33
Антропогендік жол – ең бірінші
кезекте адамның ауылшаруашы-
лық қызметінде қолданылатын химиялық қосылыстармен тағам
өнімдерінің ластануын қарастырады. Металлургиялық,
мұнай
химиялық, целлюлоза – қағаз жəне басқа салалар бойынша
өнеркəсіп кəсіпорындарының жұмысы нəтижесінде қоршаған
ортаның
жалпы залалдануы, өсімдік шаруашылығында мине-
ралды тыңайтқыштарды,
пестицидтерді, гербицидтерді қолдану,
ал малшаруашылығында – гормондар, антибиотиктер жəне ве-
теринарлық препараттарды қолдану
тағам өнімдеріне жоғарыда
аталған заттардың жинақталуына алып келеді.
Контаминацияның табиғи жолы бактериалды тұқымдану жəне
тағам өнімдерінің зең саңырауқұлақтарымен зақымдалуына негіз-
деледі, бұл өз кезегінде түрлі токсиндердің түзілуіне, сондай-ақ
ластанған жемді қолдану барысында жануар тіндерінде түрлі
бөгде
текті заттардың жинақталуына алып келеді.
Ластанудың негізгі бөлігі антропогендік шығу тегіне ие
екендігін ескере отырып, тағам өнімдерінің контаминациялану
деңгейін айтарлықтай төмендететін немесе қарсы əсер
көрсететін
іс-шараларды жүргізу қажет. Мұндай іс-шаралар есебінде ми-
нералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді қолданудың тəртібін
белгілеу, кəсіпорын өнеркəсібінің ағынды
суларын залалсызданды-
ру; өнімдерді технологиялық өңдеу жəне сақтау əдістерін жетілдіру
жəне т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: