ІSSN-p 1727-060Х
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022
101
пен байсалдылықты, сәнділікті білдіретін қасиетті киім ретінде
саналады. Қазақ сәндік қолөнерінде дайындалатын бас киімдердің
ішінде ең әшекейлісі, құрылымы жағынан күрделісі сәукеле болып
табылады. Сәукеле алтын, күміс, інжу, ақық, гауһар тастарымен
әшекейленіп жасалады. Күмбезделіп, өте көрікті жасалатын сәукеле
бас киімі мұралық киім ретінде саналып, шеберлерге 30 түйе, 500 бас
бие беріп арнайы жасатып отырған. Түркілік этномәдениетте құтты
келін бүкіл ұрпақтың өсіп-өркендеуіне ықпал жасаған, бұл өз кезегінде
бүкіл рудың, халық пен елдің өркендеуіне себепші болған. Көптен
күткен құтты келіннің келуін аңсаған жұрт күмбезделген сәукелені
көріп, «Қалыңдық сау келеді, сау келеді» деген ырыммен «Сәукеле»
деп атаған [14, 38-б]. Қазақ суретшісі А. Дүзелхановтың кескіндемелік
шығармаларында (сурет-5) және 1878 жылы салынған «Қазақтың
сәукеле киген қалыңдығы» атты Париж Ұлттық кітапханасындағы
суреттерден ұлттық нақыштағы сәукеле бас киімінің өрнектік
бейнелерінде оның этномәдени маңыздылығы айқын байқалады
(сурет-6).
Сурет-5. А. Дүзелханов. Сәукеле киген қыз.
ІSSN-p 1727-060Х
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022
102
Сурет-6. Қазақтың сәукеле киген қалыңдығы. 1878.
(Париж Ұлттық кітапханасындағы сурет).
Түркі халықтарының ішінде қазақ халқы төрт түліктің ішінде
түйе жануарының қасиеттілігін жоғары бағалап, сәндік қолөнер
бұйымдарын жасауда оның қасиетті бейнелерін стильдеп жиі
қолданған. Түйе табан, Түйемойын, Ботакөз оюлары осының анық
белгілері деп білеміз [15, 118-б].
Түркілік этномәдениетте ою-өрнектермен бірге жылқы пірін, күн,
ай, жұлдыз, қыран құс т.б. стильдік бейнелерінің жиі көрініс беруі
Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан
т.б. елдердің мемлекеттік рәміздерінде де айқын байқалуы айшықты
дәлел болып табылады. Бұның барлығы ұлан ғайыр Еуразия мекенінде
түркі тектес Тұран халқының өркениетке қадам басқанына 3000 жыл
болғанын, түркілік этномәдениеттің интеграциялық байланыста өмір
сүріп келе жатқандығының тарихи айғағы деп есептейміз (сурет-7).
Сурет-7. Түркі тілдес елдердің мемлекеттік туларындағы ұлттық тарихи-символдық
бейнелер
|