39
заттар жəне олар белгілі бір пластикалық қызмет атқармайды,
оған мысал ретінде ферменттердің құрылымдық компоненті бо-
лып табылатын дəрумендер мен микроэлементтерді атауға бола-
ды. Осы топ заттарына алкоголь,
ксантин туындылары, биогенді
аминдер жатады.
Алкоголь – энергия көзі болып табылғандықтан, оны тек
биологиялық белсенді зат ретінде санауға болмайды. Дегенмен, оның
фармакологиялық, дəлірек айтқанда, наркотикалық əсері жоғары
деңгейде байқалады, сондықтан да
алкоголь адам денсаулығына
қауіп төндіретін агент ретінде қарастырылуы тиіс.
Əлеуметтік токсиканттарға – орталық жүйке жүйесінің қызметін
белсендендіргіштер – пуринді алколоидтар тобын құрайтын ксантин
туындылары: кофе жəне шайдың арнайы компоненттері кофеин, те-
обромин, теофиллин жатады.
Тағам өнімдерінің биологиялық белсенді компоненттері тобының
негізгі өкілдеріне қантамырын тарылтушы қасиетке ие жəне көптеген
жануар жəне өсімдік текті өнімдерде анықталатын биогенді аминдер
– тирамин, диоксифенилаланин (ДОФА), норадреналин,
серотонин
жатады.
Серотонин ең бірінші кезекте көкөніс жəне жемістер құрамында
болады. Мысалы, қызанақта – 12 мг/кг, қара өрікте – 10 мг/кг, шоко-
ладта – 27 мг/кг серотонин болады. Қызанақты шектен тыс мөлшерде
тұтыну барысында, ағзаға серотонин фармакологиялық дозалармен
салыстырмалы мөлшерде түсуі мүмкін. Тирамин көбіне, фермент-
телген өнімдерде, сондай-ақ бірқатар балық өнімдерінде болады.
Мысалы, тирамин мөлшері сырда – 1100 мг/кг,
ал маринадталған
майшабақта – 3000 мг/кг болады.
Гистамин қантамырлық реакцияны туындатады, мысалы, бас
ауру, сонымен қатар аллергиялық реакциялар: ісіктер, бет жəне
мойынның қызаруы, бас айналу жəне тахикардия. Гистамин – гисти-
дин аминқышқылынан декарбоксилдену реакциясы арқылы түзіледі
жəне ол жоғары мөлшерде балық етінде болады. Сырда гистамин
10-2500 мг/кг мөлшерде, балық консервілерінде, қақталған балықта
20000 мг/кг-ға дейінгі мөлшерде болады. Гистамин мөлшері 100
мг/кг-нан жоғары болған жағдайда адам денсаулығына қауіп төнуі
мүмкін, сондықтан да осындай мөлшердегі
өнімдерді сатуға тыйым
салынады. Ағзаға əсер етуі əлсіз биогендік аминдердің ішінде путрес-
цин (кейбір сыр түрлерінде 680 мг/кг-ға дейін жəне консервіленген
майшабақта 120 мг/кг) кадаверинді (кейбір сыр түрлерінде 370 мг/
40
кг-ға дейін жəне консервіленген балықта 100 мкг-ға дейін) атауға бо-
лады. Айта кетерлігі, балық өнімдерін сақтау барысында путресцин,
кадаверин жəне спермидин мөлшері жоғарылайды.
Жоғарыда аталған заттардың тағамға түсу мөлшері шектел-
ген болуы тиіс,
дегенмен, бірқатар жағдайларда жоғарыда аталған
заттардың тағамға түсуі фармакопиялық дозадан айтарлықтай асып
түсуі мүмкін. Мысалы, бір шыны қара кофеде кофеин мөлшері 100-
150 мг, 100 гр маринадталған майшабақта орта есеппен 300 мг ти-
рамин, 100 гр бананда шамамен 3 мг серотонин болады. Сондықтан
да осы заттардың концентрациясы жоғары өнімдерді шектен тыс
мөлшерде қолдану əсіресе, гипертония ауруынан зардап шегетін
науқастарға теріс əсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: