Бұны естіген сахабалардың бәрі Ұхыдқа бет түзеп, Ханзаланы іздестірді. Бір
таңғаларлығы, сахабалар Ханзаланы денесі әлі кеппеген су қалпында тауып
алды. Сүйікті Пайғамбарымыздың бұл жолғы айтқанының да рас шыққанына
елдің тағы бір рет көзі жетті. Сондықтан Ханзаланы ел «Ғасилул-мәлаика»
(«Періштелер жуған Ханзала») деп еске алатын болды.
Кейіннен Ханзаланың артта қалған әйелінен үлкен сахабалардың бірі,
асылдың сынығы Абдуллаһ дүниеге келді.
Достарыңызбен бөлісу: