары балаға жастайынан қоршаған орта құбылыстары
арқылы білім беруге ұмтылғандығы көрсетіледі. Сөйтіп, ежелгі түркі
халықтарының өзіне тән халықты білімдендіру жүйесі болғандығын,
бұл жүйе бойынша баланы бесіктен бастап, отбасында жан-жақты
тәрбиелеуге
көңіл
бөлінгендігін
жазған.
Мысалы,
ертедегі
Алтайлықтарда халықтың дәулетті болуы рулық, тайпалық өмірдің
тірегі болып табылатын Рухтың қолында деп есептелгендігін жазады.
Дүниенің барлығы мәңгілік көк аспанмен көмкерілген Көк Тәңірге
бағынғандығын көптеген дәлелдемелермен тұжырымдайды. Бұлардың
көпшілігі Алтайдағы археологиялық қазбалардан табылған ерте
замандағы сәндік қолөнердің бірегей түрлері ат әбзелдері, қару-жарақ,
киімдер үлгілерін зерттей отырып жасаған ғылыми қорытындылары
болды. Түркілердей атты ерттеуді, үзеңгімен ат үстінде әлемді тануды
ешкім жасай алмағандығын тағы да көрсетіп жазды [16, 208-б].
Тарихи-батальдық жанрда жазылған А. Дүзелханов картиналарынан да
осындай идеядағы шығармашылық бейнелерді байқауымызға болады
(сурет-8).
Сурет-8. А.Дүзелханов. Томирис.
Қазақстанның ежелгі археологиялық ескерткіштерінен өткен ою-
өрнек өнерінің барлық байлығы мен алуан түрлілігімен геометриялық,
зооморфтық, космогониялық және өсімдік оюларының өзіндік мән-
мағына жағынан алуан түрлі мотивтері дамыды. Шығу тегіне қарай
қазақ ою-өрнектері екі топқа бөлінеді: біріншісіне өз ұлттық негіздегі
нағыз қазақтың ою-өрнегі болып табылатын ою-өрнектер жатады.
Екіншісіне қазақтардың басқа халықтардан кіріккен ою-өрнектері, т.б.
халықаралық әшекейлер, әсіресе түркілік халықтардан етене байланыс
арқасында келген ою-өрнектер көптеп саналады.