Халықтар географиясы • бағыт және елді мекендер • Қалалар мен ауылды мекендер 1 1-бөлім: Қоныстануға кіріспе


ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата08.06.2023
өлшемі1,58 Mb.
#99783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
kktwig-alalar-men-auyldy-mekender

ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР
6
Қосымша сұрақ
Қаланың өсуіне байланысты туындайтын бірқатар мәселелер 
бар. Олар білімге, денсаулық сақтауға, қызметтер мен көлікке 
қатысты. Қала өскен сайын жолдағы кептелістер саны мен 
жұмыс орындарына деген бәсекелестік артады. Кенже дамыған 
елдерде қала өсуімен туындайтын мәселелер көбірек болады, 
себебі мұндағы инфрақұрылымдар мен қызметтер мөлшері 
шектеулі.
С12. Қаланың өсуімен байланысты мәселелер қандай?
• Ұсынылатын фильмдер
- Қалалық аймақтар
- Ауылдық қоныстар
• Әлемнің түрлі бөліктеріндегі қалалардың айырмашылықтары қандай?
Дамыған елдің қаласы болсын, кенже дамыған елдің қаласы болсын 
әлемдегі қалалардың барлығы бірдей қасиеттерге ие. Екеуінде де 
жер бағасы жоғары, зәулім ғимараттар, жаһандық брендтер, әмбебап 
дүкендер, қонақүйлер мен кеңселер орналасқан ОБА бар. Алайда, 
қызметтер мен инфрақұрылымдардың тартылуы, көлік жолдарына 
қолжетіміділік, қоршаған ортаның тазалығы, әсіресе ауаның сапасы 
қалалар арасында үлкен айырмашылыққа ие.
Дамыған елдерде қала шеттерінде халық тығыз емес және жоғары 
сапалы үйлер болса, кенже дамыған елдердің қала шеттерінде 
бейресми қоныстар мен лашық үйлі қалашықтар орналасқан.
3-бөлім: Қоныстануға қатысты мәселелер
• Қалалардың айналасындағы аймақтарға тигізер әсері қандай?
Адамдар қалаға көшкен сайын, негізгі қызмет түрлеріне сұраныс 
арта түседі. Кеңістік көлемі шектеулі болғандықтан, қала орталығына 
қарай жердің бағасы арта түседі, бұл қала орталығының жылдам өсуін 
қамтамасыз етеді. Нью-Йорк, Гонконг және Сан-Паулу сияқты қалалар 
осы моделдің мысалдары болып табылады, бұл қалаларда әлемдегі 
ең биік ғимараттар орналасқан. 
Жақын уақыттарға дейін қалалардың көпшілігі ауыл шаруашылығы 
жерлерімен қоршалған болатын, бұл жерлер қаланы жаңа піскен 
өнімдермен қамтамасыз етіп, тұрғындарын асыраған. Жаһандану 
шикізаттар мен өнеркәсіп тауарларының өндірілетін орнын өзгертті. 
Әлем бір-біріне өзара байланысты бола түсуде, халықаралық сауда 
мен байланыстағы кедергілер азайып, тауарлар мен қызметтердің 
кең көлемдегі алмасуына, трансұлттық компаниялардың дамуына 
мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жаһандану әлемдік экономикалар 
мен мәдениеттердің интеграциясына жол ашуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет