Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі
төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№ 26 билет
1)
ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Қазақстанның экономикалық жағдайын
сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді
пайдалана отырып, қазақтардың этникалық-
аумақтық бірлестіктері – жүздердің қалыптасуына әсер еткен факторларды талдаңыз.
Жүздер туралы
«Жүз» туралы сөз болғанда тағы бiр еске алар жағдай – ол мемлекеттiк қызметтi де
орындаған. Жүз iшiнде дау-дамай, көшi-қон жолдары, рулар арасындағы қарым-қатынас
аймақтық дәрежеде шешiлген. Жүзаралық – жер, қоныс, ел
қорғау, қазақ жерiнiң
тұтастығы,
әскери жасақ, ортақ қолбасшы, хандар сайлауы және т.б. ел,
халық
дәрежесiндегi келiсiлiп отырған. Сонымен бiрге үш жүз көршi мемлекеттермен қарым-
қатынасты бiрiгiп, ұлттық биiктiктен барлай шешкен.
Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. А., 2000
[10]
3)
«Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының алғашқы ағартушы-ғалымы». Сіз бұл пікірмен
қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: