Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№29 билет
1)
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның
демографиялық жағдайын
сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып,
Қазақстан Республикасы
білім және ғылымы дамуының мәселелері мен болашағын талдаңыз.
Ғылым және оның басымдықтары
2011 жылы ақпанда «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданды. Заңда жаңа құрылған
ғылыми-зерттеу институттары
қызметінің қағидалары, ғылыми зерттеулер мен
қаржыландырудың тетіктері айқындалған. Жаңа заңда
ғылыми еңбектің нәтижесін
коммерциялауға, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық ынталандыруға көп
көңіл бөлінді.
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым/
Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014
[10]
3)
«Андрон тайпаларының материалдық мәдениет жетістіктері
әлемдік мәдениет
дамуында ерекше орын алады». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: