Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет11/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

тың мақсаты – халық денсаулығын сақтау жəне нығайту, бала-
лармен ересектердің дұрыс тамақтанбауынан туындайтын ауру-
ларды алдын алу.
Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясаттың жəне 
биліктің атқарушы органдарының негізгі міндеті орталықтар мен 
аймақтарда экономикалық, құқықтық жəне материалдық базаны 
құру болып табылады, ол:
– қажет көлемде азық-түлік шикізатын жəне тағам өнімдерін 
өндіруді;
– халықтың барлық топтарына тағам өнімдерінің қолжетімді бо-
луын;
– тағам өнімдерінің сапасы жоғары жəне қауіпсіз болуын;
– халықты салауатты, тиімді тамақтану қағидаларына үйретуді;


18
- халықтың денсаулығына жəне тамақтануына, сонымен қатар 
азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдеріне тұрақты бақылау орнату-
ды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік саясатты іске асырудың бірінші кезеңінде отандық 
тағам өнімдері, дəрумендер жəне микроэлементтердің өндіріс 
көлемін ұлғайту үшін қажетті ғылыми, экономикалық, нормативтік-
құқықтық жəне ұйымдастыру жағдайлары құрылады, сондай-
ақ азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерінің сапасына егіс 
алқабынан немесе фермадан тұтынушыға дейінгі барлық кезеңдерде 
мемлекеттік бақылау жүйесі қалыптасады.
Заң шығарушы жəне нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру 
үшін:
- шикізат жəне тағам өнімдерін өндірушімен сатушы арасындағы 
қатынасты реттейтін;
- өндірушінің жоғары сапалы өнім өндіруге материалды 
қызығушылығын жоғарылататын;
- халықтың кедей тобына адрестік көмек көрсету жүйесін құратын;
- салауатты тамақтануға қатысты негізгі іс-шараларды қаржы-
ландыруды қамтамасыз ететін, (оның ішіне салауатты өмір салтының 
маңызды компоненті ретінде халықты салауатты тамақтану 
қағидаларына жəне дағдысына үйрету қызметтері кіреді);
- орталықпен аймақ арасында белгіленген жұмыстарды жүргізуге 
уəкілеттік жəне жауапкершілікті ажырататын заңдарды қабылдауы 
қажет.
Біруақытта тағам өнімдерінің сапасы жəне қауіпсіздігінің 
көрсеткіштерін БДСҰ жəне ААҰ халықаралық ұйымдарының жəне 
əлемдегі тағам өнімдері мен азық-түлік шикізатын өндірушілердің 
нұсқауларына сəйкес үйлестіру іс-шаралары жүргізілуде, бұл 
Қазақстанның Бүкілəлемдік Сауда Ұйымына кіруіне (БСҰ) 
мүмкіндік жасайды.
Бұдан басқа, тағамтану ғылымы саласында жəне аралас салаларда 
терең зерттеулер жүргізілуде, жекелеп айтқанда адамның тағамдық 
заттармен энергияға қажеттілігі нақтылануда, тағамның қорғаныс 
қасиеттері зерттелуде, тағам өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау жəне 
тасымалдаудың жаңа түрлері анықталуда, адам аман-саулығы жəне 
тұтынушылардың құқығын қорғау саласында мемлекеттік қадағалау 
жүйесінің нормативтік жəне əдістемелік базасы жетілдірілуде, сала-
уатты тамақтану қағидаларымен дағдыларын үгіттеудің қолжетімді 
формалары əзірленуде.


19
Мемлекеттің қарастырып отырған концепциясы шеңберінде 
дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын ұлт денсаулығындағы 
теріс тенденцияларды жеңу бойынша іс-шаралар мен бағдарламалар 
жоспарланған. Ел экономикасының дамуына сəйкес негізгі тағам 
өнімдері, дəрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар өндіруді 
тұрақтандыру, сатып алу қабілетін жəне халықтың тамақтану 
мəдениетін жоғарылату, Қазақстанның түрлі əлеуметтік жəне жас 
топтарына арналған жаңа, ғылыми негізделген өнімдер рецепту-
расын құру міндеті қойылған. Салауатты тамақтану саласындағы 
мемлекеттік саясат негізіне келесі қағидалар қойылған:
- адам денсаулығы мемлекеттің маңызды приоритеті болып та-
былады;
- тағам өнімдері адам денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Са-
лауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының объектісі 
Қазақстан Республикасының азаматы, яғни тағам өнімдерін 
тұтынушы, азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдерін өндіруші, 
азық-түлік шикізатын жəне (немесе) тағам өнімдерін сатушы болып 
табылады, ал олардың арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан 
Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тағам өнімдерін өндіруге арналған шикізат жəне компонент-
тер адам денсаулығына зиян келтіретін заттарды түзбейтін жəне 
жинамайтын жағдайда өсірілуі, өндірілуі жəне өңделуі тиіс. 
Ауылшаруашылық шикізаты немесе тағам өнімдерін технологиялық 
өңдеу, тасымалдау, сақтау жəне сату барысындағы кез келген 
əрекеттер адам денсаулығы жəне өміріне қауіпті болатын өнімнің 
ластану жəне бұзылу мүмкіндіктерін болдырмауы тиіс.
Тамақ адам ағзасының тағамдық заттармен энергияға 
қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, ауруды алдын алу жəне 
емдік қасиеттерді орындауы тиіс. Мемлекет балалардың тиімді 
тамақтануына жəне денсаулығына ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Адам жəне қоршаған ортаның өзара байланысын орнататын 
қоршаған орта ұзақ кезең бойы ауа, су жəне топырақтың, тамақтану 
процесінің ластану көзі болғандықтан, адам ағзасының қоршаған 
ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуіне мүмкіндік туғызуы 
тиіс. Осыған байланысты мемлекет денсаулыққа зиян келтіретін 
тағам өнімдерін тұтынудан қорғайтын заң шығарушы актілер 
қабылдауда.
Азық-түлік шикізаты, тағам өнімдерінің сапасын жəне халықтың 
тамақтану жағдайын, сонымен қатар адам ағзасына олардың кері 


20
əсер етуін жан-жақты зерттеу жұмыстары халық денсаулығын 
қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.
Фундаментальды жəне қолданбалы ғылым түрлері болашағы 
бар бағыттарда дамиды, олар салауатты тамақтану түсінігі туралы 
біздің санамызды кеңейтіп, азық-түлік шикізаты мен тағам өнімдері 
өндірісінің процестерін жетілдіруге технологиялық негіз құрайды 
жəне мемлекеттік саясаттың маңызды факторы болып табылады.
Салауатты тамақтану саласындағы мемлекеттік саясат – азық-түлік 
шикізаты, тағам өнімдері, минералды тыңайтқыштар, ветеринарлық 
препараттар, дəрумендер жəне биологиялық белсенді қоспалар 
өндірісі жəне тамақтану гигиенасы саласындағы ғылым жəне техни-
ка дамуының болжамдарын ескере отырып, адам денсаулығын жəне 
тамақтану жағдайын тұрақты бақылау негізінде құрылады.
Мемлекеттік саясаттың негізі бағыттарын іске асыратын жобалар 
конкурстық негізде, объективті сараптамадан өтіп, кең жариялық 
жағдайында, ғылыми-техникалық қоғамдастықпен тығыз байланыс 
орната отырып таңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет