Бақыттың кілті


Жауап: Намаз оқымайынша, жабынып жүрмейінше  үйленген жақсы емес. Дұшпандық қауіпі



Pdf көрінісі
бет82/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   184
Жауап: Намаз оқымайынша, жабынып жүрмейінше 
үйленген жақсы емес.
Дұшпандық қауіпі
Сұрақ: Ешқандай (секта) топтарға қосылмаған, бірақ 
дұрыс кітаптарды да оқымаған қызбен үйлену дұрыс бола 
ма?
Жауап: Дұрыс кітаптарды оқымауының ешқандай зияны 
жоқ. Зияндысы қате кітаптарды оқып, дұрыс болған кітаптарға 
дұшпан болуында. Үйлену үшін мына шарттар толық болса, 
мысалыға ақидасы дұрыс, намазын оқитын, көшеде ашық-
шашық жүрмейтін, әһли сүннет ғұламаларының кітаптарына 
дұшпан болмаған қыз болса, үйленудің ешқандай қауіпі жоқ.


ЖАНҰЯ
- 116 -
Үйленерде
Сұрақ: Үйлену үшін қарастырып жүрген қыздардың 
ешқайсысын ұнатпаймын. Біреуі ұзын, біреуі қысқа, біреуі 
толық, біреуі арық, біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі сүйкімсіз, 
біреуі кедей. Қысқасы ешқайсысы көңілімнен шықпайды. 
Жар таңдағанда қандай сипаттарына қарап алу керек?
Жауап: Дініміз мұны да білдірген. Жас және бой 
айырмашылығы дінімізде маңызды емес. Ұсқынсыз және 
кедей де болуы мүмкін. Болмауы керек болған жалғыз нәрсе 
– діни жағынан әлсіздігі. Егер діни жағынан әлсіз болып, 
барлық жері керемет болса, оның ешқандай маңызы жоқ. 
Өйткені пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген:
«Әйелді не байлығы үшін немесе сұлулығы үшін 
немесе діндарлығы үшін алады. Сендер діндар болғанын 
алыңдар! Тек қана байлығы үшін алған адам байлығына 
қауыша алмайды. Тек сұлулығы үшін алған адам 
сұлулығынан махрұм қалады.» (Мүслим)
Егер пайғамбарымызға сенбесек сонда кімге сенеміз? 
Бойымыздағы нәпсімізге сенеміз ба? Егер жарың діндар 
болса, оған сұлулықта беріледі делінген. Аллаһу та’ала 
барлық нәрсеге құдіретті. Түрі ұсқынсыз болса да бізге сұлу 
қылып көрсетеді. Демек, біздің таңдауымыз діндарлық 
болуы керек. Діндар болса, бақытты болмау үшін ешқандай 
себеп қалмайды.
Қыздар да, әйелдер де тек қана діндар болған адамды, 
яғни бес уақыт намазын оқитын, әһли сүннет ақидасында 
(сенімінде) болған және мінезі жақсы, күнә-харамнан 
қашатын адамды таңдауы керек. Егер ең басты таңдау 
діндарлық болмаса, ондай отбасыда тыныштық, бақыт 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет