61
– праймерлер – матрицалық ДНҚ бөлімдеріне комплементар-
лы синтетикалық олигонуклеотидтер (16-30 нуклеотидті жұптар),
олардың арасында жүйелі – нысана бар (ДНҚ-ның спецификалық
фрагменті);
– ДНҚ-ның спецификалық фрагменті жəне праймерлер, ампли-
фикация жүргізу барысында
оларды таңдау өте маңызды, жəне
анализді жүргізу сапасына əсер етеді;
– дезоксинуклеотидтрифосфаттар (дНТФ) қоспасы-төрт дНТФ
қоспасы, ол жаңа комплементарлы ДНҚ тізбектерін синтездеуге
арналған
материал болып табылады;
– Таq-полимераза ферменті – термотұрақты ДНҚ-полимераза,
ол ДНҚ синтездейтін, өсіп келе жатқан тізбекке
нуклеотидті негізді
біртіндеп қосу арқылы праймерлер тізбегін ұзартуды жеделдетеді
(катализдейді);
– ПТР-ның оптималды жағдайын рН-тың тұрақты мəнін
қамтамасыз ететін, катиондар жəне аниондар концентрациясы бола-
тын буфер-ерітінді.
Амплификацияның əрбір циклі əртүрлі
температуралық режимде
жүретін үш кезеңнен тұрады (
4-сурет):
1-кезең.
ДНК денатурациясы 93-95°С температурада 20-40 се-
кунд аралығында жүреді (қос спиральды тарқату).
2-кезең. Праймерлерді біріктіру (күйдіру). Кезектілікпен
спецификалық бөлімнің шекарасында ДНҚ-ның қарама-қарсы
тізбегінде жүреді. Праймерлердің əрбір жұбының жеке күйдіру тем-
пературасы болады, оның мəні 50-65°С аралығында болады. Күйдіру
уақыты-20-60 с құрайды.
3-кезең.
ДНҚ тізбектерінің құрылысын бітіру. ДНҚ
тізбектерінің
комплементарлы құрылысын бітіру, праймерлердің бірігу
бөлімдерінен бастап, қарама – қарсы бағытта тізбектің 5’-соңынан
3’-соңына қарай жүреді.
ДНҚ-ның жаңа тізбектерін
синтездеуге арналған матери-
ал ретінде ерітіндіге қосылатын дезоксинуклеотидтрифосфаттар
(дНТФ) қолданылады. Синтез процесі термотұрақты ДНҚ полиме-
раза (Taq-полимеразалар) ферментімен қатализденеді жəне 70-72°С
температурада жүреді (
4-суретті қараңыз). Синтездің жүру уақыты
– 20-40 с құрайды.